часть таких электронных ресурсов вызывает массу вопросов у студента, у электронного
ресурса просто нет возможности ответить на вопросы студентов. Эту проблему можно
решить если заменить монотонные электронные ресурсы на умные учебники (smart-tutor), а
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
218
также заменить системы электронного образования на интеллектуальные обучающие
системы. Место преподавателя или простого учебника заменит smart-tutor, интеллектуальные
виртуальные преподаватели и учебники. При этом интеллектуальное электронное обучение
будет короче по продолжительности и будет иметь высокое качество [4].
При
разработке
будут
использованы
технологии
объектно-ориентированного
программирования, технологии MVC, пост-реляционная ООСУБД Cache. При разработке
интеллектуальных функций будут использованы базы знаний, семантические сети, data
mining, фрактальная теория, когнитивная графика, нечеткая логика, классические экспертные
системы, нечеткие экспертные системы, генетические алгоритмы, мягкие вычисления,
морфологические
и
синтаксические
анализаторы,
семантические
анализаторы,
распознавание изображений, распознавание звука, речевые технологии. Научная новизна
заключается в том, что в Проекте впервые предлагается провести интеллектуальный анализ
обработки данных (data mining) используемых в образовательных процессах, а также
создание онтологической модели интеллектуального университета, алгоритмы и программы
автоматизации контроля и оценки знаний обучающихся без вмешательства человека с
возможностями речевого общения.
Обзор предшествующих научных исследований, проведенных в мире, относящихся к
исследуемой теме и их взаимосвязь с настоящим Проектом. В исследованиях этого
направления используется понятие интеллектуальных обучающих систем (ИОС). Понятие
ИОС зародилось в 1970 году в работах Дж. Карбонелла [5], в 80-е годы XX века были
предложены различные классификации обучающих систем, включая ИОС в работах таких
ученых как В. Стефанюк [6], П. Брусиловский [7], В. Петрушин [8]. На ранних стадиях
развития ИОС подходы, разработанные в рамках исскуственного интеллекта, использовались
лишь для представления знаний из предметной области. С середины 80-х годов в состав ИОС
стала в явном виде включаться информация об обучаемом (в частности, модель идеального
обучаемого) и стратегиях обучения. В 90-е годы при построении ИОС начали применять
агентно-ориентированную технологию [9].
Вопросы построения и использования экспертных обучающих систем рассматривались
в работах Адамович И.М., Черевик Д.В., Бабанина JI.H., Брусиловского П.Л., Баловнева О.Т.,
Казеннова А.Ю., Берестовой В.И., Заволович О.В., Рыбиной Г.В., и других. Принципы
построения систем диалога для экспертной обучающей системы рассмотрены в работах
Машбиц Е.И., Андриевской В.В., Комиссаровой Е.Ю., и других. Подходы к построению
архитектуры экспертных обучающих систем рассматривались Голенковым В.В., Поповым
Э.В., Фоминых И.Б., Кисель Е.Б., Шапот М.Д., Петрушиным В.А. [10].
Проблемами разработки интеллектуальных систем продолжительное время занимаются
ученые России (ТПУ, ВШЭ, НГТУ, БГУИР) и Казахстана (ЕНУ, КазНТУ, КарГТУ, ВКГТУ),
а также зарубежных стран (США, Великобритания, Германия, Франция, Япония, Китай).
Известные университеты электронного обучения за рубежом: Национальный
технологический университет (США, программы электронного обучения по инженерным
специальностям), Открытый университет Хаген (Германия), INTEC-колледж Кейптауна
(ЮАР), Испанский национальный университет электронного обучения, Открытая школа
бизнеса
Британского
открытого
университета,
Австралийская
территориальная
информационная сеть.
В мире много систем электронного обучения, много компаний занимающихся этим
видом бизнеса. Но можно сказать, что, ни одна из существующих систем полностью не
отвечает требованиям участников образовательных процессов, таким системам не хватает
интеллектуальности [11].
Заключение. Использование интеллектуальных моделей и алгоритмов в Проекте
вызовет большой резонанс среди ученых работающих в направлении интеллектуальных
информационных
систем,
так
как
будет
общедоступным
интеллектуальным
информационным продуктом. Ведущим мотивом для (в основном начинающих) научных
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
219
сотрудников в нашей исследовательской группе является самоценность научно-
исследовательской работы, возможность реализовать свой творческий потенциал, участие в
экономико-социальном актуальном научном проекте.
Внедрение данного проекта в массы позволит ускорить темп обучения людей, повысит
кадровую конкурентную способность населения на высшем мировом уровне. Учебные
заведения получат возможность привлечения в процесс обучения преподавателей с мировым
именем без просьбы переехать в Казахстан. Многие предприятия заинтересованы в быстром
и качественном повышении квалификации своих сотрудников, так как для этой цели более
77% американских компании используют электронное обучение.
Влияние полученных результатов на развитие науки и технологий и ожидаемый
социальный и экономический эффект. Проект вызовет большой резонанс среди ученых
работающих в направлении интеллектуальных информационных систем. Результаты проекта
можно использовать в развитии умных систем не только в области образования (умные
школы, умные колледжи, умные центры повышения квалификации на предприятии), но и в
медицине, юриспруденции, электроном правительстве и т.д.
Описание принципиального отличия идей Проекта от существующих аналогов – замена
взаимодействия персонала обучающей организации со студентами на взаимодействие с smart
e-learning. Замена реальных тьюторов (преподавателей) на интеллектуальные электронные
учебные издания (smart-tutor).
Аналогичных промышленных систем, используемых в мире, практически нет, а методы
и алгоритмы, которые лежат в основе таких систем достаточно наукоемки и только
приобретают популярность в академической среде Казахстана.
Библиография:
1. Леонов В. В., Шагалиева Л. Н., Коростелева Н. А. Педагогический аспект внедрения
дистанционных образовательных технологий в высшей школе Республики Казахстан. Молодой
ученый. – 2013. – №12. – С. 486-488.
2. EC. Communication from the Commission: E-Learning – Designing «Tejas at Niit» tomorrow’s
education. – Brussels : European Commission, 2000
3. Christopher Pappas. Important Statistics about the eLearning Market for 2013 – Infographic. 2013.
http://elearningindustry.com/important-statistics-about-the-elearning-market-for-2013-infographic
4. Шарипбаев А.А., Омарбекова А.С., Барлыбаев А.Б. Концепция интеллектуального
электронного университета. Международная научно-практическая конференция «Применение
информационно-коммуникационных технологий в образовании и науке», посвященная 50-летию
Департамента
информационно-коммуникационных
технологий
и
40-летию
кафедры
«Информационные системы» – Алматы, 2013. – С. 177-180.
5. Carbonell J.R. AI in CAI: an Artificial Intelligence Approach to Computer-Aided Instruction.
Man-
Machine Systems, IEEE Transactions on
(Volume:11 ,
Issue: 4
). 1970. P.190 – 202. ISSN:0536-1540
6. Стефанюк В.Л. Введение в интеллектуальные обучающие системы. Учебно-методическое
пособие. – М.: Российский университет дружбы народов, – 2002. – 59 с.
7. Брусиловский П.Л. Интеллектуальные обучающие системы. Информатика. Информационные
технологии. Средства и системы. – 1990. – № 2. – С. 3-22.
8. Петрушин В.А. Экспертно-обучающие системы. – Киев: Наукова думка, – 1992. – 352 с.
Голенков В.В., Емельянов В.В., Тарасов В.Б., Виртуальные кафедры и интеллектуальные
обучающие системы. Новости искусственного интеллекта. - 2001. - №4.
9. Кудинов В.А. Автореферат. Принципы построения и использования экспертных обучающих
систем в курсе "Теоретические основы информатики". Научная библиотека диссертаций и
авторефератов
disserCat
http://www.dissercat.com/content/printsipy-postroeniya-i-ispolzovaniya-
ekspertnykh-obuchayushchikh-sistem-v-kurse-teoretiches. 2000 г.
10. Барлыбаев А.Б. Проблемы внедрения интеллектуального электронного университета. Наука
и образование – 2013: VIІІ Международная научная конференции студентов и молодых ученых,
секция Естественно-научное направление – Астана, 2013. – С. 61-65.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
220
ӘОЖ 378.014.24(1-87)
ДОСТЫҚ АЙЫҚ
ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТҚА ТҮРЛЕНДІРУ АЛГОРИТМІ
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлтық Университеті, Астана)
Нысан мен мазмұнның жаңа арақатынасын ұйымдастыру құралы ол компьютер.
Компьютердің пайда болысымен ойлау іскерлігінің «формальды қабығы» өзгере бастады.
Ақпаратты ұсынудың компьютерлік технологиясы бірнеше шарттардан кейін жүзеге асады:
экранға шығатын мәтін фрагменттелген, көрнекі және мөлшерлі.
Мәтіндерді тура электрондық түрге айналдыру білім алуға жаңа сапа бере алмайтыны
түсінікті. Электронды құралдар білім алушыға жаңа ақпараттық каналдар бойынша білім
жеткізетін графикалық инструменттерге мұқтаж. Экрандағы мәтін жай әріптерден белгілер
мен суреттерге түрленгенде ғана функционалды болады.
Оқитын ақпараттың көлемі өте үлкен болғпндықтан оны мүмкіндігінше сығуды,
көлемін азайтуды қажет етеді. Менің ойымша бұл күрделілік графикалық әдістің көмегімен
шешіледі.
Мәтінді түрлендіретін 4 қадам қарастыруға болады.
1. Мәтіннің негізгі мәнін беретін элементтерін ерекшелеу
2. Визуалдау белгілерін таңдау
3. Визуалды белгілердің көмегімен вербальды элементтерді кодтау
4. Графикалық модельді вербальды модельге декодтау
Бұл алгоритмді жүзеге асыру бірнеше графикалық компетенцияға әкеледі.
1. Визуалдаудың тиімді белгілерін таңдау мүмкіндігі
2. Графикалық модельді орындау мүмкіндігі
3. Графикалық модельді декодтау мүмкіндігі
4. Графикалық модельді жетілдіру мүмкіндігі
Қазіргі педагогикада оқытуды ақпараттандыру, оқу барысында - студенттердің
танымдық қызметін басқару және де оқытушы мен студентке білім беру мазмұнын
толықтыратын, қажетті мәтіндік және бейнелік ақпаратты ұсынуы ретінде – ақпараттық
технологияларды қолдану деп түсініледі. Мультимедялық білім беру жүйелері, оқытушы
орнына белгілі бір қызмет атқаратын жаттықтырушы, репетитор ретінде және белгілі бір
пәндік жағдайларды модельдейтін жүйе ретінде орын алады.
Ақпараттандыру жағдайында студенттердің танымдық өмірін басқарудың бірі болып
мультимедиялық білім беру жүйелерінде білімді бақылау табылады.
Мультимедялық білім беру жүйелерін қолдануға арналған әдебиеттерді талдау жалпы
ережелерді белгілеуге және студенттердің білімін бақылаудың жеке принциптерін
тұжырымдауға мүмкіндік берді:
1. студенттің мультимедялық білім беру жүйелерімен жұмыс ітсеуге негізделген білімін
бақылау және өзіндік қадағалау қызметін ұйымдастыру;
2. білімді бақылау кезіндегі оқытудың өнімділігін мультимедия арқылы жүзеге
асырудың принциптері;
3. оқытудың дәстүрлі және жаңа әдістерін үйлестіру;
4. оқу және келешек кәсіби қызметін есепке ала отырып, тапсырмаларды іріктеу.
Мультимедиялық білім беру жүйлерінде білімді бақылау үшін, жоғарыда көрсетілген
оқытудың принциптерін ескеріп, студентке тапсырманы орындауына байланысты кадрларды
динамикалық таңдауды және уақытылы қажетті оқу материалымен қамтамасыз еткен жөн.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
221
Мультимедиялық білім беру жүйелеріндегі білімді бақылау басқару элементтері бар
навигациялық сұлбаларсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Негізінде, кез келген динамикалық
навигациялық сұлба негізгі алгоритмдік құрылымдарды – сызықты да, толық тармақталған
да, толық емес тармақталған да және циклдік алгоритмдерді жүзеге асыруға негізделген.
Негізгі алгоритмдік құрылымдар кез келген бағдарламалау жүйесінде таратылған.
Интерактивтіліктілікті ұсыну сандық мультимедиаға, ақпаратты басқа түрде ұсыну
құралдарын қарағанда артықшылықтар береді. Интерактивтілік ақпаратты ұсынуды
басқаруға мүмкіншілік береді: студенттер өз бетінше баптаулард өзгерте алады, нәтижелерді
зерттей алады, сонымен қатар пайдаланушының белгілі бір ұнатушылықтары жайында
сұраныстарға жауап береді.
Сондықтан да мультимедиялық білім беру жүйелерін құру кезінде басқару
элементтерін жүзеге асыру оңай және қол жетерлік болады. Ал мультимедианың
мүмкіншіліктері мен бағдарламалау жүйелерінің интерактивті құралдары педагогикалық
сценарийлерді динамикалық, интерактивтілік қасиеті бар навигациялық сұлбасымен бірге
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер
1 Белошапка В., Лесневский А. Основы информационного моделирования // Информатика и
образование. – 1989. – № 3.
2 Суханов А. П. Информация и прогресс. – Новосибирск : Наука, 1988. – 258 с.
3 Тюкачев Н., Сидоров Ю., Delphi 5. Создание мультимедийных приложений. – СПб. : Питер,
2001. – 400 с.
4 Нурбекова Ж. К., Даутова А. З., Кашкинбаева Д. Б., Технология проектироваия
мультимедийных обучающих систем. – Павлодар, 2003. – 108 с.
5 Демушкин А. С., Кириллов А. И. и др. Компьютерные обучающие программы //Информатика
и образование. – 1995. – № 3. –С. 18.
6 Деревнина А. Ю., Кошелев М. Б., Семикин В. А. Принципы создания электронных учебников
// Открытое образование : проектирование учебников. – 2001. – № 2.
7 Нурбекова Ж. К. Информационное взаимодействие между субъектами процесса электронного
обучения в информационно-коммуникационной среде // Вестник КазНУ. – 2004. – № 1(12). – С.
30–35.
8 Мануйлов В. Г. Разработка тестирующих интерактивных презентаций // Информатика и
образование. – 2002. – № 4. – С. 47–54.
9 Нурбекова Ж. К., Майдисарова Д. С. Практикум по проектированию и конструированию
мультимедийных образовательных систем : учебно-методическое пособие. – Алматы, 2007. – 110 с.
ОӘЖ 004.94
ДҮЙСЕНОВА Г.А., ЖАЛҒАСБЕКОВА Ж.Қ.
ПРОГРАММАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ
РЕСУРСТАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан
Республикасы)
Бәсекеге қабілетті болу, әлемдік білім кеңістігіне ену, білім беру процесінде дамыған
елдердің стандарттарына ұмтылу - бұл қазіргі таңдағы қоғамның дамуының басты
міндеттерінің бірі.
Елімізде білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының
басым бағыттарының бірі – электрондық оқыту жүйесін енгізу. Жаңа бағдарламаның
ерекшелігі – жаңашылдығы. Атап айтсақ, бағдарламада білім беру саласына электрондық
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
222
оқыту жүйесін енгізу жеке бір бағыт ретінде қарастырылған. Студенттер кез келген білім
беретін мәліметті қалаған уақытта алуына қол жеткізбек. Электрондық оқыту жүйесі арқылы
білім деңгейлерін теңестіріп, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық жағынан сауатты
студенттерді дайындауға мүмкіндік аламыз. Мұғалімдер мен студенттер ең үздік әлемдік
білім ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқыту әдістемесінің мақсаты: білім беру
үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең
қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда сандық білім беру ресурсы (СББР) көп елдердің білім жүйесіне қарқынды
еңгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан
Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты
бағыттарының бірі болып есептеледі. Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша
электрондық оқыту жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі
екендігін айқындайды. Электронды білім беру кеңауқымды жобасының жүзеге асуы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол
ашпақ.
Бүгінгі күнгі қоғамды ақпараттандырудың жаңа үрдістері және онымен байланысқан
білім беру іс-әрекетінің барлық түрлерін ақпараттандыру үрдістері, бүгінгі таңдағы сандық
және электрондық білім беру ресурстарын жаңартумен және кеңінен таратумен
сипатталады.
Жалпы түрде электрондық білім беру ресурстары (ЭББР) - желідегі және/немесе
машинамен оқылатын тасушыларда орналастырылған электрондық баспалар құралдарын
программалық, ақпараттық, техникалық қамтамасыз етілуінің жиынтығы. Білім беру үшін ең
қызықты да, қуатты да өнімдер - бұл мультимедиялық электронды білім беру ресурстары.
Сандық білім беру ресурстары – бұл сандық түрде берілген суреттер, бейне көріністер,
статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды шынайы және интерактивті
модельдеу нысандары, картографикалық материалдар, дыбыстық жазулар, символдық
нысандар және іскерлік графика, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін қажет құжаттар және басқа
да оқу материалдары.
Қазіргі таңдағы сандақ білім беру ресурстары:
- оқулықтың мазмұнына, білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілеріне,
қолданылатын программаларға сәйкес келу керек;
- жаңа оқу түрлеріне бағытталуын, оқытудың жоғары интерактивтілігі мен
мультимедиялығын қамтамасыз ету керек;
- берілген пән шеңберінде білімі мен біліктілігінің негізінде білім алушыны өмірлік
проблемаларды шеше алатын тәжірибені алуға болатын оқу түрін ұсыну керек;
- жеке және топтық жұмыс жасауды қолдануды қамтамасыз ету керек.
Сандық білім беру ресурсының құрамына:
- интерактивті құраушылар – сұрақтар мен есептер, бақылау және өздік жұмыстары,
интерактивті модельдер мен анимациялар;
- көрсетілімдік графика – иллюстрациялар, анимациялар, бейнекөріністер;
- мәтіндер – мәтін параграфтары, дыбыстық мәтіндер, ғалымдар жағрафиясы, кестелер;
- оқытушы үшін материалдар – презентациялар және сабақтар.
Сандық білім беру ресурстарының негізгі инновациялық сапасы:
1. Кешенділік. Білім беру үрдісінің барлық құраушыларын қамтамасыз ету мүмкіндігі
(ақпаратты алу, машықтану сабақтары, бақылау).
2. Белсенді- әрекеттілік оқыту түрін қолдану есебінен өзіндік оқыту іс – әрекетін күрт
кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз ететін интерактивтілік.
3. Аудиториядан тыс толық оқыту мүмкіндігі.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
223
1 – сурет. «С++ Builder ортасында сандық білім беру ресурстарын құрастырудың
сыртқы көрінісі
Интерактивті модельдерді және анимацияларды қолдану оқу материалдарын түсіндіру
процесін жеделдетеді және оның сапасын арттырады. Осы модельдер және анимациялар
көмегімен қалыптастырылатын құбылыстар мен түсініктер ұзақ есте қалуға көмегін тигізеді.
Бүгінгі жаңа көзқарас бойынша студенттерге сандық білім беру ресурстары арқылы оқу
және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және
пәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін – өзі дамытуына, қоршаған
шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы
адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге
жағдай жасауға электронды оқыту жүйесі, соның ішінде интерактивті модельдер мен
анимацияларды ойластыру көп көмегін тигізеді. Аталған жағдайларды ескере отырып,
программалау курсы бойынша алты бөлімнен тұратын сандық білім беру ресурсы
құрастырылды (1- сурет) және сонымен қатар, оқытуда ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы жоғары оқу орындарында сабақтарды жаңаша ұйымдастыру,
оқытушының ролі мен қызметінің артуына жағдай жасасақ, онда ақпараттық технологиялар
мен иновациялық оқыту әдістері арқылы студенттерді еңбексүйгіштікке тәрбиелей аламыз.
Қорыта келгенде, сандық білім беру ресурстарын оқу процесінде қолдану - бұл оқу
үрдісін қарқынды етуге, студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятуға, білім деңгейін
арттыруға бағытталған жоспарларды жүзеге асыруға, өздік жұмыстардың көлемін арттыруға
мүмкіндік береді және сонда ғана сапалы білім беруге қол жеткізеді деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Полат Е.С. - Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. -
М: Омега-Л, 2004. - 215 с.
2. http://openclass.ru
ӘОЖ 004.92
ЖЕТИМЕКОВА Г.Ж.
ИНФОГРАФИКАДА PREZI-ДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқу пәндерінің мазмұны мен мақсаты оқыту мен
тәрбиелеудің жұмыс түрлерін ұштастыра отырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
224
байланыстыруды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдер кеңінен
қолдануды талап етеді. Сондай жаңа заман талабын сай студенттердің байқау, көру
қабілетінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын көрнекі-графикалық ақпараттарды
визуальды елестету варианты – инфографика болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген жоғары оқу орындарында аз мөлшердегі уақыт шығынымен
үлкен жетістіктерге жетудің маңыздылығы, студенттердің оқу жетістіктерінің көрсеткішін,
жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйесін енгізе отырып, уақыттың шығын
талаптарын белсендірудің қолайлылығын тәжірибе жүзінде көруге болады. Айтылған
мәселені шешудің тиімді жолы - онлайн оқытумен тікелей байланысты, яғни онлайн оқыту
тәсілі білім деңгейін жоғарылатуға және оның бүгінгі уақыттағы қандай роль атқаратынын
айқындауға көмектеседі. Жоғары оқу орнындағы онлайн жүйесінде студенттермен
оқытушылардың арасындағы қарым –қатынас, ақпаратты нақты әрі түсінікті түрде беру,
студенттердің сұрақтарына жылдам түрде жауап алу, ақпараттың көрнектілігі, студенттердің
өздік жұмыстарын әрі қарай жалғастыру сияқты білім беру жүйесіндегі жаңаша түрдегі
түбегейлі өзгерістерге ие.
Қазіргі таңда Web дизайнның бір бағыты болып инфорграфика табылады.
Иллюстрацияның көмегімен аудиторияға негізгі ойды жеткізу инфографиканың мақсаты.
Қазіргі таңда инфографика күрделі ақпаратты беру үшін қолданылады. Интернет парақтары
Flash және HTML5-дің интерактивті функцияларын кеңінен қолданып жүр. Flash және
HTML5 Web-дизайн облысының үлкен мүмкіндіктерін ұйымдастыруға арналған. Үлкен
көлемді ақпаратты беру үшін қолданылатын Prezi құрал-сайманы бір нұсқа болып табылады.
Prezi-дің көмегімен келесі әрекеттерді орындауға болады:
- ыңғайлы және тез масштабтау;
- навигацияның жылдамдығын бақылау;
- сурет және видео қою;
- блогтың немесе сайттың кез-келген жеріне презентацияны орната алу.
Сондықтан Prezi, HTML5 және Flash – жаңа типті инфографиканы құрудың бір бағыты
болып табылады.
Ақпараттық әлемнің екі маңызды ұғымы электронды оқыту және инфографика бірін
бірі толықтырып, қызмет етуде.
Инфографиканың негізгі мақсаты – ақпараттандыру. Ақпараттандырудың объектілері
мәтіндік ақпаратты толықтырушы болып, тақырыпты толық көлемде қамтитын, визуалды
түсіндірулерден тұратын мазмұн. Ақпаратты беру әртүрлі параметрлерден тұру мүмкін:
кестелер, диаграммалар, номограммалар, иерархиялар, графтар, карталар, иллюстративті
құрылымдар, пиктограммалар және т.б.
Инфографиканың мүмкіндігі болып жүйелеу мен құрылымдау табылады.
Визуальды бейнелер көмегімен бір идеяны таратудың танымал формасы инфографика.
Веб-сервисте мультимедиялық материалды өңдеу үшін Prezi.com сайтында тіркеуден
өту керек. Тіркелген соң, презентациялық үлгінің біреуі таңдалып, материал өңделеді.
Таңдау беті келесідей кескіннен тұрады. (Сурет 1).
Презентациялық бет таңдалғаннан соң, беттің қажет деп табылған бөлігіне
мультимедиялық материал орнатудан бастаймыз. Төмендегі суретте мәтін өңдеу құралының
көмегімен мәтінді теріп, мәтінге қажетте барлық параметрлерді орнатамыз. Көрсетілген
пиктограммалардың көмегімен мәтінге қажет деп табылған параметрлер қойылады. (Сурет 2)
|