Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет29/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Пірәлиев С.Ж., Құралбаева А.А.

 

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық мәселелері 

 

 



беретіндігін  байқадық.  Олардың  біреулері  пәнаралық  байланысты 

принциппен,  шартпен,  тәсілмен,  фактормен,  ал  басқа  біреулері  қызметпен, 

мазмұнмен,  құралмен  бірдей  санайды.  Ал,  М.Д.Зверев  [5.61]  пен 

В.Н.Максимова  [6.96]  пәнаралық  байланыс  мәселесін  ғылыми-теориялық 

тұрғыдан  жан-жақты  зерттеп  пәнаралық  байланыстың  әдіснамалық  негізін 

айқындайды.  Олар  пәнаралық  байланыс  әдіснамалық  қағидалардың  бірі, 

ақыл-ой  қызметінің  ерекше  түрі  деп  түсіндіреді.  Сонымен  пәнаралық 

байланыс  өзінің  мәні  жағынан  көпмағыналы  педагогикалық  табиғаты  бар, 

қазіргі  педагогика  ғылымының  жан-жақты  қарастыратын,  зерттейтін 

мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс білім беру мазмұнын, әдістер 

жүйесін  және  ұйымдастыру  жұмыстарының  түрлерін  сапалық  жағынан 

қайта  құруға жетелейді.  Нәтижесінде  оқытудың  дамытушылық,  білім және 

тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді. 

Соңғы  кезде  пәнаралық  байланыс  ұғымы    ғылыми-педагогикалық 

әдебиеттерде  жаңа  мәнімен  енгізіле  бастады  және  оны  білім,  танымның  

адамның  психологиялық  ойлауының    жиынтығы  деп  түсінуіміз  керек. 

Пәнаралық  байланыс  ұғымы  «табиғат-қоғам-адам  ойы»    жүйесінде  білім 

негізін,  пәнішілік  қатынастарды  және  ғылымдардың  интеграциялануын 

реттеуші қызметін жүзеге асырады.  

Бастауыш сыныптарда пәндерді интеграциялап оқыту шәкірттердің ой-

өрісін  байытумен  қатар  олардың  адамзат  құндылықтарымен  де  молырақ 

сусындауларын қамтамасыз етеді.  

Жалпы дидактикалық сабақтар шарттары: 

-

 



пәнаралық  сабақтың  ең  алдымен  анық  қалыптасқан  оқу  танымдық 

мақсаты және оқушылардың жоғары білімділігі болуы шарт

-

 

пәнаралық сабақ сондай-ақ, шәкірттердің дүниетанымдық көкжиегін 



кеңейтіп, ой қорытындысын қамтуы және алған білімдерінің ара қатынасын 

тануға қызығушылығын ояту қажет; 

-

 

интеграцияланған  сабақ  оқушылар  мен  мұғалімнің  берік 



ынтымақтастығының негізінде құрылуы қажет. 

Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде 

нақтылы  түрде  іске  асыру.  Сондықтан  да  интеграция  мен  пәндердің  өзара 

байланысы ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Интеграция 

тұтастықты  қалыптастырып,  білімді  жүйелеу  мен  жинақтауда  әр  түрлі 

ғылымдарды  біріктіреді.  Осы  тұрғыдан  алсақ,  интеграциялық  оқыту 

мәселесінің  педагогикалық  рөлі,  мәні  мен  мазмұны,  әсіресе  төменгі 

сыныптағы  білім  жүйесіндегі  мұғалім  жұмысында  арта  түседі.  Өйткені, 

педагог  -  шын  мәніндегі  қоғамдық-әлеуметтік  даму  үдерісінің  адам 

санасындағы  күрделі  жаңғыру  барысына  тікелей  қатысы  бар  болашақтың 

жасампаз  маманы.  Сондай-ақ,  оқу  бағдарламасында:  «Бастауыш  саты  - 

оқушының зердесі дамуының іргетасы» делінген. 

А.Мұханбетжанова [10.45] бастауыш сынып оқушыларының дүниенің 

 


    

                                                                                                                                           

215 

   


 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Пірәлиев С.Ж., Құралбаева А.А.

 

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық мәселелері 

 

 



ғылыми  бейнесін  қалыптастырудың  теориялық-әдіснамалық  негіздерін 

бастауыш білімнің интеграциясы арқылы зерттеген.   

Біздің 

ойымызша, 



интеграциялық 

оқытуды 


жүзеге 

асыру 


оқушылардың  танымдық  қызығуы  мен  білім  сапасын  арттыру,  бір  сабаққа 

бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Интеграциялық 

оқытуды жүзеге асыру әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе 

бірнеше  пәнді  бір  пәнмен  алмастыру  емес  әрі  пәндік  құрылымды  жоққа 

шығармайды,  керісінше,  оған  қондырғы  ретінде  қызмет  етеді.  Бастауыш 

білім  кеңістігінде  барлық  пәндер  өз  дағдыларын  және  қалыптасқан  оқу 

үдерісінің  ұйымдастыру  формасын  сақтайды.  Интеграциялық  оқыту  пән 

мазмұнының айқын анықталуына мүмкіндік береді. 

Пәнаралық байланыстар – ойлау белсенділігін арттырып, оқушыларды 

құбылыс  мәніне  терең  үңілуге,  мүмкіндіктерін  нақты  жағдайда  қолдануға 

үйретеді. 

Пәнаралық 

байланыстарды 

пайдалану 

оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттерінің    оянуына  да  септігін  тигізеді.  Пәнаралық 

байланыс мектептегі оқушылардың өмірлік көзқарастарын  қалыптастыруда, 

жалпы  экономикалық-экологиялық  білім  беруде  қазіргі  мектепте  басты 

орын алады. Жалпы өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білім мазмұнын 

одан  әрі    жаңарту,  жоғары  деңгейге  көтеруде,  оның  қоғамдағы  даму 

үдерісінен  үнемі  оқып  отыру  мақсатындағы  ізденістерде  ғылымдар 

жүйесінің  бір-бірімен  тығыз  байланысты  болуы  пәнаралық  байланыстың 

негізінде қарастырылуы керек.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. 

Республикалық баспа кабинеті. 1995.  

2.

 

Аймауытұлы Ж. Психология. Алматы: Рауан 1995.  



3.

 

Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992.  

4.

 

Самарин Ю.А. Очерки психологии ума. Особенности умственной деятельности школьников. М., 



Изд-во  АПН РСФСР, 1962.  

5.

 



Зверев И.Д. О межпредметных связях в школьном преподавании. М., МП СССР, 1977.  

6.

 



Кулагин П.Г. Межпредметные связи в процессе обучения, М., Просвещение, 1981. 

7.

 



Лошкарева  И.А.  Межпредметные  связи  как  средство  совершенствования  учебно-воспитательного 

процесса. Советская педагогика. 1973. №6. 

8.

 

Федорец Г.Ф. Межпредметные связи педагогики с психологией. Л.: ЛГПИ, 1988. 



9.

 

Максимова В.Н. Межпредметные связи и совершенствование процесса обучения. М., Просвещение, 

1984.  

10.


 

 Мұханбетжанова  Ә.  Бастауыш  білімнің  интеграциясы  арқылы  оқушыларда  дүниенің  ғылыми 

бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері. докт. дисс. автореф.  Түркістан. 2001.  

 

 

 

 

 

 



 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

    

                                                                                                                                           

216 

   


 

 

 



 

М.Ж.ЖҰМАБАЕВ  

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 

 

Қ.Ж.ЖҰМАБАЕВ   

Жамбыл  политехникалық колледжінің оқытушысы 



 

АЛГОРИТМДІК ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ БІРІ 

 

В  статье  рассмотрены  возможности  формирования навыков  составления  алгоритмов при 



решении геометрических задач. 

 

This  article  deals with  the  formation  of  algorithmic  skills  in  the  sum  of  geometrical  calculations 

course.  

 

Қазіргі  кезде,  мектептерде    инновациялық    компьютерлік  оқыту 



технологиясымен  қамтамасыз  ету  жұмыстары  іске  асырылып,    ақпараттық  

технологияны  қолдану  мен    оны  мектептерге  енгізу  саласында, 

оқушылардың    ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  мақсатында  оқытуды  

жетілдіру  жұмыстары жүргізілуде. Мектеп пәндерін   компьютер көмегімен 

оқытудың  психологиялық-педагогикалық    мәселелерін  жан-жақты  зерттеу, 

оны  іс  жүзіне  асыру    қазіргі    күн    тәртібіндегі    өзекті    мәселелердің    бірі  

болып  табылуда. 

Оқыту  үрдісіне  ақпараттық  технологияның  енуі,  әрбір  пәнді  оқып-

үйренуде  компьютерді  кеңінен  қолдана  білу  қажеттігін  арттыруда.  Оның  

бір  себебі  деп, интерактивті  тақтаны кеңірек  пайдалана  бастауы  деуге  

болады. Компьютер көмегімен жаңа педагогикалық технологиялық әдістерді 

қолдану  пәнаралық  байланыспен  де  ұштасады.  Пәндер  арасындағы 

байланыстардың бір көпірі алгоритм түсінігі. Алгоритм ұғымы математика, 

сондай-ақ информатикада да негізгі ұғымдардың бірі. Сондықтан алгоритм 

құра  білу  дағдысын  қалыптастыру  заман  талабы  мен  қажеттігінен 

туындайды.  Оқыту  үрдісінде  компьютердің  кеңінен  қолданыс  табуы, 

алгоритм 

түсінігін,  ұғымын 

кез-келген 

пәнді 


оқыту 

кезеңінде 

қалыптастырудың  қажетті  екендігін  көрсетеді 

1



.  Есептерді  шешу 

дағдыларын  қалыптастыруда  алгоритмдерді  пайдалану  өте  тиімді. 

Алгоритмдеуге  үйрену  арқылы,  ойды  жалпылауға,  алынған  модельдерді 

басқа  есептерді  шешуге  қолдана  алу  дағдыларын  қалыптастыруға  болады 

2



.  Геометриялық  есептерді  шешуде,  оның  алгоритмін  құра  білу,  блок-

сызбасын,  бағдарламасы  жаза  білу  және  нәтижесін  компьютерде  ала  білу-

оқыту техникасындағы негізгі бағыттардың бірі деп есептеуге болады [3.] . 

Сондықтан,  төменде

 

геометрия  есептерін  шешуде  алгоритмдік  дағды    мен  



көзқарасын  қалыптастырудың кейбір мүмкіндіктері қарастырылған.  

    


Геометрия пәнін оқыту үрдісінде, алгоритмдік дағдыны қалыптастыру 

бағытында  көптеген  жұмыстар  жүргізуге  болады

Геометриялық  есептерді 



компьютерді  пайдаланып  шешуде,  негізінде

 

қатаң    ұстанымдарды  сақтай 



отырып, мынадай кезеңдерді ескерген жөн:  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

    

                                                                                                                                           

217 

   


 

 

 



Жұмабаев М.Ж., Жұмабаев Қ.Ж.

 

Алгоритмдік дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі

 

 

 



1)

 

Мүмкіндігінше есепті қарапайым есептерге ажырату;  



2)

 

Есептің шығарылу алгоритмін құру;  



3)

 

Алгоритмге сәйкес бағдарлама жазу;  



4)

 

Компьютерде есептерді шешу; 



5)

 

Нәтижені талдау. 



   

 Жүйелік  пен  бірізділік  қағидалары  белгілі  тәртіппен,  жүйелі  түрде 

бір-бірімен  бағындырыла  байланыстырылса,  қарапайымнан  күрделіге  өту 

жүйелігі  сақталынса,  алынған  білім  тиянақты  болары  анық.  Сондай-ақ, 

геометриялық фигураларын айырып тану алгоритмдерін (схемасын) құруға 

болады 


4



.  Мұндай  айырып-тану  сүлбесі,  алгоритмнің  блок-схемасы 

түсінігін  қалыптастырудағы  алғашқы  қадам  деп  есептеуге  болады.  Енді 

геометриялық есептерді шешу алгоритмдерін, бағдарламаларын және блок-

схемаларын бірізділікпен жүргізу мүмкіндіктерін қарастырайық. 

№1  Жазықтықтағы  координаталар  жүйесі  осьтерінің  бойында 

жатпайтын  екі  нүктенің  бір  ширекте  жататынын    немесе  жатпайтындығын 

анықтаңыздар. 

Бұл  есепті шешу  үшін  нүктелерді  берілген  координаталары  бойынша 

жазықтықта 

салады. 


Олардың 

координаталар 

жүйесінде 

қалай 


орналасқандығы аңықталады. 

 

Енді осы есепті шешудің алгоритмін келтірейік:  



алг   Ширек (нақ Х1, Y1, X2, Y2, лит жауабы) 

      арг   X1, Y1, X2, Y2 

            нәт   жауабы  

                  басы  

                              жауабы: = жатпайды  

                              Егер    х1 

 x2 > 0 


                                   онда     егер y1



 y2 > 0 

                                                          онда   жауабы: = жатады 

                                   бітті 

                              бітті 

                     соңы 

“БЭИСИК” тіліндегі бағдарламасы 

1Ø      REM  “Ширек” 

2Ø      PRINT “Нүктенің координаталарын енгіз” 

3Ø      INPUT  X1, Y1, X2, Y2 

4Ø      I =Ø 

5Ø      IF X1 ٭ X2 >  Ø   

  Y1 ٭ Y2 >  Ø    THEN   I = 1  



6Ø     IF I = 1   THEN   PRINT“жатады” 

7Ø      IF  I = Ø        THEN        PRINT  “жатпайды” 

8Ø      END

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

    

                                                                                                                                           

218 

   


 

 

 



Жұмабаев М.Ж., Жұмабаев Қ.Ж.

 

Алгоритмдік дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі

 

 

 



 

Егер бағдарлама листингінде IF I = 1   THEN   PRINT“жатады”ELSE 

PRINT“жатпайды”деп жазсақ, онда 60  пен 70 командалар бірігеді және I = 0 

деп жазудың қажеті жоқ болады. 

           №2      A  (х1  ,у1  ),  B(х2  ,у2  )  және  C(х3  ,у3  )  нүктелерінің  бір  түзудің 

бойында жататындығын анықтаңыздар 

5



1-тәсіл.      Жазықтықта  координаталар  жүйесіне  қатысты  А,  В  және  С 

нүктелері салынады. А  ме  В  нүктесінен өтетін  түзу  жүргізіледі. Сонда  С  

нүктесінің    түзуге  тиістілігі    анықталады.  Нәтижесінде    нүктелердің  бір 

түзудің бойында жататындығы немесе жатпайтындығы анықталады.  

2-тәсіл.    А,В  және  С  нүктелерінің  қос  қостан  алынғандағы  ара 

қашықтықтары  есептелінеді.  Осы  ара  қашықтықтарды  салыстыра  отырып, 

нүктелердің бір түзудің бойында жатуы немесе жатпауы анықталады.  

   Есепті шешудің алгоритмін жазу үшін, көмекші алгоритм құрылады;  

               алг  Кесінді ( нақ А1, В1, А2, В2, D) 

                    арг    A1, B1, A2, B2  

                         нәт   D 

                   

басы 


                   D = SQRT ((A2 - A1) 

 



 2 + (B1- B2) 

 



 2)  

                   соңы 

     Есептің шешу алгоритмі: 

              алг  Тиістілік (нақ X1,Y1, X2, Y2, X3, Y3, ) 

                      арг   X1, Y1, X2, Y2, X3, Y3 

                        нәт  жауабы 

                             

басы  нақ  D1,D2, D3 

                                       жауабы: =“жатпайды” 

                                       кесінді (X1, Y1, X2, Y2, D1) 

                                       кесінді (X2, Y2, X3, Y3, D2) 

                                       кесінді (X3, Y3, X1, Y1, D3)  

                               Егер  D1 = D2 + D3  немесе 

                                         D2 = D1 + D3  немесе 

                                         D3 = D1 + D2 

                                    онда  жауабы: = жатады 

                             бітті 

                     соңы 

 

“БЭИСИК” тіліндегі бағдарламасы:  



1Ø      REM  Тиістілік 

2Ø      DEFFNX ( A1, A2, B1, B2) = SQRT ((A2- A1) 

 



 2 + (B2-B1) 

 



 2)                           

3Ø      PRINT “Нүктелердің координаталарын енгіз” 

4Ø      INPUT  X1, Y1, X2, Y2, X3, Y3 

5Ø      I =Ø  

6Ø      D1 = FNX (X1, Y1, X2, Y2)                                                    



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жұмабаев М.Ж., Жұмабаев Қ.Ж.

 

Алгоритмдік дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі

 

    

                                                                                                                                           

219 

   


 

 

 



 

 

7Ø      D2 = FNX (X2, Y2, X3, Y3)                        



8Ø      D3 = FNX (X3, Y3, X1, Y1)                            

9Ø      IF D1 = D2 + D3 OR D2 = D1 + D3 OR D3 = D1 + D2

 

           



THEN   I = 1 

10Ø    IF I = 1   THEN   PRINT  “Бір түзуде жатады” 

11Ø    IF I = Ø  THEN   PRINT  “жатпайды” 

12Ø    END 

 Бұл  бағдарламада  10Ø  бен  11Ø-ды  біріктіруге  болады,  онда  IF  I  =  1   

THEN   PRINT“ Бір түзуде жатады”ELSE “жатпайды”, алуға болады.  

3-тәсіл. 

А 

мен 



В 

нүктелерінен 

 

 

өтетін 



түзу 

теңдеуі 


1

2

1



2

X

X

y

y

y





1

1

y



x

x



 

         Осы теңдеуге С нүктесінің координаталарын қояды. Егер теңдеу тепе-

теңдікке айналса, онда берілген үш нүкте бір түзуде жатады.  

Есептің шешу алгоритмі:    

Алг Тиістілік (нақ. Х1, у1,х2, у2, х3, у3) 

Арг Х1,у1, х2, х3, у3 

нәт  Жатады  

Басы нақ у 

Жауабы: = «жатпайды» 

У:=(у2-у1)(х3-х1)(х2-х1)+у1 

Егер у3=у 

Онда жауабы: = «жатады « 

Бітті  

соңы 


       №3 Конус жасаушысы l-ге тең, ал табанындағы шеңбер ұзындығы с  ға 

тең. Конустың көлемін табыңдар [6] 

Шешуі: Шеңбер ұзындығы  c=2

r.  Осыдан  r=c\2



  

                   S 



                                                                                   



2

4



2

1

2



2

2

2



2

c

c

OA

AS

OS









        


                                                                  



4



2

2

2



2

c

c

r

S







 



 

                                        

                                                                

                                     A 

    

Конус биіктігі OS-ке тең болғандықтан, оның көлемі 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Жұмабаев М.Ж., Жұмабаев Қ.Ж.

 

Алгоритмдік дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің бірі

 

 

        O               



  

    

                                                                                                                                           

220 

   


 

 

 



 

 

2



2

2

2



2

2

2



24

4

2



4

4

3



1

3

1







c



c

c

c

H

S

V







 

 

Есептің шешуін алгоритмдік тілде келтірейік:  



            алг Конус көлемі (нақ l, c, V) 

                 арг l, c 

                      нәт V 

                           басы нақ R, H 

                                    R = c/2

 



                                    H =

2

2



4

c



/(2



                                    

3

/



2

H

R

V



  

                           соңы  

Бағдарламасы: 

1Ø      REM  Конус көлемі 

2Ø      INPUT   l, c 

3Ø      R = c/2

 

4Ø      H = SQRT (4 



  (3,14 ) 

 



  2-(с 

 



 2 ) / (2 

 3,14) 


5Ø      V = (П 

 R 



 R 


 H) /3 


6Ø      PRINT“ V=”; V  

7Ø      END 

     №4 

x

(х1  ,х2  ,х3  )  пен 



y

(у1  ,  у2  ,у3  )  векторларының  скаляр 

көбейтіндісін табыңдар. 

Шешуі: Координаталары арқылы берілген векторлардың скаляр көбейтіндісі  

          

y

x

= x1 y1  + x2 y2  + x3 y3 

      формуласымен есептеледі. 

 Екі вектордың скаляр көбейтіндісін есептеу алгоритмін сөйлемдер  арқылы 

төмендегіше жазуға болады; 

1.

 



Бірінші вектордың координаталарын анықта 

2.

 



Екінші вектордың координаталарын анықта 

3.

 



Вектордың сәйкес координаталарының көбейтінділерін есепте 

4.

 



Алынған көбейтінділердің қосындысын тап 

5.

 



Нәтиже - вектордың скаляр көбейтіндісі 

      Енді алгоритмдік тілде  келтірейік: 

            алг Скаляр көбейтіндісі (нақ таб  х,у[1:3]) 

                арг  х, у 

                     нәт      S 

                          басы  бүт  i 

                                S = 0 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет