таңғаласыз.
қа ғали то йы. Әзірге осыған қуанамыз.
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет
№22 (474)
9.02.2011 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
Муза
Майлы бояу
Ақын жырын бояумен
көмкерген...
Күні кеше ғана Мұқағали әлеміне қа
тыс ты тағы бір қызықты тылсым оқиға бол
ды. басынан бастап қысқаша баяндайтын
болсақ, әңгіменің ұзынырғасы мынадай:
алматыдан Мұқағали ауылына қарай
бағыт алған Құлжа күре жолымен бара
жатқанда 160 шақырымдай жерде Көкпек
жоталары басталады. арғы жағы – бірша
ма аумақты алып жатқан жазық дала. осы
Көкпек жоталарынан батысқа қарай 30
шақырымдай жердегі жоталардың бірі
мүжіліп құлап, жартас пайда болған. Елдің
айтуынша, сол жартас қатпарларының бір
бөлігі тылсым табиғаттың күшімен Мұқаға
ли бейнесіне ұқсап қалған екен.
Күре жолдан шеткері жатқан бұл
жартасқа көлікпен бару да оңай емес. бұл
маңнан көбіне саятшыаңшылар мен мал
шылар ғана өтеді. осы жақтағы аңғарлар
арқылы ары қарай атақты асы жайлауына
өтуге болады. бұл жерге былайғы жұрттың
табаны тие де бермейді. Әлгі мүжілген
жотаның кескіні Шарын шатқалының
ТылсыМ
Табиғаттың өзі қашаған
Мұқаңның мүсіні
Биыл ұлтымыздың
ұлы ақыны Мұқағали
Мақатаевтың 80 жылдық
мерейтойы еліміздің әрбір
өңірінде салтанатпен
аталып өтпек. Негізгі мереке,
әрине, ақын туған өңірде,
аспантаулар аясындағы
Хантәңірі етегінде дүр-
кі реп өтетіні сөзсіз.
Ақиық ақынның жүрек
түкпірінен толқып шыққан
жырларының астарында
қандай тылсым болса,
оның болмыс-бітімінде
де әулиелік болғандығы
жайында аңызбен көмкеріл-
ген әңгімелер көп-ақ.
Алмат ИСӘДІЛ
табиғатына келіңкірейді. бір қызығы, жұп
жұмыр жоталардың ішінен біреуі ғана бел
гісіз бір табиғи тылсым күштің әсерінен
айырылып, жақпарланып қалған.
сол өлкеде Мүлік деген атпен белгілі,
шын есімі Мұхамед деген саятшы кісі бар.
Өзі Нұра ауылынан екен. сол кісі бір күні
әлгі жартастың маңынан өтіп бара жатып,
оның жақпар тасының адам бейнесіне ке
летінін бай қайды. алғашында аса мән
бермеген ол жартастың бетіне қайтақайта
үңіліп, оның Мұқағали бейнесіне ұқсай
тынын аңғара ды. бірақ осы оқиғаны ол
жан адамға тіс жарып айта қоймайды.
саятшының көкейінде «мүжілген жартас
Мұқағалидан аумайды екен» деп айтсам,
елжұрт қалай қабылдар екен?» деген
күдік пен күмән басым болды. Қалай бол
ған күнде де, Мү ліктің бойында «мүмкін,
менікі жай ұқсату ғана шығар» дегенге сая
тын бір сенім сіздік тің, қорқыныштың
болғаны анық. басқабасқа, ол ақынның
көзкөрген замандастары, балалары мен
туыстарының алдында масқара болып
қалмаймын ба деп те ойласа керек.
бұл – осыдан екі жыл бұрын болған
жағдай. содан араға біраз уақыт сала келе
саятшы көзімен көргенін ауыл ақсақалда
рына әңгімелеп береді. Кейін жартасты
барып көрген біраз қыңыр шалдар әлдебір
себептермен Мүліктің мұнысын күлкіге ай
налдырып, «мынауың Мұқағалиға емес,
Карл Маркстен аумайды екен» деп жүреді.
Дегенмен табиғаттың құдіретіне бас иген
саятшы бұл жағдайды баяндау үшін жар
тасты суретке түсіріп алып, алматыдан
шығатын «Мұқағали» журналына барып
жариялатады. бірақ суреттің алыстан
түсірілгендігінен әрі оның сапасы тым әлсіз
болғандықтан, басылым оқырмандары
бұл жағдайды аса бір жаңалық ретінде
қабылдай қоймаған. Әйтсе де алған беті
нен қайтпаған саятшы өзі жақсы танитын
белгілі ақын бақыт беделханұлына хабар
ласып, шындыққа көз жеткізуге қолғабыс
етуін өтінеді. содан алматыдағы бір топ
журналист пен қаламгер, ақынның туыста
ры мен Қазақстан Жазушылар ода ғы ның
бір топ өкілі – барлығы 50 шақты адам бо
лып табиғаттың өзі қашаған мүсін нің шын
мәнісінде де Мұқағалиға ұқсай тын дығына
көз жеткізу үшін Көкпек жоталарына жол
тартып кетеді. сонда барып жартастағы тас
мүсінді өз көзімен көр ген жандардың
барлығы жартастың қат па рынан Мұқағали
бейнесін жазбай таныған. олардың ара
сында ақиық ақын ның ұлы Жұлдыз да
болған. ол кісі таңға лып: «Жар тас тағы тас
мүсін әкемнен аумай ды екен», – дегенде
барып саятшы Мү лік тің жүрегі орнына
түседі. оны бір қараған адам байқамауы
мүмкін, тек зерделі көзбен көре білу керек.
Көпшілік «Мұ қаң өзі де тегін адам емес
еді, бұл да бір тегін болмаған жұмбақ
құбылыс болды» десіп тарасқан. «алланың
құдіретіне адам ның ақы лы жетпейді» де
ген осы болса керек...
ару алматының бір кездегі студенттері,
ақынның замандастары – бүгінгі қазыналы
қарттар қазір республиканың түкпіртүк пі
рінде, кейбірі шетелдерде тұрып жатыр.
Егер осы кісілердің қолында Мұқаға ли мен
бір ге түскен суреттері, ақынның өз қолтаң
басы, жарияланбаған жырлары, даусы,
бей несі жазылған таспалар болса, біздің
ре дакциямызға хабарласуларыңызды өті
не міз. Қарап отырсақ, қолымызда М.Ма
қа таевтың бірдебір жарытымды бейне
таспасы жоқ екен. ол, бәлкім, бір кісілерде
бар да шығар. Егер бар болса, оны ақпа
рат тық ғасырдың игілігіне айналдыру ке
рек деп санаймыз.
Кім білсін, қазақ әдебиетіндегі қайта
лан бас тұлға жайлы жаңа деректі фильм,
құ дай бұйыртса, биылғы жылы түсіріліп
қалар...
ардақты алаш оқырманы!
Қазақ поэзиясының шын жанашырлары!
Ұлт санасын дүр сілкіндірген найзағай
жырдың иесі Мұқағали Мақатаевтың туған
күнімен баршаңызды құттықтаймыз!
Редакция мекенжайы:
Алматы қаласы, 050051, Бегалин
кө шесі, 148/1А
Телефон: 8(727)388-80-60, факс:
8(727)388-80-61
e-mail: info@alashainasy.kz
www.alashainasy.kz
ҚҰлаҚҚағыс
Мұқаң жайлы деректер
молайсын десек...
Ұлт ақыны Мұқағали
Мақатаевтың туғанына 80 жыл
толуына орай республиканың
жер-жерінде әдеби-мәдени
кештер жиі өткізіліп жатыр. «Алаш
айнасы» газеті осынау игілікті
шараның шын жанашыры екенін
және Мұқағали Мақатаевтың
өмірі мен шығармашылығына
қатысты жаңа заман көзқарасын-
да ғы тың пайым-пікірлеріңіз
болса, жариялауға даяр екендігін
жеткізеді.
Та
лға
М
Мұқағали жайлы қос қойылым:
бірі – сахна төрінде, бірі сахнадан кетті
Мәриям ӘБСАТТАР
Ешкімнен есіркеу күтпей, ескерткіш те тілемей, өз
қолымен өзіне «мәңгілік мүсін» соғып кететін теңдессіз
тұлғалар болады, өмірде өте сирек кездесетін сондай
жандардың бірі – Мұқағали. Ең бір мызғымас мүсіндер
мәрмәрдан соғылатын болса, Мұқағали «өз мүсінін»
мәрмәрдан мың есе мықты, миллион есе өміршең
өлеңдерімен өріп, мөлдір сезімімен сылап, бүкіл ішкі
болмысымен бекітті. Сондықтан да пәнидегі «сыртқы
қабы» – тәнін тастап шыққан күні ақын жаны осы өзі
сомдаған «ескерткішіне» көшті.
?
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Естуімше, Мұқағали Мақатаев ешқандай да жоғары оқу орнын
бітірмеген көрінеді. Осы қаншалықты рас?
Арман ЫРЫСТЫ, Талғар ауданы
Мұқаңның шын аты кім? Және шын туған күні
қашан? Рас, бүкіл ел болып жыл сайын 9 ақпанда
тойлаймыз. Бірақ кейбір деректерде басқаша
мәліметтер айтылады ғой.
Ержан ТАБЫЛДЫ, Алматы
Негізінде, Мұқағали жоғары оқу орын
дарының бірнешеуіне еш қиындықсыз
түседі. Мысалы, қазіргі ӘлФараби атын
дағы ҚазМҰудың филология факультетіне,
одан кейін шет тілдер институтына, сосын
қайтадан ҚазМҰудың заң факультетіне
қабылданады. бірақ тұрмыстық себептерге
байланысты әрқайсысында бір жылдан
асараспастай уақыт қана оқиды. ал 1973
жылы Қазақстан Жазушылар одағының жол
дамасымен Мәскеудің М.Горький атын дағы
Әдебиет институтына барып тү седі. бірақ
анасы өз естелігінде: «...оны да тауысқан
жоқ... олардың білетінін өзім де біледі екем.
алматымды сағындым. балаларымның
қасында болайын деп, кеттім де қалдым»
деп бір жылдан соң ел ге қайта оралды», –
дейді. Мұқағалидың кез кел геннің қолы жете
бермейтін айтулы оқу орын дарының өзіне
опоңай түсуі – әрине, ақын ның оқубілімге
деген құштарлығы мен қабілетқарымы аса
зор болғандығының айғағы.
Мұқағали сүлейменұлы
ның азан шақырылып қойыл
ған аты – Мұхаметқали. бірақ
«пайғамбар атын алып жүру
жас балаға ауырлық етеді»
деп есептеген атаанасы оны
кішкентай күнінен «Мұқағали»
деп еркелете атап кеткен.
анасы Нағиманның ай
туынша, Мұқағали алматы
облысының Райымбек ауда
нына қарасты Қарасаз елді
мекенінде 13 наурызда
туыл ған. бірақ құжат бойын
ша 9 ақпан деп жазылып
кет кен.
Мұқағали қайда оқыған?
ақынның туған күні қай күн?
Жұлдыз МҰҚАҒАЛИҰЛЫ:
– Осыдан екі күн бұрын Жазушылар одағынан Бақыт Беделхан деген ақын ба-
уырым хабарласып, осы бір ғажайып жағдай туралы сүйіншілеп айтып, әкеміздің
бейнесіне ұқсайтын табиғи мүсінді көзбен көріп қайтсаңыз деп өтініш білдірген бо-
латын. Содан бір топ кісімен бірге әлгі жартас тұрған жерге бардық. Менің
таңданысымда шек болмады. Жартастағы сұлба көрінісі әкемнің қырынан тік қарап
тұрғандағы кейпіне қатты ұқсайды екен. Жартастың астына елдің көмегімен
«Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың табиғи мүсіні» деген жазуы бар
арнайы белгі-тақта қойылыпты. Ел ағалары ономастикалық комитеттен осы жерді
«Мұқағали сайы» атайық деп сұраған екен. Ол енді өз шешімін таба жатар. Табиғаттың
өзі қашаған осынау керемет мүсін орналасқан жерді жергілікті жұрт онсыз да
«Мұқағали сайы» деп атап кетіпті.
Десек те, біз сол Мұқаң салған «ескерт
кіш тен» не сыр ұғып, оны қалай өз өмі рі
міз ге азық етіп жүрміз? басқа жағын айт
па ғанда, тек бір ғана сахнадағы, экрандағы
Мұқағали дегенге тоқталсақ... Экран де
ген нен шығадыау, Мұқағалидың асқақ
кеудесін кең жайып, өлең оқып тұрған не
қалың ойға шомған тым болмаса бір
сәтінің бейнетаспаға түспей қалуы – сол
тұстағы телевизия маңында жүрген аға
апаларымыздың, сол кезде телевизия
тізгінін ұстаған басшылардың жіберген үл
кен ағаттығы. сондықтан біз Мұқағали об
ра зын өлеңдерінен бөлек, драмалық шы
ғар малардан іздейміз. сол арқылы әркім
өз қиялындағы Мұқағалимен қауы шады.
Ендеше, бізде ақын жайлы қандай қойы
лымдар бар?
«ҚОш, МАХАББАТ»
САХНАМЕН ҚОш Ай ТЫСТЫ МА?
бірінші кезекте, әрине, Мұқаң өз қолы
мен жазған «Қош, махаббат» еске түседі.
себе бі прототипі өзі ғой. бұрнағы жылдары
әкемтеатрда жиі қойылатын осы туынды
кейінгі кезде неге қойылмай жүр? біз осы
сауалмен қойылым режиссері болат
атабаевқа қоңырау шалдық.
Болат АТАБАЕВ, режиссер:
– Қазақ сахнасында оның қойылып
келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт
болды. Енді бүгін оны күні өткен, ескі спек-
такль деп репертуардан алып тастады. Не-
гізінде, спектакльдің моральдық тұрғыдан
ескіретіні рас. Тақырып ескіреді. Көтерген
мәселесі өзекті болғанымен, қойылымның
уақыт өте келе құрамы өзгеріп, бір әртістің
орнына екіншісі келіп, бастапқы кездегідей
емес, ойындарында алшақтық пайда бола-
ды да, солайша ол өзінің бастапқы кездегі
бағасынан, сапасынан айырылады. Сон-
дық тан алып тастаған шығар. Мұқағали
шы ғармашылығы тұнып тұрған лирика
ғой. Бірақ «Қош, махаббат» – шыны керек,
негізінен, сахналау үшін емес, оқу үшін
жазылған пьеса.
– Қазір «күні өткен» дегенге келісіп
жатқаныңызбен, кезінде соны өзіңіз ғой
сахналаған, жұрт қалай қабылдап еді?
– «Қош, махаббат» тұңғыш сахна лан-
ған да Лашын апамыз келіп көрген. Тіпті
таң ғалып та кеткен.
«МҰҚАҒАЛИ» 100-ІНшІ РЕТ
САХНАЛАНБАҚ
бүгін – Мұқаңның туған күні, алма ты
дағы М.Әуезов театрында Әкім Таразидің
«ақын, Періште, Махаббатының» афишасы
ілу лі тұр. ал астанадағы Қ.Қуанышбаев
атын дағы Қазақ драма театрында серік
Тұр ғынбекұлының пьесасы бойынша
қойыл ған «Мұқағали» қойылымы болады.
бұл туындының елорда жұртшылығының
назарына ұсынылғанына биыл сегізінші
жылға аяқ басыпты, сондайақ биылғы
ме рейтой қарсаңында қойылым 100інші
рет сахналанбақ екен. біз пьеса авторы,
ақын ағамыз серік Тұрғынбекұлына хабар
ластық.
Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын:
– Ақын ғұмыры жайлы туынды
жазу оңайға соқпаған шығар, әркім
өз «Мұқағалиын» жасағысы келеді.
Сіз қалай көрсеткіңіз келді?
– Әрине, өмірін толық қамту мүмкін
емес, сондықтан мен ол кісінің нағыз шы-
ғар машылыққа берілген, өмірі мен
қызметі барысындағы қайшылықты
оқиғаларға толы он шақты жылын
қамтуға тырыстым. Өзі ұзын бойлы, кең
иықты кісі еді ғой, соған сай жалғанды
да жалпағынан басып жү руші еді. Сол ер-
кіндігінен қызмет ор нында да көп істей
алмайтын, кетіп қала береді. Оның ра-
дио дан, басқа да орын дар дан қалай
шығып кеткенін шығармамда қам тыдым.
Бір ғана мысал, Пастер көше сі нің бойын-
да Мұқағалиды милиция ұстап алған.
Ақыры сол көше Мұқағалидың аты на
берілді. Мен осы оқиғаны қойы лым ға
енгіздім. Бір қызығы, Мұқаң өзінің тура
айт қан, жүйеге қайшы келетіндіктен, жа-
рия ланбай қалған өлеңдерін «Мағжан-
ның өлеңдері» деп оқитын. Мысалы:
Алматы – сайтан қала,
сайқал қала,
Жем болған Балтыққа да,
Байкалға да.
Аядай Алатауға тығылды кеп,
Сандықтау, самала бел,
байтақ дала,
– дейтін өлеңі бар. Бұл әлі күнге дейін еш
жер де жарияланған жоқ шығар. Мен
кейін Мағжан өлеңдерін түгел ақтарғанда,
мұн дай шумақ таба алмадым. Демек,
Мұ қаң ның өз өлеңі, ақиық ақын Мағ-
жан ның мұ ңы мен астасып өлең жазатын
болғаны ғой.
Махаббаты жайлы әркім әр нәрсе
айтады. Мен өз шығармамда ақын ма-
хаб ба тын Муза деген кейіпкер арқылы
көр сет кім келді. Бұл шуақты жағы болса,
көлеңкелі тұсы ретінде Жалғасбай атты
кейіпкер ен гіздім. Мұқаңның көлеңкесі
секілді ереді де жүреді, басқан ізін аң-
дып, әр қадамын жеткізіп тұрушы «үш
әріптің» мүшесі – осы кейіпкерді де ақын
өмірінің шындығы көрерменге ашыла
түсу үшін қостым. Жалғасбайға Мұқаңның
өзі де: «Сен осы КГБ-ның адамы емессің
бе, неге қалмайсың жанымнан?» – деп,
үйінен талай қуып та шығады, бірақ ол
бәрібір қалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: