Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Абдуллаева А.  Қазақ халқының дәрігерлік ілімі және оның дәстүрлі салалары 

 

 



Қазақ  қауымы  денсаулық  сақтаудың  маңызын  тереңнен  түсіне  білді. 

Мұны   қазақтардың   «Әуелгі  байлық– денсаулық»,   «Малым – жанымның 

садағасы», «Өлмеген адам алтын аяқтан ас ішеді», «Он екі мүшең сау болса, 

қара  басың  ханмен  тең»,  «Басы  ауырмағанның  құдаймен  ісі  жоқ»  деген 

мақал-мәтелдерінен көруге болады [12.23]. 

Деннің сау болуы үшін тазалық керек. Соның үшін қазақ «Денсаулық - 

зор байлық», «Денсаулық шарты тазалық» дейді. Қазақ  халқы киген киім, 

жатын орын, ішкен ас, ыдыс-аяқтың тазалығына ерекше көңіл бөледі. Қазақ 

халқы аурудан алдын ала сақтануды дәріптейді. Аурудан сақтану үшін ішетін 

астың  тазалығына,  жағымды-жағымсыздығына  көңіл  бөлу  керек.  «Ауру  — 

астан», ауруға шалдықсаң, оған жақпайтын әрекеттен тиылуың керек. «Ішің 

ауырса  тамағыңды  ти,  көзің  ауырса  қолыңды  ти»  дейді  [13].  Олар  астың 

алды-артында және дәреттен соң қол жууды әдет еткен. 

Сонау  сегізінші  ғасырдан  бастау  алатын  Ислам  дінінің  Қазақстанға 

таралуы,  оның  ішіндегі  тазалық  сақтау  мағынасында  орындалған 

парыздарының,  бес  уақтылы  дәрет  алып,  намаз  оқылуы,  сүндетке 

отырғызылу  рәсімдері  көшпелі  өмір  сүрген  қазақтар  арасында  тазалық 

сақтауға,  аурулардың  алдын  алу,  оның  таралуына  қатысы  болған  жоқ  деп 

айту  бүгінгі  күн  тұрғысынан  алғанда  күпірлік  болар  еді  [10.9-10].  Қазақ 

ауруға дәрі-дәрмек беріп, ем-дом істеумен бірге күтінуге мән беруді қуаттайды. 

Көбінесе  шарыттап  дем  алдыру  әдісін  қолданады,  ауырған  адам  өзіне-өзі 

дәрігер болу керек, аурудың асқынуынан, қайталануынан сақтануы тиіс. 

«Асқынған  ауру  насырға  шабады».  «Қайталанған  ауру  жаман,  қайта 

шапқан жау жаман» дейді. 

Ғасырлар  бойы  жиналған  халықтың  дәрігерлік  тәжірибесі  негізінде 

қазақ емшілігі қалыптасты. Қазақ арасында білім тәжірибесі мол дәрігерлер

емшілер,  оташылар  болды.  Олар  өздерінен  бұрыңғылардың  бұл  саладағы 

білім тәжірибесіне мұрагерлік етіп, оған өзінің білім тәжірибелерін қосып, 

дамытып отырды. Емшілік, дәрігерлік, оташылық атадан балаға мұра болып 

қалды. 


Қазақ  дәрігерлері  дәріні  сан  алуан  өсімдіктерден,  малдың,  аң-құстың 

денесінен  (мысалы  аюдың  өті,  бұғының  мүйізі,  ұлардың  миы,  жұпардың 

кіндігі)  және  мүсәтір,  ашудас,  күкірт,  тұз  тотиян,  апиын,  алмас,  кепірег 

сынап,  тағы  басқа  заттардан  жасады  [14.248].  Малдың  сүті,  алуан  түрлі 

жеміс-жидектер дәріге көп пайдаланылды. 

Халық  емшілері  ауру-науқасты  тамыр  ұстап,  көзіне,  тіліне  қарау, 

аурудың  хал-жайын  тәптіштеп  тексеру  арқылы  айырып  отырды.  Қазақ 

қауымы  ауруын  айтқызбай  тапқан  дәрігерлерге  мейлінше  сеніп  емдететін 

және ықылас байлайтын болды. 

Қазақтар  сан  ғасырлар  бойы  мал  шаруашылығымен  айналысып 

келген.  Халық  мертікті  салып,  сынған  сүйектерді  таңып  емдейтін 

дәрігерді оташы деген.  Көшпелі  қазақтардың  қатал   тұрмысында әртүрлі  



    

                                                                                                                                           

208 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Абдуллаева А.  Қазақ халқының дәрігерлік ілімі және оның дәстүрлі салалары 

 

 



тау  асып,  көкпар  шауып,  аң  қуып  жарақатқа  ұшырап,  мертігу,  оған  қоса 

күнделікті өмірде болатын, кездейсоқ жағдайларға байланысты шыққан буын  

мен сыныққа жәрдем көрсетуде оташылардың сынық салу, оны бұзып, қайта 

салу  сияқты  қиын  да  күрделі  операцияларды  орындауына  мәжбүр  болды. 

Қазақ  сынықшыларының  сынықты  дұрыс  сала  білуіне  олардың  мал 

анатомиясын,  сүйек  құрылысын  жетік  білулерінің әсері  болса  керек  [10.26]. 

Оташылар  сынықтың  қанын  тоқтату  мақсатында  жоғарыдан  байлап,  жараға 

күйген  киіз  күлін  басып  немесе  тұзды  сумен  жуған.  Өз  қолдарын  күген 

маймен  майлап,  сынықтың  сыртынан  сипап  салуға  кіріскен.  Сынған  сүйек 

орнына дұрыс қонбаған жағдайда іріңдеп қайта салуды қажет еткен. Сынық 

жабық және ашық деп екі түрге бөлінеген. Сынған жерді орауға жабағы, түйе 

шудасы  шүберекпен  қапталып  ағаш  қалыпқа  бау  арқылы  бекітілген  қалып 

жасалады. Қазақта бұл құрал дер кезінде жасалған, егерде алдын-ала жасалса 

жаман ырымға  ырымдаған.   

Қазақ халқының дәстүрлі білім жүйесі сайып келгенде, табиғи ортаны, 

сыртқы әлемді игерудің ілкімді жолдары және ғасырлар бойы қалыптасқан, 

орныққан  тығыз  байланыста  өрбіген  сала.  Оның  әрбір  саласы  көшпелілер 

қоғамында  идеалды,  әлеуметтік,  рухани  мәдениет  үлгілеріне  шаруашылық 

қаракеті мен эстетика талғамдарына қарай туындаған. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Маркарян Э.С. Очерки теории этноса. М., 1983. - 412 с. 

2.

 



Алимбай   Н.   Культура  жизнеобеспечения   в   традиционном казахском обществе. 

Алматы, 1998. -272 с.  

3.

 

Али Аббас Чинар. Түркі әлемі. А., 1998. 



4.

 

Аль-Фараби. Естественно-научные трактаты. Перевод с арабского.Алма-Ата, 1987. - 

496 с.  

5.

 



Алмазбеков Ш.К., Икрамова Н.Т.  Учение о началах янь и инь и категории мизаджа 

по Абу Али ибн Сине // Абу Али Ибн Сина выдающийся врач, ученый, энциклопедист. 

Ташкент, 1980.  

6.

 



Броневский В.Б. О киргизах —кайсацких Средней Орды //Отечественные записки. - СПб, 1830. 

ч.43.   


7.

 

Левшин А.И. Описание киргиз-кайсацких орд и степей. - А., 1996 .-С.110 

8.

 

Ягмин А. Киргиз-кайсацкие степи и их жители. СПб., 1845.  



9.

 

Большой С. О приключениях в плену у киргиз-кайсацков //Сын Отечества. - М., 1882. 303., 

10.

 

Өтеген Әбдраман. Қазақтың дәстүрлі халық емшілігі. Қазақпарат. Алматы 2002. 



11.

 

Ветеринария в дореволюционном  Казахстане. В сб Ветеринария Казахстана. -Алма-Ата, 



1970.- 486 с. 

12.


 

Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1993.  

13.

 

Сейдімбек А. Қазақ әлемі. - Алматы, 1997. 



14.

 

Массагетов П.С. Өсімдік әлеміне саяхат. Алматы, 1988. 248 б. 

 

 

 

 



 

 

 



 

    

                                                                                                                                           

209 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

                                        



 Н. ЖОРАБЕКОВА  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 



 

ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ  ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ 

 

         

В данной статье анализируются жизнь и деятельность историка, филолога и талантливого 

педагога Т.Шонанулы и его научное наследие. 

 

 

This article analyses the life and activities of the great historian, psychologist and talented teacher 

T.Shonaulu and his scientific heritage. 

 

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе саяси 

қуғын-сүргінге ұшыратқан қазақ ұлттық интеллигенциясының есімдері мен 

еңбектері  негізінен  еліміз  тәуелсіздік  алған  соңғы  жылдары  ғана  қоғамға 

таныла  бастады.  Алғашқыда  оларды  мемлекеттік  деңгейде  ақтау  процесі 

басталса, соңынан олардың еңбектерін қайта басып шығару қолға алынды. 

Солардың  бірі  1937  жылы  тоталитарлық  жүйе  ұйымдастырған  саяси 

террордың 

құрбаны 

болған 


Т.Шонанұлының 

есімі 


мен 

оның 


шығармашылық  мұрасы  60  жылға  жуық  тарихымыздың  «ақтаңдақ 

беттерінің» қатарында тұрды. 

Халқымыздың  тарихын  шынайы,  ғылыми  негізде  зерттеуде 

Т.Шонанұлының мұраларының орны ерекше. 

Т.Шонанұлы 1894 жылы 17 желтоқсанда  Торғай облысы, Ырғыз уезі, 

Аманкөл болысы, 4-ауылда дүниеге келген. 1908-1912 жылдары Ырғыздағы 

екі  кластық  орыс-қазақ  училищесін  оқып  бітірді.  1912-1916  жылдары 

Орынбор  қырғыз  (қазақ)  учительдер  институтына  қазына  есебінен  оқуға 

түсуіне байланысты 6 жыл қазақ бастауыш мектебінде (орыс тілінде) жұмыс 

істеуге  міндеттенеді.  Әйтпегенде  қазынаға  480  сом  оқуға  жұмсалған 

қаржыны  бірден  қайтаруға    мәжбүр  болар  еді.  Ол  1920  жылға  дейін 

Тоқырауын  болысы    №  3  ауылда  Қасым  Әбдіханов  мектебінде,  Семейде 

мұғалім, 

аудармашы 

қызметтерін 

атқарған. 

1926-1928 

жылдары 


Қызылордада,    1929  жылы  Қазақ  АКСР  Оқу  комиссариатында  қызмет 

атқарған.  Абай  атындағы    Қазақ  педагогикалық  институтының    әдеби-

лингвистикалық  факультетіне  өздігінше  емтихан  тапсырып  диплом  алады. 

Ол 1935 жылы 15 қаңтарда ҚазМУ-де ашылған күннен бастап, қазақ тілінен 

доцент болып жұмыс істейді. 

Т.Шонанұлының  тағдыры  да  «Алаш»  қозғалысына  қатынасып,  қазақ 

халқын  отарлық  халден  құтқару  үшін  еңбек  еткен  басқа  зиялы  азаматтар 

сияқты қуғын-сүргінге ұшырады. Т.Шонанұлы «Алаш» партиясына қызмет 

еткені  үшін  1921-1923  жылдары  Ырғызда  тұтқындалып,  ОГПУ-дың 

Орынбор қаласындағы бөлімшесіне тапсырылып, 2-3 айдан соң босатылды. 

Жазалауға  Т.Шонанұлының  әйелі  Шаһзада  да  ұшырады.  Оның  әкесі  Арон 

Қаратаев  (Бақытжан  Қаратаевтың  туысы)  контрреволюционерлер  қатарына  

жатқызылғандықтан  сол  кездегі  тәртіп  бойынша  қызы  да  қуғындала 

бастады. Содан соң Т.Шонанұлы атылған соң, ол да айыпталып,  9  күннен  

соң      халық     жауы    ретінде   қазақ     әйелдері      арасынан      атылу

   


    

                                                                                                                                           

210 

   


 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жорабекова Н.  Телжан Шонанұлының еңбектері  туралы бірер сөз

 

 

 



Шаһзаданың маңдайына жазылыпты [1.212]. 

Т.Шонанұлы  1937  жылы  21  шілдеде  Алматыдағы  Красин  көшесі,  51 

үйдегі  пәтерінде  заңсыз  тұтқындалды.  Оған  «ұлтшыл,  төңкеріске  қарсы, 

Аманкелді Имановтың өліміне қатысы бар» деген айыптар тағылды. 

Т.Шонанұлына  жасалған  заңсыздықтың  бірі  –  оны  1919  жылы 

«Алашордаға»  қатысты  мәселелер  бойынша  айыптауы.  Кеңес  үкіметінің 

өзінің  шығарған  заңдары  КГБ  тарапынан  аяққа  басылған...  1927  жылы  2 

қарашада  КСРО  ОАК    президиумы  «Амнистия  туралы»  қаулы  алып,  онда 

1923  жылдың  1  қаңтарына  дейін  контрреволюцияшыл    айып  жасағандар 

қудаланбасын  деген  болатын.    Ал  1939-40  жылдары  Т.Шонанұлының  т.б. 

істерін қарастыруда заңды өрескел бұзғандықтары көрінеді [1. 213]. 

Т.Шонанұлы  тек  1990  жылы  13  тамыздағы    КСРО  Президиумының 

«20-50  жылдарындағы  саяси  репресссиялар  құрбандарының  барлық 

құқықтарын  қалпына  келтіру  туралы»  қаулысы  негізінде  айыптау  құрамы 

толық болмағандықтан ақталуға жіберілген [1.214]. 

Т.Шонанұлы  білгір  тіл  маманы,  әдебиетші,  тарихшы,  дарынды 

педагог, методист болған. Бұл күндері зерттеушілерге Т.Шонанұлының 100-

ге тарта мақалалары мен 30-дан аса кітаптары белгілі болып отыр.  

Д.Қамзабекұлы  өзінің  Т.Шонанұлы  туралы  еңбегінде,  оның 

мақалаларын  бес  топқа  бөліп  көрсетеді:  1)тіл  туралы  еңбектері,  2)тарих 

жөніндегі  зерттеулері,  3)әдебиет  хақындағы  ғылыми  жұмыстары, 

4)жағрапия ғылымын меңгеруге арнаған оқулықтары, 5)жалпы көсемсөздік 

туындылары [2]. 

Біз  осылардың  ішінде  Т.Шонанұлының  жер  мәселесіне  байланысты 

жазылған  құнды  тарихи  еңбектеріне  тоқталамыз.  Т.Шонанұлының  1923 

жылы  жазылып,  1926  жылы  Қызылордада  3  мың  таралыммен  шыққан 

«Қазақ    жері  мәселесінің  тарихы  [3]  еңбегі  1923-1924  жылдардағы  «Қызыл 

Қазақстан» журналында мақалалар түрінде жарияланады [4].   

Еліміз  тәуелсіздік  алған  соң  бұл  еңбек  «Жер  тағдыры  –  ел  тағдыры» 

деген  атпен  «Санат»  баспасынан  1995  жылы  қайта  басылып,  көпшілік 

назарына ұсынылды.  

Бұл  еңбекті  автор  Ресей  ғылымының  зерттеу  шарттарын  жақсы 

меңгеріп,  тарихи  зерттеулер  мен  ғылыми  жинақтар,  құжаттар  топтамасын 

сауатты пайдалана отырып жазған. 

Т.Шонанұлы  қазақ  ұлттық  интеллигенциясы  арасынан  алғаш  рет 

өзінің  «Қазақ  жері  мәселесінің  тарихы»  атты  еңбегінде  патша  өкіметінің 

қазақ  жерін  отарлау,  онда  орыс  шаруаларын  қоныстандыру  саясатын 

кезеңдерге  бөліп,  зерттеу  мәселесіне  баса  назар  аударды.  Онда  ол  былай 

дейді:  «Қазақ  орыстың  қол  астына  1732  жылдан  бері  қарай  кіре  бастаған. 

Сол  жылдардан  бастап-ақ  патшалы  үкімет  қазақ  жеріне  қол  сала  бастаған. 

Қазақ  жерін  отарға  айналдыру,  қазақ  даласын  талау  тарихын  екі  дәуірге 

бөлуге   тура    келеді:  1) Орысқа    бағынғаннан      бастап    ХІХ ғасырдың    



    

                                                                                                                                           

211 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жорабекова Н.  Телжан Шонанұлының еңбектері туралы бірер сөз

 

 

 



80-жылдарының  басына  дейін.  Бұл  атты  казактардың  пайдасына,  әскерлік 

кісілердің  пайдасына  деп  жер  алу  дәуірі.  2)  80-жылдардың  аяғынан,  90-

жылдардан бастап бері қарай  Николай құлағанға  шейін қара шекпенділер 

үшін жер алу дәуірі» [1.13]. 

Т.Шонанұлы  патша  өкіметінің  қазақ  жерін  отарлауының  екі  түрлі 

болғанын  бөліп  көрсетеді:  «бірі  –  орыс  жұртының  өз  бетінше,  ешкімнен 

сұрамай  отарлауы  (вольная  колонизация),  екіншісі  –  ресми  отарлауы 

(правительственная  колонизация)»  еді  деп  нақтылайды.  Оның  көрсетуі 

бойынша  бірінші  бағыт  –  «қазақтың  аңқаулығына  сүйеніп,  жерінің 

байлығынан  пайдаланғысы  келген  саудагерлер,  талапкерлер  [1.13],  ал 

екінші бағыт – «қазақ жерін көп талаған, қазақ шаруасына көп кесірі тиген 

ресми отарлау» болды [5]. 

Қорыта  келгенде,  Т.Шонанұлы  жерге  қатысты  жазылған  ғылыми-

зерттеу тұрғысындағы аталып отырған еңбегінде  отаршыл патша үкіметінің 

озбыр  саясатына  жан-жақты  тоқталады.  Яғни,  мұрағат  материалдарын, 

дәлелді  деректерді,  үкіметтің  жер  туралы  заң-қағидаларын,  қазақ  ауыз 

әдебиетінің  материалдары  негізінде  патша  саясатының  жерге  байланысты 

орын алған әділетсіз тұстарын саралап, мәселені жан-жақты баяндап береді.  

Сонымен,    Т.Шонанұлын  тану  –  тарихымызды  тану  қазақ 

зиялыларының  1920-30  жылдардағы  ауыр  тағдырын  терең  түсініп, 

қиыншылыққа  мойымай,  аз  уақытта  еселеп  еңбек  еткен  ғалымдарымызды 

тану  болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. Алматы: Санат, 1995, 205-213. 

2.

 



Қамзабекұлы Д. Телжаннан қалған телегей мұра. Алматы: Руханият.1997. -135-142. 

3.

 



Шонанұлы Т. Қазақ жері мәселесінің тарихы. – Қызылорда-Ташкент, 1926, -224 б. 

4.

 



Шонанұлы Т. Қазақ жері мәселесінің тарихы //»Қызыл Қазақстан» журналы, 1923, №15. 33 40 

бб; 1923, №16; 1923, №17-18. 24-33 бб; 1923, №19-21. 39-59 бб; 1923, №22. 66-74 бб, 1924, №1-

2-3; 

5.

 



Әбікенова Г. Т.Шонанұлы туралы зерттеулер //Қазақ тарихы, 2005, №5, 58-60 бб. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


    

                                                                                                                                           

212 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

ПЕДАГОГИКА 

 

 



 

С.Ж.ПІРӘЛИЕВ  

педагогика ғылымдарының докторы, профессор 



 

А.А.ҚҰРАЛБАЕВА  

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы  



 

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ  

ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

В  этой  статье  рассматриваются  теоретические  проблемы  осуществления  межпредметной 



связи. 

  

The realization of the theoretical problems of intersubject connection is considered in this article. 

 

Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға 

білім  беру  үдерісі  өз  дәрежесінде  болуы  керек.  Өйткені,  жалпы  білімнің 

мазмұны  әр  түрлі  саладағы  ғылымдардың  өзара  әрекеті  арқылы  даму 

үдерісінің  жаңа  тұрғыда  жетілуіне  ықпал  жасайды.  Сондықтан  қазірде 

мектептің  оқыту  үдерісінде  пәнаралық  байланыс  өзекті  мәселеге  айналып 

отыр.  

Пәнаралық  байланыс  -  түрлі  оқу  пәндерінің  арасындағы  өзара 



байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. 

Әлемнің  бірлігін  бейнелейтін  ғылыми  білім  мен  таным  жүйесін 

қалыптастыру  міндетінің  шартынан  пәнаралық  байланыс  қажеттілігі 

туындайды.  Оқу  пәндерінде  қарастырылатын  табиғат,  қоғам,  адамдардың 

өзара  әрекеті  жөніндегі  негіздер  оларды  білім  беру  мазмұнының  біртұтас 

жүйесін біріктіреді.  

 

А.А.Бейсенбаева:  «Оқу  пәндерінің  мазмұнының  барлық  жүйесін 



жөндеу  және  кіріктіру  ғылыми  дүниетанымның  берік  іргетасын  түзеді.  Ал 

оны  бір  немесе  бірнеше,  бірақ  бір-бірінен  бөліп  алынған  пәндерде 

қалыптастыруға болмайды», - деп жазды [1.117].  

Пәнаралық  байланыс  педагогика  ғылымында  философиялық, 

психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын 

күрделі  кешенді  сала.  Педагогика  тарихында  пәнаралық  байланыс  ертеден 

зерттеліп келе жатқан педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі болып 

саналады. Қазақ халқының ірі зиялыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов бұл 

мәселені  терең  қарастырған.  Ол  өзінің  «Тәрбиеге  жетекші»  атты  еңбегінде 

оқушыларға  білім  беруде  мектепте  жүретін  әр  пәннің  өзара  байланыста 

оқытылуын,  әсіресе  ана  тілі  мен  шетел  тілдерін  меңгере  отырып, 

жаратылыстану  (дүниетану)  пәндеріндегі  табиғат  құбылыстары  мен 

заңдылықтарын  танып,  білуді,  оларды  әрдайым  байланыстыруды  көздейді. 

«Басқа  пәндерден  тіл  оқуы  айырым  болмасын:  қайта  өзге  пәндер  тіл 

үйренуге керек болсын»,- дей келе, ана тілін оқытудың негізі, «халық болып 

жасағаннан бергі жан-дүниенің айнасы» деп тарихи, ұлттық-психологиялық, 

халықтық дүниетаным тұрғысынан түсіндіреді [2.312]. 


    

                                                                                                                                           

213 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Пірәлиев С.Ж., Құралбаева А.А.

 

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық мәселелері 

 

 



 

Ал,  Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика»  атты  еңбегінде  адамның 

тұлғалық  дамуындағы,  дүниетанымын  құрудағы  тәрбие  мәселелерін 

педагогика, 

психология, 

тарих, 


физиология, 

әдебиет, 

тәнтану 

ғылымдарының өзара байланысы негізінде қарастырған [3.106]. 

 

Көптеген  педагогтар  мен  психологтар  пікірлеріне  қарағанда, 



оқушылардың  түрлі  пәндердегі  білімдер  мен  біліктерді,  бейімділіктердің 

жеке  элементтері  арасындағы  байланыстарды  байқап  және  қабылдауы 

олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным 

қызметіне шығармашылық сипат береді. Ю.А.Самариннің [4.168] көзқарасы 

бойынша пәнаралық байланысқа диалектикалық заңдылық деп қарау керек. 

Пәнаралық  байланыс  әр  шәкірттің  санасын  өркендетуге  қолайлы  жағдай 

жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара 

байланысын  түсінетіндей  бейімділік  дарытумен  қатар  олардың  неғұрлым 

кең жүйедегі басқа құбылыстармен өзара байланысын байқауы керек. 

Пәнаралық  байланыс  -  ол  білімнің  мазмұнына  ғана  қатысты  емес, 

оның  ықпалы  оқыту  үдерісінің  барлық  құрамды  бөліктерімен  байланысты. 

Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, 

себебі  оның  оның  педагогикалық  мақсаттылығы  оқытудың  жүйелілік 

қағидасынан  туындайды,  ол  білімнің  тұтастай  жүйесінің  оның  негізгі 

бөліктерінің,  атап  айтқанда  табиғат,  қоғам  және  адам  туралы  нақтылы 

айқын  түсініктердің  өзара  байланысын  білдіреді.  Дегенмен  түрлі 

зерттеушілердің  И.Д.Зверев  [5.61],  В.Н.Максимова  [6.96],  П.Г.Кулагин  [7. 

48],  Н.Ф.Лошкарева  [8.88],    т.б.  пәнаралық  байланыстың  мәніне 

көзқарастары  бірдей  емес.  Мәселен,  П.Г.Кулагин  [7.48]  пәнаралық 

байланысқа  мұғалім  мен  оқушылар  жасайтын  жүйе  деген  анықтама  береді 

де  бағдарламалардың  материалдарын  неғұрлым  тиянақты  меңгеріп  алу 

мақсатында,  білімдерді  игеру  үдерісінде  ұқсас  пәндердің  мазмұны 

пайдаланады да қамтылады дейді. 

Ал, Г.Ф.Федорецтің [9. 143] еңбектерінде біз сөз етіп отырған мәселеге 

мынадай  түсінік  береді:  пәнаралық  байланыс  дегеніміз  шындық  өмірдің 

объектілері,  құбылыстары  және  үдерістері  арасындағы  синтездеуге, 

интеграциялауға  ұшырайтын  қарым-қатынасты  бейнелейтін  педагогикалық 

категория.  Ал  олар  оқу-тәрбие  үдерісінің  мазмұнын,  формалары  мен 

тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады. 

Н.А.Лошкарева  [8.88]  «Пәнаралық  байланыс»  деп  аталатын  ұғымға 

берілетін  мәні  жағынан  түрлі-түрлі  анықтамалар  ең  негізгі  екі  нәрсеге 

тоқталуға  болады:  пәнаралық  байланыс  дегеніміз  оқу-тәрбие  үдерісінде 

объективті  шындық  өмірді  баяндаудың  диалектикалық  формасы  мен 

педагогикалық талап принципі деп есептеген. 

Сонымен, жоғарыда біз келтірген пайымдаулардан әр зерттеушілердің 

өз зерттеу мәселелеріне сөз болып отырған категорияның мәніне анықтама  

 


    

                                                                                                                                           

214 

   


 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет