Б
о
л
а
ш
а
қ
Болашақ 201 5
Семей қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің газеті
Болашаққа кемел біліммен
Қараша-желтоқсан 201 5 ж.
Айдын Айымбетов
Семейде
2 бет
«Ақ тілекпен, Елбасыға!»
22 бет
5 бет
20 бет
Волейболдан жарыс
Стэнфордтағы
ұмтылмас күндер
Біз əртүрліміз жəне
кереметпіз
Малайзия еліндегі
жазғы мектеп туралы
пікірлер
5 бет
8 бет
1 0 бет
Жаңалықтар
2
Халық қаһарманы, Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы, «Алтын жұлдыз» жəне «Отан»
орденінің иегері Айдын Айымбетов Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік
мектебінде оқушылармен жəне ұстаздар қауыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мектептің 10 сынып оқушылары Əділ Абділов, Əлихан Қожебеков,
Стахан Сабыржан өздерінің екі жылдан бері айналысып келе жатқан жобаларымен
таныстырды. «Орбитаның əртүрлі нүктелерінен Сатурн орбитасының сақиналарын жəне
бетін суретке түсіру үшін Жер планетасынан Сатурнn орбитасына жасанды серік ұшыру»
тақырыбындағы жобаларының маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп, атқарып жатқан
жұмыстарымен бөлісті.
Сонымен қатар 10 сынып оқушысы Тенгиз Ибраев «Жерсерігінің гелиостационарлық
орбитаға жетуі үшін ауытқу маневрлары арқылы жанармайды үнемдеу» атты жобасы туралы
да кеңінен айтып берді.
Аталған жобалар 2015 жылдың сəуір айында Ресейдің Томск қаласында оқушылардың,
студенттердің, аспиранттардың, жас ғалымдардың қатысуымен өткен халықаралық
Бүкілресейлік форумында өте жоғары баға алып, арнайы дипломмен марапатталған.
Қазақстанның ғарышкерұшқышы Айдын
Айымбетов Семей қаласындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебінде кездесу өткізді
Жаңалықтар
3
Мектеп оқушыларының жобалары таныстырылып болған соң, ел мақтанышы Айдын
Айымбетов оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сұрақ қойғысы келген
оқушылардың қарасы көп болып, онда жеке өміріне қатысты қызықты сауалдардан басталып,
елімізде осы салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы да болды.
Өзінің оқушы кезіндегі армандарымен бөліскен ғарышкер, мемлекет атқарып жатқан
жұмыстарды баяндап, алға қойған жоспарларымен жəне бағдарламаларымен де бөлісті.
Мектептің құрмет кітабына өз тілегін жазып, оқушылардың ғылыми жұмысына сəттілік
тіледі.
Мектеп директоры Бағдан Қайыржанов Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы Айдын
Айымбетовке уақыт тауып еліміздің болашағы мектеп оқушыларымен кездескені үшін, ұжым
атынан ризашылығын жеткізді.
Себебі бүгінгі болған кездесу мектеп оқушыларын шын мəнінде мақтанышқа бөлеп,
ғарыш саласындағы жұмыстармен кеңінен танысуға мүмкіндік берді жəне естерінде
мəңгілікке сақталатыны ақиқат. Кездесу соңында оқушыларымен бірге фотоға түсіп,
қолтаңба берді.
Ел мақтанышы Айдын Айымбетовпен бірге қала əкімі Ермак Сəлімов, қалалық
мəслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов болды.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
4
«Wikipedia клубы» жобасының мақсаты–мақала жазу мен өңдеу дағдыларын үйрету,
академиялық адалдық пен жауапкершілік құндылықтарына сүйене отырып, оқушыларды
шығармашылыққа жəне зерттеу жұмысына баулу. Бұл желі қазақ тіліндегі мақалалар саны
мен сапасын арттыруға жəне онлайн энциклопедияның белсенді қауымдастығы мен
редакторларын қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі таңда «Вики» технологиясы кез-келген
адам өңдей алатын энциклопедияға айналды. «Wikipedia клубының" мүшелері Кайрбекова
Анель 12 « B» сынып оқушысы 240 мақала, Абаева Камила 10 «A» 126 мақала, Келсінғазин
Ерасыл 12 «A» 100 мақала, Мырзахметова Еркежан 10 «L» 113 мақала, Орынғажиева Мөлдір
12 «B» 106 мақала, Сейтжагыпарова Тогжан 10 «L» 85 мақала, Қасымханова Арманай 12 «B»
84 мақала, Нурланова Жауқазын 10 «L» 73 мақала, Рамазанова Жұлдыз 10 «В» 106 мақала
жазды. Мектебіміздегі Тұңғыш Президент күніне арналған WIKI CAMP акциясына келген
оқушылар мен мұғалімдер «Президенттің мега жобалары», «Мəңгілік елдің ұлы тарихы»,
«Еліміздің дамуына бағытталған реформалар мен стратегиялар» тақырыптарына мақалалар
жазуды бастады. Абаева Камила Елбасының «Бейбітшілік кіндігі» кітабын талдап, ақпарат
енгізуді мақсат етті. Оралгазиева Эльжана мен Ахметжанова Нұрай Ақселеу Сейдімбектің
«Аққыз» шығармасын қосты. Жаңадан қосылған 7 «Е» сынып оқушылары Уикипедияның
ережелерімен танысты, «100 кітап» жобасындағы кітаптарды Уикипедияға енгізу үшін
кітапты толықтай оқып шығу керектігін түсінді. Оқушылар уикипедияға мақала жазуға
қызығушылықпен кірісті.
«Wikipedia клубы» жетекшісі
Ибрагимова Алмагүл Мерғазықызы
Мектептегі WIKI CAMP акциясы
Жаңалықтар
5
Дене шынықтыру жəне эстетика пəн бірлестігінің ұйымдастыруымен қараша айының
2-20 аралығында өтетін волейболдан мектепішілік жарыс басталды. Жарысқа 7-10 сынып
оқушылары аралас командалар арқылы қатысады. Əр командара 3 ұл, 3 қыздардан құралған
15 команда ойын өрнегін көрсетеді. 7-8 сынып оқушылары пионербол, қосымша волейбол
əдістерімен ойнаса, 9-10 сынып командалары волейболдан спорттық сынға түседі.
Жарыстың бас төрешісі Арна Тілеужан қатысушыларға ойынның тəртібі мен шарттарын
түсіндірді.
Жарыстың салтанатты ашылуында директордың тəрбие жұмыстары жөніндегі
орынбасары Лариса Абылқасымова қатысушыларға сəттілік тілеп, мықтылар жеңіске
жетуіне тілектестік білдірді. Аталған спорттық шара мектеп оқушыларын салауатты өмір
салтын ұстануға, күнделікті белсенді өмір қағидасын қалыптастыруға жəне ұйымшылдық
арқылы алға қойға мақсатқа жетуге үйретеді.
Баспасөз орталығы
Мектепте волейболдан жарыс басталды
Жаңалықтар
6
Ағылшын
тілі
мұғалімдері
ұйымдастырған «EngliShow» атты іс-шараға
қатыстыңыз ба? Қатыспасаңыз, көптен құр
қалдыңыз. Шоуға 10-шы сыныптардан 120-
дан астам оқушы қатысты.
Таланттар шоуында оқушылар тұлғалық
қабілеттерін, шет тілінде өз таланттарын
тамаша көрсете білді. Жарысқа қатысушылар
өздерінің əртістік қабілеттерін би, музыкалық
жəне театр қойылымдары арқылы паш етті.
Əртүрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен
толеранттылығы концерттік нөмірлердің
негізгі арқауы болды.
Сонымен қатар мектеп оқушылары
жауапкершілік, замандастарын құрметтеу,
алға
ұмтылу,
белсенділік,
жаһандық
азаматтық, тұлғалық қасиеттері арқылы бір
бірінен ерекшеленіп тұрды
Қатысушылардың
көрсетілімдеріне
қоса, көрермендер командаларға креативтік
плакаттар мен рухты көтеретін шумақ
сөздерімен
қолдау
білдірді.
Шоу
жүргізушілері (Шалагин П.С., Нурекеновой
Р.М.) аудиторияға арнап ойындар əзірледі,
«EngliShow» таланттар шоуы
Жаңалықтар
7
онда қатысушылар жұмбақтың дұрысын
тауып шешіп (“Riddles”), ағылшын тілінде
дұрыс жаза білу қабілеттерін (“Spelling bee”)
жаттықтыра алды.
Əділ қазылар алқасы (Денниль Люк,
Халифа
Беннетт,
Олжаева
А.Т.)
қатысушыларды келесі мақтау қағаздарымен
марапаттады: 10 A – Ең үздік қойылым,
Динамикалық би, Жанкүйер сүйіктісі, 10 B –
Алтын дауыс, 10 C – Ғажайып дуэт, 10 D – Ең
үздік ұмытылмас əндер, Ең əдемі постер, 10 E
– Ең үздік актерлік қойылым, Ең үздік
ағылшын комедиясы, 10 F – Гаухар соло, 10 K
– Ең үздік ағылшын драмасы, Ең жылы
шырайлы топ, Ең аты шулы топ, Əдемі
топтық өлең, 10 L – Ең тамаша костюмдер,
Бірлік рухы.
Бұл шоу мəдениетаралық түсіністіктің
тамаша мысалы болып табылады. Барлық
қатысушылар мен көрермендер жақсы
эмоциялар
қуатын
алды.
Конкурсқа
қатысушылардың бастамасымен, осындай іс-
шараларды болашақта жыл сайын өткізу
жоспарлануда.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
8
Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы
Назарбаев
зияткерлік
мектебінде кезекті білім жəне кəсіби
тəжірибемен алмасу мейрамы өтті. Ағылшын
тілі пəнінен бесінші елтану олимпиадасы
жəне «Білікті мұғалімдерді дайындауда
инновациялық технологияларды қолданудың
мүмкіндіктері» атты тақырыпта ағылшын тілі
мұғалімдеріне
арналған
семинар
ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты –
интернационализм, мəдениаралық қарым-
қатынас дағдыларына тəрбиелеу жəне жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ағылшын
тілін меңгеруге деген танымдық қызығушылығын дамыту.
Жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі мұғалімдерімен ынтымақтастықты
орнату мақсатында, мұғалімдер жұмысының тəжірибесімен алмасу «Біз əртүрліміз жəне
кереметпіз» атты ұранмен өтті. Отыздан астам мектептен келген 6-8 сынып оқушылары
олимпиаданың басты жүлдесі үшін күресуге өз ниетін білдірді.
Елтану олимпиадасы екі айналымнан: іріктеу жəне ақтық бөлімнен тұрды. Іріктеу
кезінде мектеп топтары үш топқа бөлінді. Əрбір топтан ақтық айналымнан өтетін топ
анықталды. Биылғы жылы НЗМ мұғалімдері АКТ-рын қолдану арқылы ұйымдастырды.
Біз әртүрліміз және кереметпіз
Жаңалықтар
9
Сондықтан, олимпиаданың іріктеу айналымы
Activote дауыс беру жүйесін қолданумен
жүргізілді. Əрбір топқа дұрыс жауапты
таңдау үшін дауыс беру құрылғысы берілді.
Іріктеу айналымының қорытындысына
сəйкес, №9, №32 жəне № 31 орта мектеп
топтары 3-ші деңгейлі сертификаттарын
алғанға қанағат тұтты. №29, №1 жəне №39
орта мектеп топтары 2-ші деңгейлі
сертификаттарға ие болды. Ал №37, №6 жəне
№2 орта мектептердің құрама топтары 1-ші
деңгейлі сертификаттармен марапатталып,
олимпиаданың ақтық айналымына өтуге мүмкіндік алды. Ақырғы айналым орта мектеп
оқушыларының, басқа да қатысушылар мен келген қонақтардың алдында, мектептің акт
залында өткізілді.
Олимпиаданың
ақырғы
айналымы
интерактивті тақтаны қолданумен өтті.
Топтар шетелдік мұғалімдер дайындаған
видео сұрақтарға ағылшын тілінде жауап
беріп, қара жəшікте не барын табуға тырысты.
Ақтық айналымның қорытындысы бойынша,
олимпиаданың үшінші орны жəне кішкентай
кубок №2 орта мектеп тобына табыс етілді.
Олимпиаданың екінші орнына жəне орта
кубокқа №6 мектеп-гимназия оқушылары ие
болды. Ал олимпиаданың грант-кубогы жəне
құрметті бірінші орын №37 орта мектептің құрама тобына берілді.
Оқушылар білім сайысында мықтыларды анықтап жатқанша, орта мектеп мұғалімдері
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
жинақтаған озық педагогикалық тəжірибемен танысты. Қонақтар үшін «Mentoring and
coaching», «Pre–reading tasks», «Test making technology for reading tasks», «Improving students'
motivation through design-thinking», «Foster your students to think creatively», «Strategies for
teaching writing to young students», «Speaking activities», «Teacher Leadership» атты
тақырыптарға шеберлік сабақтар өткізілді.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
10
Мектеп оқушыларының Малайзия еліндегі
жазғы мектеп туралы пікірлері
2015 жылдың 31 мамыр 21 маусым аралығында Қытай, Малай жəне Үнді этностарынан
құралған Малайзия елінде болып қайттым. Куала-Лумпур қаласының “PERMATАpintar” атты
жерінде биотехнология пəнінен курс өттім. Осы аралықта мен көптеген ақпараттар алдым.
Мысалы: микроорганизмдер, микробиология, гендік модификацияланған ағзалар, оң жəне
теріс грамм, ферментация, бактерия жəне басқа да көптеген тақырыптар бойынша сабақтар.
Менің ойымша, биотехнология курстары ең қызықты болды, себебі, өзім үшін бірнеше
қызықты əрі жаңа ашылулар жасадым. Мен үшін көптеген нəрселер өте қызықты болды.
Мысалы: қан тобын анықтау, бактерия өсіруге байланысты лаборатория жасау,
биотехнологиялық технологиялар қолдану жəне кəсіби қолданыстағы зауыттарда болып
қайту. Біріншіден, бактерия өсіруге байланысты лаборатория барысында агар, петри
табақшасы, арнайы тоңазытқыш сияқты құралдармен қолдандым жəне осы жұмыс
барысында келешекке қажетті ақпараттар алдым. Екіншіден, “Yakult” атты зауыт-
фабрикасында өткен сəттер өте қызықты əрі пайдалы болды, себебі, мен биотехнологиялық
құралдардың сүтті тағамдар жасауда қолданысын өз көзіммен көріп, дəмін де татып көрдім.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының да биотехнологиямен байланысатын
Жаңалықтар
11
көптеген зауыт-фабрикалары бар. Мысалы,
иммунохимия жəне иммунобиотехнология
лабораториялары,
өсімдіктердің
молекулалық гендері туралы лаборатория
жəне т.б. Егер Назарбаев Зияткерлік
мектебінің
оқушыларына
еліміздің
зауыттарын аралатса, ол өте пайдалы болар
еді, себебі, биотехнология жəне басқа да
салаларда қолданылатын технологиялардың
жұмысын көріп, келешекке сабақ алуға
болады.
Мен Куала-Лумпур қаласының
биотехнология курстарына барғаныма қуаныштымын, себебі, алған білімімнің көмегімен
жарқын келешекке жаңа қадам арқылы көп пайда алдым.
10 сынып оқушысы: Сайлауханова Мөлдір
Осы жазда мен физика пəнін зерттедім.
Мұнда маған ұнағаны практикалық бөлімге
көп назар аударғаны, яғни əр күні қысқа
теориядан кейін тəжірибелік, зертханалық
жұмыстар жүргізіліп отырды. Біз теориядан
алған білімді тəжірибеде жүзеге асырып,
негізгі тақырыпты қолдануды үйрендік.
Мысалы: жұмыс формуласы бойынша мини
арбалет жəне парашют жасауды меңгердік.
Формулаға сүйене отырып біз арбалет
ұзындығын
жəне
парашют
көлемін
арттырдық, сонда осы заттардың жұмыс
нəтижелері артты. Яғни арбалет ұзын
қашықтыққа, ал парашют жүкті ұзақ уақыт сақтауға шыдады. Сонымен қатар постер
қорғауда ақпаратты өзіміз тауып қолдануы ұнады. Осы жұмыста бізге ассистент қана бағыт
бере отырып, көмектесті. Оқушы сабақты түсінбегенін байқаса, олар оқушының қасына
келіп олармен жеке жұмыс жасап, оқушының сыныптастарынан қалмауына тырысты.
Сабақтың қызықты элементтерін талдай алу жəне талдап алған соң, оны зерттеп дұрыс
нəтижеге келуге көмектесуі жақсы болды.
10 сынып оқушысы: Құралғанова Айым
Біз оқушылармен бірге PERMATАpintar университетінің мектебінде өткен дарынды
балаларға арналған биотехнология, физика, математика бағыттары бойынша жаздық курсына
қатыстық. Осы бағдарламада оқушылар өз бағыттары бойынша терең білім алды,
биотехнологтар проект құрауды меңгере бастады.
Жаңалықтар
12
Физикадан оқушылар білімді жаңа
жақтан қарап, өздері өз қолымен құрал
жабдықтарды құрап, оны тəжірибеде
қолдана алды. Онымен қоса осы проектінің
құрылысын
түсіндіре
білді.
Ал
математикадан есептерді шешудің бірнеше
жолдарын қарастыра отырып, оңай
жолдарды анықтауға үйренді. Көптеген
олимпиадалық тапсырмаларды берілді.
Биотехнологиядан
көбінесе
11-ші
сыныптың тақырыптары қарастырылып
зертханалық
жұмыстар
орындалды,
зертханалық жұмыстардың орындалуының
бірнеше жолдарын көрсете білді. Онымен
қоса оқушыларда жалпы мəдени бағдарламалар да болды. Олар осы елдің өнері мен
мəдениеттерімен таныса отырып, Бірінші ледимен кездесіп, өздерінің алған жəне Қазақстан
өнерін жақсы таныта білді. Қосымша дем алыс күндері оқушылар Куала Лумпур қаласы
арқылы Малайзияның мəдениеті мен тарихы жəне даму экономикасымен таныса алды.
Биология пəн мұғалімі: Садыкова Айнур Жуматаевна
Осы жылдың жазғы айындағы
Малайзия мемлекетінде өткен элективті
курстар менің көңіліме жайдары əсер етіп,
санамда ұзақ мерзімге сақтала білді.Сонда
өткен əрбір сəтім өмірімнің бір бөлшегін
ойып алғандай болды, сондай-ақ шетелден
алған білімім мен үшін баға жетпес
тəжірибе беріп, болашағыма үлес қоса
білді. Жалпы Малайзиядан алған сезімімді
сөзбен жеткізу мүмкін емес. Себебі,
ондағы білім беру жүйесі өте дамыған,
ұстаздардың бізге деген қарым-қатынасы
жақсы болды жəне ондағы ғылыми-техникалық құралдар санын саусақпен санауға мүмкін
емес. Екіншіден, ол Куала-Лумпур қаласының көз тойдырмас көркем сəулеті, ондағы
ғимараттардың аспанмен астасқандай болуы жəне оның жағымды климаты менің назарыма
ие бола білді. Жалпы осы курсты ұйымдастырған тұлғаларға айтар алғысым шексіз!
10 сынып оқушысы: Алимгазиева Айжан
Жаңалықтар
13
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-
əдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Динара Ғабдуллина, кітапхана меңгерушісі
Шолпан Сүмбембаева, педагог-ұйымдастырушы Назерке Орынбекова, бейнелеу өнері жəне
сызу пəнінің ұстазы Манат Жақыманов, тренерлер Нала Смағұлова, Назгүл Байбусинова
жəне тағы басқа ұстаздар Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілі малшы аулында
орналасқан Абай Құнанбаев атындағы мектеп-балабақша кешенінде бірқатар кездесулер
өткізді.
Бірінші сынып оқушыларына арналған ағылшын, орыс, қазақ тілдерінің жəне
технология, əн-күй сабақтарына қатысып, білім берудің озық тəжірибелерімен бөлісті. Сабақ
соңында тақырыптар талқыланып, Назарбаев мектебінен келген ұстаз-эксперттер бірнеше
бағытта ұсыныстар айтып, қорытынды жасалды.
Сонымен қатар білім берудегі өзгешеліктер мен бағалаудағы ұстанымдар туралы жан-
жақты айтылып, мектеп ұжымы да білім беру процесіндегі іс-шаралар туралы айтты. Осы
күні кітапханашыларға арналған семинар ұйымдастырылып оған оқушылар да белсене
қатысты. Сынып жетекшілері мен ұстаздардың қатысуымен өткен түрлі бағыттағы
тренингтерде бірнеше тақырыптар қызықты талқыланып, сыни бағалау, жетістікке жетудің
құпиялары, білім беру саласындағы өзгерістер кеңінен талқыланды.
Баспасөз-орталығы
Мектеп ұжымы Үлгілі малшы аулында
Жаңалықтар
14
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мейірім шуағын, шапағат нұрын төгіп, үлкен қолдау
көрсетуде Рымжан Тынысова басшылық ететін "Арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету
орталығы" мекемесінің жұмысына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Əр балаға жылу беріп,
мейіріммен қарайтын əлеуметтік қызметкерлердің нəтижелі еңбегі де басшылық тарапынан
дұрыс қойылған талаптың жемісі деп білемін.
Орталықтың бір бағыты – қызмет алушыларды əлеуметтендіру, қоғамға кіріктендіру
болса, екінші бір бағыты оларға рухани жəне материалдық көмек көрсету, сонымен қатар
қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі балалардың мəселелеріне аудару болып табылады.
Бұл бағытта да жүргізілген
жұмыстарды мекемелер мен жеке кəсіпкерлердің
қайырымдылық іс - шаралары айқындай түседі.
Оның бір көрінісі ретінде жуырда Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебінде биыл екінші мəрте өткізілген қайырымдылық Вена балын айтуға болады. Осы
қайырымдылық шарасына арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінен
қызмет алатын, үйден оқитын бес мүмкіндігі шектеулі бала ата - анасымен шақырылды. Осы
қайырымдылық акциясынан жиналған қаражат пен əр балаға арнайы алынған планшетті
шақырылған бес балаға мектеп директоры Бағдан Қайыржанов табыс етті.
Осы ретте қайырымдылық Вена балына шақырылған ата - аналардың, балалардың
атынан Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржановқа, Арнаулы
əлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Рымжан Тынысоваға, үйден қызмет
көрсету бөлімшелерінің бөлім меңгерушілеріне, əлеуметтік қызметкерлерге, осы акцияны
ұйымдастырушы Лариса Оралбайқызына, Нұржан Ырымбайқызына жəне мектеп
оқушыларына үлкен алғысымды білдіремін.
Айнұр ЖƏБЕКОВА, ата – ана
Семей таңы газеті. 20 қараша 2015 жыл
АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН
Жаңалықтар
15
Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, өзін-өзі дамыту
үшін шұғылданады. Спорт адамның досы, ал жалқаулық пен
еріншектік қас жауы. 7-8 сыныптар арасында жеңіл атлетикадан
желілік чемпионатта 8 “А” сынып оқушысы Сарбиева Аружан жүзден
жүйрік атанды. Аружанға біраз сауалдар қойылып, сұхбат алған
болатынбыз.
- Осы жарыс алдында өзіңді қалай сезіндің?
- Əрине, əрбір адам осындай жағдайда қобалжуы мүмкін. Бірақ мен біраз алаңдасам да,
қорқыныш сезіміне жол берген жоқпын.
- Сен өзіңе жеңем деген максат койдың ба? Жəне оған қалай жеттің ?
- Негізінде менде жеңіс туралы ой болған жоқ еді. Менің ойымша, жеңу, атақты болу
басты емес, сол жарысқа қатысудың өзі бір батылдық. Мəселен, 1000 метрге жүгірудің
соңында шаршағандықты сезіндім, алайда осы кезде мен сыныбым, мектебім жайлы ойлап,
өзіме рух бердім. Осыдан кейін мен алдымдағы оқушылардан озып, мəреге бірінші болып
жеткеніме өте қуаныштымын.
- Келешекте осындай спорт сайыстарына қатысқың келеді ме ?
- Иə, себебі спорт бұл салауатты өмір салты, спортпен айналысу мен үшін өте маңызды,
сонымен қатар бұл менің хоббиім деуге болады.
- Спортпен айналысу туралы өз қатарластарыңа не айтар едің?
- Еріншектік пен ұйқының басып алуына жол бермеу керек. Спорт - жаңа жетістіктер,
жаңа табыстар, жаңа мүмкіндіктер деп ойлаймын.
- Сұхбат бергеніңе рахмет, үнемі жеңіс шыңынан көріне беруіңе тілектеспін!
Сұхбатты жүргізген: Ахмерова Дана
8 «А» сынып оқушысы
«Хан тəңірі» шаңырағы
Біздің мақтанышымыз....
Жаңалықтар
16
18 ноября в НИШ Семей прошел час шанырака «Хан тəңірі». Час шанырака проводился
на двух языках. Сначала ведущие рассказали о Первом Президенте, а потом ученики
представили свои работы по фильму «Первый Президент». Некоторые ученики рисовали
рисунки, делали буклеты, приносили поделки по фильму «Путь Лидера». Другие делали
презентации по этому фильму. Они рассказывали об актерах, режиссёре этого фильма. Также
ребята показывали сценку.
После проводилась викторина по фильму «Путь Лидера», в котором рассказывается о
жизни лидера нации Нурсултана Назарбаева. Было множество вопросов. Дети смогли
ответить на все вопросы. Вопросы были интересными и полезными.
Если говорить о фильме, то он очень интересный и захватывающий. Я советую его
посмотреть тем, кто его не смотрел. Этот фильм вдохновил детей, принес пользу и теперь я
надеюсь многие смогут сложить свою жизнь, так как они считают нужным.
Этот час шанырака, по-моему, был занимательным и забавным. Мы надеемся все часы
шаныраков будут такими же интересными.
Алимбаева А.Е.
ученица 7 «Д» класса
Час Шанырака «Хан тәңірі»
Жаңалықтар
17
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде
орыс тілі жəне əдебиет пəнінің мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен əдебиетін оқытуда
инновациялық тəсілдемелер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Аталған семинардың
негізгі мақсаты Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқыту тəжірибесін жалпы білім беретін
мектептермен бөлісу, өзара əріптестік орнату.
Семинардың алғы сөзін білім бөлімінің əдіскері А.Сүлейменова жəне Назарбаев
Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Р.Қайыркеновалар ашып, қатысушыларға
нəтижелі жұмыс күнін тіледі.
Қала жəне қалаға қарасты ауылдық округ мектептерінен жалпы жиыны 70 мұғалім
қатысқан семинарда Зияткерлік мектептің ұстаздары шеберлік жəне ашық сабақтарын
өткізіп, тəжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ мектеп мұғалімдері Г.Əбеуханова 10 сынып
оқушыларына «Халықаралық жаңалықтар», С.Ертуғанова 7 сыныпқа «Атақты адамдар. Олар
несімен қазықты», К.Байжанова 10 сыныпқа «Əділ саудадағы жарнама компаниялары»,
Л.Шаталова 7 сыныпқа «А.Пушкин. Таңғы қыс» басқа да қызықты тақырыптар қамтылып,
оқушылар белсенді қатысты. Ұйымдастырушы ұстаздар орыс тілі мен əдебиеті бойынша
сабақ өткізудің жаңа əдіс-тəсілдерін қолданып, оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру
үшін екі жақты қарым қатынас орната білді.
Оқушыларға сабақ беру процесі жалпы білім беретін мектептерден өзгеше екендігін
байқаған қатысушылар, осы күнгі семинар барысында көптеген пайдалы озық тəжірибелерді
игерді.
Семинар соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар бүгінгі күнді қорытындылап,
өз ойларымен бөлісті. №37 гимназия мұғалімі Ж.Сұлтанова, №21 мектептен келген
К.Майжанова, №4 мектеп ұстазы И.Подольская жəне тағы басқалар алған əсерлерімен
бөлісіп, Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің шығармашылық қабілетіне, оқушылардың оқуға
деген ынтасына жоғары баға берді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар
жəне қосымша əдістемелік көмек құралдары табысталды.
Баспасөз орталығы
Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың
инновациялық тәсілімдері
Жаңалықтар
18
Бірінші желтоқсан еліміздің Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің де біз үшін маңызы
зор. Соған орай біздің «Нұр Өлке» шаңырағында «Болашаққа нық қадам» атты шаңырақ
сағаты өтті. Шаңырақ сағаты барысында біз тест орындадық. Сол арқылы өзіміздің
Президентіміз туралы қаншалықты білетінімізді анықтадық, білмеген мəліметтерді білдік.
Көп оқушы елбасы туралы сұрақтарға дұрыс жауап берді. Содан соң Елбасы деген сөздің
əріптері бойынша топқа бөліндік. Əр топ өз əріптеріне жəне президентке қатысты постер
жасап, оны қорғады. Шаңырақтың əрбір мүшесінің қатысуымен елбасы сөзін сапқа тұрып
жаздық.
Назарбаев мектептерінің əнұранын айтуға дайындалып, орындадық. Біздің осындай
барлық жағдай жасалынып жатқан болашақ мектебінде оқып жатуымыз Елбасымыздың
арқасы. Осындай іс-шаралар арқылы біз Елбасымызға құрмет көрсетіп, алғыс білдіре
аламыз. Сол себепті мектепте осындай шаралар көп болса екен деймін.
Оралханова Шырайлым 7 «А» сыныбы
«Нұр Өлке» шаңырағы
Шаңырақ сағаты
Жаңалықтар
19
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырумен 7- сынып
оқушыларын мектепке бейімделу бағдарламасы аясында «New Friends Discovery!» атты
психологиялық акциясы өтті. Бұл іс- шараның мақсаты: оқушылардың мектепке деген
сүйіспеншілігін арттырып, белсенді, ұйымшыл ұжым болуға тəрбиелеу. Сонымен қатар
оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамыту, кез келген адамдармен тіл табыса
білуін жетілдіру.
Оқушылар үшін бұл күн жағымды көңіл күй арқылы байланыс орнату мақсатында
сергіту сəтінен басталып, əр сыныптың лидері алдын ала дайындалған тапсырмалар алды.
Сынып оқушылары өздігінше тапсырманы шешу жолдарын ойластырды.
Оқушылар өздерінің бойындағы қорқыныш, ұялу сезімдерін артқа тастап, мектеп
мұғалімдерімен жақсы қарым-қатынас орнатты. Акция барысында оқушылар мектеп
əкімшілігінің, мұғалімдердің ең жақсы көретін кітаптары, сүйікті хоббилері, кішкентай
кезіндегі арманы, сүйікті пəндері сияқты сұрақтарға жауап алды. Акция қорытындысы
бойынша, барлық сыныптар атаулы номинацияларға ие болды. Бұл өткізілген шара
оқушылардың ұжымдаса, бірлесе отырып, командада жұмыс жасай білуге, мектептің
ұжымымен жақынырақ танысып, еркін байланыс орнатуға үйретті. Сонымен қатар көтеріңкі
көңіл-күй сыйлады.
Баспасөз орталығы
«New Friends Discovery!»
атты психологиялық акциясы
Жаңалықтар
20
АҚШ-та өткізген 12 күн ұмытылмас күндер болды. Себебі жер көріп қана қоймай,
бойымыздағы көптеген құндылықтарды арттырдық. Өзіміздің мəдениетімізді паш етіп,
өзгелердің мəдениетімен таныстық. Стэнфордтағы профессорлардың сабақтарынан өмірлік
тəжірибе жинауға көмектесетін тəлім алдық.
Жалпылай алғанда, осы сапар арқылы өзіме көптеген достар тауып, тілдік қабілетімді
арттырдым. Келешегіме үлкен мақсат қойдырған бұл сапардан алған əсерімді қанша айтсам
да таусылмайтын шығар.
Кенесова Айнұр, 9А сынып оқушысы
Стэнфордтағы ұмытылмас күндер
Жаңалықтар
21
Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, саясаттану
ғылымдарының докторы, профессор Шəріпбек Əмірбек Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев
Зияткерлік мектебінің ұстаздарына оқытудың концептуалды əдіс-тəсілдері бойынша жан-
жақты жəне мазмұнды дəріс оқыды. Алғаш рет ұйымдастырылған шеберлік лекциясында
жеткіншек ұрпаққа білім берудің негізгі құндылықтары түсіндіріліп, алдыңғы қатарлы
белгілі ғалымдардың жəне шет елдің тəжірибелері мысалға келтірілді.
Еліміздегі білім беру мен оқыту саласындағы ұлттық менталитет ерекшеліктерінің кері
əсер тигізетіндігі айтылды. Əлемдік деңгейдегі білім жүйесіне озық тəжірибелерді енгізген
А.Выготскийдің ой тұжырымдарынан мысалдар келтіріп, оқу үрдістерін қабылдаудағы
ерекшеліктер жəне кемшіліктерге тоқталды. Лектор оқу-тəрбие істерінің бала психикасын
жəне ойлау жүйесін дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тəжірибелер арқылы
түсіндіріп, жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі алғы шарттары қандай болатындығы
айтылды. Адамның ой-санасындағы ұғымдар жəне оларды қабылдаудың өзгешеліктері
арнайы дайындалған слайдтар арқылы көрсетілді.
Оқытудың жаңа үрдістерін меңгеру жəне жеке басының интеллектісі арқылы мұғалім,
оқушыға сабақ түсіндіру мен үйретудің басым бағыттарын айқындап, жеке тұлғаның
танымдық қабілеттерін қалыптастыра алады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласы өркениетті əлемнен өзіне
лайық орын алу үшін адамзат тəжірибесіндегі озық үлгіні, тиімді үрдістерді өз білім беру
жүйесіне енгізе отырып қана, дамудың жаңа сатыларына көтерілетіні анық.
Баспасөз орталығы
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
ректоры мектеп мұғалімдеріне дәріс оқыды
Жаңалықтар
22
«Ақ тілекпен, Елбасыға!»
Тұңғыш Президент күніне арналған
мерекелік іс-шаралардың он күндік аясында
20 қарашадан басталған «Ақ тілекпен,
Елбасыға!» облыстық акциясына Семей
қаласындағы ФМБ Назарбаев мектебінің
оқушылары да белсенді қатысуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз
тілегін білдіргісі келген мектеп оқушылары
www.kz1.kz сайтына тіркеліп, ғаламтор
арқылы шынайы тілектері мен жүрекжарды
құттықтауларын жолдауда.
Халықаралық
талаптарға
сай
тереңдетілген білім беріп, жаһандық əлемнің бəсекеге қабілетті жеткіншектерін дайындап
жатқан білім ордасындағы оқушылардың Елбасыға айтар алғыстары шексіз.
Себебі Қазақстан тəуелсіз ел болғалы бері, экономикасы дамып, əлемдік деңгейде
таныла түсті. Елді өркендететін мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, өндіріс, ғылым мен
мəдениет, білім саласы жүйелі дамып келеді. Білім мен ғылым саласында күрделі өзгерістер
болып, жеткіншектер мен жастар жаңаша үрдістермен оқуға мүмкіндік алды. Бұл
өзгерістердің басында əрине Нұрсұлтан Назарбаевтың қажыр қайраты мен есіл еңбегі,
даналығы мен көрегендігі бар.
Жаңалықтар
23
Елбасының тапсырмасымен еліміздің
өңірлерінде
ашылған
20
Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің қатарында алғашқы
болып,
Семей
қаласындағы
физика-
математикалық бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебі 2009-2010 оқу жылында
ашылды.
Акция 1 желтоқсан күні Өскемен
қаласында қорытындыланып, кездейсоқ
сандар арқылы жеңімпаздар анықталады
жəне бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
24
В преддверии празднования Дня Первого Президента РК Назарбаев Интеллектуальная
школа физико-математического направления г.Семей провела социальную акцию по проекту
«Вookсrossing». В течение месяца школьники, учителя, администрация школы, кураторы,
воспитатели приносили из дома свои любимые книги, с которыми хотели бы поделиться с
учениками другой школы.
Было собрано много художественной, развивающей литературы на трех языках,
энциклопедии, сборники, очерки. Участники нашей акции также написали письмо с
поздравлениями и теплыми пожеланиями читателям библиотеки школы-комплекса им.Абая
села Улгілі Малшы Кокпектинского района. Данная акция проводится в школе каждый год и
помогает ее участникам делиться самым лучшим и интересным с другими.
Пресс-центр
Акция «Вookсrossing»
Жаңалықтар
25
Көп жылдар бойы еліміз тəуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады.
Қазақстан 16 желтоқсанда өз тəуелсіздігіне ие болды. Бұл қазақ елінің жаңа өмірге қадам
басқан алғашқы белестері еді. Ал оның Елбасшысы құрметті, ұлы тұлға. Себебі, ол қазақ
халқының ең қиын кездерінде билікті қолына алып, қандай қиын жағдайлар болсын жол таба
білді. Сондықтан Елбасымыздың есімі мəңгілік тарихта қалады.
Алдағы келе жатқан Тұңғыш Президент күніне орай Семей қаласындағы физика-
математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Нұр Өлке» шаңырағы
«Болашаққа нық қадам» атты шаңырақ сағатын өткізді. Бұл шаңырақ сағатының бір
ерекшелігі оқушылардың өздеріне берілген əріптері бойынша топқа бөлініп, Елбасымыздың
бойындағы асыл құндылықтары мен оның атқарған ерен еңбектерінің нəтижелерін сол əріп
бойынша жеткізуде болып табылды. Сонымен қатар, шаңырақтағы əр сынаптардан жиналған
оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз белсенділіктерін таныта білді.
Жұмыс барысында терең білімдерін қолданып , қосымша мəліметтермен толықтыра
алды. Қорытынды бөлімі мектебіміздің əнұранымен көңілді күйде аяқталды.
«Ежелгі арман өтелген,
Нығайды Қазақ елдігі.
Ақталды шаңырақ көтерген,
Елбасының ерлігі»,- деп талай ақындар жырламақшы, алда келе жатқан Тұңғыш
Президент күнімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын.
Бекен Мөлдір, 10 «В» сыныбы
«Нұр Өлке» шаңырағы
«Болашаққа нық қадам»
Жаңалықтар
26
Сегодня у нас проводился час шанырака на тему: исследование по киноэпопее «Путь
Лидера». Мне он очень понравился.
Час шанырака проводился в необычной форме, не на девятом уроке, а на переменах. В
нем принимали активное участие все учащиеся.
После первого урока мы смогли полюбоваться прекрасной выставкой: рисунками,
буклетами, поделками, книгами. Также мы просмотрели презентации об актерах фильма,
которые подготовили учащиеся. Узнали много нового и интересного.
После четвертого урока мы смогли насладиться замечательной сценкой и отрывками из
фильма. На минуту мне показалось, что мы сидим в кинотеатре, а ребята настоящие актеры
из фильма.
После седьмого урока в актовом зале мы танцевали танец, он помог нам немножко
отдохнуть. Затем у нас была викторина по фильму. Мы все смогли ответить на вопросы.
Теперь я больше знаю об этом фильме. Например: режиссер этого фильма Рустем
Абдрашев. В главных ролях Нурлан Алимжанов, он сыграл самого Президента. Также жену
Назарбаева, ее роль сыграла Мадина Есманова.
Каждый из нас вложил свою частичку и открыл много нового для себя. Поэтому я
считаю, что час шанырак мне показался отличным.
Белдеубаева Тогжан, ученица 7 «Д» класса
Час Шанырака «Хан тəңірі»
«Как мы провели час шанырака»
Жаңалықтар
27
Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік
мектебінде белгілі əнші Бақыт Үдербаева «Қазақ
хандығының 550 жылдығына» арналған концерттік
бағдарламасын оқушылар мен ата-аналарға тарту
етті.
Дəстүрлі
əн
өнерінің
майталманы,
Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі
əндерімен
көремендерді тəнті етті.Əдеби кеш барасында
домбыраның құлағында ойнайтын дүлдүл əнші
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
күніне орай Елбасымызға арналған əнін орындады.
Сонымен қатар, Алматы эстрадалық студиясының
домбырамен əн айту факультетінде оқытушысы
болған Ғарифолла Құрманғалиевтің «Махамбеттің
термесі» шығармасы мен «Қаракерей Қабанбай» əні арқылы тыңдармандардың ұлттық
рухын көтеріп, бабаларымыздай қайсар болуға баулыды.
«Күн туса ел басына əлдеқандай,
Абылайлап атқа қонар ер Қабанбай» - дей отырып төл өнеріміздің ерекшеліктерін
көрсететін əндерімен ата-аналар мен оқушылардың құлақтарының құрышын қандырды.
Аталған концерттік бағдарламада Əміре Қашаубаев атындағы филармонияның жас
өнерпаздары да ұлттық құндылықтарымыз жайлы «Домбыра туралы баллада» туындысын,
«Қазақтың баласымын» əндерін шырқап, көрермендердің көңілін көтерді. Жас саксофинст
Ербол Тұрғазиевтің орындауындағы қазақ əндерінен поппури тыңдармандарын ерекше
ықыласқа бөленткені сөзсіз.
Концертте Бақыт Амангелдіқызының өмірдегі əрі өнердегі досы, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген əртісі Амангелді Нұрқасымовтың шебер орындауымен
əйгілі «Ямайка» жəне тағы басқа ырғақты шетелдік əндерімен оқушыларды қуанышқа
бөледі. Іс-шараның соңында Бақыт апамыз бізге ақ тілектерін айта отырып мектеп
əкімшілігіне алғысын білдірді де алдағы атаулы мерекелермен құттықтады.
Бақыт Үдербаева шығыстың шоқжұлдызы, əн атасы Əміренің өнерін насихаттаушысы,
өнерімен өлкесін танытқан дарынды əнші. 1980 жылы өткізілген алғашқы Ə. Қашаубаев
атындағы республикалық əншілер байқауының бірінші жүлдегері атанып, əр бес жыл сайын
«Əміре жұлдыздары» атты əн өнерінің сайысын ұйымдастыра бастаған. Бос уақытында өнер
мектептерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, талантты шəкірттердің дарынын шыңдауға
атсалысатын Бақыт апамыз бүгінгі күні Елбасының жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері
атанған.
Дәстүрлі әннің дүлділі Назарбаев
Зияткерлік мектебінде
Жаңалықтар
28
Бақыт Үдербаеваға
Дəстүрлі өнер жаршысы атанғансыз,
Халықтың ықыласынан жаралғансыз.
Киелі қара домбыраны серік етіп,
Əміренің өнерінен нəр алғансыз.
Шырайлы шығыстың шынарысыз,
Төл өнердің мөлдіреген бұлағысыз.
Ата-баба аманатын сақтап жүрген,
Өшпейтұғын мұраның шырағысыз.
Абаева Камила 10 «А» сыныбы
«Нұрөлке» шаңырағы
Еліміздегі
барлық
Назарбаев
Зияткерлік мектептері 20 қараша күні
Тұңғыш Президент күніне арнап «Алға,
Қазақстан!» атты желілік флеш-моб өткізген
болатын.
Бұл
флеш-мобқа
барлық
мектептерден 3000 мыңнан астам мектеп
оқушылары қатысты. Барлығы да Елбасын
жəне еліміздің тұрғындарын осы ерекше
күнмен құттықтаған болатын.
Біз осы іс-шара барлық қатысушылар
мен көрермендерге ұнады деген үміттеміз,
себебі, флеш-моб жай ғана құттықтау ғана
емес, əр қазақтың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткен
патриоттық флеш-моб. Осындай жұмыстар арқылы біз, тек Назарбаев Зияткерлік мектептің
оқушылары ғана емес, бүкіл ел тұрғындары, басқа ұлт өкілдеріне жəне шет елдерге қазақ
халқының патриоттылығын жəне бірлігін айқын көрсете аламыз.
Əрине, флеш-мобты тек сабақ арасында берілген қоңырау арасында жаттау жəне оны
синхронды билеу барлық оқушыларға жəне ұстаздарға қиыншылық туғызды бірақ, барлығы
ел намысы үшін жалықпай, ерінбей тер төкті. Соңында, белгіленген күні біздің мектептің
оқушылары «Қазына» сауда жəне ойын-сауық кешенінде өнер көрсетіп, көрермендердің
алғысын иеленді.
Осы берілген мүмкіндікті пайдаланып, біз флеш-мобқа қатысушыларға, көрермендерге
жəне əрине іс-шараға ат салысып қатысқан ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
Сержанқызы Мадина, 9 «Е» сынып оқушысы
«Керуен» шаңырағы
Тұңғыш Президент күніне арналған
желілік флешмоб
Жаңалықтар
29
«Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш
Президенті»
19 қарашада Тұңғыш Президентімізге арнап өткізілген шаңырақ сағаты Керуен
шаңырағының əрбір мүшесін ерекше сезімге бөледі деп ойлаймын. Ұйымдастырушылардың
арқасында осы жолғы шаңырақ сағаты шынымен де бізді үлкен шаңырақтың астына
жинағандай болды деп толығымен айта аламын. Балалардың қызығушылық танытуларының
арқасында қызықты өтті. Осы өткізілген шаңырақ сағатында мен көптеген балалармен
жақынырақ танысып, топта жұмыс жасау адамның алға ұмтылуына үлкен үлес қосатына
тағы бір қайтара көз жеткіздім. Нұрсұлтан Назарбаевтай еңбекқор, өз ісіне адал, халық үшін
қызмет жасау, туған жеріміздің патриоты болып көптеген өмір белестерін бағындыра аламыз.
Өмірдегі ең басты біздің мақсатымыз адам болып қалу. Қаншалықты мықты, ақылды болсаң
да адамгершілік қасиетін ұмытпау керекпіз.Сонда ғана өз еліңнің басшысы жəне құрметті
азаматы бола аласыздар. Екіншіден əрдайым өзімізге сенімді болумыз қажет. Сасқалақтап,
алаңғасарлық танытпау керектігіміз туралы да ұмытпаңыз. Мысалы мен актерлердің тобында
болып, өзімнен кішкентай балаларға үлкен көмек көрсете отырып өзім де бірталай нəрселер
білдім. Олардың көбі өз жастарына қарамастан өте белсенді жəне өз қатарларының
көшбасшылары болып табылатынын дəлелдеді. Сахнаға шыққанда олар өздерін салмақты
ұстап жəне жақсы қойылым қойды. Маған актерлер тобындағы оқушылардың
белсенділіктері өте ұнады. Бұл жолы өткен шаңырақ сағаты маған тек қана жақсы əсерлер
қалдырды.Келесі жолы да осындай қызық шаңырақ сағаттары өтеді деген ойдамын.
Нұрланова Жауһазын
10 “L” сынып оқушысы
«Керуен» шаңырағы
Жаңалықтар
30
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырумен
«Жүректен жүрекке» акциясына ұстаздар мен оқушылар белсенді қатысты. Білім беру
ордасындағы жыл бойына жоспарланған көптеген əлеуметтік жобаларды бірі, алғаш рет
ұйымдастырылып отыр. Негізгі ұйымдастырушы, əлеуметтік жобалардың үйлестірушісі, 9
сынып оқушысы Айғаным Хамитқанова болды. Бір күндік акцияда жиналған қаражат
қаламыздағы балалар үйіндегі «Қарлығаш» тобының тəрбиеленушілеріне таңертеңгілік іс-
шараларға қажет киімдер сатып алынды. Балалар үйінің өтініші бойынша алынған киімдерді
балақайлар зор қуанышпен қарсы алып, көздерінен мейірім шуағын көруге болады.
Əлеуметтік жобалардың жетекшісі Əлия Акашова жəне мектеп ұстаздары киімдерді
бүлдіршіндерге тапсырған соң балақайлар өз өнерлерін көрсетіп, біреулері би билесе,
екіншілері өлең, тақпақ айтып берді.
Баспасөз орталығы
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық
акциясы
Жаңалықтар
31
28 қараша күні «Қазына» сауда жəне ойын-сауық кешенінде желілік патриоттық
музыкалық флеш-моб өтті. Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары
жəне оқушыларынан құралған 30 домбырашы «Біз ұлы дала ұрпағымыз» тақырыбында қазақ
халқының күйлерін орындады. Тосыннан жасалған ерекше сыйды көрермендер зор
ықыласпен қабылдап, əрбір орындалған музыкалық бағдарламаға қызығушылықпен қол
соғып қолдау көрсетіп отырды.
«Ерке сылқым», «Балбырауын», «Адай» күйлері күмбірлеп, төгіле жөнелгенде қазақ
халқының ерекше дəстүрлі өнері, мəдениеті мен рухының асқақ екендігіне куə болдық.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізілген шара арқылы өзіміздің төл өнерімізді
насихаттау, оған бұқаралық сипат беру, еліміздің ауызбіршілігі мен береке, бірлігін
насихаттау, халықтың патриоттық рухын көтеру жəне мерекелік көңіл-күйге ерекше серпін
беру болды.
Күмбірлеген күйлермен қоса, əуелеген дəстүрлі əндер де шырқалып зияткерлік
мектептің зерек оқушылар білім ғана емес, өнерден де құр алақан еместіктерін дəлелдеді.
Мəдени мұраның насихатталуына өз үлестерін қосты.
Флэш-моб еліміздің барлық аймағында орналасқан 20 Назарбаев Зияткерлік
мектептердің оқушыларын бір күні жəне бір уақытта қамтыды. Бұл шара Тұңғыш Президент
күні мерекесін ұйымдастыруға арналған апталықтың аясында өткізілді.
Баспасөз орталығы
Біз ұлы дала ұрпағымыз
Жаңалықтар
32
Қараша –желтоқсан айларында Назарбаев университеті, Сүлеймен Демирел атындағы
университеті, КИМЭП Университеті, Жаңа экономикалық университеті, Халықаралық
бизнес университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің
Қазақстандық филиалының профессор-оқытушылық құрамы Семей қаласындағы физика-
математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептің оқушыларымен жүздесті.
12 сынып оқушылары аталған оқу орындарының ерекшеліктері, білім беру
стандарттары, əлемдік оқу орындарының ішіндегі рейтингісі, профессор-оқытушылық
құрамы, материалдық-техникалық базасы, оқу орнындағы факультеттер туралы жан-жақты
ақпарат алды.
Оқушылар аталған оқу орындарына түсудің талаптары мен тəртіптері туралы білді.
Өздерінің сауалдарын қойып, оған жан-жақты жауап берді.
Баспасөз орталығы
Түлектермен кездесті
Жаңалықтар
33
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында тұрақты жүріп жатқан «Қазақтың 100
əні» жобасы аясында Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінде
шаңырақтар арасында патриоттық əндерді орындаудан байқау ұйымдастырылды.
Мектептің 6-10 сынып оқушылары үзілістерде ұйымдастырылған шараларға белсенді
қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Атамекен», «Жаса Қазақстан», «Өз елім», «Қазақтай
ел қайда?» əндерін оқушылар нақышына келтіріп орындады. Аталған шара арқылы өскелең
ұрпақтың бойына ел мен жер үшін сүйіспеншілікті ояту, туған жерді құрметтеу, ұжымдаса
өнер көрсетіп, белсенді үзіліс-демалыстарды пайдалы өткізу.
Баспасөз-орталығы
Белсенді үзілістер
Жаңалықтар
34
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
арасында тұрақты жүріп жатқан «100 əн» жобасы аясында «Екі жұлдыз» дүлдүлдер сайысы
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті.
Мектептің ұстазы немесе кураторы жəне оқушысынан құралған он екі команда
қатысып, өз өнерлерін паш етті. Жүргізушілер əрбір топтың қатысушысының жеке
қасиеттері мен ерекшеліктеріне шағын өлеңдер шығарып, қошеметпен көрермендерге
таныстырып өтті. Мектептен тыс, басқа мекемелерден келген əділқазылар алқасының
құрамында жергілікті телеарнаның музыкалық режиссері А.Төлеубаева, Мұқан Төлебаев
атындағы саз колледжінің ұстазы Б.Хамзин, Абай атындағы қазақ музыкалық драма
театрының əдебиет бөлімінің меңгерушісі М.Қартов тағы басқа өнер адамдары болды.
Орындаушылардың сахна мəдениетін ұстануы, əнді орындау шеберлігі, сахналық көріністер,
киім үлгілері тағы басқа қасиеттері сынға түсіп, əрбір топ жеке-жеке бағаланды.
Бір айта кетерлігі барлық қатысушылар орындайтын əндерін талғампаздықпен таңдап,
біршама еңбектенгендері бірден байқалып тұрды. «Өз елім», «Атамекен», «Сарыжайлау»,
«Екі жұлдыз» фестивальбайқауы өтті
Жаңалықтар
35
«Мен деп ойла», «Қарлығаш», «Домбыра», «Бақыт құшағында» тағы басқа патриоттық
əндерге көрермендер ықласпен қолдау көрсетіп, қол соқты.
Əділқазылар алқасының бағалауымен шет елден келген ұстаз Беннет Халифа мен Алия
Төлепбектің орындауындағы «Наз қоңыр» əні бас жүлдеге лайық деп танылды.
Айгүл Қалелова мен Аян Нұрғалиев нақышына келтіріп орындаған «Жаса Қазақстан»
əні бірінші орынды алса, екінші орында Нұржанат Қасимова жəне Аружан Ықыласованың
орындауындағы «Армандастар», үшінші орында Арна Тілеужан жəне Дана Мұқанова
шырқаған «Көзімнің мөлдірін ай» əндері үздік деп танылып мақтау қағаздары жəне
сыйлықтарға ие болды.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
36
Семей қаласындағы ФМБ Назарбаев
Зияткерлік мектебінде еліміздің ең қастерлі
мерекесі Тəуелсіздік күніне орай бірқатар
тағлымды шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ Қазақ хандығының 550
жылдығына байланысты Керей мен Жəнібек
сахналық қойылымын мектептегі «Дос»
театр үйірмесінің оқушылары əсерлі қоя
білді.
Керей мен Жəнібек хандардың
театрландырылған
қойылымы
тарихымыздағы əр болыстың бас-басына би
болған
тұсынан
басталып,
тарыдай
бытыраған қазақтардың бір жұдырықтай
жұмылуымен аяқталады. Билік жəне тақ
мұрагерлері үшін арпалыстың қиян кесті
уақыттары, 1456 жылдың аласапыраны жəне
сол кездің тарихи кезеңдері суреттеледі.
Əбілхайыр хан, Торғын бегім, Айқұмар,
Бақыт-Хатун, Ділбар, Асан қайғы бейнелері
сол заманның уақытын өтте сəтті көрсетті.
Ең негізгі идея Қазақ хандығының құрылуы.
Тәуелсіздік тағлымы
Жаңалықтар
37
Керей мен Жəнібек хандардың ерлігі мен
көрегендігі сахналық қойылымда жан- жақты
жəне жинақы көрсетілді.
Керей
ханды сомдаған Ерасыл
Ермеков жəне Жəнібек ханды Ермахан
Ғабдұлкəрімұлы өздерінің сахнадағы жүріс
тұрысы жəне образға кіріп ойнауы, ойлана
отырып даналықпен шешім қабылдауы,
Қазақ
хандығын
құруы,
қосымша
актерлердің ойнауы өте сəтті шықты.
Оқушылар өз образдарын түсіне отырып
орындауы, сахналық киімдері, сол заманың
бейнесін еске түсіріп, шын мəнінде
аласапыран уақыттарды көрермендерге
ұсына білді.
Қоюшы режиссері, «Дос» театр
үйірмесінің жетекшісі Дастан Қасейнов,
сценарий авторы Мерей Қартов мектеп
оқушыларымен бірге Тəуелсіздік күнінде
тарихи тағлымды қойылымды, мағыналы
сахналады деп айтуға болады.
Аталған сахналық қойылымнан соң
«Елімнің бақытын тербеткен Тəуелсіздік»
атты мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Мектептің ұстаздары жəне оқушылардан
құралған оркестр попуриден күйлер орындады. Серікқали Алдажұманов шəкірттері қазақ
халқының төл өнері күйді бабына келтіре ойнап, жиналған қауым ықласпен қол соқты.
Шет елден келген ұстаз Беннет Халифа мен Алия Төлепбектің орындауындағы «Наз
қоңыр», Бауыржан Серікұлы шырқаған «Отан ана», Ғалымжанова Назерке жəне Акрамов Аян
орындаған «Астана» əндері көрермендер қошеметіне бөленсе, бишілер «Самрұқ», «Назым»
топтары қазақ жəне басқа ұлт өкілдерінің билерін бабына келтіре биледі. Салтанатты
мерекеге арналған концерттік бағдарламада орындалған əндер кезінде ел-жер, халқымыздың
тарихы, Астана, Тəуелсіз ел туралы бейне баяндар көрсетіліп, əрбір орындалған əннің əрін
аша түсті.
Салтанатты мереке соңында мектеп ұстаздарының орындауындағы «Туған жер» əнін
ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар бірлесе шырқады.
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
38
22-24 желтоқсан күндері Шымкент
қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев
Зияткерлік
мектебінде
оқушылардың қатысуымен гуманитарлық
пəндер бойынша олимпиада болды. Он төрт
мектептен қатысқан 169 оқушылар қазақ тілі,
тарих, құқық, ағылшын тілі, орыс тілі жалпы
алғанда бес пəндерден білім бəсекесіне екі
кезең бойынша түсті. Назарбаев зияткерлік
мектебінің оқушылары оның ішінде біздің
мектептің жеті оқушысы əр пəн бойынша
жеке-жеке тапсырмалар алып, дұрыс орындау
керек болды. Мəдина Тоқтарова қазақ тілі
пəнінен жəне Жұлдыз Рамазанова Қазақстан
тарихынан өз білімдерін дəлелдеп жүлделі
үшінші орынға ие болды.
Олимпиада білімділер сайысы
Жаңалықтар
39
Қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі
Гүлнар Саинованың жетекшілігімен мектеп
оқушылары өз білімдерінің деңгейін байқап
қайтты. Оқушылар бос уақыттарында
Шымкент қаласындағы мұражайлар мен
тарихи орындарды аралап, танымдық
экскурсияларға қатысты.
Баспасөз орталығы
В Восточно-Казахстанской областной
универсальной библиотеке имени Абая
состоялась встреча с генеральным директором
Национального ядерного центра РК Эрланом
Батырбековым
и
вице-президентом
Международного антиядерного движения
«Невада-Семипалатинск».
На
встрече
приняли
участие
представители
неправительственных
организаций города, национально-культурных
центров, интеллигенция, СМИ и учащиеся 10 классов Назарбаев Интеллектуальной школы
ФМН г. Семей.
В ходе мероприятия генеральный директор НЯЦ подвел итоги уходящего года,
рассказал о планах на будущий год и достижениях ядерного центра.
Во время встречи были подведены итоги ежегодного конкурса среди журналистов на
лучшую публикацию и объективно отражены проблемы бывшего Семипалатинского
испытательного ядерного полигона Национальным Ядерным Центром РК. Победители и
призеры конкурса – журналисты городских, областных и республиканских СМИ, среди
которых и наш учитель Жумабеков Асхат Советханович получил III место в номинации «За
лучшую публикацию в республиканских, городских и областных печатных СМИ» среди
областных и региональных СМИ. Все победители получили памятные дипломы и денежные
призы из рук генерального директора Э. Батырбекова.
Некоторым представителям данного мероприятия были вручены юбилейные медали,
знаки и почетные звания. В этом году, Юбилейной медали «За строительство безъядерного
мира на Земле», помощь, поддержку и внесенный вклад в программу нашего Елбасы Н.А.
Назарбаева «АТОМ» был удостоен Асхат Жумабеков – учитель Назарбаев Интеллектуальной
школы ФМН г. Семей.
Пресс-центр
Асхат Жумабеков победитель
Достарыңызбен бөлісу: |