Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет25/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
пайдалану мұғалімдерден  үлкен шығармашылық  ізденісті талап етеді.Сабақты ойын баласы 
тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп 
ұйымдастыру  да  мұғалімнің  білім  деңгейіне,  тәсіліне,  шеберлігіне  байланысты.  Ойын  әдісін 
сабақтың  кез  келген      кезеңінде  тиімді  пайдалануға  болады.Ойын  оқытудың  әдісі,  тәсілі, 
құралы әрі сабақты ұйымдастырудың формасына айналғанда ғана 6 жасар бала үшін мектеп 
«қуаныш  мектебіне»  айналмақ.Ойын  технологиясы  –  оқу–тәрбие  міндеттерін  шешуге 
бағытталған  әр  түрлі    ойындарды    қолдануды  көздейтін  дидактикалық  жүйелер.Ойын 
технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі  ойындарды  қолдануды 
көздейтін  дидактикалық  жүйелер.  Педагогикалық  ойындар  технологиясы  дегеніміз  — 
педагогикалық  жұмысты  ойын  түрінде  ұйымдастырудың  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиыны. 
Ойын  түріндегі  жұмыстар  сабақ  үстіндегі  қолайлы  деген  жағдайларда  пайда  болып, 
оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.«Ойын» технологиясының мақсаты – 
оқушыларға    жаңа  білім-білік  дағдыларын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  зерттеу 
жұмыстарына бағыттау.Ойын арқылы оқыту технологиясы – балама варианттарды таңдап алу 
негізінде  қойылған  міндеттерді  шешу  біліктерін  қалыптастыратын  әр  түрлі    ойындарды 
қолданудың    жүйесі.В.  В.  Николина  жүргізген  зерттеу  нәтижелері  негізінде  ойын 
технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен: 
- мотивациялық; 
- бағдарлаушылық; 
- мақсаттылық; 
- мазмұндық-тәсілдік; 
- құндылық-еріктік; 
- бағалаушылық. 
 
Мотивациялық  компонент  балалардың  іс-әрекеттің  мазмүнына,  үрдіске  деген 
қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін 
көрсетеді.Ойынның  негізгі  ерекшелігі  —  ол  балалардың  қоршаған  өмірді:  адамдардың 
қимылын,  іс–әрекеттерін  бейнелеу болып  табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, 
темір  жол  вагоны  да  болуы  мүмкін.  Балалар  жағдайға    ойынның  өздері  ойлаған  түпкі  ниеті 
мен  мазмұнына  лайықты  маңыз  береді.  Ойын  іс  –  әрекетінің    тағы  бір  ерекшелігі  –  оның 
әрекеттік сипаты. Балалар  ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
153 
 
ойында    өздеріне  мәлім  өмір  құбылыстары  мен  оқиғалары  туралы  білімдерін    бейнелейді, 
оларға өзінің қатынасын білдіреді. Бұл оның сыртқы белгісі емес,  шын мәні. Ойында бала өзі 
бейнелеген 
қаһарманның 
іс–әрекетімен, 
сезімімен 
тыныстайды.Ойынның 
негізгі  
құрылымдық    элементтері  мыналар:  ойынның  түпкі  ниеті,    сюжеті  немесе  мазмұны,  ойын 
әрекеттері,  рөлдер,  ойынның    өзінен  туатын  және  балалар  жасайтын    немесе  ересектер 
ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер  өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың 
өзінше бір іс–әрекеті ретінде көрсетеді.Ойынның түпкі  ниеті – бұл  балалардың  нені  және 
қалай      ойнайтынының    жалпы  анықтамасы,    мәселен:  «дүкен»,  «аурухана»,  «әскер»  және 
т.с.с.  болып  ойнау.  Ол  сөзде  тұжырымдалып,  ойын  әрекеттерінің  өзінде  бейнеленеді, 
ойынның мазмұнында  қалыптасады және ойынның  өзегі болып табылады.  Психологиялық 
ойындар  –  көбіне  таныс  емес  тақырып  кездескенде  сұрақ  қою  арқылы  ойналады.  Ол 
оқушылардың  ой–пікірлерін  бөлісуге,  маңызды  мәселелерді  шешуге,  материалдарды  қалай  
түсінгендерін  ашық  айта  білуге  септігін    тигізеді.  Олардың    қатарына  :  1)  психологиялық 
сынау,  сауалнамалар;  2)  сурет  салу,  құрастырулар;  3)  пікірталастар;  4)  сұрақ  –  жауаптар;  5) 
сөздіктер      (диалог,  монолог).  Ұлттық  ойындар  –  ата-бабамыздан  бізге  жеткен,  өткен  мен 
бүгінгіні  байланыстыратын  баға  жетпес  байлығымыз,  асыл  қазынамыз,  сондықтан  оны 
күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан 
зор  екендігі  сөзсіз.  Мысалы,  «Сақина  тастау»  ойынын  көбінесе,  үй  тапсырмасын  сұрағанда, 
жаңа тақырыпты пысықтағанда, сабақты қорытуға пайдалануға әбден болады.Ұлт ойындарын 
тек  ойын  деп  қарамай,  халықтың  ғасырлар  бойы  жасаған  асыл  қазынасы,  бір  жүйеге 
келтірілген  тамаша  тәрбие  құралы  деп  қараған  жөн.  Өйткені  ойын  баланың  дүниені  танып 
білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезеңінде тікелей айнала 
қоршаған  ортамен  байланысын,  адамдармен,  жолдастарымен  қарым-қатынасын  елеп 
ескермей,  өмір  тәжірибелерінен  қол  үзгізіп,  бірден  өзіне  бейтаныс  дүниеге  көшуге  мәжбүр 
етсек, олардың психологиялық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бұл тәрбие 
үрдісінде  жақыннан  алысқа,  жай  нәрседен  күрделіге,  жеңілден  ауырға,  белгіліден  белгісізге 
деген  қоғамға    да  қайшы  келмейді.Ұлттық  ойын  —  балалар  үшін  күрделі  әрекет.  Балалар 
білімді  ойын  арқылы  да  ала  алады  және  үлкендерден  үйренеді.  Сондықтан  сабақтағы  ойын 
арқылы  білімін  шындап,ой-көрісін  кеңейте  алады.  Ал  ойынның  өз  мақсаты,  жоспары, 
тәрбиелік  мәні,  қажетті  заттары,  ерекшеліктері  болады.  Сол  ойын  арқылы  бала  өмірден 
көптеген  мәліметтер  алады,  психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады.  Баланың  жас 
ерекшелігіне,  зейіне  сай,  әдейілеп      ұйымдастырылған  ұйымдар    баланың      ақылын,  
дүниетанымын    кеңейтеді,  мінез-құлқын,    ерік-  жігерін  қалыптастырады  және    де  сабаққа 
деген  қызығушылығын  арттырады.  Ойынның  түпкі    ниеті  –  бұл    балалардың    нені    және 
қалай      ойнайтынының    жалпы  анықтамасы,    мәселен:  «дүкен»,  «аурухана»,  «әскер»  және 
т.с.с.  болып  ойнау.  Ол  сөзде  тұжырымдалып,  ойын  әрекеттерінің  өзінде  бейнеленеді, 
ойынның  мазмұнында    қалыптасады  және  ойынның    өзегі  болып  табылады.Ойынның 
құрылымдық  ерекшелігі  мен  түйіні  —  бала атқаратын  рөл.  Ойын  үдерісінде рөлге берілетін 
маңызына  қарай  көптеген  ойындар  рөлді  немесе    рөлді–сюжетті  ойындар  деп  аталады.  Рөл 
әрқашан  адамға  немесе  жануарға,  ол  қиялдағы  қылықтарға,  іс–әрекеттерге,  қарым–
қатынастарға  қатысты  болады.    Солардың  бейнесіне  енген  бала  сол  өзі  қалап  алған  нәрсеге 
айналады, яғни  белгілі бір рөлді ойнайды. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы 2010 ж. 
2.  Бастауыш мектеп Алматы,2003,№ 9 
3.  «Педагогика»  Қоянбаев Ж,Б Алматы 2001 ж. 
 
 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
154 
 
ӘӨЖ 398.045 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ 
Тәжібай Н.Ә - «Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Атымтаева Б.Е. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Қазіргі  кезеңдегі  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  орталық    буынынның  заманауи 
білім  беру  үрдістерін  меңгеру,  ақпараттық  технологияларды  жаппай  енгізу.  «Инновация» 
термині  –  ол    тамыры  тереңде  жатқан  термин,  ғылымға  ХІХ  ғасырда  енді.  ХХ  ғасырдың 
екінші жартысында инноватция әлеуметтік өзгерістердің  жалпы үрдістерінің сатысы ретінде 
қаралып,  латын  тілінінен  аударғанда  «жаңару»,  «өзгеру»,  ал  ағылшын  тілінен  аударғанда 
«жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар» деген ұғымды білдіреді. Білімнің сапалы болуы 
тікелей  мұғалімге,  оның  білім  дәрежесі  мен  іздену  шеберлігіне  байланысты.  Педагогикалық 
технология дегеніміз – оқытушының өзін – өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге 
шешендігі.  Педагогикалық  технология  ақпаратты  өңдеу,  сақтау,  беру  әдістері  мен 
құралдарының  табыстарына  байланысты  дамудың  барлық  мүмкіндіктеріне  ие  бола  алатын 
әлуметтік технологиялардың маңызды компоненті болып табылады. Сонымен технология деп 
белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды түрлендіру процестері мен әдістерінің 
жиынтығын  айтуға  болады.Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология  төмендегідей  негізгі 
әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс: 
1)  Технологиялық  сызба  (карта)технологиялық  үдерістің  оны  жеке  функционалды 
бөлектерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы 
көрсететін шартты бейнесі болуы қажет. 
2)  Әр  педагогикалық  технология  тәжірибеде  игерудің  белгілі  бір  ғылыми 
тұжырымдамасына  негізделуі  тиіс:  білім  беру  мақсаттарына  жету  үдерісінің  ғылыми 
негіздемесі болу шарт. 
3)  Педагогикалық  технологияның  жүйелік  сипаттары:  үдерістің  логикасы,  барлық 
бөлшектерінің өзара байланысы, тұтастығының болуы қажет. 
4)  Оқу  үдерісін  жобалау,  жоспарлау,  мақсатын  анықтау  мүмкіндіктері  ескерілуі  керек: 
кезеңді  диагностика,  нәтижелерді  түзету  мақсатында  әдістер  мен  құралдарды 
түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет. 
5)  Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет. 
6)  Педагогикалық  технологияны  басқа  білім  беру  ордасында  басқа  субъектілердің  де 
пайдалануы.  
Инноватциялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор  тәжірибені 
жұмылдыру  қажет.  Бұл  өз  қызметіне  шығармашылықпен  қарайтын,  жеке  басының  белгілі 
іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір  педагог  жаңа 
инноватциялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін  –  өзі  дамытады  және  өзін  –  өзі 
қалыптастырады.  Қазіргі  таңда  білім  беру  үдерісінде  кеңінен  қолданылып  жүрген  бірнеше 
инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады: 

  Проблемалық оқыту; 

  Дамыта оқыту; 

  Дәстүрлі оқыту; 

  Деңгейлеп оқыту; 

  Кейс – стади; 
Проблемалық  оқыту  –  ғылыми  таным  нәтижелерін,  білімдер  жүйесін  ғана  меңгеріп 
қоймай,  сонымен  бірге  нәтижелерге  жету  жолдарын,  баланың  таным  дербестігін 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
155 
 
қалыптастырып,  оның  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Проблемалық  оқыту  –  ойлау 
операциялары  логикасы  мен  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ізденіс  әрекетінің 
заңдылықтарын  ескере  отырып  жасаған  оқу  мен  оқытудың  бұрынан  мәлім  тілдерін  қолдану 
ережелерінің жаңа жүйесі. 
Дамыту оқыту – мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының  қалыптастыруын 
жоққа  шығармайды,  бірақ  оқыту  мен  тәрбиелеу  баланың  дамуын  қамтамасыз  ететін  жағдай 
болу  керек.  Дамыта  оқыту  технологиясы  ұйымдастырылған  оқу  іс  әрекетінде  балаларға 
тәрбиешінің қарапайым ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастыру тән. 
Дәстүрлі  оқыту  –  балалардың  таным  қабілеттері  және  жас  мөлшері  шамамен  бір 
дееңгейді  құрайды.  Оқыту  барысында  жоспарланған  тақырып  кеңінен  түсіндіріледі,  балалар 
сол тақырып бойынша білім, білік дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді. 
Деңгейлеп  оқыту  -  амыта  оқыту  технологиясы қазіргі  уақытта  жаңа  технологиялардың 
бірі  деп  келеді.  Дамыта  оқытудың  негізін  Ян  Амос  Коменский  өзінің  17  ғасырда  «Ұлы 
дидактикасында»  айтып  талдап  берген.  Содан  кейін  орыс  ғалымдары  К.Д.Ушинский, 
Л.С.Выготский  еңбектерінде  қарастырылып,  1969  жылдары  Ресей  ғалымдары  Л.ВЗанков, 
Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов  көтерді.  Д.Б.Эльконин  мен  В.В.Давыдовтың  зерттеулері 
оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.  
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы: 
 - оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне; 
 - оқушының ынталандыруға; 
 - оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына; 
 - оқушының өз білімін өз бағалай білуіне; 
 - баға әділдігіне; 
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді. 
Кейс  –  технология  –  оқытушылардың  дәстүрлі  және  қашықтықтан  кеңес  беруін 
ұйымдастыру  кезінде  мәтіндік,  аудиовизуалдық,  мультимедиялық  оқу-әдістемелік 
материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге 
негізделген.  Кейс  -  технологиясы  (ағылшынның  case  –  потрфель  )  оқытудан  жасалынған 
әдістемелік  материалдармен  іске  асырылады.  Кейс  -  технологияға  арналған  материалдар 
түрлері мыналар: 
1. Әдістемелік нұсқаулар. 
2. Жұмыс дәптері. 
3. Анықтама. 
4. Оқу, аудио, бейне материалдар. 
5. Бақылау және емтихан материалдар. 
Кейс  –стади  амал-тәсілі  немесе  оқытудың  нақты  жағдаяттар  әдісі(метод 
конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының 
Гарвард  университетінің  бизнес  мектебінде  пайда  болған.  Кейс-стади  амал-тәсілі 
термині  алғаш  рет  американдық  ғалым  Коплендтің  еңбектерінде  пайдаланылған. 
Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-
тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.  
Инноватциялық  технологиялардың  педагогикалық  негізгі  қағидалары:  балаға  ізгілік 
тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және 
дамыту;  баланың  өз  бетімен  әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  баланың  танымдылық  және 
шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр  оқушының  оның  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне 
орай  оқыту;  барлық  оқушылардың  дамуы  үшін  жүйелі  жұмыс  істеу.  Тіл  пәндерді  оқыту 
әдістемесі сабағын қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, 
оқыту  әдістемесін  жаңартып  отыруына  байланысты.  Қазіргі  таңда  әдістеме  пәнінің 
мұғалімдері  инноватциялық  және  интерактивтік  әдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана 
отырып сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
156 
 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Ж.Ә. Әбиев “ Педагогика ” – Алматы 2004. 
2.  Раджерс Э. Инноватция туралы түсінік.- // Қазақстан мектебі, №4, 2006. 
3.  Қабдықайыров Қ. Инноватциялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004. 
 
 
ӘӨЖ 398.045 
 
БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  БІЛІМІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ЖОЛДАРЫ 
Оспанғалиева А.Т.- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»  
мамандығының 4 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Атымтаева Б.Е. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2030  жылға  дейінгі  стратегиялық  даму  бағдарламасында 
қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды  бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл 
бөлінгендіктен,  оқушыларға  экологиялық    білім  беріп,  табиғатты  қорғауға  тәрбиелеу  бүгінгі 
күннің кезек күттірмейтін  өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.  
Экология  -  бүкіл  адамзат  баласының  шалыс  басқан   әрбір  іс-әрекетіне  келешекте  шек 
қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын  ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған 
ортаны  кесапат  жағдайлардан,  кейбір  көлденең  оқиғалардан  сақтауға,  табиғатпен  арадағы 
тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР 
«Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»,  ҚР  «Білім  туралы»   заңдарында   экологиялық  білім  мен 
тәрбие  беру  мемлекеттік  саясаттың  білім  беру  саласының  негізі  болып  табылатыны  атап   
көрсетілген.  
Экология  проблемасы-  тек  бүгін  көтеріліп  отырған  жоқ.  Олар  ғасырлар  бойы 
ғалымдардың  зерттеу  объектісінен  түскен  жоқ.  Адамзат  баласына  экологиялық  тәрбие  мен 
білім  берудің  маңыздылығы  ІХ-ХV  ғғ.  ғұламалары  Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  М.Қашқари, 
Қ.А.Иассауи,  Қорқыт  ата-бабалардан  бастау  алады.
  Қоршаған  ортаны  қорғау  проблемасы  әр 
кезеңде де өткір қойылып отырды.  
Қоршаған  ортаны  күйзелтпеу,  оны  асқындырмау  әрбір  адамның  қасиетті  борышы  деп 
түсіндіреді.  Алайда,  осы  қоршаған  ортаны  біреулер  білместікпен  ластап  жүрсе,  екінші 
біреулері «Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде 
мәңгі  сақталады»  деген  тұжырымның  жетегінде,  ал  үшіншілері  «Біз  табиғаттың 
қайырымдылығын 
күтіп 
отырмай, 
оны 
бағындыруымыз 
керек» 
деген 
ойда 
болады.Экологиялық  ағарту  осыны  қанағаттандыра  алады,  сондықтан  білім  берудің  негізгі 
баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық 
шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады. 
Экологиялық  тәрбие  мен  білім  беру  –  көп  сатылы  процес,  ол  кешенді  тұрғыда 
қарастыруды қажет етеді: 
Біріншіден  адамның,  қоғамның  табиғатқа  әсер  ету  ортасындағы  білімнің  ғылыми 
жүйесін қалыптастыру; 
Екіншіден  жеке  тұлғаның  ізгілік  қасиеттері  арқылы  дүниетанымын  қалыптастыруға 
тәрбиелеу; 
Үшіншіден қарым-қатынас негізінде білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ету. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
157 
 
Осы  орайда,  елімізде  жас  өспірімдерге  үздіксіз  экологиялық  білім  беруді 
ұйымдастырудың  бүгін  күн  тәртібіне  қойылуы  орынды.  Оның  өзіндік  объективті  және 
субъективті себептері бар. Олар: 
-   туған  өлкеміздің  табиғаты  мен  оның  табиғи  ресурстарының  ұзақ  жылдар  бойы 
орынсыз пайдалану нәтижесінде азаюы, ластануы және есепсіз сарқыла бастауы; 
- өндіріс пен өнеркәсіп кешендерінің  зиянды қалдықтары, ғарыш айлағының сақталуы, 
полигондар зардаптары, жердің жарамсыздануы, адам денсаулығының нашарлауы; 
- экологиялық білім, тәрбие және мәдениеттің қалыптасуы мен «тұрмыстық» қажеттілік 
мақсатындағы  «табиғатты  пайдалану»  сипаты  арасындағы  алшақтықтардың  ұлғаюы; 
Экологиялық білім берудің  негізгі ұстанымдары. Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім 
беру аспектілерімен принциптерін сақтау керек. Олар негізінен, ғылымилық, байланыстылық, 
тепе-теңдік,  қызығушылық,  үздіксіздік,  жалғастырушылық,  интеграциялау,  көрнекілік, 
қабылдаушылық және өлкелік ұстанымдар. 
Ғылымилық  ұстаным  негізінен,  оқушыларға  білім  беруде  фактілер,  құбылыстар  мен 
үрдістер,  адамның  табиғатқа  әсері,  табиғат  қорғау  жұмыстары  және  экологиялық 
жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда материалдар негізінде берілуі және пайдаланылуы 
тиіс. 
Байланыстылық ұстанымы табиғаттағы тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, ауа, су, 
өсімдіктер  мен  жануарлар)  арасында   тығыз  байланыстың  бар  екенін  ұғындыру.       
Тепетеңдік  ұстанымы  табиғаттағы  биоценоздар,  экожүйелер  арасындағы  тепе–теңдіктің 
сақталмауы  және  олардағы  бір  құрам  бөліктің  өзгеруі  табиғатта  тепе–теңдіктің  бұзылуына 
әкеп соғатынын түсіндіру. 
Қызығушылық  ұстанымы  оқыту  барысында  білім  берудің  барлық  әдістері  мен  түрлері 
оқушылардың бойында қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын 
сүюге, аялауға ұмтылдыру. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ынтасын арттыру. 
Дамытушылық  ұстанымы  оқушылардың  білім  қорын  балабақшадағы  сәбилік  кезінен 
бастап,  бастауыш  сынып,  одан  жоғары  сыныптарға  көтерілу  деңгейлеріне  үйлестіре  отырып 
дамыту.  Жоғары  сыныптарға  экологиялық  жағдайларға өз  бетінше баға беретіндей  деңгейге 
бірте – бірте жеткізу. 
Интеграциялау ұстанымы экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (биология, 
химия,  география,  физика,  т.б)  мен  гуманитарлық  пәндер  (әдебиет,  тарих,  қоғамтану  т.б) 
арқылы  оқушыларға  берілетін  білім  негіздерін  жеке  адамнан  қоғамдық  деңгейге  көтеру. 
Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру, т.б. ұстанымдары бар. 
Қорыта  айтқанда  бастауыш  сынып  оқушыларын  экологиялық  білімді  меңгерту  жас 
ұрпақты табиғатты аялап ұстауға, оны қорғауға оның патриоттық сезімін оятуға экологиялық 
білім  ауадай  қажет  осы  жоғарыда  аталған  ұстанымдарды  қолдана  отырып  оларды 
оқушылардың бойына сіңіруіміз керек. 
Экологиялық  ағарту  осыны  қанағаттандыра  алады,  сондықтан  білім  берудің  негізгі 
баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Қоғамның экологиялық мәдениеті негізі балалық 
шақтан қалыптасқан әр адамның экологиялық мәдениетінен тұрады.   
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Н.Ә.Назарбаев , Қазақстан жолы, 2007 ж. 
2.  Бейсенова Ә, Экология – ел тағдыры, 2005 ж. 
3.   Асқарова  Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау,- 2004 ж. 
 
 
 
 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
158 
 
ӘӨЖ 398.045 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 
АРТТЫРУ 
Тохсанбаева А.Т.- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»  
мамандығының 4 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Атымтаева Б.Е. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім»  туралы  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 
халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Сондықтан, 
қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін 
қойып отыр.     
Ақпараттық  технология  –  өзінің  мәнділігі  жөнінен  өте  әділ  де  шындыққа  негізделген 
үрдіс.    Бастауыш  мектепте  оқу  үрдісінде  ақпараттық  технология  құралдарын  қолданудағы 
мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. 
Оқушыларда танымдық қызығушылықтың болуы - олардың  сабақта белсенді, білімінің 
сапалы  болуына,  оқуға  жағымды  түрткісін  қалыптастыруға,  оқыту  үдерісінің  тиімділігін 
арттыруға, белсенді позицияны ұстауға мүмкіндік береді.  
Ұлы  педагог  Ушинский:  «Мұғалім  білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  ал 
оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім 
күнделікті  сабағына  өмір  талабына  сай  дайындалып  ақпараттық  –  коммуникациялық 
технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс 
Қазіргі  таңда  дәстүрлі  оқыту  әдістемесінің  заман  талабына  сай  толық  білім  беруге, 
меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған 
әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. 
Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  ақпараттық  –  коммуникативтік  технологияларды 
пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра 
отырып,  оқу  -  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарылатуды 
көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен  «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп 
аталады.  
Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми  -  техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды 
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы 
мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа 
технологиялар  бар.  Сондықтан  әр  түрлі  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны  мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет