рафическую зоркость, логику рассуждения.
I. Оргомент.
II. Сообщение темы и цели урока.
Игра «Взаимообучение».
Уж небо осенью дышало...
ния.
нания.
-запись предложений под диктовку.
дито.
остановилась.
тип знаков препинания.
-составить схемы к предложениям.
нец.
2.Глубже пахать-больше хлеба видать.
оставил.
часы зноя.
бочки.
3) Объяснение знаков препинания.
раз.
препинания.
ризашылығымызбен растаймыз.
бұрамыз.
тұрамыз. «Кім білгір?»Адамгершілік
ғылым туралы.
2) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. (Семь
лайық.
дерді мәнерлеп оқу сайысына берілді.
материал алып өсіміктердің тозаңану ерекшеліктерін анықтаған.Олар өсімдіктерің жел және бунақ-
дене арқылы тозаңану ерекшеліктерін зерттеп,осіміктердің тозаңдалуға бейімделген құрылыс ерек-
шеліктері туралы қорытынды жасады. Және үйдегі жағайда сол ерекшеліктерді қалай қолдануға
болатынын айтып өтті.Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора,
жүгері, қарабидай, қайың, емен. ерекшеліктері: өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл, көп бола-
ды;гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады;соққан желге тербеліп,
тозаңдарының таралуына бейімделген; аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез
қабылдауға лайықтанған; гүлдері ұсақ хош иіссіз,реңсіз, масақ,сыпыртқы гүлшоғырларына жинақта-
лған, жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер топтасып,шоғырланып,бір-біріне жақын өседі.Бунақдене-
лілер арқылы тозаңданатын өсімдіктердің ерекшеліктері: өсімдіктердің гүлдері ірі,қоңырау тәрізді,
ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Бунақденелілер арқылы айқас
тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ.Үйде бау-бақша өсіре
кезінде бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктердің маңына оларды шақыру мақсатында
хош иісті, ашық реңді гүлдерді отырғызуды ұсынды.
№16Зертханалық жұмысты орындау.(нұсқаулық парақ таратылады)
Қорытынды бөлім.Лездеме сұрақтар
Кестені толтыр,белгілер өсімдіктердің тозаңдануының қай түріне тән
Рефлексия.«Борт» журналы.Әр оқушының нұсқасын жинақтап «Борт» журналы жасалады.Оның
көмегімен қай оқушы жаңа тақырыпты қалай меңгергенін көруге болады.
Үйге тапсырма. §25 оқуға.Көктаудағы өсімдіктердің тозаңдануы туралы әңгіме жазып келу.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
20
АШЫҚ САБАҚ
ОТКРЫТЫЕ УРОКИ
29 сәуір 2016 жыл
Д.С. РУМАГАНБЕТОВА ,
Елек орта мектебінің химия пәні
мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Темір мен оның маңызды қосылыстары,
физикалық - химиялық қасиеттері, биоло-
гиялық маңызы туралы білім беру.
Сабақ барысы.
І Қызығушылықты ояту.
«Тапқыр болсаң шешіп көр»
Қара металлургияның жанымын,
Машина трактордың қанымын.
VIII қосымша топшада болсам да,
Металл атаулының көп қолданылытын
түрімін. Жауабы: Темір
ІІ Мағынаны тану:
Темірдің периодтық жүйедегі орны мен
табиғатта таралуы
Химиялық таңбасы: Fe , 4 үлкен период.
VIII қосымша топша , реттік нөмірі 26, Ar =
56. Атом
құрылысы:
+26
Fe
1s
2
2s
2
p
6
3s
2
3p
6
3d
6
4s
2
,
d-элементі,ауыспалы
валенттік (II және III) көрсетеді.
Табиғатта таралуы: Темір- алюминиден
кейінгі табиғатта ең көп таралған металл.
Жер қыртысындағы массалық үлесі -5.
Ғарыштан түсетін метеиориттер негізінен
темірден тұрады. Сондықтан ерте заман-
да темірді «аспан» немесе «жұлдыз» тасы
деп атаған. Темір жер қыртысында көпте-
ген минералдар түзеді. Маңыздылары: маг-
нетит Fe
3
O
4
, гематит Fe
2
O
3
, лимонит Fe
2
O
3
* nH
2
O , пирит немесе темір колчеданыFeS
2
.
Темір кенінің қоры жағынан Қазақстан
қазіргі таңда әлемде 8-ші , оны өндіруден
11-ші орында. Ал ТМД елдерінде Ресей мен
Украинадан кейінгі 3-орында тұр. Қазақстан-
да есепке алынған 37 кен орнының 27-інде
темір кенінің баланстық қоры айқындалған.
Темір өндіретін зауыттар: Теміртауда
«Қазақстан магниткасы», Ақтөбе, Павло-
дарда ферроқорытпа комбинаты.
Физикалық және химиялық қасиеттері:
Таза темір күмістей ақ түсті, иілімді ме-
талл, тығыздығы 7,87 г/см
3
, 1539
0
С-та
балқиды. Темірдің ерекшелігі оңай балқи-
ды.
Химиялық қасиеттері: Темір белсенділігі
орташа металл. Тотығу дәрежелері: +2,+3.
1. Темір күкіртпен қыздырғанда әрекет-
теседі. Fe+S = FeS (темір ІІ сульфиді)
2. Сұйытылған қышқылдармен орынбасу
реакциясына түседі:
Fe + Н
2
SO4 = FeSO4+ Н
2
↑
(темір ІІ суль-
фаты)
3. Темір мысты тұздарының ерітінділері-
нен ығыстырғанда +2-ге дейін тотығады:
Fe +CuSO4 = FeSO 4+ Cu (темір ІІ сульфа-
ты)
4. Хлор-күшті тотықтырғыш, темірді +3
тотығу дәрежесіне дейін тотықтырады: 2 Fe
+ 3Cl
2
= FeCl
3
(темір хлориді)
5. Темір оттекте жанғанда екі тотығу
дәрежесінде (+2,+3) көрсетеді, ұшқын ша-
шаратып жанады: 3Fe + 2O
2
=Fe3O4 (темір
қағы)
Темір қосылыстары: Темір (II) оксиді FeO
қара сұр түсті ұнтақ, негіздік оксид. Темір
(II) гидроксиді Fe(OH)
2
жасыл тұнба, Fe
2
O
3
кәдімгі жағдайда негіздік оксиді , ал жоғары
температурада екідайлы қасиет көрсетіп,
негіздік оксидтермен әрекеттеседі:
СаО + Fe
2
O
3
= Са(FeO
2
)
2
кальций фер-
ритін түзеді.
Темір оксидтері де, гидроксидтері де суда
ерімейді. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне сілті
қоссақ ақшыл жасыл түсті тұнба түседі:
FeSO
4
+ 2NaOH = Fe(OH)
2
↓
+ Na
2
SO
4
Ауада ақшыл жасыл тұнба біртіндеп жа-
сылданып, содан соң қоңыр тартады,
өйткені темір +2 ионы темір +3-ке дейін то-
тығады: 4Fe(OH)
2
+ 2H
2
O + O
2
= 4 Fe(OH)
3
↓
Темір (ІІІ) гидроксидін де тұздарының
ерітіндісіне сілті әсер ету арқылы алады:
FeCl
3
+3NaOH = Fe(OH)
3
v + 3NaСІ
Темір (III) гидроксиді қышқылда ериді,
негіздік қасиет көрсетеді:
Fe(OH)
3
+ 3HCl = FeCl
3
+ 3H
2
O
Темір (III) гидроксиді қыздырғанда айы-
рылады: 2Fe(OH)
3
>Fe
2
O
3
+ 3H
2
O
Темір мен оның құймалары – шойын мен
болат ертеден қолданылып келеді. Болат-
та 2% көміртек , ал шойында 2-4% көміртек
болады. Темір мен көміртектің құймасына
хром, марганец, никель, мыс, кремний т.б.
қосқанда болаттың сапасы жақсарады.
Темір мен оның құймасы техниканың бар-
лық саласында қолданылады. Сондықтан
темір басқа металдарға қарағанда көбірек
өндіріледі.
Темірдің биологиялық рөлі.
Мәтінді оқытып, ратация әдісін пайдала-
нып, постер қорғайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Жаңа тақырыптан алған білімді қолану
1. Мына айналымдарды жүзеге асыра-
тын химиялық реакция теңдеулерін жазың-
дар:
Fe
→
FeCl
2
→
Fe(OH)
2
→
FeO
→
FeSO
4
Fe
→
FeCl
3
→
Fe(OH)
3
→
Fe
2
O
3
→
Fe
2
(SO
4
)
3
2.
Қыздырылған Fe
2
O
3
-ті сутекпен әре-
кеттестіріп темір алуға болады. Егер реак-
цияға 2,24л сутек жұмсалса, темірдің қанша
массасы түзіледі?
3. Темірдің бір тұзы сілтімен әсер еткен-
де түзілген ақ тұнба біртіндеп жасылданып,
содан кейін қоңыр тартты. Бұл қандай
тұнба, байқалған құбылысты реакция тең-
деулерін жазып түсіндіріңдер.
Тест
Зертханадық жұмыс №6 Темір гидроксид-
терін алу және олардың қасиетін зерттеу.
Сабақты бекіту мақсатында хат тасушы
ойыны қолданылады
1-хат : Темірдің валенттігі неше?
2-хат: Темір таралуы бойынша металдар-
дан нешінші орында?
3-хат: Таза темірдің түсі қандай?
4-хат: Темір (ІІІ) гидроксидінің түсі қан-
дай?
5-хат: Адам денесіне темір жетіспесе қан-
дай ауру пайда болады?
6-хат: Темір қандай тағамдардың құра-
мында кездеседі?
7-хат: Темір (II) гидроксидін қалай ала-
мыз?
8-хат: Темірдің қандай құймалары бар?
Бағалау
Үйге: §31 8-11жаттығулар. Темірден жа-
салған атақты мұнаралар туралы мәлімет
әкелу.
Рефлексия
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
ҰСТАЗ - ШӘКІРТ
ШЫРАҚШЫСЫ
Гүлнар ЖАЛАШЕВА, №32 мектеп-
гимназияның химия пәні мұғалімі
ТЕМІР ОНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ТЕМІР ОНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ТЕМІР ОНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ТЕМІР ОНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ТЕМІР ОНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани
сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті
мол болашағын тапсырытын
сенімді өкілі. Олар сол сенімді
ақтай отырып, зерделі де зерек,
парасатты, ұлттық және адамзат-
тық құндылықтарды бойына дары-
тқан тұлғаларды тәрбиелеуде.Ер-
теңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқы-
нырақ болуына ықпал етіп, адам-
зат қоғамын алға апаратын
құдіретті күш тек білімге ғана тән.
Демек, қай елдің болсын өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын
алуы білім саласының даму бағы-
тына тікелей байланысты.Елбасы-
мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
евтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында», - дегені
бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті
елдердің қатарынан орын алып,
ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай
болып жатса, бұл – ұстаздардың
еңбегінің жемісі. Ұстаздар қауымы
елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асы-
ратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен
жүкті арқалай отырып, қоғам ал-
дындағы зор жауапкершілік жүктел-
генін бүгінде нақты сезінген деп ой-
лаймын. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне
ғылым негіздерінен мәлімет беріп
қана қоймай, оны дүниежүзілік
білім, ақпарат, экономика кеңістігі-
не шығуға, яғни қатаң бәсеке жағ-
дайында өмір сүруге тәрбиелеуі
керек. Ол нағыз ұстаздың ғана
қолынан келеді. Ұстаз атана білу,
оны қадір тұту, қастерлеу, арын-
дай таза ұстау - әр мұғалімнің бо-
рышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, бар-
лық шәкіртін, мектебін шексіз
сүйетін адам.Осы іске деген қызы-
ғушылық пен сүйіспеншілік қана оны
небір қиын әрекеттерге жетелейді,
іске батыл кірісуге септігін тигізеді.
Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас
жүрекке мәңгі ұстаз болып қала-
ды. Ұлы ағылшын ағартушысы
Уильям Уорд: Жай мұғалім хабар-
лайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы
мұғалім шабыттандырады,- дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан
кәсіби икемділік пен ұтқырлықты,
сан қырлы шығармашылық қыз-
мет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру
жағдайындағы
біліктілікті қажет етеді. Өйткені
қазіргі жас буын - еліміздің келер
күнгі келбеті. Мұғалім - мамандық
болса, ұстаздық қасиет, табиғат
дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат,
жүрегіңе жарық жігер беріп өрге
сүйрейтін де, жаныңа азық,өміріңе
өзек боп төрге сүйрейтін де осы
ұстаздық қасиет. Мұғалім болып қыз-
мет жасағаныма 23 жыл болды.Шә-
кірттеріңді көргенде өз еңбегіңе де-
ген ризашылық пен ерекше қанағат
сезімді байқайсың. Одан әрі құштар-
лана, ынталана аса бір махаббат-
пен, сезіммен алға ұмтыласың.
Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжіри-
беңді, үйрете жүріп үйренген тағы-
лым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен
істермен ұштастырғың келіп кетеді.
Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім
артып, жауапкершілікпен іс тапсырса
асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей
түсуге ұмтыласың. Азды - көпті
еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан
іс келеді деп сенетін әріптес табы-
лып, шын ниетімен қамқорлық жа-
сап, жұмыс істеуге жағдай жасаса,
кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қыз-
метіңе ерекше назар аударса, кім -
кімге де болсын серпіліс әкеледі.
Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып,
жаңашыл ұстаз болмысын сомдар
болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз
ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа
жауап, кез - келген жағдаяттан шыға
алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін
әрқашан теориялық білімді кеңейтіп,
методикалық әдіснамамды арттыру-
дың тиімді жолы болмақ. Сол арқы-
лы келешек ұрпақтың сапалы білім
алуы қажеттілігін жадынан шығар-
май кәсіби мәдениеті жоғары, білікті
маман атану. Соның бір дәлелі - Мен
2014-2015 оқу жылында өз білімімді
көтеріп, І (ілгері) деңгейлік курстан
өтіп, Кембридж бағдарламасын мең-
геріп, жеті модуль бойынша сабақ
өткізу әдіс - тәсілін үйрендім. Кемб-
ридж бағдарламасын игертуге 3 - ай
бойы бізбен тынымсыз еңбек еткен
тренерім Дәрменова Гульнур Убай-
дуловнаға айтар алғысым шексіз.
Мен өзімді қалай өзгерттім, қалай
басқара алдым дегенде, өзімнің
көзқарасымды, сабақ жоспарым мен
сабақ өткізудің тәсілін, оқушылардың
сабаққа ынтасын ояттым, өзін - өзі
реттеуді, бағалауды үйренді және
әріптестерімнің қызығушылығын
оқуға деген ынталары артты. Соны-
мен бірге қазіргі таңда білім беру
саласындағы әлемдік білім кеңістігі-
не ұмтылуға байланысты мұғалім
дайын білімді беруші емес, бағытта-
ушы екенін түсінуі қажет. «Оқушының
жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал
мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс -
тәсілдерді тиімді қолдануында» де-
гендей осы үйренген жаңа тәсілдерді
еңбек жолымда тиімді пайдалану.
Оқушылардың ХХІ ғасыр талаптары-
на сәйкес келу үшін талап етілетін
өзгерістерді енгізу жобалау болып
табылады. Осындай қасиеттер бой-
ынан табылатын ұстаздар, сондай
- ақ мәдениетті, сөйлеу мәнері ерек-
ше, сөзге шешен, киген киімі, кескін
келбеті сыпайы, көзі бар, көкірегі ояу
оқушы алдында үлгі болу керек.
Сондықтан қоғамдық даму заңды-
лығы тұрғысынан ұстаздық түпкі
мұраты шәкіртті өз деңгейінде жет-
кізу ғана емес өзінен озып, ілгері ке-
туіне негіз қалау болуға тиіс. Мұғалім
алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әр
қайсысының өзіндік ерекшелігі бар
мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ,
олардың барлығын бір жүйеге ба-
ғындырып қарататын – ұстаздың
«тактикасы». Өз ісіңе деген,
түсіндіретін тақырыбыңа деген
сүйіспеншілікті о қушыға деген
сүйіспеншілікпен ұштастыра алған-
да, шәкіртің саған сеніп, тәнті бо-
лып, болмаса да « ұқсап бағып» ай-
тқаныңды екі етпей, тапсырманы
ауырсынбай, оны шын пейілімен,
бар ынтасымен және шабытпен
орындап шығады екен. Оған жаңа
технологияның элементтерін қол-
дана отырып, жеке тұлғаны оқытып,
тәрбиелеу мақсатында оқу жұмы-
сының көптеген көңілді, түсінікті
түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін
пайдаланамын. Өнегелі ұстаз -
өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз
жемісі.Шәкірттерім ғылыми – жоба
сайыстары мен олимпиадалар
жүлдегерлері.2003-2005 жылдары
Әжібек Дулат Химия пәні бойынша
халықаралық олимпиаданың ІІ
орын,күміс медаль иегері атанды.-
Қазіргі таңда М.В.Ломоносов атын-
дағы ММУ-де ұстаздық етуде.Туле-
генова Айнұр,Тулегенова Гүлнұр,
Алтынбаева Әлия,Абишева Бақыт
Республикалық ғылыми-жоба сай-
ыстарының І орын жүлдегерлері.О-
сы жылдар аралығында он бестен
астам шәкіртім қалалық, облыстық,
республикалық сайыстар жүлдегер-
лері атанды.Бұл жетістіктер мектеп
тарихына өзіндік үлестерін қосады.
Беріліп жатқан білімнің нәтижесі
білім сапасының көрсеткіші. Ұлы жа-
зушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің:
« Ел болам десең, бесігіңді түзе!»-
деген өте терең мәнді нақылы бар.
Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды
жақсылап өсір дегені. Оған қоса
«бесік» сөзі тәрбиең ұлттық мәйекті
болсын дегенге меңзеп тұр. Осы
міндеттің көп салмағы, ұстаздар,
біздерге түсетіні аян. Ұлы даныш-
пан Әл - Фараби: «Ұстаздар - құдды
жұрт айтатын, тамшысымен тас те-
сетін су сияқты» - деген. Осы сөзден
- ақ ұстаздық жолдың, ұстаздық
міндеттің жүгі ауыр екені айдан
анық. Ендеше «ел келешегі - ұстаз
қолында»- деген лепті тұжырымды
баса айта отырып, өнімді шығар-
машылықты өрістету жолында
өркениет шыңына ілгері, басу мақ-
сатында шебер ұстаздарымыздың
саны жыл санап, арта берсін деген
тілегімді білдіремін.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: