№ 2 басылым, 2014 жыл
Өзін-өзі басқару ұйымы
Осы санда:
Қалалық
“Айгөлек” байқауындағы
жеңісіміз.
«Адам ата анадан
туғанда есті болмайды:
естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі
жақсы – жаманды
таниды – дағы, сондайдан
білгені, көргені көп болған
адам білімді болады»
дейді.
Абай
Бүгінгі санда оқитындарыңыз:
Русаковшылар қатарына
қабылдау
«Тәуелсіздік таңы - бақыт таңы»
Сәкен Сейфуллиннің 120
жылдық мерейтойы
“Жас ақындар” сайысының
жеңімпазы
Өнердің жүзіп өріне
Қош бол, сүйікті әліппем!
Кіші ғылым академиясы
ұйымдастырған байқаулардың
нәтижесі
“Жас Ұлан” әскери-спорттық
жарыстың жеңімпаздары
«Жас Ұлан» , “Жас Қыран”
ұйымына қабылдау
«Жарқырасын, Жаңа жылдың
шамдары!»
Даналық әлемінде
Ең, ең, ең ...
2
21.11.2014 жылы Жалпы білім беретін М.П.Русаков атындағы №2
мектеп-интернатында «Жас Русаковшылар» қатарына қабылдау
күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынның мақсаты:
Оқушыларға М.П.Русаковтың өмірі, шығармалары, жетістіктері
жайлы толық мағлұмат бере отырып, оларды ұлтжандылықққа
тәрбиелеп, Отанға, елге деген сүйіспеншілігін ояту.
Жиынға мектебіміздің барлық оқушылары қатысты. Жиын
Қ.Р.Әнұранымен ашылды. 9-сынып оқушысы Тиыштықбай Ернар
М.П.Русаковтың өмірі, шығармашылығы жайлы оқушыларға айтып
өтті. Мектебіміздің жас дарынды әншілері Даринбеков Мейіржан
және Рамазанов Фархат «Қазақ жастары» әнін орындады. Мектеп
табалдырығын жаңа аттап отырған жас бүлдіршіндеріміз ант
қабылдады.
Русаковшылар қатарына қабылдану анты
Мен, №2мектеп-интернатының оқушысы -------------------------------
Русаковшылар қатарына қабылдана отырып, жақсы оқуға, үлгілі
болуға, шыншыл болуға ант етемін.( 3 рет). Осы кезде 5 сыныптың 10
оқушысы олардың мойынына «Жас русаковшылар» белгісін тақты.
Русаковшылар қатарына қабылдау!
3
Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай № 2
мектеп-интернатында 12 желтоқсан күні
мерекелік концерт ұйымдастырлды.
Концертке тәрбиеленушілердің ата-
аналары шақырылды.Концертті ұлдар
хоры бастады, "Наз" дуэті "Тек, алға!"
әнін орындады, мектебіміздің вокалдық
тобы Ақылбек Жеменей репертуарынан
"Қазақ жігіттері" әнін орындады.
Бірінші сынып оқушысы Ерменбетов Р.
"Қазақстан-отаным" әнін орындаса,
төртінші сынып оқушысы Заманхан А.
"Заман-ай" әнін хормен бірге орындап
шықты. Концерттік бағдарламада
мектебіміздің мың бұралған бишілері
өздерінің "Қазақ биі", "Өзбек халқының
биі" атты билерін ұсынды. Мектептің
ұлттық аспаптар оркестрі
"Бақтыбайдың әуені" күйін жоғары
дәрежеде орындап шықты. Мерекелік
концерт «Тәуелсізбін, азатпын,
егеменмін!» композициясымен
аяқталды. Мектеп директоры
Рахимберлина З.Н. өзінің құттықтау
сөзін жолдап, денсаулық тілеп, келе
жатқан айтулы мерекемен құттықтады.
Директордың тәрбие ісінің орынбасары
Сүлейменова М.Н. музыкалық және би
жетекшілері мен концертке атсалысқан
оқушыларға алғыстарын білдірді. Ата-
аналар да педагогикалық ұжымға
алғыстарын білдіріп жатты.
1991 жылы КСРО ыдырап,
Одақтың құрамындағы елдер
өз алдарына жеке мемлекет
болып жатты. Солардың
қатарында Қазақстан да
болды. 1991 жылы 16-
желтоқсанда Қазақстанның
Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік
пен мемлекеттің егемендігі
туралы” заңды қабылдады.
Ескеретіні, Қазақстан КСРО
құрамындағы елдердің
арасында ең соңғысы болып
Тәуелсіздігі туралы заңды
қабылдады. Бұл заң 1990
жылы 25-қазанда
қабылданған Қазақстанның
Егемендігі туралы
Декларациямен бірге Қазақ
елінің елдігін нығайта түсті.
Тәуелсіздік таңы – бақыт таңы
4
Сәкен Сейфуллиннің 120
жылдық мерейтойы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі
күніне орай ұйымдастырылған Сәкен
Сейфуллиннің 120
жылдық мерейтойына арналған «Сәкен
оқулары» атты қалалық байқауына белсене
қатысқаны үшін 9 А сынып оқушысы
Тиыштықбай Ернар алғыс хатпен
марапатталды.
5
№2 мектеп интернатының 9 сынып
оқушысы Аскаров Дидар
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті күніне
орай ұйымдастырылғын
«Менің Тұңғыш
Президентім»
атты жас ақындар қалалық
байқауына қатысып,
ІІ орынды
иеленген
Қордабаев Ерсұлтан
МАРАПАТТАЛДЫ
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
“
Жас ақындар”
сайысының
жеңімпазы
6
№2 мектеп интернатының 8а сынып
оқушысы Орал Жанерке
«Елбасы жыр әлемінде» атты
шығармашылық байқауы
27 қараша күні мектеп кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып алдын ала
берілген үй тапсырмасы «Елбасы жыр әлемінде» атты шығарма,
ой толғаудың қорытындысы шығарылды. Қорытынды сөзді
қазылар алқасының мүшесі Фарида Мұхаметжанова алып, үміткер
оқушыларға «Ақ жол» тіледі. Өз шығармаларын, ой-толғауларын
ұсынған оқушылар аталып өтіп, марапаттарға ие болды. І орынға
ұсынылған Сайранов Нұрсұлтанның (6 «Ә»)«Менің Елбасым»
атты ой-толғауы оқылып, оқырмандар қол соғып, құрмет көрсетті.
Шығармадан І орынға ие болған Сүйіндік Бекарыс (5 «Ә»).
Шығармалары, ой толғаулары еленген оқушылар: Мергенбаев
Ануар, Орал Жанерке, Татыбаев Эльдар, Шайқылыс Айдынкүл,
Теңізбаев Дамир, Акишева Ақниет, Жүнісова Айтолқын - ІІ,ІІІ
орын және номинациялармен марапатталды. Шара оқушыларға
«Қаламдарың ұштала берсін!» - деген тілекпен аяқталды.
7
Менің тұңғыш
Президентім
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ХХ-ғасырдың соныңда тәуелсіздік алған
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Н.Ә.Назарбаев 1940
жылы Алматы облысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған
ауылында өмірге келген.Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі
жандар
болған.Нұрсұлтан
Әбішұлының
мамандығы-металлург.
Жалынды жастық шағын Теміртау мен Қарағандының домна
пештерінде болат балқытуға, Днепродзержинскийдегі құрыш білек
әріптестерімен тәжірибе алмасуға және ортасының жас лидері ретінде
небір жалынды істердің ұйтқысы болуға арнады. спортпен шұғылданды.
Бүгінде Елбасы десек Астана,Астана десек Елбасы ойымызға оралады.
Елбасының бастамасымен астанамыз болып 1998 жылы Астана қаласы
бекітілді. Қаланың бүгінгідей көрсе көз тоймайтын сұлу келбеті, әлемді
сүйсіндірді.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында қол жеткізген
жетістігіміз.
Астана-қазағымның бас қаласы,
Арқада бой көтерген жас қаласы.
Көшірген Астананы орталыққа
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.
Менің Президентім-тәуелсіз қазақ елін тарих сахнасына шығарып,
дүниежүзіне таныстырған да, табыстырған да тұлға.
Менің Президентім-тәуелсізт Қазақ елінің абырой-беделін
асқақтатып, әлемге әйгілеген саңлақ саясаткер.
Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің тілі басқа, тілегі
бір тұрғындарын бір тудың астына топтастырған, бірлік пен
татулықтың тірегі.
Менің Президентім-тәуелсіз Қазақ елінің ғалымы мен техникасын,
білімі мен мәдениетін, өнері мен спортын шырқау биікке көтерген ұлт
қайраткері.
8
Менің Президентім-ұлттық тіліміз бен дәстүрлі дініміздің берік
қорғаны.Ғасырлар тоғысуында ел басқырып, момын да қарапайым елін
дүниежүзіне танытқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Ғасыр адамы"
деп айтуға тұрарлық.Ол кісінің өмірі-мына сіздер, жастар үшін үлкен
өнеге.
Өз ойымды қорыта келе айтарым:
Жасасын, мәңгі Қазақстан !
Жасасын, мәңгі Елбасы!
Қазағымның көк туы,
Көк аспанда самғасын!
Мен осы ұлан байтақ қазақ жерінде туғаныма қуанамын.Мен осы қазақ
елімді, байтақ жеріммен, әсем қалам Астанаммен мақтанамын. Менде
өскенде Нұрсұлтан атам сияқты Президент болғым келеді.Мен Президент
болсам елімді, жерімді қорғайтын, халқымның қамын ойлайтын кемеңгер
көшбасшы болар едім.
9
Сүйіндік Бекарыс
5 «Ә» сынып оқушысы
2014 жылы 26 желтоқсан күні С.Сейфуллин мектеп-
гимназиясында қалалық "Айгөлек" ән мен би байқауы
өтті. М. П. Русаков атындағы № 2 мектеп-
интернатының "Жігер" вокал тобы өнер көрсетіп,
жүлделі 3-ші орынға ие болды, жетекшісі Каукербекова
А.Н. "Мың бұралған бишілер" номинациясы бойынша
мектебіміздің "Жұлдыз" би тобы бас жүлдеге ие болды,
жетекшісі Казиева А. Мектебіміздің жас әншілері
Заманхан А. мен Алтынбекова А. белсенді
қатысқандары үшін дипломдарымен марапатталды,
жетекшісі Нұрбекова Ғ.С.
10
11
Аталған шараға 1 «а» сынып
оқушылары тыңғылықты
дайындалып, ата-аналар мен
мұғалімдер ұжымына шын
мәнінде мереке ұйымдастырды.
Ертенгілікке әдемі
киінген 1
А
сыныбы музыка
сүйемелдеуімен кіріп келді.
Мерекеге мектеп ұстаздары мен
ата-аналар, әжелері қатысты.
Сынып жетекшілері Иманбеков
Қ.А. және Төлегенова
А.Б. оқушыларымен
дайындаған мерекесін өз
тілектерімен бастады.
1
А
сыныбы бойынша өздерінің
жаттаған тақпақтарын, әндерін
шырқап, әліппе мен ана тілі
кейіпкерлерінің тапсырмаларын
орындап, көріністерін көрсетіп,
Ертегілер әндерін тамаша
орындап, өз өнерлерімен, тәтті
сыңғырлаған үндерімен
көрермендерді өздеріне баурап
алды. Соңында мұғалімі
дайындаған дипломдары
берілді. Ертеңгілік соңында
мектеп директорының
орынбасары Жамшыбаева П.С.
сөз сөйледі, ата-аналар
ұстаздарына алғыстарын
білдірді.
Бастауыш сынып мұғалімі: Иманбекова
Қ.А.
Кіші ғылым академиясы ұйымдастырған
байқаулардың нәтижесі
10 – 21 қараша аралығында -
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына
арналған облыстық Шағын ғылым
академиясының ұйымдастыруымен
өткізілген 15-ші ашық байқауға
Балқаш қаласынан №2 мектеп-
интернат оқушылары да қатысты.
Оның ішінде тақырыптық байқаулар:
• «Соғысты ұмытпайтын себебім»
атты компьютерлік презентация мен
видеороликтер байқауында үздік
жұмыс үшін «Мадақтамаға» ие
болған оқушылар: Ануарова Перизат
пен Асқаров Дидар, жетекшісі Жанат
Айдос, Мажит Бауыржан және
Иманғазы Мұхтар,
жетекшісі Нокербекова Қорлан.
• осы байқауда белсенділіктері
үшін «Алғыс хат» алған оқушылар:
Шұғай Бексұлтан, Бақдәулет Дархан,
Құрманбекова Маржан, жетекшілері
Анитова Светлана.
.
12
• Ал техникалық
шығармашылық байқауынан
үздік жұмысы үшін Жолдыбек
Ұлан «Мадақтамаға» ие
болды, жетекшісі Иманбаев
Рашид.
• «Бейбітшілік нұрын сеп,
Адамзат!» атты компьютерлік
графика мен фотоколлаж
байқауында «Алғыс хат»
алғандар: Пескова Александра,
жетекшісі Александрова
Наталья, Какеше Ақерке,
жетекшісі Жексембаева Перизат.
Байқауға қатысып марапатқа
ие болған оқушыларды мектеп
басшылығыда салтанатты
жиында Мадақтама мен Алғыс
хатпен атап өтті,
оқушыларға жетекшілік еткен
ұстаздарды және
мектеп кітапханашысын марап
аттады.
№2 мектеп
интернатының 9 сынып
оқушысы Құрманбекова
Маржан
“Жас Ұлан” әскери-спорттық
жарыстың жеңімпаздары
13
Қарашаның 23-күні Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №2
мектеп-интернатында “Жас Ұлан” әскери-спорттық
жарыстары өтті. Жарыс екі интернаттың арасында
ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, олардың
саулықтарын шынықтыру.
Жарысты Ауғанстан ардагерлері ОО “Боевое Братство”
ұйымдастырды.
Төрайымы: Мухамедиев Бауыржан.
Жарыс 2 турдан өтті.
Бірінші турда болашақ “Жас қорғаушылардың” шынығу
дайындығын анықтау ойындары болды.
№2 мектеп-интернатының оқушылары мына номинацияларға
ие болды.
“Ең үздік медбикелер”
“Ең күшті снайпер”
“Арқанды тарту”
“Секіру”
№ 2 мектеп-интернатының “Жас ұлан” тобы 1 орынға ие
болды.
№3 мектеп-интернатының оқушылары 2-орынға ие болды.
Номинациялар:
-“дене жерден көтеру”
-“Дабыл қаққыш”
14
Өзін-өзі басқару ұйымының спорт
министрі : Нұртаев Мадияр
12 желтоқсан күні М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-
интернатында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік таңы
атты» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Мектеп директоры Рахимберлина Замзагүл
Нарымбекқызы өзінің құттықтау сөзін сөйледі.
Мектебіміздің «Балалар маслихаты» депутаты Жолдыбек
Ұлан оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Наз» тобы «Тек, Алға» әнін шырқады. Директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүлейменова Мейрамкүл
Нұрбекқызы құттықтау сөзін сөйлеп, оқушылар мен
ұстаздарды мадақтады. «Жас Ұлан» , «Жас Қыран»
балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңадан
оқушылар ант беріп қабылданды. Оқушыларға төс
белгілермен, галустуктар тағылды. Салтанатты жиын
«Жас Ұлан» Әнұранымен аяқталды.
15
16
17
Жарқырасын, Жаңа
Жылдың шамдары!
18
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып
мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі
қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе
жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт
күтеміз.
Жаңа жыл қарсаңында 27 желтоқсан күні № 2
мектеп-интернатында әсем шыршаның
айналасында мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Таңертенгі уақытта бастауыш сыныптарының
оқушыларын арналған "Ертегілер елінде" атты
ертеңгіліктер, ал 5-6, 7-11 сыныптарының
оқушыларына бал-маскарад өткізілді. Мерекеде
барлық сынып оқушылар, ата-аналары,
мұғалімдер, мектеп әкімшілігі және қалалық
білім бөлімінің уәкілі қатысты.
Әсем шыршаны айнала ән салған балалардың
қуаныштарында шек болмады. Олар Аяз ата
мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетуден
жалықпады. Түрлі ойындар ойнап, би билеп -
ән салған балалар ұйымдастырушылар
тарапынан жаңа жылдық сыйлықтарға ие
болды. Балалар ескі жыл жылқыға еш
өкпелерінің жоқ екендіктерін айтып, шығарып
салды. Сөйтіп ортаға жаңа-жыл «Қой» жылы
енді.
Жаңа жылды аса көтеріңкі көңіл күйде қарсы
алған балалардың жүздерінен қуанғандары
көрініп ақ тұрды.
19
Даналық әлемінде
Қаз дауысты Қазыбек би
(1667-1764жж)
Қаз дауысты Қазыбек би,
Қазыбек Келдібекұлы –
қазақ халқының XVII –
XVIII-ғасырлардағы ұлы
үш биінің бірі, көрнекті
қоғам және мемлекет
қайраткері. Орта жүз арғын
тайпасының қаракесек
руына кіретін болатқожа
атасынан шыққан ол 1667
жылы Сыр бойында дүниеге
келген. Арғы аталары
Шаншар абыз, Бұлбұл, өз
әкесі Келдібек — есімдері
елге белгілі әділ билер
болған.
Қаз дауысты Қазыбектің
оқыған жерлері, алған білімі
туралы нақты дерек жоқ.
Дегенмен, ел аузындағы
әңгіме, аңыздар мен биден
жеткен шешендік сөздер
оның өз заманында білімді
де жетелі, халықтың ауыз
әдебиеті мен салт-дәстүр,
рәміздерін, ата жолы
заңдарын мейлінше мол
меңгерген, озық ойлы, әділ
де көреген, батыл да батыр
адам болғандығын айқын
аңғартады. Әділдігі мен
алғырлығы үшін Тәуке хан
Қазыбекті Орта жүздің Бас
биі еткен. Би Әз Тәукенің
тұсында хан кеңесінің белді
мүшелерінің бірі болса,
Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай
ел билеген кезеңдерде де
мемлекет басқару ісіне жиі
араласып, ішкі-сыртқы
саясатта ақыл-кеңестер
беріп отырған.
20
21
Би 18-ғасырдың 40-
жылдарының басында Сыр
бойынан Арқаға қарай
көшіп, Ұлытау, Қарқаралы
өңірін қоныс қылып,
Семізбұғы тауының
беткейлерін жайлаған.
Қазыбектен: Бекболат,
Қазымбет, Базаргелді,
Барқы, Сырымбет есімді бес
ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір
қыз туған. Қазыбек
ұрпақтары ата-баба жолын
қуып, сөз ұстаған парасатты
әділ қазылар атанған.
Баласы Бекболат, одан
кейінгі Тіленші,
Алшынбайлар да дүйім
жұртты аузына қаратқан
әділ де тура билер болған.
Белгілі әнші-композитор
Мәди Бәпиұлы да Қазыбек
бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы
Семізбұғы тауының
етегіндегі Теректі
қыстағында 97 жасында
дүниеден өткен. Денесін
баласы Бекболат
Түркістандағы Қожа Ахмет
Иасауи кесенесіне апарып
жерлеп, басына құлпытас
орнатқан. Қазыбек бидің
қайраткерлік қызметі мен
шешендік өнері туралы
Алексей Левшин, Шоқан
Уәлиханов, Шаһабуддин
Маржани, Балтабай
Адамбаев, Нысанбек
Төреқұлов, т.б. зерттеулері
сақталған. Жазушы Софы
Сматаевтың “Елім-ай”
романында кемеңгер бидің
келісімді тұлғасы жасалған.
Қарағанды облысында бір
ауданға, Алматы, Шымкент
қалаларында көшелерге би
есімі берілген, ел ордасы –
Астанада ескерткіш
орнатылған. Қазыбек бидің
әдеби мұрасы әр жылдарда
баспадан жарық көрген
шешендік сөздер
жинақтарына енгізілген.
Ең
,
ең
,
ең…
Дүние жүзіндегі ең терең
шұңғыма
(Сібір - көлемі 1,2 км)
Дүние
жүзіндегі
ең
үлкен
қорған
(Қытай-көлемі 3035м, тереңдігі 175м)
Дүние жүзіндегі “Ең, ең, ең
” деген сипаттарға назар
аудардыңыздар ма? Әрдайым
өзінің бой-пішіндерін көруге
дағдыланған адамның,
жануардың, түрлі заттар мен
жағдайлардың бізге
“Осыншалықты болуы мүмкін
емес”дейтіндей ерекше болып
көрінуі бізді таңғалдырмай
қоймасы анық. Әрі
таңғалдыратын, әрі жалпы
мәдениетті игертетін дүние
жүзіндегі «Ең, ең, ең» деген
сипаттарға мыналар жатады:
Дүние
жүзінің
ең
үлкен
шөл
(Сахара шөлі-Орталық –
Солтүстік Африка)
22
23
Дүние жүзіндегі ең ыстық
жер
(Әл-Әзиза-Ливия-57,7с°)
Дүние жүзіндегі халықтың
ең көп шоғырланған өлкесі
(Қытай-1237 000 000 адам)
Дүние жүзіндегі ең үлкен
мемлекет
(Ресей-10 610 083км²)
Мекен-жайымыз: 100300, Қарағанды облысы, Балқаш
қаласы, Сатпаев көшесі, 5 үй
Электронды пошта:
internat_2@mail.ru
Web-
сайт
:
http://balkhash.goo.kz/content/view/32/747
«Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы
жалпы білім беретін № 2 санаторлық
мектеп-интернаты» КММ
Редакциялық алқа: «Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымы:
мектеп президенті: Әлімбаева А.
ақпарат министрі: Ануарова П.
білім министрі: Құрманбекова М.
спорт министрі :Нұртаев М.
мәдениет министрі :Орал Ж.
денсаулық министрі :Берікбай А.
Достарыңызбен бөлісу: |