НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Утесинова А.А. - студент специальности «Юриспруденция»
научный руководитель – ст.преподаватель
Шаймерденова А.А.
Евразийский технологический университет, г.Алматы
Борьба с подростковой преступностью является одной из сложнейших проблем,
которую пытается решить человечество.
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
81
Значимость данной темы очевидна, особенно после произошедших в 90-х годах XX
столетия социально-политических преобразований в нашем государстве, приведших к смене
экономического базиса государства, становлению рыночной экономики, изменивших систему
общественных отношений, повлекших нарастание криминогенности в обществе, на фоне
снижения общественной нравственности и усиления правового нигилизма [1].
На всех стадиях уголовного судопроизводства по делам о преступлениях
несовершеннолетних применяются общие и особые процессуальные правила, которые в
максимальной степени гарантируют установление истины, справедливое и гуманное
обращение с подростком, находящимся в конфликте с законом.
Законодательное регулирование производства по делам несовершеннолетних ведется
как на государственном, так и международном уровнях.
В настоящее время внедрение норм международного права требует ограничения
гласности и обеспечение конфиденциальности судебных процессов, расширение
альтернативных форм уголовной ответственности и мер наказания, предупреждения
преступности несовершеннолетних через отлаженные механизмы защиты их прав.
При отправлении правосудия по уголовным делам в отношении несовершеннолетних
судам необходимо иметь в виду положения таких общепризнанных принципов и норм
международного права, как Конвенция о правах ребенка 1989 г. [2], Минимальные
стандартные правила Организации Объединенных Наций, касающиеся отправления
правосудия в отношении несовершеннолетних (Пекинские правила) 1985 г. [3], Руководящие
принципы Организации Объединенных Наций для предупреждения преступности среди
несовершеннолетних (Эр-Риядские руководящие принципы) 1990 г.
[4].
В нашем государстве специфика предмета доказывания по делам несовершеннолетних
полностью отражена в новом Уголовно-процессуальном кодексе Республики Казахстан,
принятом в 2014 году и вступившем в силу 1 января 2015 года, который включает в себя
обстоятельства совершения правонарушения, выяснение причин и условий его совершения и
социальную адаптацию несовершеннолетнего (ст. 531 УПК РК) [5]. С этой целью необходимо
установить, почему у несовершеннолетнего возникли противоправные взгляды, привычки,
что привело к формированию преступного умысла, что толкнуло на преступление. Это может
быть отсутствие надзора и должного контроля за поведением дома и в общественных местах,
по месту учебы или работы, упущения в воспитании со стороны родителей, лиц, их
заменяющих, или лиц, отвечающих за поведение несовершеннолетнего, отрицательное
влияние друзей-подростков, выявление взрослых, склоняющих несовершеннолетнего к
пьянству, употреблению наркотиков и к иной противоправной деятельности.
При наличии данных о подстрекательстве со стороны взрослых и вовлечении
несовершеннолетних в преступную деятельность важно определить действительную роль
несовершеннолетних в совершении правонарушения. С этой целью надо установить такие
обстоятельства, как применение мер физического и психического воздействия на
несовершеннолетнего (убеждение, запугивание, обман, подкуп, возбуждение низменных
побуждений, распитие спиртных напитков, склонение к употреблению наркотиков и др.).
Взрослые, склонившие несовершеннолетнего в преступную деятельность, должны
привлекаться к уголовной ответственности не только за соучастие, им должно предъявляться
обвинение по ст. 132 Уголовного кодекса Республики Казахстан за вовлечение
несовершеннолетнего в совершение преступления [6] или по ст. 133 Уголовного
кодексаРеспублики
Казахстан
за
вовлечение
несовершеннолетнего
в
совершениеантиобщественных действий[6,7].
Способы защитынесовершеннолетних подозреваемых и обвиняемых– это правила и
приёмы работы защитника, обязательные к выполнению в целях наиболее успешной его
деятельности. Многие из этих правил и приёмов сформулированы в Уголовно-
процессуальном кодексе Республики Казахстан (например, недопустимость защиты одним
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
82
защитником двух несовершеннолетних подозреваемых и обвиняемых, если интересы защиты
одного из них противоречат интересам другого (ч. 4 ст. 70 УПК РК) [3]; невозможность для
адвоката отказаться от принятой на себя защиты несовершеннолетнего подозреваемого и
обвиняемого (ч. 5 ст. 70 УПК РК) [7].
В Республике Казахстан законодатель с учетом возраста, психологических и др.
особенностей несовершеннолетних закрепил нормы, гарантирующие реализацию прав и
законных интересов несовершеннолетних. Вместе с тем необходимо постоянно осуществлять
работу по совершенствованию законодательства, регулирующего производство по делам о
преступлениях несовершеннолетних, тщательно исследовать международные принципы и
стандарты защиты прав несовершеннолетних, их систематизации, определению возможности
их имплементации в правовую систему страны. Дальнейшее совершенствование производства
по делам о преступлениях несовершеннолетних должно быть основано на соблюдении
принципов международного права и национального законодательства [8].
Список литературы
1. Особенности предмета доказывания по уголовным делам несовершеннолетних.
[Электронный ресурс]: dissercat.com;
2.
Конвенция о правах ребенка (одобрена Генеральной Ассамблеей ООН 20 ноября 1989
г.);
3.
Минимальные стандартные правила Организации Объединенных Наций, касающиеся
отправления правосудия в отношении несовершеннолетних ("Пекинские правила")
(Резолюция Генеральной Ассамблеи ООН 40/33, 1985 г.);
4. Руководящие принципы Организации Объединенных Наций для предупреждения
преступности среди несовершеннолетних (Эр-Риядские руководящие принципы)
Приняты и провозглашены резолюцией 45/112 Генеральной Ассамблеи от 1 декабря
1990 года;
5. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 4 июля 2014 года №231-V
(с изм. и доп. по состоянию на 26.07.2016 г.). [Электронный ресурс]: online.zakon.kz;
6. Уголовный кодексРеспублики Казахстан от 3 июля 2014 года № 226-V (с
изменениями и дополнениями по состоянию на 26.07.2016 г.). [Электронный ресурс]:
online.zakon.kz;
7. Предмет доказывания по делам несовершеннолетних. [Электронный ресурс]:
bibliotekar.ru;
8. Некоторые вопросы совершенствования производства по делам о преступлениях
несовершеннолетних в Республике Казахстан. [Электронный ресурс]:rusnauka.com.
ӘӨЖ: 347.965 (574)
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССКЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУ ЕРЕКШЕЛЕРІ
Іңкәрбек Н.- «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті.
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ.
Қазақстан Республикасы өзiн тәуелсiз мемлекет ретiнде орнықтыра отырып ең басты
қазынасы ретiнде адам және азаматтың өмiрi, құқықтары мен бостандықтарын қарастырады.
1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен
бостандығын қорғауға құқылы [1].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында
қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
83
мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы
қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі – заң
салалары болып табылады [2, 35 б].
Адвокатура азаматтардың барлық жағдайда құқықтары мен бостандықтарын заң
тұрғысынан көмек берiп қорғайтын бiрден-бiр заңи ұйым болып табылады. Оның заң көмегiн
көрсету түрлерi мен әдiстерi және құқықтық негiздерi әр алуан, өзiне тән ерекшелiктерiмен
ерекшеленедi.
Азаматтық iсте адвокаттың қатысуының негiзi – тапсырма бойынша iске асырылады және
де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi.
Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiлдің) екiншi тұлғаның (өкiлдік
берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге бағытталған
әрекетi – сотта өкiлдiк ету деп белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы,
азаматтық – құқықтық шарт, келісімде болады, яғни осы келісім негiзiнде екi тараптың арасында
құқықтық қатынас пайда болады. Адвокат өзiне жүгiнiп келген азаматтың азаматтық iс жөнiндегi
азаматтық процеске дейiнгi немесе процессуалдық өкiлеттiк басталғанға дейiн заң кеңесін
береді. Яғни адвокат пен өкiлдік берушiнiң қарым-қатынастары заң кеңесін берген кезден
басталады[3].
Әлемдік нарық заңдылықтарына негізделген қоғамдық қатынастар тереңдей түскен сайын
еліміздің конституциялық құрылысы да іргесін бекіте түсіп, заңның мәртебесі өсіп келеді. Халық
заңды мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндіктерін неғұрлым белсендірек пайдалана түсті. Бұл
елдегі әділеттілікті атқарудың өркениетті үрдістерінің қалыптасуына тыныс беріп отыр. Сөйтіп,
елімізде жүзеге асырылып жатқан сот құқықтық реформасының екінші кезеңінің міндеттерін
шешуге қолайлы алғышарттар жасалынуда. Сол себепті атқарылған жұмыстарды талдаудың мәні
бар.
Сондықтан, азаматтарға кәсіби деңгейі жоғары құқықтық жәрдем көрсету бүгінгі күні аса
маңызды конститцуиялық қағида болып табылады. Бұл қағида ата заңымыз ҚР
Конституциясының 7-тарау, 35-бабымен бекітілген [1].
Ал құқықтық мемлекет құру мақсатында қолға алынып отырған реформа жағдайында жеке
тұлғаның құқықтық қорғалуын жан-жақты қамтамасыз ету бірінші кезекті міндет боулы тиіс.
Бұл ретте құқықтық жүйе саласында болсын, қоғамдық немесе әлеуметтік қарым-қатынастар
саласында болсын адвокатураның жөні бөлек, орны ерекше.
Қуатты әрі тәуелсіз қорғау болмаған жерде әділетті сот шешімі (үкімі) орын алуы мүмкін
емес. Бұл ретте республикамыздағы адвокатура қызметін екінші дәрежелі, мән-мағынасы
мардымсыз, маңызы төмен сала ретінде қабылдайтын құқықтық нигилизмнің түп-тамырын жою
аса өзекті мәселе. Олай болса, қоғамымыз бен мемлекетімізге тек прогрессивті құқықтық сана-
сезім ғана емес, келешекке кепілдік болар адвокатура да қажет. Олардың жеке адамдар мен
қоғамдық ұйымдарға тиімді және өз дәрежесіне лайық қызмет көрсете білуі жалпы
демократиялық даму процесінің көрсеткіші болып табылады. Өйткені, азаматтық іс бойынша
кәсіби адвокаттардың қатысуы біршама кедергілерге ие болса, бұл мәселе қылмыстық істер
бойынша өз щешімін бастан тауып, ешқандай дау тудырмауда. Оның себебі қылмыстық істер
бойынша тек қана лицензиялы адвокаттар ғана іске жіберіледі. Өйткені адвокат пен прокурор
сотпен қатар істің заңды негізді шешілуіне ықпал ететін бірден бір тұлға. Азаматтық істер
бойынша кез келген тұлға өкілдік берушінің келісімімен, нотариус арқылы Азаматтық іске
қатысуға сенімхат алып іске қатыса беретін. Ол тек қана адвокат емес, ол заңгер болмасада,
яғни жай жұмысшы ма , педагог маман ба, тарихшы не әдебиетші ме назар аударылмайтын.
Өйткені, заңда солай белгіленген болатын. 2015 жылдың 17 қараша айында ҚР Азаматтық
процесстік кодексінің 59 бабының 7 тармақшасына № 254-V санды ҚР Заңымен мынадай
өзгерістер енгізілген. «іске қатысатын адамдардың өтінуімен сот рұқсат еткен жоғары заңгерлік
білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады»- дей келе осы кодекстің
62-бабында, яғни өкілдің өкілеттіліктерін осы 59 бабының 7 тармақшасында аталға өкілдің
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
84
өкілеттілігі сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша
түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін» - делінген [3]. Бұл да болса қуанарлық жай. Негізі,
азаматтық іске кез келген азаматтың өкіл болып қатысуы кәсіби адвокат – өкілдердің
мәртебесіне біршама нұқсан келтіру еді. Өйткені, дәрігердің орнына барып кез келген адам
емдеу шараларын жүргізетін болса, оның салдары неге соқтыратыны айтпаса да белгілі. Біз заңға
енгізілген осы өзгерістерге бірқатар оң қадамдар жасалынды деп жатырмыз. Өйткені азаматтық
іс бойынша адвокаттардың кәсіби кеңес пен көмек беруі соттардың ол іс бойынша әділ заңды
шешім шығаруына көп көмек болар еді. Жоғарыда айтқандай, «соқырішекке» ота жасау үшін тіс
дәрігерлері қатыспайды ғой. Сондықтан, адвокаттардың қызметi тар ұғымды, пендешілікті
мүдделеріне емес, заңдылық пен құқықтық қағидалықты орнықтыруға тіреліп тұр [4].
Адвокаттың жоғары дәрежеде дамыған құқықтық санасы болуы керек, өмір мен құқықтың
тікелей байланысының айқын көре білуі, оның қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін білуі
тиіс.
Білімділік пен біліктілік және кәсіби әдеп қалыптарын сақтау адвокаттар үшін ең қажетті
қасиет. Сондықтан да ол оның әрбір қызметтік іс-қимылында көрініс табуға тиіс. Құқықтық
мемлекеттердің қазіргі кезеңдегі құрылымында адвокаттардың кәсіби және жеке өзінің білім
сапасына қойылатын талап жоғары болып отыр. Сондықтан адвокаттардың өз қызметіне жоғары
жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз ету мақсатында олардың шеберлігін шындап, іскерлігін
арттыра түсу қажет. Сонда ғана адвокаттық қызметке деген сенім арта түсері анық.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30-тамызда респубикалық
референдумда қабылданған 21 мамыр 2007 жыл № 284-1 ҚР Заңымен енгiзiлген
өзгерiстермен толықтырулар // Алматы. Жеты Жарғы -2012
2. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы 2012. 35-бет.
3. ҚР Азаматтық процесстік кодексі 21.10.2015 ж. // Алматы, Юрист баспасы -2016
4. Мейірбекова Г.Б. «Азаматтық сот ісін жүргізуге адвокаттың қатысуы: өзекті
мәселелері »// Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы № 1, қаңтар 2016-58 бет.
ӘӨЖ: 349.2.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛАРЫ БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ
ЕҢБЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АМЫРУ ШАРАЛАРЫ
Әділбек А.- «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті.
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ.
Балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – ұлттық саясатымыздың негізгі
бағыттарының бірі. Елімізде балалар жағдайын жақсарту мақсатында 2007-2011 жылдарға
арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарлама шеңберінде
балалардың өмір сүру сапасын арттыру мен кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын
қорғау, жетімдіктің алдын алу, қиын балалармен жұмыс, суицид проблемалары қарастырылады.
Бүгінде кең таралған балаларды қанауға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Алайда, Балаларды
қанауға қарсы халықаралық еңбек ұйымымен «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», білек
сыбана жұмыс жасап жатқанымызбен де ең зиянды еңбек түрін тамырымен құрту мүмкін болмай
тұр.
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
85
Өткен жылы балаларды қанауға қарсы күрес онкүндігі барысында балалар еңбегін заңсыз
пайдалану әрекеттері анықталған болатын. Қала базарларында арзан жұмыс күші ретінде
балалар қара жұмысқа тартылған. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»
заңның 16-бабына сәйкес, әр баланың еңбек бостандығына, қызмет және мамандық түрін еркін
таңдауға құқығы бар. Он төрт жастан асқан балалар ата-аналарының келісімімен бос уақытында
денсаулығының жай-күйі мен дамуы бойынша қолжетімді, баланың дене, адамгершілік және
психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы. Баланы
ауыр және еңбек жағдайлары зиянды және қиын жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым
салынады. Бірақ, жұмыс берушілер өз басының қамын ойлап, арзан жұмыс қолын іздейді. Бұл
елімізде балалар құқығына деген көзқарастың таяздығынан. Алматы облысы мен Алматы
қаласында балалар еңбегін заңсыз пайдалану әрекеттері жиі тіркеледі. Мәселен, 2010 жылы
Алматы облысында еңбек заңнамасын сақтамағандығы үшін 5 000 әкімшілік іс қозғалған екен.
ҚР Еңбек кодексінің 30-бабында 16 жасқа дейінгі жеткіншектердің еңбек шартын жасау
мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ, еңбек шартын жасасып жатқандары некен-саяқ. Бала құқығы
бұзылған жағдайда еңбек шартының жоқтығынан дауласу мүмкін болмай жатады.
Әлем бойынша бала құқығын қорғау саласы өте кеш дамыды. Бала құқықтары туралы
конвенцияның 1989 жылы ғана қабылдануы жайбасарлықты көрсетеді. Бұл уақытқа дейін 1919
жылы балалар құқығын қорғау жөніндегі алғашқы ұйымның іргесі қаланса, 1924 жылы Ұлттар
лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, оның артынан 1959 жылы БҰҰ Бас
Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды. 1979 жылы Бала жылы болып
жарияланды. Біздің еліміз де бала құқығын қорғауды мақсат еткен көптеген конвенцияларға
мүше болып, 2006 жылы Халықаралық еңбек ұйымының 2015 жылға дейін еңбектің ең қатал
түрлерін жою шараларына қатысуға қол қойды. Атап айтқанда, «Жұмысқа қабылдау үшін ең
төменгі жас мөлшері туралы», «Балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар
порнографиясына қатысты бала құқықтары туралы», «Балалар еңбегінің ең жаман түріне тыйым
салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» конвенциялары балалардың алаңсыз өсуіне
қызмет жасайды.
Біраз жылдар бұрын Балалар құқығын қорғау комитеті құрылып, оны басқарудың жаңа
жүйесі бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қызмет бағыттары
айқындалған болатын. Бұл комитеттің еліміздің 16 аймағында аумақтық бөлімшелері бар. Бала
құқығының тапталмауын қадағалайтын ұйым сандары қанша болса да көптік етпейтін сияқты.
Олар заң жүйелерінің балалар игілігіне жұмыс жасауына мән беріп, қараусыз балалардың далада
қалып қоймауын қадағалауға тиісті.
Кейбір зерттеулер әлемде әрбір алтыншы баланың тіршіліктің тауқыметін тартып, ерте
еңбектенуіне тура келетінін анықтады. Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де балалар еңбегін
асыра пайдалану фактілері жиі тіркеледі. Қоғамымыздағы материалдық қажеттіліктердің артуы
әлі бұғанасы бекімеген жасөспірімдердің еңбек майданына тым ерте араласуына себеп болуда.
Балалар еңбегі экономиканың түгелдей дерлік саласын қамтыған. Әсіресе, бала еңбегі базарда
қызып тұр. Оларды жүк тасушы ретіде ғана пайдаланып қоймай, қайыршылар қатарына
мәжбүрлеп қосып жатқандар да баршылық. Елімізде балалар еңбегі ауылшаруашылығы
жұмыстары мен үй шаруашылығында, көліктік қызметтерде, ұсақ тонау жұмыстарында, есірткі
трафигінде (сора тозаңын жинау) жиі пайдаланылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында балалар
еңбегінің үлес салмағы 70%-ға жеткен кездер де болған. Құқығы бұзылғандардың барлығы
дерлік әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары. Мұндай
отбасылардың білім алуы мен денсаулық сақтау қызметтеріндегі қиындықтары бір төбе.
Балалардың еңбекке ерте араласуы білім алуына кедергі келтіреді. Сондай-ақ, мектеп
оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалаудың әлсіздігі де балалар еңбегі үлес салмағының
артуына себеп болуда. Алайда, білім болашақтың кілті екенін естен шығаруға болмас.
Жақында қабылданған білім бағдарламасының балалар құқығын қорғауда алатын орны
ерекше. Балаларды мемлекеттік қорғаудың бірнеше бағыттары аясында түрлі шаралар өткізу күн
«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ И КУЛЬТУРЫ»
86
тәртібінде бекітілген. Бұл жаңа бағдарлама балалардың мектепте тамақтануы мен оларды
тасымалдау жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар, барлық бала теңдігін қамтамасыз етуді
көздейді. Мемлекеттік бағдарлама білім ордаларындағы бала құқықтарын қорғау жөніндегі
мамандар санын 2015 жылы 45%- ға, ал, 2020 жылы 60%-ға арттыруды басты мақсат етіп
қойған. Елімізде қазіргі кезде 4,7 млн баланың құқықтарына қатысты жұмыстарды небәрі 376
адам атқарып жатыр. Балаларды мамандарға бөлер болсақ, әрқайсысына 12 000 баладан келгелі
тұр. Негізінде, халықаралық талаптар бойынша әрбір маманға 2000-3000 баладан келуі керек
екен.
«Адамды адам еткен – еңбек» екені баяғыда мойындалған. Алайда, кез келген еңбек түрі
адамды, әсіресе, балаларды барлық жағынан дұрыс бағытта тәрбиелеуі керек. Демек, балаларды
қанауға қарсы белсенді шаралар жүргізу уақыт күттірмейді.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30-тамызда респубикалық
референдумда қабылданған 21 мамыр 2007 жыл № 284-1 ҚР Заңымен енгiзiлген
өзгерiстермен толықтырулар // Алматы. Жеты Жарғы -2012
2. Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңы, 2002 жылғы 8
тамыздағы № 345-ІІ қабылданған.
3. «Бала құқығын қорғау туралы Конвенция»//1989 жылы 20 қарашада қабылданған.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
15 мамырдағы N 251 Кодексi.
ӘӨЖ: 347.965 (574)
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚОРҒАУ СӨЗІНІҢ НЫСАНЫ
Жапеков И.- «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті.
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ.
Адвокаттың қорғау сөзі – жанды әрі-әрлі болу үшін, оның тілі заңды болумен қатар
әдеби түсінікті болу үшін, адвокат жүйелі түрде атақты тілмар сот шешендерінің сотта
сөйлеу өнерлерін, еңбектерін, оның ішінде ең алдымен өзіміздің қазақтың атақты билерінің
шешендік өнерлерін, қазақтың мақал-мәтелдерін, сөз қорларын көбейту мақсатында көп оқу
Достарыңызбен бөлісу: |