1.2
Телекоммуникация саласындағы стандартизация
Телекоммуникацияны өз ішінде үйлестіру үшін арнайы стандарттар
қажет. Әр алуан мемлекеттерде әр түрлі стандарттар қолданылады, бірақ
халықаралықтары да бар. Негізінен сызық түрлері, байланыс протоколдары,
мағлұмат форматтары, қызмет көрсету сапасы және т.б стандартталады.
7
Стандартизацияның танымал ұйымдастырулары [1]:
1) МОС (ISO) – телекоммуникация стандарттары бойынша
қызметтің әр алуан салалар стандарттарының авторы болып келеді.
Стандартизацияның ұлттық ұйымдастырулары ISO мүшелері болып
келеді. ISO-ға қатысу өз еркі. Телекоммуникация саласында ISO-ның
танымал стандарты өзара қарым-қатынастың ашық жүйесінің эталонды
моделі болып саналады (ӨҚАЖЭМ).
2) МСЭ-Т (ITU-T) – байланыс саласында стандарттарды өңдейтін
халықаралық ұйым. Бұл ұйымның штаб-пәтері Женевада (Швейцария)
орналасқан. Бұрын Халықаралық Телеграфия және Телефония бойынша
Кеңес Беру Комитеті деп аталған, қысқаша ХТТКБК (CCITT). МСЭ
құрамына сондай-ақ МСЭ-Р (радиобайланыс секторы) және МСЭ-D
(электрбайланысты дамыту секторы) кіреді. ITU-T стандарттары
телекоммуникацияның бар аймағын қамтуда.
3) (IEEE)
Электротехника
және
Электроника
бойынша
Инженерлер
Институты
–
локальды-есептеуіш
желілер
үшін
стандарттарды өңдейтін кәсіби ұйым.
4) (ETSI) стандарттау және электр байланыс Еуропалық институты.
1988 жылы CEPT ұйымымен құрылды және Еуропа қауым мемлекеті үшін
телекоммуникация облысындағы техникалық саясатты анықтайды. ETSI-
дың ең танымал стандарты ұялы жүйенің жылжымалы радиобайланысы
GSM болып келеді.
5) Пошта
әкімшілігі
мен
электр
байланыс
Европалық
конференциясы (CEPT) 1959 ж. құрылды. Оның қызметінің сферасына
телекоммунникациялық нарық қатысушыларының коммерциялық
қоғамдастығы кіреді, сонымен қатар, техникалық және ұйымдық
сұқрақтар бойынша стандарттау да кіреді.
6) ЭВМ өнеркәсіптерінің Европалық қауымдастығы (ECMA).
7) (ANSI) Америкалық Ұлттық Стандарттау Институты – АҚШ
шекарасында стандарттау бойынша еркін топтарды үйлестірушу мүшесі
болып келеді. ANSI ISO мүшесі болып саналады. ANSI-дың коммутация
бойынша кең көлемде танымал стандарты FDDI.
8) (TIA)
Электронды
Өнеркәсіп
Қауымдастығы
–
телекоммуникация бойынша стандарттар шығаратын, ANSI тобының бірі.
TIA-ның
ең танымал стандарты ұялы жүйенің жылжымалы
радиобайланысы США IS-54 болып саналады.
9) Электронды Өнеркәсіп Қауымдастығы (EIA) ANSI тобына кіреді.
10) АҚШ үкіметтік ұйымы, байланыс саласында реттеумен, соның
ішінде, радиожиілік спектрін бөлумен айналысатын, байланыс бойынша
АҚШ федералды комиссиясы.
11) Internet (IAB) жұмысын зерттеу бойынша кеңес – Internet
ғаламдық желі аймағындағы негізгі саясатты анықтайды. Өзіне екі
мынадай комитетті қосады: зерттеу - IRTF және стандарттау - IETF. IAB
стандарттары RFC деп аталады (түсіндірме үшін сауал).
Достарыңызбен бөлісу: |