Басылым Ақпараттық-танымдық 2014 жыл №5 (70) Тамыз-Қыркүйек



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,49 Mb.
#7071
1   2   3

А.А. Абишова,

информатика кафедрасының меңгерушісі.

Орта мектептің 7-8-ші сыныпта-

рында  оқып  жүргенде-ақ  болашақ 

мамандығың  мен  ересек  өмірің 

жайлы ойлай бастайсың. Қазір мен 

сарғайған  газет  қиындылары  ара-

сынан  түрлі  университеттердің 

фотосуреттерін  тауып  алып  қайран 

қалып  отырамын.  Балалық  шақта 

әр нәрсеге құмартқыш көңілім биік-

биік армандарға талпынатын. 

Облыстық олипиадалар болмаса 

үлкен қалаларға шыға бермейтінбіз. 

9-шы  cыныпта  оқып  жүргенде 

Семей  қаласында  оқушылардың 

республикалық олимпиадасы өтетін 



Жақсының жақсылығын айт...

Шәкірт лебізі

2014 жыл  №5 (70) Тамыз-Қыркүйек

Оқу Орнын  басқарған ректОрлар



СЕмЕнЯк ГрИГорИЙ 

вАСИЛЬЕвИЧ

1935 жылы басқарды



ЫнТЫҚбАЕв 

АХмЕТҒАЛИ

1937 ж.


САннИков АнДрЕЙ 

мИХАЙЛовИЧ

1938 - 1942 ж.ж.



кИм нИкоЛАЙ 

СЕрГЕЕвИЧ

 1942 -1945 ж.ж.

бАрЛЫбАЕв рАХЫм 

бАрЛЫбАЙҰЛЫ

1945 - 1951 ж.ж.



кУроЧкИн АЛЕкСАнДр 

АнТоновИЧ

1953 - 1971 ж.ж.



ДӘУкЕЕв кЕнЖЕбЕк 

ДӘУкЕЙҰЛЫ

1951 - 1953 ж.ж.



ЧЕрнов ЮрИЙ 

ГЕорГИЕвИЧ

1971 -1983 ж.ж.



кУЗнЕЦов ЕвГЕнИЙ 

АЛЕкСАнДровИЧ

1983 - 1985 ж.ж.



пАнИн мИХАИЛ 

СЕмЁновИЧ

1985 - 1997 ж.ж.



СЫДЫҚов ЕрЛАн 

бӘТТАШҰЛЫ

1997 - 2008 ж.ж.



бЕкТЕмЕСов     

мАҚТАҒАЛИ

ӘбДімӘЖИТҰЛЫ           

2012 - 2013 ж.ж.



ЕСкЕнДіров

 мЕЙір ҒАрИпоЛЛАҰЛЫ

 2008 - 2012 ж.ж.

алғашқы  Оқу  ғимараттары

Фото  шежіре      



2014 жыл  №5 (70) Тамыз-Қыркүйек

мұғалімдер институтының  бірінші түлектері

Үйірме жұмысын талқылау үстінде. 1960 жылдар

Абылқасымова р.м., Нест

ерова Г.м., 

Еспенбетов А.С.

қазақ тілі мен әдебиеті 

кафедрасының отырысы. 

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к. 

қ. Шаяхметұлы.

Филология факультетінің 

түлегі, айтыскер ақын 

Сара тоқтамысова

Студенттер шаңғы базасында 

СЫр шертеДі



Университет басшылары бастаған 

топ спорттық сайыста

Абайтанушы  ғалым 

қайым мұхамедханов

2014 жыл  №5 (70) Тамыз-Қыркүйек

Қандай қоғамды алсақ та,оның алға басуына ерекше 

әсер  ететін  білім  мен  ғылым  екені  баршамызға  аян, 

ақиқат. Ендеше сол білім мен ғылым саласында еңбек 

еткен қарапайым да адал, абзал жандар жайлы ойлар мен 

естеліктер  айту,  түптеп  келгенде,  өзіміздің  өмірімізді 

ой  елегінен  өткізу.  Өз  өмірімізді  таразыламайынша, 

болашақ  бағыттарымызды  байыпты  барлау  мүмкін 

емес.  

Халық  мұғалімі-жас  ұрпақтың  рухани  дүниесінің 



мүшесі,ол  өзінің  ең  қымбаттысы,  ең  құндысы 

саналатын  балаларға  өзінің  үмітін  артып,  болашағын 

сеніп  тапсыратын    қоғамның  сенімді  өкілі.  Осы 

қасиеттерді 

бойына 

сіңірген, 



педагогикалық 

шеберліктің    шыңырау  шегіне  жеткен,  ардақты  әке, 

Қазақстан  Республикасының белгілі ғалымы, ұлағатты 

ұстаз,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент– 

Есекеев Жұмағали Есекейұлы.

Жұмағали 

 

Есекеевтің 



бойындағы 

ұйымдастырушылық  және  болашақты  аңғарғыштық 

қабілеті, жоғары  кәсіби  маман иесі екендігі, еңбекқорлығы, табандылығы, ұжымды басқара білу 

өнері оның педагогикалық бейнесін асқақтатады.  1971-73 оқу жылдарында Крупская атындағы  

Семей  педагогикалық    институтының  тарих-педагогикалық  факультетінің  деканы  болған. 

Педагогикалық    еңбек  жолындағы  оның  сезімталдығы  мен  парасаттылығы,  турашылдығы 

мен шыншылдығы, кәсіби біліктілігі мен терең білімпаздығы, адами қасиеттерінің биіктігі өз 

шәкірттері мен әріптестері арасында  үлкен  беделге  ие  болғызды.

Өзінің  мол  педагогикалық,  сондай-ақ  оқыту  тәжірибесінің  нәтижесінде  қуатты  ғылыми-

білім  саласының  маЙталманы еДі

әдістемелік  педагогикалық  ілімдердің  берік  ірге  тасын  қалай  білді.  Халық 

даналығы  «Ер  басына  күн  туса,  етікпенен  су  кешер»-деп  жырлағандай, 

Жұмағали    Есекеев    халықтың  арқасына  ауыр  жүк  түскенде,  теріс  айналып 

кеткен  жоқ.  Қиыншылыққа  мойымай,  отқа  түскен  болаттай  шыңдала  түсті. 

Ауыртпалық деген асау теңізде ақыл-парасаттың арқасында кемедей кеше білді. 

Табандылығын таныта білген талапты азамат төзімділігінің арқасында қызметі 

өсті.  Сол  себепті  1970-71  оқу  жылында  институттың  дайындық  бөлімінің 

деканы қызметін атқарған.

Түрлі қызметтер атқара жүріп, 1967 жылы  кандидаттық  диссертациясын  

қорғаған. «Крупская атындағы Семей педагогикалық  институтының тарихы», 

«Қазақстандағы  алғашқы  педагогикалық  оқу  орыны»  тақырыптарында 

ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Қандай қызметте жүрсе де Жұмағали Есекейұлының бойында ұстаздықтың 

таразысы  басым  болды.  Осы  оқу  орнында  көп  жылдар  бойы  Крупская 

атындағы Семей педагогикалық  институтының педагогика және  психология 

кафедрасында  оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. Жұмағали 

Есекейұлы студенттерге «Педагогика», «Педагогика тарихы», «Педагогикалық 

шеберлік»  пәндерінен  дәріс  оқыған.  Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 

курстарында (ИУУ) дәрістер оқып, жас мамандарға кеңестер беріп отырды.

Мыңдаған  шәкірт  тәрбиелеп,  ғылымға  сүбелі  үлес  қосып  келе  жатқан 

қазақтың  осындай  шоқтығы  биік  азаматтарының  болуы  біз  үшін  үлкен 

мақтаныш,  зор  мәртебе.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік 

университетінде Жұмағали Есекейұлының есімі ерекше мақтанышпен аталады.

м.З. Жанбөбекова,

педагогика ғылымдарының докторы, 

педагогика кафедрасының меңгерушісі.

  Ұлағатты  ұстаз,  халықтың  аяулы 



қызы Қанипа омарғалиқызы бітібаева 

–  ұлттық  педагогикамыздың  туын 

кезінде  одаққа  көтеріп,  бүгіндерде 

«алты  алаштың»  төрінен  орын  алған 

қазақ педагогикасындағы біртуар тұлға. 

Өмірімен де, өрелі ой, өшпес еңбегімен 

де  өнеге  тұтар  ардақтыларымыздың 

бірі болып саналады.

Адам  өміріндегі  мерейлі  істердің 

басы  бүгінгімен  ғана  емес,  кешегісінен 

басталатыны  шындық.  Қанипа  апай 

педагогикаға  кездейсоқ  келген  жоқ. 

Ұстаздың 

өмір 

жолына 


арналған 

«Қазақтың  Қанипасы»  атты  кітапта  бұл 

тақырып  оның  бойына  ананың  сүтімен, 

әкенің батасымен сіңгені айтылады. 

Сөз  өнерін  шексіз  сүйетін,  шетінен 

өнерпаз  әулетте  дүниеге  келіп,  шешен 

тілді,  бала  жасынан  айтыскер  атанған 

әке  тәрбиесі,  қаймағы  бұзылмаған 

қазақы  орта  сөз  өнерін  сүюді  Қанипа 

Омарғалиқызының пешенесіне жазыпты.

«Методист-мұғалім»  атағын  арқалап 

өткен  Қанипа  апамыздың  даңқ  пен 

абыройға  кенелуіне  септігін  тигізген 

мұғалімдерін  мақтан  етсе,  қазіргі  таңда 

білім  беріп  жүрген  ұстаздар  қауымы 

әдіскерді  «Ұстаздықтың  хан-апасы» 

ретінде таниды. Бітібаеваның өр Алтайдай 

биік  көретін  ізбасарлары  «Қазақтың 

Қанипасы» деп жалқылайды.

Қанипа  Омарғалиқызының  шәкірті, 

«Қазақ  педагогикасының  көрнекті  өкілі» 

атты  кітаптың  авторы  Келгембаева 

Бақытжанның  пікіріне  сүйенсек,  Қанипа 

Бітібаеваның 

ұстаздықтың 

жолына 


түскеніне биыл тура қырық бес жыл толар 

еді. 


Қырық бес жыл... әдістеме ғылымында 

өзіндік  мектеп  қалыптастыру,  ұстаз 

тәрбиелеу,  ұлан-ғайыр  еңбек  жазу. 

Қайраткерлік. Аптал азаматқа лайық жүкті 

арқалап өтті. 

Осыдан  қырық  бес  жыл  бұрын 

алатаудай  асқақ  арман  жетегінде  мектеп 

табалдырығын  имене  аттаған  уыздай 

жас  мұғалима  КСРО  Мемлекеттік 

сыйлығының  иегері,  Республикаға  еңбегі 

сіңген мұғалім, «Құрмет» орденінің иегері, 

Қазақ  КСР,  КСРО  халық  ағарту  ісінің 

үздігі,  Бүкілодақтық  Крупская  медалі, 

Монғолия 

Халық 

Республикасының 



«Даңқты  ұстаз»  атағының  иегері.  АҚШ-

тың  Аризона  Штаты  Тусон  қаласының 

құрметті  азаматы,  төрт  жоғары  оқу 

орнының 


«құрметті 

профессоры». 

«Қазақтың  Қанипасы»,  «Ұстаздықтың 

хан  -  апасы»  атанған,  есімі  даңқ  пен 

марапаттауға оранған әйгілі жан еді.

Ұстаздықтың  «жайнаған  жалауын» 

асқақтатып, 

туған 


тілінің 

киесін 


кірлетпей,  таңғы  шықтай  мөлдір  де  ащы 

термен  жанкешті  еңбек  етіп  кеткен,  оны 

әріптестері  «Ұстаздықтың  патшайымы», 

«Дәуірдің  дара  ұстазы»  деп  мадақтайды. 

Оның  педагогикалық  еңбегін  былай 

қойғанда,  кімнің,  қай  «данышпанның» 

алдында  тұрса  да  тура  айтып  тастайтын 

батылдығы, 

наркескендей 

өткірлігі, 

әділдік үшін өзін де құрбан етіп жіберуге 

дайын өр де, асқақ мінезі ұстаздың еңбек 

абыройына  адами  абырой  қосып,  даңқ 

шыңына шығарды. 

Қанипа  Омарғалиқызының  ұстаздық 

қызметі 


жайлы 

атақты 


ғалымдар 

З.Ахметов,  Т.Кәкішев,  С.Қасқабасов, 

Р.Нұрғали,  Ө.Айтбай,  М.Мырзахметов, 

Ә.Дайырова,  Ф.Оразбаевалардан  асырып 

айта алмаспыз.

Қазақстан Республикасының Білім беру 

ісінің  үздігі  Қанипа  Омарғалиқызының 

ұстаздықтың  «соқтықпалы,  соқпақсыз 

жолына»  түсуіне  асқақ  Тарбағатай 

тауларының 

баурайында 

дүниеге 


келуі  мен  қазақ  зиялыларының  рухани 

орталығы 

Семей 

қаласындағы 



биыл  яғни  80-жылдық  мерейтойын 

атап  өткелі  отырған  Н.К.Крупская 

атындағы педагогикалық институтта 

1964-1968  жылдар  аралығында 

оқып,  Қ.Мұхамедханов  сынды 

ірі  абайтанушыдан  дәріс  алып, 

Ж.Шәкенов, 

А.Еспембетов, 

Қ.Шаяхметов 

сынды 


ұстаздар 

тағлымын  тыңдағандығы  да  әсер  еткен 

болар.

Қанипа  Омарғалиқызы  қазақ  әдебиетін 



оқытудың  инновациялық  технологиясын 

төл ізденістерімен дамытып, ежелгі дәуір 

әдебиетінен қазіргі қазақ әдебиетіне дейін 

оқыту әдістемесін жазып шыққан ғалым-

ұстаз. 

Оның 


ғалымдық, 

зерттеушілік 

қызметі 

қазақ 


әдебиетін 

оқыту, 


әдебиеттану  салалары  бойынша  орталық 

педагогикалық журналдарда жарияланған 

100-ге жуық мақаласы мен (әр мұғалімнің 

үстелінен  табылатын)  32  кітабынан 

көрінеді. 

«Әдебиетті 

оқыту 

әдістемесі 



мен 

технологиясы», 

«Әдебиетті 

тереңдетіп 

оқыту», 

«М.Әуезов 

шығармаларын  мектепте  оқыту»,  «Абай 

шығармашылығын  оқыту»  атты  т.б.  оқу 

құралдары – ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі 

мен өмір тәжірибесінің, қордалы ойы мен 

сұлу  сезімінің,  биік  талғамының  жемісі. 

Бүгінде  бұл  еңбектер  –  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  күнделікті 

пайдаланып,  рухани  қорек  алатын, 

әдебиет пәнін оқытудың басты кітаптары. 

Қанипа  апамыз  журналистерге  берген 

бір  сұхбатында:  «Балалардың  бағын 

ашқан,  балаларды  дұрыс  жолға  салған 

–  «Абай  жолы»,  –  депті.  Әдептілік, 

имандылық,  инабаттылық,  мейірімділік, 

қайырымдылық  секілді  құндылықтардың 

барлығы «Абай жолы» романында тұнып 

қазақ педагогикасының 

бәйтерегі

тұрғандығын  нұсқап,  қазақтың  бойында 

жүректің  жылуы,  махаббат,  ар-намыс, 

қайрат-жігер деген сезімдердің барлығын 

жіті  назарға  алып,  халқымыздың  осы 

асыл  қасиеттерін  бүгінгі  ұрпақ  бойына 

сіңіру мұғалімдердің басты талабы болуы 

керектігін түсіндірді.

Оған біз 2005 жылы «Білім» баспасынан 

С.Әбішқызы, 

К.Құдайбергенова, 

Б.Баймұхандардың 

құрастырған 

«Қазақтың  Қанипасы»  атты  еңбекті  оқу 

барысында  көз  жеткіздік.  Сол  кітапты 

парақтаған сайын  ұстаз туралы түсінігіміз 

тіптен биіктей түсті.

Өнегелі ұстазға арнап өткен 2013 жылды 

білім  ордаларының  ұйымдастыруымен 

жерлестері  «Қанипа  Бітібаева  жылы» 

деп атаған болатын. Жыл сайын дәстүрлі 

түрде  ұстаз  жүлдесіне  ұйымдастырылып 

тұратын  білім  сайыстарының  бары  да 

белгілі.  Нәзік  жанды  болғанменен  ер 

мінезділерге  татитын  қасиеттері    болған 

Қанипа  апамыздың  өмір  жолы  біз  үшін 

үлгі-өнеге.  

Иә,  шынымен  республика  мойындаған 

әдіскердің  жерлесіміз  екендігі  біз  үшін 

бақыт.  Қанипа  Омарғалиқызы  бұл 

дүниеден  озса  да  оның  еңбегі  біз  үшін 

өшпес  мұра.  Қолда  бар  мұраны  бағалап, 

қажетімізге жарата білейік.

  А.о. Тоқсамбаева,

филология ғылымдарының 

кандидаты, қазақ әдебиеті 

кафедрасының доценті.

Өнегелі ғұмыр

Ұлағат


2014 жыл  №5 (70) Тамыз-Қыркүйек

Студенты,  нацеленные 

на высокие спортивные до-

стижения, могут совмещать 

учебную 

деятельность 

только при наличии огром-

ного  желания  и  природной 

одаренности. Именно такой 

и является студентка 2 кур-

са кафедры теории и мето-

дики  физической  культуры 

и  начальной  военной  под-

готовки  Государственного 

университета  имени  Ша-

карима  г.  Семей  –  Галина 

Вишневская.

Как рассказала Вишнев-

ская  корреспонденту  ин-

тернет-портала  sk-sport.kz, 

в  биатлон  шесть  лет  назад 

её привела подруга, которая 

сама тогда только начинала 

тренироваться. 

Своей  первой  серьёз-

ной  победой  спортсменка 

считает  бронзу  в  индиви-

дуальной гонке юниорского 

чемпионата мира 2011 года в Чехии. «Тогда я стартовала 

под 42-м номером. После долгого томительного ожидания 

было трудно, но я постаралась всё сделать так, как меня 

учил тренер, – вспоминает Вишневская. – Набрала хоро-

шую скорость и неплохо отстрелялась на первых двух ру-

бежах, однако этого оказалось недостаточно. На третьей 

стрельбе закрыла все мишени, но на последнем огневом 

рубеже всё-таки промахнулась и пропустила вперёд нор-

вежку с россиянкой».

Галина  тренируется  под  руководством  заслуженного 

тренера Республики Казахстан Рафаиля Мирсалимова, ко-

торого ласково называет «дедушкой». Вместе с наставни-

ком они выбрали тактику сбалансированного 

развития  биатлонных  качеств  –  стрелковой 

подготовки  и  бега  на  лыжах.  «Галя  хорошо 

стреляет  и  при  этом  развивает  приличную 

скорость.  Всё  должно  быть  в  равновесии, 

иначе результата не будет, – считает Рафаиль 

Ильясович. – Нельзя также резко менять при-

вычную  технику  бега  или  стрельбы.  Наобо-

рот, нужно шлифовать ту технику, к которой 

спортсмен привык изначально».

Оценивая спортивные успехи Казахстана, 

молодая  биатлонистка  считает,  что  флаг  её 

родной страны узнаваем на всех континентах, 

в том числе и благодаря уверенным победам 

отечественных  спортсменов.  «Сегодня  по-

беды Казахстана у всех на устах. Чего стоит 

одно  лишь  триумфальное  выступление  на-

ших олимпийцев на Играх в Лондоне! – рас-

суждает Вишневская. – А вспомните, как здо-

рово была организована и проведена Зимняя 

Азиада-2011 в Астане и Алматы! Не сомнева-

юсь,  что  и  Зимняя  Универсиада-2017,  честь  проведения 

которой заслужила южная столица, запомнится всем!»

Вдали от дома Галина скучает не только по своим род-

ным и близким. «За границей не найдешь настоящие казы 

и бешбармак!» – улыбаясь, сетует она.

За  время  обучения  в  университете  студентка  успела 

достичь больших спортивных высот: 

• мастер спорта международного класса;

• серебряный призер в гонке преследования (Австрия, 

2013 г.);

• абсолютная чемпионка 3 зимней спартакиады пара-

дов Казахстана.

С октября 2013 г. Галина в составе сборной команды 

страны  участвовала  в  этапах  кубка  мира,  чемпионатах 

IBO  в  Германии,  Норвегии,  Австрии,  Франции.  В  от-

крытом чемпионате Норвегии Галя поднялась на третью 

ступень  пьедестала  почета,  опередив  многих  именитых 

спортсменов.

В  конце  2013  г.  Галина  принимала  участие  в  Регио-

нальном Кубке IBO и кубке РК по биатлону. Эти сорев-

нования проходили в Солдатском ущелье лыжных и биат-

лонных стадионов в Талгарском районе, где спортсменка 

выиграла все дистанции и завоевала два кубка.

Накануне  олимпиады  в  Сочи  (2014  г.)  прошли  оче-

редные  старты  этапов  Кубка  Мира,  далее  Галина  будет 

представлять наш университет, город, область и сборную 

команду  страны  в  официальных  соревнованиях  по  про-

грамме зимних олимпийских игр. 

Буквально  через  несколько  дней  после  завершения 

олимпиады Галина стартовала на чемпионате мира среди 

молодежи  и  юниоров  в  американском  Преск-Айле.  Два 

старта – две медали (серебро и золото), говорят о боль-

шом спортивном потенциале талантливой воспитанницы 

Семейского биатлона.

По  окончанию  завершившегося  на  американском 

континенте  мирового  форума  среди  молодежи  и  юнио-

ров  российский  сайт  Championat.com  составил  рейтинг 

дарований,  которым  предстоит  стать  звездой  Олимпи-

ады-2018  в  Пхёнчхане.  В  число  восьми  лучших  попала 

наша студентка Галина Вишневская.

б.н. прохоров,

зав. кафедра теории и методики физической 

культуры и начальной военной подготовки.

ЗВЕЗДА  СПОРТА

Ұлттық  құндылықтарымыздың  бірі  –  қазақтың 

балуандық  өнері.  Қазіргі  «Қазақ  күресі»  деген  ат-

пен  белгілі  күрес  түрі  елімізде  жастарды  тәрбиелеуде, 

спорттық  және  дене  шынықтыру  саласында  маңызды 

жұмыс атқарып келеді.

Бүгінгі  күні  Шығыс  Қазақстан  облысында  қазақ 

күресінің  дамуы  жоғары  деңгейде  деп  айтуға  бола-

ды.  Себебі,  бүгінгі  таңда  өңірде  қазақ  күресінен  14 

халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  7  ҚР  еңбек 

сіңірген жаттықтырушы, 150 ден астам спорт шеберлері, 

2 халықаралық дәрежедегі, 2 жоғары ұлттық дәрежедегі 

және 3 ұлттық дәрежедегі төрешілер бар. 

Бірнеше спортшыларымыз қазақ күресінен ҚР ұлттық 

құрама командасының белді мүшелері, олар: Қ.Искаков, 

А.Сейпілұлы,  Қ.Мұратов,  М.Тұрсынов,  Ш.Жоламанов, 

А.Нұғымаров.

Бүгінгі  таңда  ұлттық  күресімізді  насихаттау  мақсатында,  Қазақстан  Республи-

касы  Тәуелсіздігінің  20  жылдық  мерейтойына  арналып  қазақ  күресінен  Қазақстан 

Республикасының  Президенті,  Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

жүлдесі үшін алғаш рет "Қазақстан барысы" жарысы ұйымдастырылып өткізілді. 

Осы додалы жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан мықты 

деген 64 балуан белдесіп, күш сынасты. Шығыс Қазақстан облысы атынан Қ.Салықбаев, 

Ш.Жоламанов, А.Нұғымаров, М.Тұрсынов сынды балуандарымыз белдесіп додаға түсті. 

Жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстандық Шалқар Жоламанов "Қазақстан 

барысы" жарысының қола жүлдегері атанды. 

Ал екінші рет өткізілген "Қазақстан барысы" додасына 34 балуан қатысып жерлестеріміз 

Ш.Жоламанов күміс белбеуді иеленсе, А.Нұғымаров қола жүлдеге қол жеткізді.

Үшінші  рет  өткізілген  жарыста  Семейлік  балуанымыз  А.Нұғымаров  2013 

жылдың  «Қазақстан  барысы»  атанды.  Бұл  палуандарды  жоғары  деңгейге  жеткізу 

жаттықтырушылардың үлкен қажырлы еңбектерінің арқасында ғана келеді. Осы Шығыс 

Қазақстан  өңірі,  атап  айтсақ  Семей  қаласында  қазақ  күресіне  үлкен  еңбек  сіңіріп 

жүрген  жаттықтырушылар  Қазақ  КСР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы,  ҚР  құрметті 

спорт қайраткері, халықаралық дәрежедегі төреші Серік Қоржыкенов, ҚР еңбек сіңірген 

жаттықтырушы, ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Шыңғысбек Тұрсынов 

және  ҚР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы,  ҚР  спорт  шебері,  ұлттық  дәрежедегі  төреші 

Қайрат Шармұхаметовты атап өтуге болады.

Нұғымаров Айбек Серікболұлы  1987 жылы 3 маусымда Семей облысы, Абай ауда-

ны, Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт 

шебері. 


Айбек 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану 

ғылымдар факультетінің дене шынықтыру және спорт мамандығына оқуға түсіп, оны 2009 

жылы  аяқтады.  Институт  қабырғасына 

түскен сәттен бастап қазақ күресімен айна-

лыса бастады. Күресті енді бастаған кездегі 

Айбектің салмағы небәрі 74 кг болатын. 

Қажырлы  еңбегінің  арқасында  әуелі 

Қазақстан  Республикасының  чемпиона-

тын,  одан  соң  Азия,  Әлем  чемпионатта-

рын  бағындырады.  Ұлт  Көшбасшысы 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 


Назарбаевтың 

жүлдесі  үшін  "Қазақстан  барысы"  жары-

сы  турнирінде  2012  жылы  қола  жүлдегер 

атанса,  2013  жылы  аталған  жарыстың 

жеңімпазы атанды. 

2013 жылы Қазақстан Республикасының 

ең үздік спортшысы атанды.

Биыл  төртінші  рет  ұйымдастырылып  өткізілген  Қазақстан  Республикасының 

Президенті    жүлдесіне  арналған  "Қазақстан  барысы"  республикалық  додасында 

жерлес балуандарымыз тағыда намысты қолдан берген жоқ. Оған дәлел жеңімпазға 

берілетін алтын белбеу және алтын тай тұяқ  Шығыс өңірде қалды. Бұл жолғы алып-

тар  айқасында  Тұрсынов  Мұхит  Шыңғысбекұлы  аталған  жарыстың  жеңімпазы 

атанды.  Мұхит  бауырымыз  осы  жарыста  "Қазақстан  барысы"-2012  және  "Евразия 

барысының"-жеңімпазы жамбылдық Бейбіт Ыстыбаевты тізе бүктіріп, былтыр өткен 

есесін қайтарды.

Тұрсынов Мұхит Шыңғысбекұлы Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт 

шебері.    2014  жылғы  "Қазақстан  барысы"  турнирінің  жеңімпазы.  Қазақ  күресінен 

Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі. 

Дзю-до және самбо күрестерінен спорт шебері.

Мұхит  2006  жылы  Семей  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  жараты-

лыстану  ғылымдар  факультетінің  бастапқы  әскери  дайындық  мамандығына  оқуға 

түсіп, оны 2010 жылы аяқтады. Жастайынан дзю-до күресімен айналысып, кейіннен 

ұлттық күресімізге бет бұрды. Жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында Қазақстан 

Республикасы  чемпионатының  және  Спартакиадасының,  Кубогінің  жеңімпазы. 

Кейіннен Әлем, Азия Кубогінің шыңдарын бағындырды. Мұхиттің жаттықтырушысы 

өзінің  әкесі  –  Қазақстан  Республикасына  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы,  Қазақстан 

Республикасының  Құрметті  спорт  қайраткері,  халықаралық  дәрежедегі  төреші, 

дзю-до, самбо, қазақ күресінен спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше 

дүркін  жеңімпазы  және  түйе  палуаны,  біздің  университетіміздің  денешынықтыру 

кафедрасының аға оқытушысы Тұрсынов Шыңғысбек Бейсенұлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет