Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет38/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
treatise527

Жай сөйлем түрлері
Қалың ел, көп қыстаулар сонда. Бұл сөйлемнің де екі сыңарының 
баяндауыштары есімді болып келген. Ел жалпы есімінен жəне сонда жатыс 
жалғаулы сілтеу есімдігінен жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.
Хабарлы сөйлемдер: Анық Тоғжан жары осы. Киргиздің деревнясы ғой 
бұл. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы. Бар елдің күтімі де, шығыны да 
бізде. Сөйлемнің баяндауышы бізде жатыс жалғаулы жіктеу есімдігінен 
жасалып сөйлемді тиянақтап тұр. Бөжейдің арыздасқаны да, тіл қатып 
сөйлегені де сол. Баяндауышы нөлдік тұлғадағы сол сілтеу есімдігі арқылы 
жасалған. 
Сұраулы сөйлемдер: - «Таң ...жүрек таңы ... Сол таңым сенсің бе? 
Жарығымбысың, кімсің? 
Жалаң сөйлемдер: Шаруасы сонда.
Жайылма сөйлемдер: Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы. 
Астың дəл үлкен күні осы.  
Жақты сөйлемдер: Абайдың тілегі солай.
Толымды сөйлемдер: Михайлов үйінде бұл əйелді Абайдың алғаш көргені 
осы. Биылғы жылдың ең алғашқы қары осы. 
Құрмалас сөйлемдер түрлері 
 
Есімдікті салалас сөйлемдер


71
Жалғаулықсыз мезгілдес салалас: Бөжейдің аруағына арналған соңғы 
дауыс, соңғы көз жас осы. Жылаған ел, жылатқан бұл. Бұл сөйлемдердің екі 
сыңарының да баяндауыштары есімді болып келген, бірінші сыңарының 
баяндауыштары дауыс, ел жалпы есімдерінен болса, екінші сыңарының 
баяндауыштары осы, бұл нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдіктерінен жасалған. 
Сілтеу есімдікті қарсылықты салалас: Шөженің атына Абай қанық, бірақ 
көргені осы. 
Сабақтас құрмалас сөйлемдер
Есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
Сілтеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас. Басыңқы сыңарының 
баяндауышы сілтеу есімдігі арқылы: Базаралыны бұдан былайғы бір қимылға 
шүйлеп, қайрап салудың анық сөзі осы. Ел жұрттың бетін көріп, жай-жапсарды 
ең əуелі білісіп отырғаным осы. Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан 
сол.
Бағыныңқы жəне басыңқы сыңарларының баяндауыштары есімді болып 
келген қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас:
Аса сырлас, нəзік жақын болып, Абайды көп барлайтын Қарашаш та міне. 
Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы жақын болып жалпы есім 
мен бол көмекші етістігіне –ып көсемше жұрнағының жалғануы арқылы 
жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы нөлдік тұлғадаға келген міне сілтеу 
есімдігі арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап тұр. Кітап шындығы, өмір уымен 
тең сыбаға боп, Абай үшін анық бетпе-бет кеп ең алғаш қақтыққаны осы. 
Бағыныңқы сыңарының баяндауышы сыбаға боп жалпы есім мен –п жұрнағы 
арқылы жасалған көмекші етістіктен жасалса, басыңқы сыңарының 
баяндауышы осы сілтеу есімдігінен жасалған. 
Есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас:Алмай жатқан əкім, жемей 
жатқан би жоқ осында. 
Сілтеу есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас: Байсал Құнанбаймен 
араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы. Мал тұяғы тимеген 
шүйгін қонысқа келгенде, алғашқы күн, бар түліктің істейтін мінезі осы. 
Есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сілтеу есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас: Абайдың өзіне 
айтпаса да, Михайловтың ол турасындағы бұл кезеңдегі үлкен бір 
қорытындысы осы. Тұқымы Ескене деген алыс ру болса да, қысталаңда 
Құнанбайдың анық сенетін жігіті осы. Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңарының 
баяндауышы алыс ру болса да құрама баяндауыштан жасалса, басыңқы 
сыңарының баяндауышы нөлдік тұлғада келген осы сілтеу есімдігі арқылы 
сөйлемді тиянақтап тұр. 
Есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас
Өздік есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас: Кездесіп бірге жүре 
қалған шақ болса, үнемі күлкі ететіні, ойнайтыны осы Ғабитхан молданың өзі. 
Сілтеу есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас: Абай жақын арада сол 
Тінібекке кісі салып: - Тəкежан Құнанбай баласы болса, менің де жөнім сол. 


72
Есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас: Орыс тілінде жазылған ұзақ 
əңгімені Абайдың ең алғаш рет еркін ұғып, тіл бөтендігін жеңген кезі осы.
 
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер 
Сілтеу есімдікті жарыспалы сабақтас сөйлемдер: Абай ауылынан кеткен 
бетінен қалаға бүгін жетіп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тіреген жері 
осы. Аузына осы тірі жүрген ұрпағымның қайсы түссе де, шайнап тастағалы, 
көзге шұқып жоқ еткелі отырған түр ғой мынау! Басыңқы сыңарларының 
баяндауыштары нөлдік тұлғадағы осы, мынау сілтеу есімдіктері сөйлемдерді 
тиянақтап тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет