«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға
алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде
даму – уақыт талабы.
Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер,
шығармашыл, ой-өрісі кең,
білімді, мәдениетті болу керек. Демек, мен өз бойымдағы барлық жақсы
қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып,
мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз
ойларын еркін жеткізе алатын, білімді,
алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің
қолымда. Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары
қарай жұмыс істеу, шебер ұстаз болу тек қана өзіме байланысты. Сондықтан
аянбай барлық күшімді салуым керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Иә,
адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз
шеберлік емес па?!
Достарыңызбен бөлісу: