194
Екіншіден, аборт жасатқан ана екінші бала сүю
мүмкіндігінен айырылады.
Дәрігерлер: «Жасанды түсік – әйел денсаулығына өте
қауіпті. Отадан кейін бала сүйе алмау, түрлі онкологиялық
ауруларға
шалдығу,
жатырдың
созылмалы
қабынуы,
жатырмойны аурулары, психологиялық ауруларға шалдығуы
әбден мүмкін» дейді.
Үшіншіден, бұл бүкіл қоғамымызға кесірін тигізеді. Бұл
кеселдің зиянын санамалап айтар болсақ санына жетпеспіз.
Жасанды түсікке бір жағдайда ғана рұқсат етіледі. Егер
өмірге сәби әкелу барысында ана денсаулығына қатер төнсе ғана
ол баланы алдыртуға болады. Іштегі сәбиге 40 күн дегенде жан
беріледі, 40 күннен кейін ол кәдімгі адам, тірі жан болып
есептеледі. Ол кезде оны алдыртуға мүлдем болмайды.
Сондықтан, ойнап жүріп от басудан, бір сәттік ләззат
үшін болашағымызға балта шауып, қателік жасаудан аулақ
болғанымыз жөн. Алла тағала көрсеткен тура жолдан адаспай,
өмірімізді тек жақсы амалдарға арнайық. Қазақ деген текті
ұрпағымызды жалғастырар ұл-қыздарымыз көп болсын!
P.S. «Не себепті жасанды түсік жасаттыңыз?» деген
сұраққа әйелдердің 58% жалғыз қалып қойғандарын айтса, одан
кейінгілері
асырап
бағуға
шамалары
жетпейтіндігін
сылтауратады, ал үшіншілері 16-ға толмаған өрімдей жас
қыздар...
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/otbasy/baqytty-shanyraq-syrlary-1-
syr-yqylas-niet-pen-talap-109
Достарыңызбен бөлісу: