64
2020 жылға дейінгі кезеңде Үкіметтің ел экономикасын дамытуда басты бағдарға
алатын құжаты, Стратегиялық даму жоспары болады.
Осы онжылдық бас жоспар екі
бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға
арналған Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынды. Әрине,
ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға
қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздеді. Және экономиканың
басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз
етуге тиіс.
XXI ғасырдың екінші он
жылдығын бастан өткеріп жатқан, 2050-ге қарай бағыт
алып, желкені жазылған кемедей болашаққа асыққан Қазақстан қазіргі заманғы
экономикаға, оның түрлі қиыншылықтарына толықтай бейімделіп,
әлеуметтік жағынан
тұрақты дамып, қоғам азаматтарының әл-ауқаты артып, жағдайы күннен күнге жақсарып
келеді. Әлеуметтік жағынан тұрақты, орнықты экономика қалыптастыру Қазақстан
экономикасының негізгі міндеті мен мақсатына айналғалы біраз жылдар болды. Қазақстан
әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамып жатқан елдердің бірі болып табылады.
Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз және бізді ешкім
тоқтата да алмайды, бұл жолдан қайтара да алмайды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы
халыққа жолдаған Жолдауында үкіметке 2015 жылы жанбасына шаққанда ІЖӨ 14 000
АҚШ долларына жеткізуді міндеттеді. Мұның өзі тұрақты экономика қалыптастыруға
президентіміздің бұдан да жоғары белсенділікпен кіріскенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: