Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


Уа,  Ибраһим!  Сен,  бұған  шыдай



Pdf көрінісі
бет30/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Уа,  Ибраһим!  Сен,  бұған  шыдай 
алмайсың»  деді.  Ибраһим  (ғ.с.)  пайғамбар  алған  бетінен  қайтпады.  Әзірейіл  (ғ.с.) 
періште: «
Жарайды, онда мұнда қара»,- дегенде Ибраһим (ғ.с.)  пайғамбар басы көкке 
тиіп,  құлақтары  мен  ауызынан  от  алаулап  тұрған,  бет-әлпеті  қап-қара  қорқынышты 
бейнені көргенде шыдай алмай талып қалады. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар есін жиғанда 
Әзірейіл (ғ.с.) әу бастағы өз бейнесіне қайта оралды. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар: «
Ей 
өлім періштесі! Кәпір сенің бұл бейнеңді көрсе, басқа азап тартпаса да ол үшін 
бұл  азап  жеткілікті,  енді  мүміндерге  көрінетін  бейнеде  көрінші»,-  деп  өтінді. 
Әзірейіл (ғ.с.) періште: «Жүзіңді ана жаққа бұр»,- деді. Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар 
қарай салысымен көркем жүзді, жұпар иісті, жас жігітті көріп: «Бұл кім?»- деді еріксіз 
таңырқап, іле: «
Егер мүмін үшін өлім алдында ешқандай да нығмет берілмесе де, 
мына сенің көркем жүзің ол үшін жеткілікті болғандай екен»,- деген еді (Ғазали, 
Иһиау улумид-дин, ІҮ/829).
  Яғни, өлім аузында Әзірейіл (ғ.с.) және оның көмекшілері адам баласының ізгі 
амалдары  мен  жүрегінің  тазалығына  қарай  көрінеді  екен.  Негізінде,  Әзірейіл  (ғ.с.) 
періштенің әрбір адамға әйтеуір бір көрінері хақ. Адам баласы қалай өмір сүрген болса, 

215
солай жан тапсырады. Ал қалай жан тапсырған болса, солай қайта тірілтіледі.
Қалмахан ЕРЖАН, 
теология докторы.
ЛАҒНЕТ АЙТУҒА АБАЙ БОЛ!
Пайғамбарымыз  (с.а.с).  хадисінде
:  «Мүминды  лағнеттеу  –  оны  өлтірумен 
тең» деген. (Бухари, Муслим). Тағы бір хадисте: «Мүмин – міндет қылушы, лағнет 
айтушы, әдепсіз және ұятсыз болмайды» делінеді. (Термизи). Ешкімнің атын атамай, 
залымдарды, күнәһарларды, кәпірлерді лағнет қылуға болады.  Құран Кәрімде: «Біліңдер 
ондай залымдарға Аллаһтың лағнеті болсын» деген («Худ» 18). Пайғамбарымыз а.с. 
хадисінде: «
Әке-шешесін сөккен адам лағнеттелген» дейді (Ахмад). Яғни, күнәдан 
сақ болған мұсылманды лағнеттеу харам. Ал залым, кәпір, яхуди-насраларды лағнет 
қылуға болады. 
ӘЖЕТХАНА ӘДЕБІ
Мұсылман   адам   әжетханаға   кірерде   мына   дұғаны   айтады: «
Бисмилләһи,   
Аллаһумма,   инни  аъузубикә   минәл   хубси   уәл-хәбә-ис».   Яғни,   «Аллаһым,   
ластықтан   және   лас   нәрселерден   саған   сиынамын»   деген.   Өйткені,   әжетхана   
жын-шайтандар   мекені   болғандықтан,   бұл   жоғарыдағы   дұғаны   оқып   кірсек,   
еш   зияны   тимес.  Ал   әжетханадан   сыртқа   шыққанда:   «
Ғуфранәкә»   делінеді.   
Ол   «Кешір»   деген   мағына,   өйткені   әжетхана,   моншада   Алланы жария түрде еске 
алып, зікір   етуге   тиым   салынған.   Мұсылман   кісі   әжетхана   ережелерін   білгені   
дұрыс:


Сол   аяқпен   кіріп,   оң   аяқпен   шығу;


Жоғарыда   аталған   дұғаларды   оқу;


Егер   әжетханаға   түнде,   не   күндіз   кіретін   кезде   дыбыс   шығарып   кіру;


Өзімен   бірге   Құран,   хадис,   т.б.   сол   сияқты   кітаптарды   алып   кірмеу;


Ер   адам   тіке   тұрып   дәрет   сындырмау   керек;


Лажы   болса,   құбылаға   қарап   алды-артымен   отырмау   қажет;


Ас дәрет алатын орында  сөйлемеу;


Тазаланғанда сол   қолмен   жуу   немесе   сүрту;


Кесек,   не   сумен,   не   арнайы   оралған   жазуы   жоқ   дәретхана қағазын   
қолданып   тазалану;


Бекерден   бекерге   ұзақ   отырмау,   өйткені   ол   жер   –   лас,   шайтан   арбап   
түрлі   ауруға   ұшыратады;


Әжетханада   газет   оқуға,   сәлемдесуге   тиым   салады,   т.б.
М.Естеміров
ӘЙЕЛ КІСІЛЕРГЕ ТӘН ЖАҒДАЙЛАР
Әйелдерде табиғи құбылыстар жүреді. Олар: Хайз, Нифас және Истихаза болып 
бөлінеді.  
1. ХАЙЗ – деп бойжеткен қыздарда немесе үлкен әйелдерде ай сайын келетін қанды 
айтады. Әйел адам осы күндерді жақсы біліп, кейбір істелуі харам болған нәрселерден 
сақ болып, мұқият болуы керек. 
2.  НИФАС  –  деп  әйел  кісі  нәресте  босанған  уақыттан  бастап  40  күн  бойы 
жалғасатын қанды айтады. Бұдан аз болуы да мүмкін. 40 күнге жетпей тоқтаса, ғұсыл 
алып құлшылықтарын жасайды. Әйел кісі осы Хайз және Нифас кезінде өтелмей қалған 
қаза намаздарын өтемейді. Тек қана Рамазан айындағы оразаның қазасын тұтып береді. 
Әйел кісі осы жағдайдан соң, міндетті түрде ғұсыл алуы парыз етілген. Әйел кісілер 
Хайз және Нифас кезінде мына төмендегі нәрселерді істемеуі керек: 
1) Намаз оқымайды. 

216
2) Ораза тұтпайды. 
3) Құран оқуға болмайды. 
4) Құран кітабын ұстауға болмайды. 
5) Қағбаны тәуеп етпейді.
6) Мешітке кірмейді. 
7) Әйелі мен ері жыныстық қатынаста болмайды, (Әйелдерге осы екі жағдайда 
тек  қана  тілек  тілеуге,  тәспі  тартуға,  салауат  айтуға,  жақсы  сөздер  айтуға  болады. 
Күйеуімен бір төсекте жатуына болады, тек жыныстық қатынас жасамауы керек).
 3. ИСТИХАЗА – деп етеккір күні үш күннен аз болып бітсе, бұл етеккір емес. Он 
күннен артық келген қан және әйел босанған күннен кейін 40 күн өтсе де тоқтамаса, 
бұл Истихаза делінеді. Тіпті әйел екіқабат кезінде келетін қан да осылай есептеледі. 
Бұндай жағдайларда әйел кісілер намаз оқып, ораза ұстайды. Өйткені бұл етеккір емес, 
мысалы, мұрын қанаған сияқты жағдай. 
М.Естеміров
МҰСЫЛМАН ҮШІН МАңЫЗДЫ СҰРАҚ-ЖАУАП
Сұрақ:   Сіз  мұсылмансыз  ба?
Жауап:  Әл-хамдулил-ләһ,  мұсылманмын.
Сұрақ:   Немен  дәлелдейсіз?
Жауап:  «Әшһаду  әллә  илаһа  иллалаһ.  Уә  әшхаду  әннә  Мухаммадән  ъабдуһу  уә  
расулуһ».
Сұрақ:   Қашаннан  бері  мұсылмансыз?
Жауап:  Әлимсақтан  бері  мұсылманбыз.
Сұрақ:   Қалайша  мұсылмансыз?
Жауап:  Иман  келтірумен  мұсылманмын.
Сұрақ:   Кімнің  құлысыз?
Жауап:  Алла Тағаланың  құлымын.
Сұрақ:   Кімнің  үмметісіз?
Жауап:  Мұхаммед  Пайғамбардың  үмметімін.
Сұрақ:   Кімнің  досысыз?
Жауап:  Төрт  шадиярдың  (Абубәкір,  Осман,  Омар,  Әли)  досымын.
Сұрақ:   Кімнің  ұрпағынансыз?
Жауап:  Адам  Атаның  ұрпағынанмын.
Сұрақ:   Кімнің  милләтіненсіз?
Жауап:  Ибраһим  калилләның  милләтіненмін.
Сұрақ:   Кімнің  мәзһабынансыз?
Жауап:  Имам  Ағзамның  мәзһабынанмын.
Сұрақ:   Сізді  кім  жаратты?
Жауап:  Барша  әлемді  жаратушы  Алла  жаратты.
Сұрақ:   Пайғамбарымыз  кім?
Жауап:  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
Сұрақ:  Дінің  не?
Жауап:  Дінім  Ислам.
Сұрақ:  Ислам  діні  қалай  орындалады?
Жауап:  Ислам  діні  негізінде  5  нәрсемен  атқарылады:
          1. Иман  –  Алланың  бір  екеніне,  Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған игілігі 
мен сәлемі болсын) оның  әрі  елшісі  және  құлы  екеніне  сену.
          2.  Намаз  –  Күнделікті  бес  уақыт  намазды  өз  уақытында  орындау.
          3.  Ораза  –  Қасиетті  Рамазан  айында  ораза  тұту.
          4.  Зекет  –  Мал-дүниесінің  кірін  шығарып  тұру.
          5.  Қажылық  –  Шамасы  жеткен  қажыға  бару.

217
УӘДЕГЕ БЕРІКТІК
        Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қай іске болсын аса бір жауапкершілікпен 
қараған.  Тіпті  біреуге  уәде  берсе,  сол  уәдесін  орындағанша  асығатын.  Өзін  іздеп 
келген досы бір күні онымен базарда кездеспек болып келісті. Айтқан уақытынан сәл 
ерте барған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өткен-кеткеннен уақыт сұрап досын күтіп тұрды. 
Өкінішке орай досы көп кешікті. Қас қарайғанша күтті, келмеді...
        ...Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға соққан досы өзін уәделескен 
жерде әлі күтіп тұрған Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп қатты таңғалды. Іштей әлдеқашан 
есінен тарс шығып кеткен кездесу есіне түсіп қатты ұялды. Шынында да, ұмытып кеткен 
екен. Ал Пайғамбарымыз болса оны екі-үш күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп 
тұр  еді.  Досы  өзінің  қай  іске  болсын  бей-жай  қарайтын  салғырттығына  бас  шайқап 
қатты өкініш білдірді. Бір жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз ісіне 
барынша жауапкершілікпен қарайтындығына осы жолы анық көз жеткізген еді.  
         Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жай ғана: 
- Мені неге күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой,- дегеннен басқа ештеңе 
айтпаған-ды...
«Уәде-Құдай сөзі» демекші, рас Пайғамбарымыз қай істе де үмметіне өнеге бола 
білген.
«Тағлым тамшылары» кітабынан
ӘБУ БӘКІРДІң ДОСТЫҒЫ
Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті: 
- Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке  
(с.ғ.с.) деген Әбу Бәкірдің достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік 
жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді... 
...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (Аллаһ одан разы болсын) бағалы, қымбат, 
әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді. 
        Жәбірәйіл  соқыр  кейпіне  еніп,  жол  шетіне  отыра  кетті.  Әбу  Бәкір  Сыддық 
келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл бірден: - Пайғамбар 
Мұхаммед    Мұстафаның достығы үшін маған садақа тастаған адамның Аллаһ тағала 
бар күнәсін кешірсін!- деп естірте дауыстай бастады. 
    Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні 
сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да:- Қане, тағы бір рет қайталашы?- деді. 
Қайыршы  тағы  бір  рет  қайталады.  Әбу  Бәкір  Сыддық  сырт  киімін  шешіп  берді.  Әр 
қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда 
Әбу Бәкірде әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады. 
   Әбу Бәкір Сыддық Біләлді шақыртып:- Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған 
бір киім әкел,- деді. Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 
жолығып қалады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):      
   - Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын 
ба, әлде өзің айтасың ба?- деді. Біләл (р.а.) әдеп сақтап: - Сіз айтыңыз,- деді. Сонда 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған былай деді: - Жол шетінде отырған соқыр, ол - Жәбірәйіл 
періште.  Әбу  Бәкірдің  маған  деген  зор  сүйіспеншілігі  мен  арамыздағы  қыл  өтпес 
достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Аллаһ тағаланың әмірімен 
осындай бейнеде келген. Бұл кезде Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді күтіп тұрды. Біләл Айшаның 
үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір әкелген киімдерді киді. Періште Жәбірәйіл Расулаллаһтың 
(с.ғ.с.) алдына келіп:
       - Уа, Мұхаммед! Жай ғана Әбу Бәкір Сыддықты бір сынамақшы болғаным 
болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді,- деп, бағана Әбу Бәкір берген қымбат 
киімдердің  бәрін  қолына  ұстатты.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  Жәбірәйіл  періште  тастап 
кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің өзіне әкелді. Әбу Бәкір (р.а.) болса:- Сіздің жолыңызға 
арнап менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, 
соған берерсіз,- деген болатын...
  Иә, Пайғамбарды өзінен де қатты жақсы көрмейінше ешкімнің де иманы толық 

218
болмайтындығы шындық.
Қ.Бағашар, 
«Тағлым тамшылары» кітабынан
ЖЕТІ КӨРШІ
Өмірімізде күнбе – күн, жүзбе – жүз кездесіп, туыс – туғаныңнан артық амандық 
– саулық сұрасып, әлемнің бір нүктесіндегі ортақ қоныста қоян – қолтықша араласып, 
шүйіркелесе бір кесе шай ішетін жанымызға жақын жандар бар. Қазақта оны 
«Құдай 
қосқан көрші» дейді. Басқа іс түссе, қысылтаяңда, алыс – берісте, көмек пен жәрдем, 
қуаныш  пен  қайғыда,  тіпті  атқан  таң  мен  батқан  кеште  бірінші  куәгер  болатын  да 
–  көрші.  Сондықтан  да 
«Адамның  күні  –  адаммен»  дегендей,  көрші  ақысын  бір 
адамдар біледі, бірі білмейді. Дініміз көрші ақысын барша ақылардың ішінде жоғары 
дәрежеде  қатты  көңіл  бөлген.  Сондықтан,  көршімен  жақсы  тұру  –  Алланың  әмірі. 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): 
«Маған  Жебірейіл  періште  келіп,  көрші  ақысы  туралы 
насихат берді. Көршімен тату бол дегенді қайта – қайта ескертті.  Тіпті, ол менің 
дүниеме мирасқор бола ма екен деп те ойладым» дегені бар. Жебірейіл періштенің 
сөзіне  қатты  көңіл  бөлген  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пайғамбарымыз: 
«Кімде-кім  Аллаһқа 
және ақырет күніне сенетін болса, көршісіне жақсылық жасасын, ренжітпесін» 
деп өсиет етсе,
 «Көршісі аш отырып, өзі тоқ отырған мұсылман емес» деп тағы 
айтады. Осыған қарағанда, көрші ақысы ата – ана ақысымен тең десек кем болмас. Сол 
себептен де болар, ұлы қазақ халқы қыл заманнан 
«Көрші ақысы – тәңір хақысы» 
деп, көршісімен тату болған. Тіпті, дауысы жеткен жердегі ауылды көрші еткен. Жырау 
бабаларымыз: 
«Ағайынның  аты  озғанша,  көршінің  тайы  озсын»  деп  жырлаған. 
Сондықтан,  көрші  ақысы  қияметте  Алланың  құзырында  ата  –  ана  ақысынан  кейінгі 
тергелетін ұлық ақылардан екен. Дініміз 
«Көршімен тату болу» деген ұғым аясында 
ұлты,  сенімі,  нәсілі,  байлығы,  лауазымы,  атақ  –  дәрежесіне  қарамастан  сыйласу 
қажеттілігін бұйырады. 
    Саңлақ сахаба Ибн Аббастың шәкірті ұлық табиғин, ғалым хазіреті 
Хасан әл 
– Басридің имансыз бір көршісі өмір бойына оған жамандық жасап өтті. Көршісінен 
көрген қорлықтарына еш қарсы келместен ол шыдай білді. Күндердің бір күнінде көршісі 
үйінен шықпай қалды. Оның ауырғанын естіп, көңілін сұрауға үйіне кірді. Бұған таң 
қалған әлгі көршісі: «Мен өмір бойы саған жамандық жасаумен болдым. Солай бола 
тұрса да маған не үшін келдің?» – деп сұрайды. Сонда: «Менің дінім көршімен жақсы 
болуды бұйырады» – деген екен. Сонда ол: «Онда сенің дінің хақ екен, мен сенің дініңе 
кірсем, Жаратқан менің күнәларымды кешіп, жарылқап, жәннеттен орын бере ме? – 
деп сұрайды. Сонда: «Егер тіліңді кәлимаға келтірсең яғни «
Лә иләһа илла Аллаһ, 
Мухамадур Расул Аллаһ» десең, онда орның жәннат болады» – дейді. Көршісі: «Сен 
оған кепіл болып, маған қағаз жазып, дүниеден өтсем ақ кебін ішінде оң қолыма ұстат» 
– деп өсиет етті. Сөйтіп, көршісі екі – үш күнде дүниеден өтеді. Әлгі айтқан «Жәннетқа 
барасың» деген кепіл қағазын Хасан әл – Басри өсиет бойынша орындап, кейінірек, 
бұған өзі қатты қиналады. Себебі, Алланың қалауы  болған жәннатқа біреуге «барасың» 
деп уәде беру қаншалықты күпір екендігіне қайғырады. Сол түні жатып түс көреді. Әлгі 
көршісінің рухы келіп: 
«Қияметтік көршім болған Хасан әл – Басри! Саған Алла 
разы болсын! Сенің себебіңмен мен мұсылман болдым. Алла жәннеттен жәй берді. 
Жаратқан ниетке қарап, қағазға қарамайды екен. Мә, мынау  кепілдік қағазыңды 
өзің ал!» – дейді. Ұйқысынан оянса, әлгі қабірде, кебіннің ішіндегі мәйіттің оң қолына 
ұстатқан қағаз  қолында болып оянады. Осыған ұқсас оқиға Хазірет Әли (ғ.с.) сахабаның 
басынан да өткен еді… 
    Көршімен  тату  болу,  әрі  олармен  жақсы  қарым  –  қатынаста  бола  білу  –
мұсылмандықтың   белгісі  және  Алланың  сыны.  Иманды  көршің  болса  –  сырласың, 
имансыз көршің болса – қу басың. Қандай да бір көршіңе ас – суыңмен ықылас білдірсең, 
иманы оянар. Өзің тояттанғанша, кедей көршіңе бір асым ет бер. Ал, 
«Отты шұқысаң 
өшеді, көршіні шұқысаң көшеді» дегендей, көршінің жамандығы болса төзіп, қиянаты 
болса сабырлық еткен дұрыс. Негізі, жаман көрші болмайды. 
«Өз – өзіңе бекем бол, 
көршіңді ұры тұтпа» деген аталарымыздың сөзі бар емес пе? Көрші көршімен күнде 

219
көріссе де, ғасырлап көріспеген адамдай сыйласу керек. Ал, бір көршіні бір көршіге 
жамандау, ренжіту, көңіліне келу, сұрағанын бермеу, өтінішін орындамау – жақсылық 
емес. Себебі, 
«Көршіні саңырау деме, құлағы шалынар» деген сөз бар. Сондықтан, 
«Көршінің  итін  ұрғаның,  өзін  ұрғанмен  тең»  дегенде  көршімен  жоғары  деңгейде 
сыйласуды меңзейді. 
Бір сахаба пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) келіп: 
«Менің жақсы – жамандығымның 
бағасын  кім  береді?»  –  деп  сұрағанда,  «Көршің!»  –  деп  жауап  қайырған  еді.  Ең 
бастысы, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жауабына назар аударсаңыздар мұсылман, жақсы, 
ибалы, зиялы, сыйласқан деген сөздерді қоспастан, жәй ғана «Көршің» деуінде үлкен 
мағына бар. Бүгінде көршімізден «Жақсымын ба яки жаманмын ба?» деп сұрай аламыз 
ба, болмаса  көрші таңдаймыз! 
   Кейбір ұлттарда көшені /махалля/ дейді. Сол махаллядағы яғни көше бойындағы 
бай қуатты адамдар жоқ – жітік көршілерді қамқорлығына алады. Тіпті, су, жарық тағы 
да басқа шығындарын өтеуге жәрдем береді. Ал, құдайы ас беретін болса, әуелі сол 
жоқ – жітіктерге дәм береді. Не болмаса қонақ кәденің дәмінен бірінші сол көршілерге 
үлестіреді. Бізде де осы жағдайларды ел ағалары, сыйлы ақсақалдар қолға алса, жақсы 
болар еді… . 
    Адам дүниеден өткен яғни қайтыс болған үйден ас ішілмейтін жағдайда көршінің 
үйінде қонақасы дәмін ішуге болады. Ал, бүгінде көршімізбен ренжісіп қалған жағдайда, 
үйінде дәм ішілмек түгілі, тіпті қайтқанына қуанатын жағдай кездеседі. Саналы көршің 
сараламас, бірақ кей кездерде санасыз көрші арасы түсініспей, бірімен – бірі айқайласып, 
тіпті жұдырықтасып, бірінің есігін бірі ашпай  жататындар да кездеседі. Көршіміздің 
барына тәубеде болу керек. Әлбетте, салиқалы әйел, жақсы перзенттер, адал достар, 
сенімді  көлік,  сыйлы  көрші  –  Жаратқанның  нығметтері.  Сондықтан,  міндетті  түрде 
көрші ақысын білген жөн. Біріншіден, көршіңе көрген жерде бірінші болып амандас. 
Екіншіден, сыпайы мінез таныт. Үшіншіден, әрдайым жақсылық жаса. Төртіншіден, 
қуанышына  ортақтас.  Бесіншіден,  қайғысын  бөліс.  Алтыншыдан,  науқастанса  хал  – 
жағдайын сұра. Жетіншіден, алыс жол сапарға шықса, үй – іші мен мал – жанына бас 
– көз болып, қорған бол. Міне, осындай жеті көршің болып, сол жеті көрші ақысының 
сауабын  жетпіс  көрші  ақысының  сауабына  ұласары  сөзсіз.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) 
«Аллаһ есебінде достардың ең жақсысы – досыңа ең қайырлы, пайдалы болғаны. 
Аллаһ  есебінде  көршілердің  ең  жақсысы  –  көршілеріңе  ең  қайырлы  болғаны» 
деген. Жоғарыда айтылған дүние нығметтерінен жақсы көрші – ырыстың басы болса, 
сол ырысымыз тасып, көршімізбен сыйласып өтейік. Жәннетте салиқалы көршілермен 
бірге болуға Ала тағала нәсіп етсін!
Нұрлан Асанов 
РАҒАЙЫП ТУРАЛЫ
    «Рағайыптың» сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. 
Ал, «рағибә» «жауһар, құнды, бағалы, игілік» деген мағыналарды білдіреді. Осыған 
байланысты «Ләйлә Рағайып» тіркесін «жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, 
ерекше  бағалауды  қажет  ететін  түн»  деп  түсінеміз.  Ислам  ғұламаларының  айтуына 
қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түні адамның жан сарайына шуақ берер амалдар 
жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ айтып, шүкіршілік жасап, 
дұға, кешірім тілеп, намаз оқыған.
   Сөздік мағынасына қарасақ, бұл түн рухани берекеге толы, мұсылмандар ерекше 
қадірлейтін түн болып табылады. Бұл мүбәрак түннің бір ерекшелігі - қасиетті рамазан 
айының келетіндігінен хабар беруінде. Ережеп, шағбан, рамазан айлары бірінен соң бірі 
келеді, демек мұсылмандар өз-өзін қадағаласа, бірте-бірте тақуалықтың шыңына шыға 
алады. Ережеп айының алғашқы жұмасының түніндегі рағайып түні халық арасында он 
екі айдың сұл-таны деп танылған рамазан айын, көңіл мен рухты және сананы кірден, 
жат ойлардан арылтып, пәк көңілмен бастауға әзірлену керектігін мұсылмандарға паш 
етеді.
Демек,  рағайып  түні  мұсылмандар  үшін  рухани  салмағы  зор  қасиетті  Рамазан 

220
айының келетіндігін алғаш сүйіншілеген хабаршы деуге болады.
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) дұшпандармен табанды күрес жүргізіп, әбден қажыған 
шағында, қасиетті миғражды (түнгі серуен) нәсіп еткен еді.
 Миғраж, сенімді дерек көздеріне қарағанда, Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл 
(621 ж.) бұрын болған. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған 
түні  пыраққа  мініп  түнгі  сапарда  көк  жүзінен  өтіп,  Ұлы  Жаратушының  құзырына 
шыққан болатын. Сөйтіп үмметіне екі дүниенің бақытына кенелетін теңдесі жоқ сый - 
намазды әкелген еді. Пенде намаз оқыған сәтте бейне бір миғражға көтеріліп Алланың 
құзырына барғандай әсерленеді.
  Міне, ережеп айы осындай қасиетті түндерімен де құнды. Қасиетті күндер мен 
түндерден басқа күні жасалған  әрбір  игі  іс, Құраннан оқыған әрбір әріптің сауабы 
жүз  немесе  мыңға  дейін  көбейсе,  бұл  қасиетті  айлар  мен  түндерде  тіпті  еселенеді. 
Сондықтан, бұл айларда қолымыздан келгенше, Құран оқып, дұға жасап, кешірім тілеп,   
Пайғамбарымызға  (с.ғ.с.)  салауат  айтып,  ораза  ұстап,  нәпіл  намаз  оқып  мүмкіндікті 
өткізіп алмауға тырысқанымыз абзал. Сөз соңында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына 
бір хадисін айта кеткенді жөн көрдік: «
Бес түн бар дұға қайтарылмайтын, ережеп 
айының бірінші түні, шағбанның ортаңғы түні, жұма түні, екі айт түндерінде», - 
деген. Сондықтан, мол дұға жасауды ұмытпайық.
    Алла  тағала  қасиетті  айлар  мен  қадірлі  түндерде  жасалған  құлшылық, 
ғибадаттарымызды қабыл еткей! Әмин!
Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ
ОРАЗА АЙТЫНЫң ҚАСИЕТТЕРІ
   Айт деген сөз мереке, мейрам деген түсініктерді білдіреді. Жалпы, адам баласы 
айт мерекесі күндері қандай ізгі һәм сауапты амалдарды жасауы керек? Ең алдымен, 
оразаның соңғы кешінде моншаға түсіп, толық тазаланады. Ертесіне айт намазы күні 
таң сәресіне тұрып, сүннет амалы бойынша «Қоштасу сәресін» ішіп, ауыз бекітіп, айт 
намазына бару керек. Бұл мұстахаб амалына жатады.
 Сонымен қатар, Рамазан айында пітір садақасын бермеген азаматтар садақаларын 
айт намазының оқылуына дейін беруі ләзім. Пітір - ол жан садақасы болып саналады. 
Ғұламалар мұны «жанның зекеті» деп есептеген. Өйткені, айт намазынан соң берілген 
пітір садақа жай садақа ретінде қабылданады. Сондықтан мұны ұмытпаған жөн. 
Және де әрбір мұсылман айт күндері мынадай амалдарға назар аударғаны 
абзал:
1. Көп зікір айту, яғни Аллаһ тағаланы көбірек еске алу, нәпіл намаздарын, құран, 
діни әдебиеттерді оқу;
2. Сауапты істермен айналысу;
3. Ғұсыл құйыну, яғни көшеге, намазға тазаланып, дәретпен шығу;
4. Жағымды иіс майлар себу;
5. Жақсы және таза киім кию (мүмкіндігі болып жатса жаңа киімдер кию);
6. Ораза айтының алғашқы күні намазға сәресі ішіп, ауыз бекітіп шығу (құрбан 
айт мерекесінде айт намазына дейін тамақ ішілмейді);
7. Айт намазы күні таңертең намазға дейін Аллаһ тағаланы еске алып, дұға – тілек 
жасау;
8. Айт намазына барарда бір көшемен барып, қайтар жолды басқа көшемен қайту; 
Яғни  достарымыздың,  бауырларымыздың,  көршілеріміздің  үйлеріне  кіріп,  айттап, 
мерекелеу;
9. Айт намазына балаларды да қатыстыру;
10. Айт күндері мүмкіндігінше азаматтардың бір-біріне сый-сияпаттар жасауы;
11. Өмірден озған адамдардың үйлеріне барып, Құран бағыштау;
12. Араздасушыларды татуластыру;
13. Науқастардың көңілін сұрау, т.б.
Жалпы, бұл күндері ұдайы қуанышта болып, барша жақсылық атаулының басы-
қасында жүріп, қолдан келген ізгі амалдарымызды жасау – сіз бен бізді Аллаһ тағаланың 

221
рахымына бөлейтін амалдар, ишааллаһ. 
 Аллаһ тағала елімізге тыныштық, халқымызға бейбіт өмір, елімізді мекендеген 
түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігі мен ынтымақты болуын нәсіп етсін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет