Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы
жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз
тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз
тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік,
талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм +
айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана
түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни негізгі мәннен
ауытқымайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа +
тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Жұрнақ
Жалғау
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-
қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып,
жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ
тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2)
тəуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.
Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі
жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік
жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.
1.
Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын
төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.
Жалғау
Тəуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін
грамматикалық категория. Сөздердің тəуелдік
жалғауынқабылдауы тəуелдену деп аталады.
Тəуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тəуелдеубір не бірнеше
заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің
арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.
2) Ортақ тəуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға
меншікті екенін білдіреді. Мысалы: біздің досымыз, олардың
заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.
Жалғау
Септік жалғау – сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып,
оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі.
Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесі септеу немесе
сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар:
атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Атау септік – кім? не? Дос, əке, гүл
Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, əкенің, гүлдің
Барыс септік – кімге? неге? Досқа, əкеге, гүлге
Табыс септік – кімді? нені? Досты, əкені, гүлді
Жатыс септік – кімде? неде? Доста, əкеде, гүлде
Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, əкеден, гүлден
Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, əкемен, гүлмен
Жалғау
Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ
жəне шақ жағынан қиыстырабайланыстырады.
Сөздерге жіктік жалғаудың жалғануы сөздің
жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған
сөз сөйлемде негізінен баяндауыш қызметін
атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің
оқушысымын.Қазақ тілінде есім сөздер де,
етістік те жекеше жəне көпше түрде жіктеледі.
Зат есім
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім?
не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті
өмірде кездесетін, əдеттегі жай нəрселерді ғана
емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын əр
алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен
түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген
сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс,
капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер
де зат есімге жатады.
Зат есімнің жасалу жолдары
Зат есім негізгі жəне туынды зат есім, күрделі зат
есім болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы
жасалады. Мысалы: қой-шы, куй-ші, ай-лық, жақсы-
лық, біл-ім, аялда-ма, бұр-ғы, айт-ыс, куре-к т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да
жасалады. Олар күрделі зат есім деп аталады.
Мысалы: өнеркəсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау,
Сарысу, аяқ-табақ, азық-тулік, ауыл-аймақ, қант
қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т. б.
Зат есімнің жасалу жолдары
1. Есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім
сөздерін тудыратын жұрнақтар.
-шы, -ші: етік-ші, əн-ші, балық-шы, аң-шы т. б. Бұл жұрнақ
арқылы жасалған сөздер көбіне кəсіп, мамандык, бірдеңеге
икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лык;, шебер-лік, шын-дық,
дос-тық т. б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық
мəн білдіреді. -шылық, -шілік құранды (-шы+лық, -ші+лік)
жұрнағы: егін-шілік, кем-шілік, тір-шілік, айырма-шылық т. б.
-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша т. б. -шық, -шік: ойын-
шық, уй-шік, қап-шық т. б. -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гурс-іл, дір-іл,
т. б.
Зат есімнің жасалу жолдары
2. Етістіктен зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма, кес-пе т. б.
-ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым, тоқта-м, байла-м т. б. -қы,
-кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, суз-гі, ашыт-қы т. б. -ыс, -іс, -с: жең-
іс, айт-ыс, бөл-іс, тала-с, тойтар-ыс т. б. -ык,, -ік, -қ, -к: қазы-
ық, көр-ік, тукір-ік, тоз-ық, сұра-қ, тіле-к т. б. -ақ, -ек, -қ, -к:
қон-ақ, тіре-к, күре-к, жат-ақ т. б. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: бас-
қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, сыпыр-ғыш т. б. -ын, -ін: жау-ын, ег-ін,
туй-ін, жи-ын т. б. -ыш, -іш, -щ: қуан-ыш, суйен-іш, өкін-іш,
қызған-ыш т. б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, еле-уіш, туйре-уіш т. б. -ман, -мен:
оқыр-ман, көрер-мен т. б.
Зат есім сөздерінің өздеріне тəн морфологиялық ерекшеліктері бар.
Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарын қарай, сөйлемдегі
өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол
қатынастарға аса қажетті көптік, тəуелдік, септік жəне жіктік
жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады, екіншіден, зат есімнің сөз
тудыратын жəне форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.
Зат есім тілдегі өзге сөздердің барлығына əрі ұйтқы, əрі өзек болып
қызмет атқаратындақтан, əдетте, сөйлемнің барлық мүшелері
ретінде қолданыла береді. Дегенмен, зат есімдердің ең негізгі қызметі –
бастауыш., толықтауыш, анықтауыш болу. Зат есімдер сапаны,
сынды, белгіні, санды, əртүрлі қатынасты білдіретін
анықтауыштармен ғана емес, иелікті, тəуелділікті білдіретін
анықтауыштармен де талғамай үнемі тіркесе береді.
Зат есімнің ерекшеліктері
Назарларыңызға рақмет!
Базархан Диана КЯ 21-1
Достарыңызбен бөлісу: |