1993 жылы 15 Қарашада - ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта
айналымға енгізілді.
1994 жылдың 9 Маусымында - Президент Жоғары Кеңестің мінберінен
"Жаңаратын Қазақстанға-тереңдетілген реформалар мен жалпы ұлттық
келісім арқылы" деп аталатын үндеуін жариялады.
1995 жылы - экономиканың алғаш рет сауықтандырыла бастағаны
байқалды.
1997 жылы - басында елдегі инфляция тоқтатылды, өндіріс жандана
бастады, қаржы, бюджет, салық жəне жинақтаушы зейнетақы жүйелері
құрылды, жекешелендіру жүргізілді, тұрғын үй, коммуналдық -
шаруашылық реформалар орындалды.
1999 жылдың соңына қарай - Қазақстанда экономиканың тұрақты жəне
серпінді даму тенденциясы байқалды.
§21.Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
əлеуметтік-демографиялық үдерістер
1990жылы - Қазақстан экономикалық жағдайы нашарлады. Мемлекеттік
еңбекпен қамту мекемелеріне
70,5мың адам жұмыссыз деп тіркелді.
1991-95 жылдары - экономика салаларындағы жалпы еңбекпен
қамтамасыз етілгендердің жылдық көрсеткіші 3,7%ға төмендеді.
1997 жылы наурыз айында - Үкімет "Қазақстан Республикасындағы
зейнетақы жүйесін реформалау туралы тұжырымдаманы" бекітті.
1997 жылы 20 маусымда - "Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы" Заң қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: