Республикалық студенттік ғылыми конференция «алматы бизнес, білім және мәдениет орталығЫ»



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата06.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7745
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
оқушылардың  жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибесіне  сынап 
қараудың  маңызы  зор. 
Инновациялық білім беру құралдарына: 
 аудио-видео құралдар 
 компьютер 
 интерактивті тақта 
 интернет 
 компьютер – мультимедaялық құрал 
Электрондық  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешен  инновациялық  сайт  және  тағы 
басқалары  жатады  бұны  бір  сөзбен  айтқанда  оқу  үрдісінде  немесе  сабақтарда  ақпараттық  – 
коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады. 
Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден 
оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
159 
 
жерлерін  қайта  көруге,  тыңдауға  және  алған  мағлұматты  нақтылауға  мүмкіндік  береді, 
сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу  іс-әрекетіне белсенділігін  арттыра түседі. 
Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруда  педагогтардың  біліктілігін  ақпараттық-
коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне 
айналды. 
Мектепте  оқытуды  ұйымдастыратын  бірден-бір  нұсқа  сабақ  болса,  сабақтың  нәтижелі 
болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің    әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл 
сабақ, оқушылардың қызығушылығын оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ.  
Сондықтан    жаңа  технологияны  сабақ  үрдісінде  қолдану  үшін    әр  мұғалім  өзінің  алдында 
отырған  оқушылардың    жас  ерекшелігін  ескере  отырып,  өзінің  шеберлігіне  байланысты 
таңдап алады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі 
идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да 
маңызы  зор  болды.  Бұл  оқушы  және  оқытушы  жаңа  ақпараттарды  жеңіл  түрлендіреді,  жаңа 
нысандарды  жасауға  және  жылжыту  тиімділігіне  жетеді.  Әр  мұғалім  сабақ  өткізген  кезде 
оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар 
компьютерді,  интерактивті  тақтаны  қолдану  арқылы  білім  берсе,  оқушылардың 
қызығушылығы арта түсері анық. 
Оқушы тапсырмаларды көрнекі құралдар арқылы 20% орындаса, 10%, тыңдау, 40-50% 
оқыту  процесінде  оқушы  белсенділігін  арттыратын  мүмкіндіктер  жасалса,(тестілер  шешіп, 
сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады), білімнің 70-80% есте сақталып, ақпараттың бала 
ойында  қалу  дәрежесі  90%-ға  жетеді  екен.  Олай  болса  мәліметті  есте  сақтау  қолданылатын 
әдіс–тәсілге байланысты. Сол әдіс–тәсілдің бірі–әр сабақтарда компьютер, теледидар арқылы 
электронды оқулықтар мен презентацияларды пайдалану. Компьютер арқылы түрлі суреттер, 
графикалық  сызу,  дыбыс,  музыка  тыңдау,  мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен 
әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.        
 Бастауыш сынып оқушыларына тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі 
ойлау  қабілеттерін  дамыту,  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру  ақпараттық-
коммуникативтік  технологиялардың  мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Алдын  ала  электронды  оқулықтан  тыңдап,  көріп  оқушылардың  есте  сақтауы  бойынша 
орындатқан тиімді. Ендеше AКТ оқушылaрғa  ғылыми ұғымдaрды түсiндiруде  және олaрдың 
қaбылдaуын жеңiлдетуге мүмкiндiк берiп,  мұғaлiмдерге сaбaқ  беруде көмектесетiн мaңызды 
құрaл болып  табылады. 
Электрондық  оқулықпен  оқытудың  негізгі  мақсаты-оқыту  үрдісін  үздіксіз  және  толық 
деңгейін  бақылау,  сонымен  қатар  ақпараттық-ізденіс  қабілеті,  шығармашылық  қабілетін 
дамыту.  Мұның  тиімді  жағы:  электронды  оқулықта  әр  сабаққа  арналған  бейне  көрініс, 
анықтама  сөздік,  есептердің  шығарылу  жолы,  фигуралардың  кеңістікте  орналасуы,  диктант, 
тест тапсырмаларын , қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. 
Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі 
-пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының 
өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына 
мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, 
осы  алған  мәліметтерін  компьютерден  көргендіктен  есінде  жақсы  сақтайды,  өз  бетінше 
жұмыс жасау қабілеті қалыптасады 
Ұлы  педагог  Ушинский:  «Бала  балқытылған  алтын,  оны  қандай  қалыпқа  салып  құям 
десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр. 
«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа 
сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп,  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім 
беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін 
арттырудың маңызы зор деп білемін. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
160 
 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 
2.  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы, 2011 жыл 
3.  Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы өлшемдері 
 
 
 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
  
 
Нұржума Ө
.- «Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Атымтаева Б.Е. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Кәсіптік бағдар - бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, 
кәсіптік  ынтасына  және  қоғамның  әр-түрлі  деңгейдегі  квалификациялы  және  әр-түрлі 
мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет. 
«Мамандық  таңдаудағы  жастардың  ойлануы»  атты  еңбегінде  Маркс  былай  деп  жазған 
«Мамандық таңдау дегеніміз ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны 
бақытсыз  етуі  мүмкін».  Тәжірибе  көрсеткендей  оқушылармен  жүргізілетін  кәсіптік  бағдар 
жұмыстарының  мұғалімін  даярлаудағы  негізгі  кемшіліктері,  олардың  қазіргі  кездегі  өндіріс, 
ауыл-шаруашылығы,  кәсіптік  бағдар  жүйесіндегі  тапсырмаларды,  мазмұнды  прициптерді, 
әдістер  мен  формаларды  жеткіліксіз  меңгеру  болып  отыр.  Бұл  жерде  айтпағымыз,  әрбір 
мұғалім  кәсіптік  бағдар  беріп  отыруы  керек.  Қазіргі  таңдағы  шығып  жатқан  өндіріс  жаңа 
мамандықтары бойынша, өзінің мамандығы бойынша шолу жасап отыруы керек. 
Жастардың  кәсіптік  бағдары  мәні  жағынан  тек  қана  педагогикалық  проблема  болып 
қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың 
көмегі  ғана  емес,  мектептің,  мектепаралық  оқу-өндірістік  комбинатының  (МОӨК),  кәсіптік 
техникалық  мектептің  (КТМ),  кәсіптік  техникалық  лицейдің  (КТЛ),  кәсіпорындардың, 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының,  мемлекеттік  еңбекпен  қамту  қызметінің  және  т.б. 
бірлескен  іс-әрекеті  қажет.  Кәсіптік  бағдардың  қоғамдық  проблема  ретіндегі  мәні  қоғамның 
кадрларға  деген  сұранысын,  ондағы  қайшылықты  басып  өтуден  жастардың  кәсіптік 
талпынысынан  көрінеді.  Әрине,  бұл  қайшылықты  шешуде  педагогикалық  ұжымның, 
мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті 
басты  роль  атқарады.  Кәсіптік  бағдардың  теориясы  және  әдіснамалық  сұрақтарына  келіп 
тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен. 
Кәсіптік бағдардың мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене 
отырып  жасалады.  Теория  мен  әдіснамалық  идеялар,  көзқарастар,  формалар,  әдістер  және 
принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады. «Кәсіптік бағдар» түсінігі кімге болса 
да  түсінікті.  Бүл  -  оқушылардың  сол  немесе  басқа  мамандықтарға  бағдары.  Әдістемелік 
нұсқауларда  да  осындай  анықтамалар  береді,  яғни  ол  жерде  кәсіптік  бағдар  жұмыстарын 
жастарға мамандық таңдауда көмек ретінде көрсетеді. 
«Кәсіптік  бағдар»  түсінігі  көптеген  ғылыми  түсініктер  сияқты  бір  орнында  қалып 
қоймайды.  Ол  қоғамның  мақсатының  көзқарасына,  тапсырмаларына,  әдістеріне, 
формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады. 
Бұл түсініктің өзгеруі келтірілген анықтамалармен өзара байланысты, оның әр қайсысы 
кәсіптік бағдардың сол немесе басқада аспектілеріне әсерін тигізеді, қандайда бір функцияны 
бөліп  көрсетеді,  оның  практикалық  және  теориялық  даму  деңгейін  көрсетеді,  басқару 
теориясының, педагогика, психология, позициясын қарастырылады. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
161 
 
Сондықтанда  кәсіптік  бағдардың  жалпы  анықтамасын  бермес  бұрын  оның  негізгі  3 
кұраушысын; «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық. 
Философиялық  сөздіктерде  «іс  әрекет»  түсінігі  адамның  спецификалық  формасы 
табиғатқа  қарым-қатынасын,  оны  саналы  түрде  өзгерту  және  пайдалану  белсенділігі  ретінде 
анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі 
кәсіптік  бағдар  ұғымын  тек  практика  жағынан  ғана  емес,  теориялық  іс-әрекет  ретінде, 
нақтылап  айтсақ,  белгілі  бір  білім  дәрежесін  ғана  емес  сол  білімді  меңгерудегі  іс-әрекетті 
дисциплинаралық  ғылыми  бағытты  көрсетеді.Кәсіптік  бағдарда  практикалық  іс-әрекет 
туындап,  теориямен  толықтырыла  түседі,  нәтижесінде  кәсіптік  бағдарда  теориялық  және 
практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз. «Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі 
бір  іс-әрекеттің көрсеткіші,  мамандық,  profiteer-өзімнің  ісім деп  қарастырамын)  -  белгілі  бір 
еңбек іс-әрекеті. 
Атақты  ғалым  академик  С.Г.  Струмилинаның  ойы  бойынша  бір  біріне  жақын 
мамандықтар  топтарға  біріктірілуі  мүмкін,  мысалы,  металл  өңдеушілер,  ағаш  өңдеушілер, 
музыканттар және т.б. Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда бағдар 
тіке,  қисық,  жазықтыққа,  химияда  -  молекулалардың  бағдары.  Бұл  түсініктер  астрономияда, 
географияда  қолданылады.  Мұндай  жағдайда  «бағдар»  түсінігі  барлық  ғылымдарда  орынды 
анықтау  және  қозғалыс  бағытын  таңдаумен  байланысты.  Энциклопедияда  бағдар  (фр. 
Orientation - шығысқа көрсетеді, лат. oriens - шығыс) тікелей мағнада түсіндіріледі. 
Қандай анықтамалар келтірілсе де, «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда  негізгі бағытты 
көрсетеді.  Егер  жастар  мамандық  әлемінде  бағдар  алып  белсенді  түрде  сол  мамандық  оның 
өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын 
көрсетеді. 
Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне 
және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса,  онда оны мамандыққа бағдарлау 
дейді. 
Практикалық  жағы  мемлекеттік  және  қоғамдық  бірлестіктердің,  кәсіпорындардың, 
мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және 
кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады. 
Кәсіптік  бағдар  теориясын  төмендегіше  анықтасақ  болады;  кәсіптік  бағдардың  іс-
әрекетінің  қарқынды  (эффектілі)  болу  үшін,  идеялардың  және  көзқарастардың  өзіндік 
мағынасының айтылуы. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан   Республикасының «Білім туралы» заңы.Алматы,  2007.  
2.  Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. -Алматы: Санат, 2001-145 бет. 
3.  Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 2008-207 бет. 
4.  Витиньш  В.Ф.  Реформа  школы  и  профессиональная  ориентация  школьников;  -  М.: 
Педагогика, 2006-120 с. 
 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КӘСІБІ ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Тәжібай Н.Ә., Бадаева А.М., Нұржұма Ө.Н.,  
«Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенттері. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Атымтаева Б.Е. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
162 
 
кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары.  Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет 
болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Барлық  жеткіншек  ұрпақтың 
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті. Сондықтан да 
ұстаздарды  серпілістер  мен  жаңарулардың,  қарсаңындағы  басты  тұлға  дей  аламыз.  Ендеше 
жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – 
тәсілдердің  тың,  мәнді,  әрі  сапалы  болуын  талап  етіп  отырған  осы  бір  айтулы  кезеңде, 
мұғалімдер  жылдар  бойы  жинақтаған  іс  –  тәжірибесін,  жаңа  технологияларға  ұштастыруы 
қажеттігі  туындайды.  Қазіргі  педагогика  ғылымында  негізгі  базалық  ілімдердің  бірі 
«құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, 
ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды 
қамтамасыз етеді, және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. 
Жалпы  кәсіптік  құзыреттілік    -  әр  сала  маманының  кәсіби  мазмұнына  сай 
қарастырылған.  Жалпы  кәсіптік  құзіреттілікті  жетілдіруде  мамандық  бойынша  жүргізілетін 
тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады. Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз 
мүмкіндіктерін  барынша  пайдаланып,  болашақ  маман  ролін  жоғары  деңгейде  орындауға 
тырысады. 
Құзіретті маман даярлау мақсатында қазіргі технологиясы бойынша білім беру мақсаты 
-  оқушыларға  өндірістік  жағдаяттар  беру  арқылы  өз  бетінше  жұмыс  жасау  қабілетін,  дұрыс 
шешім  қабылдау,  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру  арқылы  бәсекеге  қабілетті  маман 
ретінде  дамуына  көмектесу.  Себебі  күнделікті  өмірде,  іс  әрекет  ету  сферасында  адамға 
қажетті  маңызды  құзыреттілік,  ол  мәселелерді  шеше  білу.  Егер  студент  мәселелерді  шеше 
білу қабілетін игерсе, болашақта олар жұмыс жасайтын ұйымда оларға деген қажеттілік арта 
түседі.  
Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  кәсіби  маманның  -  қазіргі 
білімгердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың,  интеллектуалдық 
белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін 
сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып 
табылмақ.    Студенттердің  кәсіби  құзыреттілік  мәселелері  туралы  пікірлер  кәсіби  маман 
даярлау  мәселелерімен  айналысып  жүрген  отандық  және  шетелдік  ғалымдар,  педагогтар, 
психологтар еңбектерінде көрініс табуда.  
Ғалым  С.М.Вешниякованың  «Кәсіптік  білім  беру»  сөздігінде:  «Кәсіби  құзыреттілік 
competenens - қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің 
сәйкестігінің мөлшері»,- деген анықтама берілген.  
Б.  Т.  Кенжебеков  құзыреттілік  жөнінде:  «Құзыреттіліктің  бар-жоғын  адам  еңбегiнiң 
нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез - келген қызметкер, өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң 
түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi 
болып саналады»-, деп анықтама береді. 
«Құзырлылық»,  «құзыр»ұғымдарының  қолданыстағы  білім,білік,дағдыдан  айырмасы 
төмендегідей ажыратылады: 
1.  Білімнен  айырмасы  –  қызмет  жөніндегі  ақпараттық  сипатта  емес,  өнімді  қызмет  
формасы түрінде байқалады. 
2.  Дағдыдан  айырмасы  –  оқыған  материалды  топтастыра,  құбылыстарды, 
заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет. 
3.  Біліктіліктен  айырмасы  –  дағдыға  автоматты  түрде  жету  немесе  алмастыру  емес, 
керісінше бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негізіндерін сезіну. 
Кәсіби  құзыретті  маман  даярлауды  қалыптастыру  сипатына.  Мұғалім  өз  кәсібінің 
шекарасынан  шыға  алуы,  сол  арқылы  өз  тәжірбиесін,  еңбегін  өзгерте  алуы 
жатқызылады.Шығармашыл  мұғалім  үшін  біреудің  тәжірбиесін  қайталағаннан  гөрі  өз 
жаңалықтарын,  білгендері  мен  түйгендерін  басқаларға  ұсына  алуының,  шығармашылық 
бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
163 
 
мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: 
мұғалімнің  өз  мамандығына  бейімделу  кезеңі:  мамандықта  өзін-өзі  өзектендіру  кезеңі: 
мамандықты  еркін  меңгерген  кезең:  мамандықта  шығармашылық  деңгейге  жеткен  кезең. 
Осылайша  ғалым  кәсіби  құзыреттіліктің  сипаттамасын  шебер-мұғалімнің,  жаңашыл-
мұғалімнің,  зерттеуші-мұғалімнің,  кәсіби  дәрежесін  көтерілген  мұғалімдердің  жиынтық 
бейнесі ретінде қарастырады. Қазіргі  кәсіптік-педагогикалық қызмет қандай мұғалімді  талап 
етеді. Мұғалім-оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-
мәдени  жағдайларда  еркін  бағдарлай  алатын,  шығармашылық  процестерді  басқара  алатын, 
адам  туралы  ғылымның  жетістіктерін,  оның  даму  заңдылықтарын,  компьютерлік  оқыту 
өнерін терең меңгерген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. 
Ал,  білім  беруде  кәсіби  құзырлы  маман  иесіне  жеткен  деп  мамандығын  бойынша  өз 
пәнін  жетік  білетін,  оқушының  шығармашылығы  мен  дарындылығының  дамуына  жағдай 
жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығын жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-
қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген 
және  білімдік  мониторинг  негізінде  ақпараттарды  тауып,  оларды  таңдап  сараптай  алатын, 
отандық  және  шетелдік  тәжірибелерді  шығармашылық  пен  қолдана  білетін  кәсіби  маман 
педагогті айтамыз.  
Әдебиеттер тізімі 
1.  К.Өстеміров. “ Кәсіптік педагогика ” – Алматы 2006. 
2.  Б.А.Тұрғынбаева.Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті  арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. – 2005. 
3.  К.Құдайбергенова.Құзырлылық–тұлға дамуының сапалық критерийі. 2008.  
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ 
Бадаева А.М. - «Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студентті. 
Еуразия технологиялық университеті, Алматы қ. 
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Атымтаева Б.Е. 
 
ХХІ  ғасырдың  табалдырығынан  аттаған  Қазақстан  әлемнің  дамыған  елдерінің 
қауымдастығына,  жалпы  әлемдік  саяси  –  қоғамдық,  әлеуметтік  –  экономикалық  мәдени 
құрылымдарға  кіруге  бет  алды.  Сондықтан  еліміздің  туын  биікке  көтерер  келер  ұрпақтың 
білімді,  білікті,  ұлтжанды,  жоғары  мәдениетті,  биік  және  рухани  адамгершілігі  қалыптасқан 
ұрпақ тәрбиелеу – адамзат алдыңдағы ең басты міндет.  
Педагогика ғылымында баланы тәрбиелеуде бірінші бағытты басшылыққа алады, олар: 
қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтық  тәрбие,  рухани  –  адамгершілік  ,  салауатты  өмір 
салты,  экологиялық,  экономиялық,  эстетикалық  және  отбасылық  мәдениет.  Көп  жылдық 
педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, тәрбиенің толып жатқан түрлерінің нәтижесіз болуы 
оның  рухани  тәрбинмен  байланыспауы.  Ендеше  тәрбиенің  барлық  салалары  бір  арнаға 
тоғысуы  керек.  Қазіргі  кезеңде  ұстаздар  қауымының  алдына  қойылатын  міндет  –  жастарға 
рухани – адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұралары жаңғырту, 
яғни, ұлттық құндылыққа алу.                        
«Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» шығармашылық тақырыпты зерттеу және тәрбие 
саласында жан – жақты қолдануда мен төмендегідей тұжырымдама сүйендім. 
1.  Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. 
2.  Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге – жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет. 
3.  Ұлттық  тәрбиені  бала  бойына  сіңіруде  бастауыш  сыныпта  атқарылатын  жұмыстың 
орны ерекше. 

«АЛМАТЫ – ЦЕНТР БИЗНЕСА, ОБРАЗОВАНИЯ  И КУЛЬТУРЫ» 
 
164 
 
Ұлттық  тәрбиенің  бастауы  отбасынан  басталып,  мектепке  дейінгі  және  мектеп 
қабырғасында өз жалғасын табады. Ең алдымен шығармашылық тақырыбымды толық қанды 
зерттеп ұғыну  үшін, ғылыми әдістемелік әдеби  және республикалық қажетті әдебиеттермен, 
баспа  материалдарымен  танысып  отырдым.  Шығыстың  ұлы  ойшылы  Әл-Фараби  «Тәрбиесіз 
берген білім – адамзаттың қас жауы.  
Ол  келешекте  оның  барлық  өмірін  атап  етеді»,  -  деген  болатын.  Ел  басымыздың  « 
Қазақстан – 2030 » бағдарламасында: «...Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп кемелденеді. 
Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты 
да  жігерлі,  білім  өресі  биік,  денсаулығы  мықты  өкілдері  болмақ.  Олар  бабаларының  игі 
дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге 
даяр болады» деген болатын. 
Оқушыларды  шығармашылық  іс  –  әрекетке  баулып,  олардың  белсендіктерін, 
қызығушылығын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдауға болады: 
1.  Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық 
сюжет ұсыну; 
2.  Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру; 
3.  Қиялдау арқылы сурет салғызу, рольмен ойнату; 
4.  Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. 
Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлауға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке 
адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс 
жасауы керек екеінін, содан кейін барып жалпы – адамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі 
қажеттігін  сіңіруі  болып  табылады.  Бұл  жерде  негізі  әңгіме  арқауы  ұлттық  тәрбие,  ұлттық 
сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүлде туралы болуы керек. Өмірмен ұштастырылып берілген – 
ұлттық  тәрбие  негізінде  оқушы  бойында  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасатынын  айта 
отырып төмендегі ұсыныстарды әріптестеріме ұсынғым келеді. 
1.  Қоғамға  қызмет  ететін  болашақ  жеткіншектерге  сапалы  білім  мен  өнегелі  ұлттық 
тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы екенін сезіну; 
2.  Ұлттық тәлім – тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата – аналармен 
қосылып жүргізген шараларына байланысты болу; 
3.  Дәл  қазіргі  заманда  батыстың  желімен  домалай  жөнелетін  қаңбақ  ұрпақ  керек  емес, 
пайдасын  алып,  зиянын  бойына  дарытпай  ұлттық  рухы  биік  ұрпақ  тәрбиелеу  –  оқу-
тәрбие процесінің басты мақсаты болу; 
4.  Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық 
инновацияны енгізу, этнопедагогикамен байланыстыру; 
5.  Елдік  сананы  қалыптастырып,  ұлттық  рух  пен  ұлттық  патриотизмді  негіздеу, 
ұлтсыздықпен күресу.  
Ұлттық тәрбиенің құдіретін қанша айтсақ та, түгесу мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет