Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Мұқаңның ер тұлғалы, кесек мінезді болғаны айтылып жүр. Ал ақындығына



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#7317
1   2   3   4   5   6

Мұқаңның ер тұлғалы, кесек мінезді болғаны айтылып жүр. Ал ақындығына 

тіпті сөз жоқ. Арғы аталарында батырлар болған ба? 

Нұрдәулет ЕРМҰРАТҰлы, Қапшағай қаласы

–  «Мұқағали»  журналын  ашу  ар-

қылы ақынның әдеби мұрасын өмір-

шең етуді көздегендеріңіз анық. Әйтсе 

де осынау игі жобаның басы-қасында 

бол ған  адам  ретінде  өзіңіз  не  айтар 

едіңіз? 

– Қазір сөздік қорымызға мұқағалитану 

деген тіркес қосылды. Мұқағалитану деген 

– меніңше, ақын қалдырған асыл жыр лар­

дың түйінін тарқату, сырын ашу, сөйтіп ба­

рып  оны  өмірімізге  пайдалану.  Осыған 

шамамыз  келе  ме?  Әрине,  оңай  емес. 

Себебі сөз танитын зерттеушілер легін қа­

лып тастыруымыз қажет. Толыққанды мұқа­

ғалитанушы сахнаға шықса деп тілейміз. 

Екі естелік жазып, мен мұқағалитанушымын 

деу – қисынсыз шаруа.

Сондықтан да біз өткен ғасырдың 90­

жылдарынан  бастап,  жас  ұрпақты  мұқа­

ғалитану өрісіне бағыттасақ деп ниет еттік. 

Сөйтіп,  Ж.Аупбаев,  Р.Сәрсенбайұлы,   

Ж.Нұрғожаев секілді білікті азаматтармен 

ақылдаса отырып, «ақыннан қалған мол 

әдеби мұраны ел игілігіне жарату үшін ар­

найы басылым ашу қажет» деген ұйға рым­

ға тоқтадық. 

Бұл мақсаттарға итермелеген тағы бір 

жай,  Райымбек  бабаның  300  жылдық 

мерейтойында батыр туралы кітап шығару 

жұмысы  бізге  жүктелді.  Сонда  біраз 

қиындықтармен бетпе­бет келдік. Батыр 

баба туралы мерзімді баспасөзге шыққан 

материалдарды іздеп табу бәрімізді әбден 

шаршатты.  «Бұл  істен  сабақ  алып,  енді 

Мұқа ғали  ағамыз  жайындағы  барлық 

мате риалдарды  бір  басылымға  топтап 

отырмасақ болмайды екен. Оның уақыты 

жетті», – деді жігіттер. Сөйтіп, журнал шы­

ға ру  ойдағы  идеядан  нақты  шындыққа 

қарай  ойысты.  Ұсыныс­пікірді  Лашын 

жеңгеміз  қуана  қолдап,  рұқсатын  берді. 

Ақын атындағы басылымға ақ жол тіледі. 

Батыр бабаның Нарынқол өңірінде өткен 

үлкен  тойында  журналдың  сынақ  нөмірі 

көпшілікке ұсынылды. Бұл істі мұқағалишыл 

ағайындар  да  қолдады.  Кеңес  Үшбаев, 

Амангелді Ермегияев, Стахан Белғожаев 

сияқты  белгілі  кәсіпкерлер  демеушілік 

көрсетті.  Ал  2006  жылдың  қаңтарынан 

бастап журнал ай сайын тұрақты шығатын 

басылымға айналды. 



– Дегенмен журналдың болашағына 

күдік пен күмән де болмай қалмаған 

шығар. Жалпы, осы орайда кездескен 

әлдебір қиындықтар болды ма? 

– Шынымен де, жұмыс басталды десек 

те,  түйінді  мәселелер  аз  емес  екен. 

Материалдық базаны жасақтау өз алдына, 

бір ақынның шығармашылығы туралы ай 

сайын  журнал  шығарудың  оңай  еместігі 

біліне бастады. Күндіз­түні тынбай ойла­

ну ға,  тереңдерге  бойлап  толғануға  тура 

келді. «Таусылып қалмайсыңдар ма?» деп 

күдіктене  әңгіме  айтқандар  да  болды. 

Алай да  еңбек  пен  ізденістің  арқасында 

ақын атындағы басылым аз уақыттың ішін­

де еліміздің ақпарат алаңындағы өз орнын 

айқындады. Міне, биылғы қаңтарда жур­

нал  бес  жасқа  толып,  алты  жасқа  қарай 

қадам  басты.  Оқырман  62­нөмірімен 

қауыш ты. Бұл деген – 3720 парақ өнімді 

мұқағалишыл жұртқа ұсындық деген сөз. 

Бесжылдық  еңбектің  нәтижесіндей  етіп 

«Мұқағалитану  бастауы»  жобасын  әзір­

ледік. Зерттеулер, естеліктер, ақынға ар­

нал ған  өлеңдер,  ақын  сөзіне  жазылған 

әндер, ақын бейнесін сомдаған пьесаларды 

топтастырып, үш кітап етіп жарыққа шы­

ғар дық. Оның шығуына Алматы облы сы­

ның әкімі Серік Үмбетов демеушілік жаса­

ды. Сөйтіп, біз мектептер мен жоғары оқу 

орындарындағы мұқағалитану факуль та­

тив тік  сабағын  жүргізушілерге  арналған 

алғашқы оқулықтарды әзірлеп бердік.

Ал  «журнал  қалай  шығып  жатыр?» 

дегенге келсек, оған төреші – әрине, қалың 

оқырман.

Әңгімелескен Айдын НҰРҒАНАТ

Мұқағалишыл 

жұртқа 3720 

парақ өнімді 

ұсындық

Аталары батыр болған ба?



Мерейтойын өткізуге 

кіріскелі Мұқағали күнде 

жанымда жүргендей 

сезінемін

Батық МӘЖИТҰлы, «Мұқағали» 

журналының бас редакторы:

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№22 (474) 



9.02.2011 жыл, сәрсенбі

www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

 

Мұқағалиға қатысты деректердің бұрмалануы мұқағалитанудың ғылыми айналымға түспей отырғандығынан емес пе?



Аманхан ӘЛІМ, 

ақын, М.Мақатаев 

атындағы сыйлықтың 

иегері:

Батық 

МӘЖИТҰЛЫ, 

«Мұқағали» 

журналының бас 

редакторы, ақын:

Ғаббас  

ҚАБЫШҰЛЫ, 

жазушы:

?

а л а ш т ы   а л а ѓ д а т ћ а н   с а у а л

а л а ш т ы   а л а ѓ д а т ћ а н   с а у а л

– Өз басым Мұқағалиды ақын ретінде де, адам ретінде 

де сыйлаған кісімін. Ол жөнінде бүгінгі күнге дейін айтылып 

жүр  ген неше түрлі алыпқашпа әңгімелер көп. Солардың 

кө  бісі шындыққа жанаса бермейді. Мұқағали ешкімнің ал­

дын  орап,  басын  жарып,  көзін  шығарған  жоқ.  Ал  мінез 

кім де бол майды дейсіз. Әсіресе, Мұқаң сынды биік та лант­

тардың  бол мыс­бітімі,  жаратылысы  ерекше  болады.  Ол 

бі реудің сыр тынан ғайбат айтуды білмейтін адал жан еді. 

Осы күні Мұ қағалиды «Жазушылар одағынан Әнуар Әлім­

жа нов шы ға рып жіберген» деген сөздер жиі айтылып жүр. 

Мен, шын ды ғында, олай емес екенін баспасөз беттерінде 

ашық  жаз дым.  Мұның  бәрі  –  ақын  еңбектерін  ғылыми 

тұрғыда тал дау дың жүйелі түрде қалыптаспағандығынан. 

Біз  Мұ қа ға лиды  ақиық  ақын  ретінде  танығанымызбен, 

оның шы ғар ма шылығына терең бойлап, жан­жақты зер­

де лей  қойған  жоқ пыз.  Мүмкін,  кейбір  жерлерде  Мұқаң 

жө нінде  ди плом дық,  кандидаттық  еңбектер  қорғалып 

жүр ген шығар, бірақ одан былайғы жұрт бейхабар.

– Кез келген тұлға туралы бір жүйеге түспеген зерттеу – әртүрлі те    ріс 

көзқарастар мен алыпқашпа әңгімелер тудыратыны сөзсіз. Со дан ке  ліп 

әлгі адамның төңірегінде ақиқат емес аңыз пайда болады. Кей  бір ор­

тада «осыны Мұқағали жазған» деген кейбір былапыт өлең  дерді ес тіп 

қаламын. Өз басым Мұқаңды көрдім, қасында оты рып азды­көпті әң ­

гімелерін тыңдағанмын. Бірақ Мұқаң анау айт қандай арзан сөзге ұры­

нып, қалай болса солай сөйлеп, не болса со ны жазатын ақын емес еді. 

Ақынның айтпағанын айтты, жаз бағанын жазды, істемегенін істеді деп 

жалғандыққа бару – оның аты на кір келтіріп, ғайбат айтумен бір дей. 

Демек, бұл – мұ қа ға ли та нудың әлі күнге дейін жүйелі түрде бір ар   наға 

тоғыспағандығының бел гісі. Мұқаңның өмірі мен шығармашы лы   ғына 

бойлау көбіне қа ра пайым естеліктер деңгейінде ғана жазылуда. Өкі ­

нішке қарай, Мұ қағали жайындағы естеліктердің көбін оқысаңыз, ақын­

  ның  бей несінен  гөрі  сол  естелікті  жазып  отырған  адамды  ғана  кө   ре 

аласыз. Ақын – жоқ, автор – бар. Ал мұндай естеліктер кімге ке рек? 

Жалпы, біз дегі тұлғатану саласына ғылыми көзқарас жетіспей тұр.

– Биыл Мұқаңның 80 жылдығына орай Алматы облысының 

әкі мі Серік Үмбетовтің демеушілігімен үш бірдей кітап жарық 

көр ді.  «Мұқағалитану  бастауы»  деген  сериямен  баспа  бетін 

көрген  бұл  кітаптарда  зерттеулер  мен  естеліктер,  басқа  да 

танымдық ең бек тер топтастырылған. Біздің шығарып отырған 

журналымыз да осы мұқағалитанудың алғышарттарына негіз 

бола алады. Мысалы, бізде белгілі бір орталық төңірегінде топ­

тасып, абайтанумен ай налысатын мықты ғалымдар бар. Сол 

сияқ ты Мақатаев мұрасына үңілу үшін арнайы орталық құру 

қажет. Әркім «өзінің Мұқағалиын өзінше зерттеуге ұмтылып 

жүргендіктен», мұқағалитану таза ғылыми тұрғыда әлі дүниеге 

келген жоқ. Егерде біз ақынның өмірі мен шығармашылығына 

қатысты  деректерді  ақиқатқа  негіздей  ал масақ,  Мұқағали 

бейнесі көмескілене бермек. Оның үстіне ақын ның көзін көрген 

замандастары  мен  қаламдастарының  қа та ры  сиреп  барады. 

Бірақ ғасырлардың құрдасына айналған Мұқағалидың аты еш­

 қашан өлмек емес. Десек те, ақын мұрасы тия нақты тал дауды, 

ғылыми көзқарас пен дәлдікті қажет етеді.

Дайындаған Алмат ИсӘДІЛ

Ақиық


 Тек ұлт руханиятына жанашыр бірді­

екілі облыс басшылары ғана ауылдардағы 

мұ ражайларға  азды­көпті  қолғабыс  етіп 

отыр. Меніңше, елеусіз ғана тасада қалып 

қой ған  шағын  мұражайларды  ірі  қала­

лар  ға болмаса белгілі бір аудан орта лық­

тарына  көшіру  қажет.  Ал  мұражайы  қа­

лаға  немесе  облыс  орталығына  көші ріл ­

ген  тұлғаға  қатысты  кейбір  дүниелерді 

ау  дан орталықтарындағы өлкетану мұра­

жай  ларынан  бір  мүйіс  ашып  орналасты­

рып  қоюға  болады.  Мысалы,  алақандай 

ауыл дар да ары кеткенде 3­5 мыңдай ғана 

адам тұрады. Ал қалаларда миллиондаған 

ха лық өмір сүреді. Оған алыс­жақын ше­

телдер  мен  еліміздің  өзге  де  өңірлерінен 

ке ліп­кететіндерді  қосыңыз.  Қанша  де­

ген мен  қалаларда  рухани­мәдени  орта 



Басы 1-бетте

Ой­КӨКпАр



Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, 

Республикалық кітап мұражайының 

директоры, жазушы

Хайролла ҒАБЖАЛИЛОВ, 

«Алаш» тарихи-зерттеу орталығының 

директоры, тарихшы-ғалым

Тұлғаларымыздың шалғай ауылдардағы 

мұражайларын ірі қалаларға көшіру керек пе?

қа лыптасқан. Оқу­білім іздеген жастар да 

осын да.  Сондықтан  да  ел  тарихында  ай­

тар лықтай  орны  бар  тарихи  тұлға ла ры­

мыз бен талантты өнер мен мәдениет қай­

 рат керлерінің  мұражайлары  орта лық  ­

тарда орналасқаны ұрпақтың рухани сер­

пілісі үшін де олжа болар еді. Бұл сон ша­

лықты қиын шаруа да емес. Ми нистрліктер 

мен  Үкіметке  алақан  жай май­ақ,  мұны 

об лыс деңгейінде ел зия лы ларымен келісе 

оты рып  шешуге  болатын  сияқты.  Мы­

салы,  Мағжанның,  Мұ қағалидың  мұ ра­

жайлары  шал ғай да ғы  кішкентай  ауыл­

дарда  орна ласқан.  Ол  жерлерге  белгілі 

бір  даталы  күн дер  мен  мерейтойларда 

бол маса, ха лық көп ба ра бермейді. Мы­

салы, Астанада Сә  кен Сейфуллиннің, Ал­

ма тыда  Ахмет  Бай   тұр сыновтың,  Әбілхан 

Қас теевтің,  Ға бит  Мүсірепов  пен  Сәбит 

Мұ қановтың  мұ ра жай  үйлері  жұмыс  іс­

тей ді.  Ол  жер лер де  экс понаттарды  сақ­

тау ға  қолайлы  жағдай лар  жасалған.  Со­

ны мен қатар он да түрлі кездесулер, топ­

тық экскур сия лар ұйым дас ты рылып тұ ра­

ды.  Де мек,  осындай  ма ңызды  мәдени 

ме   ке менің қалалық жерде орналасуы қай 

жа  ғынан болса да тиімді. Ол үшін қа жетті 

жо балар ретін түзіп, арнайы бағ дар лама 

жа салса игі іс болар еді.

  Еліміздің  түкпір­түкпірінде,  алыс 

жат  қан шағын ауылдарда қаншама мұра­

жай  ларымыз бар?! Соңғы кездері оларды 

қа лаға  көшіру  керек  деген  де  әңгімелер 

ай  тылып жүр. Меніңше, бұл ауылдың ру­

ха ни  тамырына  балта  шабумен  бірдей. 

Он   сыз  да  шетінен  тоналып,  шаруасы  да 

он   ша мәз болмай тұрған ауылды тағы бір 

құн  дылығынан айырғанымыз қалай болар 

екен... Тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңін­

де  ауылға  кітапхана  керек  емес  дедік  те, 

олар дың барлығын құрттық. Сонда кітап ­

ха  насы  мен  мұражайы  жоқ,  спорттық 

алаң    дары  жасалмаған,  мәдениет  үйлері 

бас қа мақсаттарда пайдалануға берілген, 

ру хани  өмірі  жұтаң  ауылда  қандай  бо­

лашақ  болмақ?  Меніңше,  ауылдардағы 

мұ ра жай ларды ірі қалаларға көшіру керек 

деп бай балам салып тыраштанғанша, ке­

рісінше, сол мәдениет ошақтарына арнайы 

қар жы бө ліп, кем­кетігін түзеп, жыртығын 

жа мап, он дағы қызметкерлерге барынша 

жағдай  жа салуы  қажет.  Қаладағы  мұра­

жай ларға  да  ха лықтың  барып  жүргендігі 

ша малы.  Осын шама  игіліктер  ауыл да ғы 

қа зақ бала сына керек емес пе? Қа зақ тың 

мық тылары қай дан шықты? Әри не, ауыл ­

дан. Бірақ біз қалаларымызды қар қын  ды 

да  мытып бара жатқанымызбен, түп қа зы­

ғы мыз  ауыл ды  за ман ға  бейім деуді  ұмы­

тып  кет кен дейміз.  Қа зіргі  ауыл дарда  не 

бір  са па лы  байланыс  пен  интернет  жоқ, 

газет­жур  нал дар тара тыл  майды, теле ди­

дар  мен  ра дионың  өзі  дұ  рыс  тарт пайды. 

Бы лай ша  айт қанда,  ақ п араттық  тас­

қыннан  тыс  тір ші лік  ету де.  Біз  болсақ, 

«ой   бай, алыс ауылдағы бә  лен шенің мұ ра  ­

жа йына кім барады дейсің» деп жеңіл жол 

із демек  боламыз.  Қа жет  бо латын  бол са, 

бел гілі бір тұл ға ның ауыл дық жер дегі мұ ра­

жайына  тиіс пей,  қалада  не месе  бас қа  да 

жерлерде оның оқыған, қыз мет еткен, шы­

ғарма шы лықпен ай на лыс қан орын  да рына 

ар найы  естелік­белгі  қоюға  бо лады  ғой. 

Тұл ғаны  дәріп теу  үшін  оны  ту ған  то пы ра­

ғынан айыру ақылға сый май ды. 



Дайындаған Алмат ИсӘДІЛ

Қ

ұ



М

ш

А



ры

Қ

Осы айтылған екі пікірдің де жаны бар. Рас, шалғай ауылдардағы 



мұражайлардың ғана емес, ондағы жалпы, әлеуметтік-рухани 

ахуалдың тиісті дәрежеде болмай отырғандығы жасырын емес. 

Осы тұрғыдан алып қарағанда, жөндеу көрмей, апатты жағдайда 

тұрған, кісі аяғы бара бермейтін шағын мұражайларды облыс 

орталықтарына көшіру орынды ұсыныс сияқты. Әйтсе де біз ауыл 

мәдениетіне де көлеңке түсіріп алмауды ойласуымыз қажет. 

Қайткен күнде де бұл – елмен ақылдасып шешетін шаруа. Бұл 

жағдайда «арба да сынбайтындай, өгіз де өлмейтіндей» әрекет жасау 

қажет. Мұражай – бұл жай ғана жәдігерлер сақтайтын қойма емес, бұл 

ең алдымен, ел мен жер тарихы. 

Түй

ІН

Миында ұлттың коды жазылған ақын

Ол  үшін  жатпай­тұрмай  оқуым 

ке рек» деп кітаптан бас алмайтын», 

– деп еске алғаны бар. Десе­деген­

дей­ақ,  Мұқағали  –  шаршамай, 

тал  май  іздену  арқылы  өзін­өзі  үз­

дік сіз  жетілдірген  ұлан­ғайыр  білім 

ие сі болды да. Әйтпесе қарапайым 

қа зақ ауылында туып, қазақ мек те­

бін де  оқыған  ақынның  мектепте 

орыс тілінен сабақ беретіндей, ке йі­

ні рек тіпті У.Уитмен, Данте, шекспир, 

пуш кин,  Некрасов,  Блок  тәрізді 

әлем  дік  деңгейдегі  классиктердің 

шы ғар маларын  ана  тілінде  ше бер­

лікпен сөйлетердей мүмкіндігі бол­

мас  еді.  Бұл  ретте,  М.Қабанбаев 

айт пақшы,  «миында  ұлттың  коды 

жа зылған»  Мұқағали  –  кей бі реу­

лердің  «Ақынға  білім  қажет  емес, 

та биғи  талант  болса  жеткілікті»  де­

ген жаңсақ пікірін терістеген бірден­

бір ұлы тұлға. 

Алғашқы  жинағы  жарық  көр­

геннен  кейін  небәрі  12  жыл  өмір  сүр ген 

Мұқағали сол аралықта сегіз жыр жинағын 

шығарған, 

«райымбек! 

ра йым бек!», 

«Ильич», 

«Аққулар 

ұйық та ған да», 

«Мавр», «Моцарт. Жан азасы» тәрізді бас­

 қа  да  бірқатар  поэма­толғаулар,  көр кем 

аудармалар  қалдырған,  мыңнан  ас там 

өлеңдер  жазған.  Алайда  қаламы  құр ға­

май жазып­сызғанына және қыруар әдеби 

мұра  түзгеніне  қарамастан,  ақын ның  сол 

тұста жарық көрген жинақтарының кө лемі 

де,  таралымы  да  өзгелермен  са лыс тыр­

ған да  әлдеқайда  аз  болған.  Бұл  ту ра лы 

жа зушы, баспагер Бексұлтан Нұр же ке ұлы­

ның: «Мұқаң көзі тірісінде жыл са йын не 

жы лара  шығып  тұрған  кілең  жұп­жұ қа 

жи нақтардан­ақ  шаршап  біткен  бо луы 

керек  деп  ойлаймын.  Қатарластары  том­

томдап  кітап  шығарып,  қомақты  қа ла­

мақы  алып,  шалқақтап  жүргенде  о  жа­

рықтық өлерінде көрген «Өмір­дастаннан» 

өз ге  қалың  кітап  шығарып  көрген  жоқ. 

Өйткені сөзін сөйлейтін адамы – «кры ша­

сы»  болған  жоқ.  Мардымды  қызметі  де 

бол мады. Оның үстіне «ішеді» дегенді жа­

уы да, досы да сыбырлап алға тартты да 

отырды.  Соның  бәрі  оған  кесір  болды. 

1979  жылы  Нұрлан,  Баққожа  үшеуміз 

қол   жазбаларынан  жинақтаған  «Өмір­

өзен» кітабының көлемі ақынның көзі ті рі­

сін  де шыққан «Армысыңдар, достарым!», 

«Қар  лығашым, келдің бе?», «Мавр», «Да­

ри ға  жүрек»,  «шуағым  менің»  деген  бес 

кітабының  көлемімен  бірдей  екен.  Мұ ны 

қазақ  шөміштен  қағу  дейді»,  –  деп  қын­

жыла  еске  алғаны  бар.  Бір  айта  ке терлік 

жайт – Мұқағалидың 70 жылдығына орай 

«Жалын»  баспасы  ақынның  төрт  том­

дығын  шығарды  және  оның  үш  томына 

ақын ның  бұрын­соңды  жарияланбаған 

шы ғармалары  енді.  Бексұлтан  аға  айт­

қандай, «Өлген адам өлең жазбайды ғой. 

Де мек, соның бәрі тірі күнінде­ақ жа зыл­

ған,  бірақ  әртүрлі  себеп­сылтаулармен 

жа рық  көрмей  қала  берген.  Соның  бәрі 

Мұ қаңның  жүрегін  жараламады,  көңілін 

жү детпеді деп кім кепілдік бере алады?» 

Ең бір кереметі, Мұқағали поэзия жан­

ры на ғана емес, проза, драма, сын са ла­

сына да қалам тартып, «Құлпытас», «Әже», 

«Өз гермепті»,  «Марусяның  тауы»  әң гі ме­

ле рі мен «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» 

по  вестерін,  «Қош,  махаббат»  пьесасын 

жаз   ды.  Өкінішке  қарай,  ақынның  про за­

лық шығармалары күні бүгінге дейін әде­

биет ші қауымның зерттеу аясынан мүлде 

тыс  қалып  келеді.  Ол  түгіл,  жан­жақты 

зерт телініп жүрген тәрізді болып көрінетін 

поэ зиялық  шығармаларының  өзіне  ба­

йып ты талдау жетіспейді. Біздің сыншыла­

ры мыздың, мұқағалитанушы ла ры мыздың 

ақын  өлеңдерін  таразылауы  көбінесе  со­

ның  мазмұнын  қара  сөзбен  қайтадан 

баян   дап берумен ғана шектеледі. Ал қара­

па йым  оқырман  ретінде,  мысалы,  мені 

Мұ  қа ғалидың  не  себепті  «Біздерде  мо­

настырь  жоқ,  Мен  оған  барар  едім»  деп 

ағы нан  жа рылғаны  болмаса  «Қайтеміз 

ен ді... ұлы бола алмай ішеміз» дегенде не­

ні меңзегені, сол сияқты «Жапырақ жүрек 

жас  қайың,  Жанымды  айырбастайын...» 

деп неліктен мұң төккені, «Қылышың емес 

пе едім қы наптағы, Жоғалттың неге мені, 

пай ғам ба рым?!»  деп  неге  күрсінгені  ой­

лан тады. 

Өкінішке қарай, біздің әде биет та ну шы­

лар  ақынның  адами  болмысы  мен  өзін дік 

ұстанымын,  әлдебір  жағдайларға  бай ла­

нысты тың да тосын көзқарастарын өз дең­

ге йінде, өз дәрежесінде түсінуге ты рыс пай­

ды. Мұқағали туралы әңгімелердің де ні не 

біржақты мақтау, мадақтау, не бол   маса бір­

ыңғай кінәлау, жамандау си па  тында болып 

ке леді.  Мақтайтындар  «мық ты  ақын  еді, 

әттең,  қоғамнан,  орта сынан  те періш  кө ру­

мен өтті» десе, келесі біреулер «оған тәп­тә­

уір  қызметтер  де,  үй  де  бе ріл ді,  өлеңдері 

жа рияланып жатты, атақ­даңқ ты өзі көтере 

ал мады» деп сө геді. Бәл кім, екі пікірдің де 

жа ны  бар  шы ғар.  Бі рақ  ендігі  мақсат  – 

ақынды  не  ақтау,  не  дат тау  болмауы  тиіс. 

Бүгінгі  қауымға  ақын  өмі рінің  шындығы 

қажет. Осы орай да ақын Зайда Елғон ди но­

ваның:  «Біз  тұл ға  ла рымыздың  бейнесін 

қол  дан салынған, күл лі жұрт табынып, сы­

йы  натын  сурет  тү рін де  жасауға  құмармыз. 

Әри не,  біреудің  же  ке  өмірін  қазбалаудың 

қа  жеті  жоқ.  Әйт се  де  ешкім  періште  емес, 

ақын да – адам. Оның да қателескен тұс та­

ры,  кемшін  мі нез  дері,  жеке  тағдыры  бар. 

Осы  тұрғыдан  ал ғанда,  бізге  Мұқағалиды 

адам ретінде зер делеу жетіспейді», – деген 

пі  кірі  көңілге  қо  нады.  Қалай  дегенмен  де, 

ке  зінде ақын ның: 



Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз оның бәрін пешенеден.

ОйТАМыЗыҚ



Бүгінде қазақ поэзиясының Хантәңірісіне баланып жүрген Мұқағали 

әуел бастан-ақ талантты ақын ретінде танылғанымен, өлеңдерінің сынға 

ұшыраған кезі де болған.

Мұқағалида «көмескі ой», 

«жұтаң жол» болды ма?

Нақтырақ айтқанда, 1969 жылдың 14 

мау сымында  «Қазақ  әдебиеті»  газетінде 

жарияланған  «Менің  кішкентай  күнім» 

(шолпаныма), «Қандай бақыт! Күнді мен 

күн де көрем...», «Дариға­ай! Жұртым ма­

ған бір ат берсе...», «Аякөз – ару», «Ма­

хаб  бат бейіті», «Тірімісің, жүрегім?» атты 

өлеңдер топтамасы Жазушылар одағында 

үлкен  талқыға  түседі.  Сөйтіп,  «М.Ма қа­

таев тың жарияланған өлендерінде күң гірт, 

көмескі  ойлар,  жұмбақ,  жұтаң  жол дар 

баршылық. Ақын өмірдің сан алуан сырын 

астарлап  жырлаймын  деп  отырып,  жеке 

адам ның басында кездесетін күйреуіктік, 

күй бең сарындарға бой ұрып кеткен. Бұл 

әсі ресе оның кішкентай бөбегіне арналған 

ал ғашқы өлеңі мен «Тірімісің, жүрегім?» 

ат  ты өлеңінде айқын байқалады» деп ұй­

ға рылады. Сонымен бірге «газетке баратын 

ма  териалдарға  жауапсыз  қарағандығы 

үшін» «Қазақ әдебиеті» газетінің бас шы ла­

ры Н.Ғабдуллин мен «жауапты хатшының 

қыз  метін сол кезде уақытша атқарған Ж.Тә­

   шеновке»  ескерту  беріледі.  Сынға  ұшы­

раған шығармалар ретінде ақынның бір­

де­бір кітабына кірмеген бұл өлеңдер ке­

йі нірек  М.Мақатаевтың  «Жалын»  бас па­

сынан жарық көрген шығармалар жи на­

ғы ның үш томдығына енгізіледі. 

Әділетсіз сынға ұшыраған осынау шы­

ғар малардың бірі 



«Аякөз – аруға» әнші­

ком позитор Тұрсынғазы рахимовтың ке­

ремет ән жазғаны белгілі. 

Аякөз деген – аядай бұлақ деседі,

(Жұрттарда қалған жұмбақты 

                                   кімдер ше шеді?!)

Аякөз болып ғасырлар алға көшеді,

Ая, көз, ая – Арулар елі кешегі, – деп 

тү йінделетін бұл ғажап ән бүгінде естіген 

жанның  жүрегін  дір  еткізбей  қоймайды. 

Сол сияқты өзге өлеңдеріндегі: 



Кішкентай күнім, сені мен

Арқалап жүріп айығам,

Табанға кірген шегеден,

Миыма қаққан сынадан... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет