Аға оқытушылар: Улжибаева Ғ. Ш., Кудышева Г. О., доцент, п.ғ. к



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#7257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Модульдік бағдарламалау. Қазіргі  бағдарламалау тілдері  деректер мен  

ішкі    бағдарламаларды        үлкенірек      объектілерге    инкапсуляциялау    үшін, 

модуль  деп    аталатын    тағы  бір    құрылымдау    әдісін    ұсынады.  Модульдер 

арасындағы байланыс арнайы интерфейс арқылы жасалады.  



Объектіге бағытталған тілдер

Обьектіге  бағытталған  бағдарламалау  (ОББ)  тілдерінің  негізін  обьект 

құрайды.  Обьект  ретінде  абстрактілі  деректер(сандар,  символдар,  файлдар 

және  т.б.)  болуы  мүмкін  немесе  мәселе  аймағында  модельденетін  мәндер 

және  олардың  өзара  байланысы  хабарларды  жіберу  арқылы  жүргізіледі. 

Қазіргі  замандағы  тілдердің  және  бағдарламалау  жүйелерінің  көпшілігі 

бағдарлама құруда көбінесе обьектілік әдісті қолдану бағытында дамуда. Бұл 

тілдер: Паскаль, C++, Смолток, Дельфи, Modula, Java, керек десе Бейсик. 

Объектілік 

әдіс 


бағдарламалар 

ұйымдастырудың 

мұрағайлық, 

полиморфизм,  композиция,  толтыру  механизмдеріне  негізделген  жаңа 

түрлерін    ұсынады.  ОББ-ға  негізделген  бағдарламалау  технологисының 

дамуына  байланысты,  визуалды  бағдарламалауды  қолдайтын  бағдарламалау 

орталарын жасауға мүмкіндік берді. Мысалы: Delphi, C++Builder, Visual C++. 

Компоненттік  әдіс  және CASE - технологиялар(XXғ. 90-ж.  ортасынан 

қазіргі  уақытқа  дейін).  Бұл  әдіс  жеке  компоненттерден - бір-бірімен 

стандартталған  екілік  интерфейстермен  байланысқан,  нақты  бар  бөлек 

БҚАМ  бөлшектерінен - БҚАМ  құруды  шамалайды.  Компоненттік  әдіс 

COM(Component Object Model - объектілердің компоненттік моделі) негізінде 

құрастырылған  және  CORBA(Common Object Request Broker Architecture - 

объектілер  сұраныстарын  өңдеу  келістірушісі  бар  жалпы  архитектура) 

негізінде  жасалған  технологиялар  және  таратылған  қосымшаларды  құру 

технологиясы негізіне жатады.  

Microsoft  фирмасының  COM  технологиясы  OLE 1 (Object Linking and 

Embedding обьектілерді байланыстыру және ендіру) технологиясының дамуы 

болып  табылады.  COM технологиясы  кезкелген  типтегі  бағдарламалар 

(библиотекалар,  қосымшалар,  операциондық  жүйелер),  байланысының 

жалпы  схемасын    анықтайды,  яғни  БҚАМ-ның  бір  бөлшегіне,  екінші 



бөлшекте  тағайындалған  функцияларды  қолдануға  мүмкіндік  береді. COM 

технологиясы бойынша қосымшалар - арнайы COM класстарының даналары 

болатын COM обьектілерін қолдана отырып - өз қызметтерін ұсынады.  

OLE- automation  немесе Automation(автоматтау) - бағдарланатын 

қосымшаларды  жасау  технологиясы,  ол  осы  қосымшалардың  ішкі  

қызметтеріне  бағдарламалық  жетуді  қамтамасыз  етеді.   Обьектілер 

функциясын  шақыру  үшін  арнайы  интерфейс - диспинтерфейс(dipinterface) 

түсінігін  енгізеді.  Бұл  технологияны,  мысалы Microsoft Excel  қолдайды,  ол 

басқа қосымшаларға өз қызметтерін ұсыны алады.  



ActiveX - технология, OLE-automation негізінде  құрылған  технология,  

бір ДК-де  шоғырланған, сондай-ақ  желіде таратылған БҚАМ -ды құру үшін 

арналған. 

CORBA  технологиясы, CORBA обьектілері  және  интерфейстері 

негізіндегі COM-ға ұқсас әдісті орындайды. Бұл технологияны барлық негізгі 

таратылған БҚАМ-дарды жасау үшін әртекті есептеу орталарында қолдануға 

болады.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Бағдарламалау тілдеріне анықтама беріңіз? 

2.

 



Процедуралыққа қандай тілдер жатады? 

3.

 



Деректерге бағытталған қандай тілдерді білесіз? 

4.

 



Объектіге-бағытталған бағдарламалауға анықтама беріңіз? 

5.

 



Тіл стандарты деген не? 

6.

 



Тіл синтаксисіне анықтама беріңіз? 

7.

 



Тіл семантикасына  анықтама беріңіз? 

8.

 



Деректерге анықтама беріңіз? 

9.

 



Меншіктеу операторы деген не? 

10.


 

Бағдарламалау ортасы деген не? 

   

Әдебиет: 

1.Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. СПб: невский диалог, 2001 

2.Гуськов    А.  Спецификация  объектно – ориентированных  языков 

программирования.- М.,2004.-464с. 

3.Голицына 

О.Л., 


Попов 

И.И. 


Основы 

алгоритмизации 

и 

программирования: учеб.пособие.-М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2005.-432 с. 



4.Бабушкина 

И.А. 


Практикум 

по 


объектно-ориентированому 

программированию. М: -М:БИНОМ, 2004.-366 с. 

5.Иванова  Г.С.  Технология  программирования:  учебник  для  вузов.-

М.:изд-во МГТУ им.Н.Э. Баумана, 2003. -320 с. 

 

Реферат тақырыптары: 

1.Бағдарламалау тілдеріне шолу. 

2.Тілдердің негізгі конструкциялары. 

3.Енгізу-шығару операторлары. 

4.Басқару операторлары. 


5.Бағдарламалау парадигмдері. 

6.Процедуралық бағдарламалау. 

7. Құрылымды бағдарламалау. 

8. Объекіге-бағытталған бағдарламалау. 



 

СӨЖ бақылау сұрақтары: 

1. Бағдарламалау тілдерінің даму тарихы.  

2. Тілдердің негізгі  операторлары. 

3.Қарапайым және құрылымды операторлары. 

4.Деректерді енгізу-шығару. 

5.Деректер түрлері және оларды өңдеу 

6. Бағдарламалау этаптары 

7. Бағдарламалау орталары  

 

 

6-бөлім – Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері (2 сағат) 



1-тақырып –Операциялық жүйелердің негіздері  

Жоспар: 


1.

 

Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу.  



2.

 

Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары  



3.

 

Операциялық жүйелердің даму тарихы  



4.

 

Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі  



5.

 

Процесстерді басқару. Жоспарлау ж не диспетчеризациялау.  



6.

 

Файлдық жүйелер  



7.

 

Утилиттер. Драйверлер  



2-тақырып  – Желілер мен телекоммуникациялар  

Жоспар: 


1.

 

Желілер мен телекоммуникациялар.  



2.

 

Желілік қауіпсіздік  



Операциялық жүйелердің негіздері 

Қызметіне  байланысты  барлық  бағдарламалық  құралдарды  бірнеше 

класстарға  бөлуге  болады:  операциондық  жүйелер;  бағдарламалау  жүйесі; 

аспаптық  бағдарламалық  құралдар  және  интегралданған  пакеттер; 

қолданбалы бағдарламалар. 

Есептеу  жүйесінің  бағдарламалық  қамтамасыздандыру  құрамын 

бағдарламалық  конфигурация  деп  атайды.  Бағдарламалар  арасында 

физикалық блоктар мен түйіндер арасындағы сияқты өзара байланыс болады 

–  көптеген  бағдарламалар  аса  төмен  деңггейдегі  басқа  бағдарламаларға 

сүйене  отырып  жұмыс  жасайды.  Бағдарламалық  қамтамасыздандыру 

деңгейлері: базалық, жүйелік, қызметтік, қолданбалы. 

Операциондық  жүйе – келесілермен  қамтамасыз  ететін  бағдарламалар 

жиынтығы:  ресурстармен  басқару,  компьютердің  барлық  аппараттық 

құралдары 

жұмысымен 

келісілген; 

процесстерді 

басқару, 

яғни 

бағдарламаларды орындау, олардың компьютер құрылғысымен, деректермен 



өзара  әрекеті;  қолданушы  интерфейсі,  яғни  компьютер  мен  қолданушы 

арасындағы  сұқбат,  айқындалған  қарапайым  командаларды – ақпаратты 

өңдейтін  операцияларды  орындау.  Қарапайым  жағдайда  ОЖ  келесі  негізгі 

компоненттерден  тұрады:  файлдық  жүйеден,  сыртқы  құрылғылар 

драйверлерінен, командалық тіл процессорынан. 

Командалық  процессор – қолданушы  беретін  қарапайым  командаларды 

интерпретациялауға  және  орындауға,  және  оның  ОЖ  ядросымен  өзара 

әрекеттесуіне жауап беретін бағдарлама. 

Операциондық жүйенің негізігі функциялары. 

ОЖ қызметі бойынша, есептерді өңдеу режимі бойынша, жүйемен өзара 

әрекеттесу  тәсілі  бойынша,  құрастырылу  (жүйенің  архитектуралық 

ерекшеліктері) тәсілі бойынша жіктеуге бөледі. 

Жалпыға  және  арнайы  тағайындалған  ОЖ  бөліп  көрсетеді.  Арнайы 

тағайындалған 

ОЖ 


келесілерге 

бөлінеді: 

тасымалданатын 

микрокомпьютерлер  және  әр  түрде  құрастырылған  жүйелер  үшін,  деректер 

қорын  ұйымдастыру  және  басқару,  нақты  уақыттағы  есептерді  шешу  және 

т.б. 


 Есептерді өңдеу режимі бойынша бір бағдарламалық (мысалы, MS DOS) 

және  мульти  бағдарламалық  (мысалы, Unix, Linux) режимді  қаматамсыз 

ететін  ОЖ  ерекшелеп  көрсетуге  бөледі.  Сұқбаттық  режимде  есептеуіш 

жүйемен 


жұмысты 

ұйымдастыру 

кезінде 

жеке 


қолданушылық 

(біртерминалдық)  және  мультитерминалдық  (желілік)  ОЖ  туралы  айтып 

кетуге болады. 

Нақты  уақыттағы  ОЖ  (НУОЖ).  ДК  үшін  аса  кең  таралған  НУОЖ  бірі 

QNX ОЖ болып табылады. 

Файл – кез  келген  ұзындықтағы  байттардың  есімделген  тізбегі.  Барлық 

қазіргі  заманғы  дискілік  опреациондық  жүйелер  деректерді  дискілерде 

сақтау  үшін  арналған  және  оларға  жетуді  қамтамасыздандыратын  файлдық 

жүйені  құрумен  қамтамасыз  етеді.  Файлдық  құрылымға  қызмет  көрсетін 

функциялар.  Файлдық  жүйені  ұйымдастыру  принціпі.  ҒАТ-кестелер, 

секторлар,  кластерлер. HPFS, NTFS файлдық  жүйелер.  Файлдардың  қысқа 

және  ұзын  аттары.  Файл  атрибуттары:  тек  қана  оқу  үшін  арналған (Read 

only),  жасырынған (Hidden), жүйелік (System), архивтік (Archive). Каталог 

(бума). Трансляторлар. Редакторлар. 

Қолданбалы  бағдарламалық  қамтамасыздандыруды  жіктеудің  әр  түрлі 

әдістері  бар.  Олардың  ішіндегі  ең  қарапайымы  қолданбалы  БҚ  үш 

категорияға  бөлінеді:  жалпыға  тағайындалған,  арнайы  тағайындалған  және 

кәсіби  БҚ.  Жалпыға  тағайындалған  БҚ  келесілерді  жатқызуға  болады: 

мәтіндік  редакторлар,  графиктік  жүйелер,  ДҚБЖ,  интегралданған  жүйелер. 

Арнайы тағайындалған БҚ келесілер  жатады:  авторлық жүйелер,  эксперттік 

жүйелер,  гипермәтіндік  жүйелер,  мультимедиалық  жүйелер.  Кәсіби 

деңгейдегі  БҚ  келесілер  жатады:  АРМ,  ЖАЖ  (САПР),  АЖБ  (АСУ),  АСУП 

ПТ, педагогикалық комплекстер, телекоммуникациялық жүйелер. 

Мәтіндік  редакторлар  дегеніміз  қолданушыға  қолайлы  түрде  мәтіндік 

ақапараттарды  енгізу,  өңдеу,  сақтау,  басып  шығару  үшін  арналған 

бағдарлама. 

Мәтіндік 

процессорлардың 

мәтіндік 

редакторлардан 



айырмашылығы,  олар  мәтінді  тек  енгізіп  және  редактрлеп  қана  қоймай, 

сонымен  қоса  оларды  форматтауға,  яғни  безендіріп  дайындауға  болады. 

Сәйкесінше,  мәтіндік  процессордың  негізгі  құралына  мәтіннің  өзара 

әрекетін,  кестені  және  тағы  басқа  қорытынды  құжаттарды  беретін 

объектілерді  қамтамсыз  ету  құралы  жатады,  ал  қосымша  құралына 

форматтау процесін автоматтандыратын құралдар жатады. 

Графиктік  редакторлар.  Ол  графиктік  бейнелерді  бейнелеу  және  өңдеу 

үшін  арналған  бағдарламаның  көлемді  класы.  Берілген  класста  келесі 

категориялар  ажыратылады:  растрлі  редакторлар,  векторлы  редакторлар 

және  үш  өлшемді  графиканы (3D-редакторлар)  құру  және  өңдеу  үшін 

арналған бағдарламалық құралдар. 

Растрлі  редакторлар,  графиктік  объектілер  растрді  құрайтын  нүктелер 

комбинациясы  түрінде  ұсынылғанда  және  кисть  пен  түс  қасиеттеріне  ие 

болған  жағдайда  қолданылады.  Векторлық  редакторлар  растрлі 

редакторлардан  бейне  берлігендерін  ұсыну  тәсілімен  ерекшеленеді. 

Векторлық  бейненің  қарапайым  объектісі  нүкте  емес,  ал  үшінші  реттегі 

математикалық  қисық  түрінде  қарастырылатын  және  математикалық 

формуламен  ұсынылатын  сызық  болып  табылады.  Векторлық  редакторлар 

бейнені  құру  үшін  қолайлы,  бірақ  дайын  суреттерді  өңдеу  үшін 

қолданылмайды. 

Үш  өлшемді  графика  редакторлары  үш  өлшемді  композицияларды  құру 

үшін  қолданылады.  Олар  жарық  түсіру  көзінің  қасиеттерімен  бейнеленген 

объектілердің  беттік  қасиеттердің  өзара  әрекеттесуін  ыңғайлы  түрде 

басқаруға  және  үш  өлшемді  анимацияны  құруға  мүмкіндік  береді. 

Сондықтан үш өлшемді графика редакторын 3D-аниматорлар деп те атайды. 

Деректер  қоры  деп  кестелік  құрылыммен  дайындалған  деректердің  аса 

үлкен  сілемін  айтады.  Деректер  қорын  компьютерлік  өңдеу  үшін  деректер 

қорын  басқару  жүйесі  қолданылады.  ДҚБЖ – ол  деректер  қорындағы 

жазбаларды  құру,  өңдеу  және  шығару  үшін  қажетті  бағдарламалық 

қаматамсыз  ету  құралы.  ДҚБЖ  бірнеше  түрлері  бар:  иерархиялық,  желілік, 

реляциялық. ДҚБЖ жұмыс жасағанда бірнеше тізбектелген кезеңдерді бөліп 

көрсетеді:  деректер  қорын  жобалау;  деректер  қоры  құрылымын  құру; 

деректер  қорын  толтыру,  деректер  қорын  қарап  шығу  және  редактрлеу; 

деректер қорын сұрыптау;  қажет жазбаларды іздеу; ақпаратты іріктеу; есеп 

беруді дайындау. 

 Әмбебап  интегралданған  жүйелер  элементтері  ретінде  мәтіндік  және 

графиктік редакторлар, электрондық кестелер және деректер қорын басқару 

жүйесінен  тұратын  бірегей  жүйе  принціпі  бойынша  дайындалды. 

Бағдарламалық  құралдар  интеграциясының  қазіргі  кездегі  концпециясы – 

типі  бойынша  аса  кеңінен  танымал Microsoft Office пакеті  қолданбалы 

бағдарламалық жүйе кооперациясы. 

Қандай  да  бір  пәндік  аймақта  мамандар  үшін  мақсатқа  тағайындалған 

арнайы  бағдарламалық  жүйелерді  авторлық  аспаптық  жүйелер  деп  атайды. 

Авторлық  жүйе  қолданушы  өзінің  пәндік  аймағында  ақпараттық 



мазмұндармен  толтыра  алатын,  берілген  интерфейстік  қабықшамен 

интегралданған ортаны береді. 

Эксперттік жүйелер. Білім қорында болатын деректерді талдау үшін және 

қолданушы  сұранысы  бойынша  нұсқауларды  беруге  арналған.  Мұндай 

жүйелер  бастапқы  берілгендер  жақсы  іске  асырылған  жағдайда 

қолданылады,  бірақ  шешім  қабылдау  үшін  кеңейтілген  арнайы  білімдер 

қажет. 

Эксперттік 



жүйелерді 

қолданудың 

сипаттық 

аймақтары 

юриспруденция, медицина, фармакология, химия болып табылады. 

Гипермәтіндер  концепциясын  графикалық  және  дыбыстық  ақпараттарға 

кеңейту  гипермедиа  түсінігіне  алып  келеді.  Гипермедиа  идеясы  желілік 

технологияларды,  дербес  жағдайда  Интернет-технологияларды  кеңінен 

таралды. 

Мультимедиа – бұл 

интерактивті 

бағдарламалық 

қамтамасыздандырудың 

басқаруымен 

жасалатын 

визуалды 

және 

аудиоэффектілі  өзара  әрекеттер.  Компакт-дискілердің (CD-ROM) пайда 



болуы  және  кеңінен  таралуы  мультимедианы  жарнамалық  және  ақпараттық 

қызметте,  желілік  телекоммуникациялық  технологияларды,  оқытуда 

қолдануды тиімді етті.  

Операциялық жүйелердің даму тарихы 

ОЖ  тарихы  жарты  ғасырдай  уақытты  қамтиды.  Ол  көбінесе  есептеуіш 

аппаратураның  және  элементтік  базасының  дамуымен  байланысты 

анықталады.  

Бірінші  сандық  есептеуіш  машиналар 40ж.  басында  пайда  болып, 

операциялық  жүйелерсіз  жұмыс  істеді,  ұйымдардың  есептеу  процессіндегі 

барлық  есептері  бағдарламалаушымен  басқару  пультінен  қолмен  істелінді. 

50ж.  ортасынан  мониторлық  жүйелер  пайда  болды,  олар  тапсырмалар 

пакетін  орындауда  операторлар  жұмысын  автоматтандырды. 1965-1975ж.   

интегральным  микросхемаларға  өту  компьютерлердің  келесі  ұрпағына  жол 

ашты,  олардың  өкілі  IBM/360. Осы  кезеңде  қазіргі  ОЖ – лерге  қатысты 

барлық 


коцепциялар:  мультипрограммалау, 

мультипроцесстеу, 

көптерминалды  іс-тәртіп,  виртуальды  жад,  файлдық  жүйелер,  қол  жетуді 

шектеу және желілік жұмыстар  жасалды.  

60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, 

ол    Интернет желісінің аттану нүктесі болды 

 70-ж. ортасына қарай  мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-

компьютерлердің  архитектурасы    мэйнфреймдармен  салыстырғанда 

қарапайым болды, бұл олардың ОЖ –лерінде де кескінделді.  

70-ж. ортасынан бастап  UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі 

типтеріне  жеңіл  түрде  көше  бастады.  ОЖ UNIX алдымен  мини-

компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты 

функционалдық  мүмкіндіктері  және    ашықтығы  компьютерлердің  барлық 

класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 

80ж.  басы  операциялық  жүйе  тарихында  дербес  компьютерлердің  пайда 

болуымен  айрықша  мәнді  болды. 80 жылдарда    коммуникациялық 

технологияларға локальдық желілер үшін  негізгі стандарттар:  1980 жылы — 

Ethernet,  1985 — Token Ring, 80ж.  аяғында — FDDI қабылданды.  Бұл 



төменгі  деңгейдегі  желілік  ОЖ  үйлесімділігін,  сондай-ақ  желілік  адаптер 

драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті.   

90ж.  басында  барлық  ОЖ-лар  әртекті  клиенттер  және  серверлермен 

жұмысты  қолдай  алатын  қабілеті  бар  желілік  ОЖ  айналды.  Тек  қана 

коммуникациялық  есептерді  (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) 

орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. 

 Соңғы  онжылдықтар  ішінде  корпоративтік  желілік    ОЖ-лерге  ерекше 

көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты 

қолдау,  қауіпсіздіктің  дамыған  құралдары,  гетерогендік  орталықта  жұмыс 

істеу  мүмкіндігі,  орталықтан  әкімшілік  ету  және  басқару  құралдарының 

болуы сипатты.  

Әдеттегі операциялық жүйенің қызметі. 

Процесстерді басқару. Жоспарлау және диспетчеризациялау. 

ОЖ  қызметі  келесі  негізгі  функцияларды  орындаудан  тұрады. 



Процесстерді  басқару.  Процесс  (немесе  басқаша,  есеп) – бұл  орындалатын 

бағдарламаны  сипаттайтын  абстракция.  Операциялық  жүйе  үшін    процесс 

жұмыс бірлігін білдіреді, жүйелік ресурстарды қолдануға мәлімдеме береді. 

Процесстерді  басқару  ішкіжүйесі  процесстердің  орындалуын  жоспарлайды, 

яғни жүйедегі бірмезгілде бар бірнеше процесстер арасында уақытты бөледі, 

сондай-ақ  процесстерді  құру  жне  жоюмен  айналысады,  процесстерді  қажет 

жүйелік ресурстармен қамтамасыз етеді, процесстер арасындағы байланысты 

қолдайды.   

Ресурстарды  тарату  және  тағайындау.  Операциялық  жүйе    компьютер 

ресурстарын  орындалу  кезегінде  тұрған  қосымшалар  арасында  таратады.  

Мысалы, операциялық жүйе есептеріне әрбір жіберілген қосымшаларға және 

оған  қажет  деректерге  жадтың  бөлек  аймағын  белгілеу,  сондай-ақ  енгізу-

шығару құрылғыларын басқару(пернетақта, принтер, монитор, желілік карта 

және т.б.) жатады.   

Жоспарлау. 

Компьютер 

бірнеше 

бағдарламаларды 

бірмезгілде 

орындайды.  Әр  есеп  көптеген  "тілімдерге"  немесе  "бөліктерге"  бөлінеді, 

компьютер  есептер  арасында  көшіп  отырып,  оларды  өңдейді.  Мыңдаған 

осындай бөліктер компьютердің әртүрлі  құрылғыларымен орындалуы тиіс  – 

бір  бағдарламаға  электрондық  кестені  есептеу  қажет,  екіншісі  –құжатты 

принтерге  басуды,  үшіншісі  деректер  қоймасы  орналасқан  ұйым  серверіне  

қатынасады  және  т.б.  ОЖ  міндеті  –компьютердің  барлық  компоненттерінің 

жұмысын  барлық  қосымшалар  тез  және  тиімді  орындалатындай  етіп 

үйлестіру.  Ол  үшін    операциялық  жүйеге    компьютердің  әртүрлі 

ресурстарын    (алдымен,  ОП,  ОЗУ  және  қатты  диск)  қолдануды  жоспарлау 

қажет.  Әр  есепке  орындалу  басымдылығы  меншіктеледі,  соған  сәйкес 

жоспарлау  жасалады.  Біздің  мысалда  баспаға  басу  тапсырмасынан  кестені 

есептеу жоғары басымдылықта болуы мүмкін.   

Бақылау.  ОЖ компьютер жұмысын  бақылайды. Ол әр есептің  орындалу 

стадиясын  қадағалайды,  сонымен  бірге  тіркеу  журналын  жүргізеді – кім 

компьютерді  қолданып  отыр,  қандай  бағдарламалар  жіберілді,  деректерді 

немесе  бағдардамаларды  санкцияланбаған  қолдану  жағдайлары  болды  ма. 


Кезкелген жағдайда кезкелген компьютердің ОЖ – және мэйнфрейм мен ДК- 

өз бетінше үлкен бағдарлама.  Сондықтан  оперативті жадта әрқашан ОЖ-нің 

тек  ядро (kernel)  деп  аталатын  бөлігі  ғана  сақталады.  ОЖ-нің  үлкен  бөлігі 

қатты  дискіде  сақталады.  Операциялық  жүйе  сақталатын  диск  жүйелік 

(system disk) деп аталады.   

 

Файлдық  жүйелер.  Файл  (англ. file —папка) — бұл  сыртқы  сақтау 

құрылғыларында  сақталған,  жіберілетін  және  өңделетін  біртұтас    кезкелген 

деректердің  есімделген  аймағы.  Файлда  бағдарламалар,  сандық  деректер, 

мәтіндер кодталған кескіндер және т.б. болуы мүмкін.  

Файлдық  жүйе — бұл  белгілі  бір  жинақтауышта  файлдарды  сақтауды 

ұйымдастыруға арналған құрал.  

Файлдар  сыртқы  тасымалдауыштарда — магниттік  дискілерде  немесе  

CD-ROM-да    физикалық  орналасады.  Әр  файл  дискінің  жадында  бірнеше 

блоктарда орналасады. Әдетте блок ұзындығы  — 512 байт. Файлдармен ОЖ-

дағы файлдық жүйенің драйвері деп аталатын арнайы модуль жұмыс істейді.  

Әр файлдың каталогта – файлдар мазмұнында – тіркелген  аты болады.  

Каталог  (кейде  оны    директорий  немесе  бума  деп  те  атайды) 

пайдаланушыға ОЖ-нің командалық тілі арқылы қол жетерлік болады. Оны 

қарап  шығуға,  онда  тіркелген  файлдардың  атын  өзгертуге,  олардың 

мазмұнын  басқа  жерге  ауыстыруға  және  жоюға  болады.  Каталогтың  өзінің 

меншікті  аты  болуы  мүмкін  және  ол  әдеттегі  файлдармен  бірге  басқа 

каталогта  сақталуы  мүмкін:  осылай    иерархиялық    файлдық  құрылымдар 

ұйымдастырылады. 

Файлдық  жүйелер  функцияларына  ОЖ  басқаруымен  жасалатын 

әрекеттер жатады:  

1.

 



файлдарды құру және оларға ат беру;  

2.

 



каталогтарды (бумаларды) құру және оларға ат беру;    

3.

 



компьютер  дискілері  арасында  және  бір  дискінің    каталогтары 

(бумалары) арасында файлдарды көшіру және аттарын өзгерту;  

4.

 

файлдарды және  каталогтарды (бумаларды) жою;  



5.

 

берілген    файлға,  каталогқа  (бумаға)  жету  үшін  файлдық 



құрылымда қозғалу;  

6.

 



файл атрибуттарын басқару.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет