1
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Лекциялар курсы
Редакциясын басқарған
тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан
Алматы
“Қазақ университеті”
2008
2
Баспаға әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің
Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Атабаев,
тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ж. Әбдіров
Авторлар ұжымы:
Қ.С. Қаражан, Ж.Ә. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова, Т.Қ. Мекебаев,
С.С. Саржанова, С. Смағұлов, Ш.Б. Тілеубаев.
Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. /Қ.С. Қаражан, Ж.Ә. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова,
Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев; Редакциясын басқарған Қ.С.
Қаражан. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 216 б.
Оқу құралы жаңа деректер негізінде құрастырылған. Авторлар ұжымы маңызды
оқиғаларға толы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның тарихи тәжірибесін
жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырады. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2008
3
КІРІСПЕ
Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша біршама оқулықтар жарық көрсе де,
еліміздің тарихының әлі де болса, жете қарастыратын қалтарыстары баршылық. Бұл
лекциялар курсы бұрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға
берумен қатар, Қазақстан тарихының кезінде жазуға тиым салған “ақтаңдақ” беттерін де
тарих оқулығына қойылатын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан саралаған. Біздің қазіргі
заманғы тарихымыздың аса ауыр тұстары кеңестік әкімшіл-әміршіл кезеңмен сәйкес келеді.
Ұсынылып отырған лекциялар курсы міне, осы кезеңнің қайшылықты тұстарының кейбір
көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар бойы “жабық” болып келген мәселелерін жаңа,
егемен елдің тарихы тұрғысынан баяндауға құрылған. Кеңестік тоталитарлық жүйенің
жазықсыз жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет
қайраткерлерінің еңбегіне лайықты баға берілген.
Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал. Ол үшін бүгінгі
ұрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында, кәусар күйінде білуге тиіс, тек қана шындық
айтылуы керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл лекциялар курсы бүгінгі күннің талаптарына
жауап береді. Себебі, онда өткен тарихтың өзекті мәселелері көтеріліп, олар бар
мүмкіндігінше толық та жан-жақты қамтылған. Лекциялар курсында Қазақстанның ежелгі
заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғарғы оқу орындарының тарих емес
мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай типтік бағдарлама көлемінде
баяндалады. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшу
жағдайлары, оның негізі кезеңдері, жаңа экономикалық саясатты қалыптастырудағы
қиыншылықтар мен қайшылықтар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени
дамудағы кейінгі жылдардағы қол жеткен табыстары, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік
қауымдастықтағы алып отырған орны мен рөлі Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдан бергі Қазақстан халқына Жолдаулары және т.б. еңбектері
пайдаланылып, ең соңғы мәліметтер келтіріле отырылып, студенттерге қажетті деңгейде
жазылған.
Қазақ халқы өзінің жерін, елін, тәуелсіздігін сақтап қалу жолында талай қырғын-
сүргіндерден өтіп, «ат ауыздығымен су кешкен, ер толарсақтан саз кешкен» замандарды
өткерген. Қазақтың кең-байтақ, қазынаға бай жеріне, берекелі еліне сырттан кім көз
алартпады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы алқаптар мен сан тарау сауда жолдары үшін
болған қақтығыстар үздік-создық жалғаса келе ондаған жылдарға созылған соғыстарға
айналғаны тарихтан мәлім. Солардың бәрінде қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгенін»,
тарихи-тағдырдың тұщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.
Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашылды, жұмбақтары тұтас
шешілді деу асылық болар. Түгенделмеген дүниеміз, қалпына келтірілмеген қатпарлы тарихи
шындықтарымыз әлі де қаншама. Егемен ел болып, еңсе көтергелі бері ғасырлар ауқымына
жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да рухани кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы
уақытта да тынымсыз ізденіс, тыңғылықты зерттеулер бір сәтке толастамайды деп ойлаймыз.
Қолдарыңызға тиіп отырған осы лекциялар курсында туған Отанымыздың жан-жақты
шежіре-баянын жүйелеп, ғылыми-танымдық тұрғыда оқырман назарына ұсынуға алғашқы
қадам жасалды. Егер осы оқулық тарихи болмысымызды тануға септігін тигізіп жатса,
діттеген мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі зерттелген, ғылыми-
ақпараттық айналымға түскен деректерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырыстық. Тарих
тәжірибесі – ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең сүбелі, нағыз прогресшіл қасиеттерін
біріне-бірін жалғастыратын өмір эстафетасы. Бүгінде Қазақстаның толық қанды тәуелсіз
мемлекет болған жағдайында тарихымызды білу, қазақ халқы жинақтаған бай тәжірибені
игеру, жаңа ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын
4
қалыптастыруда мейлінше маңызды. Тарихқа, тарихи бастауларға, тәжірибеге біз қаншама
терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз.
Міне, осы тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған оқулық кеңестік қоғамның
тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болған өткен тарихымыздан тағлым алғызып,
тарихи шындықты бұрмалаудан сақтандырады. Оқу құралында берілген материалдар
тарихтың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі көптеген мәселелерді қайта қарастырып, жаңа
баға беруге, ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толастырып, студенттер мен
оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, тарихты бүгінгі күн тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік
беретіндігіне күмән жоқ. Бұл оқу құралы өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау
жүйесі мен көзқарастар тұрғысынан түсінуге, студенттердің ынта-ықыласын бұрынғыдан да
арттырары сөзсіз.
Ұсынылып отырған лекциялар курсы Қазақстан тарихы бойынша студенттерге оқылып
жүрген дәрістер мен семинар сабақтарын толықтырып, егеменді еліміздің тарихы бойынша
жазылатын жаңа оқулықтарға қажетті тың деректер мен мағлұматтар береді деген
сенімдеміз. Сондай-ақ халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы
тарихтың тағлымымен таныстырудың, әсіресе, жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген
студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастыруда белгілі-бір үлес
қосады деген ойдамыз. Бүгінгі күнде Қазақстан тарихының тереңдетіп оқытылуы, мұндай
лекциялар курсына студенттердің аса зәру екенін көрсетіп отыр.
5
1- тақырып. Ежелгі заманғы Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |