Taraz.aiman@mail.ru.
ЕКІНШІ КІТАП
АЛҒАШҚЬІ СЫНАҚ
Сәли атам
бізді Тәңіртаудың бауырынан, Мыңбұлақтан кӛшіріп әкелуін әкелді. Қош.
Қартайғанда тау асып, тас басып, есек арбамен жиен қызын үш баласымен кӛшіріп әкелу
оңай емес. Онысы ерлік. Бауырмалдық. Қысылғанда қол ұшын берген мейірбандық,
имандылық.
Мұнысына сӛз жетпейді. Мұндай жақсылықтың атын таппай әуре болдым.
Бірақ тұтас бір үй кімнің қолына сыяды. Дайын тұрған бос үй жоқ.
Сӛйтсе, Айша нағашыларымен, Зибамен, Зибаның әскерден аман-есен қайтқан күйеуі
Мырзагелдімен ақылдасқанда тапқан шешім: біз Бектӛбеде, нағашыларымыздың қасында
қалмайды екенбіз. Сонау Бурылтаудың астында, Аса ӛзенінің бойында Молотов дейтін
колхоз
бар екен, сол колхозда он жылдық мектеп бар екен. Оның интернаты бар екен.
Мырзагелді жездеміз сол интернаттың бастығы болып бекіпті.
Айша болса, Зиба сіңлісіне қарайласады, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығады.
Мен болсам, бір жағынан мектепте оқып, интернаттан тамақтанамын.
Жездемнің малын
бағамын. Құрмаш Сәли нағашымның қолында қалады. Батырхан бізбен бірге болады.
Біздің ӛмір осындай бір беймәлімдеу арнаға түсті де, бӛтен ел, кӛрмеген жерге кете
бардық.
Біздің алдымызда, ӛткен қыстың ішінде бұл жаққа қарашай, балқар, шешен, ұңғыш
дейтін халықтарды зорлап кӛшіріп әкелген екен. Біз олардан да озып кеттік. Ӛз еркімізбен
елден кетіп, жел айдаған қаңбақтай аунақшып жүрміз. Тоқтаған сайымыз –
Молотов
колхозы.
Мырзагелді жездем мектептің директорына айтып мені бірден жетінші класқа
отырғызды. Алтыншы оқуым керек қой. Heгe керек болғанын білмеймін, жездем мені
жата кеп мақтады.
− Алғыр болғанда түрі жаман, – деді мектеп директоры Досмырза дейтін егде тартқан,
бармақ мұртты кісіге. Оныншы класқа қазір кӛшірсең – қазір үлгереді.
Директор маған кӛзілдірігін түзетіп қарап:
− Апыр-ай, ә, – деді. Мен ыңғайсызданып:
− И - ә - ә, – деппін.
Онымды директор жездемнің сӛзін қостағаны деп түсінбесе неғылсын. Менің «и - ә -
ә» дегенім «ӛтірік» дегенім еді ғой. Директор қалай түсінгенін ӛзі біледі, бірақ маған:
− Абылайды білесің бе? – деді. Сӛйтсем, ӛзі тарихтан сабақ береді екен ғой. Жездем
шар-шар ете қалды:
Taraz.aiman@mail.ru.
− Оу, Досеке, программада қазақ тарихы жоқ қой. Абылайды оқытпаса қайдан білсін?!
− Білемін, – дедім мен саспай.
Досмырза мырс етті. Жездемнің кӛзі шарасынан шығып кете жаздады.
− Білсең,
айта ғойшы, – деді директор.
− Абылай – Бӛгембай батырдың жолдасы.
Директор мен жездем бір-біріне қарап мелшиді де қалды. Содан соң директор:
− Оны қайдан білесің, шырағым? Мектепте оқытқан жоқ қой, – деді.
Мен әкем Мұртаза бар кезде, қысқы кеште, біздің үйге кісілер жиналатынын, Жұмабай
дейтін мұғалім Бӛгембай батыр туралы жыр оқитынын айтып бердім. Дап-дардай үлкен
кісілер сонда сақалдарына кӛз жастары тамшылап жылап отыратын. Неге жылайтынын
мен қайдан білейін? Ол кезде мен бес жасар баламын. Мектепке бармаймын. Кейін
Жұмабай мұғалім әскерге кетті. Ешкім қисса оқымайтын болды.
Абылайдың хан екенін
білмеймін. Бӛгембай, Бӛгембай дегенде ара-арасында Абылай естіліп қалады. Содан
Бӛгембайдың жақыны екен деп жүрмін ғой.
Директор мені сӛзге келмей жетінші класқа отырғызды. Сӛйтіп, бір класс аттап кеттім.
Бірақ соным бекер-ақ болған екен...
Содан бері еңбек етпей тапқан мал бойыма сіңген емес. Арам ас сияқты, құсып
тастаймын. Ал кейбіреулерге майдай жағады. Сонда Құдайдың кӛзі мені ғана кӛреді де,
аналарды байқамай ма?
Ондайда Айша айтады:
− Құдайдың,
құдіретімен таласпа, – дейді.
− Тағы не білесің? – деді Досмырза ағай.
− Махамбетті білемін, – дедім.
− Айтшы, кәне.
− Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қол қорыған сен едің.
Ел қорыған мен едім.
Сен де айырылдың кӛліңнен,
Мен де айырылдым елімнен.
Сені кӛлден айырған
Taraz.aiman@mail.ru.
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған
Тасбет иттің... е - е, жо - жоқ,
Хан Жәңгірдің екпіні.
Бүлдіріп алдым. Атаңа нәлет. Тасбет қайдан киліге кетті?!
Бұған директор таң
қалғандай аңтарылып қалды. Бірақ жездем Махамбетті біле бермейтін болуы керек, менің
«бүлдіріп» алғанымды сезген жоқ-ау деймін. Әйтеуір сампылдап:
− Әне, Досеке, ағып тұр ғой, ағып тұр, – деп мұрты аспанға шаншылып, аппақ тістері
ақсия күлді. Директор ойланып тұр.
− Бәрі дұрыс, – деді.
− Е, бәсе, – деп жездем елпең ете түсті.
− Бірақ, – деп директор маған қарады. – Тасбетің кім? Бәтіңкемнің тұмсығымен жер
сызғылап, мұрнымды бір тартып қойып, тұқшиып тӛмен қарап қалдым.
− Бригадир, – дедім Тасбет естіп қоятындай сыбырлап.
− А - а, – деді директор. Аңғарымпаз кісі екен, түсіне қойды. Басымнан сипап:
− Қорлығы ӛткен екен ғой, – деді. Кӛзімнен жас ыршып-ыршып кетті. Директор мені
сӛзге келмей жетінші класқа отырғызды. Алтыншы класты аттап кеттім.
Бірақ соным бекер болған екен...