Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата03.03.2017
өлшемі2,66 Mb.
#7320
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
184 
жасаған  өлім  музыкасын  («Мазасыз  музыка»)  естігендей  әсер  алады. 
Ә. Тәжібаев  «Қос  қарлығаш»,  Т.  Жароков  «Жапанда  жалғыз  қарағай» 
өлеңдерінде  қарлығаштың  ұясын  бұзып,  табиғатты  оқ  астында  қалдырған 
зұлым жауға жеккөрушілік сезімін тудырады [1, б. 69].   
Қан  майданға  аттанып,  ел  тілегін  тілегін  солдаттың  сезімін,  күйін, 
жанын  суреттеу  қазақ  ақындарының  басты  тақырыбына  айналған.  Бейбіт 
еңбекті  үзіп,  Отан  қорғауға  аттанған  солдат  –  көп  өлеңдердің  қаһарманы. 
Тайыр  Жароковтың  кейіпкері  үстіне  сұр  штинель  киіп  «ең  әуелі  әскермін» 
(«Киемін  сұр  шинельді»)  дегенді  айтса,  Ә.  Тәжібаевтың  «Ақын  батыры» 
жазып  жатқан  поэмасын  аяқтап  үлгермей,  майданға  аттанады.  Д.  Әбілев 
өлеңінің  кейіпкері  әскери  комиссариатқа  барып,  соғысқа  жіберуді  өзі  тілейді 
(«Өзімнен өзім жүріп жай»).  
Ел  қорғау  тілегімен,  майданға  аттанған  осы  солдаттың  соғыстан 
бұрынғы  өмірі,  өскен  ортасы,  моральдық  бейнесі  қандай  еді?  Ақындарымыз 
оның  өмір  жолына  да  үңіле  білді.  «Ол  туғанда»  өлеңінде  Т.  Жароков  оны 
еліміздің азаттық жолындағы күресті дәстүрімен байланыстырады. Оның аты – 
Таймас  еді. Әділет,  азаттық  үшін  күрес  жолынан таймасын  деген  игі  ниетпен 
қойылған  ат  болатын.  Қ.  Аманжолов  «Бейсекештің  бес  ұлы»  өлеңінде  жаңа 
қоғам  жағдайында  өсіп  азамат  болған  осы  ұландардың  ел  қорғауға 
дайындығын жырлады.  
Қазақ  солдатының  соғыстағы  өмірін  суреттейтін  өлеңдер  негізінде  екі 
түрлі  үлгіде  жазылды.  Бірі  –  жалпы  жауынгерге  тән  сипаттарды  бірікитірген 
жиынтық  бейне  болса,  екіншісі  нақты  бір  аты  белгілі  қаһарманның  ерлігін 
кеөрсетуге  арналады.  Бұлардың  қайсысында  болса  да,  жауынгерлердің  ерлік 
тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туды [1, б. 69].   
Ұлы Отан соғысы кезінде Нұрпейіс Байғанин көптеген жалынды, қысқа 
өлеңдер жазды.  
Майдан  газеттерінің  беттерінде  алғашқы  өлеңдерімен  көрінген 
С. Мәуленовтің 
«Нева 
жақтан 
жел 
еседі 
тамаша», 
«Танкистер», 
Ж. Молдағалиевтің 
«Батыр 
туралы 
баллада», 
«Сағындым 
Жайық», 
С. Сеитовтың «Комиссар», «Төбешік» өлеңдері майдан өмірінің шындығы мен 
солдат  сезімін  суреттеудегі  олардың  сәтті  ізденістерін  танытады.  Ауыр  сезім 
мен отаншылдық рух жас ақындардың азаматтық лириканы игеру жолындағы 
қадамына дем берген [1, б. 70].   
Жауынгердің  жан  сезімін,  жерге,  елге  деген  сағынышын  бейнелеу 
талабы  махаббат  пен  адал  достық  күйлерін  суреттейтін  лириканы  байытты. 
Ә. Тәжібаевтың  «Жамал»,  Ғ.  Ормановтың  «Орамал»,  А.  Тоқмағамбетовтың 
«Сүйген  жарға»,  М.  Хакімжанованың  «Азбай  күткен  жер  алтын», 
Қ. Бекхожиннің  «Сағынып  мен  күттім»  өлеңдерінде  майдандағы  солдатты 
рухтандырып, ерлікке бастап жүрген махаббаттың ұлы күші танылады. Сүйген 
жардың  сәлемі  көп  өлеңде  майданға  орамал  бейнесінде  аттанып,  олардан 
«Күте  бер  жеңіспен  бізді»  деген  сеніммен  оралады.  Бұл  өлеңдер 
жеке сезімді халық мүддесімен ұштастырған адамның патриоттық сырын аша 
түседі [1, б. 70-71]. 
Майдандағы  қазақ  жауынгерлерінің  ерлігін  мадақтауға  арналған 
алғашқы  өлеңдердің  бірн  «Гвардеец  бауырларға»  деген  атпен  С.  Мұқанов 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
185 
жазды. Ол 1941 жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауға ерекше көзге түсіп, 
панфиловшы-гвардияшылар  атағына  ие  болған  қазақ  жауынгерлерін 
құттықтап,  олардың  ерлігіне  ризашылық  білдірді.  Сол  жауынгерлердің  сыры, 
ойы,  сезімі  Ә.  Тәжібаевтың  «Майданнан  хат»,  «Жас  қазақ»,  Ғ.  Ормановтың 
«Блиндаждағы әңгіме»,  «Қаһармандар кескіні», Қ. Аманжоловтың «Елге хат», 
Д.  Әбілевтің  «Шылым»  т.б.  ерлігі  елге  жазған  хат  арқылы  да,  блиндаждағы 
әңгімен үстінде  де  суреттеледі.  Олардың  бойынан әділетсіз  жауға  деген  кекті 
мінез,  сұсты  кейіп  те  танылады.  Қазақ  жауынгерлерінің  майдандағы  ерлігі, 
әсіресе, Мәскеуді қорғау кезінде 1941 жылдың күзінде Волоколамск тас жолы 
бойындағы ұрыста қазақстандық Панфиловшылар дивизиясының ерекше көзге 
түсуі  қазақ  әдебиетінің  майдан  тақырыбын  жырлауына  тың,  мол  мәліметтер 
берді.  Қазақ  ақындары  Бауыржан  Момышұлының,  Мәлік  Ғабдуллиннің, 
Төлеген Тоқтаровтың, Мартбек Мамраевтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк 
Мәметованың,  тағы  басқа  панфиловшы  28  батырдың  ерліктерін  нақты 
деректерге  сүйене  жырлауға  тырысты.  Күркіреген  күндей  жауға  атылған 
зеңбірек  даусы  жер  жаңғырта  бірінші  атылған  минуттан  бастап  қазақ  кеңес 
поэзиясы  да  халқымыздың  жауға  сұсты,  ашулы  ызасымен  бірге  дұшпандата 
өлеңмен бомба жаудыра, ашынған ащы даусын аспандата шығарды. Мұның өзі 
соғыс  тақырыбын  жалпылама  жазбай,  жеке  адамның  іс-әрекеті,  ой  парасаты, 
жеке басының сезім күйі арқылы көрсетуге бетбұрыс болды. Майдан өмірінің 
шындығын терең бейнелеуі, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле 
алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың 
шығармалары ерекше бағалы [2, б. 224].   
Қырқыншы  жылдардағы  поэзияның  дамуына  үлес  қосқан  – 
Жамбылдың  жазба  әдебиетке  жақындығы.  Бұл  жерде  Жамбыл  атамыз  Ұлы 
Отан  соғысының  суреттерін,  шындығын,  ауыртпалығын  бейцнелей  бастайды. 
Отанға  қауіп-қатер  төнген  заманда  ақын  атамыздың  өлеңдерінде  азаматтық 
тақырып,  реалистік  сурет,  халқымыздың,  еліміздің  тағдыры,  жауға  деген 
өшпендігі жырланады [3, б. 31].   
Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырлары Б. Момышұлына, 
М.  Ғабдуллинге,  М.  Мамыраевқа,  Ә.  Молдағұловаға,  М.  Мәметоваға, 
Т. Тоқтаровқа,  Н.  Әбдіровке,  тағы  басқаларға  арналған  өлеңдер  негізінен 
олардың  ерлі  жолының  нақты  дерегіне  құралады.  А.  Тоқмағамбетовтің 
«Алтайдың  ақиығы»,  «Мерген  қыз»,  Ғ.  Ормановтың  «Полковник»,  «Мәлік», 
Ә. Тәжібаевтың 
«Сырласу», 
«Баласы», 
«Анасы», 
Қ. 
Аманжоловтың 
«Мартбек»,  Д.  Әбілевтің  «Қазақ  қызы»,  Қ.  Әбдәқадыровтың  «Қазақ  батыры 
Нұркен  Әбдіров»  сияқты  өлеңдері  осындай  жағдайда  туған.  Бұл  өлеңдерде 
ақындар тарихи адамдар ерлігін нақты суреттей отырып, оларды характер-тип 
есебінде  даралауға  тырысты.  Бұл  тұрғыда  Ғали  Ормановтың  ізденістері  сәтті 
болғанын  атау  орынды.  Оның  қаһармандары  ертегінің  батырындай  әсірелеу 
жолымен  (ондай  өдеңдер  де  болған)  емес,  нақты  адамдық  жылылықпен 
жасалды.  Балғын  денелі,  қыз  мінезді,  кішіпейіл  Мәліктің  сипатынан  өз  елін, 
жерін,  Отанын,  туған  даласын  шексіз  сүйетін,  үлкен  жүректі,  жауына  кекті 
азамат  таниды.  Оның  батырлығын  тудырған  да  патриоттық  сезімі,  өзіне 
тапсырылған  іске  деген  жауапкершілікті  сезінуі.  «Батырлық  бермес  бақ 
емес», −  дейді  ақын,  оны  халық  намысы,  өшпенділік  тудырады.  Ғали 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
186 
Бауыржан  Момышұлының  кескінінен  де  осы  кекшілдікті,  намысқойлықты 
көреді.  Батырдың  өскен  ортасы  мен  достары,  жары  жайлы  жылы  ойларын, 
соларды қорғау жолындағы саналы күресін Ә,Тәжібаев тілге тиек етеді. Оның 
Төлеген  Тоқтаров  туралы  өлеңдері  адамдық  жылы  сезімдерге  толы.  Ұлының 
өлімін естгенде көзіне жас алмаған қайсар ананың қайғысындай боп бір түнде 
ағарып шыққан шашы көз алдында қалады [2, б. 230 ]. 
Жалпы  алғанда,  соғыс  тақырыбын  жырлау,  ондағы  солдаттың  жан 
сезіміне үңілу қазақ поэзиясын едәуір байытып, оның азаматтық үнін көтерді. 
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 
Қ 53 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: Қысқаша очерк: 
жо,ары оқу орындарының ситуденттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: 
«Білім», 2003. – 224 б. 
2. 
Құрастырушылар: Сәрсенбаева Ж., Мұқатай Б. Қ 17 Қазақ көркем 
сөзінің шеберлері: Анықтамалық. – Қарағанды: Экожан, 2010. – 512 б.  
3. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. – 1-том. Қ 17 
Алматы. ҚазАқпарат, 2008. – 646 б. 
 
 
 
УДК 351.854 
Жакупова Меруерт 
(Павлодар, Казахстан) 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАСЫМ 
АМАНЖОЛОВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫ 
 
Қасым  шығармашылығы  –  қазақ  поэзиясының  нағыз  халықтық 
үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды жасақын 
өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде залық 
жанына  тән  ерлік,  батырлық,  жомарттық  сезімді  терең  көрсетті.  Оның 
шешен де сыршыл поэзиясы әркімнің-ақ көңілінен шығатыны да осыдан. 
Кілтті  сөздер:  отанға  деген  махаббат,  махаббаттағы  адалдық, 
жеңіске  деген  сенім,  жеңіспен  оралған  солдат,  солдаттың  монологі,  кек 
сезімі, батырлық жырлар. 
 
Poetry  Kasim  sample  of  folk  poetry.  The  young  poet  hails  from  a  simple 
family  participated  in  the  war  and  also  wrote  poetry.  His  poetry,  he  aroused  in 
people a sense of patriotism, pride, revenge to the enemy, love of country. 
Key  words: love  of  country, loyalty  in  love, the  feeling  of  revenge,  soldiers 
who returned with the victory, the monologue of the soldier, faith in victory, heroic 
lyrics. 
 
Қасым Аманжолов әдебиетке 30 жылдардың басында кіре бастады. Ол 
1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ата-
анасынан  ерте  айырылып,  интернатта  тәрбиеленген.  1927  −  1930  жылдары 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
187 
аралығында ветеринар техникумында оқыған. 1932 жылдан бастап «Лениншіл 
жас»  республикалық  жастар  газеті  редакциясында  журналистика  саласында 
жұмыс істейді. Ұлы  Отан  соғысы  басталғаннан  1946 жылға  дейін ақын  Кеңес 
әскерінің  қатарында  болған.  Соғыс  аяқталғаннан  кейін  «Әдебиет  және  өнер» 
газетінің поэзия бөлімінің меңгерушісі болып істейді.  
Қасымның  жиырма  жасында  алғашқы  өлеңдері  жарық  көре  бастайды. 
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен басылады. 
Қасым  –  ғажайып  тез  өскен  ақын.  Өзінің  ақындық  күшті  талантын  ол 
дүгиежүзілік поэзияның озық үлгілерінен үйрену үстінде шыңдап жетілдіреді. 
Отызыншы  жылдардан  бастап  ақын  Байроннан,  Пушкиннен,  Лермонтовтан, 
Шевченкодан,  Маяковскийден  тамаша-тамаш  аудармалар  жасайды.  Осының 
нәтижесінде Қасым ақындығы тез кемелденді. 
Соғыстың  алдында  Қасым  «Өз  елім»,  «Дауыл»,  «Нар  тәуекел», 
«Талғар»  тәрізді  әдемі  лирикалық  өлеңдер  жазды.  Бұл  өлеңдердің  кейіпкері – 
өз  елін,  туған  даласының  табиғатын  шексіз  сүйген,  «көк  дауылдай  кеуделі 
жігіт» болып өскен, біздің қайратты замандасымыз. Өмірге «жетімдік тағдыр» 
жетектеп  кіргізген  жасты  өз  тәрбиесіне  алған  Отанын  ақын  ерекше  сезіммен 
жырлайды.  
Ұлы  отан  соғысы  жылдарын  кеңес  әскерінің  қатарына  шақырылған 
Қасымның әскери қызметі Қиыр Шығыста басталады. Ал 1943 жылдан бастап 
фашистерге  қарсы  соғысқа  қатысады.  Осы  Ұлы  Отан  соғысының  жылдары 
ақын  шығармашылығында  ерекше  орынға  ие.Майдан  жолы  мен  Қиыр 
Шығыстағы  қызметі  кезінде  ол  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасын, 
«Байқал»,  «Орал»,  «Сібір»  өлеңдерін  жазған.  Осы  лирикалық  өлеңдерінде 
ақын  ел  табиғатының  бай  көріністерін  адамның  отаншылдық  сезімімен  терең 
байланыста  көрсетеді.  Лирикалық  кейіпкердің  рухани  байлығы  мол,  сезімі 
ыстық. Табиғаттың  әсем  суреттері  оның асыл  арманы  мен  нәзік  жан  дүниесін 
қозғап, табиғатпен тікелей қарым-қатынасқа келтіреді.  
Ұшты құстар көңілімнен, Өр толқынмен ойнадым, 
Жанымда жыр толғадым. Қақтым ұшқан құстарын. 
Шымылдықтай төгілген Шолп-шолп еткен шортанын 
Араладым орманын. Шоқтығынан ұстадым. 
Аспанменен егескен Жаттым бір кез құмартып, 
Бастым зәулім шыңдарын. Салқын самал сайында. 
Күркіреп көкте кеңескен Би билеттім бұралтып 
Бұлттың сөзін тыңдадым. Ақ балтырлы қайыңға. 
«Байкал»  табиғатымен  осылай  туысқан  лирикалық  кейіпкер  сезімі 
өлеңде көл суретінің көркем көрінісімен астасып, биік романтикаға көтеріледі. 
«Байкал» − көлемді лиро-эпикалық толғау. Байкалдың торғын тұман жамылған 
көлі,  таң  сәріден  кернейлете  құйған  өзендері,  көлге  ғашық  боп  ерте  оянған 
таң –  бәрі  де  ақын  қиялын  тербеп,  сұлу  суретке  айналады.  Жастық  шағын 
өткізген  ыстық  қала  –  Оралға  тоқтағанда  да,  Ертіс,  Сарыарқа  тұсынан  өтіп 
бара  жатқан  ақын  ел  сағынышын,  туған  жерге  деген  мол  махаббатын  төгілте 
жырлайды.  
Ақын өзінің шығармашылық еңбегін майдан жолында да жалғастырған. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
188 
Қасымның  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасы  тек  қана  оның 
шығармашылығын  ғана  емес,  бүкіл  кеңес  қазақ  әдебиетін  байытқан  туынды. 
Белгілі  кеңес  ақыны  Н.  Тихонов  Мәскеуде  өткен  қазақ  әдебиетінің 
онкүндігінде (1949 ж) ақынның поэмасын қазақ поэзиясының алтын қазынасы 
деген. 
Ақынның 
шығармашылығы 
кеңес 
жазушыларының 
екінші 
Бүкілкеңестік съезінде де жоғары бағаға ие болған.  
Қ. Аманжоловтың  «Ақын  өлімі туралы аңыз» поэмасы өзінің  идеялық-
көркемлік  қуатымен  ерекше  бағаға  ие  болды.  Поэма  соғыстың  қызу  кезінде 
қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев бастан кешкен бір ерлік оқиғаға негізделіп 
жазылған. Қасым онда Абдолла өлер алдындағы ерлігін танытар бір эпизодты 
суреттеу  арқылы  жаңа  заман  батырының  бейнесін,  оның  өлмес  рухын,  отты 
тұлғасын  көрсете  білді.  1942  −  1943  жылдың  қысында  Абдолла  бір  деревня 
үшін болған сұрапыл ұрысқа қатысады. Әрбір үй үшін талас басталып, қырғын 
соғыс көше үстінде өтеді. Бір селода болған ұрыста жауды беттетпей бір үйді 
паналап  атысқан  Абдолла  жау  қоршауында  қалады.  Сонда  да  үйге  ешкімді 
кіргізбейді.  Батырды  ала  алмаған  ызалы  жау  үйге  өрт  қояды.  «Жау 
қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі бізге 
батырлықтың  асқар  шыңындай  сезіледі.  Ол  жан  алқымға  келгенде,  соңғы 
гранатасын  немістерге  лақтырды  да,  ақтық  оғы  қалғанша  жау  өңменінен 
айырмады»,  −  деп  жазды  ол  туралы  Абдолла  шайқасқан  бөлімнің  командирі 
В.Григорьев.  
Қасым  поэмасы  Абдолла  өмірінің  осы  бір  соңғы  кезеңін  суреттеуге 
құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір 
сәттегі  ерлік  ісін  көрсету  арқылы  ашады.  Ерлік  салт  пен  антына  берік 
жауынгер кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі.Осы 
бір  өлім  мен  өмірдің  күремін  Қасым  зор  ақындық  шабытпен  суреттейді.  Ер 
ұланның ашу-кегі түн жүрегін қақ жарады, орман құстары шошып оянады, көл 
күрсініп  дем  алады.  Жер  мен  аспан  арасы  зілзалаға  айналып,  оқ  бораны 
ұйтқып  соғады.  Қара  тастан  қан  кілкіп,  кең  даланы  толтырады.  Снаряд 
орманның  қара  шашын  талдап  жұлып,  көл  жағасы  мәңгі  мекенін  тастап,  суға 
сүңгиді.  Осы  бораздарда  ақынның  соғыс  суреттерін  елестетер  көркемдік 
құралдары танылады. Алайда бұл сұмдық суреттер батыр ақынның үрейін ала 
алмайды.  Ол  «Ала  алмайсың!»  −  деп,  жауы  «Алмай  қойман!»  −  деп  егеске 
түседі. 
Бұл тұста кейіпкер тағдыры драмалық шиеленіске түседі. Үйге бекінген 
адамды  ала  алмаған  жау  өрт  қояды.  Өзінің  дұшпан  еркіне  берілмей,  Отан 
алдындағы  антын  абыроймен  ақтаған  солдат  ондай  өлімді  де  ерлерше  қарсы 
алады. Жау қолына түскеннен ол ерлік өмірді артық санайды. Сондықтан сезім 
арпалысындағы  оған  өрт  те  ерекше  салтанатты  көрінеді.  Қызыл,  жасыл 
киінген  өрт  оған  қыз  ойнақ  болып  елестейді.  Батырдың  ақ  жүзін  жалын  тілі 
сүйіп,  толқын  шашында  оттар  ойнайды.  Ол  от  ұстаған  Прометейдей  асқақ 
тұрып құлайды. Жалын жанды, намысты, өр сезімді ақын: 
Құдірет күші – жер жаһанның 
Қанатын бер қыран құстың, 
Ашуын бер арыстанның, 
Жүрегін бер жолбарыстың. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
189 
Күллі әлемнің ашу-кегі 
Орна менің кеудеме кеп, 
Жау жолына атам сені, 
Бомба бол да, жарыл, жүрек! –  
деп қайтыс болады. 
Ақын-реалист  Аманжолов  солдаттың  сезімін  жан-жақты  сипаттай 
алған:  уайымын,  қуанышын,  қайғысын.  Оның  адам  сезімін  толғандыратын 
өлең жолдарры бүкіл майдан жолында жазылған туындыларында жатыр. Осы 
жерде оның ешқандай да әбестігі жоқ. Себебі, өлім мен өмірдің арасында адам 
туған  жерін,  балаларын,  сүйген  жарын,  отбасын,  анасын,  үйін  сағынбай 
қоймайды?! осы жерде орыс жазушылары К. Симонов пен А. Сурковты алсақ, 
олардың  да  майдандық  өлеңдерінде  солдаттың  туған  жеріне,  жарына, 
достарына үйіне деген сағышы айтылады.  
Соғыс  жылдары  қай  халық  болмасын  өзінің  ұлттық  намысы  мен 
батырлығы асқақтата жырлағаны бәрімізге де мәлім. Себебі, әр елдің азаматы 
өз  жерін  жаудан  қорғауға  аттанған.  Ертеңгі  күні  ұлымыз  құл,  қызымыз  күң 
болмасын деп шыбын жандарын шырқыратқан жаужұрек халықтың ұрпақтары 
Отан жолында өз жандарын аяған жоқ.  
Ал  коммунист  ақын  Аманжолов  соғыстың  бірінші  күнінен  бастап 
аяғына дейін өз өлеңдерінде Отанын асқақтата жырлаған.  
Соғыстан  кейін  де  Қасым  Аманжоловтың  өлеңдері  өзекті  болып  қала 
бермек.  Бұл  өлеңдерде  замандастарымыздың  өмір  жолы  мен  еңбектері, 
тыныштық,  бейбітшілік  үшін  күрес  жолы  жырланған.  Қасымның  соғыстан 
кейінгі  шығармашылығында  Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбы  едәуір  орын  алды. 
Ақын  соғысты  еске  алу  арқылы  адамның  бүгінгі  әлем  алдындағы  азаматтық 
парызын суреттейді («Біз Отанның солдаты»). Мұндай сезім соғыста бір аяғын 
жоғалтқан балдақты жігіт басында да байқалады. 
Көріп тұрсың бір аяғым осында, 
Екіншісін басып тұрмын Берлинде, − дейді ол. 
Бұл тұстағы Қасым лирикасының әдемі бір үлгісі – «Дариға». 
Өңімде ме еді, түсімде ме еді, 
Көріп ем ғой бір армандай қызды... 
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, 
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды. 
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз, 
Тулады толқын, шайқалды шың-құз... 
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз, 
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?! (Қ.А) 
Бұл  –  майданнан  жеңіспен  оралған  солдаттың  монологі.  Ол  барлық 
құштарлығымен  сүйгенін  іздейді.  Соғыс  сұрапылын  еске  алады.  Ол  суреттер 
орасан.  «Тулады теңіз, шайқалды шың-құз, қып-қызыл оттың ішінде жүрміз». 
Осы  жағдайдан  оны  өлтірмей  алып  шыққан  –  махаббат  күші.  Дариғаға  деген 
сезім. Дариға – ақынның өмір сүйгіштігінің бейнесі. 
Қасым  Аманжолов  шығармашылық  күші  әлі  де  өшпеген  1955  жылы 
қайтыс  болады.  Оның  өлімінен  кейін  оның  барлық  шығармалары  үш  том 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
190 
болып  жарияланды.  1958  жылы  Мәскеуде  ақынның  таңдаулы  өлеңдері  мен 
поэмалары басылымға шықты. 
«Фархад  пен  Шырын»,  «Ромео  мен  Джульетта»,  «Қозы  Көрпеш  пен 
Баян  Сұлу»,  «Қыз  Жібек»,  Татьянаның  Онегинге  хатын  толғаныспен, 
тебіреніспен,  махаббатпен  оқитын  біздің  халық,  Кеңес  дәуірінде  өмір  сүрген 
замандастарымыздың 
еңбегін, 
бартырлығын, 
махаббатын 
жырлайтын 
поэмалар  мен  өлеңдердің  жазылуына  үлкен  мән  берген.  Халықтың 
сұранысына  Аманжолвтын  керемет  лирикалық  өлеңдері  жауап  болған. 
Танымның  тазалығы,  махаббаттағы  адалдық,  сезім  тереңдігі  –  лирикалық 
қаһарманның баға жетпес қасиеті. 
Қасым  шығармашылығы  –  қазақ  поэзиясының  нағыз  халықтық 
үлгілерінің  бірі.  Халықтың  қарапайым  ортасынан  шыққан  жалынды  жасақын 
өз  тағдырын  туған  елі  тарихымен  тұтастықта  сезініп,  өз  өлеңдерінде  залық 
жанына тән ерлік,  батырлық, жомарттық  сезімді  терең  көрсетті.  Оның  шешен 
де сыршыл поэзиясы әркімнің-ақ көңілінен шығатыны да осыдан.  
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. 
http://www.nomad.su/?a=15-201109050014.  Светлый  путь  Касыма 
Аманжолова. К 100-летию со дня рождения поэта. 05.09.2011 / история. 
2. 
Құрастырушылар:  Сәрсенбаева  Ж.,  Мұқатай  Б.Қ  17  Қазақ  көркем 
сөзінің шеберлері:Анықтамалық. – Қарағанды: Экожан, 2010. – 512 б.   
3. 
Қ  53  Қирабаев  С.  Кеңес  дәуіріндегі  қазақ  әдебиеті:  Қысқаша  очерк: 
жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған  оқу  құралы.  –  Алматы: 
«Білім», 2003. – 224 б. 
4. 
Қасым  Аманжолов  А-52  Өмір  өлең  Алматы:  «Олжас  кітапханасы» 
Баспа үйі, 2012. – 172 б. 
 
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет