Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата03.03.2017
өлшемі2,66 Mb.
#7320
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
177 
Интернет  пен  тілдің  ара  қатынасын  қарастырған  ғалым  С.Херринг 
«International  Encyclopaedia  of  Communication»  атты  кітапта  осы  саланы 
зерттеудің бірнеше негізгі бағыттарын көрсетті. Соның ішінде:  
 
 интернет  тілін  топтастыра  отырып  зерттеу.  Оған  сандық  жанртану, 
сөйлеу  түрлері,  коммуникацияның  түрлі  қатысымдық  жолдармен  жүзеге 
асырылуы секілді мәселелерді жатқызады; 
 
интернет 
тілінің 
құрылымдық 
ерекшеліктерін 
айқындау 
(морфологиялық, лексикалық жүйесі, параграфемикалық құралдар);  
 
оның  дискурстық  сипатын  анықтау  (интернет  тілінің  прагматикалық 
ерекшелігі,  регистрлері,  виртуалды  қауымдастықтардың  сөйлеу  сипаты, 
гендерлік және аймақтық жіктелістер); 
 
интернеттегі дискурс түрлерінде (саяси, жарнама, ғылыми т.б.) тілдің 
қолданылуы; 
 
интернет  тілінің  глокализациялануын,  бір  жағынан,  lingua  franca 
ретінде  ағылшын  тілінің  таралуы  мен  жаһандану  үдерісін,  екінші  жағынан, 
локальды  тілдердің  (интернет  желісіндегі  ұлттық  тілдердің)  тигізетін  әсерін 
қарастыру  [2].  Аталған  мәселелердің  интернет  тіліне  қатысты  жүргізілетін 
зерттеулерге белгілі бір бағыт-бағдар болары анық.  
Зерттеуші  А.  Корнай    шынайы  өмірде  тілге  қауіп-қатер  төндіретін 
бірнеше  себептердің  ішінен,  тілдің  қолданылу  аясының  тарылып,  шектелуін, 
бір  тілдің  екінші  тілді  белгілі  бір  саладан  ығыстырып  шығаруын  атап  өтеді. 
Бұл  мәселе  күнделікті  электронды  құралдармен  қарым-қатынас  жасау, 
электронды  сауда-саттық,  интернеттегі  тілдердің  жұмсалуымен  де  тығыз 
байланысты  [3].  Сондықтан,  ғалымдардың  пікірлерін  ескере  отырып,    қазіргі 
таңда  коммуникацияның  жаһандану  жағдайында,  постмодерндік  дәуірдің 
символына  айналып,    қоғамның  дамуына,  ғылыми-техникалық  үдерістердің 
қарыштауына  ықпалын  тигізіп  отырған  Интернет  тілінің  атқарар  қызметін 
саралап түсіну өте маңызды және қажетті деп есептейміз [4]. 
Қазақстандық интернетке «Of States and Borders on the Internet: The Role 
of Domain Name Extensions in Expressions of Nationalism Online in Kazakhstan» 
атты  мақалада  талдау  жасалады.  Осы  жарияланымда  интернетте  қазақ  және 
орыс  тілдерінің  негізгі  орынға  ие  екенін,  жас  қазақ  интернет  тұтынушылары 
ана  тілінде  қолжетімді  ақпарат  алып,  олардың  желіде  ана  тілінде  қарым-
қатынас  жасауына  мүмкіндік  беру  үшін  Фейсбук  және  Уордпресс  секілді 
желілерді  аударғандары  сөз  етіледі.  Авторлар  сұхбаттасу  барысында  қазақ 
этникалық  тобынан  шыққан  блогерлердің,  көбінесе  ұлттық  тақырыпта 
жазатынын,  ал  елдегі  басқа  ұлт  өкілдерінің  бұл  тақырыпты  кем  қозғайтынын 
анықтаған. Қазақстан халқының орыс тілін жетік білуіне байланысты ресейлік 
интернетті де қолданатыны туралы айтылады [5]. 
Біздің  зерттеуімізде  қазақстандық  интернет  желісінде  қолданылатын 
тілдерді  анықтау  барысында,  zero.  kz.  қазақстандық  рейтинг-статистика 
сайтында шығарылған мәліметтер негізінде [6], рейтингке қатысушы 4 мыңнан 
астам  сайттың  ішінен  ең  көп  қаралып,  оқылатын  700  сайттың  тіліне  талдау 
жасалды.  Нәтижесінде,  76%  сайт-порталдардың  тек  біртілді  қолданатыны, 
14,14%  қостілді  екендігі,  9,86%  көптілді,  соның  ішінде  үштілді  электронды 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
178 
ресурстардың  9,28%,  төрт-алты  тілділері  0,58%-ды  құрайтыны  анықталды  (1-
кесте).  Бұл  қазнеттің  бұқаралық  коммуникацияны  бірнеше  тілде  жүзеге 
асыратынын айғақтайды. 
 
1-кесте. Қазнеттегі бір тілді, қостілді, көп тілді ресурстардың ара 
қатынасы 
№  біртілді 
қостілді 
үштілді 
көптілді 

қ
аза
қ
 
оры
с 
қ
аза
қ

о
р
ы
с 
оры
с,
 
ағ
ы
лш
ы
н
 
қ
аза
қ

қ
ы
та
й
 
қ
аза
қ

оры
с,
 
ағ
ы
лш
ы
н
 
қ
аза
қ

оры
с,
 
ұ
й
ғы
р
 
оры
с,
 
ағ
ы
лш
ы
н

қ
ы
р
ғы
з 
б
ас
қ
ала
ры
 

89 
44

87 
11 

63 




532 
99 
65 

Біртілді  сайттардың  қазақ  және  орыс  тілдерінде  қызмет  атқаратыны 
айқындалды.  Олардың  қамтитын  ауқымына  келетін  болсақ,  532  біртілді 
сайттың 89-ы (17%) қазақ тілді, ал 443-і (83%) орыс тілді. Қостілді сайттар (99) 
қатарына  87  қазақ,  орыс  тілді  (87,9%),  11  орыс,  ағылшын  тілді  (11,1%)  және 
қазақ,  қытай  тілдеріндегі  1  электронды  ресурс  жатады  (1%).  65  сайт-портал 
үштілді,  олар:  қазақ,  орыс, ағылшын (  97%),  қазақ,  орыс, ұйғыр (1,5%),  орыс, 
ағылшын,  қырғыз  тілдерінде  (1,5%)  ақпарат  таратады.  Төрт-алты  тілді  сайт-
порталдарда  қолданылатын  тілдер  қатарында  мыналар  бар:  қазақ,  орыс, 
ағылшын,  қытай  (25%),  қазақ,  орыс,  ағылшын,  түрік  (25%),  қазақ,  орыс, 
ағылшын,  түрік,  қытай,  араб  (25%),  қазақ,  орыс,  ағылшын,  өзбек,  түркімен, 
қырғыз (25%). 
Талдау  нәтижесінде  тек  орыс  тілінде  қызмет  ететін  электронды 
ресурстар  басқа  тілде  қолданылатын  сайт-порталдардан  мазмұндық  жағынан 
ерекшеленетіні  анықталды.  Адамның  күнделікті  тұрмыс-тіршілігіне  қажетті 
ақпараттар,  атап  айтсақ,  хабарландыру,  түрлі  қызмет  көрсету  түрлері, 
интернеттен  сауда-саттық  жасау  секілді  мазмұндағы  сайт-порталдарда  орыс 
тілі  басымдыққа  ие.  Себебі,  700-дің  ішінен  208-і  аталған  тақырыптарға 
арналған. Орыс тіліндегі сайттардың жетекші орынға шығуын осы мазмұндағы 
қазақ  тілді  сайттар  санының  аздығымен  түсіндіруге  болады.  Орыс  тілінде 
ақпарат тарататын БАҚ − 46, жаңалық, сараптама − 39; оқу-ағарту, танымдық, 
оқу-әдістемелік  мазмұнды  ресурстар  −  31,  қала,  облыстың  ақпараттық-
анықтамалық  сайт-порталдары  −  25;  түрлі  ойын-сауық,  демалысқа  арналған 
сайт-порталдар  −  51,  банк,  қаржы-есеп  –  21,  медицина,  санаторий  –  11, 
қоғамдық  қор  −  3,  заң  –  4,  білім  беру  орындары  –  2,  дін  –  1,  мемлекеттік 
мекеме −  1.  Ал  ғылым,  білім,  өнер  т.б. рухани құндылықтарға  арналған  сайт-
порталдардың  қазнетте  көп  қызмет  атқармауын,  осы  тақырыптарға  арналған 
материалдардың 
орыс 
тілінде 
басқа 
да 
электронды 
ресурстарда 
ұсынылатынымен 
байланыстырамыз. 
Интернетте 
арнайы 
белгіленген 
«шекараның»  жоқ  екенін  ескерсек,  әрбір  қолданушының  Рунет  секілді  т.б. 
көздерден ақпарат алуға толық мүмкіндігі бар. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
179 
Тек  қазақ  тілінде  қызмет  ететін  сайт-порталдар  қазнетте,  негізінен, 
мына  салаларды  қамтиды:  жаңалық,  сараптама  –  18,  БАҚ  –  20,  мәдени-
танымдық,  оқу-әдістемелік  –  36,  дін  –  3,  әдебиет, ғылым, мәдениет, өнер  –  4, 
ойын-сауық,  демалыс  –  3,  қоғамдық  қор  –  2,  қала,  облыс  порталы  –  1, 
медицина, денсаулық – 1, білім беру – 1. Талдау нәтижесінде, тек қазақ тілінде 
заң,  қаржы-есеп,  медицина,  денсаулық,  түрлі  хабарландырулар,  ойын-сауық 
мазмұнында  ақпарат  тарататын  сайт-порталдардың  өте  аз  екені  анықталды. 
Орыс  тіліндегілермен  салыстырғанда,  оқу-әдістемелік,  танымдық  сайттардың 
саны  жағынан  алдыңғы  орынға  шығуы  қазақ  тілінде  білім  беретін  оқу 
орындарының көптігімен, соған сәйкес сұраныстың та жоғары болуымен және 
ұлттық  тілді  ақпараттық  ортада  дамытуда  өз  үлесін  қосып  жүрген  тіл 
жанашырларының  қызметімен  де  түсіндіріледі.  Мемлекеттік  тілді  дамытуда 
аталмыш сайт-портал авторларының, қолданушылардың интернет белсенділігі 
байқалады. 
Біртілді  сайт-порталдармен  салыстырғанда,  екі  тілде,  қазақ,орыс 
тілдерінде,  қолданылатын  сайттардың  тақырыптық-мазмұндық  жағында 
кейбір ерекшеліктері де бар. Мәселен, қазақ, орыс тілдері мемлекеттік мекеме 
(15  сайт)  сайт-порталдарында  қолданылады.  Сонымен  бірге  21  БАҚ,  11 
мәдени,  танымдық,  оқу-ағарту,  1  білім  беру  мекемесі,  6  дін,  6  әдебиет, 
мәдениет, өнер, кітапхана және 1 онлайн-аудармашы сайт-порталы анықталды. 
Жаңалық, сараптама (9), банк, қаржы-есеп (3), ойын-сауық (6), хабарландыру, 
түрлі  қызмет  көрсету  (5)  мазмұнындағы,  қала,  облыс  (3)  сайттары  орыс 
тіліндегілермен салыстырғанда, саны жағынан аздау. 
Орыс, ағылшын тілінде қызмет көрсететін сайт-порталдың тақырыптық 
жіктелісі  мынадай:  БАҚ  (3),  жаңалық,  сараптама  (2),  қаржы-есеп  (2), 
хабарландыру, түрлі қызмет көрсету (3), ойын-сауық (1). 
Зерттеу 
нәтижесінде, 
мемлекеттік 
мекеме, 
ұлттық 
компания 
(министрлік,  комитет, әкімдік,  басқарма  т.  б.  (26),  білім  беру  мекемелері  (11) 
сайт-порталдарының, 
негізінен, 
қазақ, 
орыс, 
ағылшын, 
тілдерінде 
коммуникацияны  жүзеге  асыратыны  анықталды.  Сонымен  бірге,  үштілді 
сайттар  қатарына  мыналар    жатады:  мәдени,  танымдық,  оқу-әдістемелік  (9), 
банк,  қаржы-есеп  (5),  БАҚ  (3),  жаңалық,  сараптама  (3),  қоғамдық  ұйым  (2), 
әдебиет,  мәдениет,  өнер  (1),  хабарландыру  (1),  ойын-сауық  (1),  онлайн-
аудармашы  (1). Бұлар  интернеттің  ақпарат  кеңістігінде қазақ,  орыс,  ағылшын 
тілдерін  қолдану  арқылы  үштұғырлылыққа  байланысты  мемлекеттік  тілдік 
саясатты жүзеге асыруға қатысып отыр. 
Талданған 700 сайттың 610-ында (87,14%) орыс тілі қолданылады, 245-
і  (35%)  қазақ  тілінде  ақпарат  ұсынады,  ағылшын  тілі  79  (11,28%),  қытай  3 
(0,42%),  түрік  2  (0,28%),  қырғыз  2  (0,28%),  араб  1  (0,14%),  өзбек  1  (0,14%), 
түркімен  1  (0,14%),  ұйғыр  тілдері  1(0,14%)  сайт-порталдың  жұмыс  тілдері 
ретінде қызмет атқарады. 
Жоғарыда  берілген  сандық  көрсеткіштер  негізінде,  қазнеттің  тілі  - 
қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері  деген  қорытындыға  келуге  болады.  Сонымен 
қатар,  қазнетте  орыс  тілді  контенттің  басымдыққа  ие  екені,  одан  кейін  қазақ, 
үшінші орында ағылшын тілдерінің жұмсалатыны айқындалды. Қазақстанның 
интернет  кеңістігінде  алғашқы  екі  тілдің  жұмсалуын  ғалым  Э.Д. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
180 
Сулейменованың:    «Казахский  и  русский  языки −  ... лидируют  по  количеству 
говорящих на них в республике, кроме того, в стране велико число билингвов 
со  вторым  казахским  или  вторым  русским  языком,  что  также  значительно 
увеличивает  поле  софункционирования  обоих  языков»,  −  деген  пікірімен 
пайымдауға  болады  [7, с. 17].  Ал  ағылшын  тілі  халықаралық  тіл  ретінде 
мемлекеттің  үштұғырлы  тілдік  саясатына  сәйкес,  интернетте  бірқатар 
салаларды қамтып, өз қызмет аясын біртіндеп кеңейтіп жатыр. Қазнетте қытай, 
түрік,  қырғыз,  араб,  өзбек,  түркімен,  ұйғыр  тілдері  қолданылған  сайттарды  − 
қостілді,  көптілділердің  сұранысына  жауап  беретін,  олардың  осы  тілдерде 
қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік  беретін  және  жетілдіріп, дамытуға  ықпал 
ететін  коммуникативтік  алаң  ретінде  бағалаймыз.  Бірнеше  ұлтты  біріктерген, 
көпмәдениетті,  көптілді  Қазақстанның  интернет  кеңістігі  халықты  қолжетімді 
ақпаратпен қамтамасыз етуде өз қызметін атқарып келеді. 
Қазнеттегі  мемлекеттік  тіл  қызметін  ұлғайту  мәселесі  мемлекеттік 
бағдарламаларға  енгізіліп,  осы  бағытта  бірқатар  жұмыстардың  жүзеге 
асырылып  жатқанына  қарамастан  (Google  аудармашы,  YouTube  ресурсы, 
Уикипедия 
энциклопедиясы, 
мемлекеттік 
тілді 
меңгертетін 
http://www.tilashar.kz/,  www.en-kz.ru,  www.kaz-tili.kz  сайттары,  онлайн-
сөздіктер:  www.sozkomek.kz,  www.sozdik.kz  т.  б.)  Қазақстанның  интернет 
сегментінде қазақ тілді электронды ресурстардың пайыздық үлесінің төмендігі 
байқалады. Бұл - мемлекеттік тілді ақпарат кеңістігінде қызметі басым, негізгі 
тілдің қатарына қосу, атап айтқанда, қазақ тілі контенті бар сайт-порталдарды 
көбейтіп,  оның  сапасын  арттыру  бағытында  ізденістердің  қажеттілігін 
айқындайды. 
Шындығында,  әлемдік  интернет  жүйесіне  ену  кез  келген  тілдің 
бәсекелестік қабілетін арттырып, оған жаңа міндеттерді жүктейді. Қолданушы 
интернетте  коммуникация  құралы  ретінде  өзі  білетін  тілін  таңдап  (егер 
бірнеше  тілді  меңгерсе),  өзіне  керекті  ақпаратты,  мәліметті  неғұрлым  толық, 
жан-жақты  қамтыған  дереккөздерден  алғысы  келеді.  Бүкіләлемдік  интернет 
желісіне  енген  қазнеттегі  сайт-порталдың  жұмыс  тілі,  мәліметтер қоры,  оның 
мазмұндық  жағы  мен  тілдік  ұйымдасуы,  паралингвистикалық  құралдардың 
қолданысы  интернетті  пайдаланушылардың  назарынан  тыс  қалмайды. 
Сондықтан,  интернет  коммуникацияны  жүзеге  асыруда  қолданылатын 
тілдің/тілдердің  әлеуметтік-қоғамдық  қызметі,  тілдің  өміршеңдігі  мәселесі 
уақыт өткен сайын арта түседі.  
 
КӨЗДЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. 
Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрлігінің 
2014  −  2018  жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспары.  Қазақстан 
Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрінің  2014  жылғы  9 
желтоқсандағы №256 бұйрығына қосымша. – Астана, 2014. – 236 б. 
2. 
Herring  S.C. (In  press,  2008).  Language  and  the  Internet  //  W.  Donsbach 
(Ed.), International Encyclopaedia of Communication. Blackwell Publishers. 
3. 
Andras  Kornai.  Digital  language  death.  Computer  and  Automation 
Research  Institute,  Hungarian  Academy  of  Sciences,  Budapest,  Hungary. 
http://www.kornai.com/Papers/langdeath_emb.pdf. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
181 
4. 
Горошко  Е.И. Интернет-жанр  и  функционирование  языка  в 
Интернете: попытка рефлексии // http://www.sgu.ru/structure/philological/linghist
/sbornik-zhanry-rechi/materialy-vypuskov/vypusk-6. 
5. 
Shklovski  I,  David  M.  Struthers.  Of  States  and  Borders  on  the  Internet: 
The  Role  of  Domain  Name  Extensions  in  Expressions  of  Nationalism  Online  in  
Kazakhstan.  −  Policy  &  Internet  Volume  2,  Issue  4,  pages  107  –  129, 
December 2010. 
6. 
Казахстанский рейтинг. Сервис интернет-статистики. zero.kz. 
7. 
Сулейменова  Э.Д.,  Смагулова  Ж.С.  Языковая  ситуация  и  языковое 
планирование в Казахстане. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 344 с. 
 
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
182 
ӘОЖ 351.854 
Жакупова Меруерт 
(Павлодар, Казахстан) 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯ 
 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  ұшқырлық  танытқан 
әдебиеттің  шағын  жанрларының  да  өз  алдына  қойған  міндеттері  бар  еді. 
Олар  тұтқиылдан  шабуыл  жасаған  фашизмнің  екіжүзділігін,  соғыста 
көрсеткен зұлымдығын әшкерелеп, елді оларға қарсы бүкіл халықтық күреске 
шақыруға үн қосты. Отанға берілгендікті, халықтар бірлігі мен ынтымағын, 
майдандағы  күрес  пен  тылдағы  жанқиярлық  еңбекті  жырлады.  Мазмұны 
жағынан  үгіттік  сипатта  жазылған  ондай  туындылардың  халықты 
дұшпанға  өшпенділікке  тәрбиелеуге  маңызы  зор  болды.  Сөйте  жүріп  қазақ 
өлеңі  азаматтық  лириканың  жаңа  үлгілеріне  бет  бұрды.  Ол  кеңес 
адамдарының  бойындағы  азаматтық  сезімнің  шыңдалуын,  майдандағы 
ерлікті  нақты  материалдар  негізінде  жырлау  саласында  жаңа  ізденістер 
жасады.  Бұл  тектес  шығармалардың  бәрінде,  әрине,  әдебиеттің  көркемдік 
міндеті  мен  талабы  сақтала  берген  жоқ.  Қаламгердің  көбі  бұрын  әбден 
зерттеп,  жазып  жүрген  етене  тақырыптарын  тоқтатып,  төтенше 
тақырыпқа ден қоюға мәжбүр болды. Алайда мұның өзі де үлкен сабақ, тарих 
сабағы еді. Әдебиет қоғам мен дәуір алға тартқан осы міндеттер мүддесінен 
шығуға ұмтылып, жаңа бағытта ізденістер жасады 
Кілтті  сөздер:  ҰОС  жылдарындағы  поэзия,  соғыс  тақырыбы, 
фашизм,  бейбітшілік  жырлары,  әдебиет  пен  тарих,  шабуылға  қарсы  үндеу, 
туған жер, азаматтық парыз, кекті мінез, батырлық поэмасы. 
 
During the war years the literature were its obligations. She had to show the 
hypocrisy  of  fascism  that  suddenly  attacked.  Their  poetry  was  dedicated  to 
maintaining peace and order in the country. In content it was campaigning against 
the  enemy.  So  civil  poetry  became  lyrics  for  a  soldier.  And  in  this  area  were  new 
studies.  In  certainly  not  always  preserved  literary obligations.  Writers  were  forced 
to leave their work and had to write a song dedicated to the victory. Literature and 
society should fulfill these obligations. 
Key  words:  Poetry  in  the  years  of  the  great  Patriotic  war,  the  poem  of 
heroism, revenge to your enemy, civil commitments, chuvsvo patriotism. 
 
Әдебиет  өзінің  негізгі  жұмысын  халықтың  Отанға  берілгендігін, 
бірлігін,  ерлік  пен  тылдағы  жанқиярлық  еңбегін  танытарлық  үгітке  құрды, 
партияның  саяси  үгітшісі  болды.  Фашизмнің  басқыншы  саясаты  мен 
жауыздығын  әшкерелеу,  халықты  оған  өшпенділікке,  кек  алуға  шақыру 
қажеттігі  туды.  Сонымен  бірге әдебиет  алдына  майдандағы  жауынгерлер мен 
елдегі  еңбек  ерлерінің  ұнамиды  бейнелерін  жасау,  оларды  көпке  үлгі  етіп 
көрсету міндеттері қойылды.  
Жауынгерлік  тақырыбы  қазақ  әдебиетіне  бұрыннан  да  жат  емес  еді. 
Қаһармандық  эпос  пен  әрқилы  жаулаушылық  кезінде  туған  халықтық 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
183 
лириканың  үлгілері  де  болған.  Бірақ  мынандай  төтен  соғысты  қазақ  халқы 
басынан  кешірмегенді.  Сондықтан  жаңа  дүниежүзілік  соғыс  жағдайында 
әдебиетті  дамыту  оған  жаңа  мазмұн,  жаңа  сапа  беру  бағытында  жүруі  керек 
болды [1, б. 67]. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  ұшқырлық  танытқан  әдебиеттің 
шағын жанрларының да өз алдына қойған міндеттері бар еді. Олар тұтқиылдан 
шабуыл  жасаған  фашизмнің  екіжүзділігін,  соғыста  көрсеткен  зұлымдығын 
әшкерелеп,  елді  оларға  қарсы  бүкіл  халықтық  күреске  шақыруға  үн  қосты. 
Отанға берілгендікті, халықтар бірлігі мен ынтымағын, майдандағы күрес пен 
тылдағы  жанқиярлық  еңбекті  жырлады.  Мазмұны  жағынан  үгіттік  сипатта 
жазылған  ондай  туындылардың  халықты  дұшпанға  өшпенділікке  тәрбиелеуге 
маңызы  зор  болды.  Сөйте  жүріп  қазақ  өлеңі  азаматтық  лириканың  жаңа 
үлгілеріне  бет  бұрды.  Ол  кеңес  адамдарының  бойындағы  азаматтық  сезімнің 
шыңдалуын,  майдандағы  ерлікті  нақты  материалдар  негізінде  жырлау 
саласында жаңа ізденістер жасады. Бұл тектес шығармалардың бәрінде, әрине, 
әдебиеттің көркемдік міндеті мен талабы сақтала берген жоқ. Қаламгердің көбі 
бұрын  әбден  зерттеп,  жазып  жүрген  етене  тақырыптарын  тоқтатып,  төтенше 
тақырыпқа ден қоюға мәжбүр болды. Алайда мұның өзі де үлкен сабақ, тарих 
сабағы  еді.  Әдебиет  қоғам  мен  дәуір  алға  тартқан  осы  міндеттер  мүддесінен 
шығуға ұмтылып, жаңа бағытта ізденістер жасады [2, б. 122-123].   
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қаламгерлердің барлық ұрпағы 
қатысты.  Бұл  кезде  елде  С.  Мұқанов,  М.  Әуезов,  Ғ.  Мүсірепов,  Ғ. Мұстафин, 
Ғ. Орманов,  А.  Тоқмағанбетов,  Ә.  Тәжібаев,  Ш.  Хұсайынов,  Ә.  Әбішев, 
М. Хакімжанова  еңбек  етті.  Т.  Жароков,  Ж.  Саин,  Ә.  Сәрсенбаев,  Д.  Әбілев, 
А. Жұмағалиев,  Қ.  Аманжолов,  Қ.  Әбдіқадыров,  Қ.  Бекхожин,  Б.  Бұлқышев, 
Б. Момышұлы,  С.  Омаров  қолына  қару  алып,  майданға  аттанды.  Бұларға 
майдан газеттерінің беттерінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған 
жаңа  ұрпақ  өкілдері  С.  Мәуленов,  Х.  Ерғалиев,  Ж.  Молдағалиев,  С. Сеитов 
сияқты  ақындар  келіп  қосылды.  Халық  поэзиясының  өкілдері  Жамбыл, 
Нұрпейіс  Байғанин,  Кенен  Әзірбаев,  Шашубай  Қошқарбаев,  Нұрлыбек 
Баймұратов,  Нартай  Бекежанов,  Доскей  Әлімбаев,  тағы  басқалары  өздерінің 
отаншылдық  рухтағы  жыр-толғауларын  шығарды.  қазақ  әдебиетінің  осы 
секілді  әр  тобынан  құралған  қалам  иелері  бір  мақсатқа  жұмылып, 
Қ. Аманжоловтың,  Ж.  Саинның,  Д.  Әбілевтің  ақындық  талантын  жаңа  биікке 
көтерді.  Д.Әділев  шығармаларының  шарықтап  биікке  көтерілуі,  ақындық 
жолдағы талмай ізденуі 1941 − 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тұсындағы 
поэзиясынан  айқын  көрінеді.  Бұл  жылдардағы  ақын  шығармашылығынан 
лирикамен қатар эпикалық шығармалар да елеулі орын алды [1, б. 68-69].   
Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап  халықтың  Отан  алдындағы 
борышын  еске  салуда  поэзия  ұшқырлық  танытты.  Ел  басына  түскен  ауыр 
күнді  ескертіп,  жауды  талқандауға  шақырған  үгіттік  өлеңдер  күнделікті 
баспасөз  бетінде  көптеп  жарияланды,  радиодан  оқылды.  Сонымен  қатар 
жаудың  басып  алған  жерлердегі  қатыгездік  мінезін  әшкерелеуді  нақты  факт, 
детальдар  арқылы  суреттеуге  ұмтылған  саяси  өткір  лирика  үлгілері  де  пайда 
бола  бастады.  Ғ.  Орманов  жау  қылығын  қара  күйңк  қала  мен  қанды  қолдың 
жолақ-жолақ  ізінен  («Жау  ізі»)  таныса,  Қ.  Аманжолов  гитлер  дирижерлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет