Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


қайын жұрт – міншіл, нағашы жұрт - сыншыл”



Pdf көрінісі
бет53/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

қайын жұрт – міншіл, нағашы жұрт - сыншыл” деген сөз 
бар. Бұл бір жағынан әлеуметтік-психологиялық сипаттама 
болғанымен, әлеуметтік-педагогикалық жағынан үш жұрттың 
адамды тәрбиелеудегі ұстанатын қағидасын көрсетеді. Демек, 
қазақтың жігіті немесе қызы үш жұртына жағу үшін үш түрлі 
ұстанымға сай әлеуметтенуі тиіс. “Күншіл”, “міншіл”, 
“сыншыл” ұстаным – адамды шыңдайтын аса өткір талаптар.
«Өз жұртын күншіл» деудің өзі – ағайын жұрттың өз 
адамына деген талабының жоғарылығы. Қазақ тілінің сөздігінде 
“күншіл – іші тар, қызғаншақ” деген түсінікті береді. Қазақ өз 
туысы мен өз ағайынына әр ісімен есеп беріп отыруы қажет. 
Жолға шығарда қоштасып, келсе барып сәлем беріп, іс бастарда 
ақылдасып, өз тойыңда ағайынға ерік беріп, олардың тойы мен 
азасында басқа жұрттан мол үлес қосуы қажет. Бұл талаптан 
шығу өте қиын, екінің бірінің қолынан келе бермегендіктен де 
өз жұртыңның өкпесіне қаласың. Ағайын арасындағы араздық 
осы міндеттердің дұрыс орындалмауынан шығады да “күншіл” 
деген айып тағылады. Дегенмен, бұл да ағайынмен арадағы 
этноәлеуметтік қарым-қатынасын реттеудің биік талабы. 
“Міншілдік” пен “сыншылдық” – талабы жоғары, басқа, 
өзге жұрттың үлесі. Міншіл саналған қайын жұрт туралы 
“Жағаңның қызылдығы мен қолыңның ұзындығына қарайды, 
жуас болсаң жүндейді, мықты болсаң күндейді” дейді. 
Әлеуметтік тұрғыдан қойылған бұл талапқа төтеп беру, өмір 
сүру салтында ыңғайын алу, ығына жығылу – психологиялық 
шеберлікті қажет етеді. Құдаласу мен құдандалы-жекжаттық 
қарым-қатынастың реттелуі – тұтастықты сақтаудың басты 
кепілі. Этноәлеуметтік рөлдер мен этноәлеуметтік қарым-
қатынастардың аса қажеттілігі мен сынға түсер жері осы.
“Нағашы жұртың – сыншыл, Жақсыңа сүйінеді, 
жаманыңа күйінеді, әрдайым тілекші тілеуқор болып жүреді” 
дегендейін, сынаудың түбі адал ниет екендігін байқауға болады. 
“Жиен ел болмас” деп, қайрай сынағанымен, “қыздан туғанның 
қиығы жоқ” деп, сыртқа теппей бауырына тартқан. “Қыздың 


137 
баласын кезек сүй” десе, оның сүйегі басқа екендігін 
ескерткендігі. “Жиен неге ел болмасын, малы болса” деу 
арқылы өмірге ынталандырады. Жиен нағашыға еркін, “жиенді 
ұрғанның қолы қалтырайды” деп, нағашы жиендер үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет