Ахмет Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі4,06 Mb.
#7318
1   2   3   4   5

Жұпар ҚОЖАХМЕТОВА,

ГӘФ журналистика 

мамандығының 3 курс 

студенті

«Қыз-қонақ, қыз – жат 

жұрттық» деп жатады халық 

арасында. 

Қыз  тәрбиелеп  отырған 

кез­келген  ата­анаға  үлкен 

жауапкершілік артылған. Өз 

теңін  тауып,    ибалы  келін, 

аб зал  ана  атану  ­  атанбауы 

да  осы  отбасында  берілген 

тәрбиеге байланысты.   Бар­

ған  жерінде  қызға  қарап­

ақ  оның    ата­анасын,  тіпті 

бар  әулетінің  қандай  екенің 

бағалайды.

Бүгінгі мен қозғайын деп 

отырған тақырып қыздың қай 

жасқа келгенде тұрмыс құр­

ғаны дұрыс екеніне арналады. 

Ертеде, “он үште – отау иесі” 

деген пікірді ұстанған халық 

едік. Қазір ойлап қарасақ, он 

үш жастағы қыз немесе ер ба­

ла қандай? Ия, ойын баласы. 

Мүмкін  бұрынғы он үш жас, 

қазіргі кездегі он сегіз жас­

пен тең шығар?  Жақсы, он 

сегіз жасар қыз делік. Егер 11 

жылдық білім алса, ол қыз­

дың  мектеп  бітіргеніне  тек 

қана бір жыл болмақ.  Мектеп 

бітірген  соң  бірден  тұрмыс 

құр ған  болса,  қазіргі  жаңа 

за ман  қазақтары    арасында 

орта білім ғана алған қызды 

тұрмысқа  беру  ұят  деп  са­

налады.  Ал  егер  ол  қыз  үй­

дің  жалғызы  немесе  үлкені 

бол са,  диплом  алып  бермей 

құдаларға  тапсыру  тіпті 

ұят  деп  санайды.  Өйткені 

“жұрт  не  дейді?”,  “туыс қан­

дардан  ұят  болады”  деген 

пікір қанымызға әбден сіңген. 

Ал  егер  ол  мектеп  біті ріп, 

жоғары  оқу  орнына  түс­

кен  болса,  ол  қыз  тек  қана 

бірінші курс студенті бол мақ.  

Енді ойлап қарайық, ол қыз 

оқуын оқу керек пе әлде күй­

еуінің жағдайын жасап, үйдің 

жұмысын  атқаруы  керек 

пе?  Жастар  өз  арасында 

мүмкін  бірнәрсе  етіп  келі­

сіп,  бір  шешімін  табар,  ал 

егер олармен бірге атасы мен 

енесі тұрса, жағдай қиын.

Егер  қыз  бала  қалаған 

ма мандығына  түсіп,  оқуын 

аяқ таса, диплом алған кезде  

оның  жасы  шамамен  21­22­

де  болмақ.  Төрт жыл бойы 

оқыған еңбегінің зая кетпесі 

үшін  ол  қыз  міндетті  түр де 

жұмысқа  орналасады.  Жү­

мыс та тәжірбие жинап, жа ңа 

ортаға  сіңісу  үшін  кемінде 

1­2 жыл уақыт керек. Ақылы 

бар  аруларымыз  бұл  уа­

қыт та  ЖОО­нан  кейінгі  ма­

гистратураға  түсіп,  оқып 

алу ға  үлгіреді.  Сөйтіп  қыз­

дың  жасы  24­25­ке  келеді. 

Бұл  жастағы  арулар  қоғамда 

өзіндік  ойлары  қалыптасқан, 

өз­өздеріне  сенімді,  өз  орын­

дарын 


тапқан 

болады. 


Бұл  жастағылар  дайын  ас қа 

тік  қасық  болғысы  кел мей­

тіндер.  Өз  жағдайларын  жа­

сап,  тәуелсіз  болу  олардың 

басты  мақсаты.  Ондай  қыз­

дар  оны­пұны  жігіттерге 

қара майды.  Теңін  іздейді, 

тан  дайды.    Бір  жағынан  бұл 

уақытта ала қояр жігітің бол­

са жақсы әрине, болмаса осы 

қал пыңда  қалғаның  қалған. 

Жігіттердің  басым  бөлігі  19­

22  жастағы  бойжеткендерді 

қолына қондыратыны мәлім. 

Ал    25­26  жасар  қыздардың 

ба  сым  көпшілігі  осы  өмірін 

ары  қарай  жалғастырып, 

жал  ғыз  қала  береді.  Сонда 

ай тыңыздаршы,  қыз  бала 

қан ша  жаста  тұрмысқа  шы­

ғуы керек?!

P.S  Менің  ойымша,  тұр­

мыс құру деген қатып қал ған 

қағида  емес  және  тұрмысқа 

неше жаста шығу керек екені 

жайлы  нақты  пікір  айтып, 

жазылмаған  заң  шығару 

дұрыс  емес.    Арнайы  ма­

ман дардың    денсаулыққа  қа­

тысты пікірлері болмаса, қыз 

өзі  дайын  болған  уақытта 

ғана  тұрмыс  құрғаны  дұрыс 

деп  санаймын.  25­30  жаста 

отау  құрып,  басына  түскен 

істі  ақылмен  шеше  алмай 

ажырасып  жатқандар  жоқ 

емес.  Керісінше,  жас  кезінде  

ке лін  атанып,  тәп­тәуір  от­

басының  ұйытқысы  болып 

отырған қыздарымыз да бар.  

Жағдайды  дұрыстап,  содан 

кейін ғана үйленеміз деген жа­

старды  да  түсінбеймін.  Ме­

ніңше,  бас  екеу  болмай,  мал 

төртеу болмайды.  Ортақ мақ­

сат  құрып,  бірігіп  соған  же­

тіп,    қосағыңмен  бірге  ең­

бектеніп  тапқан  нанға  не 

жетсін?! Не десек те, ниет тү­

зу болса болғаны.

Біздің сұхбат                       

Ербол Иіпбергенов: «Қазақша 

ақпаратқа сұраныс мол»

Оразхан ЗЕЙНОЛЛА, 

ГӘФ журналистика 

мамандығының 2 курс 

студенті

Демократиялық 

елде халықтың сөзін 

сөйлейтін жандардын бірі 

журналистер. Елімізде 

сөз бостандығына рұқсат 

берілгеніне 24 жылдан асты. 

Француз  ғалымы  Онере 

де Бальзак «Төртінші билік» 

деп  атап  кеткен  журналис­

тика 

саласының 



бү гінгі  қо ғамдағы 

маңызы 


қандай? 

Жас  журна лис те­

рі міз  мем лекеттің 

өр кендеуіне  немесе 

халықтың  ой  сана­

сының  жа ңа  дең­

гейде қалыптасуына 

қан дай  үлес  қосып 

жатыр? 

Қостанай  қа ла ­



сында  біз  бі ле тін 

екі  телеарна  және 

бір неше  газет­жур­

нал,  радио  тыны ­

мсыз  жұмыс  іс тей­

ді.  Жер гілікті  БАҚ 

«Қазақстан­Қос та­

най  РТРК»  АҚ  ҚОФ­ның 

аға  редакторы  Иіп бер ге­

нов  Ербол  Қуа нышұ лын 

бірі  білсе,  бірі  бі ле  қой­

май ды.  Телеарнадан  бер і­

летін  түрлі  бағдар ла малар 

мен  жаңалықтар  қыз меті  

ең  әуелі  осы  кісінін  алды­

нан  өтеді.  Сол  себепті    Ер­

бол  Қуанышұлымен    сұх­

бат тасып, қазіргі журна лис­

тиканың  бет  алысы  туралы 

сұ радым. 



 - Аға, қазіргі таңда қазақ 

журналистерінің  белсен ді-

лі гі қандай?

­  Қазақ  журналистерінің 

белсенділігі жоғары деңгейде 

деп  есептеймін.  Өйткені, 

бас пасөз  орталығына қазақ 

ті лін дегі  басылымдардың, 

те лебағдарламалар  мен  те­

ле хабарлардың  журналис­

те рі  көбірек  жиналады  жә­

не  баспасөз  клубына  қа­

тысатын  спикерлер  жан­

жақ ты  дайындалып  келеді. 

Сон дай­ақ,  қазақ  тілді  жур­

налистерден  жұмыстар  көп 

түседі.  Жас  әріптестерім 

«мы надай  мәселеге  көбірек 

кө ңіл  бөлсек»,  «мынадай 

нар селерде  ақпарат  сапалы 

болған  дұрыс»  дегендей  сұ­

рақтарды  талқыға  салады. 

Бүгінде  қазақ  тіліндегі  ақ­

па раттарға  сұраныс  өте  жо­

ғары.  Сондықтан,    қазақ 

жур налистері белсенді түрде 

жұ мыс  жасап  жатыр  деген 

ойға келемін.



-  Журналистика  сала-

сын дамыту үшін не істеу 

керек?

­ БАҚ ­ төртінші билік деп 

босқа  айтылмаған.  Журна­

лист  жастарымыздың  жұ­

мыс тарына қарап, өздерінің 

сол атқа лайық екенін бай­

қаймын.  Төртінші  билік 

ие ле рінің  ізденісте  жүрген­

дігін  құлағымыз  естіп,  кө­

зіміз  көріп  жүр.  Журна­

листика  саласын  дамы ту 

үшін  бі


 

лімді  мамандар 

қажет.  Олар  жа зып  жүр­

ген,  зерттеп  жат қан    са­

ласы 

туралы 


толық 

зер делеп,  халыққа  таза  ақ­

паратты білікті маман сияқ­

ты жеткізе алмаса қиын бо­

лады.  Сондықтан  жеткілікті 

дәрежеде ізденіп, кез келген 

саланың  қыр­сырын  біліп, 

зер делеп,  бұқара  халыққа 

таратқаны жөн.

-  Жас  журналистердің 

жұ мысына көңіліңіз то ла 

ма? Қандай баға бересіз?

­  Телеарнамызда  жұмыс 

іс тейтін  мамандардың  көбі 

жастар. 


А.Байтұрсынов 

атын дағы  ҚМУ­дан  жылда 

бір­екі  түлек  біздің  теле­

арнаға жұмысқа орналасып 

жатады. Олар алдын ала бізге 

келіп,  тәжірибелік  сынақ­

тан  өтеді.  Талапты  жастар 

өзде рінің білікті маман екен­

дігін  дәлелдегеннен  кей ін 

жұмыс қа қабыл данады. Жас 

журналис  тердің  талпынысы 

жақ сы,  телеарнамызға  қа­

жет ті  деңгейде  еңбектерін 

сіңіруде. Осы қалыптарынан 

танбаса дейміз.


c

m

y

k

+

c

m

y

k

+

+

+

7

БЖ

АҚПАН 2016 ЖЫЛ



БҮГІНГІ КҮННІҢ ТЫНЫСЫ

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл



Алаштың арқалы 

ақыны

Театр


Спектакльден 

қалмайтын болдым

Айтарым бар



Мағынасыз мереке

Жас


 толқын

көрнекті ақын М.Мақатаевты еске алу кешінен сыр

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай,

Мына жұртым неге жатыр тойламай?

Алмагүл БАТЫРБЕКОВА,

ГӘФ журналистика 

мамандығының 2 курс 

студенті

Иә, ақпанның ақырған 

аязында ақиық ақын, поэ зия 

әлемінің атасы, зерделі 

зерт теуші  Мұқағали Ма қа  -

та евтың туған күні. Ақын-

ның туылған күннін Ахаң 

атындағы қара шанырақ  та 

атап өтті. «Білім орталы ғы-

ның» оқырман залында 

«Журналистика және ком-

муникациялық менеджмент» 

және  «Тіл және әдебиет 

тео риясы» кафедралары 

бір лесе отырып  «Қазақ 

жы рының құдыреті» ат ты 

мерекелік концерт ұйым-

дастырды.  

Кешті  ГӘФ­ның  оқыр­

ман  залының  менгерушісі 

Бекте місова  Баян  Алпыс­

байқызы  бастады.  Баян 

апайымыз  ақын  жайын­

да  ұтымды  ойлар  ай ­

тып,  Мұқағалидың  әдеби 

 мұраларын көрермендерге 

насихаттады. Баян Алпыс ­

байқызы 

келесі 


сөз 

ке  зегін  Қазақстан  Жазу­

шылар  ода  ғының  мүшесі, 

фи ло ло гия ғы    лым да рының 

кан ди даты, ақын, жазушы, 

у н и  в е р  с и т е т і м і з д і ң 

оқытушысы 

Шаяхмет 


Ақыл бек    Қожа ұлына 

берді.    А.Шаяхмет  ақын 

жайында  көптеген  әнгі­

мелер  айтты.  Кезінде 

ақын ның  көзі  тірісінде 

бірге  бастан  кешкен  оқи­

ғаларын  айтып,    сту дент­

тер  мен  оқы ту шыларға 

қаламгердің 

шы ғар ма­

шы лығы  жайында  біраз 

тұшымды  әнгімелер  қоз­

ғады.

Кешті журналистика мен 



қазақ  филологиясы  маман­

дықтарының  студенттері 

концерттік  бағдарламасын 

жалғастырды. Кеште М.Ма­

қа таевтың  өмір,  махаббат 

турасында  жазылған  өлең ­

дері  оқылды.  Студент­

те ріміз  өлең    оқудан 

шектелмей, ақын ның сөзіне 

жазылған  ән дерін  жанды, 

табиғи  да уыста  орын­

дады.  Әсіресе,  ГӘФ,  жур­

налистика  ма ман ды ғының 

2  курс  сту денттері  Әбді­

баева  Гүлдана  мен  Егізбай 

Элмираның 

орындау

 

ын­



дағы  «Бақыт  де ген»  әні 

отырған 


көрер мендердің 

көңілін көтерді. 

Алаштың арқалы ақыны­

ның  туған  күніне  арнап, 

арнайы  ұйымдастырылған 

кеш тен студенттеріміз ақын 

жайында  толығырақ  біліп, 

өздеріне  керекті  мәлемет­

термен сусындады.

Сырлы әлем

Жамал ШАУКЕН ,

ГӘФ журналистика 

мамандығының 1 курс 

студенті

Ғажайып ақындардың 

бірі Мұқағали Мақатаев 

тұрмыс тауқыметін тарта 

жүріп, сынға ұшырағанда 

да "Ақынның ақындығы 

атақта емес, арда ғана" де-

ген байламды берік ұстап, 

шен-шекпенге, лауазым-

атаққа қызықпаған. Өмірді 

сүюдің ғажайып үлгісін 

көрсеткен ақын "Жан аза-

сы" (реквием) поэмасында 

өмір туралы гимн туғызды. 

"Аққулар ұйықтағанда" 

поэмасында ел наным-

сенімін қастерлеу, сұлулық 

үндестігін жыр етсе, 

"Райымбек, Райымбек!" 

дастанында ел тарихын, 

ел басына қатер төнгенде 

қолына қару алып, жауына 

қарсы аттанған Райымбек 

Хангелдіұлының ерлігін 

суреттейді.

М.Мақатаевтың  поэзи­

ясы  жұмыр  жердің  барлық 

мәселесіне 

араласқан 

кең,  ауқымды  тақырыпты 

қамтиды.  Оның  туған 

жер,  адам  тағдыры,  өмір 

мен  өлім,  ана  мен  бала, 

ақын  мен  ақындық,  соғыс 

тауқыметі сияқты мәңгілік 

тақырыптағы 

лирикасы 

қайталанбас ұлттық сипат­

та, ұлттық зермен кестелен­

ген.  Ақын  қай  тақырыпты 

жазса  да  жалған  сезім, 

жылтырақ  сөзге  әуес  бол­

мады.  Ол  туралы:  «мен 

жырламаймын, 

сырласа­

мын.  Сыры  бір  заманда­

спен мұндасамын. Көгендеп 

жыр қосағын, келмейді жыр 

жасағым»  немесе  «тіпті  де 

мен еместі «Мен» дегенім... 

өзгенің  жан–сырын  ұғу 

үшін, өзімді зерттегенді жөн 

көремін»  дейді.  Мұқағали 

шығармашылығының негізі 

«өзін  –  өзі»  зерттеуден 

тұрады. «Өмірдастан» атты 

топтамалы 

талғауында 

жесір  жеңге  (Дариға)  об­

разы  арқылы  тылдағы 

халық  өмірі  мен  адамдық, 

азаматтық,  адалдық,  ар 

намыс,  рух  пен  нәпсі 

арасындағы толласыз күрес 

психологиялық  шиеленіс 

арқылы шебер жеткізілген.



Поэзия!

Менімен егіз бе едің

Сен мені сезесің бе, неге 

іздедім?

Алауыртқан таңдар дан 

сені іздедім,

Қарауытқан таулардан 

сені іздедім.

Сені  іздедім  кездескен 

адамдардан,

Бұлақтардан,  бақ тар-

дан, алаңдардан.

Шырақтардан,  оттар-

дан, жалаулардан

Сені  іздедім  жоғалған 

замандардан...

... Сені іздедім.

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жа-

ратқан ба?»

Осы  өлең  жолдарын 

оқыған кезде алып жырдың 

жаратылысын,  жаңа  қыры 

мен  сипатын  танығандай 

күй  кешесіз.  Ақын  өзінің 

қысқа  ғұмырында  өзіне­

өзі  сенген.  Ары  таза,  жаны 

мөлдір,  жүрегі  отты,  рухы 

асқақ жырлары мен көркем 

дастандары  сол  сенімінің 

жемісі.


Инабат НАҒАШЫБАЙ,

ГӘФ журналистика 

мамандығының 1 курс 

студенті

14-ақпанды жыл сайын 

асыға күтетін жастар көп. 

Әсіресе, мектеп оқушылары 

мен студенттер. Бұл күнді мере-

келеу қазақ халқына тән емес, 

тойламау керек дейтіндер де 

кездеседі. 

Менің  ойымша,  осы  мей­

рамның  тарихына  ешкім  на­

зар  аудармайтын  сияқты.  Жа­

сыратыны  жоқ,  бұл  мей рамды 

мен де мектеп та балдырығында 

жүргенде  асы ға  күтетінмін. 

Себебі, сы ныптас достарым, тіпті 

құр быларым  бір­бірімізге  әр 

түрлі  сәнді  ашық  хаттар  сый­

лайтынбыз.  Мәселенің  мә нісіне 

үңіліп  қарасақ,  бұл  күнді  атап 

өту жат қылық екен. 

«Әулие  Валентин»  күні 

Рим  императоры  жарлығ ымен 

жарияланған.  Оның  се бебі  Ва­

лентин  деген  католик  дінінің 

өкілі үйленуге болмайтын, бірақ 

бір­бі рін сүйетін жандарды им­

ператор  жарлығына  бағынбай, 

некесін  жасырын  қиып  жүрген. 

Осы  жайтты  есті ген  импера­

тор Валентинді түрмеге жауып, 

түрме  бас тығының  қызымен 

кез дес кені  үшін  дарға  асады. 

Содан бері христиан дінінің ка­

толик  тармағын  ұстанатындар 

14­ақпанды  «Ғашықтар  кү­

ні»  деп  тойлай  бастайды. 

Кейін 


қазақстандық 

жа­


стар  бұл  күнді    жаппай  ме­

реке  етіп  тойлағандықтан 

республикалық  жастар  қоз­

ғалысы  ақылдаса  келе  2006 

жылдың  15  сәуірін  «Қозы 

мен  Баян»  ғашықтар  мей­

рамы  деп  белгілеген.  Біздің 

ҚМУ­да  журналистика  ма­

ман дығының 

студенттерінің 

бастамасымен      «Қозы  көр­

пеш–Баян  сұлу»  ғашықтар 

мейрамына  орай    «Махаб­

бат  бекеті»  атты  жыл  сай­

ынғы    мерекелік  іс­шара  өте ді. 

Былтырғы  жылы  Қазақстан  

бойынша    тек  Қостанай  қа ла­

сында  осындай  іс  шара  ата­

лып  өткен  болатын.  Ме нің 

ойымша,  өзіміздің  болмы­

сымызға  тән  «Қозы  Көр пеш­

Баян  Сұлу»  күнін  ғашықтар 

күні деп жа риялаған дұрыс.

Инабат НАҒАШЫБАЙ,

ГӘФ журналистика 

мамандығының 1 курс 

студенті

Театр - өмір құбы лыс тарын 

шынайы және шебер жеткізетін 

киелі шаңырақ. Театр -халықты 

эстетикалық адамгершілік 

пен ізгілікке тәрбиелеудің аса 

маңызды құралы. Көрермендер 

театр сахнасында өтіп жатқан 

оқиға, әрекет пен оған қа тысушы-

қаһармандардың ой-арманына, 

шат күлкісі мен сезім діріліне, 

күйінішіне, тіршілік-тынысына 

бей-жай, немқұрайлы қарамайды. 

Керісінше, бар ынта зей ін дерімен, 

шынайы көңіл дерімен қарайды.

Жуырда,  20  қаңтар  күні, 

жақын досым «Қазақ драма те­

атрында  «Әке  тағдыры»  де­

ген  спектакль  болады»  деп 

айтқанда  екі  ойда  болдым. 

Досымның  көңілін  қалдыр­

майын деп  театрға еріп ба руға 

келістім. Театрға кі рі сімен жап­

жарық,  кең  са райдың  ішіндегі 

апайлар  алдымыздан  шығып 

жақсы кө ңіл күймен қарсы алды.

Алғашында 

спектакльге 

адам  аз  жиналғандай  кө­

рін ді.  Алдыңғы  қатарға  бір­

неше  қария  жайғасқан.  Мен 

де  ішімнен  спектакль  қызық­

сыз  болады­ау  деп  топшыла­

дым.  Адамдар    біртіндеп  жина­

ла бастады. Осылайша бір жарым 

сағаттық спектакль басталып кетті. 

Бұл  спектакльде  соғысқа  кеткен 

баласының  қайтып  келмей тініне 

сенбей,  үмітін  үзбей,  ұлынан 

қалған  жалғыз  тұ яғын  өсірген  

әке    туралы  айтылады.  Бірақ 

қарт  кісінің  жалғыз  алдамшы­

сы,  немересі  ерке  болып  өсіп, 

ақырында  нағашы  әжесінің  ал­

дауына  түсіп,  қарт  атасын  та­

стап,  тұрмысқа  шыққан  ана­

сына  кетіп  қалады.  Арада 

ұзақ  уақыт  өтеді.  Қария  болса 

ұлының  жолын  тосып  жүре 

береді.  Үмітін  үзген    қария ның 

тағдыры  сондай  аянышты.  Атай 

баласының  қайтып  оралмасына 

илана бастаған шағында немересі 

іздеп  келіп  бір  қуантады.  Сол 

сәттегі  көрініс  көрермендерге 

ерекше  әсер  етсе  керек.  Залда 

отырған  жас  пен  кәрі  көз­

деріне  жас  алып,  спектакль 

кейіпкерлеріне  қошемет  біл­

діріп жатты. Сондағы се зімімді 

жеткізе алмаймын.

Театрдағы  актерлерге  тек 

қана  алғысымды  білдіргім  ке ­

леді.  Ендігі  уақыттарда  на ғыз 

өнер  иелері,  театр  актерлері  ту­

ралы ойымды өзгертіп, жиі бол­

маса да, қолым қалт еткен сәтте 

спектакльдерге  барып  тұрамын 

деп  шештім.  Тек  қана  көріп 

қоймай,  жаңа  ой  түйетініме 

сенімдімі.

Әттеген-ай



Әлеуметтік желінің әлегі

Алмагүл ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

ГӘФ журналистика мамандығының 2 курс студенті

Осы  өмірде  адам  қаншама  қиындық  көреді.  Жылайды,  өкінеді, 

күрсінеді, қиналады. Міне, осылардың кесірінен адам қатты күйзеліске 

тап болады. Ондай кезде адам өзіне жақын, ойын түсінетін, тындай білетін, 

ақыл айтатын жан іздей бастайды. Ол адаммен сөйлескен кезде барлық 

ішінде тұрған сырларын, күйзелістерін сыртқа шығарады. Мұңын айтып, 

шер тарқатып отырып іштегі күйзеліс жайына қалады. Бұдан шығатын 

қорытынды адамға бір­бірімен бетпе­бет сөйлесудің пайдасы зор. Ал біз 

не істеп жүрміз? Күні бойы телефоннан бас алмай, әлеуметтік желілермен 

арпалысамыз.  Әңгімешіл  халықтың  ұрпағы  сөйлеуден  қалып  бара 

жатқандай көрінеді. Әсіресе, жастар әлеуметтік желіге тәуелді секілді.  

Әлеуметтік желі санамызды улап сезімімізге тосқауыл болып жүр. 

Біздің  ата­бабамыз  даулы  мәселені  бір  ауыз  сөзбен  шешіп,  ұтымды 

ой айтып, мағыналы сөздер мен өшпес  мақал­мәтелдер қалдырған. 

Бабадан қалған асыл сөзді қазір сирек қолданады. Көнерген сөздер біздің 

санамыздан  бірте  бірте  өшіп  барады.  Сондықтан  әлеуметтік  желіні 

тек жарнамаға немесе қуанышты хабарлар жеткізуге пайдаланайық. 


c

m

y

k

+

c

m

y

k

+

+

+

8

"БІЛІМ ЖАРЫСЫ"

МЕНШІК ИЕСІ: А,Байтұрсынов атын да­

ғы Қостанай мемлекеттік уни вер си теті, 

Редакцияның мекенжайы: Қостанай 

қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 47. Тел, 

511167


Шығарушы редактор А.Өстемірова

Нөмірді дайындаған ҚМУ­дың 

журналистика мамандығының студенттері

Беттеген Жадра Жулмухаметова

Бас маман Қымбат Досжанова

Отпечатано в ТОО "Костанай 

полиграфия". Ул.Мауленова 16 тел 

8(7142)28­02­93

Заказ №462 Тираж 1200 экз.

Объем 2 печатных листа

Газет Қазақстан Республикасының 

Мәдениет ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2002 жылдың 25 

наурызында тіркеліп, №2794­г куәлігі 

берілген

БЖ

АҚПАН 2016 ЖЫЛ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет