Педагогтердің білімін бағалауға өтініш беруге арналған қосымшаны пайдалану нұсқаулығы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата28.03.2023
өлшемі0,85 Mb.
#77004
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Интсрукция ПЗ НКТ каз

Басты бет 
 
Қосымшаның басты бетінде (11-сурет): 
- «Ұлттық тестілеу орталығы» ұйымының логотипі мен атауы; 
- интерфейс тілін ауыстыру батырмасы; 
- Менің профилім, Өтініш беру, Менің іс-әрекетім, Шығу батырмалары бар 
бүйірлік мәзір орналасқан.
 
Менің парақшам 
«Менің парақшам» парақшасы келесі ақпараттан тұрады (11-сурет): 
Мен жайлы мәліметтер: 
- тестіленушінің аты-жөні; 
- байланыс телефоны; 
- ЖСН; 
- «Өңдеу» батырмасы - «Мен жайлы мәліметтер» блогындағы ақпаратты өзгерту 
үшін. 
Қауіпсіздік: 
- электронды мекен-жай; 
- «Электронды мекен-жайды өзгерту» батырмасы – электрондық поштаның 
мекенжайын ауыстыру үшін. Мекенжайды өзгерту үшін ағымдағы құпиясөзді және жаңа 
электрондық поштаны енгізіп, «Сақтау» батырмасын басу керек. 
Ескерту! Электронды мекенжайды өзгертуді толық аяқтау үшін жаңадан енгізілген 
электронды мекенжайға жіберілген хаттағы сілтеме арқылы жаңа мекенжайды растап, 
қосымшаға жаңа логин арқылы қайтадан кіру керек. 
- «Құпиясөзді өзгерту» батырмасы – құпиясөзді өзгерту үшін ағымдағы 
құпиясөзді, жаңа құпиясөзді және жаңа құпиясөзді қайта енгізу қажет.
- «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» батырмасы (жоғарыда). 


11-сурет. «Менің парақшам» парақшасы 
Өтініш беру 
 
Педагогтердің білімін бағалауға қатысуға өтініш беру үшін бүйірлік мәзір арқылы 
немесе «Менің парақшам» парақшасы арқылы «Өтініш беру» бөліміне өту қажет (12-
сурет). 
 
 
12-сурет. «Өтініш беру» 
 
«Педагогтердің білімін бағалау» батырмасы арқылы тестілеуді таңдау қажет (13-
сурет). 
 
13-сурет. Тестілеуді таңдау парақшасы 
 
Бұдан әрі тестілеу типін таңдау қажет (14-сурет): 
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары; 


- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әдістемелік кабинеттерінің 
(орталықтарының) әдіскерлері үшін; 
- Жалпы орта білім беру ұйымдары; 
- Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері; 
- Қосымша білім беру ұйымдары; 
- Интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері үшін; 
- Арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін; 
- Қосымша 
білім 
беру 
ұйымдарының 
әдістемелік 
кабинеттерінің 
(орталықтарының) әдіскерлері үшін; 
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; 
- Білім беру ұйымдарының басшылары үшін; 
- Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет