Группа: 201Б стоматология



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата05.04.2023
өлшемі0,98 Mb.
#79766
1   2
Байланысты:
Сроп правильный 1

Антигендердің түрлері:
Антигендердің екі негізгі түрлері 
болады:экзогендік және эндогендік.

Экзогендік антигендер ағзаға 
сыртқы ортадан түседі.

Эндогендік антигендер деп 
әртүрлі себептерден туындаған 
өзіне қарсы иммундық жауапты 
қалыптастыратын,өзіндік 
аутологиялық 
молекулалар(аутоантигендер)нем
есе олардың күрделі кешендері.
Антигенді өңдеу


Антигендердің негізгі қасиеттері:

Бөгделік-ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарға арналған антигеннің 
өзгешелігін көрсететін генетикалық тағайындалған жеке қасиеті.

Антигендік-заттардың қандай да бір иммундық серпіліс шақыру мүмкіншілігі:көп 
немесе аз мөлшерде антидене түзілуін,күшті немесе әлсіз көлемдегі жасушалық 
иммундық серпіністершақыратын заттар.

Иммуногендік-антигеннің иммунитет тудыру қабілеті.


Эритроцит антигендері

Адамның қан тобының антигендері эритроцитердің мембранасынан жеңіл анықталатындылығынан, 
олар “эритроцитарлық антигендер” деп аталынды. Бүгінгі күнде 250 ден астап әртүрлі
эритроцитарлық антигендер табылған.

АВО мен Rh (резус-фактор) жүйесі антигендерінің аса зор клиникалық маңызы бар. Содндықтан олар
қан кұйғанда, емдеуде, орган мен тін ауыстырғанда,әйелдердің жүкті кезінде, иммундық
ауытқулардың алдын алу мен емдеуінде үнемі есте болу керек.

АВО жүйесінің антигендері адамның қан және тін жасушаларының барлығының мембранасында, 
бірақ ең көріністілері эритроцидтерде болады. Сонымен қатар, адамдардың 80 пайызында айтылған
антигендер қан плазмасында, лимфада, шырышты қабықшаның секретінде, және де басқа
биологиялық сұйықтықтардан табылады.


Эритроцит антигендері

АВО жүйесінің антигендері адамның қан және тін жасушаларының барлығының
мембранасында, бірақ ең көріністілері эритроцидтерде болады. Сонымен қатар, 
адамдардың 80 пайызында айтылған антигендер қан плазмасында, лимфада, 
шырышты қабықшаның секретінде және де басқа биологиялық сұйықтықтардан
табылады. АВО жүйесінің антигендері эритроциттердің алғашқы ядролы
жасушаларымен және адамның басқа да бірталай жасушаларымен түзіледі. Олар
жасуша арасындағы кеңістікке еркін бөлініп шығарылатындықтан, жасушалық
биосинтез өнімі ретінде, не жасуша арасындағы сұйықтықтан сорылу
нәтижесінде жасуша мембранасында пайда болады.


Эритроциттік антиген

АВО жүйесінің қандай антигендік тобына жататынын агглютинация 
реакциясымен анықтап, аурудың эритроциттерін спецификалық топтық
антисарсумен тексереді. Бірақ, антиген жүйесінің жиі популяциялық өзгеріштігі
болатындықтан, қан құйар алдында міндетті түрде реципиенттің қаны донор 
қанына сәйкестігін биологиялық сынақпен зерттейді.

Қан тобын анықтағанда жіберілген қателік және ауруға сәйкес емес қан кұю
әдетте қан тамырында эритроциттерді ерітіп гемолитикалық ауруға соқтырып
және ауруды өлімге душар қылуы мүмкін.


Эритроциттік антиген

Резус-антиген, не резус-факторлар деп аталатын эритроциттік антигендердің
екінші маңызды жүйесі-резус жүйе (Rh). Бұл антигендер эритроциттердің
бастамасымен түзіліп тек қана эритроциттерде болады, өйткені олар биологиялық
сұйықтықта ерімейді. Химиялық құрылысы бойынша резус – антиген қыздыруға
шыдамсыз липопротеид болып келеді. Антигеннің 6 түрі бар. Олардың құрылысы
туралы генетикалық ақпарат бірімен бірі тіркелген көпсанды аллелдердің
локусында болады .

Адамдардың арасында резус-факторының болуы, не болмауына сәйкес резус-оң, 
резус-теріс жеке даралар деп ажыратылады. Rh антигеннің бірдей болуы тек қана
қан құйғанда емес, жүктіліктің дамуы мен аяқталуында да маңызды.

Эритроцит мембранасындағы эпитоптық тығыздылық жоғары дәрәжеде емес, 
және де олардың молекулалары антиденемен байланысуы әлсіз. Сондықтан, 
эритроцит мембранасындағы “резус-антигендерді” арнайы агглютинация 
реакциясы (Кумбс реакциясы) арқылы анықтайды.


Гиперсезімталдық антигені

Жоғары сезімталдық – организмнің бір затқа сезімталдығының жоғарылауы. 
Жоғары сезімталдық - бұл иммундық жүйенің қажетсіз шамадан тыс
реакциясы және жайсыздыққа ғана емес, сонымен қатар өлімге әкелуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда антиген организге еңген кезде иммунологиялық
толеранттыққа керісінше, патологиялық процестарге ұқсас сипаты бар, 
қалыпты жағдайда кездеспейтін гиперсезімталдық реакция пайда болуына
себепкер болады. Пайда болу негзінде табиғи өзгерістер жатқан бұл әдеттен
тыс жауап аллергия ( грек тілінен- allos- басқаша, өзгеше және ergon- қыймыл
) деген атқа ие болды. Аллергия процестерін ілімнің жеке тарабы –
аллергология зерттейді. Жоғарыда айтылғанға сәйкес аллергия тудыратын
антигендер аллергендер деп аталды.

«Аллергия» деген түсінікті тәжірибеге алғаш рет кіргізген француз ғалымы К 
Пирке болатын (1906). Ол аллергияны антигеннің кайталап еңгеніне
байланысты организмнің өзгерген жауабы деп түсініп оның қатарына гипер-
және гипосезімталдықты жатқызған.


Гиперсезімталдық антигені

Жоғары сезімталдықтың механизмдерін 4 түрге ажыратады:

I. Атопия және анафилаксия.

II.Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпіліс.

III.Иммундық кешен аурулары.

IV.Жоғары сезімталдықтың жасушалық механизмі

Аллергияның дамуында бастапқы себеп болып табылатын берілген антигенге
қарсы иммундық жауаптың реттелуінің бұзылысы соның нәтижесінде тепе-
теңдігі бұзылған күшті иммундық жауап дамиды. Сол бір антиген бір адам үшін
қалыпты деңгейдегі иммундық жауапты тудыратын (ағзаға түскен аллергеннің
санына тепе-тең) антиген болып табылады, ал басқа адамған сол антиген аллерген 
болып табылады.


Гиперсезімталдық антигені (1-тип)
І типті жоғары сезімталдық механизмі
1-тип-анафилактикалық. Антигенмен бастапқы байланыста IgE немесе
реагиндер түзіледі, олар Fc фрагменті арқылы базофилдер мен мастикалық
жасушаларға бекітіледі. Антигенді қайта енгізу оның антиденелермен
байланысуын және қабыну медиаторларының, ең алдымен гистаминнің
бөлінуімен жасушаның дегрануляциясын тудырады.


Гиперсезімталдық антигені (2-тип)
2-тип -цитотоксикалық. Жасуша мембранасында орналасқан
антиген (оның құрамына кіреді немесе адсорбцияланады) IgG және
IgM антиденелерімен танылады. 
Комплементке тәуелді цитолиз және фагоцитоз


Гиперсезімталдық антигені (3-тип)
ІІІ типті жоғары сезімталдықтың даму кезеңдері
3 тип-иммунокомплекс. IgG, IgM кластарының антиденелері
еритін антигендермен иммундық кешендерді түзеді, олар
комплемент жетіспеушілігімен оларды тамыр қабырғасында, 
базальды мембраналарда лизистендіреді (шөгу тек механикалық
жолмен ғана емес, сонымен қатар осы құрылымдарда Fc 
рецепторларының болуына байланысты да жүреді)


Қортынды
Бұл жұмыста антигендер туралы көптеген мәліметтер алдым.Антигендер 
сиппатамасына тоқталып өттік.Антигендердің негізгі қасиеттерін атап 
кеттік.Антигендердің бөгделік,антигендік,иммуногендік қасиеттеріне қысқаша 
анықтама бердік.Антигендердің түрлерінің организмге әсерін,толық және толық емес 
антигендердің организмдегі антитела түзу қабілеттілігін айтық.Сондай-ақ 
эритроциттік антиген мен гиперсезімталдық антигені туралы мәліметтер 
енгіздім.Cонымен антиген дегеніміз қанға еніп, ерекше антиденелерді 
қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық 
ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға, адам жұқпалы аурулардың 
қоздырғышымен залалданғанда, адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан 
қорғайтын антиденелер түзіледі. Антигендердің екі негізгі түрлері болады:экзогендік 
және эндогендік. Экзогендік антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседі.Эндогендік 
антигендер деп әртүрлі себептерден туындаған өзіне қарсы иммундық жауапты 
қалыптастыратын,өзіндік аутологиялық молекулалар(аутоантигендер)немесе олардың 
күрделі кешендері.


Пайдаланылған әдебиеттер:

Жалпы иммунология.Оқулық/Ә.Ә.Шортанбаев,С.В.Кожанова.-
Алматы,2008.ТОО”Эверо”баспасы 41-53 беттер.

Микробиология және иммунология.Оқулық/Толысбаев Б.Т.,Бияшев К.Б.-
|Алматы”Нур-принт”баспасы 2006ж 192-195 беттер.

Studfile.net сайты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет