жаугершілік және тағы басқалар) және мінез-құлықтың (әр түрлі психологиялық
тәуелділік) деструктивтік қасиеттері басым болады. Бұған көп мысалдар келтіруге
болады. Мұның бәрі ауру емес, қалыпты тұлғаға тән болады, адамның осындай
қиыншылықтарды жеңуіне психиатр емес, кәсіби психолог көмек бере алады.
Психологиялық денсаулықтың
негізгі өлшемдері:
1.
Өзгелермен қарым-қатынас жасай білу қабілеті. Бұл қарым-қатынастар
сенімділікке және оң көзқарасқа негізделеді. Салауатты қарым-қатынастар тек
өнімділікті сақтайды. Бұл сондай-ақ «экологиялық достық» – адамның өзі үшін
ыңғайлы ортаны таңдауға қабілеттілігін қамтиды.
2.
Қажеттілік және еңбекке қабілеттілік. Бұл кәсіби қызмет ғана емес,
сонымен қатар шығармашылық жағынан қоғамға қосқан үлесі болып табылады.
Адамның өз отбасы және қоғам үшін ақылға қонымды құнды нәрселерді
жасауы адамның өзі үшін де маңызды.
3.
Дербестік. Өз ісі мен таңдауына тәуелсіз болу және жауапкершілік.
4.
Әдеп ережелерін сақтау. Өмір сүруге бейімділіктегі ережелерді ұстану.
5.
Эмоциялық тұрақтылық. Адамның өз эмоциясын басқара білуі.
6.
Ақыл-ой қабілеті. Өмір сүру барысында салауатты өмір сүре алуы.
7.
Өзін-өзі бағалау. Өзіне деген қарым-қатынасы.
Қазіргі заманғы психологияда психологиялық кеңес беру, психотерапия,
психологиялық түзету, психологиялық зерттеудің технологиялары мен техникалары
өте көп. Психологиялық саулық бойынша көмек көрсету барысына
«пациент» деп
емес,
«клиент» деп қарау қажет.
Психологиялық денсаулықтың болуы бұл адамның әл-ауқаты, іс-әрекетке
бейімділігі. Бұған сонымен қатар тамаша көңіл-күй, өзін және басқаларды қабылдау,
шығармашылық, жауапкершілік, тәуелсіздік жатады. Екінші жағынан, жағымсыз
эмоцияларға кедергі келтіретін жеке тұлғаның деструктивті көріністері бар, олар
адамда жалпы наразылық, реніш, кінә сезімін тудырады.
Психикалық денсаулықты жақсарту ЕРЕЖЕЛЕРІ:
Достарыңызбен бөлісу: