№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№43ЕГЕР МҰҒАЛІМДЕ ӨЗ ІСІНЕ ТЕК СҮЙІСПЕНШІЛІК



Pdf көрінісі
бет41/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
91 эссе

№43ЕГЕР МҰҒАЛІМДЕ ӨЗ ІСІНЕ ТЕК СҮЙІСПЕНШІЛІК 
БОЛСА,ОЛ ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ БОЛА АЛАМА? 

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті 
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра 
алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ. 
Л.Н.Толстой 
Мен бастауыш сыныптың мұғалімімін. Мұғалім мамандығына жастайымнан 
бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып көргенім, құлағыммен алғаш 
естігенім де – мұғалім. Мені ешқашан «оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс 
істеймін» деген сұрақтар мазалаған емес , себебі ұстаздықтың қадір-қасиетін 
отбасынан сезініп өстім. Мен өмірімді жұмыстан бөлек елестете аламын ба? 
Жоқ, мен үшін ұстаздық – бұл мамандық емес, өмір салты. Ұстаздық – бұл 
менің жаратылысым. Сондықтан, «Ұстаздық – бұл адамға берілетін сый, 
ұстаздық – бұл талант, ұстаздық – бұл бейімділік, ұстаздық – бұл өмірлік іс» 
дер едім. Педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы 
қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін 
ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең 
алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті 
мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-
тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігі болуы 
тиіс. Бүгінгі заманауи сабақты жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларсыз 
елестету мүмкін емес , сондықтан өз іс-тәжірибеме әр оқушының өз бетінше 
жұмыс жасау қабілетін, оны дамыту , жетілдіру жолдарын ескеремін. Әр 
сабағымды шығармашылықпен жоспарлап, оқушыға дайын білімді бермей, 
бағыт бере отыра қиындықты жеңуге, ізденіс дағдыларын қалыптастыруға 
байланысты тапсырмалар әзірлеймін. Әрбір сабақтың қызықты, тартымды 
өтуін, әрбір оқушы сыныптан шыға бере өзінің бүгінгі нәтижесі мен 
мүмкіндіктерін 
мақтан 
ететіндей 
сезімде 
болуын 
қадағалаймын. 
Қателеспейтін тұяқ жоқ демекші, қателесе отыра мақсатқа ұмтылуға 
жетелеймін. Оқушы үшін білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі 
уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, 
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін 
түсіндіру менің алдыма қойған мақсатым десем артық емес. 
Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз 
сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, 
бағыт-бағдар 
беруші, 
ата-ананың 
сенімді 
көмекшісі. 
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, 
шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық 


та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат 
қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, 
екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем 
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына 
алған 
маман. 
Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, 
осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да 
түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет 
ететін, 
бай 
қиялды 
адамға 
тән 
қасиет. 
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі 
кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және 
оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни 
білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық 
технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың 
жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел 
болашағының 
мүсіншісі 
деуге 
болады. 
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің 
борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін 
адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын 
әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір 
емес, 
бірнеше 
жас 
жүрекке 
мәңгі 
ұстаз 
болып 
қалады. 
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен 
әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас 
жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, 
әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, 
жұртшылыққа 
да 
өнеге. 
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: 
Жай мұғалім хабарлайды, 
Жақсы мұғалім түсіндіреді, 
Керемет мұғалім көрсетеді, 
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. 
Менің оқушыларым менен алған шамшырақтарын ары қарай жаға алатынын, 
өмірде пайдалана алатынын, жақындары мен қажет ететіндерге ұсына 
алатындықтарын білемін. Мүмкін олар ғалым болмайтын шығар, бірақ олар 
нағыз адам болып шығады. Мен оларға сенемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет