Адам пайғамбар (оған Аллаһтың сәлемі болсын)



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі422,68 Kb.
#7596
  1   2   3

 

1437 


 

 

Адам пайғамбар (оған 



Аллаһтың сәлемі болсын) 

қиссасы 


 

ملاسلا هيلع مدآ للها بين ةصق 

 

>Қазақ тілі – Kazakh  –



<

 

خيازكا



 

 

 



 

 

Islamhouse.com 



 

 

 



 

 


 

 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



1 

 

Жаратылыстың басталуы 

 

Адам  (оған  Аллаһтың  сәлемі  болсын)  қиссасы  алдында  бүкіл 



әлемнің жаратылысы қалай болғандығына қысқаша тоқталып кетейік. 

Барлық жаратылысты жоқтан бар етіп Аллаһ Тағала жаратты. Аллаһ 

Тағаладан өзгенің барлығы жаратылған мақлұқ. Барлық жаратылыс 

Аллаһ Тағаланың басқаруында. Ол: 



 

«Аллаһ  барлық  нәрсенің  Жаратушысы  әрі  Ол  әр  нәрсеге 

Кепіл»

, - деп айтқан (Зумәр сүресі, 62 аят). 

 

Аллаһ Тағаланың ең әуелгі жаратқан нәрсесі ол Өзінің аршысы 



(тағы) еді. Әбу Рәзин Ләқит ибн Амир әл-Уқайлиден (Аллаһ оған разы 

болсын) жеткен хадисте: 



«О, Аллаһтың елшісі! Көктер мен жерді 

жаратудың  алдында  Раббымыз  қайда  болды?»  -  деп  (сұрағанда 

пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын)):  «Ол 

асты-үстінде ауа жоқ бос кеңістікте болды. Сосын Ол су үстінде Өз 

аршысын  жаратты»

,  -  деп  (жауап  берген)  (Имам  Ахмад  риуаят 

еткен). 


 

Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (екеуіне Аллаһ разы болсын): 



«Аллаһ 

елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Аллаһ 



жаратылғандардың тағдырын көктер мен жерді жаратуынан елу 

мың  жыл  бұрын  жазып  қойды  және  Оның  аршы  су  үстінде 

(орналасқан) еді», - деп айтқанын естідім»

, - деген (Имам Муслим, 

Имам әт-Тирмизи риуаят етті). 

 

Сосын барып қалам мен «ләухул махфузды» жаратты. Убада ибн 



Самиттен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз 

(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 



«Аллаһтың ең алғаш 

жаратқан  нәрсесі  –  қалам.  Сосын  оған:  «жаз»,  -  деді.  Ол  сол 

уақытта Қиямет күніне дейін болатын нәрселерді жазды»

, - депті 

(Имам  Ахмад және  Имам  Әбу  Дәуд  және  Имам  әт-Тирмизи  риуаят 

еткен). 


 

Содан  кейін  көктер  мен  жерді  және  ол  екеуінің 

арасындағылардың барлығын жаратты. Аллаһ Тағала: 

 

«Ол  (Аллаһ)  сондай  көктер  мен  жерді  және  ол  екеуінің 



арасындағыларды алты күнде жаратты, сосын аршыға шықты. 

 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



2 

Ол  жерге  кірген  нәрсе  мен  одан  шыққан  нәрсені  және  көктен 

түскен  нәрсе  мен  оған  көтерілген  нәрсені  біледі.  Ол  қайда 

болсаңдар  да  сендермен  бірге.  Аллаһ  не  істегендеріңді  толық 

Көруші»

, - деп айтқан (Хадид сүресі, 4 аят). 

 

Аллаһ Тағала тағы: 



 

«Ол (Аллаһ) сондай көктер мен жерді алты күнде жаратты. 

Оның аршы су үстінде еді»

, - деген (Һуд сүресі, 7 аят). 

 

Имран ибн Хусайннан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте, 



йемендіктер  Аллаһ  елшісіне  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын) келіп: «Біз сенен дін үйрену үшін, бұл істің әуелін сұрау үшін 

келдік»,  -  дегенде,  пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын): 



«Аллаһ  бар  еді,  Одан  бұрын  ештеңе  болмады.  Оның 

аршысы су үстінде еді. Одан кейін көктер мен жерді жаратты және 

кітапқа барлық нәрсені жазды»

, - деп айтқан (Имам Бұхари риуаят 

етті). 

 

Ал енді көктер мен жердегі мақлұқтардың жаратылу тәртібін, 



Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың 

салауаты мен сәлемі болсын) қолымнан ұстап: 

 

«Аллаһ топырақты сенбі күні жаратты, тауларды жексенбі 

күні жаратты, ал ағаштарды дүйсенбі күні жаратты, жағымсыз 

нәрселерді (зарарлы нәрселер: аурулар, жаралар, т.с.с.) сейсенбі 

күні жаратты, ал жарықты сәрсенбі күні жаратты,  жануарларды 

бейсенбі күні жаратты, ал Адамды (оған Аллаһтың сәлемі болсын) 

жұма күні асыр (уақытынан) кейін жаратты. Ол жұма (күнінің) 

соңғы  сағаттарының  бірінде  асыр  мен  түннің  арасында 

жаратылған ең соңғы жаратылыс»

, - деді (Имам Муслим және Имам 

Ахмад риуаят етті). 

   


Аллаһ Тағаланың ең соңғы жаратқаны – адамзаттың атасы Адам 

(оған  Аллаһтың  сәлемі  болсын).  Ол  жұма  күнінің  ең  соңғы 

сағаттарында, асыр мен түннің арасында жаратылды.  

 

Аллаһ  Тағала  Адамды  (оған  Аллаһтың    сәлемі  болсын) 



жаратудың  алдында  періштелерді  жаратты.  Аллаһ  Тағала  оларды 

көптеген аяттарында: 



 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



3 

 

«Көктер мен жердегілер Онікі (Аллаһтікі). Оның қасындағы 



(періштелер)  Оған  құлшылық  қылудан  паңданбайды  да, 

шаршамайды  да.  Олар  жалықпай  күндіз-түні  (Аллаһқа)  тәсбих 

айтады»

, (Әнбия сүресі, 19-20 аяттар).  

 

«Олар: Рахман (Аллаһтың) баласы бар», - деді. (Аллаһ одан) 

Пәк. Олай емес, (періштелер) құрметті құлдар. Олар (Аллаһтың) 

алдын  орап  сөз  сөйлемейді,  сондай-ақ,  олар  Оның  әмірін  ғана 

орындайды.  (Аллаһ)  олардың  алдындағыны  да,  өткендерін  де 

біледі.  Олар (Аллаһтың) разы болған (пендесіне) ғана шапағат 

етеді.  Олар  (Аллаһтан)  қорыққаннан  тітірейді.  Олардан  кім: 

«(Аллаһтан)  өзге  мен  де  құдаймын»,  -  десе,  оны  тозақпен 

жазалаймыз.  Дәл  солай  залымдарды  да  жазалаймыз»

,  (Әнбия 

сүресі, 26-29 аяттар). 

 

«(Аллаһтан  қорқып)  көктер  үстінен  жарыла  жаздайды. 



Періштелер  Раббыларын  дәріптей  тәсбих  айтып,  жердегілерге 

жарылқау  тілейді.  Расында  Аллаһ  аса  Жарылқаушы,  ерекше 

Мейірімді емес пе?»

, (Шура сүресі, 5 аят). 

 

«Мадақ  көктер  мен  жерді  жасаған,  екі,  үш,  және  төрт 

қанатты  періштелерді  елші  қылған  Аллаһқа  тән.  Ол  жаратуда 

қалағанын арттырады. Расында Аллаһ әр нәрсеге Құдіретті»

, - деп 


келтірген (Фатыр сүресі, 1 аят). 

 

Пайғамбарымыздың 



 

(оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі 

болсын): 

«Періштелер нұрдан жаратылды. Жын оттан жаратылды. 

Ал Адам сендерге (Құранда) сипатталған нәрседен жаратылды»

, - 


дегенін  Айша  анамыз  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  жеткізген  (Имам 

Муслим риуаят етті). 

 

Демек,  періштелерден  соң  жындар  жаратылған,  ал  олардың 



жаратылысына негіз болған нәрсе от еді. Бұл туралы көптеген аяттар 

мен  хадистерде  келген.  Аллаһ  Тағала: 



«(Аллаһ)  жынды  оттың 

жалынынан жаратты»

, - деп айтқан (Рахман сүресі, 15 аят). 

 

Сондай-ақ Аллаһ Тағала тағы: 



«Жынды да бұрын түтінсіз оттан 

жаратқан едік»

, - дейді (Хижыр сүресі, 27 аят). 

 

Ібіліс (оған Аллаһтың лағнеті болғай) жын тайпасынан еді. Аллаһ 



Тағала: 

 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



4 

 

«(Мұхаммед)  сол  уақытта  періштелерге:  «Адамға  сәжде 

қылыңдар», - деген едік. Ібілістен басқа (періштелер) сәжде қылды. 

Ол (ібіліс) жыннан еді»

, - деген (Кәһф сүресі, 50 аят). 

 

Хасан Басри: «Ібіліс бір сәт те періште болмаған», - деп айтқан.  



 

Өйткені,  періштелер  нұрдан  жаратылды,  ал  ібіліс  оттан 

жаратылған. Ибн Омар мен ибн Аббас (Аллаһ оларға разы болсын) : 

«Жындар Адамнан (оған Аллаһтың сәлемі болсын) екі мың жыл бұрын 

жаратылды.  (Олар  жерде  тура  жолдан  ауытқып,  көп  бұзықтықтар 

жасады.  Бірін-бірі  өлтіріп)  қан  төкті.  Сонда  Аллаһ  оларға 

періштелерден  (жасақталған)  әскерді  жіберді.  (Періштелер  олармен 

кескілескен соғыс жүргізді. Жер бетінде Адамның  (оған Аллаһтың  

сәлемі  болсын)  алдында  періштелер  мен  жындар  арасында  үлкен 

шайқас болды). (Періштелер) оларды теңіз, мұхит аралдарына айдап 

жіберді», - деген (Ибн Кәсир). 

 

Яғни, құрлықтардан қуып шықты. Сол аралдар қазіргі кездегі 



жындардың мекені. Сондай-ақ, жындардың басшысы ібілістің тағы су 

бетінде  екендігіне  көптеген  хадистерде  ишара  жасалған.  Бұл 

оқиғалардың  барлығы  Адамның  (оған  Аллаһтың    сәлемі  болсын) 

жаратуылынан бұрын болған-ды. 

 

Адамның (оған Аллаһтың сәлемі болсын) жаратылысы 

 

 



 

Аллаһ Тағала бүкіл адамзатты тек Өзіне ғана ғибадат етуі үшін 

жаратты. 

«Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін 

ғана жараттым»

, (Зәрият сүресі, 56 аят). 

 

Бірақ, Ол біздің құлшылығымызға мұқтаж емес. Бәлкім біз Оған 



мұқтажбыз. Аллаһ Мұңсыз, Тәуелсіз. Оның барлық кемшіліктерден пәк 

көркем есімдері мен ұлы сипаттары бар. Аллаһ Тағала осы есімдерінің 

әсерін,  мейірімділігі  мен  даналығының  белгілерін,  құдіреті  мен 

ұлылығының  айғағын  көрсетуді  қалады.  Сөйтіп  Ол  мейірімділігін, 

білімі мен даналығын және күш-құдіретін көрсету үшін мақлұқатты 

жаратты.  Құлшылық  міндеті  жүктелген  жаратылыстардың  бірі 



 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



5 

адамзаттың атасы Адам еді әрі ол жер бетіндегі алғашқы пайғамбар 

болатын. 

 

Адамның  тарихы  оның  жаратылуының  алдында  барлық 



кемшіліктерден пәк Аллаһ Тағала мен періштелер ортасында болған 

көктегі ұлы әңгімеден басталады. Аллаһ Тағала: 



 

«(Мұхаммед) сол уақытта Раббың періштелерге: «Шынында 

мен жерде бір орынбасар жаратамын!», - деген-ді»

, - деген, (Бақара 

сүресі, 30 аят). 

 

Яғни,  Аллаһ  Тағала  жерде  үкім  жүргізетін,  онда  өркениет 



жасайтын бір-бірінің орнын бірі басатын мақлұқты жаратуды қалады. 

Аллаһ: 


 

«Ол сендерді жерден жаратып әрі онда өмір сүргізді»

, - деген 

(Һуд сүресі, 61 аят). 

 

Сонда періштелер: 



 

«Сен онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың 

ба?»

, - деп сұрады (Бақара сүресі, 30 аят). 

 

Періштелер  Адамның ұрпағы  бұзақылық жасап,  қан  төгетінін 



қайдан білді? Олар бұл сөзді қарсы шыққандықтарынан айтпады, олар 

мұндай сипаттан пәк. Бірақ, олар түсінбекші боп сұрады әрі жындар 

жаратылғаннан  кейінгі  оқиғаның  куәсі  болған-ды.  Аллаһ  Тағала 

Адамды жаратудан екі мың жыл бұрын жындарды жаратып, оларға 

жерде  ерік  берді.  Сонда  олар  тура  жолдан  адасып,  жер  бетінде 

бұзақылық  істеді.  Жындар  жерде  билік  етуге  лайық  емес  еді.  Енді 

Аллаһ Тағала басқа бір жаратылыс түрін жаратпақшы, мүмкін олар да 

жындар сияқты бұзақылық істейтін шығар. Періштелер таңғалды және 

олар  Аллаһ  Тағалаға  ғибадатта  кемшілік  жіберіп  қойдық  па  деп 

қорықты.  

 

«Негізінен біз Сені мадақтап тәсбих айтып, дәріптеудеміз», 

деді»

, (Бақара сүресі, 30 аят). 

 

Яғни,  Сен  бізден  басқаны  жаратпақшысың.  Мүмкін  біз  Сені 



мадақтап, дәріптеуде кемшілік істедік пе, деген-ді. Демек, бұл жерде 

сұрақ  екіұшты.  Сен  жындар  сияқты  бұзақылық  істейтін  адамдар 



 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



6 

жаратасың  ба?  Немесе  басқа  біреуді  жарататындай  біз  кемшілік 

жібердік  пе?    Сонда  Аллаһ  Тағала  оларға: 

«Мен  сендердің 

білмейтіндеріңді жақсы білемін!» - деді»

 (Бақара сүресі, 30 аят). 

 

Сонда періштелер өзара әңгімелесіп: «Раббымыз қалаған нәрсесін 



жаратады.  Ол  ешқашан  Өзінің  алдында  бізден  құрметті  әрі  білімді 

жаратылысты жаратпайды», - деді. 

 

Яғни, олар барша мақлұқтарды: көктер мен жерді, жануарлар мен 



жындарды көрді және өздері ғана Аллаһқа мадақ айтып, Оның әмірі 

мен тапсырмаларын бұлжытпай орындайтынын, көктер мен жердегі 

Оның  бұйрықтарын  қалтқысыз  іске  асыратынын  және  өздерінің 

Аллаһтың алдындағы ең құрметті құлдар екенін білетін. Олар Аллаһ 

Тағаланың ең білімді әрі қадірлі құлдары-тұғын. 

 

Аллаһ Тағала Адамды жаратпақ болған кезде жерден топырақ 



әкелуге бұйырды. Әбу Мұса әл-Ашъариден (Аллаһ оған разы болсын) 

жеткен хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын):  

 

«Аллаһ Адамды бүкіл жер бетінен бір уыс (топырақ) алып 



жаратты. Сөйтіп, Адам балалары жердің ерекшелігіне қарай пайда 

болды.  Олардан  ақ,  қызыл,  қара  (түстілер)  және  олардың 

аралықтарындағылары,  жеңіл  және  қатты  (мінезділері)  мен 

олардың арасындағылары, сондай-ақ жақсы, жаман және олардың 

арасындағылары бар»

, - деген (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ибн Хиббан 

риуаят еткен). 

 

Сонымен  адамдардың  түр-түсінің  және  мінез-құлықтарының 



ерекшелігі жер бедерімен, табиғатымен байланыстырылады.  

 

Бұл жаратылыс (Адам) топырақтан бастау алды. Сосын ол сумен 



араластырылып, лайға айналды. Сондықтан Адамды Құранның кейбір 

аяттарында топырақтан, ал кейбірінде балшықтан (саздан) жаратылды 

деп  келген.  Аллаһ  Тағала  Құранда: 

«Сол  уақытта  Раббың, 

періштелерге: «Мен балшықтан бір адам жаратамын», - деген-ді»

(Сад сүресі, 71 аят). 



 

Топырақ суға шыланды, сосын ол онымен араласа келе бір-біріне 

жабыса бастады. Аллаһ Тағала: 

«Оларды (Адам баласын) жабысқақ 

балшықтан жараттық»

, - дейді (Саффат сүресі, 11 аят). 



 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



7 

 

Аллаһ Тағала оны Өзінің екі қолымен жасады. Ол бұл туралы 



Құранда: 

«Әй, ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені 

не тосты?»

 - деген (Сад сүресі, 75 аят). 

 

Оны  мүсін  тәрізді  бейнеледі.  Сол  балшық  мүсін  біраз  уақыт 



тұрып,  кепті.  Сөйтіп  ол  қыш  құмыра  секілді  бейнелі  кепкен  қара 

балшыққа айналды. Аллаһ Тағала: 



«Расында адамды кепкен қара 

балшықтан жараттық»

, - дейді (Хижыр сүресі, 26 аят). 

 

Аллаһ Тағала тағы: 



 

«Ібіліс  сәжде  қылмай:  «Балшықтан  жаратқаныңа  сәжде 

қыламын ба?» - деді»

, - деп айтқан (Исра сүресі, 61 аят). 

 

Және  бір  аятта: 



«Ол,  адамзатты  сыңғырлаған  кепкен 

балшықтан жаратты»

, - деп келген (Рахман сүресі, 14 аят). 

 

Демек,  Адам  жаратылысының  негізі  болған  топырақ  түрлі 



кезеңдерден өтті. Аллаһ Тағала: 

«Расында сендерді жаратып, содан 

кейін бейнеледік»

, - деген (Ағраф сүресі, 11 аят). 

 

Бұл мүсіннің жаратылған кездегі түр-тұлғасын сипаттап Аллаһ 



елшісінің  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын): 

«Аллаһ 

Адамды  ұзындығын  алпыс  кез  етіп  жаратты,...адамдар  сол 

уақыттан бастап қысқара берді»

, - дегенін Әбу Һурайра (Аллаһ оған 

разы  болсын)  риуаят  еткен  (Имам  әл-Бұхари  және  Имам  Муслим 

риуаят етті). 

 

Бір хадисте: 



«Адамның бойын алпыс кез, ал енін жеті кез»

, - 


деп сипаттаған (Имам Ахмад риуаят еткен). 

 

Адамға жан бітудің  алдында  періштелер  оны  мүсін  қалпында 



көріп үрейленеді. Ең қатты үрейленген ібіліс болды. Ол қасына келіп 

оны ұратын, сонда мүсін жаңғырған дыбыс шығаратын. Мүсіннің іші 

бос, қуыс екенін көрген ібіліс оның өз-өзіне ие бола алмайтындығын, 

әлсіз екенін білді. Ібіліс оған: «Не іс үшін жаратылдың?» - дейтін еді. 

Сосын  ол  оның  аузынан  кіріп,  артынан  шықты.  Сонан  кейін  ол 

періштелерге: «Қорықпаңдар бұдан. Егер мені одан үстем қылса, оның 

көзін жоямын. Ал егер оны менен үстем қылса, қарсы шығамын», - 

деді. Сөйтіп ібілісте әуелден-ақ Адамға деген дұшпандық пайда болды.  



 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



8 

 

Әнәс ибн Мәликтен (оған Аллаһ разы болсын) жеткен хадисте 



пайғамбарымыз 

 

(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 



«Аллаһ 

Тағала  Адамды  жаратқан  кезде  оны  біршама  сол  күйінде  Өзі 

қалаған  мерзімге  дейін  қалдырды.  Сөйтіп  ібіліс  оны  айнала 

бастады. Оның кәуек екенін көріп, әлсіз жаратылыс екенін білді»

, - 


деген (Имам Муслим және Имам Ахмад риуаят етті). 

 

Адамға  (оған Аллаһтың сәлемі болсын) рухтың үрленуі 

 

Сонан  соң  Аллаһ  Тағала  Адамға  рух  үрледі.  Бұл  туралы  Ол 



Құранда: 

«Оның жаратылысын тамамдап, рухымнан үрлеген (жан 

салған) сәтте оған сендер (яғни, періштелер) сәжде қылыңдар! (Бас 

иіңдер!)»

 - деген (Хижыр сүресі, 29 аят).  

 

Аллаһ Тағала тағы: 



 

«Шын  мәнінде,  Аллаһтың  қасында  Исаның  жағдайы; 

топырақтан жаратып, сонсоң «бол» дегенде бола қалған Адамның 

жағдайы сияқты»

, - деп айтқан (Әлі Имран сүресі, 59 аят). 

 

Әнәс ибн Мәлик (оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыздың 



(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 

«Оған Аллаһ Тағала 

рух  үрлеген  кезде,  жан  алдымен  оның  басынан  кірді.  Сонда  ол 

түшкірді де, «Әлхамду лилләһ», - деді. Сонда Аллаһ Тағала оған: 

«Саған  Раббыңның  мейірі  жаусын»,  -  деді»

,  -  деп  айтқанын 

жеткізген (Ибн Хиббан риуаят етті). 

 

Осылай Адамға рух толығымен енбей жатып Аллаһ Тағаланың 



мейірімі түсті. Рух көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістеріне қарап, олар 

туралы ойлана бастады. Ал рух қарнына жеткенде, оның тамақ жегісі 

келді және аяғына жан бітпей жатып ол тағамға қарай ұмтылды, жұмақ 

жемістеріне асықты. Сондықтан Аллаһ Тағала: 



«Адамзат асыққыш 

болып жаратылды»

, - деген (Әнбия сүресі, 37 аят). 

 

 

Адам (оған Аллаһтың сәлемі болсын) періштелерден 



құрметті әрі білімді еді 

 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



9 

 

Адам  білімді  болды.  Адамға  жан  бітіп,  аяғына  тұрған  кезде 



Аллаһ Тағала оған: 

 

«Анау бір топ періштелерге барып: «Сендерге (Аллаһтың) сәлемі 



болсын»,  -  деп  айтқын»,  -  деді.  Адам  оларға  барып:  «Сендерге 

(Аллаһтың) сәлемі болсын», - деді. Олар: «Саған да Аллаһтың сәлемі 

мен  мейірімі  жаусын»,  -  деп  жауап  қайтарды.  Сосын  оған  Аллаһ 

Тағала: «Бұл сенің және сенің ұрпағыңның өзара сәлемдесу сөзі», - деп 

айтты.  Бұдан  соң  Ол  Адамға  жаратылысының  алғашқы  күнінде-ақ 

барлық есімдерді үйретті.  

 

Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):  



 

«Аллаһ  оған  көктер  мен  жердегі  барлық  нәрселердің  атауын 

үйретті», - деген.  

 

Бұл – жануар, ал анау – теңіз, мынау – құс, мынау – тау деген 



сияқты. Аллаһтың нұсқауымен Адам барлық нәрсенің атауын білді. 

Аллаһ Тағала оған, сонымен қатар, барлық еңбек өнерін: от жағуды, 

ағашты, темірді т.с.с. пайдалануды үйретті. Аллаһ оның бейнесін ғана 

емес, сондай-ақ, білімін, ақыл-есін де өте жоғары дәрежеде сомдады. 



«Аллаһ Адамға барлық атауларды үйретті де, сонан соң оларды 

періштелерге көрсетіп:  

-

 



«Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын 

айтып беріңдер», - деді»

 (Бақара сүресі, 31 аят).



 

Аллаһ  Тағала  мұнымен  Адамның  олардан  құрметті  әрі  білімді 

екенін көрсетті. Құрметі үшін де Аллаһ періштелерге Адамға сәжде 

қылуды бұйырды. 



«Сонда періштелер: 

-

 



«Сен  Пәксің!  Бізде  Сенің  үйреткеніңнен  басқа  білім  жоқ. 

Расында Сен толық Білуші, өте Данасың», - деді. 

(Аллаһ Тағала): «Ей, Адам! Оларға бұлардың аттарын баян 

ет»,  -  деді.  Сонда  (Адам)  оларға  ол  (заттардың)  аттарын 

айтқан сәтте, (Аллаһ): 

-

 



«Мен  сендерге  көктер  мен  жердің  құпиясын,  сендердің  де 

жарияларыңды  да,  жасырғандарыңды  да  білемін  деп 

айтпадым ба? – деді»

 (Бақара сүресі, 32-33 аяттар).



 

 

 

Адам пайғамбар қиссасы 



10 

Періштелер  нені  жасырған  еді?  Олар  «Аллаһ  ешқашан  бізден 

құрметті және білімді жаратылыс жасамайды» деген сөздерін жасырған 

болатын. 

 

Адамға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) 

періштелердің сәжде қылуы 

Сонымен,  Аллаһ  Тағала  Адамның  құрметті  әрі  білімді  екенін 

көрсеткеннен  кейін  періштелерге  оған  сәжде  қылуды  бұйырды. 

Олардың арасында ібіліс те бар еді. Ол бұған дейін Аллаһқа ешқашан 

қарсы  келмеген  ізгі  жындардың  бірі  болатын.  Аллаһ  Тағала  оны 

жасаған  ғибадатының  құрметі  ретінде  көкке  көтеріп,  дәрежесін 

періштелермен теңестірген. Бірақ, ол періште емес-ті. Періштелермен 

қатар Адамға сәжде қылу ібіліске де бұйырылған еді. Бірақ ол Аллаһ 

Тағаланың бұйрығына қарсы келді. Сонда Аллаһ оны жұмақтан қуумен 

жазалады. 

Бұл туралы Аллаһ Тағала: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет