Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.03.2017
өлшемі7,91 Mb.
#7856
1   2   3   4   5

дарды күрделі жөндеу ісі 

басталып кетті.

№ 37 (147)  12 қыркүйек 2014 жыл

Қ

қ



10

Мемлекеттік мәртебе

Тілге құрмет – елге құрмет

Хат мәтіні: 

Мен Теміртауға 1976 жылы 

Қарағандының Жаңаарқа ауда-

нынан келдім, ол кезде жергілікті 

халықтың, яғни қазақтардың 

саны небәрі 3-4 пайыз. Автобу-

ста, трамвайда бір-екі қазақтың 

басы қосылып ана тілімізде 

сөйлей бастасақ, оны естіген 

басқа ұлт өкілдері ескерту 

жасайтын. Мұндай қисын сыз дық-

тан еліміздің Тәуел сіз дік алуы 

арқасында құтылдық, оның үстіне 

алыс және жақын шетелдерден 

ата мекеніне орал ған қазақтар 

қатарымызды кө бейт ті. Әрине 

көші-қон әлі де жалғасуда. Қазір 

қалада жергілікті ұлттың үлес 

салмғы 20 пайыздан артық. Тіл 

жағынан да жағдай айтарлықтай 

жақсарды. Қазір қоғамдық 

орындарда қазақша сөйлеу 

қалыптасты. Елдің бәрінің еті 

үйренді. Ешкім ескерту жаса-

майды. Дегенмен бұл салада әлі 

шешілмеген проблемалар аз емес. 

Көшедегі түрлі жарнама, билборд, 

көрнекілік жазуларда қазақша 

мәтінде қате көп кездеседі. Бұл 

жөнінде қаламыздағы қазақ 

тілінде шығатын жалғыз газет 

«Құрыш қалада» бірнеше рет 

жазып келеді бірақ қателер 

сейілген жоқ, сонымен қоса 

супермаркеттерде, ірі сауда 

орындарында, автобекетте ха-

барландырулар, жарнамалар тек 

бір тілде – орысша ғана жүріп 

жатады. Тіпті оларда қазақтың 

ән-күйлері де әуелемейді. Ал бұл 

еліміздегі заңда көрсетілгендей 

екі тілділікке мүлде қарама-

қайшы. Елбасымыз Нұрсұлтан 

Назарбаевтың көрегендік сая-

саты арқасында еліміз тыныш, 

бейбіт өмір сүруде, бірақ солай 

екен деп күнделікті тұрмыста 

қазақтың тілін мүлдем шеттету-

ге кім кінәлі. Жуырда қаланың 



Қаламыздың байырғы тұрғыны ардагер металлург, зейнет-

кер Сәбит Ахметов аса ұлтжанды адам. ол қай кезде болмасын 

мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, мәртебесі туралы батыл 

айтып түрлі деңгейде мәселелер көтеріп жүреді. Ана бір жыл-

дары мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде дауыс беруге 

шақырған қағаздарының тек бір тілде толтырылғаны жөнінде 

мәселе көтеріп жұртшылықтың назарын аударғанын оқырмандар 

жақсы біледі. жалпы қаламыздағы мемлекеттік тіл аясының 

тарлығы алаңдатарлық жағдайда. мұны күнделікті тұрмыста байқау 

қиын емес. мәселен дүкендерде, көпшілік орындарда жолаушы 

тасымалдау мекемелерінде хабарлар, жарнамалар тек бір тілде 

ғана болатыны өкінішті, әрине. бұл мемлекеттік заңға да қайшы. 

мұны С.Ахметов өзінің Қарағанды облыстық тілдерді дамыту 

басқармасына жазған хатында жан-жақты тәптіштеп баяндаған. енді 

сол азаматтың хаты мен оған құзырлы мекеме басшысынан келген 

жауапты назарларыңызға ұсынайық.

Әлі де алаңдаушылық 

туғызуда

қақ ортасындағы Бейбітшілік 

пен Металлургтер даңғылының 

қиылысында ашылған «Корзина» 

супер маркетіне бардым. Бәрі де 

заманауи, қызметі, тауар молдығы 

көңіл толтырады, бірақ радио тек 

орыс тілінде сайрап тұр. Өзім 

қатарлы бір ер кісі маған таянып 

әңгімелесіп қалдық. Сыртқы 

келбетіне қарап тәжік пе, әлде 

татар ма деп ойланып қалған 

едім. Ол бірден: «Сіздердің 

Президенттеріңіз керемет басшы, 

ел тұрақты, бірақ тілді қолдану 

жағынан басқа бұрынғы кеңестік 

республикалардың ең соңында 

қалыпсыздар, тіпті Ресейдің 

автономиясы, субъектісі болып 

отырған Татарстанның өзінде 

барлық хабарлар, іс-шаралар 

міндетті түрде екі тілде, татар 

және орыс тілдерінде беріледі» 

деп өзінің пікірін білдірді. 

Әңгімеге славян ұлтты әйел 

араласты, ол біздің тіл туралы 

әңгімемізді естіп: «Қазақстанда 

қазақ тілін білу керек деп жиі 

айтып жатады, бірақ неге екенін 

белгісіз барлық көпшілік орын-

дарында хабарландырулар тек 

орысша беріледі, екі тілде жүр-

гізілмейді, егер олардың бәрі 

екі тілде болса қазақшаны тез 

үйреніп алар едік қой» деп өзінің 

пікірін қосты. 

Бұл әңгіме мені қатты ойлан-

дырды. Шынында да Тәуелсіз ел 

бола тұра неге біздің мемлекеттік 

тіліміз үнемі шеттеп қала береді».



Жазылған хатқа автордың 

пікірін қолдаған бірнеше доста-

ры да қол қойыпты. 

Қарағанды облысының 

Тіл дерді дамыту жөніндегі бас-

қар ма сы мекемесі бұл хатты 

аяқсыз қалдырған жоқ әрине. 

Арнайы қаралды, іс-шаралар 

белгіленіп орындалды. Ендігі 

кезекті сол құзырлы меке-

ме жазған жауаптың толық 

нұсқасына берейік:

«Бүгінгі күні Теміртау қала-

сын да 180 985 адам тұрады, 

олардың ішінде жергілікті халық 

тұрғындарының үлесі 28,2 пай-

ызды құрайды. Осыдан Теміртау 

қаласында үлкен проблема бар 

екені көрінеді. Осы мəселелерді 

шешу бағытында Теміртау 

қаласы əкімдігінің 06.05.2014 ж. 

№18 /30 «Тілдерді дамыту мен 

қолданудың мемлекеттік бағ дар-

ламасын іске асыру жөніндегі 

2014-2016 жылдарға арналған 

іс-шаралар жоспары бекітіліп 

Теміртау қалалық Мəдениет 

жəне тілдерді дамыту бөлімі 

тара пынан бірқатар жұмыстар 

атқарылуда.

Теміртау қаласы əкімдігінің 

2014 жылғы 6 қаңтардағы 

№1/2 қаулысымен мəдениет 

жəне тілдерді дамыту бөлімінің 

жанынан «Теміртау қаласының 

тілдерді дамыту орталығы» 

коммуналдық мемлекеттік 

меке  месі құрылып, ересектер-

ге мемлекеттік тілді оқыту 

жұ мысы ұйымдастырылды. 

Ағым  дағы жылғы мамыр-шілде 

аралығында мемлекеттік 15 

қызметші оқытылды. Қыркүйек-

қараша айлар арасында 45 

адам қамтылады.  Аталған 

ор талықта мемлекеттік қыз-

метшілер, азаматтық қыз мет-

ші лер жəне қазақ тілін меңгеруге 

мүдделі еңбек жасындағы 

барлық санаттағы азаматтар 

оқытылады. Тіл дер ді оқытумен 

қатар оның қолданылу аясын 

кеңейту мектеп жасынан бастап 

барлық азаматтардың қазақ 

тіліне қызығушылығын арт-

тыру, көрнекі ақпараттарды 

тіл заңнамалары талаптары-

на сəйкестендіру мақ са тын да 

мемлекеттік тілді дамыту, на-

сихаттау шаралары жүргізіледі. 

Мəдениет жəне тілдерді дамыту 

бөлімі көрнекі ақпараттар мен 

аудио визуалдық жарнамалардың 

тіл заңдарына сəйкестігін 

қадағалау мақсатында бірінші 

жарты жылдықта жарнама 

жасаушы агенттік жəне фирма-

лармен дөңгелек үстел өткізді.

Сіздің хатыңыдағы мəселе-

лер бойынша басқарма қызмет-

керлері 22 тамызда Теміртау 

қаласының мəдениет жəне 

тілдерді дамыту бөлімінің 

бас шысы, Тіл дер ді дамыту 

орталығының директорының 

қатысуымен «Кор зина» супер 

маркетінің бас қару шысымен 

əңгіме өткізілді, аталған сауда 

орнында көрнекі ақпараттар мен 

аудио хабарламаларды рəсім-

деу де кеткен кемшіліктерді 1 ай 

мерзім ішінде түзетіп, олардың 

тіл заңдары талаптарына сай 

жүргізілуін қатаң бақылауға 

алуын ұсынды.

Қаладағы билбордтар мен 

жарнамалардың ҚР «Тіл туралы» 

заңы 22 бабының талаптарына 

сəйкестігі қаралды. Осыған орай 

мəдениет жəне тілдерді дамы-

ту бөліміне қала көшелері мен 

сауда үйлерінде көрнекі ақпарат 

пен жарнаманың заң талап-

тарына сай орналастырылып, 

рəсімделуіне рейд жасау жəне 

тұрақты бақылау тап сырылды», 

– деп  басқарма басшысы 

Ө.Амантаев қол қойған. 

Бір қарағанда бəрі дұрыс. Заң 

талаптарына сай мемлекеттік 

тілге оқыту орталығы қазақ-

ша ны үйретуде. Ал тиісті 

бөлім қаладағы көрнекілік 

ақпарат тар дың дұрыстығын 

қадағалап қарап отыр. Рейд-

тер жүргізіледі, тұрақты 

бақылануда. Дегенмен қазақ 

тілінің қолданылу аясы дегенде 

ешбір бақылау да, шараға да 

көнбейтін əдеттер белең алып 

жатады. Мұның өзі тілдік 

ортаның кемшіндігінде болса 

керек. Қала тұрғындарының ба-

сым көбі басқа ұлт өкілдері, дені 

орыстар болғандықтан барлық 

жерде байланыс та, ақпарат 

та сол тілде жүріп жатады, 

тіпті кейде өзіңді Ресейде 

жүргендей сезінесің, мəдени-

көпшілік шаралар да орысша 

басталып, дені ресми тілде ай-

тылып, ара-арасында ғана бірер 

ауыз қазақшаға кезек беріледі. 

Бұған мысалды алыс тан 

іздемей жуырда ғана «Əлем» 

балалар мен жасөспірімдер 

орталығында өткен «Мектепке 

жол» акциясының қорытынды 

шарасын айтуға болады. 

Қала лық мұражайда түрлі 

атаулы даталарға байланы-

сты жап-жақсы іс-шаралар 

өтіп жүр, өкініштісі тек орыс 

тілінде, мұнда тіпті қазақ 

тыңдаушылары жоқ сияқты 

əсер береді. Ал Мəдениет 

жəне тілдерді дамыту бөлімі 

болса «бəлен мемлекеттік 

қызметшіні қазақшаға 

оқыттық» деп есеп беріп отыр. 

Сонда мемлекеттің қыруар 

қаржысын жұмсап тегін 

қазақша үйренген мемлекеттік 

қызметшілер алған білін неге 

осы іс-шараларды қазақша 

өткізуге жұмсамайды? Сөз бен 

істің арасындағы кереғарлық, 

келіспеушілік көзге көрініп-ақ 

тұрған жоқ па. Сондықтан 

тілді дамытумен айналысатын 

арнайы бөлім мемлекеттік 

тілдің қолданылу аясын кеңейту 

мəселесін əлі де ширатқаны 

дұрыс.

Серікгүл АЛТАЙБАЕВА

Үстіміздегі жылдың 1 

қыркүйегінен бастап нота-

риустер өздері жасайтын 

барлық сенім хаттарды 

міндетті түрде екі тілде – 

мемлекеттік және ресми 

тілдерде толтыратын болды.

ҚР «Тілдер туралы» 

заңында барлық құжаттар 

екі тілде жазылуы ке-

рек дегеніне қарамастан 

еліміздегі нотариустерде 

бұл үрдіс сақталмай келген 

еді. Әр облыстағы нотари-

ус палаталары аймақтың 

Нотариус – қос тілде

өзгешелігіне қарай бұл 

мәселені өздері шешіп келген 

еді. Енді бұдан былай сенім 

хаттарды тек екі тілде жазу 

міндеттеліп отыр.

Елордада бұл жұмыс 

былтырғы 15 сәуірден ба-

стап жолға қойылған, біздің 

Қарағанды облысында биылғы 

1 қыркүйектен бастап жүзеге 

асады, басты міндет құжаттың 

мазмұны қазақша да, орысша 

да түсінікті болуға тиіс. Бұған 

дейін жазылған құжаттарды 

аударып, қайта жасап әуре 

болудың қажеті жоқ, олар сол 

қалпында жарай береді, бірақ 

бұдан былай нотариустерге 

барсаңыз қажетті сенім хатты, 

басқа да құжаттарды екі тілде 

алатын боласыз: Алғашқы 

бірінші бетіне мемлекеттік 

тілде, ал келесі бетіне орысша 

жазылады.

Кейде адамдар өздеріне 

қажетті құжаттың жобасын 

өздері жзып келетіні бар. 

Мұндай жағдайда да ол екі 

тілде толтырылуы керек. Егер 

жекелеген азаматтар мұны 

игере алмаса нотариустер 

осындай қызметті көрсетеді 

тіпті нотариустің өзі 

мемлекеттік тілді білмейтін 

болса да бұл проблема оңай 

шешіледі, өйткені Қарағанды 

облыстық нотариустер 

палатасында аудармашы 

штаты бар. Бір айта кетерлігі 

бұлайша қажетті құжатты 

екі тілде толтыру нотрали-

алды қызметтің бағасын 

өсірмеуге тиіс дегенмен 

орындауға жұмсалатын 

уақыт біршама көбейері 

сөзсіз, қалай дегенде де енді 

нотариус құжаттары тек екі 

тілде болғанда ғана заңды 

құқыққа ие.



Өз тілшімізден

Қ

қ

11



№ 37 (147) 12 қыркүйек 2014 жыл

Мұражай мүйісі

Сұлулық əлемді сақтайды

Мәдениет


9 қыркүйек – халықаралық сұлулық күні, Теміртау 

қалалық  тарихи  өлкетану  мұражайы  осы  күнге 

арнап  «Сұлулық  уақытқа  қарсы  күреседі»  деген 

тақырыпта арнайы іс-шара өткізді. Адамзат ежел-

ден əсемдікті, сұлулықты құрметтеген, таңданған, 

қызықтаған, ынтық болған сондықтан болар қандай 

да бір əсем, сəнді зат көрсек оған көз тоқтата қарап 

тамашалаймыз, сүйсінеміз, содан бір шабыт, лəззат 

аламыз.  Халқымызда  айтылатын  «Сұлулық  əлемді 

сақтайды» деген мақалдың осыдан туындағаны анық. 

 

Сұлулыққа арналып 

талай жыр жазылды, талай 

әуезді ән шырқалды, бірақ біз 

оны тамашалаудан, тамса-

нудан еш танбаймыз. Қала 

мұражайы өткізген арнайы 

іс-шарада да көрген көзді 

арбайтын, көңілді көтеретін, 

шабыт шақыратын сәттер 

аз болған жоқ. Мұражайдың 

ғылыми қызметкері Светлана 

Петровна Трещёва бұл шарада 

адамға сұлулық сыйлайтын 

барлық әрлеу, қызмет көрсету 

түрлерімен қатар өнер ту-

ындыларын да жинақтапты. 

Келушілер легі де көп болды, 

олардың қатарында жастар 

да, жасамыс та  жетерлік еді, 

өйткені дүниенің сұлулығына 

ешқашан тойып болмайсыз 

ол жастың да, қарияның да 

көңілін көтеріп беймәлім 

биіктерге шақырады. Алды-

мен қаламыздағы «Силуэт» 

сән театрының өнерпаздары 

шығып өз қолдарымен жасаған 

киімнің үлгілерін көрсетіп және 

ерекше әсем қимылдарымен, 

биімен көпшілікті бір 

желпіндіріп алды. Бұл театр 

қаладағы басқа да мәдени 

шараларда жиі көрініп жүр. 

Бұл жолы «Орыс креативі» 

деп аталатын би олардың 

үстіндегі әдемі костюмдеріне 

үйлесіп бір сұлулықтың сырын 

көрсеткендей болды.

Адамды сәнді, сұлу етіп 

көрсететін қосымша қызметтер 

аз емес. Бұл ретте қазір өнер 

мен алдыңғы қатарлы космети-

ка бір-бірімен тығыз байланы-

сты деген ұғым қалыптасқан, 

бұл шындық екеніне осы 

мұражайда өткізген шарада 

тағы көз жеткіздік. Соңғы жыл-

дары тырнақты әдемілеудің 

ерекше сәндері, дизайні өмірге 

келді, біздің теміртаулық 

шебер Алла Костенко өткен 

жылы Гонконгте өткен әлем 

чемпионатында тырнақты 

сәндеп ұзартудан бірінші 

орынды жеңіп алды. Ресей-

ден алған Гран приі тағы бар. 

Оның «Айдаһарлар», «Күз 

тартуы», «Тең емес неке» 

сияқты тырнақ үлгілеріне қарап 

бұл нағыз сурет салу өнері 

демеске амал жоқ. Ал Юлия 

Райская сәнді киімдер тігудің 

шебері. Биыл Теміртауда өткен 

«Алтын жіп» байқауында ол 

бәсекелестерінің бәрінен озып 

шықты. Бұл жолы көрмеге 

«Шоколад», «Капучино», «Тау 

шымылдық», «Этникалық» 

деп аталатын киім үлгілерін 

ұсыныпты. Ал қаламыздағы 

балалар мен жасөспірімдер 

театрының жас суретшісі 

Людмила Скокова облыс 

әкімдігінің сыйлығын иемден-

ген талант иелерінің бірі. Ол 

осы іс-шарада жас сұлудың 

бетін қалай әдемілеп өрнектеп 

көрсетуге болатынын паш етті. 

Қаладағы 6 шағын ауданда 

«Виолетта» деп аталатын 

шаштараз салоны бар оның 

иесі В. Попондопуло. Бұл 

қызметті өнер дәрежесіне 

көтерген жоғарғы санатты 

маман. Бірнеше әлемдік 

жарыстарда өзінің тың иде-

яларымен көрініп жеңімпаз 

атанып жүр. Ол мұражайдағы 

іс-шарада ұзын шашты 

сәндеудің үлгісін көрсетті, 

бас-аяғы жарты сағатта шашты 

қазіргі заманғы кешкі сән 

үлгісіне лайықтап көпшіліктің 

қошеметіне бөлінді. Шаш өсіріп 

жүрген жастар оның қаншаға 

түсетінін де қызықтады. Егер 

шашыңыз иықтан келетін, не 

одан да ұзын болса кешкі сән 

үлгісін  4 мың теңгеге 30-40 ми-

нутта жасатып алуға болады.

Мұражайға келушілер бұл 

күні оның көрме залын да аса 

ықыласпен қарап тамаша-

лады. Мұнда әлемдегі ең бір 

сұлу деген сәулет өнерінің 

туындылары бейнеленген 

суреттер ілінген. Олар, әрине, 

Дубайдағы ең биік қонақ 

үйі, Мәскеудегі Блаженный 

ғибадатханасы, Астанадағы 

Норман Фостер сәулетші 

жобалаған Хан шатыр сау-

да ойын-сауық орталығы, 

Үндістандағы Тәжі-Мақал 

мешіті, өзіміздің жергілікті 

шеберлер қолынан шыққан 

туындылар да көркемдігімен, 

тақырыбының таныстығымен 

жүректерге жол тауып жатты. 

Біздің көзімізге теміртаулық 

суретші Қ. Асқаровтың «Дала 

ұлылығы» деп атаған суреті 

бірден жылы ұшырады. Кең 

де байтақ қыраттың етегінде 

бір табын жылқы емін-еркін 

шұрқырасып жайылып жүр, 

ал таудың басындағы қыран 

бүркіт осы иен даланың 

иесіндей маңына маңғаз 

қарайды, көзіміз көріп, көңілге 

жатталып өскен бұл суретке 

қарай бергің келеді. Сондай-ақ 

жұртшылық теміртаулық Елена 

Маледцкаяның шығармаларын 

да аса үлкен ықыласпен қарап 

тамашалады.

Мұражай бұл нағыз өнерді, 

әдемілікті қастерлеуші, оны 

жинап келешекке жеткізуші, 

сақтаушы орын. Ал сұлулық ол 

енді пәлсәпалық ұғым. Іздеген 

адам өмірдің қай бұрышынан 

болсын сұлулықты әдемілікті 

көре алады. Сондықтан болар 

Светлана Петровнаның: 

«Сұлулық деген не?» деген 

сауалына біреу өнер десе, енді 

біреу жанның ізгілігі, енді біреу 

поэзия деп жауап беріп жатты. 

Шынында да сұлулық осы 

өмірдің үйлесімділігі көріктілігі, 

жайлылығы деуге болар. Бұл 

ретте ақын Қасым Ботановтың 

мына бір өлең жолдарын 

мысалға келтіруге болады.

Поэзия дейтін сұлу періште,

Көп сөз келіп кептеледі  

 

 

көмейге.



Өмірімді бере салдым  

 

 



өлеңге,

Сұлулықтан басқа еш-

теме таба алмай, – дейді 

ақын. Айтқандай бұл өлең 

мұражайдағы іс-шара өткен 

залдың дәл ортасына үлкен 

әріптермен жазылып ілінген 

екен. Сұлулықтың лейтмотиві 

де дәл осы өлең десе болады.

Серікгүл АлтАйбАевА

Суреттерді түсірген:



Қарлығаш бейСенҚызы

№ 37 (147)  12 қыркүйек 2014 жыл

Қ

қ



12

Соңғы бет

МЕНШІК ИЕСІ:

 «Құрыш қала» газетінің 

редакциясы» ЖШС

Құрылтайшысы: 

Ақсақалдар алқасы

Бас редактор Руза АЛДАШЕвА

Техникалық редактор: 

Қарлығаш БЕйСЕнҚЫзЫ

Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, жарнама мәтініне тапсырыс беруші жа уап

 

ты.


 Газетте жарияланған матери алдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Редакция мекен-жайы: Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 үй, 237 кабинет. 

Телефон: 8 (7213) 44-76-62. Телефон/факс: 8 (7213) 44-67-69 Электронды поштамыз: 



khurysh_khala@mail.ru

Газетті  есепке  қою  туралы  №  13019-Г  куәлікті  2012  жылғы  4  қыркүйекте 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. 

Газет аптасына бір рет шығады

Тапсырыс 147

Тиражы 1000 дана.

Форматы А-3. Көлемі 3 баспа табақ.

Офсетті басылым: 

Газет «Құрыш қала» 

газеті редак циясында теріліп, беттелді. 

Газет «Арко» ЖШС баспаханасынан басылды. 

(Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15 үй). Индекс 65023.

Біле жүріңіз

Соңғы 10 жылдың ішінде сапа-

сыз  ыдыстардың  көп  шығуына 

байланысты  денсаулыққа  зия-

нын  тигізетін  ыдыстар  мәселесі 

қиындыққа айналуда.



Меламинді ыдыстар 

денсаулыққа 100% зиян

Бұл ыдыстардың денсаулыққа 

өте зиян екеніне қарамастан көптеп 

өндіріледі.  Ұзын  құлақтың  айту-

ынша,  өндіруші  мемлекеттердің 

өздері қолданбайды, тек шет елге 

шығарады. Ол бір қарағанда фар-

фор ыдысқа қатты ұқсайды. Бірақ 

фарфордан әлдеқайда жеңілдігінің 

арқасында  жылдам  ажыратып 

алуға болады.

Металл ыдыстар

Мұндай  ыдыстарды  ыстық 

сорпа  немесе  шырын  қайнатқан 

кезде  металл  иондары  бөлініп 

шығады.  Металл  ыдыстардың 

ішіне  сызат  түсіруге,  дайын 

тағамдарды  сақтап  қоюға  кеңес 

бермейміз.  Себебі  жоғарыдағы 

иондар  ыдыстағы  тамаққа,  ар-

Қартаюға 

кедергi 

болатын 


5 əдет

Айналаңызда  кейбір  адам-

дар  өзінің  биологиялық  жасы-

на  қарағанда  жас  көрінеді  ме? 

Мұны  көпшілігі  алкогольді 

ішімдіктерден,  шылым  ше-

гуден,  есірткі  пайдаланудан 

ау лақ  жүретін  адамдар  деп 

түсінуі  мүмкін.  Алайда,  мұндай 

әдеттерден  аулақ  болса  да,  өз 

жасынан  егде  көрінетін  жандар-

ды  кездестіреміз.  Ұзақ  жасау 

үшін  ағзаңызға  жақсы  жағдай 

жасауыңыз қажет. Қартаюдың ал-

дын алуға төмендегі кеңестердің 

тиер пайдасы мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет