ӘОҚ 581. 1 (075. 8) ХалықТЫҚ педагогика элементтерін биология пәнін оқыту үрдісінде пайдалану



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#7349

ӘОҚ 581.1 (075.8) 

 

ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН  БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ 

ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ 

 

Аужанова Назгуль Бектурсуновна академиялық профессор 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы, 

nasqul@mail.ru 

 

Бұл  мақалада  қазіргі  заман  талабына  сай  этнопедагогикаға  элементтерін  биология 



пәнін оқыту үрдісінде пайдалану жолдарын зерделеу жұмыстары ашылған. Осы жұмыстар 

барысында  оқушылардың  дүниетанымын дамытудың  жолдары  көрсетілді  және  тақырып 

бойынша ұсынылатын әдебиет тізімi беріледі. 

 

В  этой  статье  представлены  результаты  исследования  о  возможности  обучения 

биологии  на  основе  использования  элементов  этнопедагогики.  Кроме  того  дан 

рекомендательный список литературы по изучаемому вопросу. 

 

This article presents the results of a study on the possibility of learning biology through the 

use of elements of pedagogy, given a list of references to literature. 

 

Кілт сөздер: этнопедагогика, оқу үрдісі, тәрбие, өлең, шығармашылық. 

 

Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы  жинақтаған  мол  өмір  тәжірибесі,  танымдық 

мұрасы,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз  әңгімелері,  жұмбақ,  мақал-мәтел,  өлең  жырлары, 

ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні  бар, баға жетпес қазына болып табылады. 

Оқушыларды    биология  ғылымының  заңдарымен,  қоршаған  ортада  жүріп  жатқан 

биологиялық  құбылыстармен    таныстыруда,  оны  көруге,  сезінуге,  түсінуге  халықтық 

педагогика элементтерін  пайдаланудың маңызы зор.  

Этнопедагогикалық  зерттеулердiң  Кеңестiк  дәуiрдегi  маңызы  мен  мәнi,  қажеттiлiгi 

мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың құрамдас бөлiгi деп қараудың 

керектiгi  туралы  педагог-ғалымдар:  И.Т.Огородников,  В.М.Коротов,  А.Г.Гордина, 

М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс 

елдерiнде XVII-XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының 

зерттелу  жайы,  ғылым  ретiнде  қалыптасу  тарихын  сөз  еткенде  оны  үш  кезеңге  бөлiп 

қарастырамыз [1, 2].  

Қазақ  этнопедагогикасының  туу  кезеңi  (ХIХ  ғ.  2-жартысы),  оның  Қазақ 

этнопедагогикасының  қалыптасу  кезеңi  (1920-1930  жж.)  және  Қазақ  этнопедагогикасының 

дамуының үшінші кезеңi (1970-1995).  

Орыс,  батыс  саяхатшы-ғалымдары:  П.С.Паллас,  Э.С.Вульфсон,  А.Вамбери, 

А.Левшин,  А.Янушкевич,  Н.Г.Потанин,  Н.Л.Зеланд,  В.В.Радлов  т.б.  және  қазақтың  зиялы 

ақын-оқымыстылары:  С.Торайғыров,  А.Байтұрсынов,    Ш.Құдайбердиев,  М.Дулатов, 

М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Х.Досмұхамедов,    Н.Құлжанова,    М.Әуезов,    С.Сейфуллин,  

М.Ғабдуллин,    Б.Момышұлы,    Б.Адамбаев,  Ш.Ахметов,  М.Әлiмбаев,  Қ.Жарықбаев, 

С.Қалиев,  Ә.Табылдиев,  С.Ұзақбаева,    М.Балтабаев,  И.Бөлеев,  З.Ахметова,  М.Құрсабаев, 

М.Смайылова, М.Оразаев, К.Қожахметова т.б. атауға болады [3, 4].  

Төменде  келтірілген  кестеде  (1  кесте)  биология  пәні  және  этнопедагогиканың 

байланыстары көрсетілді.  

 

 



 

 


1 Кесте  

 

 



Тақырып  бойынша  жүргізілген  педагогикалық  тәжірибелік  зерттеу  жұмыстарында 

мектептерде  халық  тағылымдары  негізінде  оқушының  дүниетанымын  дамытудың  жәй-күйі 

зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізілді: 

а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі халық тағылымдарын меңгергенінің бастапқы 

және соңғы деңгейі көрсетілді.  

б)  Мектеп  тәжірибесінде  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудың 

олқылықтары мен себептері нақты анықталды. 

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында өз тәжірибемізге сай сыныптан тыс 

шаралар, өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық 

сын  сайыстар  өткізу,  бағдарламалар,  әдістемелік  құралдарды  талдау,  т.  б.  жұмыс  түрлері 

арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысында байқалғандай бүгінгі қолданыста жүрген оқу 

бағдарламалары  мен  оқулықтарда  халық  тағылымдары  негізінде  оқушылардың 

дүниетанымын  дамытуға  онша  көп  көңіл  бөлінбеген.  Тек  соңғы  жылдары  ғана  біршама 

зерттеу жұмыстары жүргізіліп жүргендігі байқалады. Осы бағытта өткізілген сыныптан тыс 

жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда жүргізілген шаралар көрініс берді.  

Тек  эксперимент  жүргізілген  сыныптарда  нәтиже  көрсеткіштері  төмендегідей: 

сауалнама  жүргізген  уақытта  оқушылардың  19%  пайызы  ғана  ұлттық  дүниетаным  туралы 

білсе,  «Атадан қалған асыл сөз», 

  деп  аталатын  сыныптан  тыс  шарада  оқушылар  бойында 



өзіне  деген  сенімділік  пен  қатар  ұтқыр  ой-пайымдаулар  жасауға  дағдыланды.  Сынып 

оқушылары  сапа  көрсеткіш  тұрғысынан  алғанда  10-оқушысы  толыққа  жуық  дағдыланды. 

Яғни    бұл  көрсеткіш  сыныптың  38%  пайызына  жетті.  Сонымен  бірге  өткізілген  «Ас  – 

адамның  арқауы»,  атты  шарасында  сыныптың  20-оқушысы  ұлттық  дүниетаным  туралы 

толық  меңгеріп  шықты  оны  анықтау  қиынға  соқпайды,  оқушылардың  рухани  жан-дүниесі 

молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген ұмтылыстары байқалды. Осы аталған 

шарада оқушылардың сапасы 77% пайызға көтерілді. Осындай  шаралар сынып оқушылары 

арасында  көрсеткіштердің  көтерілгенін  көрсетіп  отырды.  Бұл  нәтиже  төмендегі  1 

диаграммада келтірілді. 

1 Диаграмма 

 

Зерттеу барысында үш деңгей есепке алынды. 



Олар: жоғары, орта, төмен: 

 

жоғары  деңгей  –  халық  тағылымдарын  қызығушылықпен  қабылдап,  оның 

әлеуметік  түрлерін  іс  жүзінде  пайдалану  дағдылары  біршама  қалыптасқан  және  оның 

тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп, бағалай алуы;  

 

орта  деңгей  –  халық  тағылымдарының  танымдық,  тәрбиелік  мәнін  түсінуге 



құлшынысы бар, бірақ тұрмыс-тіршілікте пайдалануы әлі де жүйелі қалыптаспаған;  

 



төмен  деңгей  –  халық  тағылымдарының  танымдық  мәніне  көңіл  бөлмейді, 

тұрмыс-тіршілікте пайдалану дағдылары қалыптаспаған.  

Аталған  деңгейлердің  нәтижесін  шығаруда  8-ші  сынып  оқушыларының  арасында 

сауалнама жүргізілген болатын. 



Сауалнама  

1.Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің?  

2. Отбасы туралы түсінігің?  

3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?  

4. Тыйым сөздер не үшін қажет?  

5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?  

6. Бата түрлерін ата, бата алу неге қажет?  

7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің мәні неде?  

8. Қара шаңырақ, отау шығару ұғымдарын қалай түсінесің?  

9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?  

10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?  

11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін атап бер?  

12. Маусымдық мерекелерді ата?  

13. Бір мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім, жоралғыларды білесің бе?  

14. Той түрлерін ата?  

15. Наурыз мейрамының ерекше белгілерін атап бер? 

Сауалнама  мақсаты  –  оқушылардың  дүниетанымын  анықтау  бағытында  таратылды. 

Оған 83 оқушы қатынастырылды. Соның ішінде 8 В сыныпта 26 оқушы тапсырған болатын, 

нәтижесі 2 диаграммада көрсетілді.  

Нәтижесінде 

оқушылар 

дүниетанымын 

халық 

тағылымдары 



негізінде 

қалыптастырудың  мынадай  олқылықтары  байқалды:  қоғамда,  отбасындағы  тіршілікте 

баладан сұраныс болмауы, әрі тұтынуға деген қажеттіліктің туындамауы.  

2 Диаграмма 

 

0%



20%

40%


60%

80%


100%

1

2



3

 

Халықтың  салт-дәстүр,  әдеп-ғұрыпын,  ырымдар  мен  тыйымдарды  атап  беруде, 



танымдық  тәрбиелік  мәндерін  ашуда  өзіндік пайымдаулары  төмен  көрінді.  26  оқушының  5 

озаты  ғана  жауап  берді.  Нәтижесі  сапа  көрсеткішпен  көрсетсек,  26  оқушыдан  19%  пайыз 

болды. 

Халық  педагогикасы  материалдарын  пайдалану    эксперимент  барысында  байқалған 



ерекшелік  оқушылардың сабақта да, үй тапсырмасын  орындауда  да  шығармаларды, ауыз  

әдебиетін,  аңыздарды    білуге  ынталанғаны  анықталды.  Егер  оқушылардың  алғашқы 



қызығушылығы 11 пайыз болса, эксперименттің нәтижесінде ол 52 пайыз болды, сонда өсу 

көрсеткіші 41 пайызды құрады. 

Сөйтіп,    халықтық    педагогика    материалдары  оқытудың  тиімді    түріне    айналып, 

оқушылардың  биологияға  қызығу  деңгейін және  білу ынтасын, оның сапасын  тиянақтап, 

сабақ  үлгерімін арттырады. 

Тәрбие  сағаттарының  тақырыптары  келесі  болуы  мүмкін:  «Жан  сұлулығы  –  тән 

сұлулығы»,  «Қызы бардың қызығы бар, ұлы бардың ұлығы бар»,  «Салт  – дәстүрді   білесің 

бе?» т.б. 

Мақсат-міндеттері:  Білімділік  мәні:  Оқушылардың  бойына  халқымыздың    рухани 

байлығын  сіңіру,  ұлтымыздың  басты  құндылығы  –  дәстүрлерінен  үлгі  ету.  Олардың  киген 

ұлттық киімдері жайлы білімдерін толықтыру. Оқушыларды дастарқан басында сақталатын  

рәсімдермен,  ырым-тыйымдармен  таныстыру.  Ұлттық  тағамдарымыздың  қасиетімен    және 

ұлттық  ыдыс-аяқтармен  таныстыру.  Оқушыларды  қазақ  жігіті  мен  қызының  бойына  тән 

өнерлік,  тәлімдік қасиеттермен  қалыптастыру. 



Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлтжанды, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Қыз 

бала мен ұл бал тәрбиесі қашанда халық назарында екенін естен шығармауға, мейірімділік, 

қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа да   тағамдарды 

қастерлеуге, ас ішу тәртібін әркез есте сақтауға тәрбиелеу. 



Дамытушылық  мәні:  Оқушылардың  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптармен 

байланыстырып  тілдерін,  сөздік    қорларын        байыту,  қазақ  жігіттері  мен  қыздарының 

дағдыларын дамыту  

Көрнекіліктер: 1.  Нақыл, қанатты сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.  

2.   Қазақтың ұлттық  қолөнерлері. 

3.  Тұрмысқа қажетті  заттар. 

4.    Буклеттер,  альбомдар,  сөзжұмбақтар,  сөзөрімдер,  ыдыс-аяқ  суреттері,  суреттер 

көрмесі. 

«Тамақты  тарта  жесең,  санаңды  ашар,  көптен  жесең  ұйқы  басар»,  «Таспен  атқанды, 

аспен  ат»,  «Дүниедегі  байлықтың  түрі  көп,  солардың  ішіндегі  ең  негізгісі  де  осы  нан 

байлығы». 

Тәрбие  сағаттарының  соңында  «Сыр  сандық»  ойыны  ойнауға  болады.  Оқушылар 

салт-дәстүр,  ұлттық  салт,  музыкалық  фольклор,  қол  тума  т.б.  ұлттық  таным  бойынша 

сайысқа түседі. Осы сайыстарға қажетті материалдар төменде келтіріледі [9]. 

Халықтық  педагогика элементтерін  пайдалану,  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарында 

биологиялық  өлеңдер,  жұмбақтар  жазу  арқылы  оқушының  биология  пәніне  ізденушілік 

қабілетін  арттыруға әсерін тигізеді. Пәнді түсіну қабілетін өсіріп, түсінуге қиын сабақтарды 

оңай меңгеруге және есте жақсы сақтауға дағдыландырады.  

Ата-бабаларымыз  табиғат  әсемдігінен  бойына  қуат,  жүрегіне  шуақ  алып,  оның 

құдіретіне  бас  иіп,  табиғат  заңдылығын  тамаша  сараптай  білген.  «Жер  ананың  суын 

құрғатпасаң  сүтін  ішесің,  балаусасын  баспасаң,  балын  жұтасың,  киігін  қорғасаң,  кемдік 

көрмейсің, құсын аяласаң, қызығына кенелесің»,− деген мақал-мәтелдердің қазақ халқының 

экологиялық заңдылықтарды терең түсіне білгендігін аңғартады. Осының негізінде биология 

сабақтарында  халықтық    педагогиканы  пайдалану  арқылы  оқушыларда  ғылыми  ұғым 

қалыптасуын,  дүниеге  біртұтастық  көзқарастың,  тіл  байлығының  дамуын,  ойлау 

қабілеттерінің,  адамгершілік,  ұлтжандылық,  ұлттық  мәдениетті  дәріптеу  дағдыларының 

жетілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі туады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  заңында  оқушылардың  шығармашылық 

қабілетін дамыту, әлемдік мәдениет пен білім саласындағы құндылықтарды оқыту үрдісінде 

пайдалану  керектігі,  ол  үшін  оқытудың  тәсілдері  мен  әдістерін,  білім  беру  формаларын 

жетілдіре түсудің қажеттілігін атап көрсетілген.  

Осыған  орай,  биологияны  оқытудың  жаңа  әдістемелік  жүйесін,  орта  мектепте  пәнді 

оқытып үйретудің тиімді, белсенді әдістерін таңдап алу қажеттілігі көзделіп отыр.  


Биология  пәнін  оқыту  барысында  оқушылардың  белсенділігі  мен  танымдық 

әрекеттерін  шығармашылық  қарымдарын  дамыту  үшін  оқу  үрдісіне  көркем  әдебиетті  және 

поэзияны оқыту ойындарын пайдаланудың мәні зор (2 кесте). 

2 Кесте  

Кіріктірілген сабақтардың тақырыптары 

 

 №  Сабақтың тақырыбы 



 

Поэзия 


Аты 

Авторы 


1.

 

  Құстар классы. 



Құс келгенде. 

Марфуға   Айтқожа 

2.

 

 



Құстарды топқа  бөлу. 

Қыран  бүркіт  не  алмайды, 

салса  баптап.  

Абай Құнанбаев 

Бұлбұл. 

Оразақын Асқар 

Аққулар ұйықтағанда. 

М.Мақатаев 

3.

 

 



Сүтқоректілер классы.  

Темір мүйіз. 

Омарғазы Айтанұлы 

Еңлік. 


Оразақын Асқар 

4.

 



 

Қазақстанда  мекендейтін 

сүтқоректілер. 

Барысы,  жортып  жүрген 

кең даламның. 

Марфуға Айтқожа 

 

Халықтық  педагогикалық  ойларды  бүгінгі  тәрбие  мен  білім  беру  барысында  жүзеге 



асыруға  бағытталған  біршама  тәжірибе  жинақталған.  Сол  мәселелерді  қамтитын  «Поэзия 

сағатын»  өткізуге  болады.  Бір  мысал  ретінде  Құрсабаев  Мұхамедрахим  Қыдырбайұлының 

толғауларын пайдалануға болады. 

Осындай  іс-шаралар  өткізу  арқылы  оқушылардың  белсенділігі  мен  танымдық 

әрекеттерінің  қалыптасуын  шығармашылығынан  да  байқауға  болады.  Мысалы,  Дарина 

Есенқызының өлеңдерін келтіруге болады. 



Қазақстан 

Қазақстан – туған жерім, 

Жайнай бер саяңа ап. 

Ертең ер жетіп өсемін мен, 

Туыңды ұстап жайраңдап! 

Биік-биік тауларың, 

Терең-терең көлдерің. 

Осы тауға, осы көлге мен қарап, 

Қызығыңды еркін көріп келемін.   

٭٭٭  


Туған  жер 

О, туған жер, менің туған анамсың! 

О, туған жер, менің сонау бабамсың! 

Адалдықты берген ақ жүректі ағамсың! 

Ақындықты берген маған қасиетті даламсың! 

О, туған жер, менің  өшпес жарығым, 

Қадір тұтар қасиетті алыбым. 

Арнадым саған осы өлең шұмағын, 

Қабыл ал деп өлеңімді арнадым. 

٭٭٭ 


Дарқан далам 

Табиғаты керемет дарқан далам! 

Сенде туып, өсірген ата-анам.  

Бұлағыңның суын мен бір ұрттасам, 

Бақтағы жемістерді бір татсам, 

Жылы леп, самалыңа салқындасам, 



Көлдеріңде шомылып, рахаттансам, 

Шіркін-ай, сайраңдап, сергіп қалам! 

Табиғаты керемет дарқан далам! 

Мен де осы өмірдегі сенің балаң. 

Туып-өстім өзіңнің құшағында, 

Құшағында туып өскен ата-бабам. 

Табиғаты керемет дарқан далам! 

Гүлдепті раушан менен адыраспан. 

Құстар көк аспанда самғап ұшқан, 

Қыран құс бүркітпенен қиқылдасқан. 

Лашын, суықторғай, бозторғайлар, 

Балапанға жем іздеп шиқылдасқан.  



 

ӘДЕБИЕТТЕР  

1.

 

Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – 



Алматы: Бiлiм, 2004.  

2.

 



Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. – Астана, 2005.  

3.

 



Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: 

Рауан, 1995.  

4.

 

Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және 



теориялық мәселелерi. – Алматы, 1993.  

5.

 



Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001.  

6.

 



Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы, 1995.  

7.

 



Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың бастауы 

хақында. – Алматы, 2005.  

8.

 

Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту. – 



Алматы, 2007. – 168 б.  

9.

 



http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/348-bayan-salt-dastur. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет