Есептік жазбаны құру.
1
«Күйге келтіру» бағдарламасында «Mail, Байланыстар, Күнтізбелер»
таңдаңыз.
2
«... Қосуды» басыңыз жəне Google, Yahoo! немесе AOL таңдаңыз.
3
Өз атыңызды, электронды поштаңыздың толық мекен жайын жəне
сипаттаманы енгізіңіз. Сипаттамада кез келген ақпарат болуы мүмкін.
4
iPhone
мен
пайдаланғыңыз
келетін
объектілерді
таңдаңыз.
Объектілердің қол жетімді нұсқалары қызметті жеткізушіге байланысты
болады.
31
Басқа есептік жазбаларды құру
Пошта (мысалы, РОР хаттамасы бойынша), байланыстар (мысалы, LDAP
немесе CardDAV) немесе күнтізбелер (мысалы, CalDAV) үшін басқа
есептік жазбаларды құру үшін «Басқа есептік жазбаларды» таңдаңыз.
Есептік жазбаның талап етілетін күйге келтірулерін өзіңіздің Интернет
қызметін жеткізушіден немесе жүйелік əкімгерден алуға болады.
Есептік жазбаны құру.
1
«Күйге келтіру» бағдарламасында «Mail, Байланыстар, Күнтізбелер»
таңдаңыз.
2
«... қосуды» басыңыз жəне «Басқаны» таңдаңыз.
3
Қосқыңыз келетін есептік жазбаның түрін таңдаңыз (пошта,
байланыстар немесе күнтізбелер).
4
Өз есептік жазбаңыз туралы ақпаратты енгізіңіз жəне «Сақтауды»
басыңыз.
32
Негізгі мəліметтер
3
Бағдарламаларды пайдалану
Жоғары шешімді Multi-Touch сенсорлық экранын жəне саусақтардың жай
қозғалысын пайдалана отырып, iPhone бағдарламаларымен жұмыс
істеу өте жеңіл.
Бағдарламаларды ашу жəне олардың арасында
ауыстырып қосу
iPhone бағдарламасын іске қосу негізгі экрандағы оның белгісіне
қол тигізу арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі экранға қайта оралу. Дисплейдің астында орналасқан «Үйге»
түймесін басыңыз>.
Басқа негізгі экранға өту. Саусағыңызды экранда солға жəне оңға
жылдам жылжытыңыз немесе сол жақтағы немесе оң жақтағы нүктелер
қатарын басыңыз.
Бірінші негізгі экранға өту. «Үйге» түймесін тағы да басыңыз.
33
Жақында пайдаланылған бағдарламаларды қарап шығу.
«Үйге» түймесін екі рет басыңыз.
Соңғы рет пайдаланылған бағдарламалар экранның төмен жағында солдан оңға
қарай тізімде көрсетіледі. Басқа бағдарламаларды қарап шығу үшін оңға қарай
немесе солға қарай парақтап шығыңыз.
Басқа бағдарламаға ауысу. Жақында пайдаланылған бағдарламалар
тізіміндегі бағдарламаға қол тигізіңіз.
Жақында пайдаланылған бағдарламалар тізімінен бағдарлама белгішесін
алып тастау.
Бағдарламаның белгішесін басыңыз жəне ол шайқала бастағанға дейін ұстап
тұрыңыз,содан кейін басыңыз.
Жақында пайдаланылған бағдарламалар тізімінен бағдарлама белгішесін алып
тастау осы бағдарламаның жұмысын тоқтатады.
Бағдарлама Сіз оны келесі жолы ашқан кезде жақында ашылған
бағдарламалар тізіміне қайтадан қосылатын болады.
Айналдыру
Айналдыру үшін саусағыңызды экран бойынша жоғары немесе төмен
жылжытыңыз. Кейбір экрандарда, мысалы, веб-беттерде, бір жағынан екінші
жағына айналдыруға болады.
Айналдыру кезінде саусақты жылжыту барысында объектілер экранда
таңдалмайды жəне активтендірілмейді.
34
3 Бөлім
Негізгі мəліметтер
Жылдам айналдыру үшін саусағыңызды жылдам жылжытыңыз.
Сіз айналдырудың тоқтауын күте аласыз немесе лезде тоқтату үшін
экранның кез келген жеріне қолыңызды тигізесіз. Айналдыруды тоқтату
үшін экранды басу экрандағы объектілерді таңдауға немесе
активтендіруге əкелмейді.
Тізімнің, веб-беттің немесе электронды поштаның басына жылдам
жылжыту үшін күй жолын басыңыз.
Объектілерді алфавиттік көрсеткіште іздеу. Осы əріптен
басталатын элементтерге өту үшін əріпті басыңыз. Тізімді жылдам
айналдыру үшін саусағыңызды индекс бойымен жүгіртіңіз.
Алфавиттік көрсеткіш
Элементті таңдау. Тізімдегі элементті басыңыз.
Тізімге байланысты элементті басу түрлі функцияларды орындауы
мүмкін. Мысалы, басу кезінде жаңа тізім ашылуы мүмкін, өлең
жаңғыртылуы мүмкін, электронды пошта хабарламасы ашылуы
немесе телефон арқылы қоңырау шалуға болатын қандай да бір
байланыс туралы ақпаратты көрсетуі мүмкін.
35
Масштабын үлкейту немесе кішірейту
Суреттерді, веб-сайтты, электронды поштаны жəне карталарды қарап шығу
кезінде масштабын үлкейтуге жəне кішірейтуге болады. Бұл үшін саусақтарды
ашу немесе біріктіру керек. Суреттер мен веб-беттер үшін екі рет тигізу кезінде
(жылдам екі рет басу) масштабы үлкейеді, қайталап екі рет тигізген кезде
масштабы кішірейеді.
Карталар үшін екі рет тигізген кезде масштабы үлкейеді, екі саусақпен бір рет
тигізген кезде масштабы кішірейеді.
Үлкейту қарап шығуды жеңілдету үшін кез келген бағдарламаның
экранын үлкейтуге мүмкіндік беретін əмбебап қол жеткізу функциясы
болып табылады. 282 беттегі «Үлкейту» бөілімін қараңыз.
Тік жəне көлденең бағытта қарап шығу
iPhone көптеген бағдарламалары мəліметтерді экранда тік те, көлденең
де бағытта қарап шығуға мүмкіндік береді. iPhone-ды бұрыңыз, жəне
экранда көрсетілетін мəліметтердің бағыты автоматты түрде өзгереді.
Мысалы, көлденең бағытта Safari де веб-беттерді қарап шығу немесе мəтінді енгізу
қолайлы. Көлденең бағытта келесілер мүмкін болады:
Â
Веб-беттер көлденең бағытта неғұрлым кең экранда көрсету үшін
автоматты түрде масштабталады, бұл кезде мəтін мен кескіндердің
мөлшері үлкейеді.
36
 Сондай-ақ көлденең бағытта экран клавиатурасының мөлшері үлкейеді,
осының арқасында мəліметтерді енгізу жеңілдетіледі жəне қателер
саны азаяды.
Тік жəне көлденең бағытты келесі бағдарламалар қолдайды:
Â
Mail
Â
Safari
Â
Хабарламалар
Â
Жазбалар
Â
Байланыстар
Â
«Акциялар» бағдарламасы
Â
iPod;
Â
Суреттер
Â
Камера
Â
Калькулятор
iPod жəне YouTube көрілетін фильмдер тек көлденең бағытта ғана
көрінеді. «Карталардағы» көшелердің түрлері тек көлденең бағытта ғана
көрсетіледі.
Тік бағытта экранды блокқа қою. «Үйге» түймесін екі рет басыңыз,
экранның төмен жағында саусағыңызды жылдам солдан оңға қарай
жылжытыңыз жəне түймені басыңыз.
Экранның бағыты блокка қойылған кезде күй жолында тік бағытты
блокқа қою белгішесі көрінеді. ( ).
Негізгі экранды жеке күйге келтіру
Сіз негізгі экранның белгішелерінің сыртқы түрін, соның ішінде экранның төменгі
жағындағы Dock белгішелерін күйге келтіре аласыз. Оларды қалауың бойынша
бірнеше негізгі экрандарға орналастыруға болады. Бағдарламаларды папкалар
бойынша топтастыруға болады.
Белгішелердің орналасуын өзгерту
Негізгі экрандағы белгішелерді кез келген тəртіпте орналастыруға
болады.
Белгішелердің орналасуын өзгерту.
1
Негізгі экрандағы кез келген белгішені басыңыз жəне ол қозғала
бастағанша ұстап тұрыңыз.
2
Белгішелердің орналасуын саусақтармен жылжыта отырып өзгертіңіз.
3
Орналасу орнын сақтау үшін «Үйге» түймесін басыңыз.
37
Сонымен қатар Сіз негізгі экранда өзіңіздің таңдалған веб-беттеріңізге
сілтеме қоса аласыз. 104 беттегі «Веб-клиптер» бөлімін қараңыз.
iPhone компьютерге қосылып тұрғанда негізгі экранжағы белгішелердің
орналасуы мен экранның тəртібін өзгертуге болады. iTunes-те «Құрылғылар»
тізімінде iPhone-ды таңдаңыз, содан кейін экранның жоғарғы бөлігіндегі
«Бағдарламалар» қосымшасын басыңыз.
Белгішені басқа экранға ауыстыру. Белгішелерді орналастыра отырып,
белгішені экранның оң жақ шетіне жылжытыңыз.
Қосымша негізгі экрандарды құру. Белгішелерді орналастыра отырып,
негізгі экранның оң жақ шетіне жылдам ауысыңыз жəне белгішені оң
жақққа жаңа экран пайда болғанша жылжытыңыз.
Он бір экранға дейін құруға болады. Dock үстіндегі нүктелер саны экрандардың
санын көрсетеді жəне сол уақытта қарастырылып отырған экранды көрсетеді.
Негізгі экранның түрін үнсіздік бойынша қалпына келтіру. «Күйге келтірулер»
> «Негізгілер» > «Тастау» таңдаңыз жəне «Үйге» күйге келтіруін жабу» басыңыз.
Негізгі экранды жабу Сіздің барлық құрған папкаларыңзды жояды
жəне экранға үнсіздік бойынша пайдаланылатын түсқағазды
қояды.
Папкалардың көмегімен ұйымдастыру
Негізгі экрандағы белгішелерді папкаларға ұйымдастыруға болады. Бір папкаға
12 белгішеге дейін салуға болады. Папканы құру кезінде iPhone автоматты түрде
папкадағы бірінші белгішенің негізінде ат береді, бірақ бұл атты кез келген сəтте
өзгертуге болады. Жеке белгішелер секілді, папкаларды негізгі экран бойынша
жылжыта отырып, қайта құруға болады. Папкаларды жаңа негізгі экранға немесе
Dock-қа ауыстыруға болады.
38
Папкаларды құру. Негізгі экрандағы белгішені басыңыз жəне ол
қозғала бастағанша басып тұрыңыз, содан кейін оны басқа белгішеге
ауыстырып салыңыз.
iPhone осы екі белгіше кіретін жаңа папканы түзеді жəне папкаға ат береді.
Басқа атты енгізу үшін атауы жолын басып, атын енгізу керек.
Папкаларды iTunes-те де құруға болады.
iTunes көмегімен папкаларды құру. iPhone-ды компьютерге қосып, iPhone-ды
iTunes-те «Құрылғылар» тізімінен таңдаңыз. Негізгі экранның жоғарғы бөлігіндегі
«Бағдарламалар» қосымшасын басыңыз жəне бір бағдарламаны екіншісіне
ауыстырып салыңыз.
Белгішені папкаға салу
Белгішелерді орналастыра отырып, белгішені
папкаға ауыстырып салыңыз.
Белгішені папкадан жою
Белгішелерді орналастыра отырып, оны
ашу үшін папканы басыңыз, жəне белгішені
папкадан алып шығыңыз.
Папканы ашу
Папканы басыңыз. Бағдарламаны іске қосу
үшін оның белгішесін басыңыз.
Папканы жабу
Экранның папкадан тыс жеріне тигізіңіз
немесе «Үйге» түймесін басыңыз.
39
Папканы жою
Барлық белгішелерді папкадан тыс жерге
орналастырыңыз.Бос папка автоматты
түрде жойылатын болады.
Папканың атын өзгерту
Белгішелерді қоя отырып, папкаға оны ашу
үшін қол тигізіңіз, содан кейін терезенің
жоғарғы бөлігіндегі оның атына тигізіңіз
жəне клавиатураның көмегімен жаңа атын
енгізіңіз. Енгізілген өзгертулерді сақтау
үшін «Үйге» түймесін басыңыз.
.
Негізгі экранды ұйымдастыруды аяқтап, өзгертулерді сақтау үшін «Үйге»
түймесін басыңыз.
«Телефон», «Хабарламалар», Mail жəне App Store секілді көптеген бағдарламалар
негізгі экранның белгішелерінде санмен (кіретін элементтердің) немесе леп белгісімен
(мəселені көрсету) «жапсырманы» көрсетеді. Егер бұл бағдарламалар папкада
орналасқан болса, жапсырма папка белгішесінде көрсетіледі. Санмен жапсырма Сізбен
қаралмаған жаңа элементтердің санын көрсетеді, мысалы, кіру телефон қоңырау
шалулары, электронды пошта хабарламалары, мəтіндік хабарламалар жəне
бағдарламалар, олар үшін жаңартулар бар. Леп белгісіне жапсырма осы
бағдарламамен мəселені көрсетеді.
Түсқағаздарды қосу
Сіз блокқа қою экраны үшін түсқағаз ретінде кескінді немесе суретті таңдай
аласыз. Сонымен қатар, Сіз негізгі экран үшін түсқағаздарды орната аласыз.
iPhone кіріктірілген жəне «Фототаспа» бөлімінде орналасқан кескінді , немесе
iPhone-да компьютерден синхрондалған суретті таңдауға болады.
Блокқа қою экранының түсқағазы суреті «Байланыстарға»
енгізілмеген абонентке қоңырау шалу кезінде шығады.
40
Түсқағаздарды орнату.
1
«Күйге келтіру» мəзірінде «Түсқағаздар» таңдаңыз, негізгі экранның жəне блоктау
экранының белгішесіне тигізіңіз жəне «Түсқағаз» немесе альбомды таңдаңыз.
2
Кескінді немесе суретті таңдау үшін қолыңызды тигізіңіз. Егер Сіз суретті таңдасаңыз, оны
қажетті орынға ауыстырыңыз жəне кескін қалаған түрге келгенше саусақты ашу жəне қосу
арқылы масштабтауды орындаңыз.
3 «Таңдау» басыңыз жəне бұл суретті қалай пайдалану керектігін көрсетіңіз – блокқа қою
экранына, негізгі экранға немесе екі экранға да арналған түсқағаздар ретінде.
Басу
Сізге мəтінді теру қажет болған кезде экран клавиатурасы шығады.
Мəтінді енгізу
Экран клавиатурасы мəтінді енгізу үшін қолданылады, мысалы, байланыс туралы
ақпаратты, хаттарды, мəтіндік хабарламаларды жəне веб-мекен жайларын. Клавиатура
сөздердегі қателерді түзейді, сөздердің жалғауларын көрсетеді жəне пайдалану шамасына
қарай үйретіледі.
Пайдаланылатын бағдарламаға байланысты зияткерлік клавиатура мəтінді енгізу кезінде
қате басылуларды болдырмауға көмектесе отырып, автоматты түрде сөзді түзету
нұсқаларын ұсынады.
Мəтінді енгізу
1 Клавиатураны экранға шығару үшін мəтіндік жолды басыңыз, мысалы жазбада немесе
жаңа байланыс терезесінде.
2
Клавиатурадағы пернелерді басыңыз.
Алдымен мəтінді қолдың сұқ саусағының көмегімен енгізіңіз. Біртіндеп мəтінді екі саусақпен
енгізуді үйренуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |