16
өзі
?
(Ғ. Мұстафин). –
Ол
сенсің
ғой, Абай? Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен
бөлмесі –
осы
(М. Əуезов). Автор сонымен бірге «бар», «жоқ» сөздерінің де
баяндауыш қызметінде жұмсалуын көрсетеді. Ғалымның 1971 жылы
Т. Қордабаевпен бірге жазған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында да «Хабарлы
сөйлем» тараушасында баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай
етістікті жəне есімді болып бөлінеді деп жазады. 1992 жылы шыққан «Қазіргі
қазақ тілі» Синтаксис тарауында есімді сөйлемдер туралы пікірі айқын
көрінеді. Ғалым есімді сөйлемдер туралы ойын 1997 жылы Т. Сайрамбаевпен
бірге шығарған «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде жалғастырады. Мысалы,
хабарлы
сөйлем: Күн
жылы. Түн
жым-жырт. Жел де
жоқ Бірақ сəл ғана білінген
салқын
бар. Баяндауыштары
жылы, жым-жырт сын есімдері жəне
жоқ, бар
сөздері арқылы есімді сөйлемдер жасалған.
-
Сұраулы сөйлем: -Əй, тілің бар ма
өзіңнің? Неге бұғасың? - Өзі атпен
баратын
жер ме, машинамен баратын
жер ме? - Ой, Бəтес,
мұның не?Осы
сөйлемдердің баяндауыштары
өзіңнің- ілік жалғаулы өздік есімдігінен,
жер ме-
жалпы есім мен сұраулық шылау арқылы,
мұның не-сілтеу есімдігі мен сұрау
есімдігі арқылы сөйлемді тиянақтап тұр.
-
Бұйрықты сөйлем: Тыңда, дала,
Жамбылды! (Жамбыл). –Тарт
тіліңді!
Жоғал көзіме көрінбей! (С. Ерубаев).
-
Лепті сөйлем: Қандай ақылды
адам! Тіпті ғажап
қарқын! (Ғ. Мұстафин).
Жеріміз біздің неткен
бай! (Х. Ерғалиев). Жаңа қоныс болғанда
қандай!
Достарыңызбен бөлісу: