Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

269 

   


 

 

 



5.

 

Дәлелдеу,  қорытынды  шығару,  талдап  қорыту  жасалған 



иллюстрация. 

ІІ  тек  (алгоритмді  тұрғызу  немесе  технологиялық  тапсырмаларды 

орындау үшін алгоритмді алдын ала жазып қою): 

1. Тапсырманы талдау және орындау амалдарын таңдау. 

2. Алгоритмдеуге жататын әрекеттер құрамын талдау. 

3. Шартты құраушы бөліктер арасындағы өзара байланыстарды іздеу. 

4. Шешу (болжамды) алгоритмдерін құрастыру. 

5. Алгоритмді тексеру. 

6. Орындаудың едәуір тиімді мүмкіндіктерін табу және т.б. 

Әртүрлі 


танымдық 

технологиялық 

тапсырмалардың 

тектері 


(проблемалық  және  проблемалық  емес)  және  олардың  алгоритмдері  ортақ. 

Олар  оқытудың  әртүрлі  мақсаттары  үшін  пайдаланылуы  мүмкін  болып 

табылады. 

Сонымен  қатар,  бірінші  тектік  тапсырма  бойынша  орындалатын    оқу 

жұмыстары  (сипаттылық  тапсырмалар)  тақырыптары  анықтауды  қажет 

етеді. Сол себепті де, біз мысалыға І тектік тапсырма бойынша төмендегідей 

тақырыптарды алуға болатынын көрсеттік. 

1. Өңделетін материалдың қасиеттерін анықтау, сипаттап жазу. 

2.  Техологиялық  процесс  құраушыларын  сипаттап  жазу  және  оның 

элементтерін таптастыру. 

3.  Технологиялық  процесс  түрлеріне  сипаттама  жасау  (механикалық, 

химиялық, т.с.с.). 

Осылар  сияқты  басқа  тектік  тапсырмаларды  орындау  үлгілері 

студенттердің  өзіндік  және  оқытушының  басшылығымен  орындалатын 

өзіндік жұмысқа тапсырма ретінде ұсынылды. 

Болашақ  технология  пәні  мұғалімдерін  технологиялық  дайындаудың 

мазмұны  мен  әдістерін  жетілдіруге  бағытталған  даярламалар  түзудің 

тәжірибесі мектептегі технология пәнін оқыту мәселесімен ғана шектелмей, 

материалдарды  өңдеу  өндіріс  мамандарының  дайындығына  (ол  ауыл 

шаруашылығы,  электротехника,  т.б.  болуы  да  мүмкін)  байланысты  оқыту 

мазмұнын және әдістерін нақтылау қажеттігін байқатады [1]. 

Материалдарды  өңдеуге  қатысты  технологиялық  процестерді  жоғары 

оқу орындарында болашақ мұғалімдер “Материалдар өңдеу технологиясы”, 

“Материалдар  өңдеу  практикумы”  пәндері  бойынша  еңбек  іс-әрекеттерін 

орындауда  жүзеге  асырады.  Бұл  бағыттағы  дайындықты  қамтамасыз  ету 

үшін  практикалық  жұмыстар  төмендегі  қабілеттіліктерді  қамтиды  және 

қалыптастырады: 

1.

 



Гностикалық ептіліктерді. 

2.

 



Практикалық (жалпыеңбектік, жалпыөндірістік) ептіліктерді. 

3.

 



Зерттеушілік іс-әрекеттерді. 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

270 

   


 

 

 



Болашақ  технология  және  мектеп  пән  мұғалімдерінің  технологиялық 

мәдениетін 

жетілдіруге 

бағытталған 

төмендегідей 

педагогикалық 

тапсырмаларды ұсынуға болады. 

1) Еңбек іс-әрекетін жеке дара жоспарлау. 

2) Еңбектік процестерді рационализациялау (жақсарту, жетілдіру), т.б.  

Болашақ  мұғалімдерді  оқушылардың  технологиялық  мәдениетін 

қалыптастыруға дайындау күрделі, әрі кезең бойынша жүргізілетін процесс 

болғандықтан ол психологиялық және педагогикалық пәндерді зерделеуден 

басталып,  нақты  әдістемелік  дайындықтан  теориялық  және  практикалық 

тұрғыдағы жұмыстарды орындаумен аяқталады. 

Мұғалім қызметінде басым көпшілік уақыт шығыны пән бойынша оқу 

материалдары  мазмұнын  талдау,  таңдау  және  іріктеу,  сондай-ақ  сабаққа 

дайындалу  кезінде  оқу  материалдарын  (дидактикалық  және  әдістемелік) 

қайта өңдеуге жұмсалады. 

Оқу  материалдарын  әдістемелік  талдау  функциясы  білімгердің, 

оқушылардың  жаңа  білімдерді,  іскерліктерді  түсіну  мен  меңгеруде 

қиындықты  айқындау  және  жеңу;  жаңа  ұғымдар  жүйесін  және  іс-әрекет 

тәсілдерін  меңгеру  бойынша  оқушылардың  іс-әрекеттерін  конструкциялау 

болып табылады [3, 4]. 

Оқу  материалдарын  әдістемелік  талдаудың  мақсаты  іріктелген  оқу 

материалдары  мазмұнын  оқушылардың  оны  түсіну  мен  меңгерудегі 

қиындықты  жеңуге  бағытталған  тәсілдерді,  амалдарды  және  формаларды 

анықтап алу. 

Оқу  материалдарын  әдістемелік  талдаудың  объектісі  оқу  ақпараттары, 

әдістері,  әдістемелері  және  оқыту  технологиясының  мазмұны  болып 

табылады. 

Әдістемелік  талдаудың  пәні  оқушылардың  оқу  ақпараттарын  меңгеру, 

есте  сақтау  және  меңгеруін  психологиялық  қабілеттер  негізінде  оқу 

материалдары  мазмұнын  жинақтау  және  көрсету  тәсілдері,  әдістері  болып 

табылады. 

Болашақ  мұғалімдерін  дайындайтын  жоғары  оқу  орындарындағы 

технологиялық дайындықты және оқушылардың технологиялық мәдениетін 

қалыптастыруға  мұғалімдердің  дайындығын  қамтамасыз  ететін  пәндердің 

оқу материалдарын әдістемелік талдау деп, оқу материалдарының ұғымдық 

құрамы,  құрылымы  және  логикасын  анықтау  және  қалыптастырылатын 

технологиялық 

ұғымдарды 

оқушылардың,  болашақ 

мұғалімдердің 

танымдық  іс-әрекетінің  психологиялық  заңдылықтарының  өзгешеліктері 

негізінде оларды әдістемелік қайта өңдеуді орындау бойынша оқытушының 

ақыл-ой іс-әрекетін түсіну қажет. 

Оқу  материалдарын  әдістемелік  талдаудың  өнімі  –  тірек  конспектісі, 

жұмыс  дәптері  (парақтары),  метажоспар,  техникалық  тапсырмаларды 

шешудің   алгоритмі,  нұсқау   карталары,   тесттік   тапсырмалар,  схемалар,  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

271 

   


 

 

 



плакаттар  және  т.б.  түрінде  көрсетілген  дидактикалық  жинақтар  және 

әдістемелік оқу материалдары. 

Бұлар  педагогикалық  тапсырмаларды  орындау  негізінде  жүзеге 

асырылады.  Сол  себепті  де,  оқушылардың  технологиялық  мәдениетін 

қалыптастыруға  бағытталған  болашақ  мұғалімдердің  дайындығын  жүзеге 

асыру  үшін  педагогикалық  тапсырмалар  әзірленді.  Педагогикалық 

тапсырмалар педагогикалық процесті проблемалық талдау жүйесіне сәйкес 

жүзеге  асырылды  [2].  Олардың  тақырыптары  төмендегідей  реттілікпен 

берілді: 

-  оқушылардың  технологиялық  мәдениетін  түзетін  шамамен  алынған 

технологиялық білімдерді анықтау және оларды сипаттау; 

-  оқушылардың  технологиялық  мәдениетін  түзетін  шамамен  алынған 

технологиялық іскерліктерді анықтау және оларды сипаттау;  

-  оқушылардың  технологиялық  мәдениетін  түзетін  шамамен  алынған 

технологиялық сапалық қасиеттерді анықтау және оларды сипаттау; 

- оқушылардың еңбек іс-әрекетін мөлшерлеуді жүзеге асыру; 

- оқушыларды іс-әрекет түріне баулуды реттеуді анықтау; 

- қозғалыс дағдыларының қалыптасу кезеңдерін анықтау; 

- технология пән бағдарламасын зерделеу және оларды талдау; 

-  технология  пәніне  сәйкес  оқытылатын  тақырыптарда  оқушыларды 

технологиялық  мәдениетке  баулудағы  және  жалпыөндірістік  іскерліктерді 

қалыптастырудағы оқу жұмыстарын анықтау; 

- оқушылардың еңбек объектісін таңдау талаптарын жүзеге асыру; 

- бұйымды дайындау үшін технологиялық карта құрастыру

-  оқу  және  еңбек  іс-әрекеттері  мақсаты  мен  міндеттерін  белгілеу  және 

мазмұнын ашу; 

- жоспарлауды жүзеге асырудағы іс-әрекет мазмұнын ашу; 

-  оқу  және  еңбек  іс-әрекеттері  процесіне  және  нәтижелеріне 

педагогикалық талдауды жүзеге асыру; 

-  оқу  және  еңбек  білімін,  іскерлігін,  дағдысын,  тәсілдерін  меңгерту 

мақсаты  бойынша  оқушылардың  әрекеттерін  ұйымдастыруды  жоспарлау 

және оны жүзеге асыру; 

-  оқушылардың  технологиялық  білім  мен  іскерліктерін  бақылауды 

жүзеге асыру; 

оқушылардың 



технологиялық 

мәдениетін 

қалыптастыруға 

бағытталған  оқу  және  еңбек  іс-әрекеттерін  түзетуді  жоспарлау  және  оны 

жүзеге асыру; 

-  технология  пәні  мазмұнындағы  конструкциялық  материалдарды 

өңдеу  технологиясы  тарауы  бойынша  күнтізбелік-тақырыптық  жоспар 

құрастыру; 

- сабаққа дайындалу және оны өткізу; 

- талдау жасау, бағалау  және нақты сабақтың тәрбиелік, дидактикалық 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Ортаев Б.Т., Әлімбекова С.Ш. Оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға...

 

 

 



    

                                                                                                                                           

272 

   


 

 

 



және  дамытушылық  мақсаттарын  таңдауды жақсарту бойынша ұсыныстар 

беру; 


- сабақты ұйымдастыруды талдау және оны жақсарту бойынша ұсыныс 

беру; 


-  оқушылардың  білімі  мен  іскерлігін  тексеруді  ұйымдастыру 

әдістемесін  зерделеу  және  білім  мен  іскерлікті  бақылау  жүйесін  жетілдіру 

бойынша нұсқауды әзірлеу; 

-  жаңа  оқу  материалдары  мазмұнына  және  оны  баяндау  әдістемесіне 

талдау жасау; 

- оқушылардың сабақ процесіндегі белсенділік деңгейіне талдау жасау; 

- лабораториялық-практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге 

талдау жасау; 

- практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді талдау жасау; 

-  мұғалімнің  технологиялық  процестерді  түсіндіру  жөніндегі,  оқу 

материалдарын  баяндаудағы  дидактикалық  жоспарына  сәйкес  оқыту  мен 

оқу  әдістері  (логикалық  және  техникалық  тәсілдер,  оқу  жұмыстары) 

тұрғысынан сипаттап жазу; 

-  ақыл-ой  қызметін  қалыптастыру  кезеңдері  бойынша  оқыту 

технологиясын  анықтау  және  бір  сабақ  тақырыбына  сәйкес  оқыту 

жағдайының жиынтық кестесін толтыру [5]; 

-  «Жоба»  тақырыбын  оқытудағы  негізгі  кезеңдерді  анықтау  және 

оқушылардың орындайтын іс-әрекеттерін белгілеу. 

Сонымен қатар, әрбір тапсырманы орындау тәртібі мазмұндалды. Олар 

өз  кезегінде  студенттердің  біз  қарастырып  отырған  педагогикалық  және 

әдістемелік дайындықты жоғары деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік берді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



“050120 – Кәсіптік білім” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға 

міндетті білім стандарты. –Астана, 2006. 

2.

 

Ортаев  Б.Т.  Педагогикалық  тапсырмалар.  050120  –  Кәсіптік  білім  мамандығына  арналған. 



Оқу-әдістемелік құрал. –Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2008. 

3.

 



Кругликов  Г.И.  Методика  преподавания  технологии  с  практикумом:  учеб.  пособие  для  студ. 

высш. пед. учеб. заведений. – 3-е изд., стер. – М.: Издательский центр “Академия”, 2007. 

4.

 

Эрганова  Н.Е.  Методика  профессионального  обучения:  учеб.  пособие  для  студ.  высш.  учеб. 



заведений. –М.: Издательсский центр “Академия”, 2007. 

5.

 



 Пошаев  Д.Қ.  Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  –Шымкент:  М.Әуезов  атындағы 

ОҚМУ, 


 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Ү.И.МЕЛДЕБЕКОВА 

педагогика ғылымдарының кандидаты, 



    

                                                                                                                                           

273 

   


 

 

 



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 

 

ТӘРБИЕ ТІРЕГІ – ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША 



 

В  статье  разносторонне  рассматратривается  как  ребенок  с  рождения  проходит  через 

ступени  различных  казахских  обычаев  и  воспитывается  посредством  этих  самых  народных 

традиций. 

 

The article concerns with the process when a child goes through different Kazakh customs from 



his birthday and by means of these national traditions the child is brought up. 

 

 



Тәрбие – адам баласының рухани-мәдени күші. Адамның қалыптасуы, 

жетілуі, өсуі, ой-өрісінің дамуы – бәрі де қомақты тәрбиенің жемісі. 

 

Әр  отбасының  тәрбиесі  өзіндік  болғанымен,  жалпы  тәрбие  ол 



аумақтың қалыптасқан үрдісіне байланысты болады. 

Адам  баласы  шыр  етіп  дүниеге  келгенде  соншалықты  қауқарсыз, 

соншалықты өмір сүруге әлжуаз болғандықтан шексіз қамқорлықты, ықылас 

пен  мейірімді  қажет  етеді.  Жаратылыстың    адам  баласына  ерекше  көңіл 

бөлу  қажет  екендігін  оның  бұл  ғаламдағы  тумысы  бөлек  жаратылыс  иесі 

екенін  аңғаруынан  шығар.  Күндіз-түні  асты-үстіне  түсіп,  ыстық  суығына 

төзе  отырып,  баланы  туғанынан  тәрбиелеу,  қомағайланбай  ас  ішуге, 

тазалықты  бағалауға,  уақытымен  ұйқыға  жатқызуға,  дене  бітімінің  дұрыс 

өсіп-жетілуіне,  шомылдырғанның  өзінде  бірде  тұзға,  бірде  суға  түсіріп, 

бағып-қағуы оның төзімділігін, өмірге деген бейімділігін арттыра түседі. 

Бала бір жасқа толғанша қаншама той-томалақ жасап (шілдехана, азан 

шақырып  ат  қою,  бесік  той),  балаға  тілек  айту,  бата  беру,  ырымдап  шаш 

қою,  бәсіре  атау  сияқты  салт-дәстүрді  бекем  ұстану  қазақ  халқының  әдет-

ғұрпына  айналған.  Шілдеханада  арнайы  сойылған  қалжаны  нәрестенің 

анасына  қырық  күнге  дейін  толық  жеткізуі,  баланың  ана  сүті  арқылы 

организмнің нәрленуін қамтамасыз етуін оның жақсы жетілуіне негізгі күш 

беретінін тапқырлықпен ойластырған. 

Бесікке  салғанда  өсіп-өнген,  ел-жұртына  сыйлы,  қадірлі  аналарды 

таңдауы  нәрестенің  болашығының  жарқын  болуын  ырымдап,  ниет  ету, 

баланың  өмірде  таршылық  көрмеуі  үшін  бесікке  тоғыз  жабуы,  бесікті 

адыраспанмен  немесе  аршамен  аластауы  –  жамандықтан  сақтандыруы,  ұл-

қызға  араластырып  тыштыма  беру  осы  қазақ  халқының  өсіп-өнуі,  осы 

бесікке жатар баланың ұл-қыз аралас болып көбейе беруін ырымдайды. 

Бесік  тойға  нағашы  жұрттың  әкелген  майы  мен  сөгін  баптап  майсөк 

дайындауы  да  –  ана  мен  баланың  нәрленуіне,  анасының  бел  көтеріп 

баласының тоқ болуына мүмкіндік жасау. 

Баланы  қойдың  майымен  сылап,  ешкінің  сүтін  ішкізу  оның  дұрыс 

өсуіне септігін тигізеді. 

Жасқа  толған  бүлдіршінге  тұсау  кесер  той  жасау  –  халқымыздың 

үлкен қызықшылығы. Тұсауды бай болсын, бай-қуатты болсын  деп  малдың 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Мелдебекова Ү.И.

 

Тәрбие тірегі – отбасы және балабақша

 

 

 



тоқ  ішегімен,  біреудің  ала  жібін  аттамасын  деп  –  ала  жіппен,  көк  шөптей 

жайқалып өссін деп – көк шөппен кесетін болған. Тұсауы кесілген баланың 



    

                                                                                                                                           

274 

   


 

 

 



жолы  ашық  болатынын,  өмірде  сүрінбей  мақсатына  жетуге  тілектесітігі 

үшін жасайтынын қазіргі жас ата-аналар да түсіне бастады. 

Атасынан ата-бабасының тарихын білуді, әжесінен ертегі, аңыз естуді, 

туған-туысқанмен  араласудан  бауырластықты,  әке  тәрбиесімен  ерлік  пен 

өрлікті, анасынан – мейірімділікті ала білуге тәрбиелейді. Осылайша тәй-тәй 

басып, былдырлап сөйлей бастаған, қоршаған ортаны тану үшін бар нәрсені 

қызық көретін балапан бала бақшаға барады. 

Жаңа  ортаға  келген  бала  алғашқыда  жатырқағанымен,  бір  аптаның 

ішінде  өзі  сияқты  балаларға,  мейірімді  тәрбиешіге,  мол  ойыншыққа 

үйренісіп,  жан-жақты  жаңалықтарды  қабылдай  бастайды.  Көппен  істеген 

әрбір іс-әрекет баланы тез баурап алады. 

Таңертең  келгендегі  «Сәлеметсің  бе,  балапан  (атымен)!»  деген  асқан 

мейірімді адаммен жүздесіп, кетерде «сау бол, балапан» деп, бетін сүйіп ол 

бұлғап  қалатын  төзімді  тәрбиешінің  еселі  еңбегі  баланың  бақшаға  бауыр 

басуының үлкен негізгі себебі болуы керек. 

Мұнан соң бала әр уақытты мазмұнды өткізуге үйреніп, жаңа таным, 

жаңа білімге ден қояды. Сәбилер тобындағы өткізілетін «тіл дамыту», сурет, 

музыка  сабақтары,  уақтылы  жасалатын  серуендер,  көппен  бірге  ойнау, 

тынығу баланы белгілі бір күн режиміне қалыптастыра бастайды. 

Өз  киімдерін  қоятын  орынды  есте  сақтап,  өзі  отыратын  орынды 

межелеп, түсте ұйықтайтын төсегінің орнын бағдарлай бастайды. 

Түрлі  танымдық  дәрістер  мен  мазмұнды  ойындар  арқылы  жоғары 

төмен,  үлкен-кіші,  кең-тар,  тез-жай,  қатты-жұмсақ  тағы  басқа  танымдарды 

меңгере бастайды. Тамақ ішкенде сөйлемеуді, тәрбиеші сөйлегенде мұқият 

тыңдауды,  топ  балаларымен  бірге  жүруді  меңгере  бастайды.  Осыдан  соң 

Отан  деген  не?  Үй-ішіміз,  отбасымыз,  ата-анамыз,  бақшамыз,  қаламыз, 

еліміз,  республикамыз  Отан  аясына  сыятын  ұғымдарды  ұқтырғанда  оларға 

мақтаныш,  қуаныш,  шаттық,  байлық,  сүйіспеншілік  сезімі  пайда  бола 

бастайды. 

Ертегі  тыңдап  –  қиялдарын  шыңдап,  жақсыға  болысып,  жаманнан 

сескеніп,  сақтану  керек  екендігін  түсініп,  өлең-тақпақ  жаттап,  оны  үлкен 

жүректілікпен көптің алдында орындау баланы баулу болып табылады. 

Сурет  салып,  түсті  ажыратса,  ән  айтып  дауысын  көпке  қосып,  би 

билеп, ырғақты сезініп үйренеді. 

Осыдан  бастап  ертеңгіліктер  мен  сабақтарда  қазақ  халқының  қазақи 

кейіпркелерімен  таныса  бастайды.  Қыдыр  ата,  Қожанасыр,  Алдар  Көсе, 

Тазша  бала,  Дымбілмес  сияқты  кейіпкерлер  баланың  таным  сарайын 

кеңейте түседі. 

Төрт-бес  жастағы бала  рөлдік-мазмұндық  ойындарды   өздері   жасай 

алады.  Құс  болып,  аң  болып,  үй  жануары  болып,  өзара  рөл  сомдайды. 

Түскен  жапырақты,   ұшқан   құсты  санап,   білімін   арттыра   түседі. Міне,  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Мелдебекова Ү.И.

 

Тәрбие тірегі – отбасы және балабақша

 

 

 



    

                                                                                                                                           

275 

   


 

 

 



осыдан  бастап  не  үйретсе  де  қағып  алатын,  жадында  сақтайтын  ол  білім 

әлеміне  саяхат  басталады.  Тәлім  мен  білім  баланың  өмір  деген  сахнада 

самғауына жол ашады. 

Енді  нақты  білім,  сапалы  сабақ,  ұшқыр  қиял,  өткір  пікір  бір-бірімен 

ұштасып, өрби бастайды. 

Салт-дәстүр, аталар өсиеті, аналар қасиеті, бабалардың рухы, өмірден 

алған тәлім-тәрбиесі, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақ, 

ұлттық  ойындар,  бәрі  де  өз  тізбегімен  баланың  көңіл  төрінен  орын  алуы 

керек. Сонда біз өркениеттің жаңа да жақын болашағына жол ашамыз. 

Балаларға  бақшаның  берері  көп.  Мектепке  барған  баланың  үйден 

келгені  үркек  болса,  бақшадан  барған  бала  үйірсек  болады.  Ата-әжесінің 

бауырындағы  бала  кекшіл  болса,  бақшадан  келген  бала  көпшіл  болады. 

Үйде үлкендерден тәрбие алған, бақшада тәлімгерден білім алған бала – ол 

нағыз  ашық-жарын,  көпшіл,  ізденгіш,  қиялы  қиялға  бастаған  батыр,  батыл 

қазақтың баласы болған болашаққа бастама! 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. «Ана тілі», 1991 ж. 

2.

 



«Әлем альманах». Алматы. І басылым. 1990ж. 

3.

 



Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы. 1990 ж. 

4.

 



Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану. Алматы. «Мектеп», 2003 ж. 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

П.К.ИСКАКОВА 

    

                                                                                                                                           

276 

   


 

 

 



педагогика ғылымдарының кандидаты, 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 



 

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ 

 

В  статье  рассматривается  проблема  управления  инновационного  менеджмента  в  области 

образования. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет