Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

 
3. Арафа күні ауыз бекітудің үкімі
 
Арафа күні ауыз бекіту – сүннет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы күні ораза тұтқан. 
Әбу Қатада (р.а.): «Арафа күні оразасымен Алла Тағала алдыңғы жылдың және келер 
жылдың  күнәларын  кешіреді  деп  үміт  етемін[3]»,  –  деген.  Арафа  күні  ораза  тұту  – 
қажылыққа бармаған адамдарға ғана сүннет. Арафа – Зулхиджа айының 9-күні. Бұл 
ораза екі жылдың: өткен және келер жылдардың қателіктерін жуып-шаяды.
 
4. Зулхиджаның 10-күн оразасының үкімі
 
Бұл күні ораза тұту, ғұламалар шешімі бойынша, бірауыздан – харам. Өйткені, 

72
бұл  –  құрбандық  күні.  Сонымен  бірге,  ораза  айт  күні,  құрбан  айт  күні,  құрбандық 
күнінен кейінгі үш ташриқ күндері де ораза тұтуға тыйым салынады. Әбу Сағид (р.а.): 
«Алла елшісі (с.ғ.с.) екі күні: ораза айт және құрбан айт күндері ораза тұтуға тыйым 
салды[4]», – деп риуаят етеді. Тағы бір хадисте: «Ташриқ күндері – тамақтану, сусын 
ішу және Алла Тағаланы зікір ету күндері[5]», – деп баяндалған.
[1] Фәжр сүресі, 1-2 аяттар 
[2] Бұхари 
[3] Муслим 
[4] Бұхари, Муслим 
[5] Муслим
АШУҒА БОЙ АЛДЫРМАУДЫң ЖОЛЫ БАР МА?
 
Әбу  Һурайра  (р.а.)  риуаят  еткен  хадисте:  «Бір  кісі  Пайғамбарға  (с.ғ.с.)  келіп: 
Маған өсиет айтыңызшы? – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Ашуланушы болма, – деді. 
Әлгі кісі өтінішін бірнеше рет қайталады. Алла елшісі (с.ғ.с.) «Ашуланушы болма», – 
деп жауап берді[1]».
 
Міне, бұл – Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті. Шын күшті – ашу үстінде өзінің бұл мінезін 
тізгіндей білетін адам. Әбу Һурайра (р.а.): «Мықты біреуді алып жыққан емес. Нағыз 
мықты ашу үстінде өзін ұстай білген[2]», – деген хадисті риуаят еткен.
Ашу – шайтанның адам санасы мен ақылына енетін жолдардың бірі. Ашуға ерік бермеу 
үшін, оны басып тіпті болдырмау үшін мынадай кеңестерді ұсынамыз:
 
1.Дәрет алу. Ъатыя әс-Саъди риуаят етеді: «Анығында, ашу – шайтаннан. Ал, 
шайтан оттан жаратылған. Отты су өшіреді. Сендердің бірің ашуланатын болса, дәрет 
алсын[3]».
 
2.Ашу  кезіндегі  дене  қалпын  өзгерту.  Дәрігерлердің  айтуынша,  ашу  қан 
қысымының  тым  қатты  көтерілуіне  себеп  болады.  Ал,  бұл  адам  денсаулығына 
айтарлықтай  қауіпті.  Сондықтан,  ашуланған  кезде  сол  күйде  отырып  қалмай,  басқа 
жағдайға ауысқан дұрыс. Бұл ашудың басылуына және қан қысымының бәсеңдеуіне 
ықпал етеді. Әбу Зәрр (р.а.): «Сендердің бірің ашуланған кезде аяқта тік тұрған болса, 
отырсын. Одан ашу басылмаса, жата қалсын[4]», – деген хадисті риуаят етеді.
 
 3.  Ашуды  тежеп,  кешірімді  болудың  артықшылығын  ойлау  және  дұға 
жасау. Мәселен: «Аллаһуммә иһдини лиәхсанил ахлақ лә яһдини лиәхсаниһә иллә әнтә. 
Уәсриф  ъәнни  сәйиәһә  лә  ясрифу  ъәнни  сәйиәһә  иллә  әнтә»  (мағынасы:  «Уа,  Алла! 
Мені ең көркем мінезге жетеле. Өйткені, тек Сен ғана жақсы мінезге жетелейсің. Менің 
бойымнан жаман мінезді кетір. Себебі, жаман мінезді тек Сен ғана кетіресің).
 
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген ата-баба нақылы да нақ осы пайғамбар (с.ғ.с.) 
өсиетінің тәлімі. Ендеше, дұшпанның басым түсудің басты жолы оған алып баратын 
себеп-салдардан алшақ жүруден басталады.
Руслан Камбаров
[1] Бұхари 
[2] Бұхари,Муслим 
[3] Әбу Дауд 
[4] Әбу Дауд

73
ТҰРМЫС ҚҰРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ 7 КЕңЕС
Отбасын  сақтайтын  махаббат  емес,  сүйіспеншілік  пен  мейірімділік.  Бұл 
қос  сезіммен  үйге  тыныштық  пен  жан  рахаты  ұялайды.  Шаңырақ  жауапкершілігі 
–  ерлі-зайыптылардың  иығына  теңдей  жүктелетін  міндет.  Десе  де,  әйел  затына 
жауапкершіліктің  басым  бөлігі  тиетіні  белгілі.  Өйткені,  әйел  –  күйеуінің  игі  ісіне 
жәрдемші  һәм  перзенттерінің  мейірбан  анасы.  Сондықтан,  бойжеткен  жұбайлық 
жауапкершілікті сезіне отырып, ер азаматтың етегінен ұстамас бұрын бірнеше жайтқа 
ерекше мән бергені жөн.
1. Таңдауда жаңылма
Әйел бақыты өмірлік жарын дұрыс таңдауға тәуелді. Бұл – әйел өміріндегі аса 
маңызды  шешім.  Себебі,  әйел  тұрмыс  құрумен  өз  тағдырын  өзге  еркектің  қолына 
тапсырады.  Ер  азамат  бойжеткеннің  діни  танымы,  мінез-құлқы,  көзқарасы  қала 
берді әлеуметтік деңгейімен де сай келуі керек. Сонымен бірге, ер азамат отбасылық 
жауапкершілікті сезіне алатын және оның ауыртпалығын көтеруге қауқарлы дәрежеде 
болуы қажет. Сол үшін де  арақатынас шындық пен шынайылыққа құрылғаны жөн. Бұл 
дұрыс шешім шығаруға ықпал етеді. Ал, танысу барысында жастар бірін-бірі алдап, 
жасыра сөйлеп және болмысындағы айыбын бүгіп қалуы екі жаққа да опық жегізері 
сөзсіз.
2. Ас әзірлеуді біл
Қыздың  оқуы  немесе  жұмысы  қаншалықты  ауыр  болса  да,  ас  дайындауды 
ерекше меңгеруі қажет-ақ. Әсіресе, күйеуі ұнататын тағам түрлерін өте жақсы әзірлей 
білгені абзал. Дастархан – әйелдің қаншалықты үй бикесі екенінің көрсеткіші. Дәмді 
ас күйеуінің жүрегіне алып баратын ең төте жол екенін естен шығармау қажет.
3. Үнемшіл бол
Үйдің кіріс-шығыс қаражатын үйлесімді жұмсау да әйелдің басты міндеттерінің 
бірі.  Қолдағы  шектеулі  қаражатты  тиісінше  дұрыс  пайдалана  білуі  аса  маңызды. 
Әйел  күйеуін  бейберекет  шығындармен  шаршатпай,  қарыздың  астына  қалдырмай 
жүруі  тиіс.  Күйеуінің  табысына  орай  жұмсап  отырғаны  абзал.  Қажетсіз  дүниелерді 
сатып алуды талап етіп, қажытудың қажеті жоқ. Табыстың бір бөлігін қаражат тапшы 
болатын қысылтаяң күнге сақтап қойғаны дұрыс. Сондай-ақ, үй табысының аз бөлігін 
қайырымдылық пен бала-шағаның ойын-сауығына да бөлуді ұмытпаған жөн.
4. Күйеуіңе тыныштық жағдай жаса
Құран  Кәрімде:  «Әрі  сендерді  тыныштық,  тыным  тауып  орнығуларың 
үшін  өздеріңнен  жұбайлар  жаратуы  және  араларыңда  сүйіспеншілік  пен  мейірім-
жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға 
салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар[1]», – деген аят бар.
Иә,  әйелдің  ең  басты  міндеті  –  шаңырақты  тыныштық  пен  мейірімділік  мекені  ету. 
Осы аяттың түп-төркінін түсініп, үйін жан тыныштығы ете алған әйелдің босағасынан 
бақыт сығалайды.
Отбасылық  өмірде  тәтті  сәттер  мен  қиын-қыстау  шақтар  иық  тірестіріп  қатар 
жүреді. Мұның барлығын бойжеткен түсіну әрі дайын болуы тиіс. Өмірді сол қалпында 
қабылдауды үйренуі керек. Арабтарда: «Жолдасыңның істеген әрекетіне жетпіс түрлі 
себеп ізде, ал таба алмасаң мүмкін мен білмейтін бір себебі бар шығар немесе ұмытқан 
болар деп айт», – деген нақыл бар. Ерлі-зайыптылар кейде бір-бірінің кемшілігі мен 
қателігін байқамаған сыңай танытқаны да дұрыс.
5. Төзімділік таныт
Бір-бірінің  теріс  болмысын  түзете  отырып,  қарым-қатынастың  ең  сәтті  орта 

74
тұсын табу – қиынның қиыны. Ол үшін сабырлық, төзімділік және жұмсақтық пен бір-
біріне деген қамқорлық аса қажет. Құран Кәрімде: «Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің 
де оған сабырлы бол...[2]», – деп әмір етілген.
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі намаз оқуға үндеуі – ең ауыр іс. Ол үлкен сабырлықты 
қажет етеді. Сабыр тек жалаң сөз емес. Оны кең де ауқымды мағынада түсіну қажет. 
Жұмсақтық, түсіністік және жақсы мәмілемен араласқан сабырлық керек.
Әйелдің күйеуімен жақсы қарым-қатынаста болуы, адамдарға оны тек жақсы қырынан 
таныстыруы – күйеуінің оғаш мінезі мен жаман әрекеттерін түзетудің бірегей жолы. 
Өйткені, Құран Кәрім: «(Ей, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен және көркем 
үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс...[3]», – деп 
айтылған.
Үйлену  –  өмірлік  сауда.  Сауда  алыс-берістен  тұратыны  сияқты,  отбасылық 
өмірде ерлі-зайыптылар бір-бірінің жақсылығын үйреніп, өзінің жаман мінезін тастаса, 
екі  жарты  бір  бүтінге  айналады.  Әйел  күйеуіне  бойұсынумен  Раббысының  әмірін 
орындауда  екенін  бір  сәтке  де  есінен  шығармауы  керек.  Міне,  сол  әрекетіне  сәйкес 
үлкен сыйдың да барын жадында сақтағаны жөн. Әйел – мейірімділік пен жылулық 
көзі. Ал, шаңыраққа бұл ауадай қажет.
6. Күйеуіңе күңдей бол
Құранда айтылғандай, сүйіспеншілік пен мейірімділік – отбасының басты тірегі. 
Денсаулық пен күш-қайраттың қарқынды және береке мен молшылық кезінде отбасын 
айрандай ұйытатын сезім сүйіспеншілік болса, ал қарттық келіп, науқас пен таршылық 
меңдеген шақта отбасын мейірімділік сақтап қалады.
Әйел күйеуінің Алла Тағала әміріне қайшы келмейтін әрбір сөзін бұлжытпай атқаруы 
қажет. Бәдәуи әйелдің өз қызына: «Оған (күйеуіңе) күң бол, сонда ол да саған құлыңдай 
болады»,  –  деген  насихатын  естен  шығармаңдар.  Әйел  жарын  жақсы  көргенде  де, 
жылулығын  сыйлап,  құрмет  көрсеткенде  де,  еркелік  пен  жұмсақтық  танытқанда  да 
күйеуіне қызметшісіндей болсын. Күйеуі қуанған сәтте ол түнермей, керісінше күйеуі 
уайым-қайғыда болса жөнсіз шаттанбау қажет.
7.Әйел – қорған
Ер азаматты дүниенің азғыруынан әйелі қорғайды. Сондықтан да әйел үйде ең 
әсем бейнеде, ең әдемі киімде және бойынан қош иіс аңқып тұруы керек. Күйеуіңнің 
көздері тек сені ғана көретіндей етіп қою керек. Ер азамат үйіне алып ұшып тұрсын. 
Жүрегі тек сені қалап, ауыр жұмыстан кейін босағадан аттай бере үйдегі жылулықтан 
жаны рақат тапсын.
Ең бастысы үйіңді жайқалған жәннат ету де, күйдіретін тозақ ету де өз қолыңда 
екенін ұмытпа!
Мұхаммед Ибраһим
[1] Рум сүресі, 21-аят 
[2] Таха сүресі, 132-аят 
[3] Нахыл сүресі, 125-аят
ЖЫНДАР МЕН ҚАРА СИҚЫРДАН
 ҚОРҒАНУДЫң 15 ЖОЛЫ
1.Құрма. Шамаңыз келгенше, таңертеңгі уақытта кез келген тамақтың алдында 
жеті  сығымдалған  құрма  жеп  тұрыңыз.  Оның  Мәдинадан  әкелінген  құрма  болғаны 
абзал.  Оған  мүмкіндік  болмаса,  кез  келген  сығымдалған  құрманы  жей  беріңіз. 

75
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Күн сайын 
таңертең тамақтың алдында жеті сығымдалған құрма жейтін адамға удың да, сиқырдың 
да зарары тимейді!» (Әл-Бұхари: 10/249, Медицина кітабы, тарау: Әжуаның көмегімен 
сиқырды емдеу.) 
2. Әл-Вуду.Дәретпен  жүрген  адамға  сиқырдың  әсері  болмайды.  Өйткені,  оны 
Рақымды Алла жіберген періште қорғап тұрады. Ибн'Аббас, Алла оған разы болсын, 
риауят еткен: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: 
«Денелеріңді жуыңдар, сонда Алла (Азза уаль джаля) сендерді тазартады. Дәретпен 
жатқан  құлды  періште  қорғап  тұрады;  ол  төсегінде  жатып  қимылдаған  кезде  сол 
періште: «Я, Алла! Осы пендеңді кешіре гөр. Себебі, ол пәк халде жатты», - дейді. (Әл-
Аусатта Әт-Табарани жеткізген. Әл-Мундирдің айтуынша, мұның жеткізу тізбегі өте 
жақсы (Әт-Таргиб: 2/13)).
  
3. Жамағатпен  намаз  оқу.  Мешітте  оқылған  намаз  мұсылманды  шайтаннан 
қорғайды,  ал,  оған  немқұрайлы  қараған  адамды  шайтан  билеп  алады.  Егер  шайтан 
адамды билеп алса, ол адамға сиқырмен және басқа да қолынан келетін нәрселермен 
зиянын  тигізеді.  Әбу  Әд-Дарда,  Алла  оған  разы  болсын,  риуаят  еткен:  «Мен 
Пайғамбардың,  оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын,  былай  дегенін  естідім: 
«Мейлі, қалада болсын, мейлі, ауылда болсын, жамағатпен намаз оқымаған үш адамды 
шайтан жеңеді. Жамағатпен бірге болыңдар. Қасқыр үйірінен қалып қойған жалғыз 
қойға  шабуылдайды»  (Әл-Бұхари:  (Фатх  әл-Бари  3/34)  және  Муслим:  (Ән-Науауи: 
6/63)). 
         4. Қияму Әл-Ләйл (Түнде қосымша намаз оқу). Сиқырдан қорғанғысы келетін 
адам түнгі уақытта намаз оқуы қажет. Бұған немқұрайлықпен қарау шайтанның адамды 
өзіне бағындыруына жол ашады. Егер ол өз дегеніне жетсе, сіздің төсегіңіз сиқырдың 
ықпалындағы  ошаққа  айналады.  Ибн  Масуд,  Алла  оған  разы  болсын,  былай  деген: 
«Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Қиямуль-Ләйлге тұрмай, таң 
намазына дейін ұйықтаған адам жайлы сұрағанда, ол шайтанның сол адамның құлағына 
дәрет сындырып кеткендігін айтқан» (Әбу Дауд: 1/150 (жеткізу тізбегі жақсы). Саид 
ибн Мансур жеткізген: «Ибн Омар, Алла оған разы болсын, былай деген: «Егер кімде-
кім таңертең үтір намазын оқымастан оянатын болса, таңертең оның басына ұзындығы 
жетпіс  шынтақпен  тең  арқан  байланып  тұрады».  (Әл-Хафиздің  айтуынша,  мұның 
жеткізу тізбегі өте жақсы (Фатх: 3/25)). 
          5 . Истиа’дах – Әжетханаға кіретін кезде Алладан (Әзза уә Джәаллә) пана 
сұрау. Мұсылман адам әжетханаға кірерде Алладан (Әзза уә Джәаллә) пана тілеуі тиіс. 
Өйткені,  шайтан  мұсылманға  кесірін  тигізу  үшін  оның  жын-шайтандардың  мекені 
болып табылатын лас орын - әжетханаға кірген кезін пайдаланады. Бірде жын маған 
бір адамның ішіне кіріп кеткенін айтты. Өйткені, ол адам әжетханаға кірерде Алладан 
пана  тілемеген.  Соған  қарамастан,  оны  сол  адамның  ішінен  шығаруға  Алла  маған 
қолдау көрсетті. Оның үстіне, бір жын маған оларды бағындыру үшін Алланың (Әзза 
уә  Джәаллә)  бізге  күшті  қару  бергенін,  бірақ,  біздің  оны  пайдаланбайтынымызды 
айтты. Оның не екенін сұрағанымда, ол: «Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен 
сәлемі болсын, бізге айтқан дұғалары», - деді. Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен 
сәлемі болсын, әжетханаға кірерде мына дұғаны айтқаны сенімді тізбекпен жеткізілген: 
«Аллахумма инни а'узу бика миналь-хубси уаль-хабаиси (Я, Алла, ер және әйел жын-
шайтандардан  өзіңе  сыйынамын)»  (Әл-Бұхари  (Фатх  әл-Бари:  1/292)  және  Муслим: 
(Ән-Науауи: 4/70)). 
           6. Намаз оқымас бұрын Алладан (Әзза уә Джәаллә)пана тілеу. Джубайр Ибн 

76
Мутим Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін риуаят 
еткен:  «Мен,  Пайғамбар  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  былай  деймін: 
«Аллаху акбару кабира, уальхамдулилляхи касира, уа субханАллахи букратан уа асыля» 
үш рет (және): «Аузу билляхи мина шайтани раджими мин нафкхихи уа нафсихи уа 
хамзихи» (Алла (Әзза уә Джәаллә) Аса Ұлы, барлық мақтау-мадақ Аллаға лайық, Алла 
ертелі-кеш  кемшілік  атаулыдан  пәк.  Шайтаннан:  ол  уәс-уәстайтын  тәкаппарлықтан, 
оның сасық демінен және сілекейінен (шайтанның арбауы меңзеліп тұр) және оның 
ақылдан аздыратын азғыруынан Аллаһқа сыйынамын) (Әбу Дауд (1/203)). 
           7. Некеге тұрған бойда әйеліңді сиқырдан қорғау. Неке келісімін жасаған 
бойда оның маңдайына оң қолыңызды қойып, былай деңіз:
           «Аллахумма инни асалюка хайраха уа хайра ма джалабтаха алейхи уа аузу бика 
мин шарриха уа мин шарри ма джабалтаха алейхи» (Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен 
оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және 
оның кесірінен Өзіңе сыйынамын). (Әбу Дауд (151)). 
         8. Жұбайлық өмірді намаздан бастау. Абдулла ибн Масуд, Алла оған разы болсын, 
былай деген: «Неке түнінде, яғни, некеге тұрғаннан кейін алғашқы түнде жақындаспас 
бұрын екі рәкағат намаз оқыңыз, әйеліңізді де артыңызға тұрғызып, сізге ұюын және 
келесі дұғаны айтуын өтініңіз: «Аллахумма барик ли фи ахли, ва барик ляхум фийй. 
Аллахумма-иджма’ бейнана ма джама’та би-хайр, ва-фаррик бейнана иза фарракта иля 
хайр» («Я, Раббым! Маған әйелімді берекелі қыла гөр және мені оған берекелі қыла 
гөр. Я, Раббым! Бізді біріктірдің, игілікте біріктіре гөр.  Егер ажыратсаң, бізге игілікте 
ажырата гөр») (Әт-Табарани жеткізген.). 
        9. Жыныстық қатынас кезінде шайтаннан қорғану. Ибн 'Аббас, Алла оған разы 
болсын, риуаят еткен: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: 
«Егер жақындаспас бұрын мына дұғаны оқып, сол жақындықтан бала дүниеге келетін 
болса, шайтан ол балаға ешқашан зиянын тигізе алмайды: «Аллахумма джаннибна аш-
шайтана уа джанниб аш-шайтана ма разактана» (Я, Алла, бізден шайтанды аулақ ет, 
әрі бізге нәсіп ететін (перзенттен де) шайтанды аулақ ет). (Әл-Бұхари (Фатх әл-Бари: 
1/291) және Муслим)
                Бір  жын  тәубесіне  келіп,  Исламға  келгеннен  кейін  бір  ер  адамның  әйелімен 
жыныстық  қатынасына  қатысқанын  айтты.  Өйткені,  ол  адам  жоғарыда  көрсетілген 
дұғаны  оқымаған.  Аллаға  мақтау-мадақ  болсын!  Біздің  қаншама  құнды  қазынамыз 
бар, бірақ, солардың бағасына жете бермейміз. 
10.  Ұйықтар  алдында  дәрет  алу,  Аятуль  Курсиді  оқу.  Ұйықтар  алдында 
дәрет  алыңыз,  төсекте  отырып,  Аятуль  Курсиді  оқып,  Аллаға  дұға  қылыңыз. 
Шайтанның Әбу Хурайраға, Алла оған разы болсын, былай дегені сенімді тізбекпен 
жеткізілген:   «Ұйықтар  алдында  Аятуль  Курсиді  оқыған  адам  Алланың  (Әзза  уә 
Джәаллә) панасында болады және түні бойы таң атқанша шайтан оған жоламайды». 
Пайғамбар,  оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын,  осы  сөздерді  растап,  Әбу 
Хурайраға  былай  деген:  «Шайтан  өтірікші  болса  да,  саған  шындықты  айтты».  (Әл-
Бұхари (Фатх әл-Бари: 6/338) және Муслим (Ән-Науауи:. 17/17)). 
                    11.    Лаа  илааха  илля  Аллаһ.  Таң  намазынан  кейін:  «Ля  иляха  илля-Ллах 
уахдаху ля шарикалях, ляхуль мульку уа ляхуль-хамду уа хууа аля кули шай-ин кадир» 
деп 100 рет айтыңыз. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Осыны 
айтқан адам 10 құлды азат еткенмен тең сауапқа кенеледі, оның амал кітабына он игі 
амал  жазылады,  он  зұлым  амалы  өшіріледі  және  бұл  дұға  оны  таңнан  кешке  дейін 
шайтаннан қорғайды. Осы дұғаны одан да көп айтқан адамды қоспағанда, ол адамнан 

77
артық ешкім болмайды». 
          12. Мешітке кіру. «А'узу би-Лляхи-ль-'Азыми, ва би-ваджхи-хи-ль-Кярими 
ва сультани-хи-ль-кадыми мин аш-шайтани-р-раджими». (Ұлы Аллаға, Оның ардақты 
Дидарына  және  Оның  ежелден  мәңгі  билігіне  лағынетке  ұшыраған  шайтанның 
азғыруынан  сыйынамын).  Пайғамбардың,  оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын, 
мешітке  кірмес  бұрын  былай  дегені  белгілі:  «Мұсылман  адам  осы  дұғаны  айтқан 
сайын, шайтан: «Ол күннің қалған бөлігінде менен қорғанышта болады». (Әбу Дауд: 
1/127).
 
        13. Дұға. Мына дұғаны таңертең және кешкі уақытта үш рет қайталап жүріңіз: 
«Бисмиллахи ллази ла язуру маа исмии шайъун фил арзи ва ла фи ссамаи ва хууа сами 
уль алим». (Алланың атымен, Оның аты аталғанда Жер мен Көктегі ештеңенің кесірі 
тимейді және Ол – бәрін Естуші, бәрін Білуші) (Әт-Тирмизи: 5/133). 
         14. Үйден шығатын кезде. Үйден шығатын кезде: «Бисмилляхи тауаккальту аля 
Аллахи ля хауля уаля кууата илля билляхи» деңіз. Сіз осы дұғаны айтқанда, сізге (өзіңіз 
білместен) былай делінеді: «Мен сені қорғап, сақтадым». Шайтан сіздің қасыңыздан 
кетіп, басқа біреуге: «Қорғалған және сақтанған адамға не істей аламын», - дейді. (Әбу 
Дауд: 4/325 және әт-Тирмизи: 5/154). 
            15. Таңертең және кешкілік: «Аузу бикалимати Аллахи ат-таммати мин 
шарри ма халак» деңіз. Муслим: (Ән-Науауи: 17/32)
 ____________________  
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Ең ЖАҚСЫ ТӘУБЕ – ЖАСТАРДЫң
 ТӘУБЕСІ
Алты бірдей жақсы нәрсе (қасиет) бар, алайда, сол алты нәрсе алты түрлі адамның 
бойынан  табылса,  тіптен  жақсы:  Әділдік  –  жақсы  қасиет,  бірақ,  ол  басшылардың 
бойында болса, тіптен жақсы. Жомарттық – жақсы қасиет, бірақ, ол байлардың бойында 
болса, тіптен жақсы. Тақуалық – жақсы қасиет, бірақ, ол ғалымдардың бойында болса, 
тіптен жақсы. Сабырлылық – жақсы қасиет, бірақ, ол кедейлердің бойынан табылса, 
тіпті жақсы. Тәубешілдік – жақсы қасиет, бірақ, ол жастардың бойынан табылса, тіпті 
жақсы. Ұяттылық – жақсы қасиет, бірақ, ол әйелдердің бойынан табылса, тіпті жақсы.
(Хазірет Әлі (р.а.) жеткізген, Әлі әл-Муттақи, Кәнзул-Уммаль, 15-1349, 1353, 16-
175. Мунәуи, Фәйзуль-Қадир, 4-378. Суюутый, Жәмиғу-Ссағир, 8292-хадис)
Хадиске түсіндірме: Бұл хадисте бірқатар асыл қасиеттер тілге тиек етілуде. Ал енді, 
осынау асыл қасиеттер белгілі бір адамдардың бойынан табылып жатса, нұр үстіне нұр 
болмақ. Соның бірі – жастар бойындағы тәубешілдік қасиеті.
Тәубе  сөзінің  тілдік  мағынасы  қайту,  оралу  дегенді  білдіреді.  Ал,  діндегі 
мағынасы күнәға батып, тура жолдан таю арқылы Алладан алшақтап кеткеннен кейін 
пенденің  істеген  күнәсі  үшін  өкініш  білдіріп,  Раббысына  қайта  оралуы,  жүрегіне 
дақ  түсіріп,  жан-дүниесін  шайқалтқан  күнәсін  жуып-шаюуы  дегенді  білдіреді.  Ал, 
тәубе етудің маңыздылығына келсек, Құран Кәрімде тәубе етудің өте маңызды екенін 
білдіретін әрі тәубешіл жандардың артықшылығын баяндайтын көптеген аяттар бар, 
соның бірі: «Шүбәсіз, Алла тәубешіл жандарды және (тәндік һәм рухани кірлерден) 
тазаланушыларды жақсы көреді», – деген аят[1]. Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 
бір хадисінде: «Құлы тәубеге келгендегі Алла Тағаланың қуанышы қайсы біреуіңнің 
шөл далада жоғалтып алған түйесін ойламаған жерде кезіктірген сәттегі қуанышынан 
әлдеқайда  артық»,  –  деп[2],  Алла  Тағаланың  пендесі  тәубеге  келгенде  қатты 

78
қуанатындығын жеткізген. Енді бір хадисінде пенде қанша жерден күнәға батса да, 
шыбын  жаны  алқымына  келіп  тірелмейінше,  Алланың  мейіріміне  үміт  артып,  шын 
ниетімен  тәубе  еткен  жағдайда  тәубесі  қабыл  болатындығын  шегелеп  айтқан.  Иә, 
мұның бәрі бізге тәубенің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 
Өйткені,  Алла  Елшісі  (с.ғ.с.):  «Барлық  адам  күнә-қателік  жасайды.  Ал,  пенделікке 
бой  алдырып,  күнә-қателік  жасағандардың  ізгі-жақсылары  уақыт  оздырмай  тәубе 
еткендер», – деген[3]. Осы орайда, әсіресе, алды-артын аңдамайтын албырт жастардың 
шалыс басып, күнәға батуы бек мүмкін. Тіпті, жастардың егде адамдарға қарағанда 
күнә-қателікке жиі ұрынуы таңғаларлық жайт емес. Өйткені, қызуы мен қызығы мол 
албырт шақта арыны күшті нәпсіні құмарлық атаулының бәрінен бірдей тыя білу кімге 
болса да оңайға соқпасы бесенеден белгілі. Міне, сондықтан да, жоғарыдағы хадисте 
егде  тартып,  құмары  мен  күш-қуаты  кеміген  адамның  тәубесіне  қарағанда,  албырт 
жастың тәубесінің Алла дәргейінде алар орны алабөтен екендігі айтылуда. Ендеше, 
Аллаға шын көңілден иман еткен әрбір жас асау нәпсіге жеңіліп, күнәға батқан бойда 
бірден есін жиып, істеген күнәсі үшін аһ ұрып, Аллаһтан кешірім тілеуі керек. Кешірім 
тілеп қана қоймай, нәпіл намаз оқу, нәпіл ораза ұстау, қайыр-садақа беру және өзін 
Алланың мейіріміне бөлейтін басқа да игі істер істеу арқылы күнәсін жуып-шайғаны, 
сөйтіп,  жүрегіне  түскен  дақтан  дер  кезінде  арылғаны  дұрыс.  Мұны  істеген  жастың 
рухани жан-дүниесі ұдайы тірі болып қала бермек. Ал, істеген күнәсі үшін титтей де 
қынжылмайтын парықсыз, ғапыл пенденің тәні тірі болса да, рухы тірі, көкірегі ояу 
деуге келмейді. Осыған байланысты «Фурқан» сүресінде былай делінген: «Кімде-кім 
(істеген күнәсі үшін) аһ ұрып, тәубеге келсе, әрі иман етіп, (өзін һәм қоғамды түзетуге 
бағытталған) игі істер істесе, оның жөні бөлек. Алла ондай жандардың жамандықтарын 
жақсылыққа  (күнәларын  сауапқа)  айналдырады.  Алла  өте  кешірімді,  (әсіресе,  тәубе 
етіп, Өзіне жан-тәнімен бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді»[4]. Иә, бұл аятта 
күнә  жасағаннан  кейін  уақыт  оздырмай  тәубеге  келіп,  игілікті  істер  істегендердің 
тәубесі қабыл болатындығы, тіпті, күнәлары сауапқа айналатындығы баяндалуда.
Осы  орайда,  хазірет  Омар  (р.а.)  халифа  болған  кезеңде  орын  алған  мына  бір 
оқиғаны айта кетсек артық болмас. Бір күні хазірет Омар (р.а.) Мәдина көшелерінің 
бірінде  келе  жатып,  қойнына  шиша  тығып  алған  бір  жас  жігітті  кезіктіреді.  Содан 
әлгі  жігіттен:  «Қойныңдағы  не?»  –  деп  сұрайды.  Сонда  қапелімде  хазірет  Омармен 
ұшырасам  деп  ойламаған  әлгі  жігіт  қатты  қысылғаннан:  «Уа,  Аллам,  мені  хазірет 
Омардың алдында масқара ете гөрме! Күнәмді жасыра гөр, сөз берем, ендігәрі шарап 
ішпеймін», – деп, ішінен тәубе етіп, жалбарынады. Ақыры тілге келіп: «Уа, мүміндердің 
әміршісі,  қойнымдағы  сірке  суы»,  –  деп  қалай  айтқанын  өзі  де  аңдамай  қалады. 
Хазірет Омар оған: «Қане, көрсетші», – деп, қойнындағы шишаны алып қарағанда, 
ішіндегісі шынымен сірке суы болып шығады[5]. Иә, мейірімі шексіз Алла құлы шын 
ниетімен тәубе еткендіктен харам шарапты адал сірке суына қалай айналдырса, күнәға 
белшесінен батқан күнәһар құлдары күнәлары үшін шынымен өкініп, тәубеге келсе, 
Алла олардың күнә шарабын құлшылық сіркесіне айналдырары сөзсіз.
Иә, ислам тарихында үлкен күнәні былай қойғанда, харамға көзі түсіп кеткені 
үшін аһ ұрып, сәждеге бас қойған, күнәсін жуып-шаю үшін мұқтаж жандарға қайыр-
садақа беруге асыққан, Алладан күндіз-түні кешірім тілеп, жүрекке түскен қара дақты 
көз жасымен жуып-шайған қаншама тәубешіл жандар, соның ішінде қаншама тәубешіл 
жастар болды десеңші. Жүректі шайтанның улы оқтарынан қорғау әрі шалыс басып, 
күнәға батқан бойда бірден аһ ұрып, тәубе ету олардың өмірдегі ең басты ұстанымы еді 
десек артық айтқан болмаймыз.

79
Адам  баласы  жаратылысынан  қателесуге,  күнә  жасауға  бейім  келеді.  Қазақта 
осынау  ақиқатты  меңзейтін  пайғамбар  хадисімен  мағыналас  «сүрінбейтін  тұяқ, 
жаңылмайтын жақ болмайды», – деген аталы сөз бар. Біздің сенімімізде күнәдан пәктік 
тек періштелер мен пайғамбарларға ғана тән қасиет. Ендеше, мәселе, періштедей күнә 
атаулыдан  пәк  болу  емес,  мәселе,  нәпсіге  еріп  немесе  қателесіп  күнә  жасап  қойған 
жағдайда  бірден  тәубе  етіп,  Алладан  кешірім  тілеуде  жатыр.  Ал,  тәубе  сөз  жүзінде 
ғана болмауы керек. Алла алдында тәубенің қабыл болуының басты шарты – өкініш. 
Өйткені, өкініш – жасалған күнәнің парқына жеткендікті білдіреді. Міне, сондықтан 
да, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Өкініштің өзі тәубе», – деген[6]. Шынайы 
тәубенің  бұдан  басқа  да  маңызды  шарттары  бар,  соның  бірі  –  жасап  қойған  күнәні 
екінші мәрте қайталамауға бел буу болса, енді бірі – күнәнің артынан уақыт оздырмай 
бірден тәубеге келу. Сондай-ақ, егер жасалған күнә кісі ақысына қатысты болса, ақысы 
кеткен адамнан кешірім сұрап, көңілін алу да тәубенің маңызды шарттарының біріне 
жатады.
Алла Тағала Құранда Өзіне серік қосудан өзге күнә атаулының бәрін кешіретіндігін 
айтып, уәде берген. Алла берген уәдесінен әсте таймайды. Олай болса, Аллаға серік 
қосудан өзге қандай үлкен күнәға батсақ та, күнәларымыз қанша жерден көп болса 
да, Аллаһтың «әл-Ғафур»,[7] «әл-Ғаффар»,[8] «әт-Тәууәб»[9] деген есімдеріне, бізге 
берген хақ уағдасы мен шексіз мейіріміне үміт арта отырып, біліп, білмей, жасырын, 
жария жасаған әрбір күнәнің артынан ұдайы тәубеге келіп отыруымыз керек. Сонда 
көктегі  періштелердің  дұғасына  еніп,  Хақ  тағаланың  сүйікті  құлдарының  қатарына 
қосыламыз. 
Әкімханов Асқар Болатбекұлы 
[1]Бақара сүресі, 222 аят. 
[2]Бұхари, дағауат 4. Муслим, тәубә 1. 
[3] Имам Амед, 3-198. Тирмизи, 2499. Ибн Мәжә, 4251. 
[4] Фурқан сүресі, 70 аят. 
[5] Имам әл-Ғазали, Мукәшәфәтуль-қулуб 46-б. 
[6] Имам Амед, 1-422, 4012-хадис. Ибн Мәжә, 2-1420, 4252-хадис. 
[7] Құлдарының күнәлары қаншалықты үлкен болса да кешірім етуші. 
[8] Құлдарының күнәлары қанша жерден көп болса да кешірім етуші. 
[9] Құлдарының шынайы туәбелерін әрдайым қабыл етуші.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет