Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет12/34
Дата03.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7346
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34

Литература 
 
1  Жорди  Пужоль.  Глобализация  и  самобытность // Казанский  федералист, 2002: 
http://www.kazanfed.ru/ 
publications/kazanfederalist/n1/stat5/
 
2  Байдаров Е. Влияние глобализации на культуру и ценности человека // 
http://credonew.ru/content/view/510/30/
 
3  Додд  К.Х.  Динамика  межкультурных  коммуникаций // Социология  культуры:  Современные  зарубежные 
исследования. – М., 1987. – С. 96-105. 
4  Воздействие  западных  социокультурных  образцов  на  социальные  практики  в  России: (Теория  наблюдения,  биогр. 
интервью. Советы студентам) – М.: ТАУС, 2009. – 352 с.  
5  Липпман У. Общественное мнение / пер. с англ. Т.В.Барчунова; под ред. К.А.Левинсон, К.В. Петренко. – М.: Ин-т 
Фонда «Общественное мнение», 2004. – 328 с. 
6  Зейферт Е. Современная русская литература в казахских переводах //  
http://wap.gazeta.kz/article/134409/
 
 
Referenses 
 

 Zhordi Puzhol'. Globalizacija i samobytnost' // Kazanskij federalist, 2002: 
http://www.kazanfed.ru/publications/
 
kazanfederalist/n1/stat5/ 
2  Bajdarov E. Vlijanie globalizacii na kul'turu i cennosti cheloveka // http://credonew.ru/content/view/510/30/ 
3  Dodd K.H. Dinamika mezhkul'turnyh kommunikacij // Sociologija kul'tury: Sovremennye zarubezhnye issledovanija. – M., 
1987. – S. 96-105. 
4  Vozdejstvie zapadnyh sociokul'turnyh obrazcov na social'nye praktiki v Rossii: (Teorija nabljudenija, biogr. interv'ju. Sovety 
studentam) – M.: TAUS, 2009. – 352 s.  
5  Lippman U. Obshhestvennoe mnenie / per. s angl. T.V.Barchunova; pod red. K.A.Levinson, K.V. Petrenko. – M.: In-t Fonda 
«Obshhestvennoe mnenie», 2004. – 328 s. 
6  Zejfert E. Sovremennaja russkaja literatura v kazahskih perevodah //  
http://wap.gazeta.kz/article/134409/
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Социальная и языковая адаптация мигрантов в инокультурной среде 

62 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
 
 
 
ӘОЖ 81:001.12/.18 
 
Д.Т. Шакирова 
 
Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті гуманитарлық ғылымдарының магистрі,  
 Қазақстан, Алматы қ. 
е-mail: 
dinara_kaznu@mail.ru
 
 
Мәдениаралық қатысым  "адам – тіл – мәдениет" парадигмасында 
 
Мақала  мәдениаралық  қатысым,  оның  өзіне  тән  ерекшеліктері,  қазіргі  таңдағы  мәдениаралық  қаты-
сымның өзекті тұстары мен келешегі мәселелеріне арналады. ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл 
білімінің  антропологиялық  парадигмаға  көшу  үрдісі – "адам – тіл – мәдениет"  және  "адам – тіл – ойлау" 
үштігіне  сүйенетін  гуманитарлық  зерттеулердің  жаңа  бағыттарына  жол  ашылғаны  белгілі.  Тілді,  тілдік 
бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып 
отырған  басты  бағыттарының  бірі.  Бүгінгі  күні  адами  факторларға  ерекше  мән  беріп,  тіл  иесінің  тілдік 
бірліктерді  дұрыс,  ұтымды  қолдану,  мән-мағыналарын  терең  түсіну  мәселесі  ғылыми  еңбектерде  жиі 
көтерілуде.  Сондай  бір  жаңа  бағыттың  бірі –  мәдениаралық  қатысым  мәселесі  жаһанданудың  өзара  әріп-
тестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Біз осы мақалада  мәдениаралық 
қатысымның кейбір ерекше қырларын ашуға, даулы мәселелерге жауап беруге тырыстық. 
Түйін  сөздер:  мәдениаралық  қатысым,  мәдениаралық  қақтығыстар,  мәдениаралық  қатысым  біліктілігі, 
мәдениаралық қатысымдағы сәтсіздіктер. 
 
Д.Т. Шакирова 
Межкультурная коммуникация в парадигме «человек – язык – культура» 
 
Данная статья посвящена исследованию межкультурной коммуникации, ее особенностям, а также проб-
лемам  и  перспективам    межкультурной  коммуникации.  Развитие    антропологической  парадигмы  в  языко-
знании  в  конце  ХХ-ых  дала  новые  направления  в  гуманитарных  исследованиях,  как  «человек – язык – 
культура», «человек – язык – мышление». Рассматривать язык и языковые единицы с человеческим фактором 
и  человеческими  ценностями  в  единстве  является  новым  направлением  в  современном  языкознании  на 
сегодняшний  день. 
В  нынешнее  время  во  многих  научных  трудах  уделяется  большое  внимание  на 
антропологический фактор, а также  исследованию правильного использования, значения языковых единиц 
носителям языка. 
Проблемы и перспективы  межкультурной коммуникации также являются актуальными на 
сегодняшний  день  как  новые  направления  в  науке.  В  данной  статье  мы  постарались  раскрыть  некоторые 
стороны межкультурной коммуникации, дали ответы на актуальные вопросы. 
Ключевые слова:  межкультурная  коммуникация,  межкультурные  конфликты,  квалификация  межкуль-
турной коммуникации, неудачи межкультурной коммуникации.   
 
D.T. Shakirova 
Cross-cultural communication in the paradigm of  "person - language - culture" 
 
This article is dedicated to the study of cross-cultural communication, its features, as well as the problems and 
prospects of cross-cultural communication. The development of anthropological paradigm in linguistics at the end of 
the XX-th gave new directions for research in the humanities as "person - language - culture", "person - language - 
thinking." Consider the language and linguistic units to human factors and human values in unity is a new trend in 
modern linguistics today. At the present time, many scientific studies paid much attention to the anthropological 
factor, as well as the study of the correct use of the values of linguistic units of native speakers. Problems and 
prospects of cross-cultural communication are also relevant today as a new direction in science. In this article we 
have tried to reveal some aspects of cross-cultural communication, gave answers to topical questions. 
Key words: cross-cultural communication, cross-cultural encounter, cross-cultural communication skills, cross-
cultural communication failures. 
____________________________________ 
 
ХХ  ғасырдың  соңғы  жылдары  дами  баста-
ған  тіл  білімінің  антропологиялық  парадиг-
маға  көшу  үрдісі  "адам-тіл-мәдениет"  және 
"адам-тіл-ойлау"  үштігіне  сүйенетін  гумани-
тарлық  зерттеулердің  жаңа  бағыттарына  жол  
 
 
 
ашты.  Бұған  дейінгі  салыстырмалы-салғас-
тырмалы  түрде  жүргізілген  зерттеу  жұмыс-
тары  құрылымдық-мағыналық  бағытта  ғана 
қарастырылып  келсе,  бүгінгі  таңда  антропо-
өзектік  бағыттағы  уақыт  көшінде  әртүрлі  тіл- 
 
 
 
Д.Т. Шакирова 

63 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013 
 
 
дерді  салыстыра-салғастыра  зерттеу  ерекше 
қызығушылық  танытуда.  Салыстырмалы-сал-
ғастырмалы лингвомәдени сараптама өзгенікін 
біліп,  өзіңдікін  дұрыс  бағалап,  тереңіне  бой-
лауға  жол  ашады.  Тілді,  тілдік  бірліктерді 
адами  факторлармен,  адами  құндылықтармен 
бірлікте  қарастыру  қазіргі  тіл  білімінің  алға 
тартып отырған басты бағыттарының бірі. 
Мәдениаралық  қатысым  мәселесі  жаһан-
данудың  өзара  әріптестік  пен  өзара  түсіністік 
аспектісінде  бүгінгі  таңда  аса  өзекті  болып 
отыр.  Ықпалдастық  процестер  әлемді  өзара 
байланысты,  біртұтас  етуде.  Мәдениаралық 
қатысым  дағдыларын  халықаралық  менедж-
мент  және  маркетинг  саласында,  БАҚ  қыз-
метінде,  трансұлттық  корпорациялар  және 
трансұлттық  саясат,  сондай-ақ  мәдениаралық 
қатысым  зерттеулеріне  түрткі  болған – мәде-
ниет  саласында  қолдануға  болады.  Мәдениет-
тер  диалогы,  өркениеттер  диалогы  негізінде 
жатқан  мәдениаралық  қатысым  идеяларын 
халықаралық  ұйымда,  саяси  көшбасшылар, 
мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар 
көп қолданады. 
Мәдениаралық қатысым деп отырғанымыз-
дың өзі  - мәдениаралық өзара ықпалдасу негі-
зінде  субъектілер  (жеке  тұлғалар,  әлеуметтік 
топтар,  қауымдастықтар,  мәдениеттер,  өрке-
ниеттер)  арасындағы  байланыстар  негізінде 
пайда  болған  құндылықтармен  және  құнды-
лықты  ұстанымдармен  өзара  алмасу  процесі 
болып  табылады.  Біз  осы  мақаламызда  мәде-
ниаралық  қатысым  аясындағы  негізгі  мәселе-
лерге тоқталып өтсек. 
Мәдениаралық  қатысымдағы  негізгі  өзекті 
мәселелердің  бірі – мәдениаралық  қақтығыс-
тар.  Мәдениаралық  қақтығыстардың  пайда 
болу  себептері  айтарлықтай  ауқымды:  қақты-
ғыс  негізінде  тілді  жеткілікті  деңгейде  білмеу 
мен  тілдесетін  адамды  түсінбеуге  байланысты 
себептер  ғана  емес,  одан  да  терең  деңгейдегі 
себептер  жатыр.  Оны  қарым-қатынасқа  қаты-
сушы  адамдардың  өзі  анық  сезіне  алмайды. 
Туындаған  қақтығыстарды  байланыс  барысы-
ның  тек  диструктивті  жағы  деп  қарастыруға 
болмайды. Олардың да өзінің жағымды аспек-
тілері  бар.  Позитивті  қақтығыс  теориясы 
бойынша,  келіспеушіліктер  күнделікті  өмір-
дегі  қашып  құтыла  алмайтын  өмір  сүру  фор-
масы  ретінде  түсіндіріледі  және  өзімен  бірге 
міндетті  түрде  дисфункционалды  сипат  арқа-
лап жүреді [1, 24]. 
Келіспеушілік  ұғымының  астарында  теке-
тірестің кез  келген түрі мен қызығушылықтар  
 
қайшылығы  жатады.  Қақтығыс  үнемі  динами-
калық сипатқа ие және әр түрлі жағдайда орын  
алатын  оқиғалардың  ең  соңын  көрініс  береді. 
Текетірестің  пайда  болуы  байланысқа  түсу-
шілердің  қатынасы  үзілді  дегенді  білдірмейді. 
Оның  артында  жағдайға  байланысты  пайда 
болған қақтығыстан шығудың жаңа жолдарын 
қарастыру  тұрады.  Бұдан  арғы  қатынастың 
дамуы  оң  ықпалда  немесе  теріс  сипатта  өрбуі 
мүмкін.  Өзге  мәдениеттің  өкілдерімен  байла-
нысқа  түсу  барысында  пайда  болатын  қақты-
ғыс  пен  түсініспеушіліктің  негізгі  себептері 
тек  өзіне  тән  қасиеттердің  қателігі  боп  сана-
лады.  Мәдени  өзгешіліктер  мен  діни  ерекше-
ліктер,  идеологиялық  аспектілер  туралы 
білімнің  деңгейі  өзіндік  құндылықтарды  құру 
барысында  үлкен  маңызға  ие.  Мұндай  ақпа-
раттарды  білудің  арқасында  нақты  бір  мәде-
ниетке  қатысты  маңызды  ақпаратты  меңгеріп, 
неге  тыйым  салынған,  неге  рұқсат  етілгенін 
қаперде  ұстайсың.  Тілдесіп  отырған  адамдар-
дың  қандай  тұлғалық  қасиеттері  арқасында 
туған мәдениеті қалыптасқанын, оның мәдени-
аралық  қатысымға  ықпалын  бағамдауға  мүм-
кіндік  туады.  Қатынасқа  түсу  сәті  екі  немесе 
одан  да  көп  индивидтің  қатысуымен  жүзеге 
асатыны  жалпыға  таныс.  Тілдесу  жағдайына, 
олардың  әрқайсысы  психологиялық,  мәдени 
ерекшеліктерін,  жеке  тәжірибесін,  өзіндік  дү-
ниетанымын  енгізеді.  Мәдениеттің,  бір  жағы-
нан,  дүниенің  жекелеген  көрінісінің  қалып-
тасуы  мен  мінез-құлықтың  жекелеген    үлгісі-
нің  (оның  ішінде,  қарым-қатынас  үлгісі  де 
бар),  екінші  жағынан,  туған  мәдениеттің  ық-
пал  ету  деңгейі  әр  түрлі  болуы  мүмкін,  ал  ол 
бірнеше факторға тәуелді. Мәдениаралық диа-
логқа қатысушы білікті адамның (немесе білік-
сіз)  қолда  бар  тұлғалық  мінездемесіне  түзету-
лер  енгізудің  қажеттілігі  байланыс  жағдайы 
мен  оның  даму  қисынына  көңіл  аударып,  мән 
беруге мәжбүрлейді. 
Төменде  біз  мәдениаралық  қатысым  білік-
тілігінің  құрылымын  ашып  көрсетуге  тырыс-
тық (1-кесте):  
Мәдениаралық  қатысым құзыретінің құры-
лымын сараптау тұлғаның күрделі компонент-
тері  сияқты  бір  мезгілде  бірнеше  талаптарға 
сай жүзеге асады. Мысалы, тұлғаның психоло-
гиялық  мінездемесі,  когнитивті-коммуника-
тивтік қабілеті, негізгі білім және т.б.  
Мәдениаралық  қатысымды  зерттеудің  ком-
муникативті-прагматикалық  бағыты – кейбір 
коммуникативтік  теорияларды  сараптауға  ар-
налған.  Соның  негізінде  мәдениаралық  тілде- 
 
Мәдениаралық қатысым  "адам – тіл – мәдениет" парадигмасында 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 

64 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
судің жай-күйі қарастырылады. Осыған байла-
нысты  ой-тұжырымды  тудыру  мен  түсінуге  
әсер ететін мәдени шартты фактораларды (ұс-
танымдары мен заңдылықтары) зерттеудің по-
тенциалды  тиімділігіне  баға  беру  талпынысы 
орын  алған.  Теорияның  жіктелуі  олардың  әр-
қайсысы  мәдениаралық  қарым-қатынастың 
бір-бір аспектісін бұрыштың басына қоятынын 
көрсетті.  Олар:  этникалық,  танымдық,  түсін-
дірмелі және әлеуметтік-прагматикалық. 
     
Кесте 1 
Мәдениаралық қатысым біліктілігінің құрылымы
 
    
Тұлғалық талаптар 1. 
Әр  түрлі  адамдарда  әлем  әр  алуан  көрініспен 
бейнеленетінін мойындау қасиеті; 
2.  Ұқсастықтарға  қарағанда,  пікірлерде,  көзқарас-
тар  мен  баға  беруде  айырмашылықтардың  көп  бо-
латынына іштей дайын болу; 
3. Әр мәдениеттің қайталанбас, ерекшелігін мойын-
дау; 
4.  Өзіндік  бірізділік  пен  ұқсастыққа  құрметпеу 
қарау  және  өзгенің  бірізділік  құқығын  мойындау;
5.  Ұқсастық  болмаған  жағдайда  аса  қатты  алаң-
даушылық танытпау; 
6. Бақылаудың ішкі локусы; 
7.  Тілдесушінің  іс-әрекетіндегі  кері  аспектілерді 
аса зорайтып қабылдамауға дайын болу. 
Ақпаратты хабарлау мен қабылдауға бай-
ланысты шеберлік 
1. Ақпаратты вербалды, бейвербалды, контекстуал-
ды  тәрізді  әр  түрлі  арналардан  шығарып  алу  қа-
сиеті; 
2.  Өзі  туралы  ақпаратты  дәл  әрі  мүмкіндігінше 
ашық  түрде  жеткізу  қабілеті  мен  қалауы  және 
тілдесіп  отырған  адамды  қошеметтеп  отыру  қабі-
леті. 
Ақпаратты сараптау мен бағалауға қатыс-
ты шеберлігі 
1.  Тым  қатал  бағалау  мінездемесінен  аулақ  болу 
қабілеті; 
2.  Тілдесушінің қажеттіліктері мен талаптарын ажы-
рата білу икемдігі; 
3. Бір мезгілде өзіне де, тілдесіп отырған адамға да 
назар аудара білу қабілеті; 
4.  Әңгімелесіп  отырған  адамның  жай-күйін  ескере 
білу қасиеті; 
5.  Жеке  қасиеттер  мен  жағдайға  байланысты  фак-
торлардың тілдесуші іс-әрекетіне әсер ету деңгейін 
әділ бағалау икемдігі; 
6.  Әңгімелесушінің  іс-әрекетіне  дұрыс  түсіндірме 
іздеуге дайын болу қасиеті. 
Қарым-қатынастық  және  іс-әрекеттік 
жоспарлар 
1. Бірлескен қызметке байланысты мәселелерді бір 
уақытта  шешу  қабілеті  және  пікір  алмасушымен 
қатынасты ретке келтіру; 
2.  Өзін-өзі  бақылау  мен  бағдарлауды  жүзеге  асыр 
білу қасиеті; 
3.  Қарым-қатынас  кезінде  көздеген  мақсатқа  жету 
үшін  өз  іс-әрекетін  құбылта  білу  шеберлігі;
4.  Күтпеген  жағдайға  жылдам  икемделу  қабілеті;
5.  Өзара  тілдесу  амалдарын  басқара  білу  қасиеті 
(әңгімені бастау, пікір алмасушыға  деген құрметін 
байқату). 
Д.Т. Шакирова 

65 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013 
 
 
Сондай-ақ,  мәдениаралық  қатысымда  өзін-
дік лингвистикалық аспектілерге еш  көңіл бө-
лінбейді.  Атап  айтқанда,  интерпретативті  ас-
пектілерді зерттеу когнитивтi операциялар мен 
пікірталас  стратегияларын  оқытумен  толығуы 
тиіс.  Ол  тілдесуге  қатысушы  адамдардың  дұ-
рыс түсінікке қол жеткізуі үшін қолданылады. 
Сонымен  қатар,  вербалдану  процесінің  және 
пікірлерді  толық  түсінудің  тілдік  құралдары 
мен  прагматикалық  факторлары  арасындағы 
қарым-қатынас  параметрлері  түсініксіз  күйде 
қала  бермек.  Осы  орайда,  әлемнің  тілдік  бей-
нелері арасындағы әр алуан нұсқаларды да қа-
растырудың  маңызы  зор [2, 17]. Өйткені  тіл-
десуге қатысушы адамдардың әрқайсысы өзіне 
ыңғайлы ана тілінде пікір білдіруі мүмкін. Ал 
ол  тіл  екінші  адамға  шет  тілінде  түсіндіруі 
мүмкін. Немесе олар екеуіне де ортақ қолайлы 
дәнекер тілді таңдауы ықтимал. Болмаса, олар 
пікір  алмасу  үшін  аудармашының  қызметіне 
жүгінері хақ.  
Мәдениаралық  қатысымдағы  қақтығыстар-
мен қатар тағы бір үлкен даулы мәселенің бірі 
–  мәдениаралық  қатысымдағы  сәтсіздіктер
Ол  тілдесу  барысындағы  әрбір  әңгімелесу-
шінің  бойынан  табылатын  әлем  туралы  бас-
тапқы  білімнің  ұйымы,  тобының  әсер  етуі. 
Аталған  білімдердің  формасы  мен  ұйымдас-
тыру  тәсілдері  көбінесе  индивидтің  мәдени 
әлем бейнесіне тәуелді болады. Сонымен қоса, 
олар  анықталып,  әлемнің  тілдік  бейнесінде 
көрініс бере алады [3, 9]. 
Демек,  мынадай  қорытынды  шығаруға  бо-
лады: қатысым теориясы тұрғысынан қараған-
да,  мәдениаралық  қатысымды  оқыту  барысы 
ақпаратты қабылдау мен беру әмбебеп таным-
дық  тетіктер  арқылы  жүзеге  асуы  тиіс.  Сол 
сияқты, осы процеске қатысатын  барлық ком-
поненттердің  мәдени-спецификалық  сипатта-
масын да ескеру керек. Атап айтқанда, әлемнің 
мәдени  бейнесінің  тілдесуге,  қатысушыларға 
әсер  етуін  де  ескеру  міндетті.  Оның  әр  түрлі 
арналар  арқылы  ақпараттарды  ала  алатын  қа-
білетін  ұмытпау  қажет.  Сонымен  қатар,  оның 
туған мәдениетіне негізделген қарым-қатынас-
тағы мінез-құлық өзгешеліктері де назарда болу 
керек. Оны зерттеу барысы үш түрлі семиотика-
лық қатынас аясындағы көптеген параметрлер-
ге арқа сүйейді: белгі – зат, зат – зат, зат – 
адам. Бұл параметрлер былайша жүзеге асады: 
 
Шарттар  мен  тілдесушілердің  әлеуметтік 
мәдени мінездемелері; 
 
Қарым-қатынас  барысында  қолданыста 
болатын  танымдық  тетіктер  және  байланысу, 
іс-әрекет жоспарлары; 
 
Байланыс  мақсатына  жетудің  вербалды 
және бейвербалды құралдары. 
Көріп отырғанымыздай, мәдениаралық қаты-
сым  көпжоспарлы  сипат  алатын  әлеуметтік 
психологиялық ерекше феномен. 
 
Әдебиеттер 
 
1 Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – М.:  Слово, 2000. – C. 24. 
2 Гришаева Л.И., Цурикова Л.В. Введение в теорию межкультурной  коммуникации. Воронеж, 2003. – C. 17. 
3 Гудков Д.Б. Теория и практика межкультурной коммуникации. М.: Гнозис, 2003. – C. 9.  
 
References 
 
1 Ter-Minasova S.G. Yazyk i mezhkul'turnaya kommunikatsiya. – M.:  Slovo, 2000. – C. 24. 
2 Grishaeva L.I., Tsurikova L.V. Vvedenie v teoriyu mezhkul'turnoy  kommunikatsii. Voronezh, 2003. – C. 17. 
3 Gudkov D.B. Teoriya i praktika mezhkul'turnoy kommunikatsii. M.: Gnozis, 2003. – C. 9. 
     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мәдениаралық қатысым  "адам – тіл – мәдениет" парадигмасында 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 

66 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
 
 
 
ӘОЖ 811.512.122.373 
 
Қ.Б. Сарбасова 
 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,  ф.ғ.к., доцент  
Қазақстан, Талдықорған қ. 
е-mail: bazarbekovna54@mail.ru 
 
І. Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері 
 
Мақалада  Ілияс  Жансүгіров  шығармаларының  кейбір  синтаксистік  ерекшеліктері  қарастырылады.  Ілияс 
Жансүгіров  дәстүрлі  поэтикалық  синтаксисті  пайдалана  отырып,  оның  дамуына  үлес  қосқандығы  дәлел-
денеді. Белгілі бір құбылысты суреттеуде жай сөйлем түрі – хабарлы сөйлемнің жиі қолданылатыны мысал-
дармен дәйектеледі. Ақын өлең шумақтарында бір жолда бірнеше жай сөйлемді қатар қолданатындығы ерек-
шелік ретінде сипатталады.  
Ілияс  Жансүгіров  шығармаларынан  сөйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай  түрлерінің  барлығы,  атап 
айтқанда, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдердің коммуникативтік қызметтен басқа стильдік қыз-
метте  жұмсалуы,  сөйлем  түрлерінің  кейіпкер  тілінде,  авторлық  баяндауда  да  белгілі  бір    мақсатта  қол-
данылатыны «Күйші», «Дала», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Гималай» өлеңінің мәтіндері-
нен алынған мысалдармен дәлелденіп, сипатталады.  
Поэзия  тілінде  құрмалас  сөйлемнің  сабақтас  түрі: -іп,-іп,-п  тұлғаларымен  жасалғандары  жиі  кездесетіні 
анықталып,  ақынның  өлең  ұйқасын  көсемшенің  тиянақсыз  формасына  құруы  оқиға  желісін  үзбей,  өлеңге 
ырғақ,  екпін  беруге  мүмкіндік  береді  деген  ой  түйіндейді. «Біздің  жазда», «Арманым»  өлеңі  осы  тұрғыда 
талданды.  
Түйін сөздер: стильдік қызмет, поэтикалық синтаксис, альтернативтік мағына, диалог, риторикалық сұ-
рақ, лексикалық қайталаулар.  
 
К.Б. Сарбасова 
Некоторые синтаксические особенности произведений И. Жансугурова 
 
В  статье    рассматриваются  некоторые  синтаксические  особенности  призведений  И.  Жансугурова.  Поэт, 
используя  традиционную синтаксическую конструкцию, чаще всего обращается к форме повествовательного 
предложения,  что  определяет  его  особенность.  Автор  использует  простые  предложения  не  только  как  ком-
муникативные  единицы,  но  и  использует  их  стилические  возможности  для  выражения  авторского  повест-
вования и акцентирования языка персонажа. Они отражены в примерах, взятых из  поэм  «Кюй», «Кюйши», 
«Кулагер», «Степь», романа «Товарищи», стихотворения «Гималай».  
В  поэтических  произведениях  в  структуре  сложных  предложений  используется  форма  деепричастий  с 
суффиксами -п,-ып,-іп. Такая форма способствует непрерывному повествованию коллизии произведения, не 
нарушает ритма, стихотворения. В таком русле проанализированы стихотворения «Наше лето», «Моя мечта».  
Ключевые слова: стилическая функция, поэтический синтаксис, альтернативное значение, диалог, рито-
рический вопрос, лексические повторы.  
 
K.B. Sarbasova 
Some syntactic peculiarities of I. Zhansugurov’s works 
 
In article some syntactic features of works of I. Zhansugurov are considered. The poet, using a traditional 
syntactic design, most often addresses to a form of the narrative offer that defines its feature. The author uses simple 
sentences not only as communicative units, but also uses their stylistic opportunities for expression of an author's 
narration and emphasis the  language of the character. They are reflected in the examples taken from poems «Kyuy», 
«Kyuyshi», «Kulager», «Step», the novel «Companions», the poem «Gimalay». 
In poetic works the structure of compound sentences the form of verbal with suffixes – п, - ып, - іп is used. Such 
form promotes a continuous narration of a collision of work; it doesn't break a rhythm of the poem. In such course 
poems «Our Summer», «My Dream» are analysed.  
Key words: stylistic function, poetic syntax, alternative meaning, dialogue, rhetorical question, repetition.    
_________________________________ 
     
Халық  ауыз  әдебиеті  мен  Абай  поэзиясын-
да  дәстүрлі  поэтикалық  синтаксистің  біраз  түр-
лері жасалды. Осы екі қайнар бұлақтан сусын- 
 
 
 
даған  І.  Жансүгіров  те  дәстүрлі  поэтикалық 
синтаксисті пайдалана отырып, оның дамуына 
үлес  қосты.  Ақын  белгілі  бір  құбылысты  ег- 
 
 
 
Қ.Б. Сарбасова 

67 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013 
 
 
жей – тегжейлі суреттеуде немесе қысқа қайыру 
үшін жай сөйлемдерді пайдаланады.  
 
Мырза солқ – солқ жылады, 
Мұқан іштен ыңыранды. 
Ұлжан талды, жынданды. (Кәмпеске). 
 
 
Күн батты, жұлдыз шықты, жабылды ымырт, 
Шөгісті, қонды асқарға мұнар, бұлт. 
Ел жатты. Жылқы жусау. Тоғай тынды. 
От сөнді. Қатын қайтты қайнатқан құрт.  (Мақпал).  
 
Мұндай қолданысты барлық шығармаларда 
кездестіруге  болады.  Дәстүрлі  әдебиетте  сөй-
лем  бір  жолға,  не  екі – үш  жолға    созылып, 
тиянақталып  отырады.  Еш  уақытта  сөйлем 
өлең  жолдың  ортасында  аяқталмайды.  Осы 
дәстүрді Ілияс жазба әдебиетінде «бұзады». 
 
Ат жанды, көлік күткен Балта манап, 
Ұзаққа берілмеді тор төбел ат. 
Сынды Ұзақ. Кектенді Ұзақ, бұзды бата, 
Бұзылды екі арасын ант аралап.  
 
Немесе: 
 
Тандыр тас, талайсыз тас, таңбалы тас, 
Тағдырын талай жастың алғалы тас –  
Біткен тас. Талай – талай зарыққан жас. 
Өрт өмір, өзен көзді, арманы – тас.  
 
І.  Жансүгіровтің  поэзиялық  шығармалары-
нан  сөйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай  түр-
лерінің  барлығын  кездестіреміз.  Хабарлы,  сұ-
раулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер коммуника-
тивтік қызметтен басқа стильдік қызметте жұм-
салады. Мысалы: Кейіпкердің жан – дүниесін, 
күйініш – сүйінішін  білдіру – бейнелеу  үшін 
ақын бұйрықты, лепті сөйлемдерді жиі қолда-
нады.  Күйші  жігіттің  өнеріне  риза  болған  Қа-
рашаш монологы тек қана қысқа лепті сөйлем-
дерге құрылады: 
 
Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт! 
Тоқтатпа, тарт! Дегенім – қалағаным шарт. 
Толғауы тоқсан күйдің бір – ақ күй бар 
Солқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадап! Қадап!  
 
І.  Жансүгіров  шығармалары  синтаксисінің 
бір  ерекшелігі  ретінде  сұраулы  сөйлемдердің 
молынан қолданылуын айтуға болады.. Сұрау-
лы  сөйлемдер  кейіпкер  тілінде  болсын,  автор 
тілінде  болсын  белгілі  бір  стильдік  мақсатта 
жұмсалады. Мәселен, Ілияс поэзиясында рито-
рикалық  сұраулы  сөйлемнің  орны  ерекше. 
«Гималай»  өлеңінің  әр  шумағы  «Гималай  ас-
қар неге олай?» деген сұраулы сөйлеммен аяқ-
талып отырады. Мысалы:  
 
 
...Сол күннен нұр ала алмай, 
Басы мұнар, бауыр тар... 
Гималай асқар неге олай? 
 
...Сол анадан сүт алмай, 
Көзі соқыр, көңілі тас, 
Гималай асқар неге олай? 
 
«Гималайдағы»  риторикалық  сұраулы  сөй-
лемдер еңсесі түскен, езілген елдің ендігі өмірі 
не  болмақ  деген  ойға  жетелейді.  Өлеңнің 
екінші «Жауап» бөлімінде өзі шешімін айтады, 
яғни  алғашқысында  ақын  оқырманнан  жауап 
күтпейді. «Күйші» поэмасында:  
 
Адамның арғымағы осы шығар, 
Пендеге бітеді екен мұнша көрік? –  
 
деп,  Қарашашты  алғаш  көргеннен  есінен  та-
ныған  Күйші  оның  қармағынан  құтылғанша, 
оған  қайран  қалумен,  түсіне  алмай,  дал  болу-
мен өтеді.  
Күйші  жігіт  күйлердің  көркемдік-эстети-
калық  ішкі  мән-мағынасын  терең  түсінетін 
қыз  қиялында  өзі  «табынып  жүрген»  төңіре-
гіндегілерден  де  биік,  абзал,  арынды,  қол 
жетпес асау, алып тұлғаға айнала бастайды: 
 
Беу жаным, жігіт екен! Бағлан торы!  
Безектеп не қылмақшы мынау қолы? 
Есіл ер хан боп неге тумады екен? 
Қарадан неге туған, алда сорлы? –  
 
дейді  күрсініп.  Алланың  жігіті  күй  өнерінің 
«ханы»  етіп  жаратқанымен,  тегі  қара  болғаны 
әмірі  күштінің  «әділетсіздігін»  аңғартатынын 
мойындап, қыз ауыр ойға батады: 
 
Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен? 
Күйшім боп өміріне жүрсін бе екен? 
Сүйкімді, жігіттің бұл бұлбұлы ғой, 
Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен? –  
 
деп  орындалмайтын  арманмен  арпалысады 
ханыша. Күйшіні басыбайлы құлы етіп ұстауға 
қимады, «бұлбұл  жігіттің»  өмірлік  жарына 
лайықтығына  еш  шүбәсі  қалмады.  Бірақ  қа-
лыптасқан  заң,  қатал  тәртіп  бойынша  есігін-
дегі  құлдың  «төбесіне  құл  басымен  шығуға» 
хақысы жоқ, сүйекке таңба, асыл тегін қорлау 
болып  табылатын  симптом  екенін  ескертіп, 
сезім  қуатымен  балқып  кеткен  денесін  шап-
шаң игеріп, аяғын тарта қояды... Күйші алдын-
да  өзінің  ақсүйектік  тегін  танытып,  өткір  ыза 
мен  зілді  кескінді  «жүзін  қайта  киеді».  Ақын 
бұл  поэма  арқылы  жастарды  сегіз  қырлы,  бір 
сырлы,  өнерпаз  болуға  үндейді.  Сарқылмай- 
 
І. Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 

68 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
тын  дәулет  сарқылады,  тозбайтын  тон  да  то-
зады,  тақ  та  тақымнан  кетеді,  мәңгі  ғұмыр 
сүру  өнерге  ғана  тиесілі  сыбаға  екенін  Сары-
үйсін  жігіті  айдай  әлемге  әйгілеп  береді [3]. 
Жоғарыдағы    үзіндіде  сұраулы,  лепті  сөйлем-
дер  Қарашаштың  психологиялық  жай – күйін 
беруде таптырмас  көркемдік әрі астарлы ойды 
жеткізудің құралы ретінде жұмсалған.  
Ақын  екі  кейіпкерге  аласапыран  психоло-
гиялық  жай – күй  кештіреді,  оны  жеткізудің 
амалы ретінде риторикалық сұраулы сөйлемді 
сәтті  пайдаланады.  Сол  арқылы  кейіпкермен 
бірге  оқырманға  да  алай-дүлей  күй  кешіреді. 
Арпалысты  риторикалық  сұраулы  сөйлемдер 
арқылы  бере  отырып,  оқырманды  Қарашаш-
пен  бірге  күйзелтеді.  Сұраулы  сөйлемдердің 
мағынасы    жалпы  және  альтернативтік  мағы-
наларға  негізделгенімен,  коммуникация  үстін-
де  түрлі  өң  алатынын  ескере  отырып  ғалым 
Р.Әмір  оларды  «ашық  сұрақты  білдіретін  сұ-
раулы  сөйлемдер, альтернативті  білдіретін  сұ-
раулы  сөйлемдер,риторикалық  сұрақты  білді-
ретін сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сұ-
раулы  сөйлемдер»  деп  төрт  топқа  бөледі [2]. 
Ақын  «Күйші»  поэмасында  лепті,  бұйрықты 
сөйлемдерді, «Дала» поэмасында сұраулы сөй-
лемдерді  жиі  пайдаланады. «Күйшіде»  сұсты 
да  «аруақты»  Қарашаш  үнемі  өктем  сөйлейді: 
«Тарт күйшім!» - деп ханыша жарлық етті... 
немесе  «Қой,  күйшім,  жетер!» - деді  жымың 
етіп... Ақырып, о жендетін қыз тоқтатты: - 
Қолыңды  қоқаңдатпа! – деп, - Күйшіме... 
«Күйшідегі» лепті, бұйрықты сөйлемдер зілді. 
Қарашаштың  өктем,  аруақты  жердің  қызы 
екендігі осы сөйлемдер арқылы астармен бері-
ліп  отырады.  Ал  «Дала»  поэмасындағы  лепті, 
бұйрықты  сөйлемдер  қысқа,  ұранды,  жеңіл 
келіп,  көңілдің  көтеріңкілігін  білдіреді.  Мы-
салы: 
 
Уа, Шүйінші!.. Шүйінші! 
Ояныңдар! Тұрыңдар!  
Бірің қалмай жиылшы! (Дала). 
 
Поэманың «Той бастау» бөлімі  – түгел дер-
лік  лепті  сөйлемдер.  Жыршы  эмоциясын  біл-
дірумен  қатар,  еңбекші  қауымды  еңбекке,  жаңа 
өмірге  үндеу,  шақыру,  үгіт-насихат  түріндегі 
бұйрықты сөйлемдерден өрілген бөлім десе де 
болғандай.  
«Жолдастар» романының «Прологы» толы-
ғымен  сұраулы,  лепті  сөйлемдер.  Сол  сұрақ-
тардың  жауаптары  роман  бойында  өріледі. 
Көтеріңкі көңіл күйдің шешімі  – «Ура! Ура!»  
 
 
 
ұраны болып келеді. Осы романда «Сатан осы 
Нәзипаның  себебімен  биыл  осы  Қояндыны 
көріп  келіп  отыр  емес  пе?  Әйтпегенде  Сатан 
сонау  Қояндыға  қайтар  ма  еді?  Қояндыға 
қайтпағанда  сонау  қойшылықтан  құтылар  ма 
еді?  Қойшылықтан  құтылмағанда  сонау  ақ 
вексіл  жыртылар  ма  еді?  Үй  ішін  көріп  қуан-
тар ма еді?» деген контекс бар [1]. Сөйлемдер - 
сұраулы  сөйлемдер.  Алғашқысы – риторика-
лық;  екінші,  үшінші,  төртінші,  бесінші    сөй-
лемдер – альтернативті  сұраулы  сөйлемдер. 
Іздеулі  альтернатив  мүшелер  жасырын  тұр. 
Жауабы оқырманның үлесіне қалдырылған.  
Поэзия  тілінде  сабақтас  құрмалас  сөйлем-
нің – ып, - іп, -п  тұлғалы  түрі  жиі  қолданы-
лады, ақын  өлең ұйқасын көсемшенің тиянақ-
сыз  формасына  құрады  да,  оқиға  желісін 
үзбей,  екпіндете  жырлайды. «Біздің  жазда» 
өлеңінде  осы  тұлға  арқылы  жаз  қызығының 
молдығы,  ұзақтығы  үзілмей,  сабақтастырыла 
көрсетілсе, «Арманым»  өлеңі  көсемшенің  –й 
тұлғасына, балаларға арналған өлеңдері көбіне 
жедел  өткен  шақ  түрінде – ды, -ді, -ты, -ті 
формаларымен беріледі.  
Поэтикалық  синтаксисті  инверсиясыз  елес-
тету  мүмкін  емес.  Инверсия – тіл  білімінде 
сөйлем мүшелерінің дәстүрлі қалпын өзгеріске 
түсіру,  сонымен  қатар,  сөйлем  мүшелерінің 
қалыпты  орнын  өзгерту  арқылы  актуализация 
–  ой  екпінін  түсіру  көзделеді.  Ой  екпіні  түсі-
рілген  сөз  баяндауыштың  алдына  қойылады. 
Қалтарыс  позициясындағы  сөз  баяндауыштан 
соң тұрады.  
Егіліп қайыршақтай жұмсардым ба, 
Қайратым қара тастай қайда кетті. 
Таза  тілдік тұрғыдан талдағанда, «жұмсар-
дым  ба»  деген  баяндауыштың  алдындағы 
«қайыршақтай» сөзіне ой екпіні түсірілген.  
Лапылдап мұз көңілді күйдірген күй, 
Балқытып  мұз  жүректі  сүйдірген  күй («Күй-
ші»). 
«Лапылдап,  балқытып»  баяндауышынан 
кейінгі  қалтарыс  позициядағы  сөз,  сөз  тіркес-
тері ұйқас үшін қажет болған. Ақын енді бірде 
инверсияны  толық  пайдалана  отырып,  өзіндік 
жаңа тіркестер қолданып, сөйлем мүшелерінің 
орын тәртібін ауыстырып отырады.  
...Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге. 
Айырылды ол, аттан – жақсы, достан – тәтті. 
Әдеттегі  сөйлеу  тілінде  «Ол  Құлагерге  кү-
ңіреніп,  күйінді», «Ол  жақсы  аттан,  жақсы 
достан  айырылды»  болар  еді.  Қайталау  мен 
инверсия  қатар  қолдана  отырып,  ел  еркесі  
 
 
 
Қ.Б. Сарбасова 

69 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013 
 
 
Ақанның қайғы – қасіретін әсірелей жеткізуді 
көздегені анық.   
І.  Жансүгіровтің  поэзиялық  шығармашы-
лығы  тілдік  ерекшеліктерінің  бірі – диалогты  
пайдалануы.  Диалог – көркем  шығарманың 
мықты  негізі.  Ол  прозалық  шығармада  образ 
ашу  ғана  емес,  жалпы  шығарма  архитектони-
касын  құрудағы  аса  өтімді,  ұтымды  тәсіл. 
І.Жансүгіров поэмаларында диалог жиі қолда-
нылады.  І.Жансүгіров  шығармаларынан  диа-
логтың  барлық  түрін:  таза  түрін  (екі  адам 
арасындағы сөйлесу), аралас түрін, полилогты 
де  (бірнеше  адамның  сөйлесуі)  кездестіреміз. 
Мысалы, диалогтың таза түрі мен аралас түрін 
ақынның поэмаларынан жиі ұшыратамыз.  
- Алдияр! 
- Айт, күйшім! 
- Ертең елге қайтайын! 
Тарта бер, асықпа әлі, ақын, күйшім!- 
Дедім ғой тілегіңді мақұл, күйшім. 
Қыстайсың биыл менің өз қолымда, 
Қайтасың  жаз  шыққан  соң  ақыр,  күйшім. 
(«Күйші»).  
«Алдияр!», «Ертең  үйге  қайтайын!»  Күйші 
жігіттің  сөзі.  Жалынышты  үн.  Бас  бостан-
дығынан  айырылып  жалтаң  болған  адамның 
үні. Ол: «Мен еліме қайтам, немесе Ертең еліме 
қайтамын», - деп  айта  алмайды. «Қайтайын» 
сөзі І жақ бұйрық рай формасымен берілсе де, 
интонация арқылы «-шы» жұрнағының «тілек» 
мәні сезіледі. Мысалы: «Құлагер» поэмасының 
«Құлагер»  бөліміндегі  ат  сынын  естіген  ел – 
жұрттың жарыса тіл қатысуы, яғни диалогтың 
полилогты түрі  арқылы әр қазақтың атқа өзін-
ше  сын  айтарлық  қауқарын  жамырай,  жарыса 
сөйлеген сөздеріне аңғартады.  
- Осы ма, Құлагерің? – деседі жұрт. 
- Жүйрігі жануардың қай жағында 
- Бітімі ойқы-шойқы, орда- шорқы, 
- Пішкендей жануарды, олақ өлшеп. 
- Алмайды мынау бәйге жылқы көрсек, 
Көк етті кедір – бұдыр, бөлшек – бөлшек. 
- Көкшетау шолағын да мақтайтын ел, 
Осыған ит болайық бәйге берсек. 
Қысқасы,  І.  Жансүгіров  поэмаларында  да, 
өлеңдерінде  де  диалогты  қолдану  арқылы 
кейіпкер образы ашыла түседі.  
«Бөктерім Батыраштың Көк атын!» - деп, 
Оттапсың аузыңа ие болмай.  
Бұл – кеппе кеуде, өркөкірек Батыраштың сөзі.  
...Би болсаң би шығарсың Алтайыңа, 
Тілімді терезем тең, тартайын ба? 
Көгіңді бөктірмесем, атым сенікі, 
Шапса да әкең мініп байталына. 
Бұл – ел  еркесі,  өзіне  де,  атына  да  сенімді 
Ақанның  сөзі.  Берілген  үзінділер  арқылы  әр 
кейіпкерді тани аламыз.  
І.  Жансүгіров  диалогтарындағы  қуатты  сөз 
түйіні  көбінесе  синтаксистік  параллелизмдер 
арқылы теңеу, риторикалық сұрақ, лексикалық 
қайталаулар  арқылы  беріледі.  Тағы  бір  ерек-
шелігі  диалог  кейіпкер  мінезін  ашуда,  образ 
жасауда бірден-бір тәсіл болмай, көбінесе кейіп-
кердің  іс-әрекеті  автор  атынан  суреттеу  мен 
мінездеуге  қосымша,  көмекші  тәсіл  ретінде 
қолданылатындығы.  Диалог  авторлық  баян- 
даумен  тығыз  байланысты.  Бұл  байланысты 
ақын  мағыналық  жағынан  ғана  емес,  соны- 
мен  бірге,  құрылым  мен  стилистикалық  жақ-
тан  тең  ұстайды.  Ақын  сөйлеу  тілін  көркем 
шығармаға енгізудің, кіріктірудің, орнықтыру-
дың  әдіс-тәсілін  меңгере  отырып,  мақсатына 
жетеді.  
І.  Жансүгіров  шығармалары  тұнған  сурет, 
сенімді  іс-әрекет,  ұтымды  образға  толы. 
Мазмұны бай. Ұтқыр сөз, астарлы ой астасып 
жатады.  Бұл  тума  таланттың,  білімнің,  ізде-
ністің,  еңбекқорлықтың  жемісі.  Шығарма  та-
қырыбы  құрылым-құрылысы,  мазмұны,  маз-
мұн түзететін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, көркем-
дік  кестесін  өзгертіп  көркемдегіш  құрал, 
оларды  пайдаланудың  әдіс-тәсілдері,  өзінше 
қолданудың  жолдары  таңдаудағы  талғампаз-
дық  І.  Жансүгіров  талантына  оқырманның 
«таңдайының  суын  жұтқызып,  толғантып,  то-
лықсытып,  емірентіп,  қиынға  қызықтырып, 
ынтық  қылды». Ақын шығармаларының өресі 
биік,  өрісі  кең,  келелі  ой-пікірі  бар,  тілі  шұ-
райлы,  сондықтан  да  уақыт  өткен  сайын  ол 
бізге жақындай түседі.  
 
                                                                                      Әдебиеттер 
 
1  Жансүгіров І. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт, 2003. 
2  Р.Әмір, Ж.Әмір. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998. 
3  Сыдықов Т. І.Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Зерттеулер, портреттер. – Алматы: Арыс, 2011. – 488 б.   
 
                                                                                      References 
 
1 Zhansүgіrov І. Kөp tomdyқ shyғarmalar zhinaғy. – Almaty: Қazyғұrt, 2003. 
2 R.Әmіr, Zh.Әmіr. Zhay sөylem sintaksisі. – Almaty: Sanat, 1998. 
3 Sydyқov T. І.Zhansүgіrov zhәne dәstүr zhalғastyғy. Zertteuler, portretter. – Almaty: Arys, 2011. – 488 b.   
 
І. Жансүгіров шығармаларының кейбір синтаксистік ерекшеліктері 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 

70 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
 
 
 
УДК 81'35. /16.21.31/ 
 
К. Прманов 
 
Учитель русского языка высшей категории, отличник просвещения РК, 
Казахстан, г. Шымкент 
е-mail: kprmanov@mail.ru 
 
Как крупные недостатки европейской фонетики и орфографии ввели  
в заблуждение исследователей орхоно-енисейских памятников  
древнетюркского языка VІ-VІІІ веков 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет