12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#7356
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4.2 «Адам және қоғам» білім саласы

«Қазақстан тарихы» пәні

І. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі  мен  дайындық деңгейін,  жас

ерекшеліктерін  ескере  отырып, Қазақстан  тарихының ежелгі  дәуірден  бүгінгі

күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

Оқытудың міндеттері:

оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;

оқушылардың тарихи  фактілер  мен құбылыстарды  талдап- қорыту,

тарихи  оқиғалардың мақсаты  мен  мәнін  анықтай  білу,  оның маңызын  бағалай

білу дағдыларын қалыптастыру;

оқушыларды  оқытылатын  кезеңдегі ғылым  мен  мәдениеттің көрнекті

өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы

талдау жасауға дағдыландыру;

оқушылардың  қазақ және елімізде  тұратын басқа  да  халықтардың

мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

оқушылардың жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  түрлі  дереккөздерінен

қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік

беру.


ІІ. «Қазақстан тарихы» пәнінің базалық мазмұны.

Отан  тарихына  кіріспе. «Қазақстан  тарихы»  пәнінің рөлі  мен  маңызы.

Археологиялық ескерткіштер. Қазақстан  аумағындагы  археологиялық  қазба

жұмыстары. Қазақстан  тарихынан  деректер.  Ертедегі  жазулар.  Күлтегін,  Білге

қаған ескерткіштері.  Жазбаша  деректердің түрлері. Өлкетану.  Тарихи  уакыт.

Біздің заманымызға  дейін  (б.з.д.).  Біздің заман  (б.з.).  Хижра. Қазақ күнтізбесі.

Тарихи  жыл  санау.  Тарихи  карталар. Қазақстан  дүние  жүзі  картасында.

Қазақстанның табиғаты.  Тарихы  мен  табиғаты. Қазақстан  халқы.  Халықтың

саны, ұлттық  қүрамы. Әлеуметтік қүрамы.  Халықтың тығыздығы.  Тарихи

көшіқон. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  рәміздері.  Ту.  Елтаңба.

Әнұран.  Теңге. Қазақстан тарихына  саяхат. Қазақстан XX ғасырдың басында.

Қазіргі Қазақстан.  Болашаққа  жол. Қазақстан  Республикасының жариялануы.

Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті. Қазақстан

Республикасының Конституциясын қабылдау.  Астана — мемлекетіміздің

Елордасы. «Ежелгі Қазақстан тарихы» ұғымы, оның мазмұны мен мәні. Ежелгі

Қазақстан тарихының кезеңдері.  Ежелгі Қазақстанның адамзат  тарихындағы

орны.  Ежелгі Қазақстан. Қазақстанның алғашқы  тұрғындары  туралы  білім

көздері. Қазақстан  территориясындағы  тас  дәуірі.  Неолит  дәуірі.  Металл

өндірісі.  Андронов  мәдениеті.  Ежелгі

Қазақстан  аумағын  мекендеген

тайпалардың  қоғамдық-мәдени

өмірі.  Ежелгі

Қазақстан  темір  дәуірі



30

қарсаңында. Қазақстан  ерте  темір ғасырында. Қазақстан  аумағындағы  ірі

тайпалық бірлестіктер.  Темірдің пайда  болуы.  Сақ-савромат  тайпалары. Сақ-

савромат  тайпаларының  қоғамдық-саяси құрылымы  мен  шаруашылығы. Сақ

тайпаларының тәуелсіздік үшін  күресі.  Сақтар  мәдениеті  мен өнері. Қазақстан

аумағындағы  алғашқы  мемлекеттік  бірлестіктер.  Шаруашылық  өмірдегі

өзгерістер. Үйсін  мемлекетінің  қалыптасуы. Үйсіндердің шаруашылығы  мен

тұрмысы. Қаңлы  мемлекетінің  қалыптасуы. Қаңлылардың шаруашылығы  мен

тұрмысы. Ғұн  мемлекетінің  құрылуы. Ғұндар  және  халықтардың  Ұлы қоныс

аударуы. Ғұн мәдениеті. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиясы.

Қазақстан – Ұлы Дала өркениетінің мұрагері. Қазақстандағы археологиялық

зерттеулер.  Археологиялық мәдениет  туралы  түсінік.  Шығыс Қазақстанның

археологиялық

мәдениеті.

Қазақстандағы  патша

қорғандары.  Көшпелі

өркениеттің қалыптасуы.  Орта ғасырлар қарсаңындағы Қазақстан тарихы.

«Орта ғасырлардағы Қазақстан  тарихы»  туралы  түсінік,  оның мазмұны мен

маңызы. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері.

VI-XII ғғ. ерте  орта ғасырларда ғы Қазақстан. Түрік қағанаты.

Батыс және Шығыс түрік қағанаттары.

Қазақстан аумағындағы түркеш қағанаты.

«Түркеш»  этнонимі.  Түркеш  тайпалары  туралы  жазба  деректер.  Түркеш

қағанатының құрылуы. Үш-Елік қаған. Түркештердің этникалық және тайпалық

құрамы. «Сары» және «қара» түркештер.

VI-XII ғғ. Ерте  орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы  мен

мәдениеті. ХІІІ – XV ғ. бірінші  жартысындағы  дамыған  орта ғасырлардағы

Қазақстан.  XIII-XV ғғ.  Қазақстан қалалары  мен  сәулет өнері. XV ғ. Екінші

жартысы – XVІІ ғ. кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан. XVIII ғасырдың басы –

1917 жыл). Қазақстан ХІХ ғасырдың бірінші жартысында. Кенесары Қасымұлы

бастаған

ұлт-азаттық  қозғалыс

(1837-1847жж.).

Қазақстанның

Ресейге

қосылуының аяқталуы  (ХІХ ғ.  40 – 60жж.). Қазақстанның ХІХ ғасырдың І



жартысындағы  мәдениеті.  ХІХ ғ.  ІІ  жартысындағы Қазақстан. Қазақстанның

ХІХ ғ.  екінші  жартысындағы  мәдениеті. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

тарихы (1917 – 1991 жж.). ХХ Ғасырдың басындағы Қазақстан. Қазақстан 1917-

1941  жж. Қазақстанда  Кеңестер  билігінің орнауы. Қазақстан  1941-1945  жж.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде. Қазақстан 1946-1991 жж.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

отандық тарихта  болған  маңызды  кезеңдерді,  ежелгі  дүниеден  казіргі

заманға дейінгі аса маңызды оқиғаларды, көрнекті кайраткерлерді;

тарих  пәні  туралы  мәліметтерді,  тарихи  деректерді,  тарих  картасын,

тарихи уакыттарды;

әр ел  халқының түрлі  тарихи  кезеңдердегі  мәдениеті, діни сенімдері,

өмірі, тұрмысы мен кәсібін білуі қажет;

тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;

ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;

өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;


31

ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы және  оның халық



шаруашылығына әсері туралы;

ежелгі Қазақстан  халықтарының  өмірі,  шаруашылығы,  кәсібі,  діни,



наным-сенімдері туралы;

ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;

тарихи білім алудың әдістері мен тәсілдері туралы;

ежелгі отандық тарихтың негізгі кезеңдері туралы;

өткен тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар туралы;

ежелгі Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы  және  оның халық



шаруашылығына әсері туралы;

ежелгі Қазақстан  халықтарының  өмірі,  шаруашылығы,  кәсібі,  діни,



наным-сенімдері туралы;

ежелгі халықтардың мәдени жетістіктері туралы;



орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін;

орта ғасырлар  шеңберінде қазақ елінің тарихында  болған  маңызды



оқиғалар желісін;

орта



ғасырлардағы

Қазақстанның

табиғи-климаттық

жағдайының

тайпалардың шаруашылық және тұрмыс-салт тіршілігіне тигізер әсерін;

қазақ даласында  мемлекеттілік ұғымдардың қалыптасуын және оның



даму ерекшелігін;

орта ғасырларда қазақ жеріндегі қалалар  мен қала  мәдениетінің даму



ерекшеліктерін;

орта ғасырлардағы  тайпалардың  өмірі,  тұрмысы,  діни-нанымдары  мен



әлемдік діндердің таралу ерекшеліктерін;

орта ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдени мұрасын;



зерттеу кезеңінің құбылыстарын, үрдістер мен негізгі фактілерді түсінуі;

сол кезеңдегі қоғамның белгілі  саяси  және  мемлекет қайраткерлерін,



ғылым мен мәдениет өкілдерін;

жаңа дәуірдегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымдарды;



әкімшілік-территориялық құрылыс түрлерін және Қазақстанның Ресейге

қосылғаннан кейінгі басқаруды;

Қазақстан  халықтарының жаңа  кезеңдегі  салт-дәстүрлерін  және мәдени



мұраларын;

ХХ ғасырдағы Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуы  және



әкімшілік-территориялық құрылымын;

ХХ



ғасырдағы  Отан  тарихындағы

қоғамдық-саяси,

әлеуметтік-

экономикалық және мәдени процестердің себеп-салдарлық байланысын;

ХХ ғасырдағы  Отан  тарихындағы қоғамдық, саяси  және  мәдени



қайраткерлерді;

Қазақстандағы



«әскери 

коммунизм», 

ЖЭС, 

«Кіші


Қазан»,

индустрияландыру, ұжымдастыру  және  мәдени  төңкеріске  сипаттама  жасай

алуы;



Қазақстанда



ХХ

ғасырдағы

қоғамдық-саяси 

процестер: 

азамат

соғысының негізгі  оқиғаларын,  «Алаш» ұлттық автономиясын құру, Қазақ



32

кеңестік  мемлекеттілігін құру, Ұлы  Отан  соғысы  жылдары,  соғыстан  кейінгі

кезең,

тың


эпопеясы,  «тоқырау»  кезеңі  және  «қайта

құру»,


Тәуелсіз

Қазақстанның қалыптасу жағдайларын сараптай алуы;

кеңес дәуіріндегі қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы дағдарыс



құбылыстарын анықтай білуі;

Қазақстанның ХХ ғасырда  халыққа  білім  беру, ғылым, әдебиет  және



өнер салаларындағы мәдени жетістіктерді, дінді сараптай алуы білуі тиіс.

Сонымен қатар:

Отандык 

тарихтағы 

негізгі 

маңызды 


оқиғалар 

мен 


көрнекті

қайраткерлер туралы әңгімелеп айтуды;

жыл  мен ғасыр  ара қатынасын,  оқиғаның реті  мен ұзақтығын

анықтауды;

тарихтағы жыл санауды қолдана білуді;

тарихи картадан мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын, аса

маңызды оқиға болған жерлерді дұрыс көрсету және оларды суреттеуді;

түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына сипаттама беруді;

түрлі  кезеңдегі  оқиғаларды,  мәдени  ескерткіштерді өзара  салыстыру

жөне жалпы айырмашылықтарын анықтай білу;

оқыған мәтіннің жоспарын жасауды;

тарихтан  алған  білімін  басқа  пәндерді  оқығанда,  күнделікті өмірде

қолдану біліуін меңгеруі қажет.

ежелгі Қазақстан  тарихы  пәніндегі  аса  маңызды  оқиғалар  мен  бұрынғы



өткен тарихи тұлғалар туралы әңгімелей білуі;

тарихи  деректерді  талдауды  және  салыстыруды,  тарихи үрдістердің



мәнді белгілерін бөліп көрсете алуы;

жылдар  мен ғасырлардың ара қатынасын,  оқиғалардың реті  мен өту



мерзімін, себептері мен салдарын баяндай білуі;

тарихи  картадан  тайпалар  мен  тайпа  бірлестіктерінің, мемлекеттердің



шекаралары  орналасқан  аумағын,  аса  маңызды  тарихи  оқиға  болған  жерлерді

көрсетуі және оны мазмұндай білуі;

ежелгі  адамдардың еңбек құралдарын,  киімдерін,  баспанасын,  сыртқы



келбетін сипаттай білуі;

тарихты оқу барысында қосымша материалдарды пайдалана білуі;



оқыған мәтініне жоспар құра білуі;



өзге пәндерден  және қосымша  материалдардан  алған  білімді  тарихи

үрдістер

мен  оқиғаларға

қатысты  тәжірибелік  тапсырмаларды  орындау

барысында пайдалануды;



орта ғасырлардағы  маңызды  тарихи  оқиғалар  мен  тарихи қайраткерлер

туралы логикалық бірізділікпен суреттеп әңгімелеуді;

тарихи  оқиғалар  мен  фактілерді  талдау  және  салыстыруды,  тарихи

үрдістің маңызды белгілерін анықтауды;

тарихи  оқиғалар  желісінің тарихи  уақыт  пен  тарихи  кеңістікте  жүйелі

дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;


33

тарихи  картадан орта ғасырлық мемлекеттердің шекараларын,  аумағын,

астанасын 

және


қазақ

даласындағы 

Шыңғысхан 

және


Әмір 

Темір


жорықтарының барысын, Ұлы Жібек жолының негізгі тораптарын көрсетуді;

тарихты оқып үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;



орта ғасырлардағы  маңызды  тарихи  оқиғалар  туралы қысқаша  эсселер

мен тарихи шығармалар жазуды;

тарих сабағынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті

өмірде қолдануды;

жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихи даму заңдылықтарын және

тарихи оқиғалардың себеп – салдарын ашуды;

әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды тауып алуды;



тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін сараптауды;



өз көзқарасын қорғай білуді;



басқа оқушылардың жауаптарын сараптауды;



Қазақстан  тарихында  орын алған  тарихи  тұлғалардың  қызметін  бағалай

білуді;

тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп –

салдарын анықтауды;

ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси

реформаларна баға беруді;

әртүрлі дереккөздерінен тарихи ақпараттар алуды;

тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және талдауды;

Қазақстан

тарихында  орын  алған  тарихи  тұлғалардың  қызметін

бағалауды және сипаттай білуді;

тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

өз көзқарасын құрастыруды;

өзге де оқушылардың жауаптарын сараптауды меңгерулері тиіс.



«Дүниежүзі тарихы» пәні

І. «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.



Оқытудың мақсаты: оқушыларды  ежелгі  дәуірден бүгінгі  күнге  дейінгі

адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі

білім  негіздерін қалыптастыру,  бүкіл  адамзат  жасаған құндылықтардың

мәдени-тарихи  тәжірибелердің мәнін  түсінетін,  ізгілікті ұлтжанды  тұлға

тәрбиелеу.

Оқытудың міндеттері:

оқушыларға  дүниежүзi  тарихы  бойынша  маңызды  оқиғалар  мен

үдерiстер  және  олардың  өзара  байланысы  мен  хронологиялық сабақтастығы

жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;

тарихи қалыптасқан  мәдени,  дiни  және ұлттық салт-дәстүрлермен



танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;

34

алған  тарихи  бiлiмiн  күнделiктi



өмiрде

қолдана  бiлу  дағдысын

қалыптастыру;

оқушылардың тарихи  даму  заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін  түсіне

отырып,

қоғам  дамуындағы



өзінің

бағыт-бағдарын,  көзқарастары  мен

ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;

дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып

оқушыларды  халықтар  арасындағы өзара  түсінушілікке,  бір-біріне құрметпен

қарау.


ІІ. «Дүниежүзі тарихы» пәнінің базалық мазмұны.

Тарих-халықтардың бұрынғы және қазіргі өмірінің сипаттамасы. Табиғатты

зерттеу және адам қоғамын зерттеу. Клио - тарихтың пірі. Тарихтың даму жолы

туралы  түсініктер.  Адамзат  тарихы қалай  дамып,  ілгерілейді.  Козғалыстың

бейнелері:  сызықтар,  шеңберлер,  спиральдар.  Отан  тарихы-дүние  жүзі

тарихының  құрамдас  бөлігі.  Тарихи  білімнің дерек  көздері.  Тарихи  кеңістік

туралы  түсінік.  Топонимика.  Мекендер, өзен-көлдердің атаулары.  Адамзат

тарихының бастауы.  Алғашқы қауым адамдары,  олардың іс-әрекеттері  мен

еңбек құралдары.  Тұрғын  жайлары,  тамағы,  киімі  және өнері. Үндістан түбегі.

Үнді аңғарындағы  ежелгі қалалар.  Арий  басқыншылары.  «Ведалар».  Касталар.

Бабыр. Ұлы  Монғол  империясы.  Ежелгі Қытай.  Ежелгі Қытай өркениеті.

Конфуций.

Ұлы

Қытай


қорғаны. 

Скифтер. 

Еуразия 

көшпенділері.

Шаруашылығы  мен  мәдениеті.  Салт-дәстүрлері.  Түркі әлемі. Әлемдік  діндер.

Славяндар  және  Киев  Русі.  Шығыс,  батыс  және  оңтүстік  славяндар.  Киев.

Славян  мемлекеті.Алғашқы  саяхатшылар.  Теңізші  Генрих.  Африканы  айналып

өтетін жол.  Жер  шарын  айналған  саяхат. Американың жергілікті  халқы.

Америкадағы  ежелгі  адамдардың  өмірі.  Майя.  Ацтектер.  Инктер.  Американың

ашылуы. Үнді  тайпалары.  Жергілікті  американдықтар  мен  еуропалықтар

арасындағы  соғыстар.  Африка  халықтарының мәдениеті.  Африкадағы  ежелгі

адамдар.  Африка  тайпалары.  Зулустар.  Африкаға  еуропалықтардың келуі.

Жұмбақ

Жапония. 



Күн

құдайының

ұрпақтары 

туралы 


аңыздар.

Жатжерліктердің шапқыншылығы.

Қайта өрлеу дәуірі. Шығыс мәдениеті. Араб тілді әлемнің ғалымдары. Ибн

Сина. Әл-Фараби. Батыстағы Қайта өрлеу. Леонардо да Винчи.

Ағарту.  Энциклопедистер.  «Адам өмірге  азат  болып  келеді». Жан  Жак

Руссо.  Вольтер. Парламент,  азаматтық  құқықтар,  сайлау. Әлемдегі  ең ежелгі

парламент.  Адам құқықтары.  Сайлау. Империялар.  Ресей.  Осман  империясы.

Аустро-Венгрия. Империялардың ыдырауы.

КРСО. КСРО құрылуы. Коммунизм туралы армандар. КСРО-ның ыдырауы.

Фашизм  және  Екінші  дүниежүзілік  соғыс.  Фашизм.  Концлагерь.  Екінші

дүниежүзілік соғыс.

Әлем  және  БҰҰ.  Халықтардың  өзара  ынтымақтастығы.  Бейбітшілікті

сақтау  мүмкіндігі  БҰҰ. Жаңа  заман  дәуіріндегі әлем  тарихы.  ХVІІ ғасыр -ХХ

ғасырдың басы.



35

ХVІІ-ХІХ


ғасырлардағы 

дүниежүзі 

тарихындағы  негізгі  оқиғалар.

индустриялық  өркениет  дәуіріндегі  мануфактура  кезеңі. ХVІІ ғасырдың соңы

мен  ХVІІІ ғасырдағы  Англияда  парламенттік  монархия  мен  капитализмнің

орнығуы.


Солтүстік Америкалық колониялардың тәуелсіздік жолындағы соғысы және

АҚШ-тың құрылуы. ХVІІІ ғасырдағы Ресей.

ХVІІІ ғасырдағы  Франция:  классикалық абсолютизмнен Ұлы  Революцияға

дейінгі дәуір.

Наполеон  соғыстары  кезеңіндегі  Еуропа.  1812  жылдағы  орыс  халқының

Отан  соғысы. Декабристер.  Латын  Америкасындағы  отарлық езгіге қарсы

революциялар.  ХVІІІ ғасырдың соңы – ХІХ ғасырдың бірінші  ширегі.  ХІХ

ғасыр - ХХ ғасыр басындағы әлем.

Дүниежүзі ХХ ғ. басында. 1918-1945 жж Еуропа және Америка елдері.

1918-1945 жж. Азия  және Африка  елдері.  ХХ ғ. бірінші  жартысындағы

ғылым мен мәдениеттің дамуы. Халықаралық қатынастар. Екінші дүниежүзілік

соғыс.


ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

әртүрлі  халықтар  мен  этностардың

мифтерін,  аңыздарын  жөне

шежірелерін;



әлемдік діндер тарихынан қарапайым мәліметтерді;



– қоғамның адами құндылықтарықтарына, өз  Отанының тарихы  мен

дәстүрлеріне,  адам құқықтары мен  бостандықтарына, қоғамдық  өмірдің

демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін сезінуі;

– өз халқының тарихы  мен  мәдениетінің дүние  жүзі  тарихына,  адамзат

тарихына қатыстылығын.



– әртүрлі континенттерде болған өркениеттер мен мәдениеттер туралы;

– тарихи  зерттеулердің негізгі әдістерін,  тарих ғылымының қарапайым

лексикасын;



заттай, ауызша, жазба және басқа да тарихи деректер, тарихи уақыт және

тарихи кеңістік, тарихи даму туралы;

– азаматтық-қоғамдық және әлеуметтік-қызметтік саладағы  іс-әрекеттің

негізгі қағидалары туралы;



жанұялық  қатынастардың

негізгі

қағидалары  туралы,  адамның,



қоғамның және мемлекеттің өзара қатынастарынын негізгі қағидалары туралы;

– қоршаған  ортаға  (коғамға)  эмоционалдық-құндылықтық  қатынастық

тәжірибесін білуі/түсінуі қажет;



халықтар  мен  континенттердің

тарихи  даму  заңдылықтарының

капиталистік өркениет  жолында,  белгілі  кезеңдер  мен  дәуірлерден өтетінін

саналы түрде түсіне білуі;

капиталистік өркениеттің, бостандық пен үздіксіз  прогресс  идеяларына

негізделген әлеумет пен қоғам формасының алғашқы мәні екендігін түсінуі;

капитализмнің дамуы мен қоғам  дамуында  туындайтын  терминдер  мен

ұғымдарды  игеруі.  «Материалдық  өндіріс»,  «экономикалық  қатынастар»,


36

«капиталистік»,«саяси құрылыс»,  «өкілетті  мекемелер»,  «билік  тармақтары»,

«конституция»  және  «заңдылық»  ұғымдарының мағынасы  туралы  нақты

түсініктерді меңгеруі;



өнеркәсіптік  дамудың мануфактурадан  ірі өнеркәсіпке  көшу  кезеңдерін

білуі;

революциялық және эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың

өзгеру мүмкіндіктерін және баламалы өзгерістер болу мүмкіндіктерін түсінуі;

Азия  және  Африка  елдерінің  өндірістік  даму  ерекшеліктерін,  ол

елдердегі  дәстүрлі қоғамдардың  құрылымдық айырмашылықтарын  түсініп

үйренуі;


оқу барысында оқушылар әлем халықтарының жаңа замандағы ғылыми-

техникалық және  мәдени  жетістіктерімен  танысуы  және  олардың ортақ

белгілері мен ерекшеліктерін айыра білуі;



оқушылар  ауыспалы  кезеңдердің белгілерін және  сол  дәуірлердегі ұлы

мемлекеттік  және қоғамдық тұлғалардың рөлі  мен  орны  туралы  білуі,  жеке

тұлға мен халық бұқарасының тарихтағы орнын айыра;



дүниежүзі  елдерінің  қазіргі  заман  тарихындағы  негізгі  оқиғалары  мен

құбылыстарын;

маңызды мәдени жетістіктер мен құндылықтар жүйесін;



ХХ ғ. бірінші жартысындағы әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді;



ХХ

ғ. бірінші  жартысындағы  азаттық,  әлеуметтік  және



ұлттық

қозғалыстардың сипатын;



ХХ ғ. бірінші  жартысында өмір  сүрген  саяси  режимдердің мәнді

белгілерін;

жеке фактілер мен жалпы құбылыстардың арақатынасын;



тарихи  процестер  мен құбылыстардың пайда  болу  және  дамуының

бірізділігін, тарихи оқиғалардың себептік- салдарлық байланыстарын білуі тиіс.

Сонымен қатар:

– шетелдердің ХХ ғ. бірінші  жартысындағы  саяси  және  экономикалық

дамуына сипаттама беруде тарихи картаның мәліметтерін пайдалануды;

– қажетті ақпаратты деректерден іздей білуді;

– тарихи білімдерін қазіргі қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық

мәселелерін талдауда қолдануды;

– ХХ ғ. бірінші  жартысында  халықтар  мен  елдердің тағдырларына  елеулі

түрде әсер  еткен  саяси  және қоғамдық  қайраткерлерге,  тарихи  оқиғалар мен

құбылыстарға баға беруді;



шетелдердің  қазіргі  заман  тарихындағы  маңызды  оқиғаларының

бірізділігін анықтауды;

тарихи құбылыстарға  тән  белгілерін  анықтауды,  тарихи  оқиғалар  мен

фактілерді салыстыру және жіктеуді;

ХХ ғ. бірінші  жартысындағы  шетелдердің тарихындағы  оқиғалар,

құбылыстар және  процестерге  жазбаша  сипаттама  жасауды, өзекті  мәселелер

бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды



мәтінді жеке бөлімдерге бөлу, жоспар кұру, оған сұрақтар қою;



37

материалды ауызша айтумен қатар картадан көрсету;

– оқулықтың мәтінін  және  деректерден үзінділерді  пайдалана  отырып,

өзіндік көзқарасын баяндайтын қысқаша шығарма жазу;



– тарихи 

деректермен, 

картографиялық

және 


хронологиялық

материалдармен элементарлық деңгейде жұмыс жасау;



– әр түрлі  мәдениетті, әр  түрлі  этностарды, әртүрлі діндерді  бейнелейтін

қоғамда қарапайым қатынас жасау;



– өзінің мінез-құлқын кәдуілгі  және  ерекше  жағдайларға  бейімдеп  отыру

білімін меңгеруі қажет;



– жаңа  замандағы тарихи  фактілерді  жинақтап қорыту,  оқиға  желісін

әңгімелеп айтуды;



– тарихи  оқиғалар  туралы өз  көзқарасын  дәлелді  көркем  тілмен  жеткізіп

айта білуді;



– тарихи  тұлғаларға,  оқиғаларға, үрдістерге  салыстырмалы  сипаттама

беруді;


– тақырыптық синхрондық кестелерді жасай  алу,  оқиғалар  мен  фактілерді,

құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра алуды;



– карталармен  және  картографиялық,

хронологиялық

материалдарды

қолдана алуды;



– тарихи құжаттармен, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен

жұмыс істеу біліктіліктерін меңгеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет