Қорытынды:
Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу
үдерісі. Құнарлы заттардан
энергия
алу үшін оттегі қажет. Сондықтан
тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық
мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы,
аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа
тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен
астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін
шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен
мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар
сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын
қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып,
дене
температурасын
қабылдайды, оның иісін анықтайды.