№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№62 БҮГІНГІ БІЗ КЕЗДЕСІП ОТҚАН ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА?



Pdf көрінісі
бет66/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86
Байланысты:
91 эссе

№62 БҮГІНГІ БІЗ КЕЗДЕСІП ОТҚАН ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА? 
Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман 
осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе 
жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып 
қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір 
сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен 


бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің 
оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді 
қарастырғанда 
мәселенің 
ғылыми-техникалық 
астарларымен 
қатар, 
философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, 
сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, 
оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты 
екендігін де ашық айту қажет. 
Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, 
дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен 
діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс 
пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа 
үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами 
құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір 
қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан 
соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-
ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, 
дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң 
бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-
сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, 
өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды 
оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз 
әсерлер қалдырғаны рас. 
Қазіргі дағдарыс жағдайынан шығудың жолдары қандай, адамзат үшін 
жаһандық мәселелерді шешудің философиясы неде, бұл турасында 
ғылым не дейді, дін не дейді, деген сауалдарға жауап табу мақсатында әл-
Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің доценті, 
философия 
ғылымдарының 
кандидаты, 
шығыстанушы 
Жанат 
МОМЫНҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік. 
Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы 
кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе 
жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып 
қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір 
сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен 
бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің 
оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді 
қарастырғанда 
мәселенің 
ғылыми-техникалық 
астарларымен 
қатар, 
философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, 
сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, 
оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты 
екендігін де ашық айту қажет. 
Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, 
дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Осы орайда, ғылыми ой мен 
діни сенім, адам ақылы мен жасанды ақыл, үшінші технологиялық төңкеріс 
пен адамның экологиялық жауапкершілігі, нарықтық прагматизм мен жаңа 


үлгідегі «жасыл» экономика, капиталистік индивидуализм мен жалпы адами 
құндылықтар арасындағы текетірес пен қайшылықтар адамзатты тағы бір 
қасіретті де қараңғы дәуірге жетелеп, адастырып, нәтижесінде тағы да сан 
соқтырып кетпесіне кім кепіл? Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-
ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, 
дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң 
бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-
сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, 
өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды 
оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз 
әсерлер қалдырғаны рас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет