Iv халықаралық Ғылыми-практикалық конференция еңбектері



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата03.03.2017
өлшемі19,29 Mb.
#7046
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
240
 
 
 
ӘОК 004.032.6:37
 
 
ҚАБЫЛӘШЫМҰЛЫ M., АНДАСОВА Б.З. 
 
МОБИЛДІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ 
АНИМАЦИЯЛЫҚ СЮЖЕТТЕРІН ӘЗІРЛЕУ 
 
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті, Астана, Қазақстан 
Республикасы) 
 
Бұл  жұмыста  мобилді  құрылғылар  үшін  балаларға    арналған    қазақ  ертегілерінен 
тұратын электронды мультимедиалық интерактивті кітаптарды әзірлеу барысы сипатталады. 
Ертегілерді    мобилді  құрылғылар  арқылы    ұсыну  балаларға  қаншалықты  қажет?    Оның 
балаларға беретін тәрбиелік мәні, пайдалы жақтары жайында  қысқаша тоқтала кетейік. 
Ертегілер  әрқашанда  қазақ  халқының  өмірінде  маңызды  роль  атқарып  келген.  Себебі, 
ертегілердің  мазмұнында  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  салт-дәстүрі,  әдет-  ғұрпы,  бүкіл 
болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз 
халқына,  Отанына,  туып-өскен  табиғатына  деген  сүйіспеншіліктері  бейнеленген.  Ұрпақ 
тәрбиесінде  ең  тиімді  тәрбие  құралы  ретінде  ертегілер  тілі  жеңіл,  түсінуге  оңай 
болғандықтан,  ертегілердің  балаларға  отансүйгіштік,  еңбексүйгіштік,  т.б.  тәрбиелер  беруде 
ғана емес, олардың тілін дамытуда да маңызы өте зор.  
Күнделікті  қарапайым  өмірде  балалар  ертегілермен    кітап,  журнал,  теледидар  арқылы 
таныса  алатын.  Қазіргі  қоғамда  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  дамуы  барысында 
күнделікті  тұрмыста  мобилды  құрылғылардың  қолданыс  аясының  күн  санап  артып  келе 
жатқаны  баршамызға  мәлім.  Сондықтан  да  кітап,  журналдардан  гөрі  мобилді 
құрылғылардағы  әдебиеттерді  пайдалану  балалардың  қызығушылығы  мен    қажеттілігін 
туындатып отыр. Қазір теледидардан балаларға  арналған   хабарлар  баршылық, алайда бұл 
арналардан  ұлттық  тәрбие  беретін  ертегілер  аса  жиі  беріле  бермейді.    Осы  олқылықтың 
орнын  толтыру  үшін,  күнделікті    тіршілікке  мобилді    құрылғылар  енгендіктен,    ұлттық 
тәрбие  беру  үшін  соларды  қолдану    тиімді.  Өйткені,    мобилді    құрылғылар  әрқашан 
қолжетімді,    арнайы    уақыт  бөлу,  бейімдеу  керек  емес.    Бала  үлкендердің  қатысуынсыз  
мобилді  құрылғылдардан өзіне қажет ертегісін өз бетімен тыңдай алады,  суреттеріне қарап 
отырып  түсіне  алады.  Сондықтан  да,  мобилді    құрылғыларда  дауыстап  оқылған  ертегі, 
әңгімелерді  тыңдау  баланың  жадында  ертегі    сюжетін  сақтауға  ықпал  етіп,  кітапқа  деген 
құмарлығын  арттыруға  көмектеседі.  Ертегінің  қысқаша  сюжеттерін  суреттер,  шағын 
анимациялық  фильмдер  арқылы  беретін  болсақ,  ол  бүлдіршінге  тіптен  қызық,  көз  алдына 
елестетуге,  дүние  танымын  оятуға  мүмкіндік  береді.  Электронды  кітап    сюжеттерін 
анимациялауды  жүзеге асыруға болатын мобилді құрылғыларға тоқталайық. 
Мобилді  құрылғыларға    смартфондар,  планшеттер,  электронды  кітаптар,  телефондар, 
ҚДК  мен  нетбуктер  сияқты  құрылғылар  жатады.  Олардың  басты  ерекшеліктері  –  олардың 
өлшемдерінде, сонымен қатар олардың орындайтын қызметтерінде.  
Смартфон  (ағылш.  Smartphone  –  «ақылды  телефон»)  –  бұл  қалта  дербес 
компьютерiмен  (ҚДК)  салыстырылатын  ұлғаймалы  функциональдық  жылжымалы  мобилді 
телефон.  
iPod  («айпод»)  –  Apple  компаниясының  саудалық  марка  топтамасының  портативті 
медиа-ойнатқышы, ақпарат сақтаушы флеш-жады, үлгіге сай, қатқыл диск (ең танымалысы – 
iPod classic). Қазіргі уақытта оның  мынандай  түрлері бар: iPod classic, iPod touch, iPod nano, 
сондай  –  ақ  экрансыз    iPod  shuffle.  Бұлардың  мүмкіндігі  тек  Windows  OS  және  Mac  OS 
ортасында ғаны. 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
241
 
 
iPhone  Apple  компаниясының  өнімі,  төрт  диапазонды  сызғышы  бар  мультимедиалық 
смартфон.  Смартфонға  Ipod-тың  функциональдығы,  коммуникатор  және  интернет-планшеті 
кіреді.  Apple  iOS  операциялық  жүйесi  арқылы  бұл  жүйені  жеңілдетіп,  әрі  Mac  OS  X  ұялы 
телефондар үшін функциональданған болып жұмыс істейді. Алғаш рет iPhone 2007 жылдың 
9 қаңтарының Стив Джобстың MacWorld Expo конференциясында көрсетілген. Сатуға 2007 
жылдың  29  маусымында  түсті.  Қазіргі  кезде  смартфондар    АҚШ-та  нарықтың  маңызды 
бөлiгiн жылдам жаулап алды.  
iPad  («айпэд»,  Ресейде  оны  жиі  «айпад»  деп  айтады)  –  бұл  интернет-планшет,  Apple 
компаниясы  шығарған.  2010  жылдың  27  қаңтарында  бұл  құрылғы  Сан-Францискода  Стив 
Джобстың презентациясында көрсетілген [1]. 
Бүгінгі  таңда  барлық  адамзат  баласы  дерлік  мобилді  құрылғыларды  пайдаланады. 
Мобилді  құрылғылардың  көмегімен  әртүрлі  тілде  жазылған  электронды  кітаптарды  оқуға 
мүмкіндік өте көп.  
Алайда,  мобилді  құрылғылардағы  қазақ  тілінде  жасалған  кітаптар  тапшы.  Сондықтан, 
балаларға  арналған осындай қазақ тіліндегі  кітаптар аса қажет. Өйткені, қазақ ертегілерінің 
балаларға ұлттық тәрбие беру үшін де, қазақ тілін үйрету үшін де, қазақ тілінің  мәртебесін 
арттыру  үшін  де  маңызы  зор.  Мұндай      кітаптарды    iBookstore-де  және  Интернетте  еркін 
жариялауға болады.   
Қазіргі      уақытта  iPad  мобилді  құрылғысын  балалар    кеңінен  қолданады.  Осы 
құрылғыны  тек    ойын  құралы  ретінде  ғана  емес,  балаларға  ұлттық  тәрбие  беру  құралы,  
ұлттық құндылықтармен таныстыру құралы ретінде, қазақ тіліндегі  ертегілермен таныстыру 
құралы ретінде   қолдануды  мақсат тұттық.  
Мобилді құрылғыларға  арналған мультимедиалық интерактивті кітаптарды әзірлеудің, 
анимациялық сюжеттерін жобалаудың қазіргі заманғы технологиялары баршылық, солардың 
ішінде  танымалылары  –  Apple  мен  Microsoft  компанияларының  өнімдері,  соның  ішінде 
Articulate Storyline,  JavaScript, HTML5 және т.б. кеңінен қолданылады.  
Бұл  ретте    iPad  мобилді  құрылғысына  электронды    кітаптар    әзірлеу  үшін  Mac  OS  X 
10.7.4  операциялық жүйесінде жұмыс істейтін, Mac App Store -ден тегін жүктелінетін iBooks 
Author  бағдарламасының    мүмкіндіктері  мол  екенін  атап  өтеміз.  Бұл  iBooks  Author 
программасы  алғаш  2012 жылдың  19  қаңтарында  Apple-дің 
Нью-Йоркте
гі  арнайы  іс-
шарасында  таныстырылды  [1].  Оның      саймандық  құралдарын  электронды  кітаптарда  
интерактивті  объекттерді  (виджеттер),  үш  өлшемді  объекттерді,  бейне  мен  дыбысты, 
суреттер галереясын  жүзеге асыру үшін қолдануға болады.  
 
 
 
1-сурет. «Алтын сақа» ертегісінің iBooks Author ортасындағы көрінісі 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
242
 
 
Қазақ  ертегілерінің    сюжеттерін  анимациялауды    мобилді  құрылғыларға  арналған 
мультимедиалық  интерактивті  кітаптарды  әзірлеудің  қазіргі  заманғы  технологияларының 
бірі – iBooks Author бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүзеге асырылды. 
Төмендегі  1-суретте қазақтың «Алтын сақа» ертегісінің iBooks Author ортасындағы  көрінісі 
берілген.  
Бұл электронды кітапты оқып отырған адам әртүрлі мультимедиалық құралдар арқылы 
суреттерді,  бейнесюжеттерді  көріп,    аудиофрагментті  тыңдай  алады.  Осындай    заманауи 
ақпараттық  технологиялар    мүмкіндіктерін    қолданып  әзірленген  мобилді  құрылғыларға 
арналған  осындай  мультимедиалық  интерактивті  қазақ  ертегілерінің    кітаптары    қазақ 
балаларын және  қазақ ертегілерімен  танысқысы  келген  адамдарды қазақ халқының  рухани 
қазынасымен  таныстырып,  тілдік  қорын  молайтады,  тіл  мәдениетін    жоғарылатады,    қазақ 
тілін меңгеруге   ықпалын тигізеді.     
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
https://www.apple.com/ibooks-author/
 
 
 
ӘОЖ 002:338.2 
 
 
   
ҚҰТПАНОВА З.А. 
 
БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУДЫҢ  
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университеті, Астана, Қазақстан 
Республикасы) 
 
 «Адамзат  өркениетінің  қазіргі  заманғы  дамуы  ғылыми-техникалық  революцияның 
тағы  да  бір  кезеңі  –  адамның  тыныс-тіршілігінің  барлық  салаларына  оның  өмірін  өзгертіп, 
ақпараттық  қоғам,  жоғары  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  мәдени  дамыған  қоғамға 
көшуінің  тұғырын  және  материалдық  базасын  құрайтын  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды (бұдан  әрі–АКТ) енгізумен сипатталады. 
Әлемде мынадай үрдістер байқалуда: 
1.  АКТ-ның  ықпалымен  барлық  қоғамдық  институттар  мен  адамның  қызмет  ету 
салаларының өзгеруі; 
2. Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру  және енгізудің  барлық салаларында алға 
басу; 
3.  Елді  әлеуметтік-экономикалық  дамытудың  міндеттеріне  бара-бар  дамыған 
ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу; 
4.  Халықтың  ақпараттық  қорларға  тең  құқылы  кепілдендірілген  қолжетімділігін 
қамтамасыз ету; 
5.  Барлық  деңгейдегі  азаматтарды,  қоғамдық  институттарды,  мемлекеттік  билік 
органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау. 
Канада,  Корея,  Малайзия,  Сингапур,  АҚШ  сынды  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттердің 
көбінде  жалпы  қоғамда,  сондай-ақ  қызметтің  жекелеген  салаларында  ақпараттық  даму 
стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда. 
Посткеңестік 
кеңістікте 
құрылған 
мемлекеттер 
де 
осы 
қатарда. 
Мәселен, 
ақпараттандыру  саласындағы  Ресей  Федерациясының  мемлекеттік  ақпараттық  саясаты  мен 
Беларусь  Республикасының  мемлекеттік  саясатының  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  мақсаты 
дамудың  жаңа  кезеңіне  көші,  яғни  ақпараттық  қоғамды  құру  және  әлемдік  ақпараттық 
қауымдастыққа ену болып табылады. 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
243
 
 
Жоғарыда  аталған  стратегиялар  мен  бағдарламаларды  талдау  ақпараттық  дамудың 
ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық және инновациялық даму мақсаттарына қол 
жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын үйлестіру, бизнесті, ұлттық стартегияны іске асыру 
бойынша  барлық  қоғамдық  институттар  мен  азаматтарды  үйлестірудегі  жетекші  рөлдің 
мемлекетке тиесілі екендігін көрсетеді. 
Біздің  елімізде  ақпараттық  қоғамның  құрамдас  бөліктерінің  тек  біріне  екпін  жасалды: 
жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті  іске асырылған электрондық 
үкіметті  қалыптастыру  және  дамыту.  Алайда,  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  міндеті 
әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек. 
Сондықтан,  ақпараттық  қоғамға  көшуге  ықпалдастық  жасайтын  барлық  қажетті 
жағдайларды  жасау  үшін  және  Мемлекет  басшысының  «Қазақстанды  әлеуметік  жаңғырту: 
Жалпыға  ортақ  қоғамдық  еңбекке  қарай  жиырма  қадам»  атты  2012  жылғы  10  шілдедегі 
мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» 
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді. 
Бағдарламаны  әзірлеу  барысында  Ғаламдық  ақпараттық  қоғамның  Окинава  хартиясы 
(Окинава  қ.,  Жапония,  2000  жыл),  Ақпараттық  қоғамды  құру  қағидаттары  декларациясы 
(Женева қ., Швейцария, 2003 жыл), Тунис міндеттемелері әрекеттерінің жоспары (Тунис қ., 
Тунис Республикасы, 2005жыл), өзге де халықаралық құжаттар, сондай-ақ, ҚР Президентінің 
2010  жылғы  1  ақпандағы  №  922  Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  2020 
жылға арналған стратегиялық даму жоспары ескерілді. 
Ақпараттық  қоғамды  құрудың  халықаралық  тәжірибесіне  және  жоғарыда  аталған 
құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды: 
- мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету; 
- ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету; 
- қоғамды  әлеуметтік-экономикалық  және  медени  дамытуға  арналған  ақпараттық 
ортаны құру; 
- отандық ақпараттық кеңістікті дамыту. 
Аталған  бағыттардың  шеңберінде  АКТ-не  жер-жерде  енгізу  арқылы  мемлекеттік 
басқаруды  жетілдіру,  ашық  әрі  ұтқыр  үкіметті  құру,  ақпараттық  инфрақұрылымның 
қолжетімділігін дамыту бойынша міндеттер шешіледі.  
Ақпараттық  қоғамды  дамыту  адами  ресурстарды  дамытумен  сүймелденуі  қажет 
екендігін  ескере  отыра,  Бағдарламамен  азаматтарға  электрондық  білім  алу  арқылы 
ақпараттық  технологияларды  игеруге  және  олармен  жұмыс  істеу  дағдыларын  алуға,  өмір 
бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс  істеуге, қолжетімді  эектрондық денсаулық 
сақтау  қызметтерін  алуға  жағдай  жасау  көзделген.   Сондай-ақ,  еліміздің  ашық,  қолжетімді 
және  бәсекелеске  қабілетті  экономикасын  құру  үшін,  Бағдарламамамен  шаруашылықтың 
негізгі салаларына зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.  
Ақпараттық  қоғамға  көшу  саясатының  тиімділігі  АКТ  кеңінен  қолдану  және 
электрондық 
қызметтерді 
көрсету 
жөніндегі 
бизнес 
пен 
мемлекеттің 
күшін 
шоғырландырудан байланысты болады...».  
Білім беру саласында білімді беруді ақпараттандыруды дамытудың ғылыми-теориялық 
негізін  тұжырымдау,  тәжірибе  жүзінде  іске  асыру,  Қазақстан  Республикасында  біртұтас 
білімдік  ақпараттық  ортаны  құру,  ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен 
сабақтастыруға мүмкіндігі. 
Білім  беруді  ақпараттандырудың  зерттеу  мәселелері,  мақсаты  мен  болжамдары  келесі 
негізгі міндеттерді шешуді талап етеді: 
1. ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету; 
2.  оқу  -  тәрбие  процесінде  жаңа  ақпараттық  технологияны  енгізуді  қамтамасыз  ету 
бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу; 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
244
 
 
3.  мектеп  пәндері  бойынша  жасақталатын  жалпыға  міндетті  білім  стандарттарының 
және  оқу  -  әдістемелік  кешендерінің  мазмұнын  ақпараттық  технологияны  пайдалану 
мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру; 
4.  білім  беру  мекемелерінің  қызметкерлері  үшін  программалық  -  техникалық 
құралдарды  қамтамасыз  ету  және  мультимедиялық  программаларды,  электрондық 
оқулықтарды жасақтау; 
5. педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана 
білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру. 
ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  белгілі  шығыстанушы  Әбубәкір  Диваев  былай  деген  екен: 
«Білімнің  нұры  себілмейінше,  бірде  -  бір  озық  ел  бола  алмайды».  Егемен  Қазақстанның 
гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық, білімді азамат болып жетілуіне 
байланысты. 
Қазіргідей  санның  сапаға  ауысуы  кезеңінде,  ұстаз  алдында  мынадай  талап,  міндеттер 
туындайды: 
- ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы; 
- шәкірттерінен білімді талап етуші болуы; 
- білімді тыңдаушы болуы; 
- сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы. 
Әр  мұғалімнің  алдындағы  сәулелі  мұраты  -  өз  пәнінен  білім  беріп  қана  қоймай,  әр 
баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген сенімін туғызу. 
Жаңа формация мұғалімі – рухани – адамгершілігі, рефлекцияға қабілетті, ақпараттық – 
коммуникативтік,  әлеуметтік  –  тұлғалық  және  басқа  да  құзырлылықтары  қалыптасқан, 
шығармашыл ұстаз. 
Білім  беруді  ақпараттандыру  арқылы  оқытудың  әдістемелік  жүйесі  толығымен  жауап 
беретін  оқу-әдістемелік  кешен  құрастырылып,  оқу-тәрбие  үдерісіне  енгізуге,  ақпараттық 
коммуникациялық  технологияларға  негізделген  пәндер  бойынша  студенттің  ақпараттық 
құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Зерттеудің тәжірибелік мәні: 
1.  Білім  беру  жүйесінде  ақпараттандырудың  даму  деңгейін  ғылыми-теориялық 
тұрғыдан талдау; 
2. Білім беруді ақпараттандыруға бағытталған әдістемелік жүйенің ғылыми негізделген 
үлгісі; 
3.  Білімді  ақпараттандыру  мақсатына,  мазмұнына,  әдіс-тәсілдеріне,  оқыту  құралдарын 
ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға негіз болуы. 
Ақпараттық  мәліметтер  пайдалануы,  әсер  ету  тәсілі,  жиналуы  білім  беру  саласында 
үлкен  рөл  атқарады.  Қазіргі  заманда  материалдық  және  энергетикалық  қорлармен  қатар 
негізгі  қор  ретінде  бірінші  орынға  ақпарат  шығады.  Алпысыншы  жылдың  басында 
ақпаратты  өнеркәсіптік  өнім  ретінде  және  оның  өнімін  өнеркәсіптік  индустрияның  бір  түрі 
ретінде  қарастырып, бұл туралы кейінірек қоғамды ұйымдастыру ортасын бөлу мен басқару 
барысында  қағазсыз  технология  тұжырымдамасы  жасалынған.  Өндірісті  компьютерлендіру 
мен  роботтарды  пайдалану    технологиялары  кеңінен  қолданылатын  болса,  білім  мен 
денсаулық  сақтау  саласына  кететін  миллиардтаған  қаржыларды  үнемдеуге  болады.  Бұл 
жағдайларға байланысты табиғи қорлар аз пайдаланылады. 
Ақпараттандыру  адамзат  өміріне  барлық  жағынан  әсер  ететін  парасаттылық  іс-
әрекетінің  рөлі  мен  деңгейін  көтерумен    байланысты  жан-жақты  даму  үрдісі  болып 
табылады.  Ақпараттандыру  кең  қолданылатын  сөз,  ол  барлық  адамзат  іс-әрекетіндегі 
қоғамдық мәні бар толық анықталған, жеткілікті және сол уақыттағы білім негізіндегі қоғам 
өмірін қайта құру үрдісін көрсетеді.  
Қоғамның жаңа ақпараттық технологияға өтуін келесі тұжырымдар бойынша көрсетуге 
болады: 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
245
 
 
- барлық  адамзат  күшімен  жиналған  қоғамның  кез  келген  мүшесі  кеңінен  пайдалана 
алатын парасаттық  әлеуеттілігін; 
- өндіріс ортасына ақпараттық технологияны  енгізудің арқасында адамзаттың еңбек іс-
әрекетіндегі парасаттылығын; 
- қоғамның  әрбір  мүшесінің  дұрыс  ақпарат  көзіне  қол  жеткізе  алуы  үшін  ақпараттық 
қызмет көрсету деңгейін; 
- бір сарынды жұмыстан босату есебінен жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеттілігін 
көрсету керектігін. 
Білім  беру  ортасы  ақпараттанумен  тікелей  байланысты  негізгі  қоғамдық  жүйелердің 
бірі  болып  табылады.  Себебі,  жас  ұрпақ  өміріндегі  ақпараттанудың  болашақтағы 
жетістіктері дәл осы деңгейден бастап қалыптастырады. 
Білімді  ақпараттандыруды  ақпараттық  қоғам  жағдайында  жоғары  деңгейдегі  өмірге 
адамды даярлау үрдісі ретінде сипаттауға болады. 
Қазіргі уақытта жас буынға өткен ғасырға қарағанда мүлдем басқа талаптар қойылуда. 
Адамға ақпараттық қоғамда жемісті  іс-әрекет нәтижесін алу үшін өз іс-әрекетін жоспарлауда 
іскерлік  пен  дағдылануды  қалыптастыру  қажет.  Яғни,  біздің  алға  қойған  мәселемізді  шешу 
үшін  ақпаратты  іздеу,  ақпараттық  моделдерді  құру,  қатынас  жолдарын  орнату,  барлық  іс-
әрекеттерді технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, сонымен қатар қазіргі замандағы 
технологиялық  құралдарды  әр  түрлі  іс-әрекеттерде  пайдалануға  дағдылану  керек.  Қазіргі 
уақыттағы  мектепте  алатын  білімді  ақпараттандыру  жолымен  жүргізуде  оқып  үйрнушілер 
мәліметтер базасындағы, білім базасындағы, сараптау жүйелеріндегі, компьютерлік техника 
мен жаңа ақпараттық технология құралын енгізу негізінде керекті ақпараттарды пайдаланып 
келесі жұмыстар атқарады: 
- оқыту  үрдісін  жетілдірудің  сапасы  мен  тиімділігін  арттыру  үшін  компьютерлік 
техниканы оқыту құралы ретінде қолдану; 
- болған  іс-әрекетті  танудағы  оқыту  құралы  ретінде  компьютерлік  технологияны 
пайдалану; 
- компьютер  және  басқа  қазіргі  заманғы  жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын 
үйрету нысаны ретінде қарастыру; 
- оқып  үйретуінің  шығармашылық  даму  құралы  ретінде  жаңа  ақпараттық  технология 
құралын пайдалану; 
- педагогикалық  тәжірибелер  мен  әдістемелік  және  оқу  әдебиеттерін  меңгеру  және 
алмасу 
мақсатындағы 
ақпаараттық 
технология 
құралын 
пайдалану 
негізінде 
коммуникацияны ұйымдастыру; 
- жаңа  ақпараттық  технология  жүйесін  пайдалану  негізінде  оқу  орындары  мен  оқу 
үрдісін жетілдіру және қарқындаты. 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  білім  беру  саласына  енуі  педагогтерге  оқытудың 
мазмұнын,  әдісін  және  ұйымдастыру  түрлерін  сапалы  өзгертуіне  мүмкіндік  береді.  Білім 
беру  жүйесінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық  қоғамдағы  оқып  үйренушінің  парасаттылық 
мүмкіндіктерін  күшейтіп,  сонымен  қатар  білім  беру  жүйесінің  барлық  сатыларындағы  оқу 
үрдісін ізгілендіру, жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру қажет. Сондықтан, 
жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  педагогикалық  мақсатта  қолданудың  келесі 
негіздері қарастырылып, зерттеліп белгіленді.  
1.  Қазіргі  заманғы  жаңа  ақпараттық  технологияны  қолдану  арқылы  оқу-тәрбие 
үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оқыту үрдісі сапасы мен тиімділігін, танымдық 
іс-әрекет  белсенділігін  көтеру,  пәнаралық  байланыстарды  тереңдету,  қажет  ақпаратты  іздеу 
тиімділігі мен көлемін ұлғайту. 
2.  Оқып  үйренушінің  жеке  тұлғасын  дамыту,  ақпараттық  қоғам  жағдайында 
жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу, яғни әр түрлі ойлау қабілетінің түрлерін, 
байланыс  жолдару  қабілеттілігін  дамыту,  күрделі  жағдайлардағы  шешім  нұсқаларын  ұсыну 
немесе  тиімді  шешімдерін  қабылдау  біліктілігін  қалыптастыру,  компьютерлік  графика  мен 

«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ»  IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
 
246
 
 
мультимедиа технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу, ақпаратты өңдеуді 
жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету. 
3.  Қоғамның  әлеуметтік  тапсырыстарын  орындау  жұмыстары,  яғни  қпаратты  сауатты 
меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтытушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету 
және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.  
Ақпараттық  жүйелермен,  мәліметтер  базасымен,  электрондық  кестелермен  және 
компьютерлік  құралдармен  жұмыс  істей  алатын  адам  өзін  әлемде  болып  жатқан 
құбылыстардың  бәріне  қатыстымын  деп  ұғынып,  өзіне  ақпарат  жетіспеушілігін  сезінбейді. 
Білім беру үрдімі мәні мен мағынасына қарай үздіксіз және тұрақты болуы тиіс. Білімді адам 
ақпараттық  кеңістікте  айналымдағы  миллондаған  ақпарат  ағымында  дұрыс  бағытты  таба 
білуі қажет. 
Оқыту  үрдісін  ақпараттандыру  –  білім  берудің  деңгейін  шешу  және  болашақ 
мамандардың шығармашылықпен ойлауын дамытуға қолайлы жағдай туғызатын оқыту түрі. 
Әрбір  оқыту  осы  заманғы  техникамен  істеуінде  қажетті  білік  пен  дағдыға  ие  болуы,  оны 
пайдалана білуі ақпараттық мәдениетке алып келеді.  Сондықтан мектептер оқушыларға кең 
көлемде ақпараттарды тез қабылдай алуға әрі оны тез өңдей білуге үйретеді және ақпараттық 
технологиялар  негізінде  іске  асыруға  бейімдеуді  алға  қоюлары  қажет.  Бұл  орайда  К.Д. 
Ушинскийдің:  «мұғылімдер  әр  кез  өздерінің  білімін  қоғамдағы  өзгерістерге,  жаңалықтарға 
сай ұштастырып отыруы қажет»,-деген пікірі қашан да маңызды. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық  мәдениетін  құру  –  қазіргі  білім  берудегі 
үлкен  міндеттің  бірі  және  ол  бастауыш  оқыту  жүйесіндегі  барлық  пәндермен  тікелей 
байланысты.  Келешекте  ақпараттық  мәдениет  адамның  кәсібіне  ғана  емес,  жалпы 
мәдениеттің  көрсеткіші  де  болып,  уақыт  өте  келе  қазіргі  қоғамдағы  әрбір  жеке  тұлғаның 
дамуының  маңызды  бір  факторына  айналады.  Техниканың  дамуы  педагогикалық  
технологияның  да  сапалары  мен  салаларының  ғылыми  дамып,  нәтиже  жетуіне  өз  үлесін 
қосады.  
Қазақстандағы  жалпы  білім  беретін  мектептерге  ақпараттандыруды  енгізуде  Ж.А. 
Қараев,  Ж.С.  Сардарова  еңбектерінің  рөлі  зор.  Сонымен  қатар  Е.Ы.  Бидайбеков,  С.Ә. 
Нақысбеков,  Қ.С.Әбдиев  және  т.б.  зерттеулері  де  оқу  үрдісін  ақпараттандыруға  арналған. 
Оқу  үрдісін  ұйымдастыру  құрылымына  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды 
кешенді  кіріктіру  мәселелерін  Б.Б.Бөрібаев,  Д.М.  Жүсіпәлиева,  А.М.Тәтенов,  Е.Г.Гаевская 
және т.б. ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған.  
Бүгінгі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  қазақстандық  білім  жүйесінің  алдында 
тұрған  міндеттердің  біріне  оқушылардың  ілгері  пәнаралық  білім  мен  әмбебап  тәжірибелік-
бағдарлық  іскерліктерді  меңгеру  жатады.  Бастауыш  мектеп  оқушыларында  әлемнің  жүйелі 
ақпараттық  суретін,  ақпараттық  технологиялар  алғашқы  пропедевтикалық  білімі  мен 
іскерліктерінің  негізін  қалыптастыру  –  бүгінгі  бастауыш  мектептің  негізгі  басты 
мақсаттарының  бірі  және  ол  кіріктірумен,  білімді  ақпараттандыру  үрдістерімен  тығыз 
байланысты  .  Оқушылардың  түрлі  пәндік  сабақтарда  алған  білімдері  шиеленіскен  өзара 
байланысқа  құрылып,  тұтас  бір  сурет  болып  жинақталуы  керек.  Әсіресе,  қоршаған  ортаға 
баланың бейімделуі мен бағдарлануы үшін қажет ақпараттық өзгерістер жылдамдығы бүгін 
өте  жоғары  болғандықтан,  бастауыш  мектеп  оқушыларында  олардың  білімдерінің  жан-
жақтылығын  қамтамасыз  ететін  оңтайлы  білімдер  кешені  мен  іс-әрекет  тәсілдерін 
қалыптастыру – кезек күттірмей мәселе болып отыр 
Бүгінгі  таңда  елімізде  жаңа  ақпараттық  технологиялар  мен  телекоммуникациялық 
құралдар  тек  ғылыми  зерттеулер  мен  әр  түрлі  әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси 
процестерді  басқаруда  ғана  емес,  білім  жүйесінде  де  кең  қолданыла  бастады.  Ақпараттық 
технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану  арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа 
формаларының 
ауқымы 
кеңейіп 
келеді. 
«Ақпараттық 
және 
коммуникациялық 
технологиялардың  қазіргі  оқыту  жүйесін  кеңінен  пайдаланылу  кезеңінде  білім  мекемелері 
негізінде  білікті  мамандардан,  аппараттық  құралдар  кешенінен,  құжаттар  айналымынан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет