17
дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыздан басталуы (қонақ-
қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан
басталуы (қаз-ға, қаз-дар) дауыссыздың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесуі
болып саналады.
Дауыстылардың бір-бірімен өзара үндесуі сингорманизм деп аталады да,
дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимиляция деп аталады.
Сингорманизм. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі сингорманмзм деп
аталады. Түркі тілдерінде байырғы сөздерде сингорманизм екі түрде
ұшырасады. Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және ерінің қатысы
жағынан бір-бірімен өзара үндесіп айтылады.
1 Лингвальдық сингорманизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде
дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар
болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы
буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың
бұлайша үндесуі лингвальдық сингорманизм деп аталады.
2 Ерін үндестігі немесе лобиальдық сингоранизм. Бастапқы буында ерін
дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі
де дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтежесінде болады.
Дауысты дыбыстылардың үндеуінің бұл түрі ерін үндестігі немесе лабиальдық
сингорманизм деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: