А.Қ. ҚҰСАЙЫН
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы, Алматы облысы,
Алакөл ауданы, Үшарал қ., Қазақстан
АЛАКӨЛ-САСЫҚКӨЛ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАЛҚАШ АЛАБҰҒАСЫНЫҢ
(Perca schrenki Kessler, 1874) ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мақалада Балқаш алабұғасының сипаты және биологиясы туралы мәліметтер
берілген. Сонымен қатар оның жыныстық арақатынасы және жастық құрылымы жайлы
көрсеткіштер көрсетілген.
Түйін сөздер: ихтиофауна, атыраулық көлдер, эндемик, экологиялық форма, по-
пуляция, жерсіндіру, гидрометеорологиялық жағдай.
А.Қ. ҚҰСАЙЫН. 4 (72) 2016. Б. 75-82
ISSN 1683-1667
76
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ БАЛХАШСКОГО ОКУНЯ (Perca schrenki
Kessler, 1874) В АЛАКОЛЬ-САСЫККОЛЬСКОЙ СИСТЕМЕ ОЗЕР
В данной статье представлены описание и биология Балхашского окуня. Так же
приведены данные о половозрастной структуре и соотношении полов.
Ключевые слова: ихтиофауна, дельтовые водоемы, эндемик, экологическая
форма, популяция, интродукция, гидрометеорологические условия.
THE ECOLOGICAL HIGHLIGHT OF THE BALKHASH PERCH (Perca schrenki
Kessler, 1874) ON THE LAKE SYSTEM OF ALAKOL-SASIKKOL
The article provide information about Balkhash perch description and biology of the
nature. Also information of their age structure and ratio of gender.
Keywords: fish fauna, deltaic water bodies, endemic, ecological form, population,
introduction, hydrometeorological conditions.
Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінің ихтиофаунасын зерттеу тарихы
165 жылды қамтиды, дегенмен толығырақ зерттеулер соңғы 50 жылдықта
жүргізілген болатын. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ашылғаннан
бастап ихтиологиялық зерттеу жұмыстары ҚазҒБШИ қызметкерлерімен ұзақ
кезеңнен бері жүргізіліп келеді (Данько Е.К., Скакун В.А., Соколовский В.Р.,
Аветисян Р.М.). Қорық аумағындағы ихтиофауна жағдайын бақылау Алакөл
мемлекеттік табиғи қорығының қызығушылығының басты өзекті мәселесі
болып табылады. Жерсіндіру жұмысы жүргізілмей тұрып Алакөл-Сасықкөл
көлдерінде жергілікті ихтиофаунаның 3 қауымдастығына жататын 9 түрі белгілі
болған. Қазіргі ихтиофауна бойынша Алакөл бассейнінде балықтардың 22 түрі
және 6 қауымдастығы анықталды. Соның ішінде кәсіптік маңызы бар Percidae
тұқымдасына жататын жыртқыш балықтың бірі ол – Балқаш алабұғасы (Perca
schrenki Kessler, 1874).
Балқаш алабұғасын алғаш рет ғылыми тұрғыда 1874 жылы К.Ф. Кесслер
сипаттап жазған болатын. Кейіннен морфологиясы жағынан толығырақ
мәліметтер Б.Ф. Жадиннің (1948, 1949), Н.Г. Некрашевичтің (1948) және А.И.
Горюнованың (1950) жұмыстарында жазылды. Алакөл көлдерінде мекендейтін
балқаш алабұғасын Н.Г. Некрашевич морфологиялық келбетінің сараптамасы
бойынша бір ерекше формасын атап – Жоңғар алабұғасы (Per. sch. var. smirnovi
nov.) деп, Балқашта Per. sch. schrenki және Іле өзеніндегі Per. schr. var. jevtychovi
nov. мекендейтін түрлерінен бөлек бөлді. Ол жоңғар алабұғасының биологиялық
нәсілін сипаттап, оның шектеулі өсуімен бейнелеп ол түрді Per. schr. var. Smirnovi
m. Pygmea nov. деп атады. Бірақ Л.С. Берг Н.Г. Некрашевичтің ұсынысын
қабылдамай, оны синоним ретінде Per. sch. var. smirnovi деп атады.
Ерте кездерде балқаш алабұғасы Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Балқаш
көлдерінде және Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Тоқырауын, Үржар өзендерінде
кеңінен таралған болатын (Домбрачев 1960; Никольский, Евтюхов, 1940; Берг,
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
77
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
А.Қ. ҚҰСАЙЫН. 4 (72) 2016. Б. 75-82
ISSN 1683-1667
1949; Горюнова, 1950; Максунов, 1953; Серов, 1961; Некрашевич, 1965 а, б;
Стрельников, 1974). Қазір тек Балқаш, Алакөл, Іле өзені мен оның атыраулық
көлдерінде ғана кездеседі. Көбінесе тоспа, ағысы жай және шөп басқан су
қоймаларында әдеттегідей, эвтрофты және дистрофты жерлерді ұнатады.
Теңіз деңгейінен 600 м биіктікке дейін көтеріледі. Қазіргі уақытта балқаш
алабұғасының саны күрт төмендеп, табиғи таралу аймағы тарылуына сәйкес
– эндемик түр ретінде (Балқаш – Іле популяциясы) Қазақстан Қызыл кітабына
2-ші санат бойынша тіркелген. Ал Алакөл көлдерінде бұл түрдің жалғыз кәсіптік
популяциясы таралған.
Балқаш алабұғасының басқа алабұғатектестерден айырмашылығы: денесі
неғұрлым созылған, астыңғы жақ сүйегі ілгері қарай шығыңқы және алдыңғы
арқа қанатында қара дақтары болмайды. Арқа жүзбеқанаты екеу және бір-біріне
жақын орналасқан. Алдыңғысында тікенді талшықтары бар, артқысында басым
көпшілігі жұмсақ. Желбезек қақпағы және қақпақалды тікенекті. Тістері үшкір
әрі қылтан тәрізді. Құйрық және құйрықасты жүзбеқанаттары кішілеу болып
келеді. Жас шабақтардың денесінде көлденең қара жолақтары болады. Сыртқы
түрлеріне қарап балқаш алабұғасының аталығы мен аналығын бір-бірінен
ажырату мүмкін емес. Л.С. Бергтің (1949) айтуынша, балқаш алабұғасының
максималды дене тұрқы 1,5 кг және ұзындығы 50 см. Соңғы жылдары Алакөл
көлдерінде оның салмағы 700 гр аспаған, әдетте одан да төмен.
Балқаш алабұғасының екі экологиялық формасы сипатталады: пелагиялдық
(тез өсетін, жыртқыш) және қамыстық (жай өсетін, бентосқоректі). Пелагикалық
формасы Алакөл көлінің ашық алаңдарында мекендейді және түстері ашық
сұрдан ақ түске дейін құбылады. Қамыстық формасы Сасықкөл, Қошқаркөл,
Тентек өзені атыраулық көлдерінде көбіне қалың шөп басқан жерлердің
мекендеушісі және түстері сұр-жасыл реңнен мүлдем қараға дейін өзгереді.
Жыныстық жетілуі жағынан пелагиялдық формасы 4-5 жас, ал қамыстық
формасы 3-4 жас аралығында дамиды (Стрельников, 1970). Ерте көктемде су
айдындарда мұз жарылған кезде уылдырық шашады. Гидрометеорологиялық
жағдайға байланысты уылдырық шашу кезеңі наурыз айының аяғынан мамыр
айының басына дейін жалғасады. Уылдырығын жабысқақ лентадай өсімдікке
немесе құмды-сазды топыраққа салады. Абсолюттік өсімталдығы жоғары – 220
мың уылдырыққа дейін, орташа есеппен әр жылдары 60-тан 150-мыңға дейін
уылдырық шашады.
Балқаш алабұғасының ең үлкен жасы – 18 жыл. Бұл пелагиялдық форма үшін
тән. Қамыстық формасы пелагиялдыққа қарағанда аз өмір сүреді, бар болғаны –
14 жыл. Сасықкөл көлінде, жоғарыда айтылғандай, балқаш алабұғасының тек
қамыстық формасы ғана кездеседі. Аулау кезінде жастық құрылымы 9 + пен 10
+ аралығындағы балықтардың саны басым болды.
78
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
а) пелагиялдық формасы
б) қамыстық формасы
1-сурет – Балқаш алабұғасының экологиялық формалары
1-кесте – Сасықкөл көліндегі балқаш алабұғасының жастық және жыныстық
арақатынасы, ұзындықтары мен салмағы
Жасы
Ұзындығы, мм
Салмағы, г
Аналықтарының
үлесі, %
n
аралығы
орташасы аралығы орташасы
7+
-
205
-
120
100
1
8+
110 - 220
165
50-198
88
47,8
23
9+
160 - 240
192
58-216
131
59,6
57
10+
190 - 244
223
130-302
193
81,1
53
11+
190 - 279
246
126-404
277
90,9
33
12+
220 - 302
276
150-504
377
100
11
n – даралар саны
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
79
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Дегенмен Сасықкөл көлінде орта жастық балықтардың үлесі айтарлықтай
жоғары.
2-сурет – Алакөл және Сасықкөл көлдерінде балқаш алабұғасының өсу қарқыны
2-кесте – Сасықкөл көлінің әртүрлі аудандарындағы балқаш алабұғасының ұзындық
құрылымы
Ұзындығы,
мм
Тентек өзені атырауы
Сасықкөл көлінің жағалауы
Байбала көлі
Кіші Қаратентек
көлі
Үлкен Қаратентек
шығанағы
Жіңішкесу
шығанағы
100
-
-
-
4,0
120
-
-
-
-
140
22,0
7,5
12,5
-
160
19,5
10,0
4,2
4,0
180
7,3
17,5
12,5
40,0
200
12,2
20,0
37,5
36,0
220
7,3
5,0
33,3
8,0
240
22,0
17,5
-
4,0
260
4,9
10,0
-
-
280
4,9
2,5
-
4,0
300
-
10,0
-
-
Орт. мм
205,4
224,5
207,1
207,9
n
41
40
24
25
А.Қ. ҚҰСАЙЫН. 4 (72) 2016. Б. 75-82
ISSN 1683-1667
80
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Сасықкөл көлі ауданында балқаш алабұғасының ұзындық құрылымы
өзгеше. Тентек өзені атырауындағы алабұғаның ұзындық қатары Сасықкөл
көлінің жағалауынан қарағанда анағұрлым ұзынырақ. Себебі, біріншіден,
Тентек өзені атырауы Алакөл қорығы аумағына кіретіндіктен мұнда кәсіптік
аулауға тыйым салынады, екіншіден, осы аталған оқшауланған суайдындарға
көксерке балығы кірмейді. Ал Сасықкөл көлінің жағалаулық бөлігінде балқаш
алабұғасының салыстырмалы саны Тентек өзені атырауындағы Байбала және
Кіші Қаратентек көлдеріне (Алакөл қорығына кіретін) қарағанда айтарлықтай аз.
Оған себеп, Сасықкөл көлінде балқаш алабұғасының ересек даралары кәсіптік
аулаумен ауланады және өсіп келе жатқан шабақ балықтары көксерке балығына
жем болады.
Негізінен Тентек өзені атырауында жастық құрылымы жағынан орташа
есеппен 9 + пен 11 + аралығындағы балықтар басым болғаны байқалды. Үлкен
Қаратентек шығанағы мен Кіші Қаратентек көлдерінде балқаш алабұғасының
ұзындық-жастық құрылымы ұқсас болды. Жастық құрылымына әсер ететін
басты фактор, ол – өз популяциясы арасындағы каннибализм. Балқаш алабұғасы
жыртқыш балық болғандықтан көбіне азық ретінде өз шабақтарымен және
уылдырығымен жиі қоректенеді. Ал ол өз алдына жас балықтардың көбеюіне
және өсіп-өнуіне орасан зор ықпалын тигізеді.
3-кесте – Сасықкөл көлінің әртүрлі аудандарындағы балқаш алабұғасының жастық
құрылымы
Жасы
Тентек өзені атырауы
Сасықкөл көлінің жағалауы
Байбала
көлі
Кіші Қаратентек
көлі
Үлкен Қаратентек
шығанағы
Жіңішкесу
шығанағы
7+
-
-
-
4,2
8+
24,4
5,0
8,3
16,7
9+
26,8
15,0
8,3
37,5
10+
26,8
35,0
54,2
20,8
11+
17,1
32,5
29,2
12,5
12+
4,9
12,5
-
8,3
Орташа,
жасы
8,2
8,0
6,0
4,0
n
41
40
24
24
Жалпы балқаш алабұғасының жас шабақ кезінде аталықтары көптеп
кездеседі, кейін ересек даралары арасында аналықтарының үлесі басым болады.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
81
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Сасықкөл көліндегі алабұғаның өсу қарқыны Алакөлге қарағанда салыстырмалы
түрде жоғары екенін көрсетеді.
Алакөл көлдерінде балқаш алабұғасының қоректену сипаты өзгешелеу
болып келеді. Алғашқы жылдарында қамыстық формасы зоопланктонмен, 3-4 жас
аралығында бентоспен (насекомдардың дернәсілдері) қоректенеді. Пелагиялдық
формасы 3 жасында насекомдардың дернәсілдерімен, ал 4-5 жас аралығында
өзінің шабақтарымен қоректенеді. Аздаған мөлшерде асқазандарында балдырлар
кездескен (А.С. Малиновская, 1959). Алакөл көлдеріне Mysida шаян тәрізділерін
жерсіндіргеннен кейін балқаш алабұғасы алғаш онымен қоректенетін болған.
Дене ұзындығы 8-10 см болатын шабақ балықтардың азық үлесінің 80% мизида
шаян тәрізділеріне тиесілі. Ересек дараларының қоректенуінде: өзінің шабақтары
– 78,1%, салпы ерін – 3,2%, көктем кезеңінде балықтардың уылдырықтары 18,7%
құрады.
Сасықкөл көлі мен Тентек өзені сол жақ жағалауындағы суайдындарында
балқаш алабұғасының қамыстық формасына Clinostomum complanatum дерті тән.
Клиностомоз балықтың дене бұлшық еттеріне және құйрық жүзбеқанаттарының
зақымдануына алып келеді. Негізгі қоздырушылары Limnaeidae тұқымдасына
жататын моллюскалар болып табылады. Олар әдетте суы таяз әрі қалың су
өсімдігі жапқан суайдындарда мекендейді.
3-сурет – Клиностомоз
Ертеде жерсіндіру жұмыстары жүргізілмей тұрғанда балқаш алабұғасы
Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінің барлық суайдындарында таралған болатын
және де кәсіптік маңызы бар балықтардың негізгі түрі болып саналатын.
А.Қ. ҚҰСАЙЫН. 4 (72) 2016. Б. 75-82
ISSN 1683-1667
82
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
1939-40 жж. Алакөл көлдерінде 312-321 т алабұға ауланды. Жалпы ауланған
балықтардың ішінде бірінші орында тұрған. 1960-70 жж. аралығында да оның
аулануы тұрақты болды 290-нан 1031 т-ға дейін жетті. Тек 80 жылдардың басында
Сасықкөл және Қошқаркөл көлдерінде балқаш алабұғасының саны күрт төмендей
бастады. Оның санының азайып кетуіне, біріншіден, жерсіндірілген жыртқыш
балық көксеркенің әсері болса, екіншіден, бұрынғы тіршілік еткен табиғи
орта жағдайларының өзгеруі әсер еткен. 1994-1998 жж. аралығында балқаш
алабұғасының ересек дараларының бірен-сарандары Сасықкөл көлінің оңтүстік
және шығыс жағалауларында кездескен. 2000 жылдардың басында көксерке
балығының коммерциялық бағасы жоғарылануына сәйкес ол балықшылар
және браконьерлермен жиі аулануына алып келді. Нәтижесінде Сасықкөл және
Қошқаркөл көлдерінде көксерке балығының популяциясы азаюына байланысты
соңғы жылдары балқаш алабұғасы өзінің санын қайтадан қалпына келтіре ба-
стады. Қазіргі уақытта Тентек өзені атырауында балқаш алабұғасы балықтардың
ішінде кең ауқымды кездесетін түр, сонымен қатар Алакөл көлінде саны және
биомассасы жағынан басым болып келеді. Сондай-ақ жерсіндіру жұмыстары
жүргізілмеген Жалаңашкөл көлінде де бұл түр сақталған.
Балқаш-Алакөл бассейн эндемигінің ең соңғы ірі популяциясы осы Алакөл
көлінде сақталғандықтан, қорыта келе, IUCN жаңа шешіміне сәйкес балқаш
алабұғасының Алакөлдік популяциясын «жоғалып кету қаупі төмен» (Least
Consern, LC) санаты бойынша тіркелді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Глобально значимые водно-болотные угодья Казахстана (Алаколь-
Сасыккольская система озер). – Астана, 2007. – С. 219-220.
2. Амиргалиев Н.А., Тимирханов С.Р., Альпейсов Ш.А. Ихтиофауна и экология
Алакольской системы озер / Н.А. Амиргалиев, С.Р. Тимирханов, Ш.А. Альпейсов. –
Алматы, 2007. – С. 161-188.
3. Березовиков Н. Труды Алакольского заповедника Т. 2 / Н. Березовиков. – А.,
2008. – С. 188-189.
4. Митрофанов В.П., Дукравец Г.М. Рыбы Казахстана Т. 4 / В.П. Митрофанов,
Г.М. Дукравец. – А., 1989. – С. 157-190.
REFERENCES
1. Global’no znachimye vodno bolotnye ugod’ja Kazahstana. Alakol’ Sasykkol’skaja
sistema ozer, Astana, 2007, 219, 220 (in Russ).
2. Amirgaliev N.A., Timirhanov S.R., Al’pejsov Sh.A., Ihtiofauna i jekologija
Alakol’skoj sistemy ozer. Almaty, 2007, 161, 188 (in Russ).
3. Berezovikov N., Trudy Alakol’skogo zapovednika, T. 2, Almaty, 2008, 188,189 (in
Russ).
4. Mitrofanov V.P., Dukravec G.M., Ryby Kazahstana, T. 4, Almaty, 1989, 157, 190 (in
Russ).
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА
83
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
УДК 556.314
И.А. МОСИН
Алакольский государственный природный заповедник, Алматинская область,
г. Ушарал, Казахстан
ДИНАМИКА ЧИСЛЕННОСТИ МОНИТОРИНГОВЫХ ВИДОВ
МЛЕКОПИТАЮЩИХ В АЛАКОЛЬСКОМ ГОСУДАРСТВЕННОМ
ПРИРОДНОМ ЗАПОВЕДНИКЕ ЗА 2011-2015 ГОДЫ
В статье приводятся данные о состоянии популяций мониторинговых видов мле-
копитающих на территории Алакольского ГПЗ. На основе полученных данных постро-
ены диаграммы. Также в статье представлены факторы, оказавшие влияние на числен-
ность популяций данных видов животных за пятилетний период исследования и по-
следствия к которым они приводят.
Ключевые слова: Заповедник, мониторинг, учет, миграция, дельта реки, млеко-
питающие, уровень воды, численность.
АЛАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІҚ ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНДАҒЫ 2011-2015 ЖЫЛДАР
АРАЛЫҒЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГТІК ТҮРЛЕРІ САНЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ
Мақалада Алакөл қорығының аумағында мекендейтін мониторингтік сүтқоректілер
түрлерінің популяциясының жағдайы көрсетілген. Жиналған мәліметтер негізінде
диаграммалар жасалып берілген. Сонымен қатар мақалада бес жылғы бақылаулар
барысында анықталған осы мониторингтік жануарлар түрлердің популяциясының
санына әсер ететін факторлар көрсетілген.
Түйін сөздер: Қорық, мониторинг, есепке алу, көшіп қону, өзен атырауы,
сүтқоректілер, су деңгейі, саны.
THE DYNAMICS OF SIZE OF MONITORING TYPES OF MAMMALS IN
ALAKOL STATE NATURE RESERVE IN 2011-2015 YEAR
In the article is information about the condition of the population of monitoring types
of mammals in the territory of Alakol State Nature Reserve. On these principles are built these
diagrams. So in this article are presented factors show influence on the size of population of
these types of animals for five year period of study and result to which they lead.
Keywords: Reserve, monitoring, accounting, migration, delta, mammals, level of the
water, size.
Хотя Алакольская котловина занимает относительно небольшую площадь,
видовое разнообразие обитающих здесь млекопитающих довольно большое. Од-
нако широкое распространение и высокая численность характерны здесь лишь
для небольшого числа видов данного класса.
Состояние местных популяций млекопитающих не стабильно. Они нахо-
И.А. МОСИН. 4 (72) 2016. С. 83-90
ISSN 1683-1667
84
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
дятся в непрерывном развитии под влиянием окружающей среды – изменения
климата и погодных условий, наличия доступных кормов, пресс конкурентов и
врагов, степень обводненности для околоводных животных, возникновении эпи-
зоотий, антропогенное влияние.
Список млекопитающих Алакольской котловины представлен 54 видами,
из них 33 вида встречаются на территории заповедника. Они представлены ше-
стью отрядами: насекомоядные (Insectivora), рукокрылые (Chiroptera), хищные
(Carnivora), парнокопытные (Artiodactyla), грызуны (Rodentia), и зайцеобразные
(Lagomorpha). Из них 5 видов являются индикаторными для территории заповед-
ника: ондатра (Ondatra zibethicus), кабан (Sus scrofa), косуля (Capreolus pygargus),
лисица (Vulpes vulpes) и заяц песчаник (Lepus tolai). Из них: косуля (Capreolus
pygargus), кабан (Sus scrofa), лисица (Vulpes vulpes) и заяц песчаник (Lepus tolai)
являются индикаторами наземных экосистем и ондатра (Ondatra zibethicus) явля-
ется индикатором аквальных экосистем. За всеми видами млекопитающих, на-
учными сотрудниками совместно с инспекторами службы охраны, ведутся еже-
годные системные мониторинги, ежегодные учеты численности.
В период 2011-2015 годы на территории Алакольского заповедника про-
водились системный учет и мониторинг териофауны в дельте реки Тентек и на
участках заповедника, расположенных на территории Восточно-Казахстанской
области.
Территории Алакольского государственного природного заповедника,
для удобства мониторинга млекопитающих, условно разделены на два участка.
1-Дельта реки Тентек, 2-ВКО северная береговая кромка озера Сасыкколь (Са-
рыжол, Верблюжье, Жинишкесу), Мынколь, дельта реки Емель, залив малый
Алаколь, Жаланашколь.
Таблица 1 – Динамика численности мониторинговых видов млекопитающих наземных
экосистем за 2011-2015 годы в дельте р. Тентек
Виды
Годы
Заяц толай
Лисица
Сибирская
косуля
Кабан
2011
41
51
19
65
2012
23
51
24
64
2013
27
33
12
57
2014
20
33
30
75
2015
14
37
42
81
ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ И МЕДИЦИНА
85
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
И.А. МОСИН. 4 (72) 2016. С. 83-90
ISSN 1683-1667
График 1 – График изменения численности мониторинговых видов млекопитающих на-
земных экосистем за 2011-2015 годы в дельте р. Тентек
Заяц Толай. Численность толая по годам неустойчива, подвержена коле-
баниям. Основная естественная причина колебаний численности – климатиче-
ские условия. Особенно значительное влияние на его численность оказывают
многоснежные зимы во время которых от бескормицы гибнут взрослые особи и
затяжные холодные весны, во время которых гибнут ранние выводки. В много-
снежные зимы этот зверек часто становится легкой добычей хищников таких
как: степной хорь, лисица, волк и некоторые зимующие хищные птицы. С 2011
по 2015 гг. численность зайца толая сократилась с 41 до 14 особей.
Лисица. Этот хищник широко распространен в Алакольской котловине. На
территориях заповедника лисица распространена повсеместно, особенно тяготе-
ет к береговой кромке водоемов, где в изобилии обитают грызуны, являющиеся
основным ее кормом. Численность лисицы в 2011-2015 годы, по неизвестным
причинам незначительно снизилась.
Достарыңызбен бөлісу: |