Нұсқаулық: Студент сынып жетекшісінің жоспарындағы тақырыптарымен танысып болған
соң, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын
қарастырады. Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге
оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр
түрлі амал – тәсілдерді ойластыру аса маңызды. Сынып сағатының өткізу формасын, әдіс-
тәсілдерін, анықтап, жоспарын алдын ала құрастырып қою керек. Сынып сағатын өткізу
барысында Оқушылардың позициясын тыңдау, есту және түсіну қабілеті, мәлімдемелерді
қорытындылау және рефлексияны ұйымдастырғаны жөн.
Бағалау:
Бағалау критерийлері:
балл
Сынып сағатын ұйымдастырудың тереңдігі мен тәрбиелік мәнінің ашылуы. Өтілген
сынып сағатының жоспарына сайкес сценарийінің болуы.
5
Сынып сағатының кезеңдерінің сақталуы. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
байланысты сынып сағатын жұргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолданылуы.
5
Оқушылардың позициясын тыңдау, есту және түсіну қабілеті, мәлімдемелерді
қорытындылау және накты әдіс негізінде рефлексияны ұйымдастыру.
5
Өзара сыйластық атмосферасын құру және сақтай білу және сынып сағаттарының
мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы (сынып сағаты бала ұғымына сай,
өмірде қолдана алатындай ақпараттар берілуі тиіс).
5
Барлығы:
20
Ескерту
Жоғары 20-15 балл – сынып сағатын ұйымдастырып, өткізу кезеңдері сақталса, сынып
сағатының тәрбиелік мәні ашылып, сынып сағатының мақсат міндеттері нақты белгіленсе
қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес болса, сынып сағаты бойынша
оқушыларда белгілі бір қасиет сапалар қалыптасса, ол сапалардың қалыптасқандығын дәлелдейтін
құралдарды көрсете алса.
Орта 14-9 балл - сынып сағатын ұйымдастырып, өткізу кезеңдері толық сақталмаса, сынып
сағатының мақсат міндеттері нақты белгіленбесе, қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес келмесе, сынып сағаты бойынша оқушыларда белгілі бір қасиет сапалар жете
қалыптаспаса және оны дәлелдейтін құралдары жеткілікті көрсетілмесе.
Төмен 8-5 балл - сынып сағатын ұйымдастырып, өткізу кезеңдері сақталмаса, сынып
сағатының мақсат міндеттері белгіленбесе, қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың жас
ерекшелігіне сәйкес келмесе, сынып сағаты бойынша оқушыларда белгілі бір қасиет сапалар
қалыптаспаса және оны дәлелдейтін құралдары көрсетілмесе.
Достарыңызбен бөлісу: |