қабілеттілік мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің
еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-зерттеу
жұмыстары, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары,
оқулықтар,
басылымдар
құрайды.
Диссеритация нәтижелері мен тұжырымдары жүйелік-қызметтік, тарихи-
логикалық, салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сандық-сапалық
сараптау
және
басқа
да
зерттеу
әдістеріне
негізделеді.
Зерттеудің ақпараттық базасын «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан халқына
Жолдаулары, ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015
жылдарға арналған даму стратегиясы, ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн
қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
Қазақстан Республикасы экономикасын әртараптандыру туралы есебі,
Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен
экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015
жылдарға арналған тұжырымдамасы, басқа да құқықтық-нормативтік актілер,
арнайы веб-сайттар, Ұлттық статистика агенттігінің ресми мәліметтері
құрайды.
Жұмыстың
ғылыми-тәжірибелік
маңыздылығы
ұсынылған
негізгі
тұжырымдардың ұлттық экономиканы инновациялық жолмен дамыту арқылы
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал етуі
мүмкіндігінде болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: