Iv халықаралық Ғылыми-практикалық конференция еңбектері



Pdf көрінісі
бет25/40
Дата03.03.2017
өлшемі19,29 Mb.
#7046
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
225
 
 
 
 
Сурет 1. Prezi презентациялық үлгіні таңдау беті 
 
 
 
 
Сурет 2. Мәтінді теру және мәтінге параметрлер орнату беті 
 
Prezi веб-сервисінің меню жолы үш топқа бөлінеді.  
1. Фреймдер орнату беті 
2. Аудио, видео, сурет кою беті 
3. Тақырыптар қою беті 
Осы  үш  менюдің  көмегімен  презентациялық  материалдың  интерфейсін,  дизайнын 
жақсартуға болады. 
1.  Фреймдер  орнату  менюінің  көмегімен  презентациялық  беттерді  құрылымға  бөлуге, 
мазмұны жағынан, логикалық құрылымы бойынша топтастыруға болады. (Сурет 3) 
 
 
 
 
Сурет 3. Фреймдерді орнату менюі 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
226
 
 
 
2.  Көмегімен  материалға    аудио,  видео,  сурет,  диаграмма,  Power  Point  материалын 
қоюға болады. (Сурет 4) 
3. Тақырыптар қою менюінің  көмегімен байланыстырушы құралдарды, тақырыптарды 
мазмұнына қарай  топтастырып қолдануға болады 
 
Презентациялық  материал  құрылымы  мен  интерфейсі  дайын  болған  соң,  файлды 
сақтау,  толық  рәсімдеу  қажет  етіледі.  Ол  келесі 
  батырмасының  көмегімен 
орындалады. (Сурет 6.) 
Дайын болған презентацияларды 
 
белгілері арқылы мазмұнымен, байланыстырып, 
топтастыруға болады. 
Презентацияларды 
құру 
барысында 
дигараммалар  қолдану  үшін  дайын  дигараммалар 
үлгілері ұсынылады. Диаграмма үлгісі таңдалғаннан 
кейін  дигармма  бөліктерін  ақпаратпен  толтыру 
қажет етіледі. (Сурет 7.) 
 
 
Сурет 7. Дигарммалар құру беті 
Сурет 6. Файлды экспорттау
 
Сурет 4. Аудио, видео, сурет 
кою беті 
Сурет 5. Тақырыптар қою беті 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
227
 
 
Инфографика  презентациялық  мәліметтерді  тұрғызуда    маңызды  орын  алатын 
коммуникациялық  форманың  бір  түрі.  Бір  ғана  сауатты  кескін  мың  сөзден  тұрады.  Оның 
мағынасын  ықшамдап,  сол  уақытта  қажетті  барлық  ақпараттарды  береді.  Кескіндеу 
ақпаратты  тартымды  және  көрнекті  етеді.  Білім  беру  саласында  инфографиканы  қолдану 
топтық қабылдаудың негізгі тізбесін көрсетеді. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Шляхтина  С.  Пакеты  для  создания  информационной  графики.  /  «КомпьютерПресс»  №7, 
2005. 
2. Prezi.com 
 
 
УДК 378.1:004. 
 
ЗАКИРOВА А.Б.,  АХАЕВА Ж.Б.,  МАНАП А. 
 
ЖОО –ДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ АРАЛАС ӘДІСІН ҚОЛДАНУ 
 
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.) 
 
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жаңа әдістер мен технологияларды қолдану мәселесі 
өте  маңызды  болып  отыр.    Білімдегі  инновация  -  мақсаты  білім  сапасын  жоғарылату,  
мәліметтерді  игеру  үшін  қолайлы  жағдайларды  ұйымдастыру,  оқу  процесінің  тиімділігін 
арттыруды қамтамасыз ету сияқты мәселелік жағдайларды шешуге арналған жаңа енгізілім.  
Жоғары  білімді  ақпараттандырудың  заманауи  сатысының  ерекшелігі,  онда  бірінші 
орынға  ЖОО-да  мамандарды  дайындаудың  маңызды  аспектілері  қойылады.  Ол  үшін 
оқытушылар  студенттердегі  өз  бетінше  оқылатын  ақпаратты  игеруге  деген  шеберліктерді 
дамыту  керек,    ғылым  мен  техниканың  өте  жаңа  жетістіктерін  қолдану  арқылы 
шығармашылық 
әдеттегі 
үлгі 
бойынша 
емес 
 
ойлауды 
қалыптастыру 
керек.  
Технологиялылық бүгінгі таңда оқытушының қызметтілігінің  ең басты сипаттамасы болып 
тұр және білім беру үрдісін ұйымдастырудың жоғары сатысына ауысуды білдіреді.  
Оқытудың дәстүрлі әдісі 
Дәстүрлі курстың негізгі элементтерін ерекшелеп көрсетейік : 
- дәрістік сабақтар; 
- семинарлық және тәжірибелік сабақтар; 
- тәжірибелік  тапсырмалар  (курстық  және  бақылау  жұмыстар,  баяндама,    рефераттар 
т.б.); 
- алынған білім мен дағдыны бақылау және бағалау. 
Бұл элементтердің барлығы әрбір студентке таныс- олар оқытудың дәстүрлі процесінің 
негізін құрайды. Дегенмен , күмәнсіз, басқа да құрайтын үрдістерде болуы мүмкін, мысалы 
өндірістегі  тәжірибе,    дисциплина  тақырыбымен  айналысатын  ұйымдардың  түрлі  семинар 
мен  көрмелеріне    бару.    Әйтсе  де,  жоғарыда  көрсетілген  элементтер  оқыту  барысында  жиі 
қолданылатын  элементтер  болып  табылады  және  дәл  осылар  көбінесе  түпкі  оқытуға  – 
қажетті білім мен дағдыны алуға әсер етеді . 
Оқытудың электронды үлгісі  
Берілген  үлгі  дәстүрлі  үлгіге  ұқсайды,  бірақ  кейбір  өзгерістері  бар.    Үрдістің 
қатысушылары  да  бірдей-  студенттер  және  оқытушылар.    Тек  енді  студентке    азырақ 
түсіндіреді  және  оған  көп  нәрселерді  өзінің  жасауына  тура  келеді.  Бірақ  оқытушы  және 
топтастарымен  қарым-қатынас  кез  келген  жағдайда  қолайлы  болады.    Қарым-қатынастың 
негізгі  құрал-жабдығы  болып  электронды  пошта,  форум  және  чат  табылады.    «Виртуалды 
сынып бөлмесі» болады, ол форум мен чаттың қосындысы болып табылады.  Онда оқытушы  
өз  қалауынша  дәрістер  оқып,  виртуалды  семинарлар  жүргізе  алады.    Электронды  үлгіде 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
228
 
 
маңызды рөлді  топтық тапсырмаларды орындау алады- студент өзін компьютерге бекітілген 
сияқты сезінбеу керек және  бірлескен жұмыстың дағдыларын дамытудың мүмкіншіліктеріне 
ие болу керек. 
Интерактивті  курстардың  оқу  мәліметтері  онлайн  оқыту  кезінде  әртүрлі  форматта 
көрсетілген: мәтін, аудио , видео және т.б. Мұның барлығы  түрлі суреттермен, график және 
сұлбалармен,  анимациялар,  симуляциялармен,  фотолар  және    осыған  ұқсас  және  қосымша  
ресурстарға сілтемелермен толықтырылады.[1,2] 
Аралас  оқыту    студенттердің  үлгерімін  жоғарылатуға  арналған  білім  берудің  жаңа 
үлгісі болып табылады.  
Аралас  оқыту    -  қашықтықтан  оқыту  технологиясымен  бірге    дәстүрлі  күндізгі  оқыту 
формасында жүргізілетін оқыту формасы болып табылады.  
 Аралас  оқытуды  ұйымдастырудың  кең  таралған  нұсқасы    сабақ  қашықтықтан  оқыту 
формасында,  ал  емтиханды  қабылдау  оқытудың  дәстүрлі  формасында  жүргізіледі.  Аралас 
оқытуды  ұйымдастырудың  мұндай  нұсқасы    мамандардың  білімдерін  қайта  жетілдіруді 
жүргізген  кезде  және  екінші  жоғары  білімді  алу  кезінде  жиі  кездеседі.    Мұнда  жеке 
дисциплина  деңгейі  ретінде    қашықтықтан  оқыту  және    оқытудың  дәстүрлі  күндізгі  
интеграциясын  ұйымдастыру  болмайды.  Ол  ұйымдастырылып  отырған    аралас  оқытудың 
тиімділігін азайтады.  
Интернет  технологияның  шығуымен  сырттай  білім  беру  Интернет  арқылы  жұмыс 
жасауға  көшті  және  оқытудың  электронды  үлгісі  пайда  болды.    Онлайн  білімге  студент 
толығымен  компьютердің    және  компьютерлік  технологияның  көмегімен  Интернет  арқылы 
оқытылады. 
Күндізгі бөлімнің  бірінші курс студенттері үшін оқытудың аралас әдісін қолдану- бұл 
оқытудың инновациялық әдісінің бір түрі.  Тәжірибенің мәні  оқытудың алғашқы күндерінен 
бастап  жеке  тұлғалығын,  өз  бетінше  жұмыс  жасай  алуды  ,  коммуникативтілікті  дамыту 
болып табылады.  Берілген тәжірибедегі аралас оқытудың әдісі  дисциплинаны игерудің тек 
бір бөлігіне – студенттің өзіндік жұмысында (СӨЖ) ғана қолданылды.  
 Дисциплинаның қалған бөлігі, дәрістер және тәжірибелік жұмыстар дәстүрлі формада 
оқытылады.  Студенттердің әрқайсысында жеке тақырыптары бар, ол тақырыптар бойынша  
белгілі  бір  жұмыстарды  орындау  керек  және    силлабуста  көрсетілген  график  бойынша осы 
жұмыстарды тапсыру керек.  
СӨЖ  тапсырмаларын  орындау  кезінде  қарым-қатынастың  негізгі  құрал-жабдығы 
болып  чат,  форум  және  электронды  пошта  табылады.    Студенттердің  үлгерім  бағасы  түрлі 
формада жүргізіледі.  Тестілеу болуы да мүмкін, сонымен қатар түрлі, соның ішінде топтық 
жобаларды  орылдау,    глоссарий  құрастыру,  қысқаша  конспект  жазу,    ЖОО 
кітапханасындағы  мәліметтерді  қолдану  арқылы    әдістемелерді  орындау,  жад  картасын 
құрастыру, ассоциаграммалар, әдіс кейсі,  статья жазу кезінде және мини конференцияларға 
қатысу,    бақылау  жұмыстарын  орындау.    Осының  барлығы  оқытушыға  тексеру  үшін  файл 
алмасу жүйесі арқылы жүргізіледі. 
 Жұмысты тексеріп болғаннан соң оқытушы студентке жұмысы және бағасы бойынша 
жеке дербес түсініктеме немесе толықтырып жазуға қосымша тапсырма береді. 
Оқытудың аралас үлгісінің дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – ол өте жұмсақ. 
Студент СӨЖ тапсырып отырады. Ол  үшін  күн сайын университетке барудың қажеті жоқ.  
Тапсырмалар оқытушыға  электронды пошта арқылы жіберіледі.  Кез келген ыңғайлы жерде 
және қолайлы уақытта сабақ оқуға болады ( форум немесе чаттағы хабарламалар архивына 
әрқашан  қайтып  келу  мүмкіндігі  бар),  мәліметтер  құрылымданған,  реттелген  және 
сәйкесінше  оны  қабылдау  өте    қарапайым  және  жұмсақтылықтың    түрлі  аспектілері  бар. 
Дегенмен,  осы  майысқақтықтық  бойынша  тым    мақтануға  болмайды-оқытудың  аралас 
әдісінде  тапсырмаларды орындау мерзімі бекітілген- СӨЖ тапсыру графигінде орындау күні 
бар және осы күнге дейін  (сағат)  тапсырманы орындап жібере алады.  Оқытушының уақыты 
өтіп кеткен тапсырмаларды қабылдамау құқығы бар.  

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
229
 
 
 Студенттің  жас  екендігін  ойлап,    оны  оқыту  кезінде  жаңа  технологиялармен  бөлудің 
қажеті  жоқ.  Керісінше,  мұндай  студентті  жаңа  технологиялармен  жұмыс  жасауға  үйрету 
керек және оған бірінші санаттағы маман болуға мүмкіндік беру керек.  Австралияның Білім 
Министрілігінің  мәліметтері бойынша , жұмыс берушілер көп жағдайда онлайн түлектерді 
немесе  аралас  бағдарламамен  оқыған  түлектерді  жұмысқа  үлкен  ықыласпен  алады,  себебі 
олар   тек жаңа компьютерлік технологиялармен ғана емес, сонымен бірге оқытудың және өз 
бетінше жұмыс жасау дағдыларын меңгерген.[3]  
Студенттің жағынан аралас оқыту үрдісі келесідей болады: 
Аралас оқытудың компьютерлік бөлігі: 
-  мәліметті тірілтеді және оған студентке онымен «қарым-қатынас» жасау мүмкіндігін 
береді; 
-  көбірек интерактивлікті береді және белсенді оқытуға шақырады; 
-  жай  ғана  мәтіндегі  немесе  дәрістерде  түсіндіру  қиын  болатын    кейбір  идеяларды 
көрнекті түрде көрсетеді ; 
-  түрлі симуляция арқылы оқытылатын үрдістердің ішіне қарауға мүмкіндік береді; 
-   өз бетінше оқыту және өзін бақылау дағдыларын дамытады; 
-   студенттерге  радиациялық  құралдар  ,  параллелді  әлем  сияқты  мүмкін  емес,  қауіпті 
немесе қиын сценарий мен жағдайларды көруге мүмкіндік береді. 
 Осыдан шығатыны, аралас оқыту студенттің жағынан белсендірек болуды талап етеді, 
ол оқыту үшін қызықты мүмкіндіктерді береді. 
 Тәжірибе  кезінде  студенттер  аса  қызығушылықпен  СӨЖ  бойынша  өзінің 
тапсырмаларын  орындады  және  уақытылы  өз  мерзімінде  тапсырмаларын  тапсырды.  
Студенттерге арналған тапсырмалар оқытылатын дисциплина курсынан алынды, ол  берілген 
дисциплинаны  терең және өз бетінше  игеруге мүмкіндік берді.  Бұл әдіс тек СӨЖ тапсыру 
кезінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  дәрістік  сабақтарды  жүргізу  кезінде  де  көрінді.  Дәрістік 
курстарда  аралас  әдісті  қолдану  барысында    жұмыс  (оқыту)  циклі  үш  кезеңге  бөлінді-  
жұмысқа «дейінгі», жұмыс «кезіндегі» және жұмыстан «кейінгі».  
Жұмыс  «кезіндегі»  жұмыс  контактілі  болып  табылады-  семинарлар,  форумдар  және 
тағыбасқалар  дайындықты  ,  ойлануды  талап  етеді.  Осы  цикл  кезінде  оқытушы    студенттің 
тапсырмаларын,  сабақ  бойынша  түсініктеме  және  сұрақтарды  талқылайды  .    Студенттің 
тақырыбы  талқылауға  арналған  тақырып  болады.  Осы  циклде  оқытушы  жаңа  тақырыпты 
түсіндіреді.    Бірақ  ,  қайтадан  жаңа  тақырыпты  талқылау  үшін  студент  осы  берілген 
тақырыппен сабаққа дейінгі циклде өз бетінше танысып қойған болу керек.  
Жұмыс  «кезіндегі»  циклде  студенттерде  тапсырманы  талқылау  мүмкіндігі  болады,  
олар  алдыңғы  сабақтың  «кейінгі»  цикліне  қатысты.  Сабақ  аяқталғаннан  кейін    мәтін, 
сұрақтар  және  тәжірибелік  тапсырмалар  көмегімен  алынған  білімді    тексеру  және 
қорытындылау жүргізіледі. 
Жұмысқа  «дейінгі»  жұмыс.  Студенттер    керекті  сұрақтарды  қою  үшін,  сонымен  бірге 
оқытылған  мәліметті  өңдеу  үшін  ,  талқылау  мүмкіндігі  болуүшін,  оқытушымен  байланысу 
үшін  дайындалу  керек.    Ереже  бойынша,  дайындық  ретінде  нақты  белгілі  бір  тапсырма 
қолданылады.    Мұндай  дайындық  жақсы  білім  алу  үшін  өте  маңызды-  ол  оқытуды  өнімді 
етеді және белгілі ақпараттың қайталану санын азайтады. 
Егер  студент  сабаққа  дайындалған  болса,  онда  сабақ  кезінде  тек  өзі  білмейтін 
ақпаратты ғана емес, сонымен бірге барлық қиын сұрақтарды талқылай алады. 
Жұмыстан    «кейінгі»  жұмыс.    Бұл  цикл  жаңа  сабақты  игеруге  арналған-  үй 
тапсырмасын,  тесттерді  орындау  және  т.б  Оқытушы  студенттің  сұрақтарына  жауап  береді 
және  орындалған  тапсырмаларды  тексеріп,  түсініктеме  береді.    Бірақ  бұл  түсініктемелер 
жұмысқа  «дейінгі»  циклде  және  осы  цикл  кезінде  студенттердің  өз  бетінше  жұмыс  жасауы 
үшін  толық  болмайды.    Барлық  топ  үшін  қызықты  болған  сұрақтарды  оқытушы  келесі 
жұмыс  «кезіндегі»    циклінде    талқылау  үшін    ерекшелеп  көрсетеді,  осылай  жұмысқа 
«дейінгі»  циклінде студенттерді дайындауға негізделеді.[4] 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
230
 
 
 Барлық  үш  циклде    оқытудың  семестрінде  немесе  бір  курс  ішінде  бірнеше  рет 
қайталанады.  Осылайша,  студенттер    белгілі  бұрыннан  білетін,  керекті  емес  ақпаратты 
тыңдамай  және  талқыламай    мақсатты  түрде  оқытылады.  Одан  бөлек,  егер  студенттер  өз 
бетінше келесі сабаққа дайындалу қажет болса,  онда сабақ қызықты бола бастайды. Себебі  
тәжірибе , талқылау, дискуссия және жобаларды орындау үшін  көбірек уақыт пайда болады.  
Осындай  оқыту  кезінде  студенттер  өз  бетінше  жұмыс  жасау  шеберліктерін  ғана  емес, 
сонымен  бірге  ерекшелеп  көрсете  алады,    топпен  жұмыс  жасау    және  тәжірибеде  алған 
білімді қолдануды дамытады.  
 Электронды  –  оқытушы  ресурстарды  құрастыру  кезінде  оқытушылар  маңызды 
қиыншылықтарға 
соқтығысады- 
басқа 
авторлардың 
құжаттарын 
қолдану 
және 
қолжетімділік.  Басқа жағынан,   мәліметті қолдану кезінде авторлық құқық мәселесі пайда 
болады,  әсіресе  Интернеттен  алынған  мәліметті  қолдану  кезінде,  басқа  жағынан    өзінің 
қайтадан  құрылған  жаңа  құжатының  авторлық  құқығын  қорғау  қажет.    Курсты  кұрастыру 
кезінде  көптеген  мәліметтерді  авторлық  құқығы  бар  мәлеметтің  иесінің  рұқсатын  алу 
арқылы қолдануға болады.  Бірақ бұл қиындау, қымбат және ұзақ үрдіс болуы мүмкін. Кейде  
автор жауап беруге асықпауы мүмкін , сол кезде қиындау болады.  
 Берілген аспектілер информатиканы және басқа да сабақтарды оқыту үрдісінде аралас 
оқыту үлгісін қолданумен байланысты   аспектілердің барлығы емес.  
Осылайша  тәжірибелік  зерттеу  барысында    студенттердің  аралас  оқытудың 
ақпараттық-әдістемелік  тиімділігі  іс  жүзінде  дәлелденген,  бекітілген,  тәжірибелік  зерттеу 
барысында  теориялық  негізделген.    Студенттердің  оқыту  мотивациясының  деңгейі,  өз 
бетінше жұмыс жасау деңгейі жоғарылады,  оқытудың жаңа құралдарын қолдануға арналған 
ақпараттық  дайындығы  қалыптасты.  Сәйкесінше,  аралас  технология  құралдарын  қолдану 
арқылы  ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыздандыруды  қолдану  мақсатты  түрде  жасалған 
және  оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға және ақпараттандыруға мүмкіндік береді.  
Аралас  оқыту  жүйесінің  оқу  процесін  ұйымдастыру  кезінде    жеке  тұлғалықты,  оның 
мүмкіншілігін  және  сапасын  толыққанды  дамыту  үшін  қолайлы  жағдай  жасалады.    Соның 
ішінде мамандандырылған  ең маыздылары: 
- Оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесуінің ерекше сипаттамасы; 
- Студенттің өз бетінше ақпаратпен жұмыс жасай алу мүмкіндігі; 
- Оқу  үрдісінде оң эмоциялық фонды сақтау және құру; 
- Студенттің 
өз 
бетінше 
жасайтын, 
бағытталған, 
бақыланатын 
жұмысын  
ұйымдастыру;[5] 
Жүргізілген  теориялық  және  тәжірибелік  зерттеу  нәтижесінде    жаңа  ақпараттық 
технология құралдарын қолдану  білім беру үрдісінің  гуманизацияна әсер етеді, тәжірибеде 
тұлғалық-бағытталған  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Алдында 
айтылғандай,  аралас  оқытуда  оқытудың  дәстүрлі  үлгісі,  сонымен  бірге    жаңа  ақпараттық 
технология  құралдары  қолданылады.    Жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын    қолдану   
бір жағынан  ғылыми-техникалық прогресс жүргізетін қажеттілік, басқа жағынан  қоғамның 
қажеттілігі болып табылады. 
Литература 
1. http://gendocs.ru/v19408/ e-learning 02.11.2014г. 
2. 
http://www.toolproject.eu/index.php?id=36&L=9
 10.10.2014г. 
3. 
http://elms.eoi.ru/Wiki/1.8.%
 10.10.2014г. 
4. Скибитский Е.Г. Дистанционное обучение. – 2001. – №1. – Page 54-58. 
5.http://vestnikedu.ru/2013/05/smeshannoe-obuchenie-vedushhie-obrazovatelnyie-tehnologii-
sovremennosti/10.10.2014г. 
 
 
 
 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
231
 
 
УДК 004.056.55 
 
ИСАЕВА Д.Х., МОЛДАМУРАТ А. 
 
ОБЗОР СРЕД ПРОГРАММИРОВАНИЯ МИКРОКОНТРОЛЛЕРОВ 
 
(Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Астана) 
 
Программирование  микроконтроллеров  (МК)  представляет  ряд  трудностей  для 
программиста,  так  как  они  вынуждены  вникать  в  архитектуру  МК,  разбираться  в 
назначениях  его  регистров  и  т.д.  Программисту  приходится  создавать  коды  процедур 
инициализации  регистров  и  векторов  прерываний  МК,  а  также  формировать  функции 
прерываний  для  внешних  интерфейсов,  тем  самым  повторяя  несколько  раз  стандартные 
процедуры. 
Таким образом, для удобства работы с микроконтроллерами и были созданы различные 
среды  разработки  программ  для  МК.  Среда  программирования  содержит  совокупность 
готовых функций, что позволяет использовать архитектуру МК. 
В  данной  статье  приведем  краткий  обзор  инструментальных  средств  разработки 
программ для МК. 
AVR Studio – программная среда, позволяющая производить все этапы разработки МК 
семейства AVR. 
AVR  Studio  позволяет  работать  с  проектами,  под  который  отдельный  каталог  на 
жестком  диске.  Проект  содержит  всю  информацию  о  разрабатываемой  программе  и  МК. 
Основные файлы проекта – файлы с расширением .aps, .asm. Файл aps хранит информацию о 
типе процессора, частоте тактового генератора и т.п. Файл asm  содержит непосредственно 
код программы. 
Algorithm Builder предназначен для производства полного цикла разработки начиная от 
ввода алгоритма, включая процесс отладки и заканчивая программированием кристалла. 
Достоинства Algorithm Builder: 
1.  используется  визуальный  ассемблер,  что  позволяет  создать  максимально 
эффективный код; 
2.  простая организация работы с константами и переменными; 
3.  удобный настройщик периферий; 
4.  переходы 
осуществляются 
вектором, 
тем 
самым 
не 
загромождая 
код 
многочисленными метками. 
WinAVR — программный 
пакет для 
операционных 
систем 
семейства Windows, 
включающий 
в 
себя кросс-компилятор и 
инструменты 
разработки 
для микроконтроллеров серий AVR и AVR32 фирмы Atmel [1]. 
WinAVR включает следующий набор компонентов: 

Programmers Notepad — удобный редактор программиста и интегрированная среда 
разработки (IDE); 

AVR GCC — оптимизирующий компилятор языков С/С++ для AVR (после 
установки WinAVR интегрируется в AVR Studio); 

AVR-LibC — стандартная С-библиотека AVR для использования с GCC[1]; 

GNU_Binutils — коллекция утилит, включающая в себя ассемблер avr-as, 
компоновщик и утилиты манипуляции файлами в форматах *.elf, *.coff (используемыми для 
отладки и генерации загрузочных файлов) для микроконтроллеров AVR; 

MFile — автоматический генератор управляющего файла программы make, 
контролирующей сборку программ с помощью AVR GCC; 

gdb — дебаггер (отладчик) с интерфейсом командной строки; 
o
  Insight — оболочка графического интерфейса дебаггера; 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
232
 
 
o
  SimulAVR — симулятор семейства микроконтроллеров AVR с поддержкой 
интерфейса к отладчику gdb; 
o
  AVaRICE (JTAG ICE interface) — программа для работы с внутрисхемным 
отладочным интерфейсом JTAG ICE в микропроцессорах Atmel (используется вместе с 
отладчиком gdb); 

Avrdude — программатор (программа для загрузки и выгрузки кода 
микроконтроллеров); 
o
  avrdude-gui — графический интерфейс пользователя для AVRDUDE (только в 
версиях до WinAVR-20060421 включительно); 

SRecord — коллекция утилит для манипуляции с загрузочными 
файлами EPROM различных форматов; 
Также  дистрибутив  включает  в  себя  стандартные  для  операционной  системы  UNIX
 
утилиты  как find, make, grep, awk, sed и  т.д.,  и  основанный  на  Scintilla  редактор  для 
программирования [2]. Входящий в состав пакета кросскомпилятор AVR-GCC поддерживает 
не  только  входные  языки  C  и  C++,  но  и Objective-C,  и  обеспечивает  полную  среду 
разработки для AVR32 [2]. 
Подведя  итоги  можно  сказать,  что  при  выборе  среды  программирования  нужно 
руководствоваться  поставленными  задачами  и  требуемым  интерфейсом:  функциональный 
состав,  язык  программирования,  поддерживаемые  порты,  интерфейсы  и  оптимальностью 
скомпилированного кода.  
Литература 
1. 
Белов  А.Б.  Конструирование  устройств  на  микроконтроллерах  /  Наука  и  Техника, 
2005. - 255 с. 
2. 
 Атанов  С.К.  Реализация  нечетко-логической  модели  управления  мобильными 
объектами  //  Журнал"Актуальные  проблемы  современности"    Карагандинского  университета 
"Болашак", №2, стр.32-36. 
3. 
Вуд А. Микропроцессоры в вопросах и ответах. / Пер. с англ. под ред. Д.А. Поспелова. 
- М.: Энергоатомиздат. 1985. - 184 с. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет