Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет29/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғын-үй 
коммуналдық шаруашылықты жаңарту 
2. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия 
ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі 
3. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына 
қол қою 
4. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. 
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: 
алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. 
– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl 
Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 
2010. 
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: 
Фолиант, 2007. – 344 с. 
Дәріс № 10. Этнодемографиялық үдерістер мен ұлтаралық келісімнің
нығаюуы 
(2 сағат) 
1.Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық 
құрылымындағы өзгерістер.
2.Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы Қазақстан халқының форумы. 
«Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. 2009 жылғы 
Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы 
өзгерістер.
3.Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы.
4.«Қазақстандық 
халықтың 
бірлігі 
мен 
тұтастығының 
нығаюы 
мен 
дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.
5. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы.
6. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. 
1. 
Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күннен күнге халық санының өсіп-өнуіне 
үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің әлеуметтік функцияларын 
атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар, 
әлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін және басқа мемлекеттің 
функцияларын орындау үшін негіз болып табылады. Халықтың демографиялық даму 
көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. 
Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік 
басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де 


74 
маңызды экономикалық, саяси, әлеуметтік жақтары өзгереді. Халықтың өсіп-өнуі оның 
өзгеруі, туылым, өлім, көші-қоны көрсеткіштерін дамуын қамтиды. Соңғы кездері біздің 
ел үшін адамдардың шекара арқылы қоныс аударуы, өздерінің тұрғылықты жерлерін 
ауыстыруы маңызды мәселе болды. 
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. 
Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында 
адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.Көші–
қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық 
дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап 
етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Көші-қон 
бойынша халықаралық ұйымның мәліметтеріне сәйкес Қазақстан мемлекеті ең көп көші-
қон үрдістері болатын мемлекеттер қатарына жатқызылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет