76
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж.
Беріңдер Күнсұлуды сүйгеніне,
Самсыға қор болмасын жеткіншегім!
-деп өз басындағы қайғылы, аянышты хал-ахуалға қарамай сіңілісін құтқаруды
ойлайды. Поэманың бас кейіпкерінің бірі Айсұлу батыл болғанымен, екінші бас кейіпкер
Нартайлақ қаһармандык дәрежеге жете алмайды. Олай дейтініміз сүйгені үшін ашық күреске
де бірден шыға алмаған Нартайлақ үнемі сәтсіздікке ұшырай береді. Айсұлудың Былқылдақ
жеңгесін шығарып салып тұрып қайтсең де Нартайлаққа жүзігімді бер деп тапсырады.
Асығыс атқа қонған Нартайлақ жолда Самсының кедергісіне жолығып тағы да екі айға
кешігеді. Ол жараланып келгенде де ел адамдарынан не үшін жараланғанын жасырады. Бұл
Айсұлуды құтқару жолында Нартайлақтың не еліне сенбеуінен, не оны ешкім қолдамауынан
деуге болар еді. Бірақ оқиға соңында Айсұлу үшін құн сұрау сәтінде ел адамдары мәселе
шешуге араласады.
Соған қарағанда, Нартайлақ өзінің Айсұлумен арадағы қарым-қатынасындағы
туыстық мәселеге байланысты руластарынан қымсынған сияқты. Бұл да Нартайлақ
мінезіндегі бостықты аңғартады. Әр күнін тозақтың отында өткізіп жүрген Айсұлу бұл
мезгілде айы-күні жетіп босанады. Томан күннің арқасында бала да анасы да бір ажалдан
қалады. Бірақ қоршаған дүниедегі барлық әділетсіздік қаршадай қыздың басына
үйілгендіктен, жас өмір өзіне - өзі қол жұмсап, қыршынынан қиылды. Айсұлу бейнесі
арқылы өз бостандығы мен махаббаты, адамгершілік пен әділеттілік жолында құрбан болған
қазақ қыздарының асқақтық болмысын көрсететін бейне.
Жалпы, Нартайлақ образы кеңінен ашылмаған бейне ретінде көптеген зерттеушілер
өз пікірлерін білдірген.(Қ. Мұхамедханов, М. Мағауин,т.б.) Мәселен, ғалым Б. Әбдіғазиұлы:
«Нартайлақ та өзгелерден ерекше адам емес. Қарапайым ел азаматтарының бірі. Шәкәрім
үшін «Қаранайдың бір жалғызы» ғана. Поэманың бас кейіпкері болғанымен Нартайлақ
образы шын мәніндегі көркемдік дәрежесіне жете алмаған оның қимыл-әрекеті босаң, тіпті
кей сәтте нанымсыздау көрінеді.
Шәкәрімнің бұрынғы дастандарындағы ғашық жігіттер Қалқаман мен Кебек өз
мақсаттарына жету жолында өмірінің соңғы сәтіне дейін күресіп өтсе, Нартайлақты олай деу
қиын. Поэмадағы Нартайлақтың қатысуымен өтетін тартыс сахналары әлсіз. Ол ғашық
жарының тағдырына ара түсіп, өз махаббаты жолында құрбан болмайды, бар қолынан
келгені оқиға драматизміне ілесу, қайғының орнын толтыру ғана болады. »,- деп, [4. 148.]
Нартайлақ бейнесінің осал тұстарын көрсетеді.
Шәкәрім шығармашылығына тән адамгершілік, кешірімшілдік идеясы «Нартайлақ-
Айсұлу» поэмасында да бар. Айсұлудың өзіне қастық істеген ағасы мен жеңгесін кешіруі,
Нартайлақтың Самсының күнәсін кешуі сияқты эпизодттар жалпы адамгершілік мәселесіне
байланысты алынған.
Соны ойлап аяды да қолын шешті,
Шынымен екеуі де кештік десті.
«Қызғану Айсұлуды айып
емес»,- Десті де дұспандықты
мүлде кесті,
-
деген шумақтардағы негізгі идея Шәкәрім ұстанған жалпы адамгершілік мәселесінен
шығады. Қорыта айтқанда, «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасындағы негізгі тартыс жүйесі
Нартайлақ пен Айсұлудың махаббат, бостандық үшін күресіне құрылған. Ал, калған
кейіпкерлер сол тартыстың туып, өрістеуіне қызмет етеді. Поэманың басты кейіпкерлері
Нартайлақ пен Айсұлудың өз махаббаттары үшін тартысқа түсу сәттерін талдай келе ең
белсенді кейіпкер Айсұлу екеніне көз жеткіздік. Сондыктан да, халық жадында жер
атаулары Айсұлудың есімімен байланысты сияқтанған сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: